Құрамына қарай жұрнақтар жалаң және құранды болып бөлінеді

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2014 в 17:43, реферат

Краткое описание

Құрамына қарай жұрнақтар жалаң және құранды болып бөлінеді
(По составу суффиксы бывают простые и составные)
Жалаң жұрнақ – мағына және форма жағынан бөлшектенбейді.
(Простые суффиксы – по значению и по форме не делятся). Мысалы: біл+ім, мал+шы, үй+шік, кес+пе, оқу+шы: -ім – шы – шік – пе – шы – жалаң жұрнақтар./простые суффиксы/

Вложенные файлы: 1 файл

реферат.docx

— 607.21 Кб (Скачать файл)

6-тақырып. Сын есім сөзжасамы. Сан есім сөзжасамы.

Сын есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы., Сын есім жасауға негіз болатын сөз таптары, сөз тұлғалары. Сын есімнің сөзжасамдық жұр-нақтары. Есімдерден сын есім жасайтын өнімді жұрнақтар. Етістіктен сын есім жасайтын өнімді жұрнақтар, етістіктерден сын есім жасайтын өнімсіз жұрнақтар. Сын есімнің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған сын есімдердің күрделі сын есім жасайтыны. Күрделі сын есімнің жасалуының жолдары, оларға қатыса-тын негізі, туынды сын есімдер, есім сөздер. Сан есім сөзжасамының өзіндік жүйесі бар, сан есім сөзжасамына қа-тысатын тілдік тұлғалар, олардың негізгілері. Сан есімнің сөзжасамдық тәсілдері. Аналитикалық тәсілдің сан есім сөзжасамында негізгі орын ала-тыны, аналитикалық тәсіл арқылы сан есімнің жасалу үлгілері, жолдары. Синтетикалық тәсілдің де сан есім жасауға қатысатыны, оның өзіндік ерекшелігі, бұл туралы түрлі көзқарастар. Сан есім сөзжасамының тарихи іспеті, қазіргі дәуірде сан есім сөзжасам арқылы өз құрамын толық-тырмайтыны. Бірлік сандарға алты, жеті, сегіз, тоғыз сандары туралы. Ондық сан атауларындағы алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан сан атаулары туралы. Сан атауларының қосу, көбейту тәсілі арқылы жасалуы. Бірлік пен ондық аралас сандардың жасалуы. Жүздік атауларының жасалуы. Мыңдық, жүздік, ондық, бірлік аралас сан атауаларының жасалуы.

7-тақырып. Есімдіктің сөзжасамы. Үстеудің сөзжасамы.

Есімдіктің сөзжасамының өзіндік ерекшелігі, сөзжасам мүмкіндігінің аздығы. Синтетикалық тәсілдің есімдік жасауға қатысы. Аналитикалық тәсіл арқылы есімдіктің жасалуы. Үстеу сөзжасамға кедей сөз табы. Үстеудің жасалуының өзіндік ерекшелігі. Үстеудің сөзжасамдық түрлері: аналитикалық, синтетикалық тәсілдер, көнеру арқылы үстеуге көшудің белгілі орын алатындығы. Үстеудің жасалуына негіз болатын сөз таптары: үстеу, зат есім, сын есім, есімдік, сан есім. Есім сөздерден үстеу жасайтын жұрнақтар, олардың мағыналары. Қосымшалардың түбірге көнеруі арқылы үстеудің жасалуы. Үстеудің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған үстеудің түрлері: 1) біріккен үстеулер, 2) қосарланған үстеулер, 3) тіркесті үстеулер.

8-тақырып. Етістіктің сөзжасамы.

