Тұрар Рысқұловтың қоғам және мемлекет қайраткері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2014 в 17:33, дипломная работа

Краткое описание

ХХ ғасырдың басында Қазақстан Ресей империясының отар аймағы еді. Қазақ халқы отарлық езгінің – құқықсыздық мен кемсітушіліктің, ұлттық тәуелдіктің бұғауында болатын. Патша өкіметінің отарлау саясаты өзінің шарықтау шегіне жеткен еді. Отарлау саясаты күшейген сайын халықтың қарсыласу қозғалысы да арта түсті. Қалыптасып келе жатқан қазақ зиялылары бұл қозғалысқа ұйымдасқан түр беріп, оын жаңа сапалық деңгейге көтерді. Туған халқын азаттық жолындағы күреске бастаған қазақ зиялыларының көш басында тұрған аса ірі саяси жетекшілердің бірі және бірегейі – Тұрар Рысқұлов болатын.

Содержание

КІРІСПЕ.....................................................................................................3-11

І-тарау. Тұрар Рысқұловтың қоғам және мемлекет қайраткері ретінде қалыптасуы.
Халық өкіметін орнату жолындағы күрес.............................................12-41
1.1. Түркістан өлкесі – Ресей империясының отары ...........................12-22
1.2. Қазан төңкерісі және Кеңес өкіметін орнату үшін күрес ............23-41

ІІ-тарау. Т.Рысқұлов – Түркістан Республикасындағы Аштықпен күресетін Орталық Комиссияның басшысы .........................................42-65
2.1. Түркістанның экономикалық жағдайы ..........................................42-51
2.2. Аштықпен күрес ...............................................................................52-65

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................66-69

СІЛТЕМЕЛЕР........................................................................................70-78

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................79-80

Вложенные файлы: 1 файл

рыскулов.doc

— 340.00 Кб (Скачать файл)

Республиканы жайлаған сұрапыл ашаршылыққа немқұрайды қарап отырған өлкелік Азық-түлік директориясының саясатын үздіксіз әшкерелеп отырған Т.Рысқұлов 1919 жылы 31 қаңтарда Азық-түлік халық комиссарының атына хат жазып, Азық-түлік директориясының даярлығын бетіне басу үшін  оның азық-түлік қоймаларының орналсқан жері мен олардағы азық-түлік қорының жалпы мөлшерін анықтауға көмек  беруін өтінеді. Бірақ қанағаттанарлық мәлімет алынбады. Республиканың түрліше  комиссариаты мен жергілікті кеңес өкіметі органдарының ашаршылықпен күрес ісіне немқұрайлықпен қарауының белең алғаны соншалық, ендігі жерде бұл құбылысқа  Түркістан Республикасының Уақытша Революциялық-әскери Кеңесінің назар аудармауы аштықпен күресетін Орталық Комиссия алдында ыңғайсыз бола бастады. Сондықтан да 1919 жылы 3 ақпанда Уақыта Революциялық-әскери Кеңес республиканың барлық облыстық, уездік, қалалық және аудандық кеңестеріне арнап өзінің №17 арнайы бұйрығын жариялауға мәжбүр болады. Бұйрықта жергілікті кеңестердің республиканы жайлаған сұрапыл аштықпен күрес ісіне немқұрайлы қарап отырғаны ескертіліп, бұл бағыттағы жұмыстардың табысты жүргізлуі үшін төмендегі шаралардың мүлтіксіз орындалуы талап етілді:

      1. аштықпен күрес ісінің барлық дәрежедегі кеңестер үшін кезек күттірмейтін іс ретінде танылуы;
      2. азық-түлік қорының ұлттар арасында теңдей бөлінуі;
      3. азық-түлік бөлімдерінің қызметі ай сайын тағайындалатын тексеру комиссияларының құрамымен қадағланып, қорытындысының Орталық Комиссияға үздіксіз мәлімделініп отырылуы;
      4. іскер кесір келтіріп, қызмет бабында қылмысты болғандардың жауапкершілікке тартылуы;
      5. жоғарыда аталған талаптардың орындалуы жауапкершілігінің кеңес төрағаларына тікелей жүктелетіндігі ескертілді.

