Тұрар Рысқұловтың қоғам және мемлекет қайраткері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2014 в 17:33, дипломная работа

Краткое описание

ХХ ғасырдың басында Қазақстан Ресей империясының отар аймағы еді. Қазақ халқы отарлық езгінің – құқықсыздық мен кемсітушіліктің, ұлттық тәуелдіктің бұғауында болатын. Патша өкіметінің отарлау саясаты өзінің шарықтау шегіне жеткен еді. Отарлау саясаты күшейген сайын халықтың қарсыласу қозғалысы да арта түсті. Қалыптасып келе жатқан қазақ зиялылары бұл қозғалысқа ұйымдасқан түр беріп, оын жаңа сапалық деңгейге көтерді. Туған халқын азаттық жолындағы күреске бастаған қазақ зиялыларының көш басында тұрған аса ірі саяси жетекшілердің бірі және бірегейі – Тұрар Рысқұлов болатын.

Содержание

КІРІСПЕ.....................................................................................................3-11

І-тарау. Тұрар Рысқұловтың қоғам және мемлекет қайраткері ретінде қалыптасуы.
Халық өкіметін орнату жолындағы күрес.............................................12-41
1.1. Түркістан өлкесі – Ресей империясының отары ...........................12-22
1.2. Қазан төңкерісі және Кеңес өкіметін орнату үшін күрес ............23-41

ІІ-тарау. Т.Рысқұлов – Түркістан Республикасындағы Аштықпен күресетін Орталық Комиссияның басшысы .........................................42-65
2.1. Түркістанның экономикалық жағдайы ..........................................42-51
2.2. Аштықпен күрес ...............................................................................52-65

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................66-69

СІЛТЕМЕЛЕР........................................................................................70-78

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................79-80

Вложенные файлы: 1 файл

рыскулов.doc

— 340.00 Кб (Скачать файл)

Қазақ халқының бостандығы үшін күрес жолына түскен Т.Рысқұлов 1917 жылы көктемде Меркеге оарлып, одан «Қазақ жастарының революциялық одағын» құрады. 1916 жылғы көтерілістен күйзелген қазақ халқының ішінде кулак террорының, байлардың сатқындығы тоқталмай тұрған уақытта қазақ бұқарасын дұрыс революциялық жолмен алып жүру үшін біз «Қазақ жастарының революциялық одағын» құрдық»51, - деп жазды Т.Рысқұлов. одаққа 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың от-жалынан өткен, саяси сауатты, революциялық ниеттегі 30-ға тарта қазақ, қырғыз және орыс жастары бірікті. Одақтың саяси басшысы Т.Рысқұлов болды. Олар көп ұзамай Әулиеата гарнизоны мен Мерке әскери бөлімшесінің революциялық пиғылдағы солдаттарымен байланыс жаады. Бұл гарнизондарда большевиктердің ықпалы күшті болатын. «Сол уақытта, - дейді Т.Рысқұлов, - Меркеге Ташкент кеңесінің өкілі (большевик) келді және бізге большевиктердің бағдарламасының мәнін түсіндіріп берді. Сөйтіп,  біз 1917 жылдың ортасында большевиктердің идеясына жақын болдық»52.  Т.Рысқұлов Әулиеата уезіндегі белгілі большевиктер – Н.И.Чернышев, С.К.Хмелевский, С.А.Федоров-Завадскийлермен тығыз байланыс жасап, олардың көмегімен уездегі қазақ еңбекшілерінің арасында революциялық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді.

