Кішкентайлардың екінші тобында балаларды оқытуды ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2014 в 18:38, курсовая работа

Краткое описание

Үш жастағы балалармен жүргізілетін жұмыс негізінен жиын туралы түсінікті дамытуға, жиындарды сандық құрамы жөнінен салыстыру жолымен олардың арасындағы айырмашылықты қабылдауға, жиындардың сандық құрамы жөнінен теңдігі мен теңсіздігін анықтай білуді қалыптастыруға бағытталуы керек. Балалар сан туралы білмей тұрып – ақ жиындарды салыстыра алады. Жиындардың сандық құрамы жөнінен әр түрлі болатынын балалар бақылауларға сүйеніп ұғынып алғандары жөн. Сонда олардың жиындарды салыстыруға ынтасы артып, санау негізінде айырмашылықты сан есім – сөзбен анықтау қажеттігі туады, жиындарды сан есіммен атауға үйрету болса төрт жастағы және одан ересек балалармен өткізіледі.

Вложенные файлы: 1 файл

фэмп-курсовой.doc

— 159.50 Кб (Скачать файл)

1.1. Кішкентайлардың екінші тобында балаларды оқытуды ұйымдастыру.

 

   Үш жастағы  балалармен жүргізілетін жұмыс  негізінен жиын туралы түсінікті  дамытуға, жиындарды сандық құрамы  жөнінен салыстыру жолымен олардың  арасындағы айырмашылықты қабылдауға, жиындардың сандық құрамы жөнінен теңдігі мен теңсіздігін анықтай білуді қалыптастыруға бағытталуы керек. Балалар сан туралы білмей тұрып – ақ жиындарды салыстыра алады. Жиындардың сандық құрамы жөнінен әр түрлі болатынын балалар бақылауларға сүйеніп ұғынып алғандары жөн. Сонда олардың жиындарды салыстыруға ынтасы артып, санау негізінде айырмашылықты сан есім – сөзбен анықтау қажеттігі туады, жиындарды сан есіммен атауға үйрету болса төрт жастағы және одан ересек балалармен өткізіледі.

   Бір жарым жастан  бастап балалардың өсіп – жетілуін бақылп зерттеу олардың жиын туралы бастапқы түсініктері алғаш сөйлей бастаған сәби кезінен қалыптаса бастайтынын көрсетеді. Алайда балалардың жиын және сан туралы түсініктерін даму процесіне басшылық жасап отыру керек.

   Үш және төрт жасқа қараған балаларды ең алғаш бір жиын мен екінші жиын элементтерін өзара салғастыра білуге, шағын жиындарды салыстыра білуге және элементтерінің саны жөнінен қайсысы үлкен – кіші немесе олар тең екенін іс жүзінде анықтай білуге үйреткен жөн.  Жиын туралы ұғым барлық математикалық ұғымдардың негізі болып табылады. Сондықтан балалар бақшасының барлық топтарында оған ерекше көңіл бөлу қажет.

   Жиын түрлі  анализатормен – мысалы, дыбыс  есту мүшелері арқылы, заттардың  көрінбейтін жиындары – сипалау,  ұстап көру арқылы, қимыл – қозғалыс әрекеттері – бұлшық еттер арқылы, кинестетикалық анализатормен қабылдана алады.

   Жиындар бірдей  элементтерден құралғанда ғана  оны сәби бір бүтін зат ретінде  қабылдайды, ал оның элементтері  бірдей болмағанда да жиынды  бір бүтін зат ретінде қабылдай білуге балаларды үйрету керек.

   Жиын элементтерінің  бірдейлігін түрліше белгілеріне  қарап анықауға болады. Мысалы, түрлі  түсті кубиктер үшін ортақ  белгі олардың формасы болады. Бірақ кубиктер жиыны олардың  түсіне қарай да берілуі мүмкін, мысалы, қызыл кубиктер, жасыл кубиктер. Сөйтіп, жиынды оның ең елеулі белгісін, мысалы, кубиктің формасын бөліп көрсетіп, бір бүтін зат ретінде қабылдай білуге және сонымен бірге оның элементтерін басқа бір белгісі (түс) бойынша топтай білуге, яғни оның сол жиындағы бөліктерін айыра білуге балаларды үйрету керек.

   Жиындарды көре  білуге, олардың элементтерін бірімен  – бірі салғастыра, яғни олардың  арасындағы сәйкестіктігін тағайындай  отырып, жиындарды салыстыруға үйрету  – демек, келешектегі санау операциясының алғашқы негізін қалау.

