Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2012 в 14:26, дипломная работа
Диплом жұмысының өзектілігі. Жаһандану жағдайында өтпелі кезеңдегі саяси жүйелердің трансформациялануы мәселелерін зерттеудің өзектілігі бірқатар себептерге негізделеді. Олардың қатарына ең бірінші кезекте бұрын саясаттану тұрғысынан сараптамаға салынбаған саяси жүйе түрлерінің қызмет ету ерекшеліктерін танып-білу мен сипаттама беру, өтпелі қоғамның әлеуметтік тұрғыда күйзеліссіз модернизациялануын қамтамасыз ете алатын саяси жүйелердің тиімді параметрлерін анықтау, өтпелі қоғам институттарының аймақтық және жаһандық әлемдік жүйеге интеграциялану мүмкіндіктерін айқындау жатады
ҚЫСҚАРТУЛАР.........................................................................................................3
КІРІСПЕ....................................................................................................................4-9
1 ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕГІ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАНУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЭВОЛЮЦИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ...............................................................10-31
Орталық Азия мемлекеттеріндегі өтпелі кезеңдегі саяси саладағы жағдай..............................................................................................................10-19
Қалыптасқан саяси және экономикалық жүйеден жаңа жүйеге өтудегі аймақтық тәжірибе..........................................................................................19-31
2 ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК ҚАТЫНАСЫ, ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ФАКТОРЛАРДЫҢ ЫҚПАЛЫ............................................................................................................32-57
2.1 Ресей мен Қытайдың Орталық Азия республикаларына қатысты
саясаты............................................................................................................32-40
2.2 Орталық Азияға қатысты АҚШ-тың, ЕО-тың ұстанымы..........................40-49
2.3 Орталық Азия елдерінің ХХІ ғ. саяси трансформациялануының
нәтижелері.......................................................................................................49-57
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................58-61
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................62-64
ҚОСЫМШАЛАР.......................................................................................................65
Мектеп бағадарламасы шеңберінде кеңестік 10 жылдық оқыту нұсқасынан 9 жылдық жүйеге өту [11, 195] де шығыстық автократиялық дәстүрді еске салады. 1997 жылы республика велаяттарында орыс тіліндегі газет баспа орындары жабылса, 2000 жылдан бастап Түркменстан жоғары оқу орындарында орыс тілінде дәріс беруге тыйым салынды [15, 72]. Түркменстанның саяси жүйесіндегі жауыздық элементтеріне 2002 жылы Ниязовтың шешімімен қабылданған күнтізбе реформасы да жатады. Ниязов демократияны халық еркін жүзеге асыру емес, халық игілігін ұлттың жалғыз көшбасшысы («сердар») – «Түркменбашы» түсінігінде қамтамасыз ету деп дәріптеді.
Билік басына келген Бердымухаммедов сақтық пен ұқыптылық
танытты. Ол революционер, реформатор
емес, Ниязовтың ізбасары ретінде
танымал болды. Гурбангулы Мяликгулыұлы
әлеуметтік, мәдени және экономикалық
салаларда жекелеген
Бүгінгі Түркменстан билігі қандай да бір елеулі, ауқымды реформалар жүргізуді қажет етпейді. Елде азаматтық қоғам немесе саяси оппозиция жағынан билікке қарсылық, қысым көрсету аталмыш институттардың жоқтығына байланысты орын алмай отыр.
Бұрынғы КСРО-ның Кавказ республикаларына қарағанда орталық азиялық мемлекеттер анағұрлым орнықтылық танытты. Бұл тұста Тәжікстан ғана ерекшеленді, елдегі трансформацияланудың бастамасы азаматтық соғыс түрін иеленді. Сонымен қатар Орталық Азия аймағы мемлекеттері этносепаратистік қозғалыстардың әсерінен күйзеліске ұшырамағанын ескерген жөн. Дегенмен, демократиялық емес және антидемократиялық басқару формалары ақырында әлеуметтік дүмпулерге және радикалды саяси ахуалдың қалыптасуына алып келетініне көзді жұма қарай салуға тағы болмайды. Тәжікстанда, бертін келе Қырғызстанда орын алған оқиғалар барлық орталық азиялық мемлекеттер үшін өте маңызды сабақ және қоғамның дұрыс қызмет етуі мен жас мемлекеттердің бірігуіндегі басты шарттардың бірі - қауіпсіздікті нығайту үшін салмақты дәлел болып табылады.
