Дипломатиялық өкілдіктің және оның қызметкерлерінің артықшылықтары мен иммунитеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2013 в 15:20, курсовая работа

Краткое описание

Дипломатияның әдістері мен құралдары қоғамның әртүрлі кезеңдерінде мемлекеттердің сыртқы саясатының мақсат - мүдделерімен бірге өзгеріске ұшырап отырды. Әрбір тарихи формацияның өзіне тән сыртқы саясаты мен дипломатиясы болды.

Вложенные файлы: 1 файл

дипломатия.doc

— 280.50 Кб (Скачать файл)

ҚР – на шетел валютасын, қымбат бағалы заттарды (сурет, икона, бағалы кітаптар) заңсыз түрде алып кету дипломаттарға қатаң шаралар қолдануды қарастырады. Халықаралық құқыққа сәйкес дипломаттың қызметіне жіберуші мемлекет жауапты.

Экстерриториалдық дипломатиялық  имунитеттер мен артықшылықтарға  байланысты түсінік. Абсолютизм  кезеніңде  пайда болған экстерриториалдық концепциясына сәйкес шетел елшісі өз суверенінің территориясында тұра берген.

Бұдан шығатын қорытынды, заңи көзқарас бойынша қабылдаушы мемлекеттің территориясында дипломат болмаса оған ол елдің заңдары мен дәстүрлерінің ешқандай күші жоқ болды.

Экстерриториалдық термині қазіргі таңда қолданылмайды.

 

 

1.4 Дипломатиялық қабылдаулар – дипломатиялық келіссөздер формасы ретінде

Дипломатиялық қабылдаулар – үкіметтік, сыртқы істер ведомстволарының, дипломатиялық  өкілдіктердің және дипломаттардың сыртқы саяси қызметтерінің жалпы қабылданған және кеңтаралған формаларының бірі.

Қабылдаулар елшіліктің қабылдаушы мемлекетпен байланысты әрі қарай дамытуына септігін тигізеді. Қабдаулар маңызды оқиғалар (ұлттық мерекелер, юбилейлер, келісімдердің  жылдығы, елге делегациялар немесе аса құрметті қонақ келгенде) кезінде өткізіледі. Қабылдауларда шетел дипломаттары өз елдерінің саясатымен таныстырады, қабылдаушы мемлекет туралы ақпараттар жинап, маңызды халықаралық проблемалар бойынша пікірлермен алмасады. [13]

Біздің халықаралық протоколда, барлық елдерде қабылдаулар күндізгі, кешкі, жайғастыру (рассадка), жайғастырмау қабылдаулары болып бөлінеді. Шампан бокалы ереже бойынша сағат 12 де басталып, бір сағат көлемінде  болады. Бұл қабылдауға себеп ұлттық  мерекенің жылдығы, елшінің кетуі, елге делегацияның келуі, көрменің ашылуы болуы мумкін.

Қабылдау кезінде қонақтарға шампаннан  басқа тағы да басқа сусындар (шарап, шырында, минерал су) ұсынылуы мүмкін. Сусындар мен дәмтатымдарды даяшылар таратады. Бұл қабылдау өте  қарапайым болғандықтан, үлкен дайындықты қажет етпейді.

 Таңғы ас – дипломатиялық  қабылдаудың ең кең таратылған  түрі.

Танғы ас сағат 12-15 аралығында ұйымдастырылады. Таңғы ас менюі ұлттық дәстүр бойынша  жасалынады. Меню екі-үш суық дәмтатымнан, бір балық немесе ет және десерттен турады.

Таңғы ас алдында қонақтарға  шырындар ұсынылады. Таңғы ас барысында құрғақ жүзім шараптары, ал соңында шампан, кофе, шәй беріледі. Таңғы ас  әдетте біржарым сағат жалғасады, бір сағат  үстел басында, ал 30 минут кофе, шәйға арналады (кофе, шәй қонақ бөлмесінде де беріледі). Қонақтар ереже бойынша күнделікті киімдерінде келеді, егер киім формасы шақыруда ескерілмесе.

Кешкі қабылдаулардың бірнеше  түрі болды.

«Коктейль» сағат 15-18 екі сағат көлемінде болады. Қабылдау кезінде, даяшылар сусындар мен суық дәмтатымдар таратады, ыстық тамақтар да берілуі мүмкін.

Кейде буфет ұйымдылады, онда даяшылар сусындар ұсынады. «а ля фуршет» қабылдауы «коктейль» сияқты сол уақыттарда өткізіледі.  Алайда фуршетті қабылдауда ыстық тамақтары бар үстелдер жасалынады. Қонақтар үстелдерге өздері келіп, дәмтатымдар алып болған соң, басқалар алу үшін,  ары қарай жүріп кете  береді.

