Қазақстан Республикасындағы сүт өнеркәсібінің бәсекелік қабілеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2015 в 22:00, курсовая работа

Краткое описание

Әсіресе сүт саласының Облыстағы және Қазақстандағы негізгі көрсеткіштеріне, «ФудМастер – Шымкент Компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің пайдасы мен халыққа көрсететін қызметтеріне талдау жасау арқылы, оны жетілдіру жолдары бойынша ұсыныстар берілген.

Содержание

Кіріспе …………………………………………………………………………… 3
1. «ФудМастер» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .5
2. «ФудМастер» КОМПАНИЯСЫНЫҢ СҮТ ӨНІМДЕРІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
2.1 Сүт. Сүт құрамы……………………………………………………...……… 7
2.2 Сүт қышқылының ашуы……………………………………………………..9
2.3 Сүт өндеру технологиясы…………………………………………………..14
2.4 «ФудМастер» компаниясының өнімдері…………………………………..15
3. «ФудМастер» КОМПАНИЯСЫНЫҢ САПА САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТЫ………………………………………………………………………..16
4. САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ
4.1 Сапа менеджмент жүйесін сертификаттау…………………………………17
5. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СҮТ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
5.1 Қазақстан Республикасындағы сүт өнеркәсібінің бәсекелік қабілеті….19
5.2 Қазақстандағы сүт өнімдерінің қазіргі жағдайы және қызметі………...20
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………...22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТlЗlМl………………………………………24

Вложенные файлы: 1 файл

ЖШС «СМАК» Айтокпаксүт өндіретін кәсіпорынға сапа менеджмент жүйесін орнату.doc

— 195.50 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

 

 
Кіріспе ……………………………………………………………………………   3

1. «ФудМастер» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .   .5

2. «ФудМастер» КОМПАНИЯСЫНЫҢ СҮТ ӨНІМДЕРІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

2.1  Сүт. Сүт құрамы……………………………………………………...………   7

2.2  Сүт қышқылының ашуы……………………………………………………..9

2.3  Сүт өндеру технологиясы…………………………………………………..14

2.4  «ФудМастер» компаниясының өнімдері…………………………………..15

3. «ФудМастер» КОМПАНИЯСЫНЫҢ САПА САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТЫ………………………………………………………………………..16

4. САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ

4.1 Сапа менеджмент жүйесін сертификаттау…………………………………17

5. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СҮТ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ 

5.1    Қазақстан Республикасындағы сүт өнеркәсібінің бәсекелік қабілеті….19

5.2    Қазақстандағы сүт өнімдерінің қазіргі жағдайы және қызметі………...20

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………...22 
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТlЗlМl………………………………………24

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі қысқа мерзімнің ішінде қоғамның өмір тіршілігін өзгертіп, жаңа саяси жүйе қалыптастыруда экономика мен әлеуметтік салаларды реформалауда іргелі табыстарға қол жеткізді. 
Қазақстан Респубикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтің Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсеткендей «Қазақстан ауыл шаруашылығы мен экономиканың басқада салаларын дамытуға үлкен мүмкіндігі бар. Ауыл шаруашылық шикізатын өндіру және өңдеу саласында аграрлық өндірісті тұрақтандыру экономикалық дамудың негізі ретінде үлкен көңіл бөлу қажет» (2000 – 2002 ж.ж. Ауыл шаруашылық өндірісін дамыту бағдарламасы). Сонда ғана Отандық агробизнес ұлттық экономиканың, әсіресе Қазақстан халқының 44 пайызының әл-ауқатының артуына жағдай жасай алады, жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін отандық ауыл шаруашылық шикізатымен жабдықтау көлемі мен сапасын ұлғайтып, экономиканың шикізаттық бағытын жоюға мемлекеттің азық - түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  
Республикалық кеңесте (31.01.05.) Қазақстан Президенті ауыл шаруашылығының өркендеуі - халықтың өркендеуі, Отанымыздың өркендеуі екендігін баса айтып, атқарушы органдардың алдына нақты міндеттер қойған болатын. Атап айтқанда: «Агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық елді мекендердің дамуын мемлекеттік реттеу туралы» Заң жобасын әзірлеу: ауыл шаруашылық өнімін өндіру мен өңдеуде кластерлік тәсілді кеңінен қолдану; ауылдық тауар өндірушілерге ақпараттық - консультациялық қолдауды күшейту, шетелдік тәжірибелерді игеру, ауыл шаруашылық құрылымдарының халықаралық стандарттарға көшуін жеделдету; ауылдың көліктік инфрақұрылымын дамыту; ауыл шаруашылығын несиелеудің тиімді әдістерін ойластыру; ауыл шаруашылық құрылымдарында тиімді менеджментті дамыту; ауыл шаруашылық ғылымын басым дамыту; орта және ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындарын дамыту; әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту.  
Қазақстан - мал шаруашылығы дамыған ел болып табылады және ол республиканың алдыңғы қатарлы саласы ретінде жалпы ұлттық өнім құрылымында 32% үлеске ие, ол ауыл шаруашылығы өнімдерінде -15% алады.

