Дипломатиялық өкілдіктің және оның қызметкерлерінің артықшылықтары мен иммунитеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2013 в 15:20, курсовая работа

Краткое описание

Дипломатияның әдістері мен құралдары қоғамның әртүрлі кезеңдерінде мемлекеттердің сыртқы саясатының мақсат - мүдделерімен бірге өзгеріске ұшырап отырды. Әрбір тарихи формацияның өзіне тән сыртқы саясаты мен дипломатиясы болды.

Вложенные файлы: 1 файл

дипломатия.doc

— 280.50 Кб (Скачать файл)

Қорқыту,  ульматумдар, шантаж -  өткен  уақыттардағы кең  қолданылған әдістер, алайда  бүгінгі  күні де қолданылады (мықтысы әлсіз партнерді қорқытады, ал бұл жиі-жиі нәтижелер әкеледі).

Мықты тарап дайындықты қажет етпейді, өз мүдделерін асыра   бағалайды. Сонау XVII ғ венгер  қолбасшысы, дипломат, ақын және публицист Миклош Зриньи: «егер  қарсыласушы піл сияқты күшті болса, оған қарсы шық, ал егер  бүрге сияқты әлсіз болса онымен  кездесуге мұқият дайындалып бар». Сондай-ақ қорқыту партнерді төмендетеді,  балағаттайды. Ал төмендету – құдіретті күш. [32]

Қорқытқанда реакция  да әрі болады: талаптарды  орындау, қорқытуды елемеу, қарсыласушыны  да қорқыту. Мұндай әдістер жақсы нәтиже бермейді.

Жұмсақ әдіс партнердің әрбір  ұсынысын қабылдаттырады, жеңілдіктерге  баруды, өз позициясын ашық  көрсетуді  қарастырады.

Егер бір тарап жеңілдік  үстіне жеңілдік жасаса, онда басқа  тараптарда партнер келіссөзге дайын емес, немесе келіссөз оған қызықты емес, не болмаса оған келісім  өте керек,  сондықтан әрбір  талапты орындауға дайын, я болмаса келісім өзі үшін де және тарап үшін де ұтыс деген ой қалыптасуы мүмкін.

Ал принципиалды келіссөзде тараптардың позицияларды мен мүдделері ортақ болып келеді.

Мәселелердің шешілуіне  де мынадай  тактикалық әдістер де  септігін тигізе алады:

- ортақ зона шешімдерін іздеу (бастапқыда ортақ формула, сосын детальдар  келісіледі);

- компромисстерді қолдану;

- партнерлердің өзара мүдделерін ескертетін ұсыныстарды енгізу;

- проблемаларды фрагменттерге бөлу.

Ең басында жеке элементтерді шешу мүмкіндігі қарастырылады.

Олардың біреуін шешу мүмкін болмаса, талқылау мен шешімді  кейінге  қалдырған жөн. Осындай  жағдайда уағдаластық толық сипатта болмайды. Алайда, егер осы уағдаластық тараптарды  біраз қанағаттындырса,  уағдаластықты өзарақатынастарда алғашқы қадам деп санауға болады. Көпжақты келіссөздерде бәрін  қанағаттыра алатын шешім табу өте қиын. Сондықтан олар  блоктық тактикаға жүгіреді (ортақ мүдделері бар партнерлер ортақ блок болып шығады). [32]

Қабылданатын шешімдер блоктың  ішінде  келісіледі, сосын  блок арасында.

Егер партнер өзін адал  ұстамағандығы  білініп  қалса, «кір әдістерді ұстайды»,  оған солай жауап  бермеу керек.

Ондай кезде:

- партнердің осындай тәртібінің себебін талқылау керек (кейде партнерлерді ауыстырады);

- келіссөздерде  іскерлік атмосфера құру керек;

- пауза ұсыну керек, сол кезде эксперттермен кеңес жүргізу керек.

Келіссөздер тактикасы дайындық стадиясында да қарастырылуы керек, алайда көптеген  зерттеулер, дипломаттар айтқандай, ол тоқтап қалмауы керек, әйтпесе уағдаластыққа жету процесі үзіліп қалуы мүмкін. [13]

 

 

2.5 Келіссөздердің корытынды  құжаттары

Келіссөздер  құжаттарды қабылдаумен  аяқталып, олардың қорытылары бойынша пресс-конференциялар өткізіледі.