«Коктейль» және «а ля фуршет» қабылдаулары түрегеліп ұйымдастырылады. Соңында  қабылдаудың салтанатын ерекше қылу үшін шампан, балмұздақ, кофе ұсынылады. Егер қабылдау ұлттық мереке болғанда немесе құрметті қонақ үшін жасалса, қабылдаудың соңында кішігірім  концерт ұйымдастырылады немесе фильм көрсетіледі. Онда шақыру билеттерінде киім формасы ескеріледі. [16] Түскі ас құрметті қабылдау түріне жатады. Әдетте ол сағат 20 немесе 20.30 басталады Түскі ас менюі ұлтық дәстүрлерге байланысты екі-үш суық дәмтатымдар, бірінші ыстық балық, бірінші ыстық тамақ және дсерттен тұрады.

Сусындар таңғы астағы сияқты беріледі. Түскі ас әдетте екі-үш сағат жалғасады. Үстелден кейін, қонақтар әнгімелесуге қонақ бөлмеге барады, онда кофе, шәй беріледі. Түскі аста қонақтар арнайы киім киеді (ерлер –  смокинг және  фрак, әйелдер – көйлек).

Кешкі ас сағат 21:00 де басталады. Обед – буфет кешігірім үстелге 4-6 адам жайғасады. Онда да дәмтатымдар, сусындар беріледі. Қонақтар дәмтатымдар  алып өз қараулары бойынша үстелге  жайғасады.

Мұндай қабылдау концерт, фильмнен кейін ұйымдастырылады. Кешкі  қабылдауларға, сондай-ақ «шәй» 16-18 сағат аралығында ұйымдастырылады, ереже бойынша әйелдер үшін, Сырт Істер министрінің жұбайы елшілер жұбайларын «шәйға» шақырады. Қабылдаудың бұл формасы дипломатиялық өкілдіктердер басшыларының жұбайлары сыртқы істер министріне қоштасу сапарын жасағанда қолданылады. Шақырылулар санына сәйкес «Шәй» үшін бір немесе бірнеше үстелдер ұйымдастырылады. Онда конфеттер, печеньелер, жемістер, сусындар беріледі.

Халықаралық практикада  «жур фикс» қабылдауы да кездеседі. Елшінің немесе сыртқы істер министрінің жұбайы бір мезгілге әрбір апта сайын қонақтарды күтеді.

Күзгі-қысқы мезгілге бір  шақырылу бланкасы таратылады. [16]

Дипломатиялық қабылдаулардың басқа да түрлері бар: музыкалық, әдебиетті, би кеші, дипломаттардың спорт жарыстарындағы кездесулері бар. Әрбір қабылдауға мұқият дайындалу керек. Қайда өткізілетінін, қонақтардың тізімі, алдын ала шакыруларды тарату, меню жасау, үстелге отырғызу жоспары, осының бәріне жақсы дайындық керек. Егер қабылдау елшінің резиденциясында ұйымдастырылса немесе елшілікте, онда  елшінің жұбайы ғимаратты дайындауға, сервировкаға, даяшылар инструктажына көңіл аудару керек.

Егер  қабылдау резиденцияда болмаса мейрамханада ұйымдастырылады. Елшілік  арендаға алған ғимаратта  қабылдаушы мемлекет пен өз елінің ұлтттық туы ілініп тұрады. Қабылдаушы мемлекеттің дәстүрі ескеріледі. Қонақ тарапынан жауапты мероприятие болмайды.

Қабылдау мереке күні, жұмыс емес күндері, ал мұсылман елдерінде «рамазан» діни мерекесінде ұйымдастырмайды, сондай-ақ ұлттық траурда. [24]

Қонақтар тізімін жасау - дайындық жұмысының ең маңызды  элементтерінің бірі. Қабылдауға  құрметті қонақ құрметіне ретінде ресми  сапармен жүрген шетел делегацияның құрметіне, қонақ  елінің елшісі және  елшіліктің үлкен дипломатиялық қызметкерлері шақырылады. Ал қабылдаушы тарапынан қабылдауда мемлекет жетекшілері, министрлер, басқа да ресми тұлғалар қатысады. Қонақтардың жалпы саны анықталып, ғимараттың көлемі қонақтардың санына сәйкес болады. Елшілік ұйымдастыратын қабылдауға елдің жетекшілері, ведомстволарының  ресми тұлғалары, мәдени және ғылыми топтың өкілдері шақырылады.

Егер қабылдау юбилей күніне арналса, екі жақты қарым -қатынаста, онда  дипломатикалық корпус шақырылмайды.

Қабылдаулар өте қарапайым  болу керек, спиртті сусындардан аулақ болуы керек.