1916 жылғы ұлт-азаттық  көтеріліс жеңіліске ұшырағаннан  кейін аяусыз жазалаудан ығысып  Қытайға ауған босқындардың туған  жеріне оралуына Т.Рысқұлов басқарған Аштықпен күресетін Орталық Комиссия орасан зор көмек көрсетті. Босқындар – ашыққан, ауруға шалдыққан, барлық малы мен күн-көріс  көзінен айырылған жүздеген мың адамдар тобы болатын. Олар үшін арнайы ауруханалар мен асханалар ашылды, дәрігерлік көмек көрсетілді. Еңбекке жарамдылығы жұмысқа орналастырылып, шаруашылықтарын қалпына келтіру үшін материалдық көмек көрсетілді131.

Т.Рысқұловтың талап  етуімен 1919 жылы қаңтарда Жер шаруашылығы  халық комиссариаты Аштықпен күресетін  Орталық Комиссияға аштарды жұмысқа орналастыру туралы өз ұсынысын білдіреді. Голдоностепь, Ташкент, Перовск, Әулиеата және Черняев уездеріндегі есік суландыру жүйелерін жөндеуден өткізу және жаңадан салу жұмыстарына жұмысшы күші аса қажет болатын. Аталған уездерде ақпан айынан бастап 3 ай көлесінде жұмысқа күнбе-күн 137520 адамды тарту көзделді. Оларға осы уақыт аралығында  тамақтануға – 78187 пұт ұн, 6951 пұт күріш, 13913 пұт ет және 1849 пұт мейіз бөлінді. Атқарылар жұмыстың көлемі – 158120000 сом мөлшерінде белгіленді132. Халық шаруашылығы Орталық Кеңесінің 1919 жылы 7 ақпанда өткен мәжілісінде Т.Рысқұлов  ашыққандар үшін кәсіптік шеберханалар ашудың барысы жайлы баяндама жасады. Мәжіліс кәсіптік шеберханалар ашуды жандандыру үшін қажетті мамандар мен кеңесшілер даярлау міндетін Халық шаруашылығы Орталық Кеңесіне жүктеді.

1919 жылы наурыз айында  өткен Түркістан Республикасы  Кеңестерінің төтенше VII-ші съезінде Т.Рысқұлов Аштықпен күресетін Орталық Комиссиясының 5 айлық қызметінің негізгі қорытныдылары туралы арнайы бірнеше баяндамалар жасады133. Комиссия қорына бөлінген 42 млн. сом қаржының (оның 10 млн. сомы транспорт жүйесін ретке келтіру үшін Отын ісін басқарушы дироекторияға берілген болатын, ал 2 млн. сом ақша жұмсалмай қалды) жұмсалуына есеп береді. Қаржы аштыққа ұшыраған тұрғындардың санына қарай жергілікті, уездік комиссиялар арасында барынша әділетті бөлінген болатын. Мысалы, Ташкент қалалық комиссиясына – 700000 сом бөлінсе, Ташкент уездік – 1600000, Черняев уездік – 132530409, Түркістан уездік – 1600000, Әулиеата уездік – 3420000, Перовск уездік – 200697, Қазалы уездік – 1100000, Бетпақдала уездік – 500000, Қоқан уездік – 1500000, Ош уездік – 1100000, Әндіжан уездік – 131469450, Самарқант уездік – 700000, Жызақ уездік – 743900, Ходжент уездік – 900000, Нарын уездік – 300000, Пржевальск уездік – 1005400, Ұратөбе аудандық – 150000 және Ферғана облыстық комиссиясына – 200000 сом бөлінді134. Ал, 71044000 сом азық-түлік даярлайтын бөлімдерге қарызға берілді135. Аталған қосымша ретінде 1919 жылдың 20 ақпан – 7 наурыз аралығында Черняев уездік комиссиясына – 220000 сом, Түркістан уездік – 300000, Қазалы уездік – 1300000, Самарқант уездік – 500000, Жаңа Бұхара уездік – 200000, Керкі уездік – 200000, қарыз ретінде – 2230000 сом берілді. Съездің 14 наурызда болған мәжілісінде жасаған «Аштықпен күрес және азық-түлік мәселесі» деген баяндамасында Т.Рысқұлов Түркістан өлкесінің байырғы халықтарының сұрапыл аштыққа ұшырап, қатты қырылуына революциядан бұрынғы патша өкіметінің отаршылдық саясаты мен әсіресе, революциядан соң орнаған кеңес өкіметінің шовинистік саясаты басты себепкер болғандығын ашық атап көрсетеді136.