Сүт өнеркәсібі халық шараушылығының маңызды саласы, сондықтан сүт және сүт өнімдерін өндіру тиімділігі халықтың өмірсүру деңгейіне әсер етеді. 
Елдің азық – түлік қауіпсіздігі елдің тәуелсіздігін қамтамасыз ете отырып, халықтың сапалы өнімдерді тұтынудың тұрақты кепілі болады.  
Бұл жұмыста Республика және Оңтүстік Қазақстан облысындағы сүт өнеркәсібінің жалпы жағдайы және оны басқару тиімділігі, маңызы қарастырылады.

Әсіресе сүт саласының Облыстағы және Қазақстандағы негізгі көрсеткіштеріне, «ФудМастер – Шымкент Компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің пайдасы мен халыққа көрсететін қызметтеріне талдау жасау арқылы, оны жетілдіру жолдары бойынша ұсыныстар берілген. 
Әлемдегі сүт өнеркәсіптерінің даму жағдайын ескере отырып, сүт және сүт өндірісінде инновациялық технологияны ендіру арқылы алға шығуға болатындығын атап өтуге болады, себебі бұл салада потенциалды оның дамуына мүмкіндік берітінін көрсетеді және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша келесі елдердің тәжирбесін қолданса болады: Канада, Франция, Ұлыбритания және т.б.

2007 жылы сәуір айында Қазақстан  Республикасының Президентінің  Халықа Жолдауында атап өткендей 2005 жылы ауыл шаруашылығы секторында өнім бәсекелестігін қамтамасыз ететін өндірістің негіздері құрылуы қажет, өнім өндіру және тұтыну нарықтарының теңдігі сақталып, экспортқа бағыттылықты дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуі қажет. Сүт өнеркәсіптерінің қазіргі уақыттағы негізгі мәселесі, жоспарлау қызметін ұйымдастыру мен ауыл шаруашылығы және өндірістік кәсіпорындардың бірігуінің қиындығы болып табылады. Сондықтан бұл жұмыста сүт саласындағы негізгі мәселелер қарастырылып, оны шешу бойынша ұсыныстар берілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. «ФудМастер» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ

 

«ФудМастер» Компаниясының тарихы 1995 жылы жас бизнесмендердің сүт өндіру шаруашылығы дәстүрлі түрде кеңінен дамыған Қазақстанда йогурт деген керемет өнімді білмейді және шығармайды деген мәселені көтеріп жүрген кезден басталады. Есік қаласындағы сүт зауытының цехын жалға алып, «ФудМастер» түрлі-түсті үлкен стақандағы «Crystal Lake» дәмді йогуртын шығарды. Кәсіпкерлер егер йогурт шығара алсақ, басқа да «сүт спектрін» игеріп кетуге болады деген шешімге келді. «ФудМастер» компаниясы Қазақстан нарығында көшбасшылық орынға шығуды мақсат етіп қойды. Есік сүт зауытындағы алғашқы табыс Қазақстандағы сүт бизнесі пайдалы болатындығын көрсетті. Жыл сайын Компания Республиканың түрлі аймақтарындағы зауыттарды меншігіне ала бастады. Еліміздің бірнеше аймақтарында «ФудМастер» Компаниясы сүт қабылдайтын пункттер желісін ашты: жекеменшік аулаларды иесінің меншігіне қалатындай шарттармен жалға алып, оны сүт жинайтын швед резервуарларымен және қабылдаған сүтті сараптайтын құрылғылармен жабдықтады. Ауыл адамдарына көлік, бұзаулар сатып алуға несие берілді. Сүт зауыттарға бұлақ болып ақты. Қазіргі таңда компанияның Республиканың түпкір-түпкірінде филиалдары, 4 зауыты және кең тараған сүт қабылдайтын орындар желісі бар. Сүт өнімдерін өндіруге пайдаланылатын шикізаттың бәрі мұқият сұрыпталады және жоғары сапасымен ерекшеленеді. «ФудМастер» компаниясының негізгі мақсаты Қазақстанда сүт өндірісін дамыту, Республика халқын әлемдік сапа стандартына сәйкес өніммен тұрақты қамтамасыз ету болып табылады.

