ХХ ғ. соңы - ХХІ ғ. басындағы Орталық Азия аймағындағы мемлекеттердегі саяси трансформациялану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2012 в 14:26, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының өзектілігі. Жаһандану жағдайында өтпелі кезеңдегі саяси жүйелердің трансформациялануы мәселелерін зерттеудің өзектілігі бірқатар себептерге негізделеді. Олардың қатарына ең бірінші кезекте бұрын саясаттану тұрғысынан сараптамаға салынбаған саяси жүйе түрлерінің қызмет ету ерекшеліктерін танып-білу мен сипаттама беру, өтпелі қоғамның әлеуметтік тұрғыда күйзеліссіз модернизациялануын қамтамасыз ете алатын саяси жүйелердің тиімді параметрлерін анықтау, өтпелі қоғам институттарының аймақтық және жаһандық әлемдік жүйеге интеграциялану мүмкіндіктерін айқындау жатады

Содержание

ҚЫСҚАРТУЛАР.........................................................................................................3

КІРІСПЕ....................................................................................................................4-9

1 ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕГІ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАНУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЭВОЛЮЦИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ...............................................................10-31
Орталық Азия мемлекеттеріндегі өтпелі кезеңдегі саяси саладағы жағдай..............................................................................................................10-19
Қалыптасқан саяси және экономикалық жүйеден жаңа жүйеге өтудегі аймақтық тәжірибе..........................................................................................19-31

2 ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК ҚАТЫНАСЫ, ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ФАКТОРЛАРДЫҢ ЫҚПАЛЫ............................................................................................................32-57
2.1 Ресей мен Қытайдың Орталық Азия республикаларына қатысты
саясаты............................................................................................................32-40
2.2 Орталық Азияға қатысты АҚШ-тың, ЕО-тың ұстанымы..........................40-49
2.3 Орталық Азия елдерінің ХХІ ғ. саяси трансформациялануының
нәтижелері.......................................................................................................49-57

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................58-61

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................62-64

ҚОСЫМШАЛАР.......................................................................................................65

Вложенные файлы: 1 файл

Диплом.docx

— 177.12 Кб (Скачать файл)

2005 жылы 24 наурызда тәртіптің  құлауынан кейін бастау алған  трансформацияланудың жаңа сатысы  өте күрделі сипат алды. Биліктің  ауысуы терең әлеуметтік және экономикалық салада үлкен соққыға алып келді. Бішкектегі үш күндік тонау мен қырып жою әрекеттері біраз бөлігі астанада шоғырланған кіші және орта бизнеске елеулі нұқсан келтірді. Дегенмен жаңа билік әркелкі оппозиция көшбасшылары арасында билікті бөлісу бойынша келісім орнатты, бұл өз кезегінде бүліктердің ауқымды азаматтық соғысқа ұласып кетуін алдын алды және 2005 жылы 10 шілдеде мезгілінен бұрын президенттік сайлау өткізілуіне жол ашты. Кейбір олқылықтарға қарамастан, аталмыш сайлау тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі Қырғызстандағы ең еркін әрі демократиялық сайлау болды. Жаңа биліктің әлсіздігі қоғамның белсенділігінің артуы мен қалыпты азаматтық диалогтың орнауына қолайлы орта туғызды [9]. Жалпы алғанда постакаевтік кезеңдегі Қырғызстанның саяси трансформациялануының нәтижелері айтарлықтай сенім артпады. Оппозицияның негізгі бөлігін құрайтын Оңтүстік өкілдері болса, президент Қ. Бакиев басшылығындағы жаңа әкімшіліктен ықпалды орындарды иеленді. Мұндай ахуал бұрынғы А. Акаев жанындағы көптеген солтүстік өкілдері үшін қауіп төндірді де, олар Ф. Кулов жағына шоғырлана бастады. К. Бакиев әкімшілігінің аймақтық-рулық қарама-қайшылықтарды шеше алмауы Солтүстік және Оңтүстік қарым-қатынасында ұзақ уақыт бойы шиеленісті жағдайдың сақталуына алып келді. 2005 жылғы наурыз оқиғасының екі басты тұлғалары К.С. Бакиев және Ф.Ш. Кулов арасында елдің дамуына қатысты маңызды сұрақтарда түрлі айырмашылықтар бар екені бірден байқалды. Нәтижесінде 2008 жылдың ортасына таман билік толықтай парламентті де, үкіметті де бақылап отырған К. Бакиев қолына шоғырланды.

