Қазақстан Республикасындағы сүт өнеркәсібінің бәсекелік қабілеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2015 в 22:00, курсовая работа

Краткое описание

Әсіресе сүт саласының Облыстағы және Қазақстандағы негізгі көрсеткіштеріне, «ФудМастер – Шымкент Компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің пайдасы мен халыққа көрсететін қызметтеріне талдау жасау арқылы, оны жетілдіру жолдары бойынша ұсыныстар берілген.

Содержание

Кіріспе …………………………………………………………………………… 3
1. «ФудМастер» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .5
2. «ФудМастер» КОМПАНИЯСЫНЫҢ СҮТ ӨНІМДЕРІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
2.1 Сүт. Сүт құрамы……………………………………………………...……… 7
2.2 Сүт қышқылының ашуы……………………………………………………..9
2.3 Сүт өндеру технологиясы…………………………………………………..14
2.4 «ФудМастер» компаниясының өнімдері…………………………………..15
3. «ФудМастер» КОМПАНИЯСЫНЫҢ САПА САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТЫ………………………………………………………………………..16
4. САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ
4.1 Сапа менеджмент жүйесін сертификаттау…………………………………17
5. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СҮТ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
5.1 Қазақстан Республикасындағы сүт өнеркәсібінің бәсекелік қабілеті….19
5.2 Қазақстандағы сүт өнімдерінің қазіргі жағдайы және қызметі………...20
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………...22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТlЗlМl………………………………………24

Вложенные файлы: 1 файл

ЖШС «СМАК» Айтокпаксүт өндіретін кәсіпорынға сапа менеджмент жүйесін орнату.doc

— 195.50 Кб (Скачать файл)

Сондай-ақ, сүт және сүт өнімдері нарығының қазіргі жағдайы оның салаларының басты қатысушылары - шикізатты сүт өндірісі, қайта өңдеу өнеркәсібі және өнімді өткізу жүйесі арасындағы нақты өзара экономикалық іс-әрекетінің жоқ болуымен сипатталады. 
Осы және басқа да мәселелер республиканың барлық сүт саласы жұмыстарының экономикалық көрсеткіштерін сақтауға әсерін тигізеді және дайын өнім өндірісінің өзіндік құнынан байқалады, кейбір түрлері бойынша (сары май, ірімшік, құрғақ сүт) өзіндік құны жоғары. 
Жоғарыда аталған мәселелерді шешу мақсатында мемлекет тарапынан келесі шаралар қабылдануда: саланың техникалық және технологиялық жаңғыртылуына бағытталған, кәсіпкерлік бастамашылдықты ынталандыру және Кедендік Одақ жағдайындағы отандық сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату.

Мысалы, шикізат және кәсіпорындардың сүтті қайта өңдеу бойынша өндіріс қуаттылығының деңгейін ұлғайту мақсатында сүт өндірісімен айналысатын тауар өндірушілерге қайта өңдеу кәсіпорындарына өткізілген өнімдердің көлемі үшін бюджеттік субсидия төленеді. Осылайша мемлекеттік қолдау қайта өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ете отырып, тауар өндірушілердің сүтті өткізуін ынталандырады. 
Сонымен қатар, сүт өндірісін ынталандыру мақсатында тауар өндірушілерге сүт өндірісіне қатысты шығынның 45% өтейтін мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Осы ретте, сүт өткізуді субсидиялау бойынша бөлінетін қаражаттар көлемі жыл сайын ұлғаюда. Мысалы, осы мақсатқа 2008 жылы 1,1 млрд. теңге, 2009 жылы 1,9 млрд. теңге, 2010 жылы 2,6 млрд. теңге бөлінді.  
Бұдан басқа, бюджеттік және өз қаражаттары есебінен «ҚазАгроҚаржы» АҚ тауарлы сүт фермаларын салуды көздейтін бірнеше жобаны жүзеге асырды. 
Сонымен қатар, республиканың әртүрлі өңірлерінде сүтті қайта өңдейтін зауыттар салу және жұмыс істеп тұрған 7 тауарлық сүт фермаларының қуаттылығын арттыру мен жаңартуды көздейтін жобалар ұлттық қор есебінен қаржыландыруға мақұлданды. 
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 2006 жылдан бастап сүтті сақтау және жинақтау үшін ауылдық тұтыну кооперативтерін сүтті өңдейтін қондырғылармен қамтамасыз ету мақсатында қаражаттар бөлінуде. Атап айтар болсақ, 2011 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін сүтті жинақтайтын қондырғылармен қамтамасыз етуге бағытталған жалпы сомасы 298 млн. теңгеге 13 жоба және сүтті сақтау мен қайта өңдеу бойынша жалпы сомасы 1,1 млрд.теңгеге 21 жоба несиелендірілген.

