Шанхай ынтымақтастық ұйымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2013 в 09:10, реферат

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылу тарихы мен оның даму барысы және мұнда Қазақстан Республикасының мүше болуы егменді еліміздің дипломатиялық тарихындағы ең маңызды мәселерлердің бірі болып отыр.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы тұрақты ұйым ретінде 2001 жылы 15 маусымда Шанхай қаласында Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттерінің өзара келісімімен құрылды. Оған мүше елдердің жер аумағы Еуразия кеңістігінің бестен үш бөлігін құрайды. Халқының саны- 1 миллиард 455 миллион адам. Яғни, жер шарын мекендеген адамзат қауымының тәрттен бір бөлігін қамтиды.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................2

І-Тарау.Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуының алғы шарттары................................................................................................................5

ІІ-Тарау. Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы орны мен рөлі.................................................................................................................29

ІІІ-Тарау. Шанхай ынтымақтастық ұйымға қатысу – қазақ мемлекеттілігін бекемдеу факторларының бірі............................................37

Қорытынды..........................................................................................................48

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................49

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-Қазақстанның-Шанхай-ынтымақтастық-ұйымындағы-орны.doc

— 352.50 Кб (Скачать файл)

Осыдан кейін  тұрақты кездесулер тетігі табылғандай болды. Басқосулар бес мемлекеттің аумағында рет-ретімен ұйымдастырылды. Уақыт өткен сайын талқыланатын тақырыптар ауқымы кеңейіп, елдердің бір-біріне деген сенімі күшейе түсті. Атап айтқанда, саясат, қәуіпсіздік, сыртқы байланыс, экономика және сауда салаларындағы өзара пайдалы негіздегі ынтымақтастыкқа ден қойылды.

1998 жылғы Алматы  саммитінде Қазақстан Президенті ШЫҰ-ға мүше мемлекетгер арасындағы интеграцияның сауда-экономикалық бағытын жеделдету мақсатында үкімет басшыларының кездесуін ұйымдастыруды ұсынды. Мұндай кездесу алғаш рет 2001 жылы Қазақстанда өтті. Ал екі жылдан соң Пекинде үкімет басшылары көпқырлы сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды./38/

2003 жылдың тамызында Қазақстан мен Қытай аумағында өзара іс-қимыл тарихында тұңғыш рет бірлескен антитеррорлық жаттығулар өткізілді.

Қазақстан мен  Қытай күш біріктірген сайын аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылыкты қамтамасыз етудегі іс-қамыл тетіктері оңтайлана түскен сипат ала бастады. Сонымен бірге, ұйымға қатысушы мемлекеттер саны ғана артып қоймай, күн тәртібі бойынша талқыланатын мәселелер ауқымы да кеңейіп келеді. ШЬІҰ-ның беделді халықаралык ұйым ретінде неғүрлым тез калыптасуы Қазақстан Республикасы сыртқы саясатындағы стратегаялық басымдықгардың бірі болып табылады.

ШЫҰ-ға мүше барлық мемлекеттер бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жасампаздықпен белсенді жұмыс жүргізген жағдайда Ұйым аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде үлкен салмаққа ие бола алады және ие болуы тиіс. Бұған ШЫҰ-ның әлеуеті әбден жетеді.

Әрі қарай, яғни институтталу үрдісін жүзеге асырғаннан кейін ШЫҰ аса маңызды міндеттерді — Ұйым шеңберіндегі тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз етуді жүзеге асыруға кірісуі тиіс. Бұл қазіргі дүние жағдайында ШЫҰ-ның тиімділігі мен пайдасын көрсету үшін қажет.

Осы тұрғыдан алғанда мына екі негізгі міндетті бөліп қарастырған жөн.

Біріншіден, мүше елдер кеңістігіңдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Екіншіден, тиімді көпжақты- экономикалық ынтымақтастықты дамыту.

Осы міндеттерді  жүзеге асыру Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының Астанадағы мерейтойлы 10-шы саммитінде қарастырылды.