  Етістіктің қалыптасқан күрделі сөзжасам жүйесі. Етістік құрамын әр кезеңде де сөзжасам арқылы толықтырып отыратыны. Етістіктің сөзжасам арқылы құрамын толықтыруға басқа сөз таптарының да, етістіктің өзінің де негіз болатыны. Етістіктің семантикалық тәсіл арқылы жасалуы. Етістіктің сөзжасам жүйесінде бұл тәсілдің үлкен орын алатыны, сондықтан етістіктің туынды түбір етістіктерге байланысты екені. Есім негізді туынды түбір етістіктер, олардың негіз сөздері, есім негізді туынды түбір жасайтын жұрнақтар, олардың беретін мағыналары. Етістік негізді туынды түбір етістіктер, оларға есім негізгі туынды түбір етістіктің негіз болуы, негізгі түбір етістікьің негіз болуы. Етістіктен етістік жасайтын өнімсіз  жұрнақтар –ла,-ле, -ғышта, -гіште, ыңқыра,-іңкіре, -қыла,-кіле, -лық,-лік, ық-, -ік, -ғы, -гі, -ыр, -ір, -бі,- ді. Етістіктен етістік жасайтын өнімді жұрнақтар-етіс жұрнақтары. Етіс жұрнақтарының сөзжасамға қатысы туралы көзқарастар. Етістіктің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуына қатысатын тілдік тұлғалар, олардың қызметі, мағына жасауға қатысы. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалатын күрделі етістіктер. Күрделі етістіктердің құрамы, олардың орны, қызметі, сөзжасамдық қабілеті, күрделі етістік жасауда тірек сыңар болатын етістіктер. Аналитикалық тәсіл арқылы құранды етістіктің жасалуы, оның құрамы, құранды етістіктің тірек сыңары. Құранды етістіктің құрамындағы сыңарларының беретін мағынасы. Сөздік құрамнан құранды етістіктің алатын орны.

 

Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны

Тәжірибешілік сабақтар теориялық жағынан өткен мәселелерді терең түсінук, тәжірибеде оны жан-жақтыталаду, игеру мақсатында жүргізіледі.

 

1-тақырып. Сөзжасам тіл білімінің жеке саласы. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі.

Сөзжасамның зерттелуі. Сөзжасам – дербес сала болып қалыптасуы. Сөзжасамның тіл білімінің негізгі салаларының байланысы. Сөзжасамның морфологиямен байланысы. Сөзжасамның синтаксиспен байланысы. Сөзжасамның лексикологиямен байланысы.  Сөзжасамның дамуы, баюы, екшеліп бір қалыпқа түсуінің нәтижесінде өзіндік сөзжасамдық бірліктері бар, тәсілдері бар, орныққан, қалыптасқан заңдылықтары бар тілде сөзжасамдық жүйенің бары туралы. Сөзжасамдық жүйесінің қызмет ететіні туралы ғалымдардың ой-пікірлері.

2-тақырып. Сөзжасамдық тәсілдер. Сөзжасамдық мағына. Туынды сөздер.

Сөзжасамдық тәсілдердің зерттелуі. Қазақ тілінде көне замандардан бері қарай қалыптасқан үш түрлі сөзжасамдық тәсілдің бары: 1. синтетикалық тәсіл; 2. аналитикалық тәсіл; 3. лексика-семантикалық тәсіл.    Сөзжасамдық мағынаның сөзжасам әрекеті арқылы жасалатыны, сөзжасамдық мағынаның сөзжасамдық бірліктер арқылы жасалатыны, сөзжасам әрекетіне қатысты тұрған сөзжасамдық бірліктердің бір-бірінен қатысы негізінде сөзжасамдық мағынаның жасалатыны. Сөзжасамдық бірліктердің сөзжасамдық тәсілдерге қатысының түрлілігіне байланысты олардың әр тәсілде сөзжасамдық мағына жасауға қатысты түрлі болатыны. Туынды мағынаның негізділігі. Туынды мағынаның түрлендірілген түрі. Көшірілген туынды мағына. Туынды мағынаның теңбе-теңдік түрі. Сөзжасамдық әрекеттің негізінде тілге қосылған сөздердің туынды сөз аталатыны. Яғни туынды сөздер тек сөзжасамға қатысты қолданылатыны. Туынды сөздердің тілде пайда болуы қоғамдағы жаңалықтарға байланыстылығы. Туынды сөздер сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалатынд-тан, сөзжасамдық тәсілдердің түрлілігіне қарай туынды сөздердің де түрлі болатыны: туынды түбірлер, күрделі сөздер (біріккен сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер) туынды түбірлер. Туынды сөз бен туынды түбір дегеннің айырмасы мен олардың бір-біріне қатысы. Күрделі сөздер. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздердің бәрі күрделі сөздерге жататыны, олардың бәрі екі мағыналылексемадан жасалып, бір мағыналы сөз жасайтын, оның күрделі сөз деп аталуы, күрделі сөздің анықтамасы мен түрлері. Біріккен сөз. Қос сөз. Қысқарған сөз.