Өз конституциялық жобасы аясында президенттік-парламенттік республика орнату және экономиканың барлық табысты салаларын өзіне  қаратуға тырысқан К. Бакиев қадамдары 2005 жылдың аяғында «жаңа оппозицияның» қалыптасуына алып келді. Оның құрамына жаңа үкіметте      (А. Бекназаров, Р. Отунбаева) қызметке тағайындалған көптеген парламент мүшелері, іскер элита өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың белсенділері, бұрынғы оппозиционерлер кірді [31].

Саяси тұрықтылықтың жоқтығы, биліктің елде орын алған жағдайды өз бақылауында ұстай алмауы, саяси  даму бағытының стартегиялық бағдарының нақты айқындалмағандығы Қырғызстан экономикасына кері әсерін тигізгеніне күмән жоқ. Экономикалық дамудың саясатпен етене ұштасуы билік пен оппозиция арасында ақапараттық күрестің туындауына әкеп соқтырды. Сонымен қатар республикадағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауының айғағына Қырғызстандағы еңбек миграциясы және эмиграциясының күрт артуы жатады. Бұл бір жағынан елге қомақты қаржы көлемін алып келсе, екінші жағынан оның экономикалық қауіпсіздігіне қатысты жақын болашақта қатерлі сипат туғызуы мүмкін. Сыбайлас жемқорлықтың өршуі, ұйымдасқан қылмыс ықпалының күшеюі және билікті іштей қақ жарылуы тұсында Қырғызстанның саяси-қоғамдық дамуындағы әлі күнге дейін өз шешімін таппаған ең басты мәселе – бұл тарнсформацияның маңызды агенттерінің бірі мемлекеттегі заң мен саяси субъективтілік деңгейін нығайту болып табылады. Елде бүгінгі таңдағы даму серпінділігі келешекте де сақталатын болса, саяси тұрақсыздық және әлеуметтік-экономикалық артта қалушылықпен қатар мемлекеттің ыдырауы мен көрші елдердің саяси-экономикалық үстемдік етуі әбден орын алуы мүмкін.

Тәжікстан мемлекетінің өзіндік  ерекшелігі 1994 жылы қабылданған Конституцияға  негізделеді. Конституция бойынша  ел «егеменді, демократиялық, конституциялық, зайырлы және унитарлы мемлекет»  ретінде танылады; халық «ел егемендігін  сақтаушы және мемлекеттік биліктің жалғыз қайнар көзі» белгіленген. ЕҚЫҰ Тәжікстан конституциясын (1994 ж.) посткеңестік кеңістіктіктегі сәтті үлгілердің бірі ретінде бағалағанмен де, ұйым сарапшылары оның елеулі кемшіліктерін  де атап өтті: президент өкілеттілігі (шексіз президенттік биліктің қасы), өз кезегінде конституциялық сот өкілеттілігінің  қысқаруына алып келетін парламенттің конституция мен заңдарға дәйектеме  беру (интерпретация) құқығы және сот  билігінің тәуелсіздігі мен өкілеттілігі жөніндегі кемшіліктер. Соттың жеке және қызметтік тәуелсіздігін белгілеу қажеттігі атап айтылды. Өтпелі кезеңде конституцияны өзгерту барысында парламенттің құрылымдық қайта құрылуын жүзеге асыру есесінен президенттік тәртіп біршама нығайды. Бұл билік теңдігінің сақтаулына кері ісер етті. Парламент Маджлиси Милли (Ұлттық Ассамблея немесе жоғарғы палата) және Маджлиси Намояндагоннан (Өкілдер Ассамблеясы немесе төменгі палата) тұратын екі палаталы органға айналды. Азаматтық еркіндіктер конституциялық бекітілгенімен, іс жүзінде қамтамасыз етілмеді. Қоғам тарапынан сыбайлас жемқорлық және парақор шенеуніктерге қатысты сын тағылып, наразылықтар орын алғанымен де, сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жазаға тарту әділетсіз жүруде. Сот саяси қысымға душар, кейде бұл жайт күш қолдануға дейін жетеді. Жалпы алғанда, заң мен шынайы өмір бір-бірінен өте алшақ [11, 165].

