Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2013 в 09:10, реферат
Тақырыптың өзектілігі. Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылу тарихы мен оның даму барысы және мұнда Қазақстан Республикасының мүше болуы егменді еліміздің дипломатиялық тарихындағы ең маңызды мәселерлердің бірі болып отыр.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы тұрақты ұйым ретінде 2001 жылы 15 маусымда Шанхай қаласында Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттерінің өзара келісімімен құрылды. Оған мүше елдердің жер аумағы Еуразия кеңістігінің бестен үш бөлігін құрайды. Халқының саны- 1 миллиард 455 миллион адам. Яғни, жер шарын мекендеген адамзат қауымының тәрттен бір бөлігін қамтиды.
Кіріспе.....................................................................................................................2
І-Тарау.Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуының алғы шарттары................................................................................................................5
ІІ-Тарау. Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы орны мен рөлі.................................................................................................................29
ІІІ-Тарау. Шанхай ынтымақтастық ұйымға қатысу – қазақ мемлекеттілігін бекемдеу факторларының бірі............................................37
Қорытынды..........................................................................................................48
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................49
2001 жылдың шілде айынан бастап қауымдастық елдерінде ҚҚС тауар айналатын орындар бойынша алына бастады. Тарифтердің- 80%-ы келісілген. Алайда әліде болса темір жол тарифтері келісілген- жоқ, бұл алдағы уақыттың өзекті мәселесі деп қарастырады қауымдастық мүшелері. Ресей Президенті В.Путин бұл мәселеде сындарлы позиция ұстанып отыр. Транзиттік ауқымы ұлан-асыр Ресей алғашқы кезде тарифтерден ұтылатын болды. Қазақстанда дәл солай. Егерде тарифтерді бірдейлестіру Қазақстан териториялары арқылы өткізілетін жүк көлемін шұғыл ұлғайтуға - мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев пен Ресей Федераци
2002 жылы 8 сәуірде Алматыда "Еуразиялық экономикалық саммит-2002" атты Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа мүше елдердің екінші саммиті болып өтті /11/. Ол "Тұрақсыздық кезендерінде тұрақты өсуді қамтамасыз ету" тақырыбына арналды. Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаев бұл форум Орталық Азия аймағында назар аударарлықтай геосаяси өзгерістер жүріп жатқан кезде өтіп жатқанын атап өтті. Қазір бір-бірімізді бұрынғыдан жақсырақ түсіне бастады, өркениетке төнген халықаралық терроризммен күресте күш-жігерді біріктіру кезек күттірмейтін қажеттілік екенін түсінетін көрсетуде. Сонымен бірге мемлекеттердің бір-біріне жақындай түсуі Орталық Азия халықтарының әл-ауқатын арттыру мақсатында ынтымақтастықтың бұрынғыдан да ауқымды салаларын қамтуы тиіс. Халықаралық терроризммен күрес деген әскери акциялармен тынып қалмайтын іс. Өкінішке орай, қыруар әлеуметтік проблемалардың қордалануы да терроризм үшін құнарлы топырақ болып отыр. Азияның кіндігі мүдделер қақтығысының майдаңына айналып кетпеуі үшін, біздің елдеріміздің халықтары геосаяси ойындардың аманатқа алынған адамдар кейпіне түсіп қалмауы үшін айрықша жауапкершілік жүктеледі.
Бұл, орайда саясаткерлердің алдында мынандай міндеттер қойылуы керек. Біріншіден Орталық Азияда, тұтастай Азия құрлығында қауіпсіздіктің тиімді жүйесін жасау жөнінде күш-жігерді жұмсауды жалғастыра беру керек. Өткен жылы Қазақстанды, Қырғызстанды, Ресейді, Тәжікстан мен Өзбекстанды біріктіретін Шанхай ынтымақтастық ұйымы қүрылғандығын жоғарады айтып өттік. ШЫҰ-ның аясында әскери саладағы сенім мен өзара іс қимыл тетіктері сыннан өткізіліп үлгерілді. Сауда-экономикалық, гуманитарлық салада, терроризм мен экстремизм қатеріне қарсы түру ісінде ынтымақтастықты дамыта түсу көзделген. Бұл бағытта алдағы кезде де тиімді жұмыс істей беру керек. Бүгінгі танда Азиядағы өзара іс-қимыл мен сенім шаралары процесіне қатысушы елдердің мемлекет және үкімет басшыларының саммитін өткізу бұрынғыдан да көкейтесті сипат алып отыр. Қазіргі геосаяси жағдайда қауіпсіздік проблемаларына, ойың ішінде ең алдымен Орталық Азиядағы қауіпсіздікке қатысты пікірлер мен көзқарастарды баяндау үшін Азиядағы өзара іс-қимыл мен сенім жөніндегі кеңестің мінберін пайдалану өте-мөте маңызды болып отыр.
