Дипломатиялық өкілдіктің және оның қызметкерлерінің артықшылықтары мен иммунитеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2013 в 15:20, курсовая работа

Краткое описание

Дипломатияның әдістері мен құралдары қоғамның әртүрлі кезеңдерінде мемлекеттердің сыртқы саясатының мақсат - мүдделерімен бірге өзгеріске ұшырап отырды. Әрбір тарихи формацияның өзіне тән сыртқы саясаты мен дипломатиясы болды.

Вложенные файлы: 1 файл

дипломатия.doc

— 280.50 Кб (Скачать файл)

Бірінші сәтсіз өткен сұхбаттан  өзінің серіктесін және оның позициясын жаман бағалау үлкен қателікке жатады. Өйткені, тұйық мінезді, аз сөйлескіш сұхбаттасушының өзі бір қарағанда жаңа айтып кеткендей, осал көрінгенмен, соңында ол керісінші ақылды, білгір болып шығуы мумкін. Ал оның бастапкы позициясы тек сақтықпен түсіндіріледі.

Тәжірибелі дипломаттардың пікірін де білу пайдалы іс. Этикет сұхбаттасушы жағымсыз нәрселер айтса д,а сөзді ең аяғына дейін тыңдауды талап етеді. Сұхбат кезінде басты сұраққа нақты жауап беру керек, сондықтан жауап бермес бұрын, жақсылап ойланып алу қажет.

Әрбір «ұсақ» нәрселер  де үлкен абайламаушылыққа әкелуі мүмкін. Күмәнді факттардан абай болған жөн, сондықтан ресми факттарға сүйену керек.

Сұхбат соңында күнделік жазылады. Онда сухбаттасушының фамилиясы, лауазымы, дипломаттылық дәрежесі, сағаты, күні, сұхбат қанша уақыт жалғасқандыға туралы, сұхбаттың қай жерде болғанын, кімнің инициативасы бойынша басталдығын, бетпе бет өттіме, я болмаса аудармашының көмегімен өтті ме, осылардың бәрін күнделікте жазу керек. Күнделікте дипломаттың да жауаптары жазылады. Сұхбат барысында көтерілген манызды дереу сұрақтар, тез арада өз еліне шифрлік жеделхат арқылы жіберіледі.

Едәуір толыққанды акпарат, сондай-ақ күнделік дипломатиялық почта арқылы жіберіледі. Жас дипломаттардың жиі жасайтын қателіктері, олар күнделікті дұрыс рәсімдей алмайды. [19]

Сонымен, дипломат сұхбаты дипломатиялық  қызметтің маңызды құралы болып табылады. Өйткені дипломатияның мақсаты-шиеленістерді  шешу, компромистерді табу, мемлекеттер арасында достық қарым-қатынастарды дамыту, халықаралық проблемаларды бейбіт жолмен шешу.

 

 

2.2 Конфликттерді шешудің келіссөздік жолы: «batna» және келіссөздер кеңістігінің түсініктері

Қазіргі қақтығыстарды реттеудің  кең таралған әдістері - келіссөздер, тараптарды келісімге шақыратын  делдалдар. Осы әдістер XX ғғ дейін  кең таралған.

Қақтығыстарды бейбіт түрде шешу регламентациясы, І Бейбіт Гаага конференциясы 1889 жылы қабылданған халықаралық қақтығыстарды бейбіт шешу туралы Конвенцияда көрініс тапқан. ІІ Бейбіт Гаага конференциясы оны 1904 жылы бекітті. Алайда, келіссөздер бейбіт реттеу құралдары ретінде 1907 жылы Гаага конвенциясында және де  қайшылықтарды бейбіт шешуге байланысты басқа да халықаралық келісімшарттарды да ескереді. Қақтығыс кемеліне жеткенде, тараптар үшінші жақтың көмегіне сүйену керектігін түсінеді. [32]

Американ авторлары Р.Фишер және У.Юри қақтығыс тараптары арасындағы келіссөздерің басталуы себебі жақсы нәтижеге ұмтылу деп жазған. Ол қандай нәтижелер? Авторлар арнайы BATNA терминін енгізді№ (ағылш. «Best Alternative to a Negotiated Agreemеnts») BAТNA стандарты қақтығыс тараптарының тиімсіз шешім қабылдауларын тойтаратын стандарт. Барлық мүшелер келіссөзден  артық альтернатива таба алмайтындарына көз жеткізген кезде, ортақ шешімді  іздеуге  бағытталған келіссөздердер  басталады. Келіссөздерге түсе отырып , қақтығысты реттеу бойынша мүшелер әртүрлі альтернативалар карастырады. [30]

Оқиға өрбіген сайын, мүшелер барлық нұсқаларды қарастыра отырып, келіссөздің  қандайда да бір альтернативасы  ең жақсы альтернативаға яғни BATNA-ға айналуы мүмкін.