Тәжікстанда жалпы ұлттық демократиялық күштердің нақты  әрі берік позициялары қалыптаспаған. Мемлекеттегі билік пен оппозиция  арасындағы маңызды айырмашылық  сыртқы ортада олардың түрлі бағыт ұстануына байланысты өзара геосаяси қарама-қайшы позицияны иемденген. Аймақтық рулық принцип негізінде қалыптасқан Тәжікстандағы оппозиция ислам мемлекеттеріне, ЕҚЫҰ мүше мемлекеттеріне және белгілі бір көлемде Ресейге қарсы күштерге бағытталған. Сонымен қатар қазіргі таңдағы билік тұрақтылықты сақтап қалу мәселесін заңды түрде Ресей және Орталық Азияның мемлекеттерімен көпжақты әскери-саяси және экономикалық ынтымақтастық шеңберінде қарым-қатынасты дамытумен ұштастырып отыр. Тәжікстан аймақта Ресейдің қатысуымен құрылған барлық ұйымдардың мүшесі болып табылады. Дін және мемлекет арақатынасы, сонымен қатар ел ерекшелігін қалыптастырудағы ислам орнын айқындау әлі де даулы мәселелер қатарында. Дәстүрдің жандануы контекстінде реисламизациялану үрдісі қарқынды жүруде. 1997 жылы республика халқының 97% ислам дінін ұстанды. Бірлестікке бірігудегі еркіндікті жариялайтын саяси партиялар туралы заң партиялар мен қозғалыстардың тіркелуін, қызметін бақылауда ұстайды. БАҚ туралы сөз қозғайтын болсақ, қоғамда белгілі бір көлемде пікірталас орын алғанымен, билік тарапынан аталмыш салада бірқатар шектеулерге жол берілген.

Дау-жанжалға толы трансформациялану салдарынан көрініс тапқан әлеуметтік анархия және биліктің салдық сипат алған жағдайында қоғам және мемлекеттегі тәртіпті ретке келтіру мәселесі алдыңғы қатарға шықты. Республикадағы кеңестік биліктің ескі орталық азиялық құрылымдары КСРО-ның құлдырауынан кейін қарқынды түрде пайда болған аймақтық дәстүрлі топтамалармен қақтығысу нәтижесінде саяси сахнадан орнын жоғалтты.

Президент Э. Рахмонның елдегі беделі негізінен оның азаматтық  соғысты тоқтатуға қомқан зор  үлесімен байланысты. Жалпы алғанда, үкімет басқару ісін жүзеге асыруда  жеткілікті мүмкіндікке ие, дегенмен кейбір аудандарда бұл жергілікті көшбасшылардың ниетіне тәуелді сипат алып отыр. Жергілікті тәртіпке үнемі қысым көрсетіп отырған сыртқы күштер демократиялану үрдістерін жанданыруды көздеп және оларды тікелей немесе жанама қаржыландыру арқылы Тәжікстанда экономика мен саясаттың өте қатты жанасуына алып келді. Сыртқы әріптестердің аймақтық сипаттағы қарама-қайшылықтарды жоюда мардымсыздығын ескере аталмыш салалар бойынша тәжік қоғамының функционалдылығына басты назар аударылуы қажет. Осыған қол жеткізу үшін трансформациялану үрдісінің алға жылжуы эволюциялық және бейбіт жолдармен жүзеге асырылуы тиіс [11, 163].

Тоқсан ауыз сөзді түйіні: батыстық типтегі нарықтық демократияға өтудегі мүдде мен Тәжікстанның өзіндік ішкі құрылымдық сұраныстары арасында үлкен алшақтық бар. Аталмыш айырма әсіресе саяси-әлеуметтік қажеттіліктер саласында байқалды. Мәселе ұтымды экономикалық саясат арқылы шешілуі мүмкін. Ішкі экономикалық базаның әлсіздігі нарықтық экономиканың қалыптасуына кедергі, ал демократиялық реформалар жергілікті ортаның дәстүрлі ерекшеліктерімен тежелуде. Мұндай жағдайда келешек трансформацияланудың үш бағыты мүмкін. Біріншісі: қоғам наразылығының артуы, дегенмен шарықтау шегіне жетсе, нарықтық демократиялану бағытындағы трансформациялануға шек қоюы мүмкін. Екіншісі: әлеуметтік жүйелердің бірқалыпты трансформациялануының орнына экономикалық және саяси трансформацияланудың үзілмелі жүргізілуі. Үшінші экономикалық тұрғыда капиталистік жүйеге бағытталған, бірақ қоғамдық-саяси бағытта батыстық демократия үлгісінен өзгеше ұйымдастырылған даму жолы.