Т.Рысқұловтың ұсынысымен делегаттар Түрікатком атына жауап  теруін талап етіп мынадай сауалдар қояды:

  • Аштықпен күресетін Орталық Комиссияға көрсетілген, алыпсатарлықтың жандануына ықпал етіп, Орталық өкімет қаулысының бұзылуына жеткізген көмек не себепті заттай емес, ақшалай берілді?
  • орыс кулактарынан алынатын затай астық салығының жоспарын Түрікатком қандай негізге сүйеніп қабылдатпай тастады?
  • Орталық өкімет қаулысында қыр халықтарының аштыққа қарсы күресу ұйымы ретнде белгіленген кедейлер комитеттері неліктен елді мекендердің еш бірінде әлі күнге құрылмаған?
  • Аштықпен күресетін Орталық Комиссия неліктен Азық-түлік директориясының ұйымы болып табылмайды, ал Азық-түлік директориясының өзі қыр халықтарымен не себепті байланыспай отыр және оның құрамында жергілікті мұсылман еңбекшілері өкілдерінің болмауының сыры неде?
  • Азық-түлік директориясының күні бүгінге дейін жүргізіп отырған шаралары екі топты, мұсылман және орыс еңбекшілерін өзара қырқысқа салудың үздік әдісі болғаны Түрікатком мен Уақытша Революциялық-әскери  Кеңеске белгілі ме? Бұл сауалдар Азық-түлік директориясын толығымен Революциялық трибуналдық сотқа беруге негіз болып табылады137.

Съезд келесі мәжілісінде  жасаған баяндамасында Т.Рысқұлов Азық-түлік директориясының жүргізіп отырған саясатын тағы да әшкерелейді. Үлкен мүмкіндіктер мен күшке ие болып отырған Азық-түлік директориясы, дейді Т.Рысқұлов, ашаршылыққа ұшыраған халыққа көмектесуге міндетті болатын. Бірақ бұл ұйымның әрекетсіздігі аштықпен күресетін Орталық Комиссияның қызметіне қол байлау болды. Одан әрі Т.Рысқұлов Азық-түлік директориясының аштықпен күресуді ойына алмауының негізгі себептерін талдап көрсетеді. Алғашқы, яғни негізгі себеп – республикадағы азық-түлік саясатының жалаң теорияға құрылғандығы, клесі себеп – бұл теорияны практикада іске асырушы азық-түлік ұйымдарының құрылымында өрескел қателіктердің жіберілуі; үшінші, бір келесі себептің мәні азық-түлік  ұйымдарының шовинистік пиғылдан арыла алмауында жатыр. Осындай себептердің қорытындысында, Түркістан Республикасының азық-түлік ұйымдарының мақсаты – негізгі мекендеушілері мен құрамы орыстар болған қала халқы мен армияны асыраудан аспады, ал республиканың ашаршылыққа ұшырап, қырылып жатқан жергілікті халықтары осы мақсатты орындау үшін ғана қажеті бар материалдық қанау объектісі ретінде танылған болатын. Ал, егер Т.Рысқұлов басқарған Орталық Комиссияның жанкешті күресіне қолдау көрсетіліп, аштықпен күрес ісі республиканың барлық экономикалық  ұйымдарының қатысуымен мемлекеттік тұрғыдан жүргізілгенде, жазықсыз опат болған жүздеген мың адамның өмірін арашалап қалуға толық мүмкіндіктер бар еді. Тарихи құжаттар солай дедйі. Мысалы, өлкелік Азық-түлік директориясының1919 жылы 10 сәуірде таратқан бұйрығында: «... азық-түлік алып отырған көптеген ұйымдар, әдетте өздеріне берілген ордерді пайдалануға асықпайды және осы ордерлер бойынша өздеріне бөлінген азық-түлікті директория қоймаларынан ұзақ уақыт тасымалдамай жатып алады, ал егер таси қалған күнде де барлығын бірдей емес, өз мөлшермен үзіп-жарып тасиды. Істің мұндай жағдайы, өзіне қарамайтын, ордер бойынша басқа мекемелерге тиесілі азық-түлікпен директория қоймаларының лық толуына жеткізді, ал директорияның өзіне халықтан жаңадан жинап жатқан азық-түлікті қайда қояры белгісіз»138 екендігін атап көрсеткен.

