Кішкентайлардың екінші тобында балаларды оқытуды ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2014 в 18:38, курсовая работа

Краткое описание

Үш жастағы балалармен жүргізілетін жұмыс негізінен жиын туралы түсінікті дамытуға, жиындарды сандық құрамы жөнінен салыстыру жолымен олардың арасындағы айырмашылықты қабылдауға, жиындардың сандық құрамы жөнінен теңдігі мен теңсіздігін анықтай білуді қалыптастыруға бағытталуы керек. Балалар сан туралы білмей тұрып – ақ жиындарды салыстыра алады. Жиындардың сандық құрамы жөнінен әр түрлі болатынын балалар бақылауларға сүйеніп ұғынып алғандары жөн. Сонда олардың жиындарды салыстыруға ынтасы артып, санау негізінде айырмашылықты сан есім – сөзбен анықтау қажеттігі туады, жиындарды сан есіммен атауға үйрету болса төрт жастағы және одан ересек балалармен өткізіледі.

Вложенные файлы: 1 файл

фэмп-курсовой.doc

— 159.50 Кб (Скачать файл)

   Дидактикалық  ойындар үшін керек заттардың  ішінде геометриялық фигуралар:  квадрат, үшбұрыш,дөңгелек болуы  тиіс. Балалар бұл формалардың контурын ұстап-сипалау және көру арқылы байқап, олардың атаулары мен өзіндік ерекшелігін біледі.

    Балаларды  айнала қоршаған заттар өзінің  формасы жөнінен алуан түрлі  және олардың ішінде, дөңгелектеріне  қарағанда, тік төртбұрыш тәрізділері  көбірек. Балаларды заттардың формасын көріп, оларды дөңгелек түріндегі және бұрыштары барлары деп қарапайым түрде топтай білуге үйрету маңызды. Бұл топтауды балаларға белгілі геометриялық фигуралар негіз етіп алынуы тиіс. Доп, шар , тәрелке – дөңгелек, қияр-дөңгелек, бірақ ұзынша, ал кубтың ,кітаптың , қораптың – бұрыштары бар екенін балалардың өздері – ақ айтады. Сондықтан балалар заттарды дифференциялауға дайын.

   Осындай сабақты  қалай өткізуге болады?

   Балалар геометриялық  фигураларды (квадрат пен дөңгелекті) бұл кезде айырып тани және атай алады дейік. Тәрбиеші ең алғаш үлкен дөңгелек пен квадратты көрсетіп, олардың білімдерін тексереді. Сонан соң өз қораптарынан тиісі фигураларды табуды (балалардың қолында олар әр түсті) және қайсысында қандай фигура, түсі қандай екенін айтуды ұсынады. «Дөңгелек (квадрат) екенін қалай білуге болады?» - деп сұрайды тәрбиеші.  Балалар фигураны контуры бойымен саусағымен айналдырып шығады да квадраттың бұрыштары болатынын, ал дөңгелектің бұрыштары болмайтынын айтады.

   Сонан соң тәрбиеші тәрелкені (ұсақ тәрелкені) көрсетеді де контуры бойымен саусағымен айналдыра көрсетіп шығып , тәрелкенің неге ұқсайтынын : дөңгелекке ме әлде квадратқа ма , соны ойлап көруді ұсынады. Шақырылған бала тәрелкенің  контурын саусағымен айналдыра көрсетеді де оның дөңгелекке ұқсайтынын айтады. Дәл осылайша қораптың  қақпағы (немесе түбі) көбінесе неге ұқсайтынын және неліктен олай екенін  анықтауды ұсынады. Балалар оның бұрыштары квадраттың бұрыштары сияқты екенін айтады.

   Салыстыру тәсілдері жөнінде қажетті нұсқаулар берген соң , тәрбиеші сабақтың екінші бөліміне көшеді. Ол бір үстелге дөңгелекті, ал екіншісіне квадратты қояды да шақырылған үш балаға ұсақ бір-бір заттан: біреуіне тәреулке, екіншісіне ұсақ тәрелке (қуыршаққа арналған ыдыс-аяқтан), тағы біреуіне парақ қағаз (дәптерден), тағы біреуіне қол орамал ұстатады. Сонана соң ойыншықтың  формасын ол саусағымен айналдыра көрсетіп, ол қайсы геометриялық фигураға ұқсайтын болса, ойыншықты сол фигура тұрған үстелге қоюды тапсырады. Осыған ұқсас бірнеше тапсырмаларды орындап , балалар дөңгелек заттар мен бұрыштары бар заттарды қарап шығып, үстелдердің айналасына жиналады. Ең алдымен тәрбиешінің өзі тұжырым жасайды, ал балалар үстелге қойылған заттарды атай отырып , сол қорытындыны нақтылай түседі. «Мұнда дөңгелек пен барлық дөңгелек заттар жатыр»,-дейді тәрбиеші, ал балалар атап шығады. «Тәрелке,ұсақ тәрелке,шар,доп». «Мұнда квадрат пен бұрыштары бар барлық заттар жатыр», ал балалар айтады: «Парақ қағаз, қол орамал». Бұдан кейін  мұндай қорытындыны балалардың өздері жасайды.