   Кішкентайларды  санауға үйрету процесі методикалық  әдістерді жүйелі және мұқият  ойластыруды талап етеді. Санды  игеріп алу, сәбидің бірден  дамымай, жиындарға қолданылатын  көптеген амалдар процесінде  дамитын абстрактілі ойлауының едәуір жақсы көрсеткіші болып табылады. Сондықтан ең алдымен жиынды жеке элементтері бойынша, оларды санамастан, салыстыра білуге балаларды үйетіп алу керек, сол арқылы нақтылы жиындарды қабылдау мен оларды салыстырудан санау әрекетіне және сан ұғымының абстрактілі қалыптасуына көшуді қамтамасыз еткен жөн.

   Балалардың санау  әрекетін зерттеу сондай –  ақ оларды санауға, сан ұғымын  оқта – текте, яғни күнделікті  өмірде және ойын ойнатқанда  ғана үйретуге болмайтынына көз  жеткізеді. Ойын мен айналадағы өмір балаларды тек сан тұрғысынан ғана емес, басқа жақтарынан байлығымен де өзіне тартады, мәселен, бала қуыршақпен ойнаған кезде оның көзі нешеу, қолы нешеу екенін т.с.с. санамаса да біледі. Бала қуыршақтың  көздеріне қарап, тіпті олар екеу (екі) екен деген сөзді атайды, бірақ бала үшін ол кез келген екі заттан тұратын жиынтықтың тең қуаттылығын көрсететін сан болып табылмай, қуыршақ белгілерінің бірі ғана болып қалады. Сондықтан қуыршақтың екі көзін, екі қолын, екі аяғын көрсететін сәби өзін қоршаған айналадағы саны сондай нәрсені көрмейді: екі шыршаны көрсетудің орнына, ол үш шыршаны көрсетеді т.с.с. Екі деген сөз сәби үшін жиынның белгілі бір класының көрсеткіші бола алмайтынын зерттеулер көрсетті.

   «Жол – жөнекей»  үйрету табысты бола қоймайды, өйткені балалар мейілінше күрделі комплексті қоздырғыш жағдайына тап болады: бала ойын ойнағанда, күнделікті өмірде заттың сандық жағы мен оны санау мейлінше бір әлсіз компоненттер ғана болып табылады.

   Міне сондықтан  да нақтылы жағдайларда аквариумдағы балықтарды бақылағанда сәби үш балықтан екі балықты айыруы да мүмкін, бірақ кейбір жағдайларда айыруға шамасы келмей де қалады, өйткені комплексті қоздырғыштың неғұрлым күшті компоненттері теріс индукция салдарынан әлсіздерін тежейтін болады.  Жүзіп жүрген балықтарды бақылау немесе ертеңгі, түскі асқа дастархан әзірлеу, әрине, осы жағдайда заттардың саны жөнінде балалардың жол – жөнекей алған әсерлерінен басым болып, оларды ығыстырып тастайды. Сондықтан жиын мен оның сандық жағы ең күшті қоздырғыш болып, ал қалған басқа компоненттер анағұрлым әлсіз, оларға бағынышты болып келетіндей арнайы сабақтар өткізілуі тиіс.

   Математикадан  өткізілетін арнайы сабақтарды  үш жастағы балалар тобымен  тұтас бір мезгілде өткізуге  болады, бірақ оларды жақсылап  ойластырып алу керек. Кейбір жағдайларда балалардың дамып – жетілу ерекшеліктерін, топтың бақшадағы жағдайын ескеріп, сабақтарды төрт – алты баладан құралған шағын топтармен де, бірақ барлық шағын топтар бір – екі күнде қамтылатындай жағдайда өткізуге болады. Жұмыстың коллективтік формасының артықшылығы балалардың ынтасының біріңғай бағытталуы қалыптасып, бірлесіп жұмыс жасау және бір – біріне үйрету жағы жүзеге асырылатындығында болады. 

   Сабақты аптасына  бір рет, белгілі бір күндер  мен сағаттарда өткізген жөн. Мұндай тәртіп балаларда керекті дағды тудырып, олардың ынтасын арттырады, бір нәрсені ұғынудың оптималдық мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

   Сабақ мерзімінің  ұзақтығы алғашқы кезде 10-15минуттан  асырылмай, сонан соң бірте-бірте  20минутқа дейін жеткізілуі тиіс.

   Балалардың зейінін  нашарлатып алмау үшін сабақта  пайдаланылатын немесе методикалық  әдістерді түрлендіру жағын қамтамасыз  ету қажет.

   Кішкентайлармен  өткізілетін сабақтарда ойын  түріндегі әдістерді қолдану  керек, алайда, олар белгілі бір  мақсатты көздейтін тар өрісті болмай, программалық міндеттерді жүзеге астыру құралы ғана болуы тиіс.

