Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2015 в 19:34, дипломная работа
Қазіргі кезде маркетинг кәсіпорындардың шаруашылық қызметін жоспарлау, өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың барлық жақтарын қамтуы тиіс. Бұл жағдай осы замандағы маркетингтің рөлі мен маңызы туралы көзқарастарға сәйкес келеді. Кәсіпорын қызметін басқару үшін қазіргі замандағы маркетинг біртұтас және жүйелі бағытта дамуы қажет.
КІРІСПЕ
1 КӘСІПОРЫННЫҢ МАРКЕТИНГ ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Маркетинг түсінігі, оның қызметі және принциптері
1.2 Кәсіпорынның маркетинг қызметін басқару әдістемесі
2 АҚ “ҚҰЛСАРЫМҰНАЙГАЗ” МАРКЕТИНГТІК ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1 Мұнай саласындағы маркетинг қызметінің дамуы мен қалыптасуы
2.2 АҚ “ҚұлсарыМұнайГаз”-дың экономикалық әлеуетін талдау
2.3 “ҚұлсарыМұнайГаз” басқармасының маркетинг қызметін ұйымдастыру
3 НАРЫҚ ЭКОНОМИКАСЫ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНДІРІСТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ МАРКЕТИНГ ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Мұнай саласында маркетингті басқарудың шетелдік тәжірибесін қолдану
3.2 АҚ “ҚұлсарыМұнайГаз” басқармасының маркетингтік стратегиясын жетілдіру
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ
Тұлұс мұнай кен орыны: Тұлұс мұнай орынының өндірістік құрылысы 1958 жылы 12 ақпанда басталды. Бұл жердегі мұнай өндіру негізі 1989 жылы “ТеңізМұнайГаз” өндірістік бірлестікпен жасалынған өндіру жобасымен жүргізіледі. 2004 жылы бұл жерден 2627 тонна мұнай және 69637 тонна су алынды. Бір скважинаға келетін орташа дебит 1,01 тонна мұнай және 30,1 тонна су.
Қисымбай мұнай кенорыны – Атырау облысының ембі ауданында, Атырау қаласынан оңтүстік батыста 210 км жерде орналасқан. Оның құрылымы 1961-1963 жылдары гравиметрикалық және сейсмикалық түсіру барысында анықталған. Бұрғылау ізденісі 1976 жылы басталды. Мұнай кенорыны 1978 жылы ашылды. Мұнай тығыздығы 871 - 881 кг/м3. газ құрамы: метан – 68 - 72, этан 5 - 7, пропан – 0,09 - 4,38. Ал азот – 12,17 пайызды құрайды.
Терең - Өзек мұнай кен орыны: Терең-Өзек мұнай кенорынының өндірістік құрылысы 1956 жылы басталды. Мұнай кенорынында екі мұнай алаңы бар: негізгі және солтүстік-батыс. Негізгі алаңда өндірісте жеті мұнай кеңістігі орналасқан. Ал солтүстік-батыс алаңында сегіз кеңістігі құрылған. Жалпы мұнайдың алғашқы қоры: баланстық – 36414 мың тонна, алынатын – 15016. өндірістің басынан бері – 12875 мың тонна мұнай және 254287,063 мың тонна су алынған.
Компания қоғамның алдында табиғат ресурстарын рационалды пайдалану, еңбек жағдайын қауіпсіздендіру, компания қызмет істеп жатқан жердің жұмысшыларының және халықтың денсаулығын қорғау, қоршаған ортаға өз қызметінің әсерін төмендету деген сияқты бірқатар жауапкершілікке ие.
Компанияның сапа, қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасымен байланысты келесі мақсаттарды айтуға болады:
Осы мақсаттарға жетудің бірден бір шешімі болып – компанияға халықаралық ISO 9001, ISO 14001 стандарттарына жауап беретін сапаны басқару, қоршаған ортаны қорғауды басқару және еңбектің қауіпсіздігін басқару жүйелерін құру және енгізу болып табылады.
Компанияның сапа, қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасымен байланысты келесі принциптерге негізделеді:
Экологиялық жағдайды көтеру үшін ескірген өндірістік базаны технико-материялдық жаңартулар үнемі жүргізіліп тұрады. Жалпы еншілес компанияларда шығындардың, лай сулардың және өндірістік қалдықтардың шығарылуына байланысты белгілі бір шекте лимиттер қойылған. 2005 жылы компанияның өндірістік бағдарламасын құру барысында прогрессивтік технологияларды және қоршаған ортаға әсері өте аз құрал – жабдықтарды орнату туралы сұрақтар қарастырылды.
Компания еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға байланысты қызметті ұйымдастыруды үнемі жақсартып отырады. Соңғы жылдары компания қоршаған ортаны қорғауға байланысты бөлінетін қаражатты көбейте бастады. Қоршаған ортаны қорғауға байланысты саясатқа инвестиция көтеруді жалғастыруда. Мысалы, АҚ “ҚазМұнайГаз” еншілес компанияларының экологияға байланысты шығындары 2005 жылы 115,6 млн. теңгені құрады.