Трансформациялану үстіндегі орталық азиялық мемлекеттерде мемлекеттік билік те, жеке кәсіпкерлік сала да билікті өз қолдарына шоғырландырған элиталық топтар құзырында. Партия жүйелерінің қалыптасуына көп жағдайда орталық азиялық қоғамның демократияланудың батыстық үлгісін қабылдауға объективті дайын болмауы ықпал етті. Сол себепті аталмыш мемлекеттерде қалыптасқан партиялар негізінен көшбасшы партиялары болып табылады.
«Орталық Азия республикалары қазір қоғамдық және саяси, экономика және мемлекеттілікті құру секілді үш салада бірдей ауыр трансформациялану процесін бастан кешіруде. Аймақтың өзіндік ерекшеліктерін түсінбегендіктен көп жағдайда бізді шығыс Еуропамен салыстырып, соған байланысты қорытынды жасалады. Алайда шығыс Еуропа мүлдем өзгеше әлеуметтік-мәдени және геосаяси ахуалда дамыды. Шығыс Еуропадағы демократиялық модель, ұлттық мемлекеттілік және нарық дәстүрі шамамен отыз-қырық жылға кейін шегерілгені белгілі. Бірақ бұл аймақ геосаяси катаклизмдерден кейін өзінің тарихи мәдени-өркениеттілік арнасына тез арада интеграциялана алды»,- деген еді Елбасы.
Н.Назарбаевтың пікірінше, Орталық Азиядағы жағдай бұдан мүлдем өзгеше. Мұнда қоғам мен экономикада либералдық модель ешқашан құрылған емес. «Біз дәстүрлілікті ту еткен қоғамнан қазіргі заманғы қоғамға бет бұрдық. Сол себепті біз үшін әртүрлі мәдениеттердің өзара қақтығысына жол бермей , ұлттық дәстүрлер мен модернизациялық қағидалардың үйлесім табуын қамтамасыз етудің маңызы зор. Жаңаша құндылықтар мен қарым-қатынас қағидасын адамдар санасына шым-шымдап сіңіруіміз керек»,- деді ол өз сөзінде [33].
«Үш салада бірдей транзиттік трансформациялану феномені икемді басқаруды қажет етеді»,- деп атап көрсеткен президент Назарбаев одан әрі былай деді : «өйткені, олардың қайсыбір саласындағы кез-келген қателік қоғамды тығырыққа тіреу қаупі бар. Жалпы алғанда Қазақстан Республикасындағы саясаттың басты бағдары нарықтық экономика мен демократияны дамытуға бағытталады. Ашықтық принциптерін бұлжытпай ұстанатын Қазақстан гуманитарлық даму тақырыбындағы кез-келген ашық әңгімеге әрқашан дайын»,- деп қорытты өз сөзін Қазақстан президенті.
Сарапшылардың көпшілігі Орталық Азиядағы жағдайды салыстырмалы алғанда тұрақты деп бағалайды. Дегенмен аймақ бірқатар шиеленісті мәселелерге толы: халықтың өмір сүру ауқатын әлі де КСРО-ның ыдырауына дейінгі деңгейге жеткізе алмаған экономика әрі оның бір-екі экспорттық тауарға тәуелділігі, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық пен азаматтық дау-жанжалдардың деңгейін арттырады; билікті байсалды қарқынмен ауыстыру мүмкіндігі шектелген саяси құрылымдар. Сонымен қатар жергілікті элиталық топтардың күн тәртібінде белгіленген шекараларды қорғау және қауіпсіздікті нығайту, экстремистік қозғалыстарға қарсы біріге күресу, сауда, су ресурстарын әділ бөлу секілді маңызды бағыттар бойынша аймақтық ынтымақтастықты тиімді реттей алмуы да елеулі кереғар факторлардың бірі.