Сүтті қайта өңдейтін кәсіпорындарға көрсетілетін қолдауға келсек, салық жеңілдіктерінен, яғни ҚҚС төлеуден 70% босатудың нәтижесінде кәсіпорындар қаражаттың бір бөлігінен үнемдеп, қаржыны өндірісті жаңартуға мүмкіндік алуда. 
Бұған қоса мынадай мемлекеттік қолдау шаралары жүзеге асырылуда: 
- ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындарға қаржы институттарымен берілген несиелер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау, оның ішінде сүт бойынша негізгі, айналым қаражаттарын толықтыру және құрал-жабдықтарды лизингке беру; 
- агроөнеркәсіп кешені салалары кәсіпорындарының халықаралық сапа менеджмент стандарттарының сертификаттарын әзірлеу, енгізу қызметтерінің құнын субсидиялау. 

Несие бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау бағдарламасын көптеген қайта өңдеу кәсіпорындары тиімді деп есептейді және шынымен де тиімді болып табылады. 2005-2010 жылдардағы жүзеге асырылған мерзім ішінде сүтті қайта өңдейтін 127 кәсіпорын жалпы сомасы 940 млн. теңгеге субсидияланған. 
2006-2010 жылдары сапа стандартын енгізу жөніндегі шығындарды субсидиялау бағдарлама бойынша халықаралық стандарттарды енгізген 46 сүтті қайта өңдейтін кәсіпорын ішінен Министрлік арқылы 25 кәсіпорынға жалпы сомасы 22,2 млн. теңге субсидия берілген.  
Жоғарыда аталған мемлекеттік қолдау шараларымен қоса мемлекеттік сатып алулардағы қазақстандық құрамды дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда, бұл отандық ірі және орта бизнестің кәсіпорындарын қолдауда қуатты құрал болып, мемлекеттік сатып алу туралы ақпараттарды еркін алуына мүмкіндік береді және өзінің тауар, жұмыс және қызмет көрсетулеріне қосымша өткізу нарықтарын алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламамен сүтті қайта өңдеу кәсіпорындарын қолдау мен дамыту жөніндегі шаралар көзделгенін атап өту қажет.

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Өнімнің сапасын көтеру стратегиясын жүзеге асырудағы кері байланысының маңызды элементі болып олардың сертификациялануы табылады. Мұнда жаңа отандық тексеру және сертификациялау орталықтарын құру, сертификациялау орталықтарын жарнамалау жұмыстарын жандандыру қажеттілігі туындайды.

Курстық жұмысты орындау барысында біз өнімнің сапасына ішкі және сыртқы секілді факторлар топтары әсер ететіндігін анықтадық. Сыртқы факторлар ішкі факторлар секілді өндірілетін өнім көлеміне тікелей әсер етеді, сондықтан сапа көрсеткіштері келесі негізгі талаптарға сай болулары керек:

өндіріс тиімділігінің жоспарлы өсуіне септесуі;

қазіргі заман ғылымы мен техникасының жетістіктерін және халық шаруашылығы саласындағы техникалық ілгерілеудің негізгі бағыттарын ескеруі;

тұрақты болуы;

өнімнің жарамдылығын көрсететін барлық ерекшеліктерін сипаттауы;

бағытталуына қарай белгілі бір сұранысты қанағаттандыруы;

Кәсіпкерлік стратегиясына жаңаша көзқарас -  сапаның тұтынушының талаптарын қанағаттандыратын сонымен қатар өндіріс шығындарын төмендетудің ең тиімді құралы екендігін түсіндіреді.