   Топтау әдістерін  ұғынып алуларына қарай ойын  түріндегі жаттығуларды күрделендіруге  болады: әрбір бала өз үстелдеріне  отырып, өзіне берілген бір емес, екі-үш-төрт затты қарап шығып  , сондай тапсырманы өздігінен  орындайды немесе бір үстел басында отырған балалар дөңгелек заттарды бір қорапқа , ал бұрыштары барларын екіншісіне салады. Бара – бара заттарды олардың суреттерімен алмасытруға болады, бұл – жиынтықтарды түрлендіре түсуге едәуір мүмкіндік береді.

Кеңістік  және уақыт түсініктері.

 

   Төрт жасқа  қараған балалар тобында кеңістік  пен уақыт түсініктерін дамтыу  үшін күнделікті өмірді,  режимдік  мезеттерді өткізу, қимыл-қозғалыс  ойындарын ертеңгілік гимнастиканы  пайдаланған жөн. 

   Балалардың кеңістік  бағдарларын зерттеу олардың бағдарлай білуінің негізі өз дене мүшелерін айыра білуі екендігін көрсетті. Осы ерекшелікті ескеріп, балаларды өз дене мүшелерін , олардың атауларын айқын түрде айыра білуге үйрету және соларға сүйеніп балаларды кеңістік бағыттарымен таныстыру  жағын айыра білудің ерекше мәні бар. Балаларға бұл жөнінен едәуір қиындық келеді, егер балаларды екі қолының атауларымен және олардың түрліше функцияларымен (қызметімен) бірден таныстырып отырса, ондай қиындықты жеңуге болады: оң қолымен бала қасық, ал сол қолымен – нан немесе тәрелке ұстайды; оң қолымен бала қарындаш ұстайды, сурет салады, ал қағаз жылжымау үшін сол қолымен оны демеп отырады т.с.с.

   Осыны есте  сақтап және әрқашан балаларға  ескерте отырып, тәрбиеші балалардың  өз дене мүшелерін айыра білуін, заттардың кеңістікте орналасу және кеңістіктегі қимыл-қозғалыс бағытын анықтай білуін қалыптастырады: алдында-алға қарай, артында-артқа қарай, оң жақтан-оңға қарай, сол жақта-солға қарай.

   Сондай-ақ уақыт түсініктері де (таңертен,күндіз,кешке,түн) режимдік мезеттерді өткізгенде күнделікті өмірде дамытылуы тиіс. Тәуліктің бұл бөліктері де, сондай-ақ  кішкентайлар мен ересек балалардың іс-әрекетінің өзгеруіне қарай ажыратылады. Бірақ көрсетілген уақыт мезеттерінде ересек балалардың іс-әрекеті түрліше болғандықтан, белгілі бір жердің немесе белгілі бір географиялық белдеудің өзіне тән ерекшелігі болатынын ескеру керек.

   Сонымен үш  жастағы кішкентайлар тобында  балалар күнделікті өмірден көп  білім ала алады, тек кейін  бұл эмпирикалық білімдер арнайы  сабақтарда беріледі.

   Кішкентай бала  әр түрлі жағдайда оқиды және  арнайы үйрету сабақтары мен  күнделікті өмірдің арасында  өткелсіз қамал болуы мүмкін  емес, керісінше, табиғи сабақтастық  болуы тиіс. Мысалы, балалар күзгі  серуен кезінде көптеген әр  түрлі жапырақтар жинап алды, ал тәрбиеші оларды түрлі белгілері бойынша топтауға болатындығын балалардың есіне салды. Балалардың кейбіреулері өз жапырақтарын формасына қарай, екіншілері-өлшеміне қарай, үшіншілері-түсіне т.с.с. қарй топтай бастады.

   Немесе басқа  бір мысал. Балалар өз дене мүшелерін айыра білуге үйренді және алдында-бетінің алдында, артында- арқа жағына деген сөз екенін біледі. Балалардың алған білімдерін қуыршақтармен ойын ұйымдастырған кезде пысықтауға әбден болады.

   Балалардың арнайы  сабақтарда алған білімдерін  күнделікті өмірде пысықтаған  да дұрыс. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

 

1.Леушина А.М.  Формирование элементарных математических  представлений у детей дошкольного  возраста М,1984 г.

2.Метлина. Математика в дестком саду

3.«Қосымша есептер»  Сәрсекеев А.С. Көкшетау 2001 
4. Математикадан өзіндік, бақылау жұмыстары.  
Қ. Әубәкірқызы, Ә. Наурызбайқызы, Алматы «Рауан» 1995 
5. Сабақ процесіндегі қызықты есептер // Математика және 
6. Қазіргі заман математикасы (6N0109 – Математика мамандықтары 
7. Қызықты математика // Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік құрал. 
8. Математикадан дидактикалық ойындар // Респуб, ғ.-әдіс. журнал: 
9. Қызықты математика / Студент. арналған оқу құралы 
10. Математика сабақтарында «қызықты математиканы» пайдалану  
11. Математика сабақтарындағы дидактикалық ойындар // «Хабаршы», Абай 
12. Элементарлық математика (математика және информатика мамандықтары үшін) 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАЛАЛАР БАҚШАСЫНДАҒЫ КІШКЕНТАЙЛАРДЫҢ

ЕКІНШІ ТОБЫНДА МАТЕМАТИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН

ОҚЫТУ МЕТОДИКАСЫ МЕН ПРОГРАММАСЫ

(ТӨРТ ЖАСҚА ТОЛҒАН  КІШКЕНТАЙЛАР ҮШІН)


Информация о работе Кішкентайлардың екінші тобында балаларды оқытуды ұйымдастыру