3-тақырып. Сөзжасамдық талдау. Сөзжасамдық ұя.

Сөзжасам тіл білімінің жеке саласы ретінде танылғанға дейін сөзге фоне-тикалық және морфологиялық, сөйлемге синтаксистік талдау жасалып келгені белгілі. Морфологиялық талдауада сөз құрамындағы морфемалар толық таладнады. Сөзжасам жеке сала болғалы сөзжасамдық талдау мәселесі көтерілді. Сөзжасамдық талдауға сөздің құрамындағы сөз түрлендіруші, сөздің грамматикалық тұлғасын жасаушы морфемалар кірмейді де, сол арқылы ол қазіргі морфологиялық талдаудан ерекшеленетіні туралы.  Сөзжасамдық талдау-дың негізгі нысаны сөзжасамдық бірліктер, олардың сөздің мағынасын жасаудағы қызметі, сөзжасамдық мағына, туынды сөздердің түрлері, сөзжасамдық заңдылықтар, үлгілер, сөз таптарының сөзжасамын көрсету т.б.

Бір негізгі сөзден тараған бір топ туынды сөздердің сөзжасамдық ұяға жататыны, бір сөзжасамдық ұядағы туынды сөз атауларының түбірлес сөздер деп танылатыны, олардың мағыналық байланысы, ол мағыналық байланыстың ұяның түп негіз сөзінен басталатыны. Сөзжасамдық ұяның көлемінің түрлілігі. Сөзжасамдық ұяның құрамы күрделі құбылыс саналатыны. Сөзжасамдық тізбек. Сөзжасамдық саты. Сөзжасамдық тарам (парадигма). Сөзжасамдық жұп. Сөзжасамдық жұп та сөзжасамдық ұяның мүшесі бола тұра, оның тікелей сөзжасамдық тізбек құрамына кіретіні.

4-тақырып. Сөз таптарының сөзжасамы. Есім сөздердің сөзжасамы. 

Сөз таптарының сөзжасамыының зерттелуі, ғалымдардың ой-пікірлері. Сөз таптарының сөзжасамы қазақ тіл білімінде ертеден зерттеліп, бұл мәселеде бірсыпыра ғалымдардың еңбегі бары туралы, бірақ ол толық деп айту қиын. әсіресе, зат есім, сын есім, сан есім, етістіктің сөзжасамына арналған зерттеулер бар екені. Сөз таптырның сөзжасамын есім сөздердің және етістіктің сөзжасамы деп екі бөліп қарау қолайлы, өйткені, сөз таптарының сөзжасамы өте үлкен және есім сөздердің сөзжасамында ұқсас жағдайлар да бар. Есім сөздердің сөзжасамына зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, үстеудің сөзжасамы жататыны. Бұлардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталу қажет.

5-тақырып. Зат есім сөзжасамы.

Зат есім сөзжасамыының зерттелуі. Сөзжасамдық құбылыстың зат есімде орасан мол орын алатыны, тілдік сөз-жасамдық тәсілдерінің бәрінің зат есімнің жасалуында кеңінен қызмет атқаруы туралы. Зат есім сөзжасамы үзілмей жүріп жататын құбылыс. Зат есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жсалуы. Зат есімнің синтетикалық сөзжасамы екі морфеманың қатысы арқылы жүзеге асуы, олар: негіз сөз бен жұрнақ. Зат есімнің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы. Зат есімнің сөзжасамына аналитика-лық тәсілдің барлық түрлері қатыса-тыны, олардың күрделі зат есімдер жасайтыны. Зат есімнің қосарлану тәсілі арқылы жасалуы, бұл тәсіл арқылы зат есімнің сөз тұлғасы жағынан қос сөздер аталатын түрі жасалатыны. Зат есімнің тіркестіру тәсілі арқылы жасалуы. Зат есімнің қысқару арқылы жасалуы. Зат есімнің лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалуы. Зат есімнен басқа сөз таптарының сөз құрамын өзгертпей, заттанып, зат есімге көшуі де зат есімнің семантикалық тәсіл арқылы жасалуына жататыны (жетісін беру, ыстығы үлкен, ыстық (тамақ мағынасында), ақ молайды, туысы көп, шығысы артық, айтысқа түсті). Контекстік заттанудың сөзжасамға жатпайтыны (үлкенді сыйла).

