Шанхай ынтымақтастық ұйымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2013 в 09:10, реферат

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылу тарихы мен оның даму барысы және мұнда Қазақстан Республикасының мүше болуы егменді еліміздің дипломатиялық тарихындағы ең маңызды мәселерлердің бірі болып отыр.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы тұрақты ұйым ретінде 2001 жылы 15 маусымда Шанхай қаласында Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттерінің өзара келісімімен құрылды. Оған мүше елдердің жер аумағы Еуразия кеңістігінің бестен үш бөлігін құрайды. Халқының саны- 1 миллиард 455 миллион адам. Яғни, жер шарын мекендеген адамзат қауымының тәрттен бір бөлігін қамтиды.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................2

І-Тарау.Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуының алғы шарттары................................................................................................................5

ІІ-Тарау. Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы орны мен рөлі.................................................................................................................29

ІІІ-Тарау. Шанхай ынтымақтастық ұйымға қатысу – қазақ мемлекеттілігін бекемдеу факторларының бірі............................................37

Қорытынды..........................................................................................................48

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................49

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-Қазақстанның-Шанхай-ынтымақтастық-ұйымындағы-орны.doc

— 352.50 Кб (Скачать файл)

ШЫҰ географиялық аясының кеңеюі ұйымның елеуетін нығайтуға ықпал ететіндігіне, аймақтағы көпжақты ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл әрекетіне қолайлы жағдай туғызатынына және катысып отырған Пәкістан, Иран және Үндістан басшыларын олардың мемлекеттері үшін өте маңызды оқиға — Шанхай ынтымақтастық ұйымының қасындағы байқаушы мәртебесіне ие болуы, барлық мемлекеттер басшыларына ұйымымызды дамыту ісіне қосқан үлестері мен қолдаулары, ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің халықтарының гүлденуі мен әл-ауқатының артуы жолында бұдан былай да ынтымақтастықпен жұмыс істейтіндігіне үміт артылады

Осы соңғы  саммите сөз алған мемлекет басшыларының, ұйым жұмысына қатысты өз елдерінің көзқарастарын білдірді. /17/

Мәселен, Қытай Халық Республикасының Тәрағасы Ху Цзиньтао өз сөзінде атап көрсеткеніндей, Монғолияның ізімен Шанхай ынтымақтастық ұйымына бақылаушы ретінде үш ірі елдің қосылуы ұйымның ашықтығынық, оның казіргі әлемге қажет болып отырғандығының маңызды дәлелінің бірі болды.

Саммитте кабылданған шешімге сөйкес, келесі кезеңде ШЫҰ-ға тәрағалық етуші болып сайланған Қытай елінің басшысы таяу уақыттағы жоспарлар жайында айта келе осының алдында және осы басқосу барысында қабылданған құжаттарды жүзеге асыруға бар күшін салатындығын ерекше атап кәрсетті. Оның сөзі бойынша, Шанхай ынтымақтастық ұйымы қатысушы елдердің практикалық іс-әрекеттерін күшейтуге бағытталған жаңа кезеңге аяқ басып отыр. Ұйым неғүрлым біріге түсті. Бұған қуанбауға болмайды. Өйткені, құрылым қызметінің басты мақсатының өзі мемле-кеттердің бір-біріне көмектесе отырып күшеюіне, бейбіт өмір мен тұрақтылық жағдайына өз экономикаларын дамытып, азаматтарының өмірін жақсаруына жетіу болып табылады. ШЫҰ — осы үрдісті қамтамасыз етудің сенімді құралы, деп атап кәрсетгі Ху Цзиньтао.

Қытай басқа елдердің саясатына араласпау ұстанымына берік тұр. Өңір халықтары өз елдерінің ерекшеліктеріне сайма-сай келетін даму жолын дербес таңдап алуға және өз өңірлеріндегі жағдайды ретке келтіруге қабілетті, деп мәлімдеген ҚХР Тәрағасы бұл мәселенің маңыздылығын бөле-жара айтты. Сөзінің соңын бұқаралық ақпарат құралдары елдеріне қарай бұрған Қытай лидері журналистерді ШЫҰ органдарымен белсенді байланыс орнатуға, саяси аренадағы жағымды бейнесі күннен күнге арта түскен құрылым қызметін жариялап отыруға шақырды.