«Қазақ жастарының революциялық одағы» Түркістан мен Қазақстан  аймағында құрылған осындай одақтардың елеулі айырмашылығымен ерекшеленеді. Бұл одақ – бағдарламасы мен жарғысы бар, күрес жолы анық саяси ұйым ретінде құрылған болатын. «Сол уақытта, жергілікті желерде әлі де болса белгілі революциялық партиялар пайда бола қоймаған кезде... қазақ жастарының нақты бағдарламаның негізінде ұйымдасуға тырысуы үлкен революциялық ілгерілеу болды»53, - деп атап көрсетті Т.Рысқұлов. бағдарлама мен жарғыдан одақ мүшелерінің Ақпан иреволюциясының сипаты мен мән-мағынасын, әлеуметтік қайшылығын айқын түсіне білгендігі көрінеді. Орыс отаршылары мен жергілікті үстем тап өкілдерінің халыққа қарсы іс-әрекеттерін сынай келе  және қарапайым еңбекші бұқараның мұң-мұқтажын, талап-тілегін қорғайтынын білдіре отырып, «Одақ» мүшелері өздерінің іс-әрекеттерінің басты мақсаты ретінде: «... Уақытша үкіметтің жергілікті комитеттері мен орыс кулактарының озбырлығына қарсы күресу»54 жолын таңдап алғандарын ашық мәлімдейді. «Одақ» бағдарламасында Ақпан революциясының әлеуметтік теңсіздікті, ұлттық езгіні жоюға қабілеттісз екендігі, керісінше бұл күндері орыс отаршыларымен ауыз жаласқан жергілікті үстем тап өкілдерінің өз халқын «... бұрынғыдан да бетер езе түскені» ашына айыпталған. «Қазақ жастарының революциялық одағы» - Т.Рысқұлов үшін саяси шыңдалу мектебі болды.

1917 жылы жазда Ташкентқаласында  қазақ депутаттарының Түркістан  өлкелік кеңесі құрылды. Ол  кеңестің жетекшілерінің бірі  Т.Рысқұлов болды. Сол жылы 30 тамызда  шаруа депутаттары кеңестері  мен қазақ депутаттары кеңестері  бірігіп, ортақ атқару комитетін  ұйымдастырды. Біріккен атқару комитетіне 6 адам орыс, 6 адам қазақ мүше сайланды. Бұл комитеттің құрамында Т.Рысқұлов та болды55.

Т.Рысқұлов 1917 жылы  қыркүйек айында РСДРП мүшелігіне қабылданды. Оның большевиктік бағыттағы саяси  ағымға қосылуына басты себеп: бұл идеяға сеніп, тандыққа жеткізе алатын бірден-бір саяси күш ретінде қабылдауы болатын, әрі өзі шыққан әлеуметтік орта оны осы бағытты қабылдауға итермеледі. Ал, Т.Рысқұловтың бірте-бірте саяси ұйымға айналып келе жатқан «Алаш орда» қозғалысына араласа алмауына төмендегідей себептердің басты роль атқарғаны күмәнсіз, олар: жер шалғайлығы, яғни қозғалыстың саяси орталығы Орынбор қаласы мен Арқа өңірінің Т.Рысқұлов іс-қимыл жасаған Түркістан өлкесінен тым алыс жатқандығы; қозғалыстың оңтүстік аудандардағы саяси қызметінің бәсеңдегі; Т.Рысқұловтың жастығы мен саяси тәжірибесінің аздығы; ақырында, оның әлеуметтік көзқарастарынң «алашордашылардан» біршама алшақтығы. Осы аталған себептердің барлығы Т.Рысқұловты большевиктік саяси ағымға қосылуға итермеледі.

 

 

1.2. Қазан төңкерісі және Кеңес өкіметін орнату үшін күрес.

 

1917 жылы 25 қазанда (жаңаша 7 қарашада) Петроградта  жеңіске  жеткен Қазан социалистік революциясы  буржуазиялық Уақытша үкіметті  құлатып, саяси билік басына  кеңес өкіметі мен большевиктер  партиясын әкелді.  Партияның стратегиялық жоспарына сәйкес Ресейде жеңіске жеткен социалистік революция келешекте дүниежүзілік социалистік революцияларға ұласуы керек еді. Ал ескі Ресей империясының отарлы аймағы ретінде Түркістан өлкесінің бұл жолмен жүруі сөзсіз міндетті саналды.

1917 жылы 1 қарашада (ескіше) болған қарулы көтерілістен соң,  Ташкент кеңесі өлкедегі саяси  өкіметтің өз қолдарына өткенін  жариялады. «Түркістанда, - дейді  В.В.Куйбышев, - революциялық процесс  жалпылама қозғалыстың нәтижесі  болмай,... революция телеграф бойынша формальды түрде қабылданып, барлығы да тек сырттай сипатта өтті. Түркістандағы  Қазан төңкерісі Орталық Ресейдегі өкіметтің түріне бейімделу ғана болды»56.

