Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 06:19, дипломная работа
Қазақстан экономикасында маркетингті қолданудың ерекшеліктері мен серпіні және экономикалық субьектілердің қоршаған орта факторларының қағидаларын пайдалану барысына ықпал ету сипаты көбіне өтпелі кезең жағдайына орай анықталады.Қазақстанда маркетинг ғылым бағыты, шаруа-шылық қызмет аумағы және өндірістік-өткізу қызметін ретінде республика-ның нарықтық қатынастарға өтуінен бастап қалыптасты.
Кіріспе
I-Бөлім.Маркетингті жоспарлаудың мәні мен мазмұны
1.1.Жоспарлаудың мәні,методологиялық негіздері және көрсеткіштері
1.2.Маркетинг жүйесіндегі стратегиялық жоспарлау
II-Бөлім.Кәсіпорынның жұмысын жоспарлау
2.1.«Қант»ААҚ жалпы сипаттама
2.2.«Қант»ААҚ-ның маркетингтік мүмкіндіктерді
талдау
III-Бөлім.Кәсіпорынның стратегиялық жоспарын әзірлеу
3.1.Кәсіпорынның даму жоспарының негізгі бөлім-
дері мен көрсеткіштері
3.2.Фирма өсу жолының стратегиялары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Дегенмен, формалъды жоспарлау бірталай пайдалардан дәмелендіреді. Ол пайдаларды Мелвиил Бранч мынадай ретімен атап өтеді:
1.Жоспарлау басшыларды тұрақты түрде келешекті ойлауға итермелейді.
2.Ол фирманы алдын ала жасалған әрекеттеріне тура үйлестіруге мүмкіншілік береді.
3.Ол келешекте бақылауға болатын жұмыс көрсеткіштерін белгілеуге мүмкіншілік береді.
4.Ол фирманың өз міндеттерін және саяси нұсқауларын дәл анықтауға мәжбүр етеді.
5.Фирманың төтенше езгерістерге дайыңдығын жоғарылатады.
6.Ол барлық лауазымды адамдардың міндеттерінің
өзара байланысын көрнекті көрсетеді.
Стратегиялық жоспарлау фирма шегіндегі басқа жоспарлар үшін плацдарм болатын болғандықтан оны ең алдымен қараймыз. Стратегиялық жоспарлауға былай деп анықтама береміз:
Стратегиялық жоспарлау - бұл маркетингілік өрісте фирма мақсаты мен потенциальды мумкіншіліктерін стратегиялық қатынаста болдыру және жалғастыруға керекті басқару процесі. Ол фирманың дәл тұжырымдалған бағдарламалық мәлімдемесіме, көмекші мақсаттар мен міндеттер мазмұндамаларына, дұрыс шаруашьшық портфеліне және өсу стратегиясына сенеді.
Стратегиялық жоспарлау үш негізгі шарттарды сақтауды талап етеді:
Бірінші шарт-компанияның қызметі инвестициялық қоржынды басқару принципінде құрылады.оның мәні-компанияның әрбір қызмет бағытын орындау үшін ресурстардың тиісті түрде бөлінуінде.
Екінші шарты-әрбір қызмет түрінің келешегін бағалау.Осы мақсатпен нарықтық өсу көрсеткіштері және компанияның нақты нарықтағы позициясы зерттеледі.тек ағымдық сату немесе пайда көлеміне бейімделген компаниялар олардың шектеулі екндігіне көздері жетті.Мысалы,1970 жылдары «Ford Motor» компаниясы үшін үлкен машиналарды өндіру тиімді болды.алайда нарықтық зерттеулер тұтынушылардың сұранысы шағын литражды автомобильдер жағына ауғанын көрсетті.Сондықтан компания инвестицияларды өндірісі сол кезде залалды болған шағын автомобильдерге жұмсады.