Курстық жұмыстың орындалуы барысында статистикалық, ақпараттық және т.б.мәліметтерді, шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектері мен ұсыныстарын пайдалана отырып сапаны басқару мен сапаны көтерудің теориялық мәніне толық сипаттамлар жасалып,тәжірибелік тұрғыдан бірнеше зерттеулер жүргізіліп, бірқатар талдаулар жасалынды. Негізінен бұл зерттеулер мен талдауларда: кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын анықтау, кәсіпорын өндіретін өнімінің жергілікті бәсекелес кәсіпорын өнімдерімен салыстырылып маркетингтік талдаулар (анкеталық сұраулар жүргізу, эксперттік баға беру) жасау арқылы өндірілетін өнімнің беделін, сапасын, жағымдылық қасиеттерін, бәсекелік қабілетін және т.б.анықтау; кәсіпорынның ұйымдасу түрі мен оған бірқатар ұсыныстар келтіру және өндірілетін өнім сапасын анықтау (ҚР МемСТ-на сәйкестігін) сонымен қатар ҚР-ның Президентімен және Үкіметімен ұйымдастырылып жатқан шаралардың орындалу тәртібімен танысу қарастырылды.

Сүтті қайта өңдейтін кәсіпорындарға көрсетілетін қолдауға келсек, салық жеңілдіктерінен, яғни ҚҚС төлеуден 70% босатудың нәтижесінде кәсіпорындар қаражаттың бір бөлігінен үнемдеп, қаржыны өндірісті жаңартуға мүмкіндік алуда. 
Бұған қоса мынадай мемлекеттік қолдау шаралары жүзеге асырылуда: 
- ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындарға қаржы институттарымен берілген несиелер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау, оның ішінде сүт бойынша негізгі, айналым қаражаттарын толықтыру және құрал-жабдықтарды лизингке беру; 
- агроөнеркәсіп кешені салалары кәсіпорындарының халықаралық сапа менеджмент стандарттарының сертификаттарын әзірлеу, енгізу қызметтерінің құнын субсидиялау. 

Қазақстан  Республикасында сапаны көтеру мәселесiн шешпей тұтынушылық   тауар әлемдiк нарықта ғана емес, сондай-ақ  iшкi нарықта да бәсекеге  қабiлеттi бола алмайды. Бәсекеге қабiлеттiлiк  әрқашанда  «сапа-баға-сервистен» кейiн тұрады, республикада «баға-сапа- сервис» аумағы құрылған.Қазақстанда ( нарықтық экономикаға өту кезеңiнде) сапа үшiн атқарылар жұмыстар төмендедi. Сол себептен Қазақстанда тұтынушылық тауар сапасын көтеру  мәселесiн шешу сапаны реттеушi заңнамалық базаның  және  тауар сапасы  жүйесiнiң құрылуын талап етедi. Отандық тауарлар сапасына бақылау жүргiзу  Қазақстандық кәсiпорындар өнiмдерiнiң  бәсекеқабiлеттiлiгiн жоғарылатады. Оның үстiне, соңғы  жылдары республикамызға келiп жатқан және әлi де келетiн  сапасыз шетелдiк  өнiмдердiң саны көбейiп жатыр. Сондықтан өнiм сапасын  көтеру мәселесi  елiмiздiң ең басты бағытының бiрi болып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТlЗlМl

 

1.Стандарттау мен сертификаттау туралы» ҚР-ның Заңы // «Егемен Қазақстан» // 1993, 17 ақпан.

 

2.Сағадиев Ж, Смағұлов А, Барақбаев Б, Қалиев А. «Сертификаттау» Алматы 2002 жыл.

 

3.Мамыров Н.К., Саханова А.Н. и  др. Государство и бизнес. Менеджмент  государственного сектора. Книга 1-4. Учебник. Алматы: Экономика, 2004.

 

4."Менеджмент систем качества", Учебное пособие/ М.Г. Круглов, С.К. Сергеев, В.А. Такташов и др.: ИПК Издательство  стандартов, 1997.

 

5.ҚР-ның Президентінің Қазақстан  халқына Жолдауы «Қазақстан өз  дамуындағы жаңа серпіліс жасау  қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы»   , «Егемен Қазақстан» 2008, 2 наурыз.

 


 



Информация о работе Қазақстан Республикасындағы сүт өнеркәсібінің бәсекелік қабілеті