Шанхай ынтымақтастық ұйымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2013 в 09:10, реферат

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылу тарихы мен оның даму барысы және мұнда Қазақстан Республикасының мүше болуы егменді еліміздің дипломатиялық тарихындағы ең маңызды мәселерлердің бірі болып отыр.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы тұрақты ұйым ретінде 2001 жылы 15 маусымда Шанхай қаласында Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттерінің өзара келісімімен құрылды. Оған мүше елдердің жер аумағы Еуразия кеңістігінің бестен үш бөлігін құрайды. Халқының саны- 1 миллиард 455 миллион адам. Яғни, жер шарын мекендеген адамзат қауымының тәрттен бір бөлігін қамтиды.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................2

І-Тарау.Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуының алғы шарттары................................................................................................................5

ІІ-Тарау. Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы орны мен рөлі.................................................................................................................29

ІІІ-Тарау. Шанхай ынтымақтастық ұйымға қатысу – қазақ мемлекеттілігін бекемдеу факторларының бірі............................................37

Қорытынды..........................................................................................................48

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................49

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-Қазақстанның-Шанхай-ынтымақтастық-ұйымындағы-орны.doc

— 352.50 Кб (Скачать файл)

ШЫҰ-ның ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕС, АЙ-МАҚТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ, ГУМАНИТАРЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРДЫ ШЕШУ, ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ, ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МЕН ЗАРДАПТАРЫҢ ЖОЮ БАСЫМДЫҚТАРЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ, АҚШ-ты ҚОСА АЛҒАНДА, БАТЬІС ЕЛДЕРІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНА ЕШ ҚАЙШЫ КЕЛМЕЙДІ.

Қазақстан өркениетті қоғамның халықаралық лаңкестікке карсы күш-жігеріне қосылды. Еліміз аталған қатерді ауыздықтауға бағытталған нақты ұсыныстарын тұрақты түрде енгізіп келеді.

Орталық Азия ынтымақтастығы ұйымы шеңберіңде заңсыз лаңкестік ұйымдардың тізімін жасау жөніндегі ынтымақтастық жұмыстары төтенше көкейкесті болып табылады. Өйткені, бұл шара халықаралық лаңкестікке қарсы күресте біртұтас саясат ұстануға мүмкіндік береді. Осы бағыттағы жұмыс еліміз ішінде белсенді жүргізіле бастады. Мысалы, Жоғарғы Сот 11 лаңкестік ұйымды заңсыз деп жариялады./31/

Қазақстанның ШЫҰ-ға діни экстремизмді таратуға қарсы іс-қимыл жасайтын ұйым ретінде қатысуы еліміздің конфессияаралық келісімді бекемдеуге бағытталған басымдықтарына толықтай сейкес келеді.

Астанада  өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі Қазақстанның халықаралық беделі мен бітімгершілік әлеуеті артып келе жатқанының айқын кәрінісі болды. Аталған жаһандық проблеманы шешудің жолын іздестіру дінаралык және конфессияаралық диалогты әлемдік ауқымда одан әрі дамытып, жалғастыруға міндеттейді.

ШЫҰ қылмысқа, есірткі тасымалына, заңсыз миграцияға, адам саудасына қарсы күресті негізгі мақсаттарының бірі санаса, Қазақстан БҰҰ-мен, басқа да халықаралық ұйымдармен көпжақты және екіжақты форматта ынтымақтасып келеді.

Қорытындысында  Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен ықпалдастығы да ШЫҰ басымдықтарына қайшы келмейтіндігін айта кетейік.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2001 жылдың маусымында Шанхайда өткен Мемлекет басшыларының саммитінде ұйымның өзге де аймақтық құрылымдармен ынтымақтастық форматын айқындаудың көкейкестілігін ерекше атаған болатын.