Екіншіден. Каспий аймағына төнуі мүмкін жойқын апаттардың алдын алу үшін қолдан келетін шаруаның барлығына ерекше назар аудару керек. Каспий - Еуразияның маңызды стартегиялық аймағы, көмірсутектерінің бай қоймасы. Оның мұнай қорын игеру ісіне әлемнің аса іргелі компаниялары қатысуда. Каспий теңізі бүкіләлемдік қауымдастықтың мүддесі үшін бейбіт ықпалдасу мен экономикалық ынтымақтастық аймағына айналуға тиіс.
Саяси лидерлердің алдында тұрған аса маңызды міндет жаһандық және аймақтық ядролық қауіпсіздікті нығайту мәселелерімен байланысты. Орталық Азия бүгінде қаруға ие және соның "табалдырығында тұрған елдер" деп аталатын мемлекеттің қоршауында жатқан ядролық қарусыз алаң болып отыр. Осынау мазасыз геосаяси нақтылық қаруды таратпау режимін одан әрі табанды түрде күшейту қажеттігін алға тартады.
Ұйым төмендегідей мақстаттар бойынша жұмыс жүргізеді.
Әскери-стратегиялық қауіпсіздікті дамыту мен сенім шараларын нығайту;
лаңкестік мен экстремизмге, заңсыз миграция мен есірткі таралымына, басқа да трансшекаралық қылымыстық істерге тосқауыл қою;
экономикалық ынтымақтастық
табиғи және техногендік төтенше жағдайлардан бірлесіп сақтану және олардың алдын алу;
мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту.
Ұйымның ең жоғары органы- оған мүше мемлекеттер басшыларының кеңесі. Сондай-ақ үкіметтер басшылары мен сыртқы істер министрлері деңгейідегі кеңестер де жұмыс істейді. Тұрақты хатшылығы, Өңірлік антитеррорлық құрылым (ӨАТҚ ) бар. (Орталығы Ташкент қаласы) Оның жұмысын жандандыра түсуге ықпалы бар басқа да салалас құрылымдар құру ісі мүмкіндік пен уақыт талабы шегінде бірте-бірте қолға алынуда.
Бүгінгі күні ШЫҰ-ны Біріккен Ұлттар Ұйымынан бастап көптеген халықаралық, өңірлік ұйымдар танып отыр. Мемлекеттер тарапынан оның құрамына өту жөніндегі ықылыастың күшейе түсуі аз жылдың ішінде халықаралық деңгейдегі беделге ие болғандығын дәлелдейді./12/
Осы уақытқа дейін Шанхай ынтымақтастық ұйымының жоғары деңгейдегі кездесулері бірнеше мәрте өтіп, әр кездесу нәтижесінде тиісті шаралар ұйымдастырылып, қажетті құырылымдар пайда болып, оның іргесі барған сайын беки түсуде. Мәселен, 2004 жылы қыркүйекте өткен соңғы кездесуде мүше мемлекеттердің экономикалық тұрғыдан өзара әрекет етуінің нақты бағыттары талқыланып, нәтижесінде ШЫҰ - ның көпжақты сауда-экономикалық ынтымақтастығы бағдарламасын жүзеге асырудың шаралары белгіленген болатын.
