Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2012 в 14:26, дипломная работа
Диплом жұмысының өзектілігі. Жаһандану жағдайында өтпелі кезеңдегі саяси жүйелердің трансформациялануы мәселелерін зерттеудің өзектілігі бірқатар себептерге негізделеді. Олардың қатарына ең бірінші кезекте бұрын саясаттану тұрғысынан сараптамаға салынбаған саяси жүйе түрлерінің қызмет ету ерекшеліктерін танып-білу мен сипаттама беру, өтпелі қоғамның әлеуметтік тұрғыда күйзеліссіз модернизациялануын қамтамасыз ете алатын саяси жүйелердің тиімді параметрлерін анықтау, өтпелі қоғам институттарының аймақтық және жаһандық әлемдік жүйеге интеграциялану мүмкіндіктерін айқындау жатады
ҚЫСҚАРТУЛАР.........................................................................................................3
КІРІСПЕ....................................................................................................................4-9
1 ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕГІ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАНУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЭВОЛЮЦИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ...............................................................10-31
Орталық Азия мемлекеттеріндегі өтпелі кезеңдегі саяси саладағы жағдай..............................................................................................................10-19
Қалыптасқан саяси және экономикалық жүйеден жаңа жүйеге өтудегі аймақтық тәжірибе..........................................................................................19-31
2 ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК ҚАТЫНАСЫ, ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ФАКТОРЛАРДЫҢ ЫҚПАЛЫ............................................................................................................32-57
2.1 Ресей мен Қытайдың Орталық Азия республикаларына қатысты
саясаты............................................................................................................32-40
2.2 Орталық Азияға қатысты АҚШ-тың, ЕО-тың ұстанымы..........................40-49
2.3 Орталық Азия елдерінің ХХІ ғ. саяси трансформациялануының
нәтижелері.......................................................................................................49-57
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................58-61
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................62-64
ҚОСЫМШАЛАР.......................................................................................................65
Орталық азиялық қоғамның батыстық үлгіде қарқынды демократизациялануын қолдамағынымен, Ресей демократиялық өзгерістердің орын алуына АҚШ және Еуропа сыншыларының мәлімдемелерінде сипатталатындай деңгейде қарсы емес.
Аймақта Ресей сенімді
әрі белгілі әріптес ретінде
пікір қалыптастырды. Көпұлтты, көп
конфессиялық зайырлы Ресей үшін
ОА аймағында тереңдей орнаған саяси
билік пен саяси тәртіптердің
дәстүрі маңызды болып
Ресей мен ОА мемлекеттері арасындағы жаңа бағыттағы қарым
қатынасты сараптай келе, Ресейлік ғалым, Ресейдегі саяси зерттеулер институтының директоры Сергей Марковтың: «Түркменстандағы қалыптасқан режим тұрақтылықтың кепілі болып табыла алмайды. Түркіменстандағы режим шектен шығу болып табылады және біз ол режимді тоқтатудың амалын қарастыруға тиіспіз. Мен және Ресейдегі ғалымдардың көбісі Түркменстанның газына бола олардың режиміне көзжұмбайлықпен қараушылықты тығырыққа тірелу деп есептейміз. Ал Қазақстан мен Қырғысзтан секілді мемлекеттердің баяу болса да демократиялық процестерді ілгері жылжытуға талпынысы тек қолдауға тұрарлық» деген пікіріне тоқтала кеткен жөн. Ал Ресейдің Орталық Азиядағы стратегиялық жұмысын айқындауда Ресейдегі тәуелсіз баспагерлер тобының бас редакторы В.Т. Третяьковтың сөзін келтіруге болады: «Ресей жақсы немесе жаман болғандықтан емес, империялық мемлекет болып табылады және солай қала береді. Өйткені бұл оның бүгінгі таңдағы шынайы болмысы болып табылады» [18, 13].
