Қазақстан - ТМД ның гуманитарлық кеңістігінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2014 в 21:36, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіздігін жариялап, барлық салалар бойынша халықаралық ынтымақтастықтың толыққанды субъектісіне айналды. Қазақстан экономикалық дамудың үлкен әлеуетіне ие (табиғи қазба байлықтары жоғары квалификациялы жұмыс күші т.т), Еуропа мен Азияның орталығында саяси және стратегиялық маңызды орын алып, халықаралық ынтымақтастықтың әртүрлі одақтары мен ұйымдарының мүшесі. Сондықтан да Қазақстан Республикасының шекаралас және дүниежүзі мемлекеттерімен халықаралық қатынасының Азия аймағы мен дүние жүзінде бейбітшілік пен тұрақтылықты және жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде зор маңызы бар.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................................3-8

ҚАЗАҚСТАН МЕН ТМД ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР

Қазақстанның ТМД елдерімен экономикалық қарым-қатынасы және еліміздің экономикасындағы модернизация мәселелері..............................................................................................9-16
Тәуелсіз Қазақстан Еуразиялық экономикалық қауымдастығында және оның болашағы.....................................17-27



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТМД ЕЛДЕРІМЕН МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСЫ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Қазақстан – Ресей мемлекетінің мәдени ынтымақтастығы.... 28-41
Қазақстан - ТМД ның гуманитарлық кеңістігінде................. 42-48


ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................49-54

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ.............................................55-60

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-ТӘУЕЛСІЗ-ҚАЗАҚСТАННЫҢ-ТМД-МЕМЛЕКЕТТЕРІМЕН-ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ2006.doc

— 542.50 Кб (Скачать файл)

Аймақтық байланыстарды дамытудағы ортақ мүдделер Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан мен Түркіменстаннын арасында Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымын құруға алып келді. Оның басты мақсаты кеңестік кезеңде тарихи қалыптасқан байланыстар мен еңбек бөлінісі, мәдени жақындық және аумақтық негізде экономика мен қорғаныс саласындағы саясатты үйлестіру болды. 2005 жылдың қазанынан бастап Ресей ОАЫ-ның мүшелігіне өтті, сонан кейін ОАЫ ЕурАзЭҚ-тың құрамына бірікті. Бұл Еуразиялық интеграция контексі тұрғысынан ойластырылған қадам болды және зерттеліп отырған кезеңдегі ТМД шеңберіндегі өзара байланыс тәжірибесінің жинақталуы еді.

2003 жылдың қыркүйегінде  Белоруссия, Қазақстан, Ресей және Украина президенттері өзара келісілген экономикалық саясат арқылы келісімнің қатысушылары арасындағы жұмыс күші мен капиталдың, тауарлардың еркін қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қол қойды.

Достастық аясындағы ортақ үдерістерді аймақтандырудың   ықпалы   барлық   елдерге   бірдей   емес.   Бір   жағынан   ол   біртұтас кеңістікті бөлшектейді, екінші жағынан ТМД кеңістігінде ортақ жағдайы қиындаған кезде «кішігірім» интергацияға мүмкіндік туғызады. Кейбір жағдайларда әр түрлі жылдамдықтағы интеграция жалпы интеграциялық үдерістерге жағымды әсер етіп, «тазарған аймақ» қалыптастырып, басқа да елдерді ынтымақтастықтың ортақ шеңберіне тартады. ТМД шеңберіндегі аймақтандырудың позитивті сәттері баршылық. Олар ортақ интеграциялық үдерістермен кірігіп кете алады, ал кей сәттерде оларды ынталандырып та отырады. ТМД кеңістігіндегі интеграциялык және дезинтеграциялык үдерістердің өзара байланыстарының түпкілікті нәтижесі көптеген жағдайларға тәуелді. ТМД елдерінің дамуындағы ең қиын да күрделі 90 жылдардағы тарихи тәжірибе олардың бір-біріне қажеттілігін көрсетті. Кеңестік кезеңдегі республикааралық тауарларды жеткізумен және сыртқы экономикалық байланыстардың, үшінші елдерге бет бұруымен салыстырғанда өзара тауар айналысының заңды кысқаруы ТМД елдерінің байланысы үшін объективті базаның жойылуын білдірмейді. Көбіне қарым-қатынастағы киындық бұрынғы еңбек бөлінісіндегі үйлеспеушілікке, өтпелі кезеңдегі тереңдеген қиындықтарға және ТМД елдерінің саяси дамуындағы ерекшеліктерге деген қатынасынан болды. Бірақ қазір бүл бағыт-бағдар кеңейіп, интеграцияның құрамында саяси, әлеуметтік, өндірістік, экономикалық, қаржылық, мәдени, ғылыми, білім беру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бар. Сонымен катар 2005 жылы әлсіз ұйымдасқан күйде болса да, барлық бағыттағы интеграциялық үдерістердің біршама өрістеуі жүрді.

