Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2015 в 19:34, дипломная работа
Қазіргі кезде маркетинг кәсіпорындардың шаруашылық қызметін жоспарлау, өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың барлық жақтарын қамтуы тиіс. Бұл жағдай осы замандағы маркетингтің рөлі мен маңызы туралы көзқарастарға сәйкес келеді. Кәсіпорын қызметін басқару үшін қазіргі замандағы маркетинг біртұтас және жүйелі бағытта дамуы қажет.
КІРІСПЕ
1 КӘСІПОРЫННЫҢ МАРКЕТИНГ ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Маркетинг түсінігі, оның қызметі және принциптері
1.2 Кәсіпорынның маркетинг қызметін басқару әдістемесі
2 АҚ “ҚҰЛСАРЫМҰНАЙГАЗ” МАРКЕТИНГТІК ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1 Мұнай саласындағы маркетинг қызметінің дамуы мен қалыптасуы
2.2 АҚ “ҚұлсарыМұнайГаз”-дың экономикалық әлеуетін талдау
2.3 “ҚұлсарыМұнайГаз” басқармасының маркетинг қызметін ұйымдастыру
3 НАРЫҚ ЭКОНОМИКАСЫ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНДІРІСТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ МАРКЕТИНГ ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Мұнай саласында маркетингті басқарудың шетелдік тәжірибесін қолдану
3.2 АҚ “ҚұлсарыМұнайГаз” басқармасының маркетингтік стратегиясын жетілдіру
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ
Ескерту – Статистика мәліметтері бойынша құрылған
16-шы кестеде байқап отырғанымыздай мұнайға бай, тек қана экспорты басқа елдерді асып түсетін жер бұл – Парсы бұғазы. 2010 жылға дейін бұл өңірдің мұнайын экспорттау жылына 1053 млн тоннаны құрамақ. Басқа елдерде біз мұнайдың тапшылығын байқаймық. Мұнайды тым қажет ететін Азия – Тынық мұхиты өңірі.
17 кесте – Әртүрлі елдердегі ұлттық мұнайгаз компанияларын құру ерекшеліктері
Мұнай компаниясы |
Нарықтағы орны |
Құрылу себебі |
Құрылған кездегі нарықтағы жағдайы |
Мемлекетпен қарым -қатынас |
PDVSA Венесуэла |
Еншілес компаниялар арасындағы бәсеке |
1. Саладағы мемлекеттік |
Төмен |
Энергетикалық министрлігіне толықтай тәуелді |
Partamina Индонезия |
Монополия |
1. Саладағы мемлекеттік |
1. Компания басшысын мемлекет басшысы тағайындайды; 2.Шетел инвесторлармен өнімді бөлісу келісм шарттары жоғары дамыған, мемлекеттік үлес 60 - 80 пайыз | |
Pemex Мексика |
Монополия |
1. Саладағы мемлекеттік |
Төмен |
1. Компанияның бас директорын
мемлекет басшысы тағайындайды. |
Statoil Норвегия |
40 пайыздан астам өндіріс |
1. Саладағы мемлекеттік |
Дамушы |
1. Директорлар кеңесінің 9 қатысушыңын
6 қатысушы таңдайтын жалғыз |
JNOC Жапония |
1. Ішкі қажеттілікті қанағаттандыру. 2.НИОКР 3. Белгілі бір жобаны банк қаржыландырса гарант ретінде 60 пайыз зайымды төлейді. |
1. Ұкіметтің тәуелсіз органы, JNOS бюджетін құрады. 2. Мұнай қор жүйесінің |
Жалпы шетелдік мұнай саласындағы маркетингті басқару мен ұйымдастыру біздің елге қарағанда ерекше болып келеді. Шетелдік мұнай компаниялары өз елдерінде капиталдан, бюджеттен немесе үкіметтің кепілдігі арқылы жеңілдіктер алып тұрады. Қазақстанның бастапқы жағдайлары мен экономикасының дамуына ең жақын норвеждік және латиноамерикандық мемлекеттерді жатқызуға болады. Осыған байланысты төменде негізгі компаниялардың қызметін қарастырып кетсек.
