Мұнай саласындағы маркетинг қызметінің дамуы мен қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2015 в 19:34, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі кезде маркетинг кәсіпорындардың шаруашылық қызметін жоспарлау, өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың барлық жақтарын қамтуы тиіс. Бұл жағдай осы замандағы маркетингтің рөлі мен маңызы туралы көзқарастарға сәйкес келеді. Кәсіпорын қызметін басқару үшін қазіргі замандағы маркетинг біртұтас және жүйелі бағытта дамуы қажет.

Содержание

КІРІСПЕ
1 КӘСІПОРЫННЫҢ МАРКЕТИНГ ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Маркетинг түсінігі, оның қызметі және принциптері
1.2 Кәсіпорынның маркетинг қызметін басқару әдістемесі
2 АҚ “ҚҰЛСАРЫМҰНАЙГАЗ” МАРКЕТИНГТІК ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1 Мұнай саласындағы маркетинг қызметінің дамуы мен қалыптасуы
2.2 АҚ “ҚұлсарыМұнайГаз”-дың экономикалық әлеуетін талдау
2.3 “ҚұлсарыМұнайГаз” басқармасының маркетинг қызметін ұйымдастыру
3 НАРЫҚ ЭКОНОМИКАСЫ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНДІРІСТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ МАРКЕТИНГ ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Мұнай саласында маркетингті басқарудың шетелдік тәжірибесін қолдану
3.2 АҚ “ҚұлсарыМұнайГаз” басқармасының маркетингтік стратегиясын жетілдіру
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-кәсіпорындағы-маркетинг-қызметін-басқару.doc

— 729.00 Кб (Скачать файл)

2005 жыл Компанияның ішкі ресурстарының  дамуына, мүмкіндіктердің кеңеюіне  және жұмыс тиімділігінің максималды  жоғарлауына мүмкіндік беретін негізгі бағыт кадрларға және жұмыс шараларына көп көңіл бөлінеді деп қарастырылған. Мүмкіншіліктер және компанияның ішкі ресурстары – бұл компанияның алға қойылған стратегиялық мақсаттарды орындау мүмкіндігі. Сондықтан жетістікке жету үшін осы ішкі ресурстарды дамыту және кеңейту келесі салалар бойынша жүргізіледі:

    1. Капиталға салымдардың экономикалық тиімділігі жоғары болатын және оны шығындарды азайтып және өндірісті көбейте отырып, әлемдік стандарттар деңгейіне сәйкес қауіпсіздік техникасың көрсеткіштерін орындау.
    2. Адамдар – компания негізін, оның стратегиясын , күшін және жетістікке жетуін “ҚұлсарыМұнайГаз” біріккен қызметкерлер коллективі анықтайды. АҚ “ҚұлсарыМұнайГаз” компаниясының құндылықтары мен принциптерін негізге ала отырып,  компанияның ұзақ мерзімді перспективасының дамуын қамтамасыз ететін, қызметкерлердің профессианалдық білімі мен тәжірибесінің дамуына мүмкіншілік туғызады. 

Сонымен қатар 3 негізгі пункттен тұратын “2004 жылдың жұмыс қорытындыларына” сай бағдарлама құралған:

АҚ “ҚұлсарыМұнайГаз” – негізгі мақсаты бұл –  әрбір жұмысшыға жұмысына сай әділ еңбек ақы беру. Еңбек ақы төлемдері толықтай Қазақстан заңдарына сай келеді, өйткені еңбек ақы заңмен берілген минималды жалақыдан төмен емес.

АҚ “ҚұлсарыМұнайГаз” – еңбек ақыға байланысты саясаты бұл –Қазақстан заңдарына да сәйкес еңбек сапасына және еңбек көлеміне байланысты бірдей жалақы беру.

Компанияның базалық сағаттық ставка арқылы жалақыны төлеп отырады. Жұмысшылар өзінің дәрежесі бойынша базалық сағаттық негізде еңбек ақы алады. Бұл ставкаға жыл сайын сыртқы факторларды ескере отырып  (мысалы басқа компания жалақысы немесе Қазақстандағы инфляция) өзгерістер енгізіліп отырады.

2005 жылғы еңбек туралы есеп  беру қорытындысы бойынша талдау  жасасақ: Жалпы компаниядағы жұмысшылардың орташа саны –  853 адам, оның ішінде әйелдер саны 266. Өндірістік персонал – 752, әйелдер саны – 246; өндірістік емес сферада, яғни әлеуметтік сферада  – 18 адам, оның ішіндегі әйелдер саны – 11; шаруашылық үлгімен жұмыс істейтін персоналдың жалпы саны – 83, оның ішінде әйелдер саны – 9:

  • Ликвидациялық бригада – 29 адам;
  • Капқұрылыс бойынша бригада – 22 адам;
  • Капремонт бойынша бригада – 17 адам;
  • Экология бойынша бригада – 15 адам.