Құжаттардың негізгі  түрлеріне  келісімдер, келісімшарттар, Конвенция, протокол, декларация, коммюнине жатады. Кейбір уағдаласушы тараптар ноталар және хат алмасулармен айналысады. Бұл құжаттар халықаралық құқықтың субъектерлері арасында өзара құқықтар мен міндеттерді бекітеді.

Қорытынды құжаттың тарихи түрі - келісім шарт болып табылады. Қатысушылар санына байланысты  келісімшарттар  екіжақты және көпжақты болады. Көпжақты келісімдер ашық (басқа  мемлекеттердің қосылуы мүмкін) және  жабық (қатысушылардың  келісімімен ғана  соңдай келісімшарттарға қосылу мүмкін) болып бөлінеді. Қосымшалар, оговоркалар, кейде протоколмен рәсімделеді. [17]

Протоколдын өзі дербес құжат сипатында бола  алады. Келісімшарт преамбуладан (қатысушылар, мотивтері, мақсаттары, принциптері) нақты  баптардан, қаулылардан, сондай-ақ  қорытындыдардан тұрады. (әрекет мерзімі, ұзарту тәртібі немесе әрекетті тоқтату). Үлкен  саяси  мәні бар келісім-шарт пакт деп аталады. Олар ұжымдық қауіпсіздік мәселелерін реттейді, өзаракөмек және  ынтымақтастық мәселелерін, сонымен қатар мемлекеттік қатынастардық  сыртқы саяси принциптерін қарастырады. [17]

Келісімдер мен  Конвенциялар  (лат. conventio- келісім) – экономикалық, саяси, әскери т.б. сфералардағы қандай-да бір арнайы мәселелер бойынша мемлекеттер арасындағы қатыныстарды реттейді.

Ең маңызды көпжақты  конвенциялар – 1815 және  1961 жж  Вена Конвенциялары.

Коммюнике (лат.сomuniko-хабарлаймын) – мемлекеттер саясатының принциптері мен позициялары туралы  ақпаратты сипаттағы құжаттың бірі.

Көпжақты келісімдер екі  және  одан  да  көп тілдерде,  ал екіжақты келісімдер  уағдаласушы тараптардың тілінде жасалады. Мәселен,  БҰҰ эгидасы мен  болатын келісімдер  ағылшын, француз, орыс, испан және қытай бес тілдерінде болады. Құжатқа  қол  қоярда кезде парафирлеу (әрбір беттте инициалдары тұрады) болады.

Құжатқа қол қойылғаннан  кейін парламент немесе  мемлекет басшысы ратификациялайды. Келісім  ратифицияланған  грамоталармен алмасқан сәттен бастап  күшіне енеді немесе мемлекет-депозитариясына сақтауға берген   сәттен бастап. [18]

 

 

2.6 Келіссөздер жүргізудегі үшінші тараптың рөлі: «үшінші тарап» түсінігі, мәні мен мақсаттары

«Үшінші тарап» түсінігі  өте кең және өзіне мынадай терминдерді қосады: «делдал», «келіссөз процесінің жүрісін бақылау», «арбитр».

Үшінші тарап конфликтке не дербес, не қақтығысушы тарапының өтініші  бойынша  шығады алады. Үшінші тараптың бірінші міндеті - тараптарды және  конфликт проблемасын  анықтау. [19]

Үшінші тараптың екінші міндеті – сол тараптардың өздерін шақыру, және  олардың қарама – қайшы мүдделерін  талқыға салу. Үшінші тарап конфликтке  қатысушылардың  біреуіне көмек көрсету үшін  араласпайды,  керісінше оған бейбіт реттеу  мақсатында  араласады.

Үшінші тараптың ықпалы әртүрлі болады. Ықпал ету  құралдарының ішінде екі топ болады:

Бірінші топ -бейбіт шешімді табуға  көмектесетін, көндіретін топ;

Екінші топ - мәжбүрлеу, қысым көрсету  тобы болып табылады.

Бірінші топта  конфликтті реттеудің  бейбіт құралдары бар: ізгі қызмет (добрые услуги); делдалдылық; тергеу және  келісімді комиссия.

Ізгі қызмет және  делдалдық  орта ғғ бастап  кең  таралған, және 1907 жылы Гаага конвенциясында да  көрініс тапқан. Ізгі  қызмет пен   делдалдық көрсетуде үшінші  тарап  инициатор болып, өзінің  дауды шешудегі  тиімді шарттарын  ұсынады, қысымды бәсеңдетеді, бірақ оның  дауды  нақты  шешуі,  тараптар үшін міндетті болып табылмайды.