Қарастырыпотырған кезеңде Қазақстанның ТМД елдерімен өзара қарым-қатынасының дамуының бірнеше кезеңдерінен өтті.

XX ғасырдың 1990-ы жылдардың аяғында Қазақстан, Ресей және Белоруссия, сонымен қатар ТМД-ның кейбір басқа елдері нақты теңелудің екінші кезеңіне шықты. Ынтымақтастықтың жүйелі бағыттары, әсіресе бір-біріне деген өзара тәуелділік, өзара қатынастың дарашылдық сипатынан арылу жэне ынтымақтастықтың өзара тиімді шарттарын жасау, ынтымақтастық туралы ұзақ мерзімді келісімді сақтау алдыңғы қатарға шықты. Бұл тұста келісімнің сақталуын бақылау ортақ ұйымдарды кұрмай-ақ тараптар арасында бөлінетін болды.

ТМД кеңістігіндегі интеграцияның жетістігін былай атап көрсетуге болады: дезинтеграция және шиеленістерді тоқтату, интеграцияланудың қажеттігін түсіну жіне талпынысын сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ортақ механизмін қалыптастыру, еркін сауда аймағын, еркін ілеуметтік кеңістік құру. Жүйелі реформаларды табысты аяқтау жағдайында және достастық елдерінің экономикасының тұрақты өсуінің басталуымен әлдеқайда тығыз интеграция үшін объективті алғышарттар күшейе түседі. Бұған Қазақстан айқын мысал бола алады. Соңғы жылдар бойына интеграциялық механизмдер мен құрылымдардың артықшылығына, мүмкіндігіне сүйене отырып, экономика келешегі мен кешенді реформалау міндеттерін өзара байланыста шешуде.

Бітіру жұмысының қарастыру кезеңіндегі ТМД мемлекеттерінің қызметі - қабылданған шешімдерді жүзеге асыруды реттейтін және мемлекеттердің өздеріне алған міндеттерін орындау жауапкершілігін бақылайтын тиісті механизмдері калыптаспаған, дағдарысты күйдегі енжар ұйым ретінде сипатталады. Бұл мемлекет басшыларының Қазанда өткен саммитінде атап өтілді. Онда 2004 жылдың 16 қыркүйегіндегі ТМД мемлекет басшыларының Кеңесі шешімін жүзеге асыру туралы ақпарат таратылды. ТМД аясындағы көп жақты сауда экономикалық  мәселелерін шешу туралы да ақпарат берілді. Тұтастай алғанда ТМД шеңбері Еуропалық одақтан анағұрлым төмен екендігін көрсетті.

Ортақ экономикалық кеңістік іс жүзінде сақталмады, валюталыкқодақ та болмады. Ұлттан жоғары құзыры бар орган ретіндегі ЕО институттары, тікелей сайлау арқылы сайланатын парламент, тікелей әрекет ететін құқықтық актілерді айтпағанның өзінде ТМД-ның сыртқы шекарасына бақылау орнату бағытындағы ынтымақтастық та әлсіз болды. ТМД-ға мүше мемлекеттер үшін жарғылық мақсаттар мен ұстанымдар мағынасын жоймағанымен қатысушы мемлекеттер кейбір мақсаттарға жетуге әлі толық кірісе де қойған жоқ.

1991-2005 жылдар аралығындағы ТМД қызметіне талдау жасар болсак, қатысушы мемлекеттер мүдделері тұрғысынан алғанда барлық мақсаттардын тең деңгейде жүзеге асуы мүмкін де емес еді. Саяси айырмашылықтардың орын алуына қарамастан ТМД елдерінің арасында интеграцияға деген объективті қажеттілік болды, әсіресе бұл экономикалық және социомәдени салада айқын байқалады.