Енді Малайзия тәжірибесіне келсек, PETRONAS негізгі қызметі – мұнай өндіру. Бұл қызмет келесі өндірістік қызметтерді қамтиды: геологиялық барлау, мұнай және газ өндіру, оларды өңдеу, маркетинг, дистрибуция, нефтехимиялық заттар және т.б. Сонымен қатар компания негізгі қызметтің стратегиясының дамуына мүмкіндік беретін мұнай бизнесіне қатысы жоқ жобаларға да қатысады. Өндірістің негізгі мақсаты:
“Statoil” – Норвегия, 18 платформасымен қамтылған және 17 жеке пайдаланатын су транспорты бар 20 шақты мұнай және газ кен орындарын иемденеді. Мұнай кен орындарындағы қызметті координациялауды Норвегияның өндіру және барлау басқармасы өткізеді. Басқарудың негізгі қызметі:
Компанияның газды тасымалдау бөлімі Еуропаға газды өңдеу, тасымалдау және маркетинг қызметтеріне жауапты. Компания Норвегия газының үштен бірін тасымалдайды. Норвегия газы Германияға, Францияға, Италияға, Испанияға, Нидерландыға, Бельгияға, Австрияға, Польшаға, Чехияға және Ұлыбританияға экспортталады. Маркетинг және өңдеу секторы тұтынушыға жеткізу, транспорттау, мұнай және мұнай өнімдерін сату мен таратуға, сонымен қатар, электр энергиясы және басқа да энергия түрлерінің тасымалдануына жауапты.
Жапония елінде қазіргі кездегі маркетинг 50 жылдарда пайда болды. Жапониядағы маркетинг қызметі Батыс елдеріне қарағанда жоғарырақ дамыған және әртүрлі елдің құрылымдық, геогрфиялық, тарихи факторларлар, әлеуметтік ерекшеліктерін білдіреді. Келесі факторлар Жапониядағы маркетинг қызметіне тікелей және жанама әсер етеді:
Жапония үкіметі 40–50 жылдардан бастап экономиканың көптеген секторларын қаржыландырып отырды. Сол кезден-ақ болашақта Жапония өндірісін дамытуда стратегиялық рөлді атқаратын жаңа технологиялар елге импортталды. Жапония үкіметі технология саласында негізгі алты “стратегиялық маңызы“ бар саланы атап көрсетеді (ұшақ жасау, қарулану, жарылғыш заттар, ядролық энергетика, космос, есептеуіш құралдар).
Жапониядағы маркетинг жүйесі тұтынушы сұранысына байланысты жоғары дамыған – оның қажеттілігі ескереліп, ең жоғарғы сапа мен қызмет көрсетулер арқылы қанағаттандырылады. Марктинг бөлімшелері материалдық өндірісіне қарағанда өндірістің қызмет көрсету саласында үлкен статусқа ие. 70 – жылдардан бастап маркетинг қызметі: сызықтық және аппараттық болып бөлінді. Өткізу арналарының бірнеше құрылымы бар:
Өткізуді жопарлау бөлімі – оның негізгі қызметі маркетинг саласында жоспарларды дайындау және нарықта әртүрлі қызметтерді координациялау. Сонымен қатар бұл бөлімде нарық құрылымын, бағаны, және сапалы өнімді жоспарлау да осында өтеді. Баға белгілеу стратегиясы өндіріс салаларында, тіпті компания арасында да ерекшеленеді.
ҚХР экономикасын басқаруды жақсартудың негізгі шарты болып, кәсіпорынның шаруашылық тәжірибесіне маркетингті енгізіу болып табылады. Маркетинг нарық экономикасы елдерінде кәсіпорынды басқару жүйесі ретінде жақсы жағынан көрсетті. Қазіргі кездегі Қытай экономикасына маркетингті енгізу идеологиялық проблемаларды шешуге байланысты. Төменде Қытай шаруашылық басқарушылардың арасында өріс алған үш маркетинг концепциясы берілген:
Қорытындылай келсек, нарықтық экономикасына өту барысында ірі және орта кәсіпорындар қазіргі кездегі маркетингті қолдануға қадам жасап, оны жетілдіру үстінде.