Меселен, Орталық  Азия мемлекетгерінің ұлттық қауіпсіздігі бүкіл Орталық Азия аймағы қауіпсіздігінің ажырамас бөлшегі болып табылады. Мұны сонымен қатар Орталык Еуразия қауіпсіздігінің құрамдас бөлшегі ретінде қарастырған жөн. Орталық Еуразиялық қауіпсіздік қауіпсіздіктің жаһандық жүйесіне де енеді.

Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан АӨСШК, ҰҚШҰ, ШЫҰ, ОАЫҰ, ЕурАзЭҚ, т.б. ұйымдарды қауіпсіздіктің "көпдеңгейлі" құралы ретінде қарастырады. Бірақ мұнда барынша тиімділікке жету үшін аймақтық қауіпсіздіктің барлық деңгейдегі жүйесін үйлестіру қажет.

Бұған қоса, Қазақстан ШЫҰ иелік ететін бірқатар басымдықтарды қаперге алады. Мысалы, ШЫҰ-да, өзге интеграциялық бірлестіктермен салыстырғанда, (ТМД, ЕурАзЭҚ, т.б.), қандай да бір мемлекет үстемдік құрмайды. Бұл Шанхай үрдісіне катысатын барлық мемлекеттерді ұйымға кіретін барлық елдердің мүддесі қаперге алынатын өзара қолжетімді шешімдер іздеуге итермелейді. Бұл Қазақстанға да өзінің рөлі мен беделі артуын пайдалана отырып, өз мүдделерін жылжыту үшін барынша үлкен маневрлар жасауға мүмкіндік туғызады.

Осылайша, Қазақстанның ШЫҰ-ға қатысуы оның ұлттық мүдделерімен толық сәйкес келеді. Оның үстіне, бұл елдің тұтастай алғанда аймақтық және әлемдік тұрғыдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында маңызды бағыттарды жүзеге асыруға оң ықпал етеді.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев ШЫҰ қызметінде елдің сыртқы саяси бағытын жүргізу үшін барынша тиімді форматқа қол жеткізді. Сондай-ақ, Қазақстанның басқа да сыртқы саяси ынтымақтастық институттарымен қарама-кайшылығы болмау жағын ескерді./32/

ШЬІҰ қызметіне қатысу Қазақстанға бірінші кезекте аймақтағы басқа елдермен тең құқықты диалог және ынтымақтастық арқылы өз қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ-Тарау. Шанхай ынтымақтастық ұйымға қатысу - қазақ мемлекеттілігін бекемдеу факторларының бірі.

 

Халықаралық кауіпсіздік жүйесі әлемдік саясаттың тоқтаусыз және тиімді қызметін қамтамасыз ету үшін қажет. Басқаша айтқанда, қатысушы мемлекеттер басым көпшілігінің мүдделерін жүзеге асыру үшін халықаралық ортадағы тұрақтылықта ұстау үшін керек.

Халықаралық қоғамдастық тарапынан жаңа халықаралық жүйе қалыптастыру қажеттігі мойындалғанымен, бүгінгі күн шындығына пара-пар прогресс байқалмай отыр. Бірінші кезекте мұны қауіпсіздік мәселелеріндегі көп қырлы проблемаларды шешуде бір ізділіктің жоқтығымен байланыстырған жөн. Осының салдарынан ұжымдық қауіпсіздік жүйесі күрт әлсіреп кетті деуге негіз бар.

Қалыптасып отырған бүгінгі жағдайда кейбір мемлекеттер өзінің қауіпсіздігін және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды өз мойнына алуға мәжбүр. Бұл жерде мемлекеттерде пайда болатын қатерлер мен олардың жолын кесу туралы ұстанымдарында тек өздерінің ғана түйсіктеріне арқа сүйейді.

Жоғарыда  айтылғандарға байланысты тарқатып айтар болсақ, халықаралық қатынастар жүйесі айтарлықтай әрі түбірінен трансформацияланған кезеңде тәуелсіздігін алған Қазақстан үшін әлемдік дамудың жағалауында қалып қоймау өз алдына, сондай-ақ аймақтық және халықаралық қауіпсіздік мәселелерінде тұрақтандырушы факторға ие болудың маңызы зор еді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның қауіпсіздік жүйесі аймақтық және планетарлық кауіпсіздіктің құрамдас бөлігі болуы тиіс екенін нақты айқындап берді./33/

Осы тұрғыдан келгенде Қазақстан үшін Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысудың маңызы орасан.