Аштықпен күресетін  Орталық Комиссияның белсенді қызметінің арқасында Түркістан Республикасында 130-дан аса қоғамдық тамақтандыру орындары мен асханалар ашылып139, оларда 1918 жылы күзде 3 млн. адам, ал 1919 жылдың 5 айы ішінде 32 млн. адам тамақтандырылды140. Төніп тұрған ажал тырғанына «... статисталық деректердің мәліметінше тура 1000000-ға дейін адам құтқарылды»141, -дейді Т.Рысқұлов. Төтенше VII-ші съезд басқа жұмысқа, яғни Түрікатком президумы төрағасының бірінші орынбасары болып сайлауына байланысты,  Т.Рысқұловты Аштықпен күресетін Орталық Комиссия төрағасы міндетінен босатты.

Т.Рысқұловтың басшылығымен Түркістан Республикасында құрылған Аштықпен күресетін Орталық Комиссия 1918 жылдың қараша – 1919 жылдың наурыз аралығында мынадай негізі бағыттарда келелі істер атқарды:

  • республика көлемінде аштыққа ұшырағандарға қоғамдық тамақтандыру орындарын ашу арқылы жедел көмек көрсетілді; қоғамдық тамақтандыру орындарында қатаң тәртіп орнатылды;
  • ауруларды емдейтін арнайы дәрігерлік бөлімшелер ашылып, жұқпалы ауруларды алдын алу шаралары іске асырылды;
  • балалар мен жетімдер үйі ашылды;
  • аштыққа ұшыраған халықтың экономикалық мүмкіндіктерді зерттелініп, еңбекке жарамдылары үшін кең көлемде жергілікті, ұсақ тауарлы өндіріс орындары ұйымдастырылды;
  • аштыққа ұшыраған отырықшы халық арасында түрліше еңбек комууналары ұйымдастырылып, оларға егістік жер үшін  мемлекеттік қордан көп мөлшерде жер үлесі бөлініп берілді, коммуналар ауыл шаруашылығы еңбек құралдарымен, тұқыммен қамтамасыз етілді;
  • көшпелі малшы қауымдарына мал шаруашылығын қалпына келтіруі үшін мүмкіндіктер жасалынды;
  • еңбекке жарамды ашыққан адамдар ішінен түрліше қоғамдық жұмыстар үшін іріктелініп арнайы құрылыс бөлімдері ұйымдастырылды, бұлардың табысы басқа ашыққандар мен балаларды қосымша тамақтандыруға жұмсалды және т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Осылайша Аштықпен күресетін Орталық Комиссия өзіне жүктелген аса ауыр міндетті абыроймен  атқарып шықты. Орталық Комиссияның қызметін ұйымдастыруда, оның басшысы - Т.Рысқұловтың сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Оның бұл еңбегі – барынша парасатты, қайырымды және баға жетпес маңызы бар тарихи еңбек болды. 1917-1920 жылдары алынған статистикалық деректердің мәліметтеріне ғылыми салыстырмалы талдау жасау барысында тарихшы В.А.Семенюта: «Түркістан халқының саны 1 млн.-нан астам адамға азайған»142, - деп қорытынды жасайды. Кеңес елінде 1919 жылы жарияланған деректерге сүйеніп, М.Шоқаев Түркістанда 1114000 адам аштан қырылған деп жазды143, бірақ өкінішке орай автор бұл деректерді қайдан алғанына сілтеме жасамаған. Осы мәселемен арнайы айналысқан зерттеушілер де мұндай нақты деректі еш жерден кездестіре алмағандықтарын айтады. Ал төтенше комиссар П.А.Кобозев аштық кезінде Түркістан халқының 25 проценті144, яғни шамамен 190000 адамның қырылғанын мәлімдеген. Т.Рысқұлов басқарған Аштықпен күресетін Орталық Комиссия жанын салып күреспегенде қаірет ауқымының бұдан да бірнеше есе асып түсу қаупінің өзі, ол күрестің дер кезінде және табанды жүргізілген күрес болғандығын тарихи тұрғыдан тағы да дәлелдей түседі.