Қабылдауда қонақтардың  ұлттық, діни дәстүрлері ескерілуі  керек.

Қонақтың елінде құс  аулауға тыйым салынса, қабылдауда құс берілмейді.

Менюде ұлттық тамақтар болу шарт.

Барлық тамақтар өте  дәмді болуы керек, әдемі берілулері керек.

Ыдыс - аяқтар   хрусталь, фарфор, күмістен болуы керек. Үстелде  гүлдер болу керек.

Мемлекет басшысының құрметіне қаблдыаушы ел мен өз елінің әнұрандары орындалуы тиіс. Қабылдау соңында басты қонақ бірінші болып шығып кетеді. Оркестр салтанатты марш орындайды. Ғимарат алдында караул болады.

Шақыру бланктері типографиялық  әдіспен жасалып, қонақтың фамилиясы, оның лауазымы қолмен жазылуы керек  және сағаты, күні, өтетін орны көрсетілуі керек.

Қабылдауға шақырған қонақ келе ала ма, жоқ па, алдын - ала білу керек бланктың төменгі оң жақ бұрышында RSVP (франц.-жауап беру өтініші) жазылады. Шақыру бланкі екі апта бұрын таратаылады. Жауапты көп күттіру немесе жауап  қатпау - әдепсіздікке жатады. Жауап үшінші жақта жазылады, қол қойылмайды. Жауапты телефонмен де беруге болмайды.

Орындарға келер болсақ, ең құрметті орын – жұбайының оң жағы (әйелдер) және зайыбының оң жағы (ерлер отырады). Ары қарай  жұбайының  сол жағы және зайыбының сол жағы.

Қабылдауда тек қана ерлер болса, басты қонақ үй иесіне қарама- қарсы отырады.

Ең құрметті орындарда  құрметті қонақтар отырады, бұл - басты  ереже болып табылады. Әйел  адамның  қасына әйел адамды емес, әйел-еркек  деп кезектестіріп отырғызу керек, әйел  адам үстел соңында отырмауы керек. Керек кезде аудармашыны  шақыртады. [24]

Ағалық  дипломатияда әрқашанда дипломатиялық ранг бойынша болады.

Аудармашылар үстелдің арт жағында отырады.

Жайғастыру (рассадка) жоспары  алдын-ала жасалынып, қонақтар жайғастыру жоспары мен танысып, өз орындарын  бара алады. Залға кіргеннен кейін  қонақтар түрегеліп тұрады, қашан үй иесі бәріне отыруды ұсынбайынша. Ерлер бикештерге орындықтарды жылжытуға көмектеседі. Үй иесі даяшыға тамақтарды таратуды бастауға болады деген белгі бергенде барып, даяшылар қонақтарға келе бастайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ КЕЛІССӨЗДЕР РӨЛІ

2.1 Дипломат сұхбаты келіссөздердің қайнаркөзі ретінде: этика және тактика

Өз тәуелсіздіктеріне қол жеткізген  мемлекеттер үшін, басқа мемлекеттермен олардың егемендігін дипломатиялық мойындау  сұрағының саяси мәні зор.

Қабылдаушы мемлекеттердің әртүрлі өкілдермен, дипломатиялық корпус бойынша әріптестермен сұхбат жүргізудің өзі өнер болып табылады. Сұхбат барысында түскен, баспасөз беттерінен оқыған ақпараттарды зерттеп талдағаннан кейін, үкіметтің ішкі және сыртқы  саясаты туралы нақты сурет қалыптасады.

Дипломатқа қабылдаушы мемлекет туралы көп білу керек. Өзіне сәйкес тұлғаға  сапар жасағаннан кейін, елшіге екі  мемлекет арасындағы саяси, экономикалық, мәдени және т.б. байланыстарды қабылдаушы мемлекеттің ресми өкілдері қалай бағалайтындығын білу маңызды болып табылады. Осындай бағаға ол, үкімет мүшелері мен әртүрлі ведомстволар  өкілдері,  ғылым, мәдениет қайраткерлерімен және де журналистермен сұхбат барысында қанық бола алады. [29]

«Дипломатиялық сұхбат» түсінігінің мәні өте кең. Ол деңгейі, мазмұны, формасы бойыншаш әртүрлі байланыстарды қамтиды. Мәселен, мемлекет басшысы елге ресми сапармен келген басқа мемлекет басшысымен сұхбат жүргізеді. Сондықтан, осындай сұхбаттарға өте жауапты дайындық жұмысы жұргізіледі. [13]

Сыртқы істер министрінің елшілермен және шетел әріптестірмен сұхбаттары дипломатиялық топтарда және қоғамда аса қызығу шылық танытады. Мұндай жағдайда өте компетентті сұхбаттасу шы болу керек.