Ресей авторлары Загорский А.В, М.М. Лебедева осындай жағдайлар бұрынғы Югославия, Нагорный Карабахтағы қақтығыстарда болған дейді.  Қақтығыс мүшелері келіссөзге келмей тұрып, қай жерде дискуссия  өте алатын, қай жерде келісімге қол жеткізу мүмкін болатын облысты анықтап алады. Бұл облыс келіссөз кеңістігі деп аталады. Қақтығыс реттеу бойынша ортақ әрекетттер туралы шешім қабылдамас бұрын, оның мүшелері келіссөз кеңістігі мен BATNA –ны салыстырады. Тараптар арасындағы уағдаластық тек сол кеңістік ішінде ғана бола алады. [12]

BATNA  сияқты келіссөз кеңістігі  тараптардың өзараәрекеттері негізінде  өзгере алады,  тіпті жоғалып  кетуі де  мүмкін егер тараптар қарсылыстыққа қайтадан келуге  мәжбүр болса. Алайда, кейбір жағдайларда қақтығыс тараптары  проблеманы шешудің мүмкін еместігіне көз  жеткізсе, онда олар келіссөз кеңістігінсіз-ақ келіссөздер бастай береді.

 

 

2.3 Конфликттерді реттеудің негізгі принциптері мен кезеңдері. келісімдер түрі

«Біртіндеу» (постепенность) принципі қақтығысты реттеу процесіндегі маңызды шарт болып табылады. Біртіндеу принципі тараптарды дайындауға рұқсат етеді: көзқарастарды білу, шешімнің әртүрлі нұсқаларын қарастыру, сосын барып, түпкілікті шешімге келуді қарастырады. Одан басқа да бертіндеу принципі тараптардың бір-біріне деген сенімін арттырады. Бір келісімге  келгеннен кейін, олар  екішісіне  көшеді: Загорский А.В., Лебедева М.М. жазғандай, «біртіндеу»  принципі әрқашанда   қолданыла бермейді, егер де оқиғалар тез қарқынмен дамып кетсе, қақтығысты  біртіндеп реттеу жолдары орынсыз болып қалады береді. Осы принциптің негізінде 1962жылы американ зерттеушісі Ч. Осгуд ұсынған әдіс құрылады, оның аты «Қысымды бәсендету бойынша біртіндеу және өзара инициативалар. Ол кейіннен «Қысымдарды біртіндеп бәсеңдету» деп аталды. Қысымдарды біртіндеп бәсеңдету қақтығысушы тараптар  арасындағы қысым мен үрейді тойтару шараларын қарастырады, тараптардың бірі ынтымақтастыққа бағытталған әрекеттерді  жариялайды, екінші тарапты да жауап беруге шақырады.  Егер екінші тарап позитивті жауап берсе, онда бірінші тарап келесі қадам жасай алады. Ал екінші  тараптың жауабы негативті болса, бірінші тарап екінші, тіпті үшінші қадамға дейін бара алады. [12]

Бұл жеңілдіктер (уступка) өзара сенім  құруға бағытталған және ынтымақтастық  еткісі келетіндіктерін білдіреді. Алайда қысымды бәсеңдетуге  бағытталған  жауап инициатор  ойлағандай болмауы  мүмкін. Мәселен, АҚШ атмосферада  жарылыстарға тыйым салғанда, КСРО тарапынан аналогиялық әрекет жасалмай, керісінше  жаңа  бомбаларды  өндіруді тоқтатылды. Загорский А.В., М.М. Лебедева жазғандай біртіндеу принциптері бірнеше фазадан тұрады:

- жаугершілік әрекеттерді тоқтату;

- диалогты бастау, келіссөздерге дайындық  жүргізу;

- келіссөз процесін бастау;

- келісімдерді орындау.

Бірінші екі фаза  қақтығысты реттеу бойынша тараптардың ортақ әрекеттерін  қарастырмайды. Бірінші «тұрақтандыру фазасының» негізгі міндеті – қарсыластықтың деңгейін төмендету,  қақтығыстың әрі қарай дамуына жол бермеу, қатынастарды реттеуге көше алатындай жағдайды тұрақтандыру.

 «Коммуникациялық фазада, негізгі міндет - қарулы қақтығыс  мүшелерінің арасындағы проблемаларды талқылауды стимулдау. Сондықтан, тараптар біржақты шешімдерден ортақ шешім қабылдауға көшу керек, ол әрине тараптар арасында  коммуникация  каналы қалыптасқанда ғана болады. [12]

 Сондай-ақ тікелей коммуникациялық  (қақтығысушы  тараптар  арасында  тікелей  ақпараттармен  алмасу) және тікелей емес  коммуникациялық каналдар деген бар. Өз  кезегінде, тікелей  және тікелей емес коммуникациялар деңгейге байланысты ресми және бейресми болып бөлінеді.