1921 жылы желтоқсан  айында, РСФСР Ұлт істері жөніндегіі  халық комиссариатында қызмет  атқарып жүріп, партиялық жазалау  жөніндегі Москва қалалық-аудандық  комиссиясына және Ұлт істері жөніндегі халық комиссариатының коммунистік ұясына жолдаған өмірбаянында Т.Рысқұлов, кезінде Түркістанды жайлаған аштықпен күресті қалай жүргізгендері туралы былай деп еске алады: «Бір жағынан, кеңес өкіметінің қыр еңбекшілерінен мүлдем қол үзгендігін, екінші жағынан, Түркістанның бүкіл кембағалдарын қамтыған жантүршігерлік аштықты көре отырып мен аштықпен күрес мәселесіне күш салдым. Біріншіден, көшелерде, арықтарда, қыстақтарда аштан өліп жатқан миллиондаған аш-жалаңаштар мен балаларды шын мәніде құтқарып қалу мақсатын көздедім. Бұған сол кездегі өкімет саусақ арасынан қараған еді... Екіншіден, қыр халқына, әсіресе, кеңес өкіметінің тірегі болуға тиіс  қырылып жатқан кембағалдарға немқұрайды қарамауды орыс жолдастарға түсіндіргім келді. Үшіншіден, комиссар бола жүріп, кембағал жөнінде тым аз ойлайтын кейбір қыр қызметкерлерін ұялтсам дедім (бұған қыр өкілі бола тұрып, аштыққа қарсы шөп басын сындырмаған Ұлт істері жөніндегі халық комиссары Әшірқожаев пен Денсаулық сақтау халық комиссариатының қызметі дәлел). Төртіншіден, солақай саясаттан шошынған қырдың еңбекші бұқарасын кеңес өкіметі жағына шын мәніде тартуды және қыр кембағалдарын кеңес өкіметіне шын мәнінде тірек етуді көздедім»145.

Бүкіл өмірін жалшылық мен  жоқшылықта, езгілік пен құлды  еңбекпен өткізген, бірақ намысын  аяққа таптатпаған өр мінезді  қазақ кедейінің баласы болған Тұрардың табиғи таланты мен қабілетінің арқасында жиырманың бел ортасында-ақ ірі саясаткер ретінде танылуы – дүниежүзі мемлекет  қайраткерлері өмірбаян тарихында тым сирек кездесетін ерекше құбылыс. Жасы 21-ден 22-ге қарағанда ол Оңтүстік Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліске басшылық жасады; 1917-1918 жылдары Әулиеатада белсенді  саяси қызметімен көріне білді; 1918 жылы Түркістан Республикасында құрылған Аштықпен күресетін Орталық Комиссияның төрағасы болып  сайланғанда ол не бәрі 24 жаста еді; жасы 24-тен 25-ке қарағанда Т.Рысқұлов Мұсылман Бюросын ұйымдастырып, оны Түркістанның жергілікті  халықтарының құқын қорғаушы ұйым  дәрежесіне дейін көтере білді; 25 жасында Түрікаткомның жергілікті халықтан шыққан тұңғыш төрағасы ретінде республиканың саяси мемлекеттік егемендігі жолында табанды күрес жүргізді; 26-27 жасында ол РСФСР Ұл істері жөніндегі халық комиссариатында қызмет атқарып, осы комиссариаттың төрағасының орынбасары дәрежесіне дейін көтерілді. Комиссариатта жүріп бүкіл елдегі (РСФСР) жоғарғы оқу орындары (университеттер) жүйесіне басшылық жасады. Бұл жылдары оған болашақ диктатор – И.В.Сталимен қызметтес болуға тура келген еді; 1922 жылы күзде, яғни 27-ден 28-ге қараған шағында Т.Рысқұлов Түркістан Республикасы Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып сайланды. Ал, Түркістаннан біржола кетіп, 1924 жылы күзде Комитенрннің өкілі етіп Моңғолияға жіберілген кезде ол әлі 30-ға да тола қоймаған болатын. Қазіргі өлшеммен алғанда бұл жас – жоғары оқу орнын бітіріп, қызметке енді ғана араласа бастаған жас маманның жасы. Т.Рысқұлов осы жаста-ақ саяси күрес пен мемлекеттік басқарудың сан қырлы баспалдағынан өтіп үлгерді. Сонау 20-шы жылдарда-ақ оның есімі «Түркістан» ұғымының баламасы ретінде айтыла бастаған еді. Оның есімі – ұлт мәселесі бойынша жүргізілген ерлік күерстің туы болды.

Информация о работе Тұрар Рысқұловтың қоғам және мемлекет қайраткері