Барлық қоғамдық жүйелерде «бір уақытта өзгерістер енгізу» түрінде жүзеге асырылған жиырма жылдық трансформациялану «халықтың басым бөлігімен демократияның да, нарықтық экономиканың да көптен күткен жайт ретінде қабылданғанындай» ойдағыдай нәтиже бермеді [34, 71].
Орталық Азия аумағында трансформациялану және мемлекет құру ұзақ мерзімдік үрдістер болып табылады және аталмыш үрдіске жергілікті қауымдастықтың бірнеше ұрпағы қатысуы мүмкін.
2 ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК ҚАТЫНАСЫ, ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ФАКТОРЛАРДЫҢ ЫҚПАЛЫ
2.1 Ресей мен
Қытайдың Орталық Азия
Соңғы 15 жыл ішінде Орталық Азия аймағындағы геосаяси жағдай елеулі трансформациялану үрдісін бастан кешірді. Аймаққа деген қызығушылықтарын ескерcек, әлемдік саясаттың субъектілері ОА-ға қатысты бір бұрышында Ресей, екіншісінде Қытай, кейінгі кезекте ислам әлемі және АҚШ пен Батыс орын алған параллелограмм тәрізді күштер жиынтығын құрайды. Аталмыш күштердің аймаққа ықпал етуіндегі арақатынасы аймақ елдерінің тәуелсіз дамуы барысында әрдайым үлкен өзгерістерге ұшырап отырды (Қосымша Г).
ХХІ ғасырдың алғаш онжылдығында алып державалардың ОА-ға деген назарының артуы аймақтың ауқымды халықаралық саясатта нысанаға айналуының алғышарты болды және осы тұста АҚШ және ЕО секілді сыртқы ойыншылардың ұмтылуы айқын байқалды. Ресей және Қытайдың дәстүрлі мүдделері негізінде аймақта ынтымақтастық пен өзара қолдау бақталастық пен өзара қауіптенумен ұштаса жүретін бәсекелестік орта қалыптасты [35, 104].
Орталық Азия аймағы Ресей, Қытай және Батыс әлемінің (АҚШ пен
ЕО) мүддесі қиылысқан геостратегиялық маңызды аймақ болып отыр. Аймақ елдерінің көшбасшылары ұлттық мүдделерін сақтап қалу үшін аталған алып державалардың арасында еппен ғана амалдауға мәжбүр. Қазақстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдері мұнай мен газ қорына бай болғандықтан, Мәскеу мен Бейжіңнің сүйкімді серіктесі. Ал Вашингтон ЕО елдерінің орталық азиялық энергоресурстарға қол жеткізуін қалайды (Ресейге балама ретінде). АҚШ үшін Орталық Азия аймағы – Ресей, Қытай, Иран және болашақта Пәкістан елдеріне қарсы тұратын стратегиялық алаң. Дегенмен Орталық Азиядағы Ресейдің позициясы әлі бәз-баяғы берік қалпында тұр. Қазақстан мен Өзбекстан өзіндегі энергоресурстарды әлі де Ресей арқылы сыртқа тасымалдауға ниет білдіріп отырған болса, Ресейдің Түрікменстанмен жасасқан келісімдері әлі біраз жылдарға созылады. Бұл аймаққа деген Қытайдың саясаты да екпінді жүріп жатыр. Әзірге Орталық Азия үшін болып жатқан державалардың арасындағы бәсекеде америкалықтар ғана әлсіздік танытуда. Дегенмен жақын болашақта Ресейдің де ықпалы сейіле бастайды. Мәселен, ұлттық мүддені көтеріп шығатын Қазақстан жастары қазір Америка, Қытай, Түркия секілді шалғай шетелде білім алуда [36, 6].