6-тақырып. Сын есім сөзжасамы. Сан есім сөзжасамы. 

Сын есім сөзжасамының зерттелуі. Сан есім сөзжасамыының зерттелуі. Сын есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы. Сын есім жасауға негіз болатын сөз таптары, сөз тұлғалары. Сын есімнің сөзжасамдық жұрнақтары. Есімдерден сын есім жасайтын өнімді жұрнақтар. Етістік-тен сын есім жасайтын өнімді жұрнақтар, етістіктерден сын есім жасайтын өнімсіз жұрнақтар. Сын есімнің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы. Аналитикалық тәсіл арқы-лы жасалған сын есімдердің күрделі сын есім жасайтыны. Күрделі сын есімнің жасалуының жолдары, оларға қатысатын негізі, туынды сын есімдер, есім сөздер. Сан есім сөзжасамының өзіндік жүйесі бар, сан есім сөзжасамына қатысатын тілдік тұлғалар, олардың негізгілері. Сан есімнің сөзжасамдық тәсілдері. Аналитикалық тәсілдің сан есім сөзжасамында негізгі орын алатыны, аналитикалық тәсіл арқылы сан есімнің жасалу үлгілері, жолдары. Синтетикалық тәсілдің де сан есім жасауаға қатысатыны, оның өзіндік ерекшелігі, бұл туралы түрлі көзқарастар. Сан есім сөзжасамының тарихи іспеті, қазіргі дәуірде сан есім сөзжасам арқылы өз құрамын толықтырмайтыны. Бірлік сандарға алты, жеті, сегіз, тоғыз сандары туралы. Ондық сан атауларындағы алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан сан атаулары туралы. Сан атауларының қосу, көбейту тәсілі арқылы жасалуы. Бірлік пен ондық аралас сандардың жасалуы. Жүздік атауларының жасалуы. Мыңдық, жүздік, ондық, бірлік аралас сан атауаларының жасалуы.

7-тақырып. Есімдіктің сөзжасамы. Үстеудің сөзжасамы.

Есімдіктің сөзжасамыының зерттелуі. Үстеудің сөзжасамының  зерттелуі.Есімдіктің сөзжасамының өзіндік ерекшелігі, сөзжасам мүмкіндігінің аздығы. Синтетикалық тәсілдің есімдік жасауға қатысы. Аналитикалық тәсіл арқылы есімдіктің жасалуы. Үстеу сөзжасамға кедей сөз табы. Үстеудің жасалуының өзіндік ерекшелігі. Үстеудің сөзжасамдық түрлері: аналитикалық, синтетикалық тәсілдер, көнеру арқылы үстеуге көшудің белгілі орын алатындығы. Үстеудің жасалуына негіз болатын сөз таптары: үстеу, зат есім, сын есім, есімдік, сан есім. Есім сөздерден үстеу жасайтын жұрнақтар, олардың мағыналары. Қосымшалардың түбір-ге көнеруі арқылы үстеудің жасалуы. Үстеудің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы. Аналитикалық тәсіл арқы-лы жасалған үстеудің түрлері: 1) біріккен үстеулер, 2) қосарланған үстеулер, 3) тіркесті үстеулер.

8-тақырып. Етістіктің сөзжасамы.

  Етістік сөзжасамының зерттелуі. Етістік құрамын әр кезеңде де сөзжасам арқылы толықтырып отыратыны. Етістіктің сөзжасам арқылы құрамын толықтыруға басқа сөз таптарының да, етістіктің өзінің де негіз болатыны. Етістіктің семантикалық тәсіл арқылы жасалуы. Есім негізді туынды түбір етістіктер, олардың негіз сөздері, есім негізді туынды түбір жасайтын жұрнақтар, олардың беретін мағыналары. Етістіктің аналитикалық тәсіл арқы-лы жасалуына қатысатын тілдік тұлғалар, олардың қызметі, мағына жасауға қатысы. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалатын күрделі етістіктер. Күрделі етістіктердің құрамы, олардың орны, қызметі, сөзжасмдық қабілеті, күрделі етістік жасауда тірек сыңар болатын етістіктер. Аналитикалық тәсіл арқылы құранды етістіктің жасалуы, оның құрамы, құранды етістіктің тірек сыңары, құранды етістікке тірек сыңар болатын етістіктер. Құранды етістік-тің құрамындағы сыңарларының беретін мағынасы. Сөздік құрамнан құранды етістіктің алатын орны. Құранды етістіктің зерттелуі. Құранды етістік туралы ғалымдардығ көзқарастары.