Осындай ойды жалғастырған Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Шанхай ынтымақтастық ұйымының әлемнің көптеген елдері үшін тартылыс орталығына айналып келе жатқандығын атап керсетті. Осы ретте ол бірлестіктің адамзат қауымындағы қазіргі қатерлі шақыруларға қарсы ерекет ету рөлін ерекше атап өтті. Оның пікірі бойынша, қазіргі жағдайда кате-лердің алдын алу барған сайын өзекті мәнге ие болуда, ал бұл үрдіс ШЫҰ мүшелері, бейнелеп айтқанда, өз бақшаларын экстремизм мен лаңкестік тамырларын қырқа отырып "өндеуді" үйрене ала ма деген мәселеге тікелей байланысты болып отыр. Жоғарыдағы қатерлердің пайда болуының себептері халықтың тұрмысының төмендегімен, жұмыссыздықпен де байланысты. Ал бұл проблеманы шешу үшін ұйымның барлық мүше мемлекеттерінің бірлескен күш-жігері кажет.

Саммитте  бекітілген лаңкестікпен, сепаратизммен және экстремизммен күресте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ынтымақтастық тұжырымдамасы туралы айта келе, Ресей Президенті бұл құжаттың Өңірлік антитеррорлық кұрылым қызметіне неғүрлым нақтылық беруге тиіс екендігін атап кәрсетті. Мұның сыртында Орталық Азия мен ШЫҰ-ның бүкіл кеңістігінде тұрақтылық пен қауіпсіздікті неғүрлым толығырақ қамтамасыз ету үшін сыртқы саяси, экономикалық және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ бірлестікке мүше мемлекеттердің қорғаныс және арнаулы қызмет органдарының үйлесімді жұмысы Ресей басшысы ШЫҰ құрылымдары — Іскерлік кеңес пен өкметік қоғамдастықты дамытудың маңызды екендігіне тоқталды, оның пікірінше, жаңа қатерлер ен сынақтарға қарсы бағыталатын ақпараттық-насихаттық күйені құру ісімен де белсенді шұғылдану кажет.

Қырғыз Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Құрманбек Бакиев Шанхай ынтымақтастық ұйымының үлкен экономикалық әлеуетін тиімді пайдалану мәселелеріне тоқтала келе көлік, энергетика, экология саласындағы ынтымақтастықты атап өтті.

Тәжікстан басшысы Эмомали  Рахмоновтың пікірінше, ұйымға мүше әр елдің мүмкіндіктерін толығырақ пайдалану ШЫҰ жұмысын неғүрлым тиімді ете түскен болар еді. Мәселен, Тәжікстан су ресурстарына өте бай. дей тұрғанмен осы мол ресурстар болғаны үш пайызы ғана іске қаратылып отырғанын бетпе-бет келетін алдыңғы ептегі елдерге көмектің қажет екендігін де атап көрсетті.

Орталық Азиядағы жағдайдың күрделілігіне көбірек тоқталған Өзбекстан Президенті Ислам Каримов өңірде болып өткен жуықтағы оқиғалардың астарында сырттан таңылған үлкен стратегиялық жоспарлардың бар екендігін, мақсатқа жетуде діни ұйымдардың пайдаланылатындығын ауызға алды. Есірткі таралымына бақылаудың әлсіз екендігіне ренішін жасырмады.

Кеңейтілген мәжілісте сөз сұраған Шанхай ынтымақтыстық ұйымының хатшысы өзі басқарып отырған органның жұмысына тоқталып, Орталық Азия елдерінің тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі ниетіне қолдау білдіре келе осы өңірде лаңкестік қаупі күшейгендігін, онымен күресте неғүрлым терең де белсенді әрекет етудің қажеттігін атап көрсетті.