ШЫҰ - Қазақстан сыртқы саясатының басым бағытында  біздің мемлекетіміз ШЫҰ-ға үлкен маңыз береді әрі өзінің ұйымның қалыптасуын ұйымдастыруға қатысуын басым міндет санайды. Басқаша айтқанда, ШЫҰ Қазақстанның сыртқы саясатында аса маңызды орын алады

ШЫҰ — мемлекеттердің ұжымдық қауіпсіздік мәселелерін бірігіп шешуге деген ұмтылыстан туындаған ұйым. Сонымен қатар, саяси, экономикалық және медени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелеріндегі бірлескен іс-қимылдар да аталған ұйымға қатысы бар ауқымды салалар болып табылады.

Таратып айтар болсақ, ШЫҰ-ның негізгі міндеттері мен мақсаттары мыналар:

  • мүше мемлекеттер арасында өзара сенімді, достықты және тату көршілікті нығайту;
  • аймақта бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты бекемдеу және көп қырлы ынтымақтастықты қолдау;

лаңкестікке, сепаратизм мен экстремизмге, есірткі мен қару-жарақтың зансыз айналымына. Трансұлттық қылымыстың басқа да түрлеріне, ШЫҰ қызметінің тиімділігін арттыру миграцияға қарсы бірлескен іс-қимыл таныту;

  • саяси, сауда-экономикалық, қорғаныс, кұқық қорғау, табиғат қорғау, мәдениет, ғылыми-техникалық, білім беру, энергетикалық, көліктік, несие-қаржылық және басқа да салаларда ортақ мүдде туындататын аймақтық ынтымактастықты тиімді ынталандыру;
  • жан-жақты және тең деңгейдегі экономикалық өсімге, әлеуметгік және мәдени дамуға оң ықпал ету;

— әлемдік экономикаға интеграциялану қадамдарын үйлестіру;

  • мүше мемлекеттер мен олардың Ұлттық заңдылықтарына және елдердің халықаралық міндеттемелеріне сөйкес адамның құқы мен негізгі бостандықтарын қамтамасыз ету;
  • өзге мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қарым-катынас калыптастыру әрі дамыту;
  • халықаралық жанжалдардың алдын алу мен оларды бейбіт реттеуде өзара іс-қимыл жасау;
  • XXI ғасырда пайда болатын проблемаларды шешудің кілтін бірлесіп іздеу;/34/

ШЫҰ құрылуы принциптік тұрғыдан жаңа субаймақтық ынтымақгастық жүйесін калыптастыруға негіз қалады. Ұйым жарғысына сәйкес, мүше алты мемлекеттің қатарына басқа мемлекеттердің де қосылуына мүмкіндік қарастырылған. Осы тұрғыдан келгенде жаңа ұйым қызметінің ашықтық сипаты перспективалық маңызға ие.

Бүгінгі күнде  ШЬІҰ бірқатар маңызды мәселелерді шешуге мұрындық болды: атап айтқанда, мүше мемлекеттер арасындағы белгісіздік пен түсініксіздік проблемалары күн тәртібінен түсті, шекаралық мәселелер шешілді, қарым-қатынасты тұрақты талқылайтын форум құрылды.

Сенім шаралары туралы уағдаластық пен шекара аудандарында қарулы күштерді қысқарту әлемдік тәжірибеде теңдессіз оқиға болып табылады. Бұл уағдаластықтар әлемдіқ қоғамдастықта үлкен резонанс туғызды. Қытайдың Қазақстанмен, Қырғызстанмен, Ресеймен және Тәжікстанмен шекарасы аймағында сенім шараларын бекемдеу және Қарулы күштерді қыскарту жөніндегі келіссөздер барысы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау процестерімен, сондай-ақ талас туғызатын аудандарға қатысты проблемаларды шешумен тығыз байланысты болды. Осылайша көп қырлы келісімге келу екіжақты Қазақстан-Қытай шекара проблемасын реттеуге жағдай туғызды.