Аймаққа деген батыстық және
ресейлік көзқарастардың функционалды
айырмашылығы мынада: Батыс экономика
саласы мен қауіпсіздік
Орталық Азия мемлекеттерінің саяси трансформациялануы мен қауіпсіздік жүйелерінің қалыптасуына ішкі тәртіп факторларымен қатар сыртқы факторлар да елеулі әсер етіп келеді. Атап айтқанда Ресей, Қытай, АҚШ және ЕО секілді жетекші саяси ойыншылардың ықпалы туралы сөз қозғалмақ. Орталық Азия жанып тұрған білтесі бар оқ-дәрі бөшкесіне айналды. Мұнда тарихи ата жаулар – АҚШ, Ресей мен Қытайдың мүдделері тоғысты. Олар сырт көзге серіктестік туралы көп айтқанымен ешуақытта достаса алмайды. Және Орталық Азия республикаларының қасіреті - қол жеткізуі үшін көбі таласып жүрген табиғи ресурстарының байлығында емес, өңірдің абсолюттік геосаяси мәнінде.
Әңгіме негізгі ойыншылардың – АҚШ-тың әлемдік үстемдігі, «Үлкен Қытай» тұжырымдамасы немесе Ресейдің жаңаша империялық ұмтылысы сынды мессиялық – адамзатты құтқарарлық идеялары туралы болып отырғанда, бұл фактор (табиғи ресурстары) айтарлықтай рөл атқармайды [36, 131].
Орталық Азияның саяси картасында аталмыш аймақ елдерімен ерекше тарихи айқындалған қарым-қатынастағы Ауғанстан, Түркия және Иран секілді аймақтық деңгейдегі мемлекеттер рөлі де артуда. Аймақтың посткеңестік елдеріне деген қызығушылық Үндістан, Пәкістан және Жапония тарапынан да байқалады.
Ресей үшін Орталық Азия мемлекеттері де барлық «таяу шетел» секілді ел дипломатиясының басым бағыттарының бірі. Бұл 2000 жылы жарық көрген Ресейдің сыртқы саясатын айқындайтын басты екі құжаттарға негізделеді: «Ресей Федерациясының ұлттық қауіпсіздік Концепциясы» және «Ресей Федерациясының сыртқы саясаты Концепциясы». Сонымен қатар президенттің РФ Федералды жиынына жыл сайынғы жолдауы негізінде де мұндай пайымдау жасауға болады.
ОА елдері Ресеймен геосаяси
мүдделер зонасы ретінде қарастырылады.
Өз кезегінде Ресейдің ұлттық қауіпсіздігі
үшін аймақтағы тұрақтылық өзге сыртқы
акторлармен салыстырғанда
Жалпы алғанда Ресейдің ОА-ғы ұлттық мүдделерін төмендегідей сараптауға болады:
- аймақтың барлық мемлекеттерімен әріптестік қатынасты сақтау негізінде тұрақтылықты қамтамасыз ету;
- Ресейдің әлемдік және аймақтық держава ретінде іс жүзіндегі және статустық мәселелерін шешу мақсатында аймақ елдерінің геосаяси әлеуетін пайдалану;
- аймақтағы Ресейдің жетекшілік рөлін халықаралық деңгейде таныту
[36, 140].
Осы тұста Ресей алдында келесідей міндеттер қойылады: қолда бар көп жақты механизмдерді тиімді қолдану; оңтүстік шекараларды реттеу; әскери ынтымақтастықты қамтамасыз ету және дамыту; ОА-ның энергетикалық және табиғи-ресурстық әлеуетін пайдалану және осы салалар бойынша аймақ нарығына ресейлік компаниялардың енуіне жағдай жасау; аймақ елдерімен ресейлік экоспорт құрылымдарының пайдаланылуын қарастыру.
Қысқаша айтқанда, Ресейдің мүдделері демократияны аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі ұзақ мерзімдік стратегия ретінде қарастыратын АҚШ ұстанымдарынан біршама айрықша. Ресей Америкамен дәріптеліп отырған экстремизм және терроризм мәселелерін шешудегі бұл саясат астарында өзге мақсат – өзге сыртқы саяси ойыншылар (РФ, Қытай) мен олар көшбасшылық жасап отырған құрылымдар (ШЫҰ) тарапынан кедергісіз аймақтағы барлық экономикалық әрі саяси үрдістерді өз бақылауында ұстау көзделініп отыр деген ойды ұстанады.