Соңғы уақыттары Монғолия экономикасында алға басу жағдайы айқын сезіліп отыр. Өткен жылы бұл елде ішкі жалпы өнім көлемі айтарлықтай ұлғайды. Осы мәселеге тоқталып, өз елінің жағдайымен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларын хабардар еткен Монғолияның жаңа Президенті Намбарын Энхбаяр Шанхай ынтымақтастық ұйымына өте жедел дамып келе жатқан кұрылым ретінде баға берді.

Сондай-ақ Пәкстан Республикасының Премьер-министрі Шаукат Азиз, Иран Ислам Республикасының Бірінші вице-президенті Мохаммад Реза Ареф, Үндістан Республикасы Сыртқы істер министрі К.Натвар Сингх ШЫҰ қызметіне жоғары баға бере келе осы ұйым аясында жұмыс істеу өз елдерінің әлеуетін аша түсетіндігін ауызға алды.

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшы-ларының Астана басқосуында жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті, бейбітшілік пен тұрақтылықгы қамтамасыз етудің, пайда болған жаңа қатерлерге қарсы тұру мен олардың алдын алудың өзекті мәселелері талқыланып, ұйым аясында ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өзара бірлесіп әрекет етуін нығайтудың мүмкіндіктері карастырылды./18/

Басқосу соңында  мемлекет басшылары төмендегідей құжаттарға қол қойды

  1. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының декларациясы;
  2. "Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің лаңкестікпен, сепаратизммен және экстремизммен күрестегі ынты-мақтастық тұжырымдамасын бекіту туралы" ШЫҰ-ға мүше мем-лекеттер басшыларының шешімі;
  3. "Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Лаңкестікке қарсы өңірлік құрылымы қасындағы тұрақты өкілдіктері туралы ережені бекіту туралы" ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас-шыларының шешімі;
  4. "Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңірлік антитеррорлық кұрылымы кеңесінің 2004 жылғы жұмысы женіндегі баяндамасын бекіту туралы" ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының шешімі./19/

Сонымен қатар  осы мәжіліс қорытындысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының шешімімен Пәкстан Ислам Респуб-ликасына, Иран Ислам Республикасына, Үндістан Республикасына Шанхай ынтымақтастық ұйымы жанындағы бақылаушы мәртебесі берілді.

Жоғары деңгейдегі кездесуді өткізгеннен кейін мемлекет басшьшары оның жұмысын жариялауға жиналған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін қабыдданған шешімдер мен ұйымның алдағы жұмыстары жөнінде хабардар етті.

Баспасөз  мәслихатында бірінші болып сез алған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы мәжілісте мұнан кейінгі кезеңде ұйымға төрағалық жасау кезегі ауыспалы тәртіп бойынша Қытай Халық Республикасына тигендігін мәлімдеп, ҚХР Тәрағасы Ху Цзиньтаоның осы қызметімен құттықтады. демек, кезекті басқосу Қытай жерінде өткізілуі тиіс.

— Ұйымға үш бірдей ірі мемлекет бақылаушы мәртебесімен қосылып отыр. Сөйтіп, біз енді халқының саны жағынан бүкіл әлем халқының жартысын құрайтын үлкен ұйымға айналдық. Мұның өзі ШЫҰ беделінің жедел өсу үстінде екендігін, аз жылдың ішінде үлкен болағанағы бар ұйымға айналғандығын көрсетсе керек, деді Елбасы./20/

ШЫҰ мүше мемлекеттер  басшыларының декларациясы

Мемлекет басшыларының Ташкентте 2004 жылы 17 маусымдағы кездесуінен кейінгі өткен кезеңде сол кездегі ШЫҰ-ны одан әрі дамыту және нығайту мақстатында алға қойылған барлық міндеттер іс жүзінде орындалды. Ұйым мүше мемлекетттердің көп жақты ынтымақтастығын өрістету жолымен алға қарай нық басып, және басқа халықаралық ұйымдармен және елдермен өзара ықпалдастыққа белсенді қосылып отыр.