Ал елімізде өтіп отырған ұйымның бұл жоғары деңгейдегі кездесуінің де маңызын осал болмайтын түрі бар. Қаралаған нақты мәселелерді былай қойғанда, ұйымға байқаушы мәретебесіне ие болудан үміт күткен Иран, Үндістан, Пәкістан секілді адам ресурстарына бай ірі мемлекеттердің ресми өкілдері Иран Ислам Республикасының Вице-президенті Мохаммед Реза Ареф, Пәкстан Ислам Республикасының Премьер- министрі Шауқат Азиз, Үндістанның сыртқы істер министрі К.Натвардың Астанаға келуінің өзі талай жайдан сыр тартқандай./13/
2004 жылыдың 17 маусымындағы Ташкент басқосуында ұйым тәрағалығы міндетін атқарған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев кеңейтілген құрам мәжілісін аша отырып былай деді.-Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының бас қосуы біздің жас Астанамызда бірінші рет өтіп отыр. Шанхай ұйымы секілді ол да қарқынды да сенімді даму жолына түсіп келеді./14/ Бұдан әрі Назарбаев Н. Ұйымның қазіргі жағдайына баға беріп, оның алдағы дамуының стратегиясын айқындау мақсататында жиналып отырмыз.
ШЫҰ өзін әлемдік қауымдастықта алдына қойылған міндетін сәтті жүзеге асырушы мығым да болашағы бар ұйым ретінде дәлелдеуде. Күрделі геосаяси кеңістікте салмағын арттырып, тиімді халықаралық байланыстар аясын кеңейтіп келеді.
ШЫҰ беделінің өскендігі оның БҰҰ Бас Ассамблеясының қасындағы байқаушы мәртебесін алғандығынан, АСЕАН мен ТМД хатшылықтарымен әріптестік байланыстар орнатқандығынан танылады.
Әскери шекаралық
2003жылы біз көпжақты
сауда экономикалық
Соңғы жылдардағы ШЫҰ мемлекеттеріне экономикалық даму аймағы байқалады. Мұның өзі сауданың дамуы, инвестициялардың жүзеге асырылуы, технологиялық алмасулар мен мамандар дайындауға қолйлы жағдай туғызады.
Осының алдындағы Ташкент саммитінің шешімдерін жүзеге асыру үшін Даму қоры (Инвестициялық банк) мен ШЫҰ Іскерлік кеңесін құру жұмыстарын аяқтау керек. Бұл институттар біздің елдеріміздің гүлденуі мен әл – ауқатының жақсаруына қосымша көз ретінде қарастырылып, қызмет ететін болады.
Білім беру секілді маңызды саладағы ынтымақтастық жөнінде де нақты қадамдар жасалынды. Біз Шэньян қаласындағы (ҚХР) политехникалық университет базасында студенттер алмасудың басталғандығын құптаймыз.ШЫҰ аясында білім беру саласы бойынша келісімге қол қойылуы мұндай ынтымақтастыққа құқықтық негіз беріп, басқа да білім беру жобаларын жүзеге асыруға жол ашатын болады./15/
Бейбіт өмірге, тұрақтылық
пен қауіпсіздікке сенімді
Жуықта ғана орталық-азиялық -өңірде болып өткен оқиғаларға Шанхай ұйымына мүше мемлекеттер үшін діни және саяси экстремизм проблемасының айтарлықтай қатер төндіріп отырғандығын тағы бір еске салады. ШЫҰ елдері аумағындағы әркет етуші діни экстремистік топтардың тамыры біздің ұйым шегіне де шығып та кетті.
Шанхай ұйымы біздің
елдерімізді лаңкестік
Лаңкестік қимылдарды
саймасай қабыл алып қана
Біз бүгін бекіткен ШЫҰ-ға
мүше мемлекеттердің лаңкестікпен, сепаратизммен
және экстремизммен күрестегі
Халықаралық қоғамдастықта тұтас проблемалардың орын алуы, соның ішінде даму мәселелері, ядролық қарулардың тарауы, демократия, сондай-ақ, басты орган Бірккен Ұлттар Ұйымын реформалау секілді мәселелер бойынша қарама-қайшылықтардың күшеюі жағдайында, бұл шара маңызы тіптен арта түседі.
Мемлекеттердің тұрақты дамуына басымдық берілуі тиіс. БҰҰ-ның күн тәртібінде бұл ең басты мәселе болуы керек.