Барлық Достастық аясындағы экономикалық саладағы әр түрлі қарқындағы интеграцияны ескере отырып, бүгінгі таңда экономикалық одақты дамытуды ұсыну жөнсіз болар еді. Бұл рөлге әскери-саяси ынтымақтастық мақсаттары да бәсекелесе алмайды.

Дей тұрғанмен, бүгінгі танда гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мақсаты өзекті болып қана қоймай, сонымен қатар оны жандандырудың объективті алғышарттары пайда бола бастады. Ішінара елдер болмаса, ТМД кеңістігіндегі барлық мемлекеттер дерлік осы кеңістіктегі азаматтардың мүдделері мен заңды құқықтарын қамтамасыз ету қажеттігін ресми деңгейде жоққа шығармайды. Әсіресе еңбек миграциясы, әлеуметтік құқық мәселе-лерінде гуманитарлық ынтымақтастықты терендетуді мойындайды. Қазан қаласында 2005 жылы 26 қазанда өткен ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығы туралы Келісім сияқты негізгі құжаттардың қабылдануы ерекше қызығушылық туғызады.

ТМД-ғы кеңістігіндегі интеграциялық басым бағыт ретінде ортақ рынок құруды атауға болады. Бұл заңнамаларды бірыңғайлауды, нормативті актілерде кездесетін әр түрлі кедергілер мен шектеулерді алып тастауды, жеке меншік құқығы мен инвестициядағы шектеулерді жоюды, үшінші елдерге қатысты ортақ сауда тәртібін құруды ұсынады.

  Қарастырылып отырған кезеңде құқықтық ынтымақтастық саласында да нақты алға басу байқалады. Мәселен, ТМД-ның мемлекет басшылары кеңесінің шешімімен (Қазан, 26 тамыз, 2005 ж) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Әділет министрлігі басшыларының Кеңесі құрылды. Кеңестің негізгі міндеттері: ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің заңнамаларын сәйкесті ұсыныстар жасау арқылы үйлестіруге ұмтылысы; Шешімге қол қойған мемлекеттерді заңнамалар туралы, құқықтық саясат қалыптастыру туралы және оны жүзеге асыру жөнінде ақпарат айырбастауға көмек беру. Ақпараттық айырбас, қылмыс жасаған кінәлілерді және күдіктілерді ұстап беру сияқты дәстүрлі мәселелер бойынша әділет министрлерінің ынтымақтастығы қалыптасты. Кеңес қүру фактісінің өзі және Кеңестің негізгі мақсатын анықтау - ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің заңнамаларын үндестіру болып табылады. Бұл да ТМД-ның құқықтық жүйесін дамытудың жаңа келешегіне қарай позитивті қадамдардың бірі.

Қазақстан Президенті Н.Назарбаев өз тарапынан ТМД шеңберінде ЕурАзЭҚ-тан БЭК-ке дейінгі интеграциялық бағдарламаларды жүзеге асыру мәселесінде түрақты қолдау көрсетті. 2003 жылы 19 қыркүйекте Белоруссия, Қазақстан, Ресей жэне Украина президенттері Біртұтас экономикалық кеңістік қалыптастыру туралы келісімге қол қойып, 2004 жылы сәуірде оны төрт елдің парламенті бекітті. Құжат қатысушы мемлекеттер аумағында еркін сауда аймағын шектеусіз қалыптастыруды, жұмыс ұстанымдарын бірыңғайлауды, техникалық мөлшер мен стандарттарды қолдануды, макроэкономи-калық саясат пен заңнамаларды үндестіруді қарастырды,

Біртұтас экономикалық кеңістік ТМД кеңістігінде жетілген түрі ретінде жүзеге асыруға болатын бірден-бір қадам болды. Экономикалық дамудың әр түрлі саласындағы дайындық мөлшеріне қарай БЭК туралы келісімге қатысушылардың қосыла алатындығы маңызды болды. Н.Ә. Назарбаев ұлттық тарифтік тәртіпте сауда-саттықтың өсуіне басты кедергілерді жою үшін шекараны кесіп өтетін тауарлардың ставкасын реттейтін үкіметтен тәуелсіз орган ұйымдастыруды талап етті. Ресей жағы еркін сауда тәртібіне өтуге дайын болмады, яғни бұл жерде жылына 1 млрд. долларға жуық қаржы жоғалтар еді. БЭК-тің табысты дамуын басынан бастап, өз егемендігін қорғау мақсатымен, қандайда бір экономиканы басқаратын ұлттан жоғары органдарды құруға барынша қарсылық көрсеткен Украинаның екі жақты позициясы кідіртті.