Сол жылы 25 қарашада жаңадан  құрылған үкіметтің, яғни Түркістан  Халық Комиссарлар Кеңесінің құрамы жарияланды. Құрылған пролетарлық үкіметтің құрамына жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі кіргізілмеді57. Патша заманында жергілікті халықтар өкілдерінің үкімет құрамына өтуіне «бұратана» болғандығы сылтау болса, енді кеңес үкіметінің құрамына енгізілмеуіне «пролетар» еместігі желеу болды. Бұл жағдай ұлттардың теңідігі мен өзін-өзі басқару құқылығы туралы большевиктердің саяси ұрандарының мән-мағынасын жоққа шығарып, жергілікті халықтардың ортасынан шыққан большевиктерді саяси дағдарыс жағдайын түсірді.

Қазан революциясын Түркістанның езілген халықтары саяси теңдік пен бостандыққа қол жеткізудің жолы деп қабылдағанымен де, оған толықтай сенім білдіре алмады, өйткені құрылған үкіметтің құрамы оларға жат, саяси бағыт-бағдары айқын емес-ті. Бұл көңіл-күйді Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы Ф.Колесовтың: «Жоғарғы органға мұсылмандарды енгізу олардың бірден-бір пролетарлық ұйымы болмағандықтан ғана емес, сонымен қатар жергілікті халықтың оған (яғни, үкіметке) деген көзқарасының әрқилы болып отырғандығынан да мүмкін емес»58, - деп мәлімдеген сөзі орнықтыра түсті. Бұл мәлімдемені Ташкент қаласында 1917 жылы 19 қарашада шақырылған Түркістан Кеңестерінің ІІІ съезінің қарары: «Қазіргі кезде мұсылмандарды жоғарғы өлкелік революциялық өкімет орындарына (органдарына) енгізуге мүлдем болмайды»59, - деп заңдастырып берді.

1917 жылы Түркістан  өлкесінде 7668 мың адам тұрған  болса, оның: 2155 мыңы – Сырдария  облысында, 2433 мыңы – Ферғана, 975 мыңы – Самарқант, 605 мыңы –  Закаспий, 1500 мыңы – Жетісу облысында мекендеді. Өлке халқының 44,36 процентін – қазақтар мен қырғыздар, 35,77 процентін - өзбектер, 6,73 процентін – тәжіктер,  4,98 процентін – түрікмендер,  3,75 процентін – европалықтар (негізінен: орыстар, украиндар, белорустар), 2,26 процентін – қарақалпақтар және 2,15 процентін басқа да халықтардың өкілдері құрады60. Осылайша, Түркістан өлкесін мекендеген халықтардың дені осы аймақтың байырғы тұрғындары болатын. Жергілікті халықтардың бірде-бір өкілі кірмеген, «... халықтың сан жағынан елеусіз қалған ғана тобын біріктірген кеңестерге өкімет билігінің өтуі – Түркістан өлкесінің жағдайында жол беруге болмайтын жағдай; шаруа, жұмысшы және солдат депутаттары кеңестері Ташкент атқару комитетінің өкіметті күшпен басып лауы – көпшілігі мұсылмандар болып табылатын өлкедегі халық еркін тізгіндегендік деп есептеледі»61, - деп жазды жергілікті газетте. Бұл жергілікті халықтардың жалпы кеңес өкіметі мен большевиктік идеяға қарсылығын месе, негізінен осы идея астарында жүргізіліп отырған саясатқа, яғни өкіметтің түр-сипатының өзгергенімен де, ішкі мәнінің жергілікті халықтар үшін әлі де жат күйінде қалып, орыстық-шовинистік, ұлыдержавалық астамшыл пиғылда құрылғандығына деген наразылығын білдіреді.