Жер шары халықтарының үштен бірін топтастырған елдер басшылары- бүкіл әлем құлақ түріп отырған мұндай басқосу жиынын өткізу де екі елдің бірлескен іс-қимыл нәтижесінде елдеріміздің эконмикасы мен халықтарымыздың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірнеше келісім-шарттарға қол қойды. Күні ертең біздің қатысуымызбен тағы біраз құжатка және қол қойылады дей келіп, айта кететін жәйт, 2004 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 7,65 млрд. АҚШ долларын құраған еді. Бұл 2003 жылғымен салыстырғанда 46,2 пайызға артық. Соның 2,83 млрд. доллары Қазақстаннан шығарылған тауарлар құны болса, импорттың көлемі 4,81 млрд. долларды құрады./39/

Әрине, кейбір мәселелерде, мәселен, қуат көздерін тасымалдаудағы транзиттік тарифтерді үйлестіруде талқылауды керек ететін тұстар бар. Бірақ бұлардың түсіністікпен шешілетіндігі даусыз. Ал мәдени-гуманитарлық байланыстарда біз толық түсіністіктеміз. Бұл саладағы Қазақстанның бастамаларын толық қолдаймыз дегенде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің зиялы қауым өкілдері араласын арттыра беру мақсатымен келесі жылды "Қазақстанда - Пушкин, Ресейде -Абай жылы" деп жариялау туралы ұсынысы бар екенін айтып қалды. Бұдан кейін Елбасы әңгіме ауылын Ертіс өзенінің экологиялық проблемасына аударды.

Қазақстан Президентінің  екіжақты кездесулерде екінші болып қабылдаған адамы Үндістан Республикасының Сыртқы істер министрі Натвар Сингх мырза болды. ШЫҰ саммитіне бақылаушы ретінде катысқан Үндістан өкілі салған жерден өзінің Қазақстан астанасы құрылысының қарқынына таң қалғанын жеткізді. Оның үстіне, деді ол өзінің сөзінде, мен Қазақстанға келген бойда қара дауыл, артынан бұршақты нөсерді көрдім, бірақ соның артынан жарқырап күн шығып, жарты-ақ сағатта жуылып өткен қала аспанында бұрын ешқайда көрмеген әлемет кемпірқосақ өрнек салды. Ақыл-ой жүйесі мен философиясы тылсым табиғатпен ежелден үндесе дамыған ел өкілінің көрген суреттері арқылы нені жұмбақтап отырғанын бірден шешкен Президент: Сіз бізге жиі келіл тұрыңыз, біз сізді келген сайын таң қалдыруға дайынбыз, деген ұтымды әзілмен жауап берді.

Үстіміздегі жылдың 8-ші мамырында Мәскеу каласында сіздің елдің Премьер-Министрімен кездесіп, Қазақстанның энергетикасы мен мұнай-газ өнімдеріне мүдделілік бар екендігін білдім, деп бастады өзінің ресми сезін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Өз басым Үндістан капиталының біздің елдің экономикасына қызу араласқанын қалаймын. Алдағы уақыттарда өткізілетін тендерлерге біз сіздің компанияларды шақырамыз және олардың белсендірек болғанын тілейміз. Олар біздің тарапымыздан қолдау көретіндігіне сенсін. Сонымен бірге Үндістанға АСӨШК кеңестеріндегі біздің ұсыныстарымызды және Қазақстандағы діндер съезіне қолдау білдіретіндігі үшін ризашылық білдіреміз. Қазір біз өз елімізде Ин-дустриялық-инновациялық бағдарламаны белсенді жүргізудеміз және бұл іске Үндістанның жоғары технологиясының қатысқанына мүдделіміз. Сіздердің жоғары технологиялы, дамыған компанияларыңызды мұнай-химия кешенін бірлесіп салуға шақырамыз. Сонымен бірге отандастарыңыздың біздің елімізде фармацевтік және тоқыма көсіпорындарын салғанына мүдделіміз. Жалпы алғанда, елдеріміздің сауда-экономикалық қатынастарының даму динамикасы жоғары, деді Президент./40/