Әйтпесе, анекдоттық жағдайға қалып қалу жаналық емес, мәселен Францияның сыртқы істер министрі А.Брианмен (1862-1932) болғандағыдай. Бір күні ол шетел елшілерін қабылдап жатса керек. Сұхбат соңында оның көмекшісі  оған тағы да Венесуэла елшісі келіп тұр десе, министр, азиаттық істермен ертең айналысамын деп жауап қатыпты. [2]

Алайда атташе де сұхбатқа өте жақсы дайындалу керек, тек елші ғана емес. Сұхбатқа алдын-ала дайындалып, барлық болатын сұрақтарды қарастырып ойластырған жөн.

Кейде «Кездейсоқ сұхбаттар» болып жатады, бірақ елдегі болып жатқан оқиғалардың өзінен-ақ сұхбаттын қалай болатынын алдын-ала білуге болады. Тіпті дипломатиялық таңғы ас немесе түскі ас кезінде көпкісілі қабылдауларға қарағанда онда ақпараттар мен пікірлер алмасудың өзі қолайлы жағдай болып көрінеді. Бірақ әрбір байланыс сұхбатқа әкеле бермейді.

Жаңа ғана танысқан сұхбаттасушыдан дипломаттың қандай-да бір мағлұматты біліп қалуы әдепсіздікке жатады. Сұхбат барысында әр сөзге шыдамдылық, сабырлылық таныту керек, бір тақырыптан екінші тақырыпқа кетіп қалу әдепсіздікке жатады. Сұхбаттасушының сол тақырыпта әнгімелескісі  келетіндігін дипломат сезу керек. Егер сұхбаттасушы нақты бір талқылаудан жалтарса, онда әңгімені басқа күнге қалдырған жөн  немесе басқа сұхбаттасушыны табу керек. (4. 77б)

Дипломаттың қабылдаушы мемлекет өкілімен немесе шетел елшілігінің қзметкерімен сұхбаты барысында ешқандай қызықты нәрсе айтыла қоймаса да, ондай байланыстың өзі де жақсы қарым-қатынасқа айналып кетуі де әбден мүмкін. Сұхбат өте мұқият дайындықты талап етеді.  Сондықтан қоятын сұрақтарды бір күн бұрын қарастыру керек. Сосын елшілікте немесе СІМ – де ресми құжаттарды біліп, танысып тараптардың пікірлерін салыстыру керек, сосын барып жаңадан дәлелдемелер дайындау керек.

Дипломат өзінің позициясын бірден корсетпеуі керек және сұхбаттасушы егер де, конструктивті сұхбатқа дайын болмаса, сұхбаттты басқа күнге қалдырған жөн.

Уақытты қолдана білу де маңызды болып табылады. Кайта-қайта сағатқа қарай беру әдіпсіздікке жатады, ол әнгіменің біткендігін білдіретін сигнал болып қарастырылады. Уақытты дұрыс пайдалана білу бірнеше сұрақтарды талқылауға мұмкіндік береді. Сұхбат кезінде ең маңызды дереу сұрақтардан бастаған жөн. [18]

Сұхбаттасушының биографиясын, жеке мүдделерін, сүйікті ісін білу де артық  болмас. Амандасып, қысқаша жылы ілтипат білдіргеннен кейін, сұхбатты бастай отырып, жергілікті баспасөз беттеріне әлі түсе қоймаған өз елінде, енді болып жатқан жағдайды айту пайдалы. Мысалға мынадай мәлімдемені алып қарасақ: «Мен сізге қазір Қазақстанда сіздің еліңіздің делегациясымен болған келіссөздер табысты аяқталғандығын айту мен үшін үлкен қуаныш. Мәдени-ғылыми ынтымақтастықты келешекте жалғастыру екі ел арасында өзаратиімді, пайдалы болатындағына сенімдімін». Міне, осындай әнгіменің осылай басталуы сұхбаттасушыға қолайлы ынтық тудыру мүмкін. [15] Сұхбатқа жақсылап дайындалып айтар әнгімесін тыңдарманға жақсы әсер қалдыратындай жеткізудің өзі өнер.Әрбір сөз орынды айтылуы тиіс, абайсызда айтылып қалған сөз екі мемлекеттің арасындағы қарым-қатынастардың нашарлауына әкеліп соқтырады. Нағыз дипломаттың ойы әрқашанда жинақы, тыңдарманға ойын жақсы жеткізе алатын, мұқият тындай алатын, дауыс ырғағы не жоғары, не өте төмен емес, тиянақты, сабырлы, ақылды, ұқыпты, шыдамды, мінезі бірқалыпты адам болу керек. [15]

Информация о работе Дипломатиялық өкілдіктің және оның қызметкерлерінің артықшылықтары мен иммунитеттері