Ташкенттегі саяси оқиғалардың  ықпалымен 1917 жылы 6 қарашада Әулиеата уезі мен қаласындағы саяси билік уездік солдат және жұмысшы депуттатары кеңестерінің қолына өтті62. Бірақ ұзақ уақыт бойы уездік кеңестің негізгі қызметінің ауқымы қала мен уездің европалық тұрғындары мекендеген болыстарды ғана қамтыды. Ал, уездің мұсылман халқының өмір салты, тіршілігі олар үшін жат, түсініксіз күйінде қалып, негізгі қарым-қатынас тек қарудың күшімен ғана жүргізіле берді.

Қалыптасқан саяси жағдайда Т.Рысқұлов  жергілікті халықтардың  саяси-әлеуметтік жағдайын жеңілдетіп, мүдделерін қорғау үшін бірден-бір тактикалық дұрыс жолды таңдай білді, ол жол - өз маңына топтасқан саяси қайраткерлерді ұйымдастыра отырып, саяси билік пен әскери күшке ие болып отырған уездік кеңестің құрамына өту және оның қызметіне ықпал жасау жолы болатын. «Еңбекшілердің қолдауымен, - дейді Т.Рысқұлов, - мен уездік атқару комитетіне сайландым. Белсенділігімнің арқасында көп ұзамай орыс солдаттары мен жұмысшыларының да сеніміне ие болдым... Сол үшін солдат бұқарасы мен орыс жолдастар мені ұдайы бірауыздан қолдап отырды»63.

1917-1918 жылдардың қысы  ауыр жағдайда өтті. 1917 жылдың  күзіне таман басталып, 1918 жылдың  қыс айларында үдей  түскен  ашаршылыққа ең алдымен уездің  көшпелі халқы ұшырады, ал уездің  отырықшы орыс шаруалары мұндай  ауыртпалықты басынан кешірген жоқ. Мысалы, уездің бір ғана Гродеково селосындағы орыс шаруаларының қамбарларындағы астықты тексергенде мынадай жағдай анықталды: 84 отбасында (653 адам) 5185 пұт бидай, 533 пұт ұн сақталған, яғни жан басына шаққанда шамамен 9 пұт шамасында астық болған64. Көптеген орыс шаруалардың артық астықтарын базарда үстеме бағаға сатуға мүмкіндіктері бар еді. 1917 жылдың соңында Әулиеата уездік кеңесінің өкілдері – Хоменко мен Жужин уездің халқы үшін Ақмола облысынан 100 мың пұт астық сатып алады65, бірақ бұл астық уездегі ашыққан көшпелі халыққа берілмей, негізінен орыс жұртшылығы мен әскери бөлімдерге таратылды.

Әулиеата уезіндегі  көшпелі халық арасында аштық  қатты етек ала бастады. Түрліше  жұқпалы аурулар – сүзек, іш аурулары, тырысқақ, құрқұлақ, оба, тері аурулары тез тарап жатты. Аш-жалаңаштықтан, індеттен қырылған адамдардың өлігі ит-құсқа жем болып дала-далада шашылып қалды, оларды жинап, жерлеуге үкімет мекемлерінің күш-қуаты жетпеді, қырсыздық мүмкіндік бермеді66.

Саяси белсенді іс-әрекетімен таныла бастаған Т.Рысқұлов депутаттардың ұсынуымен 1918 жылы сәуірде Әулиеата уездік кеңесінің атқару комитетінің төрағасының орынбасары болып сайланады67. Саяси билікке қол жеткізген Т.Рысқұлов өз күш-жігерін ашыққан халықты төніп тұрған ажал тырнағынан  арашалап қалуға, орыстар мен қазақтардың арасындағы қарым-қатынасты реттеуге, кеңестерде жергілікті басшылардың көбеюінежұмсады. Бүкіл Түркістан өлкесінде алғаш рет уездік төтенше комиссия ұйымдастырып, қарулы отрядпен бірге уезді аралап, орыстар мен қазақтардың өзара қырқысын тиюға, контрибуция ретінде тартып алынған қазақтардың бұйымдарын, малдарын өздеріне қайтарып бергізуге тырысты. «Дәл осы сәттен бастап, - деп еске алады Т.Рысқұлов, - уездегі 200 мың қазақ халқына, әсіресе кембағалдарға, мен және менің қызметкерлерім езілгендерді құтқарушылардың нағыз өздері болып көріндік»68.