Үшінші шарты-стратегияны
Стратегиялық жоспарлаудың кезендері 1 суретте келтірілген, ал оларды суреттеу төменде беріледі:
1 сурет. Стратегиялық жоспарлаудың кезеңдері
Ақпарат көзі:1,426 бет
Көптеген ірі компаниялардың
ұйымдық құрылымы төрт деңгейден
тұрады.Олар-корпоративтік,
Көптеген компанияларда маркетингтік жоспар стратегиялық және тактикалық екі деңгейде әзірленеді.Стратегиялық жоспар компанияның даму келешегін анықтайды, тактикалық-ағымдық міндеттерді шешуге бейімделген.Стратегиялық жоспар тек бір ғана өнім желісіне немесе нарық секторына байланысты жасалып қоймайды,ол кәсіпорынның барлық іс-әрекетін қамтитын бірыңғай жоспардан тұрады.
Қазіргі кезде қазақстандық кәсіпорындар негізінен стратегиялық жоспарлауда қарағанда, жедел жоспарлауды көбірек пайдаланады. Стратегиялық жоспарлау нарықтағы бәсекелестік күрестегі басты фактор болып табылады.
Стратегиялық жоспарлаумен айналысатын фирмалардың жетістіктері жоғары болатындығы зерттеулер нәтижесінде анықталған. Стратегиялық жоспарлаудың мәні болашақта технологиялық, экономикалық және әлеуметтік-мәдени өзгерістерге байланысты өсіп отырады.
II-Бөлім.Кәсіпорынның жұмысын жоспарлау
2.1.«Қант»ААҚ жалпы сипаттама
«Қант»ААҚ Жамбыл Облысының Тараз қаласының Шығыс өңірінде орналасқан. Қант өндірісі жалпы тамақ индустриясында ең алғы саласы болып табылады.«Қант»ААҚ шаруашылық объектісі ретінде қалыптасқан. Кәсіпорынның 1993 жылы 17 желтоқсанда тіркелінді. Куәлік N 10508. жарғы облыстық әділет басқармасымен бекіттілді. «Қант»ААҚ заңды тұлға және өндірістік қызметін Қазақстан Республикасының қызмет етуші заңы және жарғысы негізінде жұмысын жүргізуде. «Қант»ААҚ өз алдына балансы, банктік есел шоты және өзінің аты көрсетілген мөрі бар. «Қант»ААҚ-ның қызметінің мақсаты болып өндірістік қызметтен табыс алу. «Қант»ААҚ-ның негізгі өндірісіне - ком, патока, әк шығару өнімдері жатады. Қосымша өндірісіне - жылу, электро энергияларын, су қамтамасыз ету және су коймаларын, химиялық тазартылған су, қысылған ауа, қаптарды шығару және жөндеу, теміржолдық көлікке кызмет көрсету, жөндеу - механикалык шеберхананың қызметі, электроцехтың қызметі, КИПиА цехының қызметі, жөндеу - құрылыс учаскісі жатады.
«Қант»ААҚ өзінің тарихын Жамбыл қант комбинаты болып бастады. Оның құрылысы 1932 жылы каңтарда басталды,ал 1937 жылы ақпанда іске қосылды.Уақыт ағысымен кәсіпорынның аты да, басқаруы да өзгеріп отырды.
1932 жылдың қаңтарынан ССРО құрылыс жөніндегі халық комиссариатының қант зауыттарының құрылысы мен монтажы жөніндегі бүкіл одақтың трестінің Әулие-Ата қант зауытының құрылыс конторасы.
1935 жылдың қаңтарынан
ҚазССР Оңтүстік Қазақстан Облы
1938 жылдың қаңтарынан ҚазССР Оңтүстік Қазақстан Облысының Жамбыл қант қызылша зауыты.
1939 жылдың қаңтарынан – «Жамбыл қант комбинаты».
1993 жылдың қазанынан «Қант»ААҚ. «Қант орталығы» ЖШС-тің мерзімі 5 жылға созылған сенімділік басқармасының қол астында. Бизнес - жоспары өнеркәсіптің өзінде жасалынады,кәсіпорынды шикізатпен фирманың президенті қамтамасыз етеді (шетелдік қант - сырец). Одан басқа күзде зауыт жеке тұлғалармен, шаруа қожалықтармен келісім шартқа тұрып олардың өткізген қант қызылшасын өңдейді. Қызылшаның өңдеген ақысына өңделген заттың 35 % кәсіпорында қалады.