Еңбек ақы негізгі және қосымша бөлімдерден тұрады. Негізгі бөлігі тұрақты болса, қосымша –  үстемақы   мен сиақыдан тұрады. Ұйымда     жұмыскерлердің материалды қызығушылығын арттыру үшін  профессионалдық  шеберлігіне, басқа персоналды үйреткені үшін, жоғарғы біліктілігі үшін және компанияның жылдық қорытындыларына қарай қосымша үстемақылар мен сиақылар төленеді. Жыл сайын жұмысшылардың компанияның жетілуіне қосқан үлесі үшін марапаттау қорын жүргізеді. АҚ “ҚұлсарыМұнайГаз”  – әлеуметтік жауапкершілікті компания. Көптеген компаниялардың климаттық жағдайы және экологиялық еңбек жағдайының қиын екенін ескере отырып,  АҚ “ҚұлсарыМұнайГаз”  әлеуметтік сферасындағы ең негізгі бағыт – мұнайшылардың күнделікті өмірлік жағдайларын, тұрғын үй мәселесін  көтеру болып табылады. Құрылыстың негізгі объектісі – жетік технологиялармен қамтылған асханалар, қоғамдық мәдени объектілері, спорт кешендері, мұнайшыларға арналған тұрғын үйлер болып табылады.

Қазіргі кезде АҚ “ҚазМұнайГаз” және оның еншілес компанияларының қарамағында қазіргі заманғы профилактикалық және медециналық жетік технологияларымен қамтылған көптеген санаторлық-курорттық орындар бар. Солардың ішіндегі ең ірілері: “Кендерлі” кешені, “Мұнайшы” (Маңғыстау облысы), “Атырау” санаториясы (Атырау облысы), “Сұңқар” кешені (Ақмола облысы), “Алтын – Бұлақ” санатория-профилактикалық кешені (Оңтүстік Қазақстан облысы) және т.б.

Келесі кестеде АҚ “ҚұлсарыМұнайГаз” бойынша 2005 жылғы “Сұңқар” денсаулық көтеру кешенінде адам саны көрсетілген:

 

5 кесте – АҚ “ҚұлсарыМұнайГаз”  бойынша 2005 жылғы “Сұңқар” денсаулық  көтеру кешенінде адам саны

 

Еншілес компания аты

Денсаулық көтеру кешенінің, демалыс орындарының аты

Демалушы адамдардың жалпы саны

Ересек адамдар

Балалар

1

2

3

4

5

1

АҚ    "ҚұлсарыМұнайГаз"

"Сұңқар" денсаулық көтеру орталығы

-

2

Санатория "Таврида" Евпатория қ.

 

280

3

Санатория "Приморье" Крым

2

 

4

Санатория "ЦВСА" Алушта қ

   

5

Санатория "Қазақстан" Алматы

4

 

6

Санатория "Сарыағаш" Шымкент

2

 

7

Санатория "Атырау" Атырау қ

240

 

8

Санатория "Қамыскөл" Құлсары қ

116

 

9

Лагерь "Аян" Алматы

   

10

"Мигнон" Карловы - Вары

   

11

Басқа да ТМД және Қазақстан санаториялары

4

 

12

Барлығы

 

368

 



 Ескерту  – “ҚұлсарыМұнайГаз”-дің  деректері бойынша

 

АҚ “ҚұлсарыМұнайГаз” әлеуметтік саясаты – мұнайгаз саласындағы жұмысшыларға және олардың жан ұяларына, халықтың әлеуметтік әлсіз қабатына  емделуі, демалу және жоғары өндірісітік еңбекті қамтамасыз ету үшін ең қажетті және жайлы жағдайлар жасалған. Осыған байланысты компания, Ұлы Отан Соғысындағы жеңіске – 60 жылдықта соғыс ардагерлеріне әлеуметтік көмек көрсетуге байланысты   қайырымдылық акциясын өткізді. Осы айтылған акция шеңберінде әртүрлі әлеуметтік көмектер көрсетілді, соның ішінде мерекеге байланысты бір реттік ақшалай көмек, әртүрлі журналдар мен газеттерге тегін жазылу, дәрі-дәрмек алу үшін ақшалай көмек, қарттар үйін әртүрлі техникамен жабдықтау және т.б.