Ресей, қуат ресурстарының аса ірі экспортері ретінде Орталық Азияны жергілікті режимдерге саяси ықпал ету тұрғысынан қарайды. Ондағы мақсаты – әлемдік нарыққа көмірсутектерін ресейлік құбырлар арқылы жеткізіп тұру. Бұл Ресей үшін Еуропамен сыртқы саяси байланыстарда маңызды фактор. Себебі транзиттік мемлекет болып отырса да, мұнай мен газды негізгі жеткізушілердің бірі болып отырған соң, ол Еуропаны дегеніне оңай көндіре алады. Өңірдегі негізгі серіктестері Түркменстан, Қазақстан мен Өзбекстан. Сондықтан РФ әр кез осы республикалардың өздерінің көмірсутектерін сыртқа тасымалдауын әртараптандыру әрекеттеріне қызғанышпен қарайды. Басқа бір қалыптасып қалған бағыт – ол Қазақстанның ғарыш және атом өнеркәсібін де өз ықпалында сақтап қалу болып табылады. Кейде, сәл уақыт бұрын Қазақстан бұл салада Ресейден бөлініп кете алады деп ойлаудың өзі қиын болатын. Жалпы айтқанда бұл өңір Ресей үшін түптеп келгенде ауғанның героинінен, діни эстремизмнен және лаңкестіктен сақтайтын буферлік аймақ болатындығымен маңызды. Оның Тәжікстандағы да, Қырғызстандағы да, және Өзбекстандағы да оқиғаларға назар аударып отыруы осымен түсіндіріледі.
Ресейге Орталық Азиядағы позицияларын ұстап тұру басқа ойыншының жаулап алуына қарағанда қиындау екені сөзсіз, себебі онда дипломатиялық, саяси, экономикалық ықпал ету тетіктері аз қалды.
Халықаралық қауымдастық Орталық Азияның бірігуіне, онда тұрақтылық ырғағын сақтауға ынталы. Сауда-экономика, әлеуметтік көмектермен қатар дамып келе жатқан Орталық Азия елдері үшін саяси тәуелсіздік проблемасы бірінші кезекке шығады.
Орталық Азияның мемлекеттері халқының саны 1,4 миллиардқа жеткен алып держава Қытаймен шектеседі. Қытайдың экономикалық даму қар-қынына Батыс елдері сақтана қарайтын болды. Жақында ішкі жалпы өнімі бойынша Италияны басып озған Қытай, әлемдегі жетекші жеті мемлекеттің сапына қосылды. Бұл, әрине, оның жетістігінің шыңы емес. Сарапшылар Қытай Англия мен Францияны да артқа тастай алатынын айтады... [38]. Бұл - бейбіт, экономикалық, технологиялық жарыстағы жетістіктер болғанын батыс елдері қанағат тұтып отыр.
Саясатты экономика белгілейді десек, қазіргі кезеңде Орталық Азияның даму бағдарын белгілеуде Қытай Халық Республикасы жетекші орын алады. Аймаққа қатысты саясатында абайлық танытуы Пекиннің басты сыртқы саяси мәселелі ошақтары – Тайвань мен оңтүстік теңіздегі аралдық даулы жерлердің Азия-Тынық мұхит аймағында орналасуына да байланысты. ҚХР-ның Орталық Азиядағы мүдделерін қытайлық зерттеуші Чжао Хуашэн келесідей тұжырымдайды:
жасау;
бақылауына өтуін алдын-алу;
[39, 50].
Әлемдік держава ретінде даму үстіндегі Қытай өзінің сыртқы саясатында американдық know how – «ақырын өрмелеу саясатын» (мягкое влияние) (soft power) ұстанады. Аталмыш стратегия аясында ел мен оның мәдениетін тек қана өзге мемлекеттердің басшылықтары үшін емес, сонымен қатар күллі халықтар үшін анағұрлым жақын ету көзделген. Осы тұста ҚХР-дың ОА аймағына географиялық тұрғыда жақын орналасуы да тысқары қалмады. 1990-жылдардың І жартысында аймақтағы Ресей рөлінің бәсеңдеуі, 2001ж. кейін қалыптасқан ОА-лық геосаяси кеңістіктің американдық-натолық күштермен толу қаупі Пекиннің аймақта белсенділігін арттыруына түрткі болған жағдайлар.