«Қант»ААҚ шығарылатын өніміндерінің негізгі номенклатурасы: кұмшекер, кант рафинады және т.б. ассортименттер.
«Қант»ААҚ-ның келесі құрылымдық бірліктерден тұрады: қант қызылша зауыты, рафинад зауыты, ТЭЦ, механикалық цехі, шикізат бөлі-мі.Олардың бәрі кәсіпорын территориясында орналасқан және қызметтерін Қазақстан Республикасы заңына сәйкес атқарады.
АӨК қант өнеркәсібі республикада ең ірі Тараз шақпақ қант шығаратын комбинаты негізінде дамыған. Бұл комбинат жергілікті шикізаттарды пайдаланып, республиканың барлық шақпақ қаңтын өңдіреді. Қант өндірісінің қалдығын пайдалану негізі де осы АӨК республикада шығарылатын этил спиртінің 2/3 жуығы өндіріледі.
Қант өнеркәсібі көп көлемді шикізат өндеп аз көлемді ілеспелі өнім береді.Сондықтан қант кәсіпорындарын шикізат көздеріне және осы саланың қалдықтарын тұтынушыларға жақын орналастыру жөн.
Кез келген әлеуметтік - экономикалық жүйе біршама дербес бірақ өзара байланыс екі бөліктен тұрады:олар басқару және басқарылатын бөліктер.
Басқару - ұйымдасқан жүйеге нысаналы түрде ықпал жасау оның белгіленген құрылымын сақтау, қызметтің тәртібі мен мақсатын қолдау. Түрлері: заттарды басқару - технологиялық процестерді басқаруға саяды, адамдарды басқару - өндірісті (өндірістік ұжымдарды) басқаруға саянды. Органдар (ақпараттың болуы), кадрлар (басқарушылар, мамандар орындаушылар), басқару техникасы (ақпарат жинау, тарату, өңдеу құралдары) жүйесі басқарудың материалдық негізі болып табылады.
Кәсіпорынды басқару - басшының не басқару органдарының адамдарды бірлескен еңбек үшін келістіретін және біріктіретін нысаналы, реттеушілік ықпал жасауы. Ол басқару принциптерін және меншік иесінің өз мүлкін шаруашылыққа пайдалану құқықтарын ұштастыру негізінде кәсіпорынның жарғысына сәйкес жүзеге асырылады. Жалпы алғанда кәсіпорынды басқару басқарушылық шешімдердің принциптерін, функцияларын, әдістерін, теориясын, ұйымдық құрылымды, техникалық құралдар мен технологияны автоматтандырылған басқару жүйелерін қамтиды.
Басқару әдістері - басқару қызметінің тәсілдері, олардың көмегімен еңбек ұжымының, жекелеген орындаушылардың жұмысы басқару объектісінің алдында тұрған мақсаттарға жетуге бағытталады. Олар экономикалық заңдар талаптарын тәжірибеде іске асыру кұралы болып табылады, оларды зерделеу және пайдалану әрбір басқарушылық шешімді тәжірибелік негіздеу, басқарудың нақты мақсатына қол жеткізу үшін қажет. Олардың көмегімен басқару қызметкерлеріне, олар арқылы және солардың қатысуымен өндіріске немесе қызметтің басқа да саласына ықпал етеді. Жекелеген жұмыстарды немесе ережелерді орындау тәсілдерін, басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен оңтайландыру әдістерін қамтитын басқару процесінің әдістерінен өзгеше түрде басқару әдістері басқару объектісіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығымен сипатталады. Басқару әдістері жүйесінде өзара байланысты және өзара тәуелді, жиынтығында баскару объектісінің алдында тұрған кешенді міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін әдістердің мынадай топтары қабылданған: экономикалық әдістер, әкімшілік (ұйымдастыру - өкім беру) әдістер және әлеуметтік–психо-логиялық әдістер. Бұлардың әрқайсысында басқару объектісіне ықпал жасаудың белгілі бір сипаты бар және олардың жиынтығы кешенді жүйені құрайды.