2000 жылдардан кейінгі  кезеңдерде қалыптасқан толыққанды, көп бағытты халықаралық байланыстың бірі ретінде - Шанхай ынтымақтастық үйымын атауға болады. 1996-1997 жылдардағы келісімдерді жүзеге асырудағы бірлескен жұмыстар - бір-бірінің ішкі ісіне араласпау және мемлекеттік шекараның беріктігі, қол жеткізілген келісім-шарттарды орындаудағы өз еркімен келісу, келісім арқылы өзара түсіністікке қол жеткізу, өзара кеңес, бір-бірінің көзқарасына деген сыйластық, тепе-теңдік, өзара сенім мен тиімділік "Шаңхайлық рухтың" қызметінің негізін қалайды. Шындығында осы факторлар Қазақстанның бұл ұйымға деген көзқарасын нақтылай түседі: өзінің геосаяси жағдайына сүйене отырып, республика бір бағытта саясат жүргізіп, қандай да бір күшке арқа сүйей алмайды. ШЫҰ-на Қазақстанның қатысуы XXI ғасырдың басындағы заңсыз миграция ағымы, қару-жарақ жэне есірткі контрабандасы, радикалды исламның "экспорты", халықаралық лаңкестік сияқты ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін замана талаптарына сай жауаптар табуына мүмкіндік береді. ШЫҰ аясындағы өзара байланыс Қазақстанға даулы территориялық мәселелерді реттеуге, жоспарлы және ашық түрде шекаралық аудандардағы қарулы күштерді қысқартуға, әскери-саяси шиеленістің қалдық элементтерін сейілтуге мүмкіндік берді.

 

 

                        ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

 