2010жыл. Қазақстан Тұтынушыларының Ұлттық Лигасы Өнім атауы: «ФудМастер» айраны Марапаты: «Мінсіз» халықтық сапа белгісі 2009жыл

Республикалық байқау Өнім атауы: Ряженка «ФудМастер», майлылығы 3,5%., «Био-С» Марапаты: 1 дәрежелі диплом Республикалық байқау Өнім атауы: Йогурттар мен сүзбе өнімдері Марапаты: 1 дәрежелі диплом Республикалық байқау Өнім атауы: «ФудМастер» қаймағы, майлылығы 15% Марапаты: 1 дәрежелі диплом

2008жыл.FOODWEEK 2008 халықаралық тамақ өнеркәсібі апталығы Өнім атауы: ФудМастер айраны Марапаты: «2008 жылғы Қазақстан нарығындағы үздік өнім» FOODWEEK 2008 халықаралық тамақ өнеркәсібі апталығы Өнім атауы: «Лактония» айраны Марапаты: «2008 жылғы Қазақстан нарығындағы үздік өнім» FOODWEEK 2008 халықаралық тамақ өнеркәсібі апталығы Өнім атауы: «Лактония» сұйық йогурті Марапаты: «2008 жылғы Қазақстан нарығындағы үздік өнім» FOODWEEK 2008 халықаралық тамақ өнеркәсібі апталығы Өнім атауы: «ФудМастер» қаймағы Марапаты: «2008 жылғы Қазақстан нарығындағы үздік өнім»

2007жыл.FOODWEEK 2007 халықаралық тамақ өнеркәсібі апталығы Өнім атауы: «ФудМастер» айраны Марапаты: «2007 жылғы Қазақстан нарығындағы үздік өнім» FOODWEEK 2007 халықаралық тамақ өнеркәсібі апталығы Өнім атауы: «ФудМастер» қаймағы Марапаты: «2007 жылғы Қазақстан нарығындағы үздік өнім» FOODWEEK 2007 халықаралық тамақ өнеркәсібі апталығы Өнім атауы: шоколад құймадағы «ФудМастер» сүзбелі жеңсік асы Марапаты: «2007 жылғы Қазақстан нарығындағы үздік өнім» FOODWEEK 2007 халықаралық тамақ өнеркәсібі апталығы Өнім атауы: «ФудМастер» ұсынған «Үй» сүзбесі Марапаты: «2007 жылғы Қазақстан нарығындағы үздік өнім» FOODWEEK 2007 халықаралық тамақ өнеркәсібі апталығы Өнім атауы: «ФудМастер» ұсынған «Үй» сүті Марапаты: «2007 жылғы Қазақстан нарығындағы үздік өнім»

2006жыл.FOODWEEK 2006 халықаралық тамақ өнеркәсібі апталығы Өнім атауы: «ФудМастер» айраны Марапаты: «2006 жылғы Қазақстан нарығындағы үздік өнім» FOODWEEK 2006 халықаралық тамақ өнеркәсібі апталығы Өнім атауы: «ФудМастер» қаймағы Марапаты: «2006 жылғы Қазақстан нарығындағы үздік өнім» FOODWEEK 2006 халықаралық тамақ өнеркәсібі апталығы Өнім атауы: «ФудМастер» сүзбелі жеңсік асы Марапаты: «2006 жылғы Қазақстан нарығындағы үздік өнім» FOODWEEK 2006 халықаралық тамақ өнеркәсібі апталығы Өнім атауы: «ФудМастер» сүзбешелері Марапаты: «2006 жылғы Қазақстан нарығындағы үздік өнім» FOODWEEK 2006 халықаралық тамақ өнеркәсібі апталығы Өнім атауы: «ФудМастер» ұсынған «Үй» сүзбесі Марапаты: «2006 жылғы Қазақстан нарығындағы үздік өнім»

Алматы қаласы.  «ФудМастер» Компаниясының бірінші зауыты Алматы облысының Есік қаласында орналасқан. «ФудМастер-Алматы» кәсіпорнының негізі 1995 жылы қаланды. Білікті мамандар тобы кәсіпорынды көшбасшылық орынға шығара білді. Сүт зауыты тәулік сайын жүз тоннадан артық сүт өндіреді. Зауыт өнім құятын жоғары технологиялы, заманауи желімен жабдықталған. 2001 жылы құбырларды жуатын автоматты қосжелілі станция және қуаты сағатына 50 000 литр суды құрайтын СІР құрылғысы орнатылды. Жоғары технологиялы құрылғы өндірілетін өнімнің мінсіз сапасын қамтамасыз етеді. 2001–2002 жылдары Есік сүт зауытын жаңартуға 2 млн. АҚШ доллары жұмсалды. Енді бұл зауыт жабдықтандырылуы бойынша еуропадағы жетекші кәсіпорындардан қалыспайды.