«Қант»ААҚ-ның басқару құрылымы келесідей формада белгіленген:
Атқарушы директор – кәсіпорынының барлық өндірістік – шаруа-шылық қызметіне басшылық етеді. Директорға: техникалық директор, президент кеңесшісі, бас бухгалтер, заң бөлімінің басшысы, бас бухгалтер, заң бөлімінің басшысы, экономика бөлімінің басшысы, бас агроном, маркетинг және коммерция бөлімінің басшысы, кадрлар бөлімінің басшысы бағынады.
Техникалық директор - негізгі өндірісті және көмекші цехтардың жұмыстарын қадағалайды. Оған құмшекер және шақпақ қант зауыттарының бас инженерлері, ТЭЦ жэне ТВК, КИПиА басшылары, электорцехтар, теміржол цехы, жөндеу - құрылыс учаскісі және механизациялау цехы бағынады.
Бас бухгалтер - шаруашылық жұмысының қаржы және бухгалтерлік есеп мәселелерін жүргізетін директордың көмекшісі қызметін атқарады. Бас бухгалтер шикізаттың, материалдардың, дайын өнім және оның сатылуын бақылайды. Бас бухгалтерге еңбек ақыны есептеумен айналысатын есептік бөлім және орталық бухгалтерия бағынады.
Заң бөлімінің бастығы - заң бөлімін басқарады, кәсіпорынның заңды -құқықтық мәселелерімен, келісім шарттарды, бұйрықтар, еңбек және өндірістік тәртібін қадағалайды.
Экономика бөлімінің бастығы – «Қант»ААҚ-ның экономикалық жұмысын басқарады. Бұл бөлім өнімді өндеу бағасы бойынша көптеген қызмет түрлерінің статистикалық және өндірістік есепті құраумен айналысады.
Бас агроном - шикізат бөлімі және шикізат лабораториясын қадағалайды. Қант қызылшасын қабылдау және дайындау жөніндегі директордың орынбасары. Ол қызылша өндірушілермен келісім шартқа тұрады.
Маркетинг және коммерция бөлімінің бастығы - өткізу және жабдықтау бөлімдерінің жұмыстарын қадағалайды. Жабдықтау бөлімі қосымша материалдармен, техникамен, құралдармен қамтамасыз етуді қадағалайды. Өткізу бөлімі - дайын өнімді өткізуді ұйымдастырады.
Кадрлар бөлімінің басшысы - кадрлар бөлімінің жұмысын басқарады. Бұл бөлім жұмысшылардың жеке құрылымының есебін жүргізеді. Кадр бөліміне жұмысшылардың жұмыс уақытысының есебін жүргізетін өткізу бюросы бағынады.
Кәсіпорынның негізгі мақсаты-жоғары сапалы өнімдерді ұсына отырып,отандық нарықты жаулап алу,рухани және материалдық мінез-құлқын қанағаттандыру мақсатында адамдарға қуаныш әкелу болып табылады.Біздің бизнесіміздің дамуына бағытталған негізгі көзқарастарды анықтадық.Яғни,кәсіпорын өндірушілері әлемдік стандартқа сай құмшекер және қант өнімдерін өндіруде,келесідей қызметтерді жоспарлауда:
-тұтынушылардың күтілімін арттыру;
-нарықта бірінші болу,нарық
мүмкіндіктерін құру және
-тұтынушыларға өнімнің қауіпсіздігіне кепілдік беру;
-қоршаған ортаға бизхнестің негативті ықпалын үнемі төмендеуін алдын алу;
-заңдардағы барлық
бизнес элементтеріне,
жоғары класстағы мамандарды
қызықтыру,масштабын кеңейту
-бизнестің жоғалуын алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
Төмендегі кестеде «Қант»ААҚ-ның техника-экономикалық көрсеткіштері келтірілген.