1999 жылы Қарулы  күштерді қысқарту туралы келісім күшіне енгеннен кейін оған қатысушылар 100 шақырымдық географиялық аймақтағы жеке құрам, қарулану, әскери техника туралы ресми ақпараттар алмасуды жүзеге асырды.

Мұндай акция  Азия дипломатиясының практикасында болып көрген емес. Мұның Қазақстан үшін маңызы аса зор еді. Өйткені, әңгіме Қытай жағының шекара ауданындағы мөлдірлігі туралы болатын. Қорытындысында аталған келісімдер шекараласатын елдерге қауіпсіздікке қатысты мәселелердің кең ауқымын талқылауға мүмкіндік берді.

Тараптар  сол кезде, яғни "Шанхай бестігі" болып тұрған тұста жағдайға аталған аймақ ақиқаты тұрғысынан келіп, қауіпсіздік мәселелері бойынша екіжақты және көпжақгы консультациялар алмасуды белсенді жүргізуге бекем бел буды. Олар жалпыға ортақ бейбітшілік пен XXI ғасырда өркендеу үшін жаңа әділетті де тиімді халықаралық саяси және экономикалық тәртіп орнату кажет деп мәлімдеді. /35/

Ұйымға мүше мемлекеттердің пікірлерінше, көп-қырлылық казіргі дүние дамуының ортақ тенденциясы болып табыла отырып, халықаралық жағдайдың ұзақ мерзімді тұрақтылығына оң ықпал етеді. Тараптар тату көршілік, достық және ынтымақтастық қарым-қатынасты бүкіл Еуразия құрлығында тұрақты жұмыс істейтін қауіпсіздік және даму үрдісіне айналдыруға дайын екендіктерін керсетті.

Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымына үлкен маңыз береді әрі оған қатысуды өзінің сыртқы саясатындағы басты міндеттерінің бірі санайды. Өйткені, ШЫҰ мүше мемлекеттердің барлығы теңдей дережеде күш-жігер танытқан жағдайда аймақтық және жаһандық кауіпсіздікті қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қосуға қабілетті құрылым деп біледі.

Сондай-ақ ШЫҰ, Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, көпқырлы сауда-экономикалық ынтымақтастық пен гуманитарлық байланыстарды дамытуда үлкен әлеуетке ие. Оның үстіне "алтылық" орналасқан аймақтағы геосаяси ахуал бірінші кезекте көлік әлеуетін пайдалануда тиімділігімен ерекшеленеді.

Бүгінде ІІІЫҰ кең әлемді халықаралық ынтымақтастыққа бағдарланған ашық ұйым ретінде танылып отыр. Сондықтан оның кұрамы кеңеюіне мүмкіндік мол. Осы себепті, қайталап айтайық, Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымына ерекше маңыз береді. Біздің еліміз ШЫҰ шеңберіндегі мемлекеттермен ынтымақтастығын аймақтық интеграцияның тиімді құралы ретінде бағалай отырып, өзінің сыртқы саясатындағы басымдықтардың бірі ретінде қарастырады.

  1. жылдың 14 қыркүйегінде Алматыда алты мемлекет басшыларының алғашқы кездесуі болып, онда аймақтық экономикалық ынтымақтастық мәселелері туралы әңгіме қозғалды. Қорытындысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үкіметтері арасындағы меморандумға қол қойылды. Құжатта аймақтық экономикалық ынтымақтастықтың негізгі міндеттері мен бағыттары айқындалған./36/
  2. жылы алты мемлекет тиісінше сауда-экономикалық ведомстволар басшыларының және көлік министрлерінің кеңесін құрды. Бұл кеңес сауда-саттық, инвестиция, көлік, энергетика, т.б. салалардағы іскерлік ынтымақтастықты орнату жолдарын іздестіру мақсатында қажет болды.