  Шымкент қаласы.1998 жылы «ФудМастер» Оңтүстік Қазақстан облысының Көксәйек ауылындағы май -ірімшік шығару зауытын иеленді. 7 жыл бос тұрған зауыт «ФудМастер» Компаниясының арқасында қайта іске қосылды. Қуаты күніне 30 тоннаға дейін жететін зауытта Қазақстан нарығында үлкен сұранысқа ие айран, био-айран және сүт шығарылады. «Хугарт» және «Роверси» заманауи технологиялық желілері заман сұранысына сай, сапалы өнімнің түр-түрін шығаруға мүмкіндік береді. Жергілікті тұрғындардан тұратын жұмысшылар өз ісінің мамандары және үнемі даму үстіндегі кәсіпорын табысының негізгі көзі болып табылады. 2003 жылдың тамызында «ФМ – Шымкент» Компаниясы ISO — 9001 өнімін шығару мен сүт өңдеу саласында менеджмент сапасы жүйесіне сәйкестігі жөнінде халықаралық сертификатты иеленді.

Павлодар қаласы. 2008 жылы «ФудМастер» Компаниясы Павлодар қаласындағы «Сүт» АҚ сүт зауытын меншігіне алды. Зауытта 2008–09 жылдары халықаралық стандарттарға сәйкестендіру бойынша ауқымды қайта құру жұмыстары жүргізілді, енді Павлодар зауыты Қазақстанда өнім шығару сапасы бойынша ең үздіктердің қатарына енді. Қазіргі таңда «Сүт» АҚ зауыты жоғары сапаға кепілдік беріп қана қоймай, сүт өнімдеріне консервант қоспай ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік беретін заманауи құрылғылармен жабдықталған және өндірісте әлемдік үздік технологияларды пайдаланады. Бұл мүмкіндіктерге мына жаңалықтардың арқасында қол жеткізілді:

Технологиялық режимді деңгей бойынша бақылап отыратын құбырлар жүйесін енгізу:

Тазалау мен санитарлық өндеудің жаңа жүйесін орнату өнім түрлерін жуғыш ерітіндінің циркуляциясы арқылы тиімді тазалауды қамтамасыз етеді және өнімді шығарғанға дейінгі зиянды микроорганизмдерді жоюға әсер етеді;

Қапталғаннан кейінгі салынатын өнімді 3 сағатта 4°С дейін салқындататын тоңазыту туннелін орнату;

Мүмкін болатын кемшіліктерді уақытында жойып отыру үшін шығарылатын өнім қасиеттерін өндіру кезінде толығымен бақылап отыратын жеке сапа бөлімін ұйымдастыру.

Енді «Сүт» АҚ зауытының заманауи жабдықтарының қуаты жаңа сауылған сүт өнімдерімен Павлодар қаласын ғана емес, Республиканың басқа да аймақтарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

2. «ФудМастер» КОМПАНИЯСЫНЫҢ СҮТ ӨНІМДЕРІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

 

2.1  Сүт. Сүт құрамы

Сүт – барлық жастағы адамдар үшін жұғымдылығы жоғары оңай сіңетін өнім. 100 грамм сүтте 3 грамға жуық белок, 3,2 грамм эмуль-гацияланған оңай сіңетін май, көптеген мөлшерде оңай сіңірілген кальций мен фосфор қосындылары, сондай-ақ белгілі мөлшерде А1, В2, Ддәрумендері бар және де жазғы уақытта сиыр сүтіндегі бұл дәрумендер қыстағыдан едеуір көп болады. 100 грамм сүт организмге 60-қа жуық килокалория береді. Сүт белогы негізінен, казеиннен (2,7 %), лактальбуминнен (0,4 %) және лактоглобулиннен (0,1%) тұ-рады. Сүт ақуызының 75-96 пайызы ағзаға сіңімді келеді. Құрамындағы лактоза не сүт қанты тез ашиды. Бұл қасиетті сүт ашытуда пайдаланылады. Минерал заттары органикалық және бейорганикалық қышқыл тұз- дары түрінде кездеседі. Сондай-ақ, 60-тан астам фермент, әр түрлі гормон (окситоцин, пролактин, фолликулин, адреналин, инсулин т.б.), иммундық заттар (антитоксин, глотинин, онсонин т,б,), газдар (СО2 , О2, Н2, NH3), микроорганизмдер болады.