ШЫҰ-ның 2004жылдан бастап жұмысқа кіріскен тұрақты әрекет ететін органдары  – Пекиндегі Хатшылық және Ташкенттегі  Өңірлік антитерролық құрылым (ӨАТҚ)- Ұйымның үздіксіз қызметін қамтамасыз ететін ықпалды ұжымдық құралдарға айналуда. ӨАТҚ-ның басшы органы –Кеңестің өсе түсуге тиісті маңызды рөлі атап өтілді./21/

ШЫҰ-ның, оның барлық органдары мен  тетіктері жұмысының тиімділігі мен үйлесімділігін арттыру мақсатында мемлекеттер басшылары 2006 жылғы жоғары деңгейдегі кездесуге Ұлттық үйлестірушілер кеңесі Хатшылықтың рөлін күшейту жөнінде және оның жетекшісінің лауазымын ШЫҰ бас хатшысы деп өзгерту туралы ұсыныстар әзірлейді деп уағдаласты.

Мемлекеттер басшылары ШЫҰ-ға мүше мемлекетттер қауіпсіздік кеңестері мен хатшыларының 2005 жылғы  2 маусымда Астанда болған екінші кездесуінің барысында қол жеткен уағдаластықтарды іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдаудың маңызын атап өтті.

ӨАТҚ-ға Терроризммен, сепаратизммен және экстремизммен күрес туралы Шанхай конвенциясын іске асыруда жәрдем кәрсету үшін мемлекеттер басшылары Хатшылық жанынан мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдері қызмет етіп келе жатқан қағидаларға сәйкес негізде мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдері институтын белгілеуге келісті./22/

Мемлекет басшылары саммит барысында  қабылданған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің терроризммен, сепаратизммен және экстремизммен  күрестегі ынтымақтастық айқындамасы  мұндай ынтымақтастықтың тиімділігін  арттыруға, ӨАТҚ қызметіне бұрынғыдан нақты мақсаткерлік сипат беруге мүмкіндік тұғызатына сенім білдіреді.

Мемлекеттер басшылары 2005 жылғы күзде  Мәскеуде болған үкімет басшылары (премьер  –министрлер) кеңесінің мәжілісі 2004 жылғы қыркүйекте Бішкекте қабылданған  ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің көп жақты сауда экономикалық ынтымақтастығы бағдарламасын орындау жөніндегі шаралар жоспарын іске асыруға, сыртқы экономикалық және сыртқы сауда қызметі, көлік, қоршаған ортаны қорғау, төтенше ахуалдарды жою, мәдениет пен білім беру үшін жауап беретін министрліктер мен ведмоствалар жүйелері бойынша өзара ықпалдастықты практикалық арнаға көшіруге нақты серпін беретінін, сондай-ақ ШЫҰ- ның ұтымды қаржы бюджет саясатын бекітетінін негізге алады. Ұйым аясында интеграциялық үрдістерді ынталандырудың жаңа ресурсы қалыптасуы қорытынды кезеңге көшкен ШЫҰ-ның Іскерлік кеңесі болуы тиіс.Тараптар келісілген қағидаттар негізінде ШЫҰ-ның Даму қорын құруды жеделдетеді. Сонымен бірге тараптар өңірлік ынтымақтастық жобаларын жүзеге асыруға қаржылай қолдау кәрсету мақстында банкаралық өзара ықпалдастықты күшейтуге келісті./23/

Сыртқы істер министрлерінің кеңесі атқарған зор да сындарлы жұмыстарды атап өте отырып, мемлекеттер басшылары халықаралық тақырып бойынша сабағаттасудың іске қосылған тетігінің нақпа-нақ қызмет етуінің маңызын атап кәрсетеді. Олар сондай-ақ ШЫҰ-ның ойластырылған және мақсатты халықаралық байланыстарын дамытуды қамтамасыз ету міндетін өзекті деп санайды. Мұндай мәселелерді қағидаттық тұрғыда  сыртқы істер министрлерінің шешкені, ал ШЫҰ-ның тұрақты әрекет ететін органдарының мұндай байланысын ағымды тұрғыда үйлестіруді ӨАТҚ Кеңесімен өзара ықпалдаса отырып, Ұлттық үйлестірушілер кеңесі жүзеге асырғаны жөн.