2003 жылдың 23 қыркүйегінде өткен алты мемлекеттің үкімет басшыларының Пекиндегі кездесуінде экономикалық ынтымақтастықты интенсивтендіру жөнінде стратегиялық шешім қабылданды. Осыған байланысты ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің көпқырлы сауда-экономикалық ынтымақтастығы бағдарламасына қол қойылып, бүгінгі күн мен перспективаларды көздейтін ұзақ мерзімді экономикалық қарым-қатынастарға іргетас каланды және бағдарламаның негізгі міндеттері мен оны жүзеге асырудың тетіктері карастырылды.

2004 жылдың 23 қыркүйегінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер сауда-экономикалық ынтымақтастығы бағдарламасының орындалуы бойынша шаралар жоспарына қол қойылды.

Ұйым беделінің артып келе жатқанына ШЫҰ-ға қосылуға тілек білдіруші елдер қатарының толастамай отырғаны айғақ бола алады. Мәселен, Монғолия 2004 жылғы маусымда өткен Ташкент саммиті барысында, бақылаушы ел мәртебесіне ие болды. Ұйымға қосылғысы келетінін Пәкстан ресми түрде жариялады. Мұндай қызығушылық Ауғанстан, Үндістан, Түркия, Иран, ЕО, АСЕАН және ТМД елдері тараптарынан байқалып отыр. Жағдайдың бұлайша бағыт алуы табиғи көрінеді, өйткені, ШЫҰ-ның негізгі идеяларын жүзеге асыру бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Осы жерде Қазақстанның аталған ұйым жобаларының барлығына бірдей белсенді қатысқанын да айта кеткеннің артықтығы жоқ.ШЫҰ-нің тиімділігін арттыру үшін бірінші кезекте әскери ынтымақтастықтың нормативтік құқықтық базасын жетілдіруге қатысты.

Сондай-ақ халықаралык  лаңкестіктің кең көлемдегі көріністеріне қарсы тетіктер қарастырудың маңызы зор. Халықаралық лаңкестікке қарсы тұруда әскери органдардың дайындығы мен біріккен міндеттер үйлесімділігінің де алатын орны ерекше. ШЫҰ-ға, қатысу сонымен қатар Қазақстанның геосаяси позициясын нығайту үшін де аса қажет.

Талас туғызған аумақтық мәселелердің реттелуі, шекара ауданында қарулы күштерді жоспарлы түрде және мөлдірлік түрғысынан қысқарту, өзара пайдалы негіздегі сауда-экономикалық ынтымақтастық аймақтан әскери-саяси ұстанымдардың оңға өзгеруіне айтарлықтай ықпал етті.-

Осылайша  Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге деген ұмтылыс бүкіл мүдделі елдердің біріккен күш-жігерін үйлестіруді талап етеді. Мұнсыз қазіргі қатерлерге қарсы тұру мүмкін емес. Осыған орай, Қазақстанның ШЫҰ-ға қатысуы, сондай-ақ АҚШ-пен және НАТО-ның басқа да елдерімен әскери саладағы ынтымақтастықты кеңейтуі қауіпсіздікке катер төнетін тұста қосымша әскери-саяси ресурстарды тартуға мүмкіндік береді.

Шанхай ынтымақтастығы үрдісіне Қытай мен Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан арасындағы шекара аудандарында сенім мен әскери күштерді қысқартуға ұмтылыс негіз калады десек, ақиқаттан тым алшақ кетпейміз. 1996-1997 жылдары бес мемлекет басшысы тиісінше Шанхайда және Мәскеуде "Шекара ауданында әскери салада сенімді нығайту туралы келісімге" және "Шекара ауданында әскери күштерді өзара қысқарту туралы келісімге" қол қойды./37/

Информация о работе Шанхай ынтымақтастық ұйымы