Коммуникациялық фазада бірмезгілде  келіссөз кеңістігі іздестіріледі. Үшінші фаза  «келіссөз» деп аталады, ал соңғы  фаза  келісімдерді жүзеге асыру (имплементация) деп аталады, сондықтан ол имплементациялық фаза  деп аталуы мүмкін.

Қақтығыста минимум екі қатысушы болады,  сондықтан біртіндеу  принципі Загорский А.В., М.М. Лебедеваның айтқанындай  синхронды принцип  болып табылады . Ол дегеніміз, тараптар бірмезгілде бір фазада болулары тиіс, егер олардың біреуі алдыңғы фазаларына қайтып келсе, нәтижесінде екінші тарап та соны істейді. Сөйтіп басталған  келіссөздер тез арада тоқтатылады. [12]

Жалпы  жоспарда бейбіт келісімдерді  бекіту  үш кезеңге бөлінеді.

Бірінші кезең - әрбір тарапты келіссөз үстеліне қалай тартуға  болады деген  сұраққа қатысты. Әдетте қарастыруға  тура келетін проблемалар мыналар: келіссөздерді жүргізетін тұлғаларды қайтару, айдаудан, абақтыдан босату; олардын физикалық қол сұқпаушылығына кепілдік беру; келіссөздерді жүргізу сәтінде әскери қимылдарды шектеу. Осы мәселелерді шешуде мынадай шаралар қабылдануы мүмкін: келіссөздер қатысушыларының амнистиясы; өртті тоқтату туралы келісім. Осындай келісімдер келіссөздердің күн тәртібін құрайды.

Екінші кезенді рамалық келісімдер деп атауға болады. Келісім  тағы  қақтығысты шешу үшін  жаугершілікемес  құралдарға бару міндетін бекітеді, қақтығыстың  кейбірсалдарларын  тойтара бастайды. Солай  келе,  келіссөздер күн тәртібі жасала бастайды.

Рамалық келісімдер  тұрақты және  тұрақсыз  болып келеді. Тіпті  барлық тараптар оларға қол қойғанның  өзінде де тығырыққа тіреліп тұрақты  болмай калады, ондай жағдай тараптардың  біреуінің лидері аяқ астынан  қайтыс болғанда немесе  билік  басына  басқа кісі келгенде болады.

 Үшінші кезең – келісімдерді  орындау кезеңі болып табылады, солардың нәтижесінде, рамалық   келісімдер жетілдіріледі. Британ  зерттеушілері Майелл, Рамсботэм  және  Вудхауз  қақтығысты  шешудің  бес әдісін көрсетеді. Бұл типологияға эгоцентризм немесе  басқалардың  қамын ойлау жатады. Тарап  «бақталастық» мүдделерімен санаспай, тек өз мүдделеріне қол жеткізуді қарастырады. Алайда,  бақталастық орнына  жеңілдікке (уступка) келуі мүмкін, жеңілдік дегеніз басқа тараптың мүддесін ойлау,  мүддесіне  қамқорлық жасау. Сондай-ақ конфликтен кашпауға да, конфликттен шегінуге де болады, ол «эгоцентризм» өсі және басқалардың қамын ойлау өсі деп аталады.

Келесі, төртінші әдіс – алтын орта,  өзінің  «мен» және басқаның, мүдделерінің ішінен компромисс іздеу.

Ең соңғы, конфликтті шешудің бесінші  әдісі - көптеген  специалистермен  қарастырылатын приоритетті әдіс, оның  мәні өзінің  мүддесі  басқаның мүддесімен тең бөлу. Дәп осының арқасында   конструктивті түрде тойтаруға  және проблеманың оптималды шешімін табу  импульсі  пайда болады.

 

 

    1. Келіссөздерді   жургізу әдістері және олардың тактикалары

Белгілі Ресей дипломаты В. Л. Исраэлян  халықаралық келіссөздерді үш тактикалық түрге  бөлген:

  • бастапқы  позиция келіссөз  басында болады, сосын  өзгерістер  енгізіледі;

       - келіссөздер барысында бастапқы позиция  өзгеріссіз қалады, алайда соңғы моментте компромиске деген  дайындығы  байқалады;

      - бастапқы позиция  өзгермейді және  келісімді басқа мүшелер қабылдайды. [14]

Бірінші позицияда, бастапқы позиция асырмалы болуы мүмкін, ал ол мемлекет-мүшесіне жеңілдікке (уступка)  баруға мүмкіндік береді.  Алайда, ондай  тактика  әрқашанда нәтижелі бола  бермейді, өйткені басқа  мүшелер, олардың  біреуі жеңілдікке барса, онда олар өз талаптарын қаталдау қылуы мүмкін. Нәтижеге қол    жеткізу екінші нұсқада ғана мүмкін бола алады, яғни делегацияның барлық мүшелерінің позициялары мен мүдделері жан-жақты ескерілгенде. Егер бірінші және екінші нұсқалар  компромисстерді, жеңілдіктерді қарастырса, онда  үшінші нұсқада ондай мүмкіндікті қарастырмайды.