Т.Рысқұловтың ықпалымен Әулиеата уездік кеңесінің құрамы мен жұмыс  тәсілі тез өзгере бастады. 1918 жылы 21 сәуірде уездік кеңестің мүшелігіне  қазақтар арасынан депутаттар сайлау мақсатымен Әулиеата қаласында Т.Рысқұлов ұйымдастырған қазақ жұмысшыларының үлкен жиыны болып өтті.  Ашық дауысқа түскен 9 адамның арасынан кеңестің мүшелігіне 4 адам өтті69. Осылайша, 1918 жылдың сәуір айының аяғында Әулиеата уездік кеңесінің 26 мүшесінің 15-і, ал атқару комитетінің 14 мүшесінің 3-і жергілікті халық өкілдері болуына қол жеткізді70. Құрамына жергілікті халықтардың әлеуметтік жағдайын жақсы білетін мүшелердің көптеп еуіне байланысты, Әулиеата уездік кеңесінің атқару комитеті дұрыс бағытта жұмыс істей бастады.

Күн өткен сайын  асқына түскен ашаршылық пен жұқпалы ауруларға  қарсы күреске Т.Рысқұлов қатты  күш-жігер жұмсады. Науқастарды емдеу, ауруханалар ашу және жұқпалы  аурулардан сақтандыру өте қиынға түсті. Қалада не бәрі 4-ақ маман дәрігер  ғана бар еді. Уездік кеңес 1918 жылы 23 сәуірде жұқпалы аурулармен күрес шараларын белгілеп, жұмысты үйлестіру үшін санитарлық комиссия тағайындайды71. Әулиеата қаласының маңында қоғамдық тамақтандыру орындары ұйымдастырылып, онда 20000 адамға дейін ашыққан қазақтар тамақтандырылады72.

Аштықты ауыздықтау үшін басқа да шаралармен қатар, көктемде егіс жұмыстарын ұйымдастыру, ауыл еңбекшілерін тұқыммен, құрал-сайманмен қамтамасыз ету  сияқты кезек күттірмейтін аса қиын проблемаларды шешуге тура келді. Өлкелік  үкіметтің Әулиеата уезіне бөлген тұқымдық астығын қабылдап алу, оларды әділетті түрде бөлу ісі де оңайға соқпады.  Бұл істе де мемлекеттік мекемелердің шалғайлығы мен қазақ жұртшылығының егіншілікпен таныс еместігі көп қолбайлау болды. Сондықтан, 1918 жылы 29 сәуірде Т.Рысқұловтың ұйымдастыруымен өткен уездік қазақ тұрғындары өкілдерінің жиыны егіс мәселесін кең түрде талқылып, жеткізілген тұқымды қазақтар мен орыстар арасында әділетті түрде теңдей бөлу ісін қадағалау үшін арнайы комиссия тағайындайды73. Комиссия 30 сәуірдегі қаулысында тұқымдық астықты талан-таражға ұшыратпау үшін оны жеке адамдарға емес, ауыл тұрғындарының бірлестіктеріне, ұйымдарына бөліп беру туралы шешім шығарады74. Бұл шаралар көктемгі егістік жұмыстарының ұйымдасқан түрде өтуіне үлкен қолғабыс жасады.

1918 жылы 7 мамырда Т.Рысқұлов Әулиеата  уездік комиссары мен уездік  кеңестің төрағасымен бірге, Үлкен  Алмалық болысында орналасқан  №41-ші қоғамдық тамақтандыру  орнын тексеріп, жағдаймен танысады. Тексеру барысында комиссия орын  алып отырған түрліше кемшіліктердің сырын ашып, жағдайды сауықтандыру үшін нақты шаралар белгілейді. Асхананың орыс басшылары аштарға бөлінген азық-түлікті талан-таражға түсіріп, аш-аура адамдарды ұрып-соққаны анықталады75. Комиссияның арнайы тапсырмасымен аурулар үшін қосымша тағы да 10 киіз үй тіктіріліп, әр адамға тәулігіне 1 бөлке нан беріле бастады.