Бақылаушы да тараптар арасындағы қысымды  бәсендетіп, бұрын қабылданған келісімдердің  орындалуын қадағалап отырады.

Конфліктті  бейбіт реттеу құралдарының тағы біреуі – комиссияның құрылуы.

Тараптармен  паритетті түрде  халықаралық тергеу комиссиясы  құрылады, ал кейде  үшінші мемлекеттің  өкілі басшылығымен. Тараптар комиссия қорытындыларын өз қараулары бойынша  қолдана алады.

Халықаралық келісімді комиссия тараптарға рекомендациялар  ұсына алады, ал ол рекомендациялар тараптар  үшін міндетті болып табылмайды.

Бейбіт реттеудің тағы бір дәстүрлі  құралы – халықаралық арбитраж  болып тыбылады, практикада оның  табысы өте  аз. Халықаралық арбитраж - дауды бейбіт реттеу мақсатында тараптармен еркін құрылған топ, оның  шешімі  тараптар үшін  міндетті болып келеді. [19]

Үшінші тарап ретінде  жеке арбитр шыға алады, ол үшініші мемлекеттен  құрылған  арбитр тобы,  қақтығысушы тараптардан  паритетті негіздегі арбитр тобы және  нейтралды  төраға жанындағы - суперарбитр болады.

Сот талқылауы (разбирательство) негізінен  третей сияқты, тек олардың  айырмашылығы  құрамындағы адамның санына байланысты.

Алғашқы  тұрақты  халықаралық сот - Халықаралық сот тұрақты   Палатасы болып табылады, оның статуты  Ұлттар  Лигасында қабылданған 1920 жылы, 1921 жылы ол өз күшіне  енді. Палата өз  тіршілігін 1946 жылы ресми түрде  тоқтатып, сол уақытта  30 мемлекеттің мүддесіне  байланысты 65 жұмыс  атқарыпты. Екінші дүние жүзілік соғыстан  кейін, БҰҰ-ның  Халықаралық Соты  кұрылады.

Үшінші тарап  сондай-ақ  әртүрлі  шектеулер мен  мәжбүрлеу  колдана  алады, мысалы  экономикалық көмек  көрсетуден бас тарту,  санкцияларды қолдану; тараптар үшін бітімгершілік күштерді енгізу.

Осы  шаралар кейде  уағдаластыққа  қол жеткізгеннен кейін де,   келісімнің орындалуын қамтамасыз ету  үшін тараптарға қолданылады  .

Бейбітшілікті қолдау операцияларының  жұмысы:  бітімгершілік  күштерін жіберу болып табылады.

Бітімгершілік күштері  конфликт  қарулы күреске айналғанда,  жіберіледі. Мәселен, 1948 жылы (ООНВУП) БҰҰ-ның бітім  шарттарын  орындау бойынша  бақылау Органы. 1992 жылы БҰҰ  ЕҚЫК-ке бейбітшілік операцияларынын  жүргізуге өкілдік берді.

Санкциялар  енгізу: оларды халықаралық ұйымдар шешімдері бойынша немесе  мемлекеттердің инициативалары бойынша енгізіледі. Санкция: сауда, қаржы, саяси санкциялар болып бөлінеді. Санкциялар негативті салдарларға әкеліп соқтыруы мүмкін

 Біріншіден, санкциялардың конфликтті  саяси реттеу проблемаларын өздері шеше алмайды.

Екіншіден,  санкциялар конфликттің  жалғасуын қолдайтын ұлттық лидердің күшеюіне әкелуі мүмкін.

Үшіншіден, санкциялар сол елдің  экономикасына ғана емес, сонымен  қатар оларды енгізіп отырған  елдің де экономикасына кесірін тигізеді:

1. Қорытындылай келсек, конфликтті реттеу дегеніміз - элиталар арасында бейбітшілікті орнату.

2. Келіссөздер мен делдалдық  әр тараптың ең жоғарғы деңгейінде  (элиталар деңгейінде) жүзеге асырылуы қажет. (3. 200б)

 

 

     

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Мемлекеттердің бүгінгі  дипломатиялық қызметі  сонау  б.э дейінгі XVI-XVII ғғ. бастау алады. Бұл тұста дипломатия түсінігіне көптеген дипломаттар біршама анықтамалар береді.