1 Кесте.«Қант»ААҚ-ның техника-экономикалық көрсеткіштері.
№ |
Көрсеткіштер |
өлшем бірлігі |
2002 |
2003 |
2004 |
Ауытқу (+;-) |
1. |
Нақтылы бағада тауарлы өнім: |
мың.тг |
725640 |
672791 |
1212097 |
486457 |
2. |
Салыстырмалы бағадағы тауарлы өнім |
мың тг. |
8790268 |
7207996 |
10260324 |
1470056 |
3. |
ІПығарылған өнім көлемі,барлығы |
тонна |
140814,7 |
111565,8 |
144633,0 |
3818,3 |
а |
Қант қызылшасынан |
тонна |
6726,2 |
8062,9 |
7692,6 |
966,4 |
| Шақпақ кұмшекер |
тонна |
4671 |
4602,4 |
7692,6 |
3021,6 |
| Үгітілмелі шақпақ қанты |
тонна |
940,2 |
1400,5 |
- |
- |
| «Шамбон» шақпақ қанты |
тонна |
1115,0 |
2060,0 |
- |
- |
б |
Шетел шикізатынан |
тонна |
134088,5 |
103502,9 |
136940,4 |
2851,9 |
| Шақпақ құмшекер |
тонна |
130198,5 |
100585,5 |
125646,1 |
4552,4 |
| Үгітілмелі шақпақ қант |
тонна |
2566 |
1841,4 |
2748,7 |
182,7 |
| «Шамбон» шақпақ қанты |
тонна |
1324 |
904,8 |
3115,0 |
1791 |
| 1 кг-дық буылған шақпақ қант |
тонна |
- |
- |
5430,6 |
- |
4 |
Еңбеккерлер саны |
адам |
1123 |
1123 |
1182 |
59 |
| -жұмысшылар |
адам |
1002 |
1006 |
1064 |
62 |
5 |
Еңбек ақы қоры |
мың тг. |
160465,3 |
182488,6 |
243446,8 |
82981,5 |
| - жұмысшылар |
мың тг. |
130715,2 |
149535,9 |
201026,8 |
70311,6 |
6 |
1еңбеккердің орта-ша айлық еңбек ақысы |
теңге |
11910 |
13540 |
17160,0 |
5250 |
| - 1 жұмысшының |
теш е |
10870 |
12390 |
15740,0 |
4870 |
7 |
Еңбек өнімділігі |
|||||
| - 1 еңбеккердің |
мың тг. |
646,16 |
599,1 |
1025,5 |
379,34 |
| - 1 жұмысшының |
мың тг. |
724,2 |
668,8 |
1139,2 |
415 |
8 |
Негізгі қолардың жылдық құны |
мың тг. |
1138662 |
1141886 |
1191377 |
52715 |
9 |
Өндірістік қорлар |
мың тг. |
1117226 |
1120679 |
1180666 |
63440 |
10 |
Қор қайтарымы |
тг/тг |
0,64 |
0,59 |
1,02 |
0.38 |
11 |
Өзіндік құн ТӨ |
мың тг. |
762216 |
558965 |
1097361 |
335145 |
12 |
1 теңгеге шығын |
теңге |
1,05 |
0,83 |
0,90 |
-0,15 |
13 |
Өнімді өткізуден түскен табыс |
теңге |
824375,131 |
700449,0 |
1274649,341 |
450274,2 |
14 |
Өткізілген өнімнің өзіндік құны |
теңге |
715167,13 |
598189,0 |
1122768,758 |
407601,6 |
15 |
Жалпы кіріс |
теңге |
109207,983 |
102260,0 |
151880,583 |
42672,6 |
16 |
Нақтылы бағадағы ТӨ түскен таза табыс (шығыс) |
теңге |
-36025,979 |
20116,0 |
2822,338 |
38348,32 |
17 |
Табыс (шығыс) |
мың тг. |
-36576 |
113826 |
114736 |
151312 |
Информация о работе Маркетингті жоспарлаудың мәні мен мазмұны