Аймақта көмірсутек қорымен  белгілі Түркменстан байлығын өз

бетінше пайдаға асырды. Түркменстанның мұнай – газ кешенін  реформалау мен қайта құру шетелдік компанияларды тарту негізінде, кейін «Түркменстандағы 2010 жылға  дейінгі әлеуметтік-экономикалық қайта  құрулар стратегиясың» бөлігі ретінде  жүзеге асырылады. Дегенмен жоспарланған көрсеткіштер ойдағыдай нәтиже бермеді [12, 12].

Елдегі көмірсутегі қорының негізгі бөлігінің Каспий маңы Балкан велаятында және континенталдық шельфте шоғырлануы шикізаттың оңай экспортталуына негіз және бұл шетел компанияларының қызығушылығын тудырып отыр. Түркменстанның басымдықтарының біріне Каспий теңізі қайраңын игеруі жатады. 2006 жылы мемлекет басшысының ауысуымен Ашхабад мұнай-газ саласындағы стратегиясын өзгертпеді.  Ниязов алдына экономиканы модернизациялау мақсатын белгілеп және осы бағытта бір ізбен жүріп отырғанын айтып кеткен жөн. Мақсатқа жетуде нарықтық емес, тоталитарлық құралдар қолданылғанымен, республика экономикасы біршама нығайды. Мұнай шикізаты мен табиғи газды экспорттауға емес, оларды ел ішінде қайта өңдеп, нәтижесінде алынған екінші реттегі өнімдерді анағұрлым пайда түсіру арқылы сатуға ерекше мән берілді. Әйтсе де экономикалық өзгерістердің әлеуметтік салдарын мемлекеттік бюджеттің қомақты бөлігі билік басындағылардың кеудемсоқтық жобаларын іске асыруына жұмсалып, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы өзекті мәселелер шешілмеген күйінде қалды.

Түркменстан басшылығы саясатының арнайы бағыттарының бірі көмірсутектерді  өңдеу бойынша қуаттарды жаңарту (модернизациялау) болып табылады. Бірқатар жылдар бойы Түркменстанның ірі құрылыстарына  Түркменбаши қаласындағы мұнай  өндіру зауытын толық көлемде  қайта құру жатты. Катализаторлық үрдістер бойынша жаңа қондырғыларды іске қосу Түркменбаши мұнай өндіру зауытының  сұйылтылған газды өңдеу қуатын елеулі көлемде арттыруға мүмкіндік  берді

Ниязов бірінші кезекте  өзін сыртқы қандай да бір қол сұғушылықтан қорғауға тырысты. Мұндай араласу әрекеттері халықаралық институттар мен  ұйымдар тарапынан да, кейбір көрші елдер жағынан да орын алуы мүмкін. Түркменстан құрлықтық шекара бойынша Қазақстанмен, Өзбекстанмен, Ауғанстан және Иранмен көршілес орналасса, Әзербайжан, Иран және Қазақстанның белгілі бір бөлігінде теңізбен шектеседі. Негізінен, сол кезеңде Каспий теңізі шекаралары теориялық мәнде болған еді. Қазақстан және Ашхабад арасында айтарлықтай мәселелер болмады. Түркмен-қазақ шекарасы салыстырмалы алғанда аз қоныстанған аймақ болып келеді. Тарихи тұрғыдан да екі жақтық маңызды қайшылықтарды атап көрсете алмаймыз. Дегенмен, республиканың оңтүстік және шығыс шекаралары әрдайым дүдәмал сипат алатын. Түркмен-ауған шекарасы бұл тұрғыда анағұрлым тыныш болды: екі тарап та да негізінен этникалық туыстас рулар қоныстанған еді. Амудария аймағындағы шекаралық сызық болшевиктер тарапынан мардымсыз жүргізілді: қабылданған шешім тарихи тұрғыда түркмендер үшін де, өзбектер үшін де қолайлы қайта қарастырылуы мүмкін болды. Аталмыш аймақта өзбектер саны жағынан екінші орын алады. Өзінің «Рухнама» атты кітабында баяндалған осы жағдайлар жөнінде Ниязовтың ізденістеріне қарамастан, соңғы бірнеше ғасырлар бойын түркмендер көршілес өзбек мемлекеттік құрылымдарынан (ең алдымен Хивин хандығы тарапынан) тәуелділікке бірнеше дүркін душар болғаны белгілі. Сол себепті Ниязов осы фактордың сыртқы актормен пайдаланылу ықтималдылығын ескере жүрді [11, 183].