Қытай маркетингіне келетін болсақ, жалпы Қытайда өткізу арналары өте қарқынды даму үстінде. Мысалы, қазіргі кездегі дүние жүзіндегі киім-кешекті тігу мен өткізудің 70 пайызы, осы Қытай мемлекетіне тиеді. Бірақ осыған қарамастан Қытай мемлекетінің осал жерлерін атап айтуға болады. Келесі кестеде Қытайдағы маркетингтің дамуын тежеп отырған факторлар көрсетілген.
18 кесте – Қытайдағы маркетингтің дамуын тежеп
отырған факторлар
Негізгі проблемалар |
% респонденттердің жауабы бойынша |
Құралар жетіспеушілігі |
48,6 |
Мамандардың жоқтығы |
42,9 |
Маркетинг туралы білімнің жоқтығы |
40,0 |
Шарушылықтың дәстүрлік формасы, өзгерту өте қиын |
23,9 |
Маркетинг бөлімі жұмысын коор- динациялаудағы проблемалар |
8,6 |
Басқалар |
14,3 |
Жауаптарды қорытындылай келе көптеген кәсіпорындар маркетингтің енуіне құралдардың жетіспеушілігі деп көрсеткен яғни олар маркетингті үлкен шығындармен байланыстырады. Шындығына келгенде маркетинг үлкен шығындарды қажет етпейді. Келесі маркетингтік білімнің жетіспеуі мен дәстүрлік форманың өзгеріссіз қалуы, яғни бұл жерде кәсіпорындардың маркетингті түсінбеушіліктен туады. Ұлттық мұнайгаз компаниясы қызмет етуі ретінде араб моделін қарастырсақ, Иран мемлекетінің МОК мұнай компаниясын атауға болады. Мұнай өндіру бойынша компания екінші, ал газ өнімі бойынша әлемде сегізінші орынға ие.
Компанияның негізгі артықшылықтары төмендегідей:
Бірақ, әлемде жетекші орынға ие болса да компания келесі проблемаларымен кезігеді:
АҚШ “Эксон” корпорациясы – мұнай және газ саласының барлық бағытында, яғни барлау, өндіру, өңдеу, транспорттау және мұнайгаз маркетингінде және көмір сату қызметінде әлемде бірінші орынға ие. Мұнай өңдеу саласында “Эксон” бар зауыттарды модернизациялауға және метилтретбютшютті эфир алуға көп көңіл бөледі (МТБЭ). Компания қаржының көп бөлігін ғылыми зерттеу қызметіне жұмсайды, бұл өз кезегінде компаниянға жаңа технология және құрылғыларды шығарудан алғашқылардың қатарында болуға мүмкіндік береді. Корпорацияның химиялық компанияысының әлемнің 23 елдерінде 58 заводы бар. Компания өз қызметін келесі үш бағыт бойынша жүргізеді: негізгі химиялық өнімдер (олефин, парафин, күкір, мұнайлы кокс), полимерлер (полиэтилен, пропилен, поливинилхлорид, синтетикалық резина, этиленпропилен т.б) және арнайы өнімдер (мұнайхимия өндірісіне, мұнай өңдеу заводтарына, маркетингке, арнайы химиялық өндіріске және т.б қажетті көптеген заттардың қосындысынан тұрады).
90–жылдардың басында әлемдік
экономикада интеграциялану
Мұнай және мұнай
өнімдеріне конъюнктура
Әлемдік тәжірибені зерттей отырып Касспий теңізіндегі көмірсутек әлеуетін барлау үшін келесі үш деңгейді қарастырамыз:
Бірінші – теңіз мұнай өндірудің бастапқы деңгейі, консорциумның шетелдік қатысушылармен келісім – сөздер жүргізу;
Екінші – мұнай және газ тазалау және өндеу үшін құрғақ жерге негізгі құрал-жабдықтарды тұрғызу;
Үшінші – кешенді мұнайхимия индустриясын құру, тек қана касспий өңірі аймағын ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның бүкіл шаруашылығын қамтамасыз ететін болуы керек.
Информация о работе Мұнай саласындағы маркетинг қызметінің дамуы мен қалыптасуы