   Балалармен жеке  – дара жұмыс істеуді, сабақтар  өткізуді  ауру себепті сабаққа  көп уақыт қатыса алмаған немесе  сабақтардың арасы аптаға созылғанда  программалық материалды нашар игеретін (нерв жүйесінің іс -әректі аздығынан) кейбір балалар ғана қажет етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Үш жастағы  балаларға арналған бағдарламалық  материал.

   Жиын туралы түсініктерді дамыту жөнінен жүргізілетін жұмыс төрт жасқа қараған балалармен әр түрлі көмекші құралдар пайдаланып өткізілетін ойындар түрінде болады.

   Тілі шыға бастаған  сәби екі жасқа қараған кезде-ақ  жекеше және көпше түрде айтылған  сөздерді айыра бастайды. Ол өзі  былай дейді: «Жалаушаны бер»  немесе «Жалаушаларды бер», «Бұл қуыршақ» немесе «Бұл қуыршақтар». Екі үш жасқа қарағанда сәби бірінің ішіне бірі киістірілген ойыншықтармен (матрешка-қуыршақтармен, қораптармен, шарлармен, ойыншық ыдыстармен, конустармен т.б.) ойнау процесінде матрешка – қуыршақтың біреуін алып, оның ішіне екіншісін суырып алады да олардың көптігіне қуанады. Ол қораптарды, ыдыстарды бірінің ішінен бірін суырып алғанда көп қорап, көп ыдыс болып шығады. Құрамы конус ойыншықтың бір сақинасын, одан кейін екінші сақинасын шығарып алып, енді ол сақиналардың көп болғанына қуанады. Осы көмекші құралдармен (ойыншықтармен) белсенді түрде әрекет жасай отырып, көп заттарды(жиындарды) өзі «жасағандай сезінеді де оларды бір бүтін зат етіп біріктіруге тырысады».Бұл кезде тәрбиеші де баланың істеген іс-әрекетін сөзбен атап кеткені жөн, мысалы, «сенде сақиналар көп: міне біреуі, екіншісі мынау, тағы да мынау»,-деп баланың шашып тастаған жиынын әрбір элементін атап шығады. Барлық сақиналар көп – ақ. Енді осылардың бәрін біріктіріп жасайық та шыбыққа кигізейік. Бала үлкен – кішісіне көңіл бөлместен, сақиналарды шыбыққа кигізе бастайды. Оған керегі – барлық сақиналарды бірге жинап алып, бір бүтін зат құрастыру. Ол өзінің іс – әрекетін «тағы да, тағы,тағы» , - деген сөздермен қоштап отырады – «Барлық сақинаны жинадық, олар көп, ал шыбық біреу» , - деп тәрбиеші қорытады.

   Бірте – бірте  сақиналардың өлшемдерін ескере  отырып құрастыруға балаларды  үйрету керек. Осы мақсатпен  оған ең үлкен сақинаны тауып  алып, оны шыбыққа кигізген соң,  тағы келесі ең үлкенін табу ұсынылады.

   Сақиналарды, матрешкаларды,  ыдыстарды т.б ажыратып алу  жағына баса назар аудартып, тәрбиеші  жиынның сандық жағын, жиынның  элементтерден тұратынын атап  көрсетіп, жиынды осы элементтеріне  бөлшектеу тәсіліне және бұл  элементтерді бір бүтін етіп біріктіруді балаларға үйретеді, «бір» немесе «көп» екенін көруге және сонымен бірге бүтінін жеке элементтерінің өлшемдерін қабылдай білуге үйретеді. «Бір матрещка, оның ішінде көп матрешка және матрешкалардың үлкендіктері әр түрлі».

   Төрт жасқа  қараған баланы жиынның біртекті заттардаан тұратын бір бүтін зат екендігімен енді әбден тәптіштеп таныстыру қажет. Элеменнтерді айыра білуге, оларды бүтіннің құрамынан көре білуге үйреткендігі сияқты, балаларды ең алдымен біртекті заттардан тұратын бір бүтін затты көз алдына елестете білуге үйрету керек.

   Сондықтан жиынмен  таныстырудың алғашқы сабақтарында  балалар, «бір» («біреу») және  «көп» деген ұғымдардың арасындағы  қатынастарды түсініп, сондай-ақ  жиынның элементтерден, яғни жеке  заттардан тұратынын ұғынатын болулары керек. Сонда балалар ең алдымен дискреттік жиынмен танысатын болады.

   Элементтерді  бір бүтін етіп біріктіру мен  бүтінді (бір бүтінді) элементерге  бөлшектеу – бұл екі процесс  бір мезгілде өтілуі тиіс.

   Екінші  міндет  – балаларды қуыршақтардың бір бүтін жиыннан құрама бөліктерді – қызыл бантиктері бар қуыршақтарды және ақ бантик тағылған қуыршақтарды көре білуге үйрету, яғни жиындарды әр түрлі белгілері бойына топтауға балаларды үйрету.