  1. Чешков М.  Постсоветская Центральная  Азия  в трех измерениях: традиционализация, перифиризация, глобализация // Аналитика. - 2005. -13 маусым.
  2. Назарбаев  Н.Ә.  Қазақстан  экономикалық,   әлеуметтік  және  саяси жедел   жаңару   жолында.   Қазақстан   Президентінің   Қазақстан   халқына жолдауы // Ақиқат. - 2005. - №3. -16 6.
  3. Арынов   Е.М.,   Трофимов   А.Е.   Международные экономические   организации   и   экономические   союзы.   -   Алматы,   1996; Нарибаева Н.К. Казахстан как субъект права международной экономической интеграции.  -  Алматы,   2000;   Салимбаева  Р.О.   Казахстан  и   Всемирная торговая организация. // Вестник КазГУ. - сер. ист. - 2000. - № 3-4. - С. 54- 
    59; Турсунбаев Т.А. Международное сотрудничество Республики Казахстан в 90-е годы    XX    в. - тарих ғыл. докт. дисс. қолж. - М, 2002; Казахская цивилизация в контексте мирового исторического процесса. - Алматы, 2003; Казахстанская  цивилизация  в  контексте     глобализации  и  поиска  путей культурной идентификации. - Алматы, 2003.
  4. Бекмаханова Н.Е. Россия и Казахстан в освободительном движении: последняя четверть ХҮІІІ - первая половина XIX в.-М., 1996.
  5. Жанатаева   У.К.   Экономические   и   культурные   взаимоотношения казахов и кыргызов во 2-половине   XIX - начале XX   вв.: (По материалам Семиреченской области): Тарих ғыл. канд. дис. - Алматы, 1994; Мадуанов С. Взаимоотношения  казахов  с  другими  соседними  народами  Центральной Азии в ХҮІІІ - начале   XX вв.: (Полит. и соц.-экон. аспекты). - Алматы, 1995; Курманбаева Н.М. Социально-философский анализ интеграции культур Востока и Запада. Филос. ғыл. докт. дис. - Алматы, 1997; Нуртазина Н. Роль ислама в духовной интеграции народов Туркестана (конец XIX - нач. XX в.)        // Поиск. - 1998. - №1. - С.89-94; Хуршудян Э.,   Муканова Д. Из истории армяно-казахстанских отношений. - Ереван, 1999; Ташбаева К.И. Древние тюрки и Великий шелковый путь // Вестник Казгу. - серия историческая -1998. - №9. - С.138-139; Торланбаева К.У. Отношения войны и торговли: механизмы, причины   и следствия   (вопросы взаимоотношений кочевых и оседлых народов) // Известия МОН РК, НАН РК. - Сер. общ. наук. - 2000. - №.5.   -   С.25-31;   Касымбаев   Ж.К.   Казахская   цивилизация   в   контексте мирового исторического процесса. - Алматы, 2003.
  6. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 21 сәуір 2005 ж. медиа- 
    форумда сөйлеген сөзі // Егемен Қазақстан. - 2005 - 22 сэуір.
  7. Алексин В. Стратегия регионального лидерства как ответ Казахстана на вызовы глобализации // Аналитик. - 2005. - №3.
  8. Курманбаева   Н.М.    Социально-философский    анализ    интеграции культур Востока и Запада. Филос. ғыл. докт.дисс. автореф. - Алматы, 1997; Иманкулова Ш.К. Казахстан и Российская Федерация в системе социально- экономических отношений на постсоветском пространстве // Вестник КазГУ. - серия географическая - 2002. - №1(14). - С.   141-145; Есенбаев А.Е.Оборонная политика Казахстана и Россий: общее и особенное. - Алматы, 2004; Казахстан и Россия: общества и государства. - М, 2004 т.б.
  9. Стрежнева М.В. Европейский Союз и СНГ: сравнительный анализ институтов. -М., 1999.Әліпбаев А.Р. Еуропалық интеграция шеңберіндегі герман-француз экономикалық жэне гуманитарлық ынтымақтастығы (1950-1963 жж.) Тарих ғыл. канд. дисс. автореф. - Алматы, 2001; Сомжуреков Б.Ж. Парадигмы Европейской интеграции и проблемы интеграционного процесса государств Центральной Азии // Вестник КазГУ. - Сер. МОиМП. - 1999. - №1-2. - С. 37-40; Байзакова К.И., Джолдыбаева У.Закономерности и уроки европейской интеграции для интеграции Центральной Азии // Вестник КазГУ. - Сер. 
    МОиМП.   -   20001.   -   №-2.   -   С.   78-84;   Рахматуллина   Г.Г.  Основные направления интеграционного сотрудничества государств ЕС // Казахстан- Спектр. - 2004. - №4. - С.74-80; Экономические аспекты интеграционных процессов: опыт Европейского Союза // Сб. материалов межд. конф. 5 марта проблемы деятельности СНГ. Заң ғыл. докт... дисс. автореф. - М., 2002; Ибраева Э.А. Международный опыт деятельности Межпарламентской Ассамблеи СНГ в 90-е г. XX в. - Тарих ғыл. канд... дисс. автореф. - М., 2005.
  10. Жуйриков К.К.,  Кенжебаева З.К.  Евразийское  сообщество:  новое 
    направление в интеграции этих стран и вхождение их в миовую экономику // Банки Казахстана. - 2001. — №3. - С.29-32;  Барбасов М.  Перспективы интеграции государств Евразийского экономического сообщества в сфере услуг // Евразийское сообщество. — 2002. - №2(38). - С. 18-25; Глобализация и   проблемы   устойчивого   развития   стран   ЕврАзЭС.   -   Алматы,   2002; Нысанбаев Д.С. ЕАЭС и развитие экономической интеграции Казахстана // Вестник КазНУ. - серия экономическая - 2002. - №1. - С.38-40; Нүрпейісова К.Қ. Қазіргі заманғы аймақтық экономикалық    интеграциялық топтардың қалыптасуы мен дамуы жолдары (ЕурАзЭҚ).  Экон.  ғыл.  канд... дисс. - Алматы,    2004;    Ақыш    С.    Формирование    Единого    Экономического Пространства // Саясат. - 2005. - №3. — С.8-12; Аскаров Б. Интеграционный процесс в рамках Программы ТАСИС // Саясат. - 2006. - №10. - С.58-62.
  11. Ткаченко С.Л., Петерманн С. Сотрудничество стран СНГ в военной 
    сфере и фактор НАТО. - СПб., 2002.
  12. Арибаев К. Интеграционные процессы в высшем образовании // Высшая школа   Казахстана.   -  2001.   -  №   2.   -  С.8-11;  
  13. Қараңыз,    мыс:    Стрежнева   М.В.    Европейский    Союз    и    СНГ: сравнительный анализ институтов. - М., 1999.