Екі ел арасындағы тауар айналымы былтыр 96,6 млн. АҚШ долларын құраған еді, ал биылғы жылдың төрт айында ол 39,1 млн. долларға жетіпгі. Жылдың қалған уақытында да осы қарқынмен жүре берсе тауар айналымы жүз миллионның үстіне шығып кететіні керініп тұр. Қазақстан Үндістанға негізінен минералдық өнімдер, тері шикізаты, қара металл және оның өнімдерін, электротехника жабдықтарын шығарады. Ал үнділіктер Қазақстанға өсімдік және тамақ өнімдерін, химия өнеркәсібі мен соған байланысты салалар өнімдерін береді.

Президенттің келесі кездесуі Пәкстан Ислам Республикасының Премьер-Министрі Шаукат Азиз мырзамен өтті. Бұл елмен де Қазақстан арасындағы байланыс жоғары карқынды болмаса да жылдан-жылға артып келеді. Мәселен, екі ел арасындағы тауар айналымы былтыр 2003 жылмен салыстырғанда 13,8 пайызға өсіп, 2,9 млн. АҚШ долларына жетті. Ал биылғы жылдың төрт айында ғана тауар айналымы былтырғы жылдың жартысынан асып, 1,7 млн. долларды құрады. Қазақстан Пәкстаннан негізінен фармацевтика саласының өнімдерін, медициналық препараттар, мақта маталары мен күріш алып, химия өнеркәсібі тауарлары мен металл шығарады./41/

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Пәкстанның ШЫҰ-на бақылаушы болып қабылдануымен құттықтай келіп, Үңдістанмен екі арадағы қатынастардың қанағаттанатындығын білдірді және өзінің Пәкстан Президенті Первез Мушарафпен жақсы түсіністіктегі қарым-қатынаста екендігін айтты. Мұсылман әлеміндегі алға басқан экономика және саяси табыска жеткен Пәкстан, Малайзия, БАӘ және Қазақстан секілді елдер күш бірікгіріп, кері тартатын консерватизмге тойтарыс беруіміз және жоғары дамыған мемлекетгермен байланысымызды күшейтуіміз керек, деді ол. Сонымен бірге бірнеше экономикалық проблемаларды ынтымақтастық мүддесі үшін талқылауды ұсынылып, Пәкстан өкіметінің өз елінің ішіндегі табыстаръша куанатыңдығын айтты. Ал сөзінің соңында Елбасы Пәкстан Президенті П.Мушарафты Қазақстанға ресми сапармен келіп кайтуға шақырды.

Пәкстан Премьер-Министрі Ш.Азиз мырза өз кезегінде Казақстан Президентіне жақсы қабылдағаны үшін алғыс айтып, оның табыстарын мақтан тұтатындығын жеткізді.

Кездесудің соңынан Президент Н.Назарбаев пен Премьер-Министр Ш.Азиздің алдында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Индустрия және сауда министрі Сауат Мыңбаев пен Пәкістан Ислам Республикасының Мемлекетгік қаржы министрі Омар Аюб хан еліміздің рыногына тауарлар мен қызметгердің екі мемлекет арасында тиімді шарттармен келетіні туралы екіжақты келісім-шартардың аяқталғандығы жөніндегі Хаттамаға қол қойды. Мұның мәнісі Пәкс-танның Қазақстанның БСҰ-ға кіруіне қолдау білдіргендігі еді.

Жуырда ғана елдің жаңа Президентін сайлаған Иран Ислам Республикасының ШЫҰ басқосуындағы делегациясын бастап келген Бірінші Вице-Президент Мұхаммед Реза Ареф мырза өзінің сөзін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттыктаудан бастады және ол бастап отырған елдің табыстарына куанатындығын білдірді.