   Үшінші, одан кем  түспейтін маңызды міндет –  санды үйретуден бұрын балаларға жиындардың, олардың құрайтын элементтерінің санына қарай, тең емес жиындар боатынын нақтылы жиынтықтардан көрсету. Осындай мақсаттармен балаларға жиын элементтерінің арасындағы сәйкестігі іс жүзінде тағайындау әдістерін үйрету керек: бір жиын элементтерін екінші жиын элементтерімен салғастыра білуге үйрету және сондай салыстыру негізінде олардың қайсысының саны көп, қайсысынікі аз немесе тең екенін , жиынды санмен атамай тұрып – ақ көре білу – санау операциясына алғашқы бастама негіз болмақ.

   Заттардың жиынтығын  сәбилердің сан жағынан қабылдауы  әлі де болса жиын элементтерінің  кеңістіктегі орналасуымен тығыз  байланысты болатындықтан, оқытудың  программалық міндеттерінің бірі  – баланың сандық және кеңістік  қабылдауларын дифференциялау болвп табылады.  Мұндай дифференциялауға қол мен көз қимыл – қозғалысының дұрыс дағдыларының дамып – жетілуі мүмкіндік туғызады.

   Сонымен, үш  жастағы балаларға арналған программа  төмендегіше болады.

   Балаларды мынаған  үйрету керек:  

   Жеке заттарды жинақтай отырып, өздері жиындарды құрастыра білуге және жиыннан бір затты бөліп ала білуге, «біреу» және «көп» дегендердің арасындағы қатынастарды түсінетін дәрежеге келтіру; жиындарды әр түрлі белгілері бойынша топтай білуге;

   Айналадағы жағдайдан «көп» затты және «бір» затты таба білуге («Топта қандай заттар көп, қандайлары тек біреу ғана?» немесе «Машина біреу, ал оның доңғалақтары көп»: немесе «Орындықтар, үстелдер көп, ал аквариум біреу, бірақ ондағы балықтар көп» т.с.с.);

   бір жиын элементтерін екінші жиын элементтеріне, элементтерді оң қолмен солдан оңға қарай рет – ретімен горизонталь бойынша орналастырып, «беттестіру» және «тұтастыру» әдістерін қолдана білуге; жиындарды салыстырғанда олардың арасындағы аралықтарды дәл сақтай отырып , бір – біріне сәйкестей білуге;

   санға жүгінбестен,  жиын элементтері сандарының  арасындағы теңдік пен теңсіздіктерді  көре және тағайындай білуге  үйрету керек. 

   Санамастан және  санды атамастан, қол шапалақтау  кезінде қолдың бірден – үшке  дейінгі соғылуына ұқсатып есту сезімі бойынша қайталау немесе бір затты сонша рет тықылдатып бере білуге балаларды жаттықтыру . Мысалы: «Мен неше рет тықылдатсам, сен сонша рет қайтала», немесе «Мен неше рет тықылдатысам, сонша сәбіздің суреті салынған крточканы көрсет».

   Балаларды мынадай сөз тіркестерін түсінуге және оларды сөйлегенде (ауызша жауап бергенде) тартылмастан пайдалана алуға дағдыландару: қанша болса – сонша, бірдей (тең), көп – аз (саны жөнінен), бір-бірден , көп – көптен, көп, біреу деген сөздерді зат есімдермен үйлестіре білу; «Қанша (нешеу)? Деген сұрақтың мәнін түсіне білуге үйрету. Жауап бергенде «онда қанша болса, мұнда да сонша» немесе: «Мұнда бірдей (тең) »деген сөз тіркестерін пайдалану.

    Заттардың  үлкен-кішісін айыра білу үшін  салыстыру нәтижелерін мынадай сөздермен белгілей отырып, заттарды ұзындығы жөнінен салыстыра білуге балаларды үйрету: ұзынырақ – қысқарақ, бірдей (тең), жуанырақ – жіңішкерек, бірдей (жуандығы бірдей) , көп – аз, бірдей (көлемі жөнінен тең).

   Формамен таныстырған  кезде балаларды мынадай геометриялық фигураларды : дөңгелекті, квадратты, үшбұрышты айыра білуге, сондай – ақ айналадан сәйкес формаларды таба білуге үйрету қажет (мысалы, доп, тәрелке – дөңгелек, ал кітаптың, жәшіктің, кубтың, қағаз парақтың бұрыштары бар); осы формаларды сипалап- ұстау арқылы сезу және көзбен көру әдістерімен анықтай білу, сондай-ақ заттың формасын суретке айнытпай сала білу.

Информация о работе Кішкентайлардың екінші тобында балаларды оқытуды ұйымдастыру