«Дипломатия» – тәуелсіз мемлекеттер үкіметтерінің ресми қатынастардағы ақыл–ойлары мен тактыларының қолданылуы» (Э.Сатоу), «дипломатия мемлекеттердің өзарақатынастарымен өзара мүдделері туралы ғылымы немесе халықтың өзара мүдделері туралы ғылымы” (Г. Мартене), ал нақтырақ айтар болсақ «дипломатия – келіссөздер ғылымы немесе өнері» - дейді (Гарден).

Сондықтан, «дипломатия» түсінігі мемлекет жетекшілерінің және мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының, сонымен қатар сыртқы қатынастардағы органдардың жан-жақты сыртқы саяси қызметтерін қамтиды. Келіссөздерді және т.б. бейбіт құралдарды пайдалана отырып, дипломатия сыртқы саясаттың мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыруға, халықаралық  аренада өз елінің мүдделерін қорғауға қол жеткізеді.

Дипломатияның әдістері мен құралдары қоғамның әртүрлі  кезеңдерінде мемлекеттердің сыртқы саясатының мақсат - мүдделерімен бірге өзгеріске ұшырады. Әрбір тарихи формацияның өзіне тән сыртқы саясаты мен дипломатиясы бар.

 Соңғы жылдары елдер  арасында қарым-қатынастар сипаты өзгеріп келе жатыр. Конфронтациядан ынтымақтастық және серіктестікке өту кезеңі орын алды. Мемлекеттер арасындағы жаңа климаттың қалыптасуына, көбінесе, мемлекет жетекшілерінің ұсынған гуманитарлы, экология, экономика, саясат және әскери сфераларын қосатын халықаралық қауіпсіздік жүйесін құру концепциясы септігін тигізді. Бұл концепцияның негізінде өз қауіпсіздігін басқалардың қауіпсіздіздігі есебінен құруға болмайды деген түсінік жатыр.

Қазақстан Республикасының  дипломатиясы халықаралық практиканың бейбіт құралдарының барлық арсеналын қолданады, олар: кедесулер, кеңесулер, мемлекет басшыларының екі жақты және   көпжақты  негіздегі конференциялары,  сондай-ақ   үкімет басшыларының,  сыртқы істер министрлерінің кездесулері.

1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының  47 - сессиясында Қазақстан Республикасының  Президенті  Н.Ә Назарбаев Азияда өзара әрекеттер мен сенім  шаралары кеңесін шақыру инициативасын бастады   Мемлекеттер арасында хат алмасу тұрақты болып тұрады. Дипломатиялық қызметтің бұл формасы сыртқы істер ведомстволарының  жұмыстарында жетекші орын алады. Маңызды сыртқы саяси құжаттарға кіретін мәлімдемелер, ноталар, естелік жазбалары арқылы көптеген мәселелер шешіледі, акциялар дайындалады.

Қазіргі кезде дипломатияның  маңызды элементттерінің бірі- мемлекет басшыларының, сыртқы істер министрлерінің  телефон арқылы тікелей байланыстары. Тура байланыс тет а тет  кейде күрделі халықаралық мәселелерді шешуге септігін тигізеді.

Халықаралық қатынастарды реттеуде дипломатиялық келіссөздердің рөлі жоғары. Қазіргі кезде аймақтық қақтығыстарды шешуде көп таралған келіссөздердің бірі үшінші тараптың көмегін-делдалдықты пайдалану.

Үшінші тарап конфликтке не дербес, не қақтығысушы тарапының өтініші  бойынша  шығады алады.

Үшінші тараптың бірінші міндеті - тараптарды және  конфликт проблемасын  анықтау.

Үшінші тараптың екінші міндеті  – сол тараптардың өздерін шақыру, және  олардың қарама – қайшы мүдделерін  талқыға салу. Үшінші тарап конфликтке  қатысушылардың  біреуіне көмек көрсету  үшін  араласпайды,  керісінше оған бейбіт реттеу  мақсатында  араласады.

Үшінші тараптың ықпалы әртүрлі  болады. Ықпал ету  құралдарының ішінде екі топ болады:

Бірінші топ -бейбіт шешімді табуға  көмектесетін, көндіретін топ;

Екінші топ - мәжбүрлеу, қысым көрсету  тобы болып табылады.

Бірінші топта  конфликтті реттеудің  бейбіт құралдары бар: ізгі қызмет (добрые услуги); делдалдылық; тергеу және  келісімді комиссия.

Информация о работе Дипломатиялық өкілдіктің және оның қызметкерлерінің артықшылықтары мен иммунитеттері