АҚШ бойынша Орталық Азиядағы Қытайдың басты көз тігіп отырған нысаны энергетикалық ресурстар болып табылады, сол себепті Вашингтон Қытайдың аймақтық «қазынаға» қол жеткізуін барынша күрделендіруді қарастырып отыр. Бұл мақсатқа қол жеткізуде Ресей мен аймақтың саяси өмірінде орнын тапқан «қытай гегемонизмі» кампаниясы да қызмет етіп келеді. Дегенмен, аймақ мемлекеттері капиталының ДСҰ-ға қатысу арқылы жаһандану үрдісінде тамырын тереңге тартқан Қытай экономикалық экспансиясына төтеп беруде мардымсыз екендігін ескерсек, бұл қауіптен үрейленуге де негіз бар.
Анағұрлым елеулі жетістіктерге
Қытай мен Қазақстан қарым-
Тәжікстан президенті Э. Рахмон өзінің 2007 жылы 15 қаңтардағы Қытайға мемлекеттік сапары барысында Қытай тарапымен Тату көршілік, достық және ынтымақтастық жөніндегі келісім жасасты. Одан бұрын А. Акаев тұсында Қырғызстанмен арада келісілген осындай келісім нйтижесінде Қытай жағы үшін өте құнды құжаттар қабылданған болатын. Оларға «Қырғыз-қытай мемлекеттік шекараларын демаркациялау жөнінде протокол» және оған қосымша «Мемлекеттік шекаралар картасы» жатты. Аталмыш құжаттар негізінде Қытайға даулы қырғыз жерінің қомақты бөлігі көшті және бұл жайт Қырғызстанда шиеленісті саяси дағдарыс тудырды. Нәтижесі 2002 жылы орын алған Ақсы оқиғаларына ұласқаны белгілі. Кейінгі жылдары 2006 жылдың маусымында Қырғызстан президенті Қ. Бакиевтің ҚХР-на сапары барысында бұл екі келісімдер өз кезегінде «екі ел арасындағы шекаралық мәселенің түпкілікті шешімі» жарияланғанымен [40], қырғыз қоғамында Қытаймен арадағы байланыста шиеленісті жағдай сақталып қалды.
Қытай саясаты мен ОА елдерінің қауіпсіздік мүдделері аясында егемендік, қауіпсіздік және территориялық біртұтастыққа қауіп төндіретін қандай да ұйымдар мен бірлестіктердің құрылуы мен жұмыс жасауын алдын алу қарастырылады. Осы қағидалар негізінде Өзбекстан – Қытай қарым-қатынасы құрылған. 2004 жылы маусым айында ШЫҰ-ның Ташкент саммитінде ҚХР-ның төрағасы Ху Цзиньтао мен Өзбекстан президенті И. Каримов «Терроризм, сепаратизм және экстремизмммен күресуде ынтымақтастық туралы» келісімге қол қойған еді. Аталмыш келісім тек қана Өзбекстанға емес, сонымен қатар ҚХР үшін де маңызды құжат болып табылады, себебі келісім бір қырымен «ұйғыр ұлтшылдығына» қарсы бағытталған. Өзбекстанда болса, тарихи тұрғыда үлкен ұйғыр диаспорасы қалыптасқанына қарамастан, ұйғырларға саяси әрі мәдени сипатта шектеулер қойылумен қатар, Синьцзян тәуелсіздігін қолдайтын ұйғыр ұйымдарының құрылуына тыйым салынды. Саяси ұйым танылмағандықтан, өзбек үкіметі тарапынан Ұйғыр мәдени орталығының өмір сүруіне ғана рұқсат берілді.
Өз аумақтарында жұмыс
істейтін ұйғыр бірлестіктеріне
бөгет жасамайтын Қазақстан мен
Қырғызстан секілді көршілеріне
қарағанда Өзбекстан ұйғыр
Қытай, керісінше, әлемдегі
табиғи ресурстарды импорттаушылардың
ірісі. Орталық Азия ол үшін маңызды
өңір, бірақ ол тек ресурстық база
ретінде және өзінің Батыс бағытындағы
сауда коммуникацияларының
Әлемдік қаржылық дағдарысқа қарамай, орасан зор қаржылық
мүмкіндіктері болғандықтан, ҚХР Орта Азия республикаларымен инвестициялау, несиелеу немесе бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерінде бәсекелестер арасында ұтымды жағдайда тұр және оны табысты пайдаланып та жүр. Бұдан басқа, Қытайлықтарда тағы бір басымдығы бар: ҚХР қарым-қатынаста ешқашан идеологиялық компоненттерді пайдаланбайды, яғни оған АҚШ пен Еуропа елдеріне қарағанда қандай саяси режиммен байланыс жасағаны маңызды емес. Қытай үшін режимнің тұрақтылығы мен биліктің сабақтастығы маңызды. Бірақ қытайлықтардың өңірдегі ықпалының артуын қоғамның өзі дәстүрлі түрде теріс қабылдайды. Ол жағдай Қытайдың Орталық Азиядағы позициясының одан ары нығаюын тежеуіш фактор болуы мүмкін және жергілікті режимдер, қырғыздардағы оқиғалар көрсеткендей, сырт көрініске күшті болғанымен өте тұрақсыз екенін көрсетті. Қытай факторын Қазақстандағы сияқты саяси оппозиция да пайдалануы мүмкін [41].