АҚ “ҚұлсарыМұнайГаз” жұмыскерлері солтүстік-каспий, Құрманғазы жобаларына, Үкімет аралық Каспий экологиялық бағдарлама шеңберінде ұлттық және стратегиялық жоспарларының экспертизасына және оны дайындауда өз үлестерін қосты.
Қазіргі кезде бүкіл әлем алдында келесі проблемалар тұр – сапа проблемасы, қоршаған орта проблемасы және еңбекті қорғау проблемасы. Сапаны жақсарту – барлық қызметтің дамуына, жақсаруына әкелетін саясаттың негізі болып табылады. Сапа деңгейі – экономика дамуы деңгейінің сенімді индикаторы. Сапа жақсаруы ғылыми-техникалық прогреске және қоғамдық өндіріс тиімділігіне әсер етеді.
Кәсіпорынды басқарудағы әлемнің ең соңғы тенденциясы ретінде ISO 9000, ISO 14000, OHSAS 18001:1999 сериялы халықаралық стандарттарды басқарудың ең тиімді құралы ретінде енгізу және сертификаттау қызығушылық тудыруда. Менеджмент жүйесін сертификациялау – ішкі және сыртқы нарықта өнімнің және қызметтің бәсеке қабілеттілгің қамтамасыз ететін, қазіргі кездегі кәсіпорын дамуындағы ең қажетті деңгейі болып табылады.
Уақыт талабына сай АҚ “ҚазМұнайГаз” басқару құрылымына ISO 9000, ISO 14000, OHSAS 18001:1999 сериялы халықаралық стандарттарды енгізу туралы стратегиялық шешім қабылдады. Бұл жүйені іске қосу және енгізу бірнеше стадияға бөлінген. Қазіргі кезде бұл жүйе АҚ “ҚазМұнайГаз” орталық аппаратында және “ЕмбіМұнайГаз”, “ҚұлсарыМұнайГаз” және “ӨзенМұнайГаз” өндірістік еншілес компанияларының басқару аппараттарында енгізілу стадиясында. Алға қойылған жоспарларды орындау үшін еншілес компанияларда кәсіби мамандар және озық технологиялары бар сапаны басқару бөлімдер құрылған. “ҚұлсарыМұнайГаз” компаниясының технологиясы жабдықтаушы қызметінің сапасын жақсартуға бағытталған. Аталған технология – бұл әрдайым сапаны жақсартуға бағытталу арқылы қызметті және материалдарды сатып алу жүйесін жақсартуға болатын құрал ретінде қарастырылады. Ал қызметке үлкен талаптар қойылған.
“ҚұлсарыМұнайГаз” жеткізу сапасын көтеру программасы сатып алуды және қызметті жақсартады, өйткені ол сапаны үнемі көтеруге және сатып алынған өнімдердің жалпы құнын төмендетуге бағытталған. Осы программаны орындау үшін тұтынушылардан, жабдықтаушылардан, материалдық-техникалық жабдықтау мамандарынан тұратын арнайы топтар құрылған.
Программаның негізгі этаптары: материалдарды таңдау, товармен жұмыс істейтін топтарды құру, сатып алынған өнімнің жалпы құнын талдау. Жабдықтаушыларды таңдау және бағалау.
Бағдарлама деңгейлері:
А. Товарды таңдау
В. Өнімді сатып алу бөлімін құру: Топты құру барысында келесі талаптарды ескеру керек: ұқсас құрылым; көп бағыттылық; қиын қарым-қатынас; эксплуатация; объектіні жобалау; мат. техникалық жабдықтаумен басқару; сапаны бақылау; ізденіс және жобалау; қаржыландыру.
Ескерту: материалдық-техникалық жабдықтау тобының бөлімі тауар санының көп болуына талпыну керек.
С. Сатып алынған өнімнің жалпы құнына талдау жасау:
Сатып алыңған өнімнің жалпы құны әдетте кейбір жағдайларда анықауға қиын бірнеше тіке және жанама шығындардан құрылады. Бірақ бұған қарамастан анализді дұрыс жасағанда шығатын бөлек алынғандағы сома, алынған өнім және қызмет пен таурды пайдалану кезінде тура дәлдікпен шығуы мүмкін.
Д. Жабдықтаушыны таңдау және бағалау.
Жабдықтаушыны таңдау және бағалау келесі этаптарды қамтуы қажет:
“ҚұлсарыМұнайГаз” басқармасының қарамағында бірнеше мұнай құбырлары бар. Төменде мысал ретінде Қисымбай – ең ірі мұнай құбырының мұнай дайындау технологиялық регламенті және технологиялық сызбасы, сонымен қатар мұнайдың физико – химиялық қасиеті көрсетілген.