Иранмен екі  арадағы сауда-экономикалық байланыстарына тоқталар болсақ, ол осы аймақтағы екі үлкен елдің бірі. былтырғы көрсеткіш 725 млн. АҚШ долларын құраған еді, ал биылғы жылдың төрт айында 233,1 млн. долларға жетіпті. Соның ішінде Қазақстаннан шығарылған өнімдер құны 228,5 млн. доллар болса, енгізілген тауарлар құны 4,6 млн. долларды құрайды./42/

Екіжақты кездесуге соңғы болып Қырғызстан Республикасы Прези-дентінің міндетін атқарушы Құрманбек Бакиев кірді. Ежелден төсекте басы, төскейде малы араласқан туысқан халықтың өкілімен арадағы әңгіме ана тілінде болғаны көңілге жылылық ұялатты. Бір көргеннен-ақ өзіне-өзі сенімді, қайратты адам екендігі көрініп тұратын қырғыз елдерінің Президент Н.Назарбаевпен болған әңгімесі аса ұзаққа созылған жоқ. Бірақ Қ.Бакиевтің жүзінің жадырап кеткендігіне қарағанда, ол сәтті аяқталғандай көрінді. Еске сала кететін болсақ, Қырғызстанмен арадағы сауда-экономикалық байланыстар да жыл өткен сайын артып келеді. Мәселен, 2004 жылы тауар айналымы 313,2 млн. АҚШ долларын-құрса, ал бұл 2003 жылғымен салыстырғанда 48,4 пайызға артык. /43/ Сөйтіп, "Президент-отельдегі" екіжақты кездесулер өз ретімен осылаша аяқталды

 

Қорытынды.

ШЫҰ құрылуы  мен қызметі барысында қалыптасқан  көптеген ресми құжаттар мен келісімдерді талдау арқылы  диплом жұмысымда төмендегідей қортындылар жасадым.

Халықаралық ұйымдар арасындағы ең бір беделді  ұйым -ШЫҰ –ның құрылуы мен алғашқы шарттары дүниежүзіндегі болған үлкен және маңызды геосаяси трансформациялармен, «суық соғыстың» аяқталуымен  КСРО-ның құлауымен байланысты болды.

Сонымен қатар Орта Азия мемлекеттері өзінің  географиялық орны мен энергетикалық және минералдық ресурстарға бай болғандықтан тағы да ұлы державалардың арапалыс орталығына айналды. Бұл аймақтардың лаңкестікке, сепаратизм мен экстремизмге, есірткі мен қару-жарақтың зансыз айналымына аймақтық қарсы тұру өз дәрежесінде болмады. Осы тұста ШЫҰ-ның  дүниежізілік саяси аренаға шығуы уақыт және кеңістік талабымен де тарихи қажеттілік деп қарау керек.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы әлемдік мемлекеттердің жоғары қызығушылығын тудыруына байланысты, сондықтанда бүгінгі таңда Монғолия, Үндістан, Пакистан және Иран мемлекеттері  бақылаушы статусына ие болуда.

Қазақстан үшін Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысудың  маңызы орасан. Қазақстан ШЫҰ-ға үлкен маңыз береді әрі өзінің ұйымның қалыптасуын ұйымдастыруға қатысуын басым міндет деп санайды. Басқаша айтқанда, ШЫҰ Қазақстанның сыртқы саясатында аса маңызды орын алады, себебі Қазақстан Евразия кеңістігендегі территориясы мен табиғат байлығы орасан мемлекеттердің бірі болып есептеледі.

Сондықтан Қазақстан бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты бекемдеу және көп қырлы ынтымақтастықты қолдауға үлес қосуға қабілетті құрылым мүше мемлекеттер арасында өзара сенімді, достықты және тату көршілікті нығайту барысында маңызды роль атқаруда.

ШЫҰ-ға мүше барлық мемлекеттер бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жасампаздықпен белсенді жұмыс жүргізген жағдайда Ұйым аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде үлкен салмаққа ие бола алады және ие болуы тиіс. Бұған ШЫҰ-ның әлеуеті әбден жетеді.