Ұлттық мүдделерін ескеретін болсақ, ҚХР үшін Орталық Азия республикаларындағы қоғамдық-саяси тәртіп пен жергілікті билік өкілдерінің қарсылас тараптармен күресу әдістері маңызды емес. Қытай үшін басты алаңдатарлық мәселелерге аймақ елдерінде ұйғыр сепаратистерінің болуы, олардан есірткі заттары ағымы және заңсыз мигранттар мен қару-жарақ толқынының көптеп келуі жатады. Қытай КСРО-ның ыдырауынан кейін қалыптасқан ОА тәуелсіз мемлекеттері «буферлік» әрі тылдық қызмет атқарады деп есептейді. Аймақта ел үшін біршама деңгейде тұрақтылықтың сақталуына ШЫҰ шеңберінде кепілдік бар. Дегенмен, этникааралық қақтығыс, ішкі революциялар, т.с.с. жаңа қыр көрсетулер орын алса, Қытай шеттен бақылаушы рөлін ғана иеленуі мүмкін. Дегенмен, өз қауіпсіздігіне қатерлі жағдай туындаса, Қытай бар күшін сала әрекет ететіні күмән тудырмайды.
Қытайдың Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасы Орталық Азияда Қытай мүддесі бірнеше факторлармен анықталады. Біріншіден, Пекин «Шығыс Түркестандағы» сепаратистік күштерді шешуге ұмтылу, екіншіден, стратегиялық жоспардағы тұрақты тың ретінде Орталық Азияның сақтау, энергоресурстарды потенциалды қамтамасыз ететін аумақ ретінде және экономикада өзінің әріптестігі ретінде мемлекеттерді қарастыру. ҚХР басты мақсаты – осы аумақтың Қытай шеңберінен шығыс-түркестандық күштердің базасы және олардың халықаралық терроризм байланысындағы каналы болуына жол бермеу. Сондықтан Қытай Орталық Азия мемлекеттерінің үкіметтеріне өз территорияларында сепаратистердің жұмысын шектеу және ҚХР-на территориялары арқылы террористік және экстремистік құрылымдардың өкілдерінің өтуіне жол бермеуді ұсынады [41]. СУАР мен ОА мемлекеттерінің қауіпсіздігі өзара байланысты және ОА тұрақсыздық жағдайы Солтүстік-Шығыс Қытайдағы қауіпсіздігіне өз әсерін тигізеді. Қытай коллекивті қорғану шеңберінде аумақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ОА елдері мен Ресеймен өзара ынтымақтастыққа талпынады. Бұл ШЫҰ негізгі міндеті болып табылады. Қытайдың тұрақты стратегиялық тыңы ретінде ОА сақтау – Пекиннің глобальды стратегиясы мен геосаясатында маңызды аспект болып табылады. Қытайдың оңтүстік-шығысында орналасқан аумақ Қытай сыртқы саясатында бірінші орынға ие.
Қытайдың тұрақты стратегиялық
тыңы ретінде ОА сақтау үш жағдайға
байланысты: Біріншіден, Қытай мен
аумақ елдері арасындағы шекаралары
туралы даулы мәселелерді шешу және
шекара аудандарында қауіпсіздік орнату.
Екіншіден, ҚХР байланысты ОА мемлекеттерінің
сыртқы саясатын жүргізуі. Үшіншіден,
ОА басқа державалардың қол
Бүгінгі күндегі Қытайдың
«Батыстың дамуы» саясаты – ОА
елдерінің экономикасы мен ҚХР
экономикасы интеграциясының