4 кесте – Қисымбай мұнай кен орынының физико-химиялық қасиеті
Қасиеті |
Өлшем бірлігі |
интервал |
Горизонттың орналасу тереңдігі |
м |
1650 |
Алғашқы пласттың қысымы |
МПа |
14,08 - 16,97 |
Қанығу қысымы |
м3/тн |
10 - 11,5 |
Газдық фактор |
доли ед |
87 |
Пористость |
г/см3 |
0,11 - 0,33 |
Тығыздығы |
мкм2 |
0,8936 |
Өтімділігі |
сст |
0,001 - 3,39 |
20.0 ғы тұтқырлығы |
% |
30,68 |
Күкірт |
% |
0,57 |
Смол |
% |
7,5 |
Асфальтен |
% |
3,7 |
Парафин |
% |
0,56 |
Ескерту – “ҚұлсарыМұнайГаз”-дің деректері бойынша
Жоғарғы көрсеткіштерді талдасақ келесі нәтижелерге келе аламыз: Жалпы Қисымбай мұнай кен орнынан алынатын мұнай құрамы барлық қазақстан мұнай кен орындарынан өте қатты ерекшеленбейді. Кестеде көріп отырғанымыздай мұнай құрамында парафин өте көп, бұл өте жақсы көрсеткіш емес, яғни парафиннің көптігінен мұнай өте қарапайым температурада тез қата береді, оны сұйыққа айналдыру үшін көптеген энергия жұмсалады. Парафиннің қалыпты көлемі 0,22 – 0,30 аспау керек. Ал біздің мысаламызда ол 0,56 көрсетеді. Горизонттың орналасу тереңдігі басқа кен орындарға қарағанда жақынырақ орналасқан. Бұл мұнайдың оңай алынуың қамтамасыз етеді, яғни 1650 метр қазақстан жағдайында қалыпты тереңдік болып саналады.
Күкірт, смол және асфальтен құрамы бұл жерде қалыпты жағдайдан өте жоғары. Мысалы, күкірттің көлемі – 0,30 дан, смоланың көлемі – 5,6, ал асфальтен көлемі – 3,1 аспау керек.
Жалпы Қисымбай кен орнында мұнай дайындау технологиялық регламенті келесідей: 40 – 45 пайыздық сулы және 7 – 10 мың мг/л хлорлы тұз мұнай эмульсиясы Аққұдық және Қисымбай промысылынан шығып мұнай 1-ші деңгейлі мұнай газ себераторына (НГС – 1) бағытталады. Оған кіре берісінде 184 г/т мөлшерінде деэмульгатор жіберіледі. Отсипарирленген газ НГС – 1 – тен шығып газ себераторы (ГС) арқылы өзіндік тұтыну қажеттіліктерге және факельге барады, ал сұйықтық ОГ – 200 сияқты отстойникке келіп құяды. ОГ – 200 ге келіп құйған су жинала келіп буферлік сыймдылыққа жеткізіледі, ал мұнай болса, мұнай қыздыру тұрба пеші (ПТ 16 – 150) арқылы 2-ші деңгейлі мұнай газ себераторына (НГС – 2) жіберіледі. НГС – 2 ге кіре берісте эжектор арқылы шайылатын мұнайдың сапасына байланысты жалпы көлемнің 12 пайызындай 60 – 80 t температураға сай келетін тұщы су беріледі. Содан кейін пласттық судан тұнығу үшін сұйықтық ЭГ – 200 деп аталатын электро- дегидраторға бағытталады. Тұссызданғаннан кейін мұнай ең соңғы себератор-дан (КСУ) өтіп технологиялық резурвуарларға түседі. Резервуарлар толғаннан кейін мұнай эмульсиясы 30 минуттан кем емес уақыт тұндырылып, тексеруші жұмысшылармен мұнайдың құрамындағы хлорлық тұзын анықтау үшін мұнайдың аз көлемін тексеруге алады. Кондициялық (қалыпты) мұнай құрамын алғаннан кейін мұнай центробеждік насос (ЦНС 60/264) арқылы “Опорная” мұнай өткізу (ПСН) тауарлық паркіне жеткізіледі. Ал егер де алынған мұнай құрамы стандартқа сәйкес келмесе ішкі насос (НБ 50) арқылы мұнай бірінші мұнай себерациясына жіберіледі, сонымен болған процесс қайталанады. Электродегидратор және буферлік сиымдылықта жатқан су (БЕ –100) К –150 насосы арқылы патрондық фильтірі бар отстойникке (ОПФ – 200) құйылады. Содан соң ОПФ – 200-ден көлемі V= 400 м3 және PBC №6 резервуарға жиналады. Осы жерде жиналған су, пластағы қысымды сақтау мақсатымен, НБ – 125 насосы арқылы айдалады.
“ҚұлсарыМұнайГаз” басқармасының өндірісті басқару құрылымы өте күрделі емес. Басқарудың үлкен бөлігі әртүрлі мұнай кенорындарын басқарумен сипатталады. Жалпы басқарудың барлық құрылымы “ҚұлсарыМұнайгаз” басқармасының басшысына бағынады. Оған әртүрлі жағдайларда есеп беретін алты құрылым бағынады:
Информация о работе Мұнай саласындағы маркетинг қызметінің дамуы мен қалыптасуы