Мемлекеттер басшылары ШЫҰ-ның  жанындағы бақылаушы мәретебесінің  Пәкістанға, Иран мен Үндістанға берілуі ұйымның түрлі бағыттар бойынша көп жақты және өзара тиімді ынтымақтастығын дамыту мүмкіндігін кеңейте түсетініне сенім білдіреді.

2004 жылғы желтоқсанда ұйымға  БҰҰ Бас Ассамблеясының жанындағы  бақылаушы мәртебесінің берілуі, 2005 жылғы сәуірде ШЫҰ мен АСЕАН, ШЫҰ мен ТМД араларындағы өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылуы ШЫҰ-ның әлемдік аренадағы өсе түскен беделінің маңызды кәрсеткіштері болып табылады.

Таяудағы уақытта Ұлттық үйлестірушілер кеңесі Хатшылықпен және ӨАТҚ-мен бірлесе отырып ШЫҰ БҰҰ-ның Хатшылығымен, оның Коммисияларымен және Коммитеттерімен байланыстарды барынша мол қайтарымммен дамыта алуы, басқа халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық туралы қол қойылған құжаттарды іске асыра алуы, теңдік және өзара құрмет негізінде өңірлік бірлестіктермен және форумдармен, сондай-ақ мүдделі мемлекеттермен байланыс орната алуы үшін ортақ көзқарастарды талдап жасауы керек.

Мемлекеттер басшылары жаһанданудың қарама-қайшылықты үрдісі жағдайында баршаға ортақ бейбітшілік пен  қауіпсіздікті сақтауға тең құқылы және өзара құрмет,егемен елдердің ішкі істеріне қол сұқпаушылық, егестік емес тұрғыфда ойлау, халықаралық қатынастарды демократияландыру жағына қарай дәйектілікпен жүру қағидаттары негізіндегі көпжақты ынтымақтастық жәрдемдесетінін атап өтеді және идеологияларындағы жіне қоғамдық құрылымдағы өзгешеліктеге қарамастан, халықаралық қоғамдастықты өзара сенімге, өзара тиімділікке, теңдік пен өзара ықпалдастыққа негізделген қауіпсіздіктің жаңа тұжырымдамасын қалыптастыруға шақырады.

Әлемдегі мәдениеттер мен әркениеттердің сан-алуандылығы- адамзатқа ортақ құндылық. Ақпараттық технологиялар мен коммуникациялардың қауырт өсуі дәуірінде бұл өзара мүдделілікке, көзқарастар мен баға берудегі шығанданушылықтан арылуға, диалогты дамытуға ынталандыруға тиіс. Әр халықтың өз даму жолына деген құқығы толық мәнінде қамтамасыз етілуі тиіс./24/

Мемлекеттер басшылары  ұтымда да әділ дүние тәртібі өзара  сенім мен тату кәршілікті нығайтуға, халықаралық істердегі монополия мен өктемдікке иек артусыз шынайы әріптестік қатынастарды орнатуға негізделуі тиіс екеніне сенімді. Мұндай тәртіп халықаралыққұқық қағидаттары  мен нормаларының, ең алдымен, БҰҰ Жарғысының үстемдігіне неғұрлым нық арқа сүйеген сайын соғұрлым тұрақты қауіпсіз болады. Адам құқығы саласында әр халықтың тарихи дәстүрлері мен ұлттық ерекшеліктерін, барлық мемлекеттердің егемендік теңдігін қатаңда дәйекті түрде құрметтеу қажет.

Информация о работе Шанхай ынтымақтастық ұйымы