Американ зерттеушілер Р. Фишер У. Юри келіссөздердің тағы да үш  нұсқаларын   назарымызға  ұсынады: қатаң, жұмсақ және  принципиалды. [30]

Қатаң кезде келіссөзшілер  қарсыласушылар ретінде  қарастырылады, ал келіссөз  қорытындысы – жеңіс.  Тараптардың  әрқайсысы жеңілдікті  талап етеді, өз позицияларына берік болады, сонда ғана қарсыласы сөзсіз  оның ұсынысын қабылдауға мәжбүр болады.

Жұмсақ әдіс қатаң  әдіске қарама-қайшы болады. Ондай  нұсқада  келіссөзшілер  келісімге жету үшін өзаражеңілдіктерге бара алады. Ондай келіссөздердің мақсаты – достық  қатынасты сақтау.

Екі жүріс тиімді және конструктивті емес немесе қабылданған  шешімдер компромисс сияқты болады, ал ол шын  мәнінде тараптар мүдделерін атқармайды.

Ең нәтижелі әдіс принципиалды жүріс болып табылады, онда саудаласу  болмайды, позицияларға емес тек мүдделерге  назар  аударылатын келіссөз болады. Ондай келіссөздің мақсаты –  партнерлердің мүдделерін ескере  отырып  проблеманы ортақ шешу.

Келіссөздер қалай табысты  бола алады?

Біріншіден, мүшелер тек өзінің ғана  емес, сондай-ақ партнердің мүдделерін ескеру керек және  де өзінің көзқарастарын  идеалды көзқарас деп  қарамау  керек.  Әрине олар өз  позицияларынан бас тарту керек дегенді білдірмейді; олар партнердің мүддесін ескеру керек.

Екіншіден, принципиалды әдіс адамдардың проблемалардан бөлек  болуын, адамдарға деген қатынастары  өте жұмсақ, проблемаға деген қатынастары  қатал, принципиалды болуы керектігін қарастырады.

Дауысы ырғағы сабырлы, берік аргументация, эмоцияның болмауы  келіссөздерде  қолайлы психологиялық климат тудырады.

Үшіншіден, өзаратиімді  шешімге жету үшін көптеген альтернативті  нұсқалар  болуы керек. Егер келіссөздер  қандай-да бір  тарапқа  тиімсіз  болса, олар кез келген сәтте үзілуі мүмкін, сондықтан альтернативалар қоры болуы керек. Ал, нұсқалар қоры дайындық кезінде құрылуы керек. Әрбір жүмыс белгілі бір тактикаларды талап етеді. [30]

Келіссөздерді қатаң  жүргізгенде адал емес әдістер де  қолданылады, мөселен алғашқы талаптарды  арттыру, бірақ олардың  жартысын кейінірек шегінудіруге болады. Ондай кезде өз позициясында да өтірікті  қолданады. Ол дегеніміз, салями әдісі партнерді өз позициясын бірінші  болып аштыруын қарастырады, ал өз  мақсаттары туралы ақпаратты, өте  кішкентай  порциямен білдіруді қарастырады (колбасаны өте жұқа кескендей «салями» принципі).

Кейде келіссөздерді  созу мақсатында немесе созу көмегін  пайдаланбай ештеңкені шешкісі  келмесе, өз ұсыныстарынан  бас тарту  әдісін қолданады, партнер оларды енді қабылдауға  кіріскенде.

Екінші рет талқылау әдісі (двойное толкование) соңғы  стадияда қолданылады, партнер байқамаған екі ой   құжатта болады. Ары  қарай уағдаластық бұзылмайтын  сияқты көрінгенмен, алайда бір тарапқа  тиімсіз болады. Мұндай жағдай мүшелер  ортақ  пікірге келе алмағанда, келісімді дереу бекіту керек болған кезде орын алады. Осындай әдісті  Г. Киссинджер конструктивті екіойлылық әдіс деп атаған.

Информация о работе Дипломатиялық өкілдіктің және оның қызметкерлерінің артықшылықтары мен иммунитеттері