Қазақ жастарын саяси-мемлекеттік  істерге белсене араластыру мақсатымен 1918 жылы 11 мамырда Әулиеата қаласында  Т.Рысқұлов пен Федоров-Завадский  ұйымдастырған қазақ өкілдерінің уездік съезі ашылады. Съезде Т.Рысқұлов төрағалық етеді. Бұрынғы кеңестің таратылуына байланысты, құрамына төралқаны қоса есептегенде 28 мүше кірген жаңа қазақ депутаттарының уездік кеңесі құрылады. Төралқа тұрақты жұмыс істейтін болып шешіледі, ал кеңестің съездерін ай сайын, Әулиеата уездік солдат, жұмысшы, шаруа және қазақ депутаттарының кеңесі съездерімен бір мезгілде өткізіп отыру көзделді. Съезде қазіргі саяси жағдай, конституция мәселелері, қазақ-орыс шаруаларының ара-қатынасы, ашаршылықпен күрес шаралары талқыланды. Ашаршылықтың қауырттығы мен ауқымдылығы онымен күресті аса қиындатып отырғаны және қолда бар күш пен мүмкіндіктің мұншама көлемдегі аштықпен күресуге мардымсыз екендігі ескеріліп, өлкелік басшылықтан 1000000 сом қаржылай көмек сұралды. Ашыққан қазақтардың шарасыздығын пайдаланған алаяқтар олардың бар дүние-мүліктері мен киім-кешектерін болмашы бағаға сатып алып, артынан үстеме бағаға қайта сатып арамтамақтықпен күн көруге, пайда тауып, баюға кірісе  бастаған болатын. Сондықтан да, съезде Т.Рысқұлов бұл мәселеге қатты көңіл бөліп, қарулы бөлімшелердің көмегімен алыпсатар саудагерлерді тұтқындап, арамза жолмен өмір сүрушілердің бар мүлкін тәркілеп, оларды өз иелеріне, яғни қазақтарға қайтарып беру туралы ұсыныс білдірген кезде, съезд делегаттарды бұл ұсынысты бір ауыздан қолдады.

Қазақтардың орыс шаруалармен  ара-қатынасы да бұл мезгілде асқына түскен болатын. Орыс шаруаларының қарулы отрядтары қазақ ауылдарына жасаған қанды жорықтарын үдете түсті. Осы мәселелерді талқылай келе съезд Т.Рысқұлов жазып, даярлаған қаулы жобасын қабылдады, онда: а) сәуір айында өткен өлкелік кеңестердің V съезінің республикада сот реформасы басталғанға дейін ескі сот және тергеу органдары сақталынады деген қаулысын Әулиеата уезінің халқына таныстыру, осы арқылы жауапкершілікті арттырып, орыс шаруаларының қарулы бөлімшелерінің қазақ ауылдарына жасап келген шаубылдарын тоқтату, ұрлықпен айналысқан аш-ауру көшпелілерді орыстардың өз бетімен жазалау фактілеріне тыйым салу; б) орыс шаруалары мен қазақ көшпелілерінің арақатынасын өркениетті дәрежеде шешіп отыру үшін арнайы өкілеттілігі бар комиссия тағайындау, қылмыс жасалған болыстарға барып, жағдайды жергілікті жердің өзінде зерттеп білу; в) орыс шаруаларының зорлық-зомбылығын тыю үшін Ташкентке, өлкелік өкімет орындарына өкілетті екі өкіл аттандырып, олардан қасында әскери күші бар тексеру-тергеу комиссиясын жіберуді сұрау; г) қазақтардың өз арасындағы түрліше арандатушы элементтерді ымырасыз ауыздықтау және т.б. шаралар белгіленді.   Т.Рысқұлов орыс шаруаларының қазақ шаруаларына жасап келген зорлық-зомбылықтарын астыртын қолдап, ұйымдастырып отырған уездің ресми өкімет мекемелерінің кейбір қызметкерлерін қатаң сынға алды. Осындай оспадарсыз істерімен әшкере болған Мерке бөлімшесінің комиссары В.Лобцовты, Әулиеата уездік кеңесінің Іс басқармасының меңгерушісі Рубинді орнынан алып, жауапқа тарту туралы Т.Рысқұловтың талабы уездік кеңеске жіберілді.

Информация о работе Тұрар Рысқұловтың қоғам және мемлекет қайраткері