 

Студенттердің өздік жұмыстары

Пәнді игеру барысында тақырыптық жоспар мен бақылау шараларының күнтізбелік кестесіне сәйкес студенттер төмендегі дәрісханадан тыс жұмыстарды орындауы керек.

  • әрбір тәжірибешілік сабаққа дайындалу керек, яғни, үй тапсырмаларын орындау крек;

  • дәріс материалына кірмеген, бірақ міндетті болып саналатын курстың тақырыптарын меңгеріп, конспектілер дайындау керек.

 

СӨЖ мазмұны

 

СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі

ҚТӘ-21

1

Дәріс сабақтарын өңдеу

 

Сабаққа қатысу

 

2

Үй тапсырмасын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

5(1x5)

3

Қосымша материалдарға дайындық

Конспект

Коллоквиум

15

4

Семестрлік тапсырманы орындау

Реферат

Семестрлік тапсырманы қорғау

6

5

Бақылау шараларына дайындық

 

РК 1, РК 2

4

Барлығы

30


 

 

 

СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі

СҚТӘ-21 с

Сағат көлемі

СҚТӘ-21(5ж),

1

Дәріс сабақтарын өңдеу

 

Сабаққа қатысу

   

2

Үй тапсырмасын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

   

3

Бақылау жұмысын орындау

Бақылау жұмысы

 

10

10

3

Қосымша материалдарға дайындық

Конспект

Коллоквиум

27

21

4

Семестрлік тапсырманы орындау

Реферат

Семестрлік тапсырманы қорғау

6

6

5

Бақылау шараларына дайындық

 

РК1, РК2

2

2

 

Барлығы

   

45

39


 

 

 

Студенттерге өздігінен оқуға берілетін тақырыптар

 

1. Туынды сөздердің құрамына қарай жіктелуі.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 5-12 бет, [4], [2] 3-6 беттер.

2. Сөзжасамдық мағыналар.

Ұсынылатын әдебиет: [27], 15-21 беттер, [1], 12-18 беттер.

3. Сөзжасамдық тип пен  үлгі (мысал келтіру арқылы дәлелдеу)

Ұсынылатын әдебиет: [8], 88-92 беттер.

4. Сөзжасамдық ұяның құрылымы.

Ұсынылатын әдебиет: [23], 62-70 беттер.

5. Зат атауының лексика-семантикалық  тәсілімен жасалуы.

Ұсынылатын әдебиет: [12], 79-82 беттер, [2], 49-55 беттер.

6. Сын есімнің сөзжасамдық  жұрнақтары.

Ұсынылатын әдебиет: [19], 89-96, [10], 35-46 беттер.

7. Сан есімнің сөзжасамдық  тәсілдері.

Ұсынылатын әдебиет: [18], 83-98 беттер, [14], 108-113 беттер.

8. Үстеудің сөзжасамдық  жұрнақтары.

Ұсынылатын әдебиет: [7], 89-103 беттер.

9. Мекендік мәнді етістік  жасайтын жұрнақтар.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 68-73 беттер.

10. Тіркескен күрделі сын  есімдер.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 72-75 беттер, [2], 49-55 беттер.

11. Етістіктен зат атауын  жасайтын жұрнақтар.

Ұсынылатын әдебиет: [9], 89-96, [10], 35-46 беттер.

12. Зат есімнің лексикалық  мағынаны түрлендіретін жұрнақтары.

Ұсынылатын әдебиет: [5], 83-98 беттер, [14], 108-113 беттер.

13. Етістіктің сөзжасамдық  жұрнақтары.

Информация о работе Құрамына қарай жұрнақтар жалаң және құранды болып бөлінеді