Сүтті пісіріп, бетіндегі қаймағын алып жеп, өзін ішеді, сүттен әртүрлі тағамдар әзірленеді. Сүтті тартып, шикі қаймақ алады. Ешкінің сүтін емге ішеді. Қымыз – биенің сауылған сүті – саумалды ашытып, күбіде пісіп, дайындайды. Өте шипалы, адам жанына күш-қуат беретін сусын. Сүт – адам мен сүтқоректі жануарлардың сүт безінде лактация кезеңінде түзілетін сұйық зат. Сүт – бағалы тағамдық өнім. Ана босанғаннан, мал төлдегеннен кейін алғашқы күндері сүт уыз түрінде шығады. Ана сүттінің уызы сәбиді әр түрлі аурулардан қорғайтын затқа (антиденелерге) бай. 7 – 10 күн өткен соң сүттің әдеттегі құрамы қалыптасады. Ана сүтінің құрамы сәбиге қажетті қоректік заттар, гормондар (әсіресе, қалқанша бездің гормоны), ферменттер, белоктар, көмірсулар мен витаминдерге бай болғандықтан сәбидің организмі оны жақсы сіңіреді. Сондай-ақ сүт құрамындағы минералды тұздардың (кальций мен фосфор) сәбидің қаңқа сүйегінің қалыптасуына әсері зор. Сондықтан баланың дұрыс дамып, өсуі үшін жас сәбиді ана Сүтімен емізудің маңызы өте зор. Мал сүті – құнды тағамдық зат, одан әр түрлі сүт тағамдары, май, балмұздақ, т.б. жасалады. Адамның күнделікті тағамдық рационында сиыр сүті көп пайдаланылады. Сиыр сүтінің құрамында су (87,5%),сүт қанты (4,7%),  май (3,9%), белоктар (3,3%),  минералды заттар (0,7%),  витаминдер мен ферменттер бар. Мал сүтінің құрамындағы белоктар: альбумин – жас организмнің өсуі; глобулин – иммунитеттің қалыптасуы үшін қажет. Сүт майы глицеридті қоспалардан тұрады. Салқындатылған сүтте май түйіршіктерінің диам. 0,1 – 20 мкм болатын суспензия, ал жаңа сауылған сүт пен ысытылған сүтте эмульсия түрінде болады. Осы түйіршіктер сүт біраз тұрғаннан кейін оның бетіне кілегей болып жиналады. Сүт лактозасы (дисахарид) – таза күйінде ақ түсті, кристал тәрізді ұнтақ. Оны айран, қымыз ашыту үшін және медицинада, бактериологияда қоректік орта дайындау үшін қолданады. Сүттің минералдық құрамы: макроэлементтер (кальций, фосфор, натрий, калий күкірт, хлор, магний, т.б.) мен микроэлементтерден (цинк, мыс, темір, күміс, т.б.) тұрады. Сондай-ақ ферменттер, гормондар, иммунды денелер, газдар да кездеседі. Сүт құрамындағы вегетативті микробты (оның ішінде патогендік түрін) жою үшін пастерлеу әдісін қолданады. 

Сүт құрамы. Сүт құрамы, мал сүтінің құрамы 100-ден аса қосылыстардан түзілген әр түрлі заттардан тұрады. Сүтте кездесетін 30-ға тарта май қышқылдарының бір-біріне арақатынасы одан дайындалатын сары майдың дәміне, сапасы мен сақталу қасиеттеріне үлкен әсерін тигізеді. Сүт белогы – жануартекті белоктардың ішіндегі ең бағалысы әрі сіңімдісі. Ол казеин, альбумин және глобулиннен тұрады. Ірімшік, сүзбе өндірісі казеиннің ұлтабар ферменті, т.б. әлсіз қышқылдардың әсерінен ұюы қасиетіне негізделген. Альбумин жас ағзаның дұрыс өсіп-жетілуін, глобулин әр түрлі ауру тудырушы микроорганизмдерден ағзаның қорғаныс қабілетінің төмендемеуін қамтамасыз етеді. Сүтте адам мен жануарлар ағзасына қажетті барлық амин қышқылдары, 50-ден аса макро және микроэлементтер, 40-қа тарта витамин, ферменттер, сондай-ақ тотығу, орын басу, зат алмасу процестерінің қалыпты жүруін, сүттің бактерицидтік қасиеттерін қамтамасыз ететінгормондар мен иммунды денелер көптеп

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы сүт өнеркәсібінің бәсекелік қабілеті