Нәтижесінде Ниязов елді сыртқы қауіптен қорғай алатын күшке ие тараптармен  кезекпен одақтаса отырып айлаға толы шығыстық сарындағы саясат жүргізді. Москвамен қарым-қатынасты сақ  жүргізді және байланысты үнемі үзбей ұстап отыруға тырысты. 2005 жылы ТМД Казань саммитінде Түркменстан өзінің ТМД-дағы құқықтық статусының өзгеруі жөнінде мәлімдеп, тұрақты мүшеліктен ассоциацияланған мүшесіне ауысты. Дегенмен ел көптеген халықаралық ұйымдар мүшелігінен бас тартпады. Қазіргі таңда осындай 40 ұйымға мүше. Ниязов Москвамен қарым-қатынасты сақ жүргізді және байланысты үнемі үзбей ұстап отыруға тырысты. 1993 жылдың желтоқсан айында Ресей федерациясының президенті Борис Ельциннің Ашхабадқа ресми сапары орын алды. Оның барысында Түркменстанда орналасқан ресейлік әскери бөлімдердің статусы туралы, мемлекеттік шекараны ортақ қорғау жөнінде, сонымен қатар кейін 2003 жылы назар аударылған екі азаматтық иелену туралы келісімдерге қол қойылды (Бүгінде барлық аталған келісімдер өз күшінен айырылды). 2006 жылы орын алған Түркменстан үшін маңызды оқиғалардың қатарында сәуірдің басында президент Ниязовтың Қытайға іс-сапары барысында қол қойылған Түркменстан-Қытай газ құбыры жобасы мен Түркменстаннан Қытайға табиғи газ сату бойынша Бас үкіметаралық келісім орын алды. 2008 жылдың тамызында Пекинде Олимпиада өткізу барысында Түркменстан президенті Гурбангулы Бердымухаммедов Қытай бағытында құбырмен тасымалданатын газ көлемін арттыру туралы мәлімдеді.

Осы тұста отын-энергетика саласында да бірқатар өзгерістер болды. Түркменстаннан тартылған газ құбырларына қатысты жобалардың анағұрлым даулысына «Түркменстан-Түркия-Еуропа Транскаспийлік газ құбыры жобасын жүзеге асыру туралы» үкіметаралық келісім негізіндегі Транскаспийлік газ құбыры жатады. Жоба негізінде Каспий теңізі түбімен батыс Түркменстаннан Азербайжанға, одан әрі Грузия және Түркия аумақтары арқылы Еуропа нарықтарына құбыр салу жоспарланды. Аталмыш жоба бойынша да нақты келісімдер бекіту орын алмады.

Түркменстаннан тартылған  газ құбырларының қатысты жобалардың ішінде анағұрлым даулысына Транскаспийлік газ құбыры жатады.  1998 жылдың 29 қазанында  Ашхабад және Анкара «Түркменстан-Түркия-Еуропа Транскаспийлік газ құбыры жобасын  жүзеге асыру туралы» үкіметаралық келісімге келді. Жоба негізінде  Каспий теңізі түбімен батыс Түркменстаннан Азербайжанға, одан әрі Грузия және Түркия аумақтары арқылы Еуропа нарықтарына  құбыр салу жоспарланды. Әзербайжан аталмыш жоба аясында Түркменстанды  өз бәсекелесі ретінде таныды. Сол  себепті 1999 жылдың жазында, әзербайжандық  «Шах-Дениз» кен орнында табиғи газдың мол көлемі барланғанын негізге  ала отырып, Әзербайжан Транскаспийлік газ құбыры қуатының 50% иемдену құқығын  талап етті. Ашхабадта аталмыш  іс-әрекеттер қыр көрсету ретінде  қабылданды, нәтижесінде Транскаспийлік газ құбыры жобасын жүзеге асыру  тоқтатылды. Жобаның жандануы Ниязовтың  дүниеден кетуінен кейін қайта қолға  алынды. Осы тұста АҚШ және ЕО Транскаспийлік жобаны «Набукко» жобасының  бір бөлігі ету жолында өз белсенділіктерін арттыра түсті. Мұндағы мақсат –  Ресей жеріне соқпай-ақ Еуропаға газ  тасымалдау болды. Дегенмен, нақты келісімдерге келу іс жүзінде орын алмады.

Информация о работе ХХ ғ. соңы - ХХІ ғ. басындағы Орталық Азия аймағындағы мемлекеттердегі саяси трансформациялану