 

 

                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

1. Иванов А. ШОС и другие международные организации. //В интересах мира, стабильности и благополучия народов. - М.: 2004. - стр.25-29; Казакпаев М.С. Роль НПО во внутриполитических процессах в Кыргызстане и их влияния на региональную безопасность. //Международный форум по нетрадиционной безопасности в регионах Средней и Западной Азии. 17-18 октября 2005 г. Урумчи СУ АР Китая. - стр. 178-191.

2. Абатуров В. Осеннее давление геополитики: обзор интеграционных процессов в Центральной Азии. //Экономическое обозрение. - Т.: 2005.- №1. - стр.37-41; Карнеев А. Шанхайская организация сотрудничества: проблемы и перспективы межгосударственных отношений в Евроазиатском регионе. //Проблемы Дальнего Востока. М.: 2005. - №5. - стр. 157-162; Киреев Г. Долгий путь к «Шанхайской пятерке». //Международная жизнь. - М.: 2004. - №3. - стр. 75-82; Логвинов Г. Шанхайская организация сотрудничества - качественный шаг вперед. //Проблемы Дальнего Востока. 2002. - №5. - стр. 6-14; Лукин А. Шанхайская организация сотрудничества: проблемы и перспективы — "Ситуация в Центральной Азии и Шанхайская организация сотрудничества: четвёртая международная конференция - 2004 //Китай (ШИМИ) 2004. - стр 221-246; Толипов Ф. Организация Центрально-Азиатского сотрудничества в Шанхайской Организации Сотрудничества - //Ситуация в Центральной Азии и Шанхайская организация сотрудничества: четвёртая международная конференция-2004 //Китай (ШИМИ) 2004. - стр. 285-305.; Толипов Ф. К вопросу о самостоятельности роли организации Центральноазиатского сотрудничества в рамках ШОС. //Центральная Азия и Кавказ. 2004. - №3(33). - стр. 169-180; Трофимов Д. Шанхайский процесс - от «пятерки» к «Организации сотрудничества»: итоги 1990-х, проблемы и перспективы развития. //Центральная Азия и Кавказ. 2002. - №2 (20). - стр.99-107; Гуанчэн С. Шанхайская организация сотрудничества в борьбе с терроризмом, экстремизмом и сепаратизмом. //Центральная Азия и Кавказ, 2002, №4. - стр. 17-23; Гуан П. Шанхайская организация сотрудничества в контексте международной антитеррористической кампании. //Центральная Азия и Кавказ, 2003, №3. - стр56-67;

3. Азовский И.П., Щербинин Н.А. Транспортные проблемы в российско-китайских отношениях. //Проблемы Дальнего Востока. 1999. №5. - стр.28-35; Карлусов В.В. Внешнеэкономические связи России и Китая: баланс интересов и совершенствование механизма организации. // Проблемы Дальнего Востока. 1999. №3. -стр.50-55; Природопользования Российского Дальнего Востока и Северо-Восточной Азии. /Под. Ред. А.Ш. Шейнгауза. Хабаровск: РИОТИП, 1997; Титаренко М.Л. Россия и Восточная Азия: Вопросы международных и межцивилизационных отношений. М: Куликово поле, 1994; Титаренко М.Л. Россия лицом к Азии. М: Республика, 1998; Цюй Вэй. Стратегическая концепция китайско-российских торгово-экономических отношений на государственном уровне. //Доклад китайских специалистов, участников двусторонней российско-китайской конференции: «Перспективы регионального сотрудничества России и Китая в XXI веке»; Чэнь Бэньцзай. Поиски новых путей между Россией и Китаем: проблема трудовых услуг. //Доклад китайских специалистов, участников двусторонней российско-китайской конференции: «Перспективы регионального сотрудничества России и Китая в XXI веке»; Шаринов Д.Н. Размещение акций китайских предприятий зарубежных фондовых рынках. //Проблемы Дальнего Востока 2001. №4, с.90-97.

Информация о работе Шанхай ынтымақтастық ұйымы