6 кесте – “ҚұлсарыМұнайГаз”  АҚ бойынша 2004 – 2005 жылдардағы негізгі  технико– экономикалық көрсеткіштер

Негізгі көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2004

жыл

2005

 жыл

Ауытқулар

+,-

(%)

1

Мұнай көлемі

мың тонна

1472

2600

928

177

2

Өнімінің өткізуден түскен табыс

млн тг

32203017

38893365

6690348

120

3

Жалпы табыс

млн тг

19735961

24163660

4427699

122

4

Тауар өнімінің өзіндік құны

млн тг

12467056

14729705

2262649

118

5

Еңбекақы  қоры

млн тг

694823

785144

90321

113

6

Персоналдың орташа тізімі

адам

836

853

17

102

7

1 теңгеге кеткен шығын

тиын

0,77

0,70

-7

91

8

Кезең шығындары

млн тг

10582653

12519380

1936727

118

9

Негізгі қызмет түрінен түсетін табыс

млн тг

9153308

11644280

2942498

127

10

Салыққа дейінгі табыс

млн тг

8831707

12099111

3267404

137

11

Таза табыс

млн тг

6475060

8807174

2332114

136

12

Өнім рентебельділігі

%

28,1

32,3

4,2

-

13

Өндіріс рентабельділігі

%

10,5

13,3

2,8

-

14

Сату рентабельділігі

%

20,1

22,6

2,5

-

15

Қор қайтарымдылығы

млн тг

0,53

0,6

0,07

113

16

Қор сиымдылығы

млн тг

1,9

1,7

-0,2

 

17

Қормен қарулану

млн тг

72154

76049

3895

105

18

Негізгі құралдардың жылдық орт құны

млн тг

60320516

64870201

91503

100,1

19

Айналым құралдарының  жылдық орт құны

млн тг

1494689

1596522

101833

107

20

1 жұм орт е/ақысы

мың тг

70540

72756

994

105




Ескерту – “ҚұлсарыМұнайГаз”-дың  деректері бойынша есептелінген

 

6 – шы кестеде көріп отырғанымыздай  өндірілген мұнай көлемі 2004 жылы 1472 мың тонна мұнайды құраған, ал 2005 жылы өндіріс көлемі өсіп, бұл көрсеткіш 2600 мың тоннаны құраған.

  Сонымен қатар,  өткізуден  түскен табыс, бұл жерде 2004 жылы  32203017 теңге болып, 2005 жылы 38893365 теңгеге артты немесе 120 пайыз. Бұл АҚ үлесін өсіру мақсатымен айқындалады. Яғни сапалы өнім шығару және өткізу бойынша мамандарды жетілдіру.

Кәсіпорынның жалпы табысын келесі формуламен есептелінеді:             жалпы табыс = Өткізуден түскен табыс - өнімнің өзіндік құны. 2005 жылы жалпы табыс 4427699 теңгеге көтеріліп 24163660 теңгенң құрады. Жалпы табыстың көтерілуі өткізуден түскен табыс пен өнімнің өзіндік құнының жоғарылауының әсерінен болып отыр.    

2004 жылы өнімнің өзіндік құны 21467056 тенге құрады.Екі жылдың айырмашылығы 2262649 мың тг болды, яғни 2005 жылы бұл көрсеткіш 14729705 теңгеге жетті. Өзіндік құн кәсіпорынның жалпы мінездемесі болып табылады, сол арқылы кәсіпорынның қаржылық деңгейін сипаттауға болады.

    Келесі көрсеткішті талдасақ, 2004 жылы Еңбек ақы қоры 6948230 теңгеге тең болды. Бұл көрсеткіш 2005 жылы өсіп  7851440 теңгені құрады.   АҚ “ҚұлсарыМұнайГаз” бойынша адам саны өсті, яғни персоналдың орташа тізімі 17 адамға немесе 102 % - ға өскен. Кәсіпорынның жылдан – жылға дамуы, кеңеюімен байланысты оған қосымша жұмысшылар керектігі айқын. Орташа айлық жалақысы 2005 жылы 72756 тг құрады.

Пайда арасындағы тікелей байланыстың бар екенін көрсететін көсеткіш бұл - өткізілген өнімнің 1 тг кеткен шығыны. Бұл көрсеткіш  жалпы және өнімді өткізуге кеткен шығындардың, өнімді өткізудегі бағаның қатынасына тең.  