БҰҰ реформасына келетін
болсақ, ол әлемді біріктіруге бағытталғаны
жөн. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін
реформалау жөніндегі әртүрлі
Біз БҰҰ Бас Ассамблеясының
рөлі мен мәретбесін көтеру қажет
деп есептейміз.Бұл
проблемаларын жеке-жеке алып қарауға болмайды. Азия дегеніміз бұл адамзат қауымының және табиғи ресурстарының үлкен бөлігі ғана емес. Ол аса ірі әлемдік діндердің аумағы. Міне осы діни қарама-қайшылықтар бүкіл әлем бойынша бірге ажыратудың негізгі себептеріне айналуда.
Қазақстан ШЫҰ-ны да, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті де (АӨСШК), біздің елімізде тұрақты өтіп тұратын/16/ Әлемдік діндер лидерлері съезін де бірін-бірі толықтырушы тетіктер ретінде қарастырады. Экономика, қауіпсіздік, діни диалогтың өзара байланысты болуымен де бұл өзіндік ерекшелігі бар үштіктің маңызы зор. Осы бағыттарда біз сіздердің қолдауларыңызға үміт артамыз. Ең тиімді экономикалық жобаның өзі қауіпсіз ортаны құрып алмай стратегияның жүзеге аспайтынын, конфессиялық бітімсіз өңірдің шынайы қауіпсіздігі қамтамасыз етілмейтіндігін бүгін сеніммен айтуға болады.
Қалыптасқан экономика мен қауіпсіздік ынтымақтастығының еуропалық және еуроатлантикалық құрылымдарының ұзақ тарихи платформасы бар. Ал Азия тек соңғы онжылдықта ғана ынтымақтастықтың "институттық желісін" құруды бастады. Егер уақыт тұрғысынан бағалайтын болсақ, ШЫҰ-ның шекара мәселелері жөніндегі бір ғана шешімнің өзі бұл ұйымның шынайы тиімділігін дәлелдейді.
Азиялық ынтымақтастық институттарының маңыздылығы мемлекетаралық қатынастардың жаңа және дербес мәдениетінің калыптасуымен де айқындалады. Халықаралық құқықта проблемалардың пайда болуы, болашақ әлем құрылысына қатысты әртүрлі радикалдық тұжырымдардың белгіленуі жағдайында азиялық ынтымақгастық аясындағы өңірлік бірлестіктің өзіндік моделін құру осынысымен де өте маңызды.
Халықаралық құқық кодексіндегі қалыптасқан бос кеңестік біздегідей ұйым аясында жинақталған эмпирикалық тәжірибелермен толықтырылуы тиіс. Ялта келісімінен кейінгі әлемнің кейбір құқықтық негіздері жол-жөнекей жүзеге асырылуы жағдайында бұл тіптен де маңызды. Мүмкін мұнымен келісуге де болмас, бірақ шындықты көрмеуге тағы да болмайды. Сөйтіп ШЫҰ-ның дамуы, бұл тек нақты бір прагматикалық жобаның жүзеге асуы ғана емес, сонымен қатар жедел өзгеріс үстіндегі жаһандық ортадағы мемлекетаралық қатынастарды реттеудің неғүрлым кажетті кұқықтық формуласы да.
Казақстан басшысы Н.Назарбаев өз сөзінде. — Шанхай ынтымақтастық ұйымы өз дамуының жаңа кезеңіне қадам басып отыр. Біздің мемлекеттеріміз оның құрылуының бастауында тұрды. Бүгін біз ұйым беделінің арткандығының қуәсіміз. Ташкентте болып өткен осының алдындағы ШЫҰ саммитінде Монғолияның ұйым байқаушысы мәртебесіне ие болғандығы өздеріңізге белгілі. Бүгін біз шағын құрамда кездесуде өздерінің өтініштер негізінде Пәкістан, Иран және Үңдістанға Шанхай ынтымақтастық ұйымы жанындағы бақылаушы мәртебесін беру жөнінде бірауыздан шешім қабылдадық./16/
Осындай шешім қабылдай отырып, біз бұл елдердің экономикалық және адами ресурстарын, олардың қазіргі замандық геосаясаттағы ықпалы мен салмағын ескердік.