1 тенге шығын = өзіндік құн+кезең шығыны/өткізуден түскен табыс                                   

2004 жылы 1 теңгеге кеткен шығын 0,77 теңгені құрады. Ал 2005 жылы бұл  көрсеткіш 0,70 - ке дейін төмендегенін  көреміз, яғни бұл жерде шығын  үнемделді деген сөз.

Кезең шығындары. Бұл көрсеткішке жалпы шығындар, өткізуге кеткен шығындар пайыз шығындары жатады. 2004 жылы бұл көрсеткіш 10582653 млн теңге болса, 2005 жылы 12519380 млн тг болды. Оған себеп болған өткізу бойынша шығындар мен пайыздарды төлеуге кеткен шығындар көлемі жоғары болған.

Негізгі қызмет түрінен түсетін табыс 2004 жылы 9153308 теңгені құрады, ал 2005 жылы бұл көрсеткіш  11644280– ке тең болды. Негізгі айырмашылық –2942498 ке тең. Оны біз келесідей есептейміз:

Негізгі қызметтен түскен табыс = жалпы табыс - кезең шығындары                                    

Таза табыс 2004 жылы 6475060 млн тенгені құрады, ал 2005 жылы бұл көрсеткіш  2332114 млн тенгеге жоғарылап  8807174 млн тенгені құрады.

Өнім рентабельділігін анықтау үшін келесі формула қолданылады:  

Өнім рентабелділігі =Таза табыс / Толық өзіндік құн * 100%

Бұл жердегі толық өзіндік құнды келесідей табамыз: 

Толық өзіндік құн = өзіндік құн + кезең шығындары

Кәсіпорынның өндірістік қызметін есептеуде ең негізгі көрсеткіштердің бірі болып – өндіріс рентабельділгі саналады. Өндіріс рентабельділігіне барлық әкімшілік шығындар жатады:

Өндіріс рентабельділігі = Таза табыс / ОС+ОПС *100%

Кәсіпорынның келесі көрсеткішін, яғни сату рентабельділігін келесідей есептей аламыз: Сату рентабельділігі = Таза табыс/өтк. түскен табыс

Қор қайтарымдылығы. Бұл көрсеткіш халық шаруашылығында, өндірісте көп қолданылады. Бұл көрсеткіш өткізуден табыс алу үшін қаншалықты активтер (құралдар) тиімді пайдаланатынын көрсетеді. Ол өндірілген өнім көлемінің негізгі өндірістік қордың орташа құнына қатынасы. Оның көлемі 2004 жылы 53,4 – ке, ал 2005 жылы 112 пайызға өсіп, 60 – қа жетті. Оны келесідей анықтадық:

Қор қайтарым =өнімді өткізуден түскен табыс/негізгі құрал (орт).

Қор қайтарымдылық көрсеткішіне кері көрсеткіш бұл - қор сиымдылығы, ол негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады. 2004 жылы қор сиымдылығы 187 көрсетіп, 2005 жылы бұл көрсеткіш төмендеп 166,7 кетті. Қор сиымдылығына жалпы капитал салымдарының үнемделуі мен ұлғаюы әсер етеді. Қор сиымдылығын  есептеу формуласы төмендегідей болады:  

Қор сиымд =негізгі қордың (орт)/ өнімді өткізуден түскен түсім.

Қормен қарулану, 2004 жылы бұл көрсеткіш 72153 мың тенге болса, 2005 жылы 76049 мың теңгеге жетті. Оны біз келесі формуламен анықтаймыз:

Қормен қарулану = негізгі қордың (орт)/жұмыс істейтін дер 

Қорыта айтқанда жалпы соңғы жылы кәсіпорынның экономикалық жағдайы өскенін байқаймыз. Әрине бұл үшін арнайы жұмыстар жүргізіліп, ұқыпты ұйымдастырылған, білікті мамандар көмегімен іске асырылады. Егер осы көрсеткіштер жыл сайын жоғарыласа, компанияның стратегиялық мақсаты, яғни мұнай көлемін арттыру мұмкін болады.

Қаржылық бөлім қаржылық қызметті басқарып,  жұмысшыларды, акционерлерді және басқа да тұлғаларға “ҚұлсарыМұнайГаз” мақсаттары мен жоспарлар шекарасында ақпаратпен қамтамасыз етіп консультациялар жүргізеді. Компанияның Қаржылық бөлімі бас менеджер басқаратын төрт негізгі бөлімшелерден тұрады.

экономика бөлімінің басшысы

Информация о работе Мұнай саласындағы маркетинг қызметінің дамуы мен қалыптасуы