 

  1. Алпысбаева С. Интеграция науки и образования: поиск 
    решений // Наука и высшая школа Казахстана. - 2002. - 1 июля. - С.6,8;Мухаметкалиев  Т.М.   К   Евразийскому   Союзу   -   через   общую   модель образования: проблемы интеграции двух образовательных систем, или что может привнести Казахстан в этот процесс // Столичное образование. - 2003. - № 3-4-5. - С.18-21; Казахская цивилизация в контексте мирового исторического процесса. - Алматы, 2003; Исмаилов А. Страницы русских исследований в Казахстане (XIX - начало XX в.в.). - Алматы, 2004; Высшее профессиональное образование в условиях интеграции в мировое образовательное пространство. - Алматы, 2004; Нурмагамбетов А.А. Интеграция Казахстана в Европейское образовательное пространство // Казахстан-Спектр. - 2004. - № 2. - С.64-68; Есенькин Б.С. Болонский процесс - стандартизация или свободный полет // Высшее образование сегодня. - 2005. - № 5. — С.22-24; Мұханбетжанова Ә. Білімді интеграциялау процесінде жаңа ақпараттық технологияларды колдану // Білім-Образование. -2005.-№4(22).-11-13 6.
  2. Қараңыз, мыс: Экономические аспекты интеграционных процессов: 
    опыт Европейского Союза. - Алматы, 2003.
  3. Қазақстан,  Қырғызстан,  Тәжікстан,  Өзбекстан және Түркіменстан 
    Республикалары    мемлекеттері    басшыларының    бірлескен    мәлімдемесі. 
    (Ашхабад, 5-6 қаңтар 1998 ж.) // Егемен Қазақстан. - 1998 - 7 қаңтар.
  4. Пантин В.  Циклы  и волны глобальной  истории.  Глобализация в политическом измерении. - М., 2003.Есенбаев А.Е. Оборонная политика Казахстана и России: общее и особенное.   -   Алматы,   2004;   Жатканбаев   Е.Б.   Угрозы  национальным интересам Казахстана. - Алматы, 2004;   Сомжурек Б. Военно-политическая интеграция государств Центральной Азии // ОБСЕ: Хартия Европейской безопасности. - Алматы, 2000. - С.7
  5. Шайхутдинов М. Эволюция российской политики в 
    отношении   Центральной  Азии   и  Казахстана  // Саясат.   -  2004.   - №6;
  6. Известия МОН РК, НАН РК.-Сер.общ.наук.-2000-№5 –С.25-32.
  7. Российская многонациональная цивилизация; Единство и противоречия М.,2003 17-30, 24б,11б,.
  8. Абдулпаттаев С. Қазақстанның Оңтүстік Шығыс Азия елдерімен қарым- қатынасы // Ақиқат. - 2004. - №4
  9. Қараңыз,мыс:    Стрежнева    М.В.    Европейский    Союз    и    СНГ: сравнительный анализ институтов. - М., 1999.
  10. Танирбергенов  А.   Интеграционные  процессы  в 
    Центральной Азии: китайский фактор // Саясат. - 2004. - № 1. - С.16
  11. Акимбеков С.М. Афганский узел и проблемы безопасности Центральной Азии.  -  Алматы,  2003;  
  12. Телебаев Г.Т., Омирсеитова А. Центральноазиатская 
    интеграция: объективные и субъективные параметры // Апаіуііс. - 2002. -№6;
  13. Есенбаев А.Е. Оборонная политика Казахстана и России: общее и особенное.   -   Алматы,   2004;   Жатканбаев   Е.Б.   Угрозы   национальным интересам Казахстана. - Алматы, 2004;   Сомжурек Б. Военно-политическая интеграция государств Центральной Азии // ОБСЕ: Хартия Европейской безопасности. - Алматы, 2000. - С. 7; Толеубаев Т.А. Интерпол на рубеже нового тысячелетия // Вестник КазГУ. - Сер. МОиМП. - 2002. - №1. - С.92- 98; Смирнов С.Л. Безопасность и интеграция в Центральной Азии // Аль Пари. - 2004. - №2-3. - С.6-10; Лунев С.И. Вызовы безопасности южных границ России. - М., 1999; Грибовский А.Б. Становление и развитие военно- политических отношений России со  странами Центральной Азии:   1991- 2000гг. - Тарих ғыл. канд... дисс. автореф. -М., 2003.
  14. Балашов     Р.В.     Россия     и     СНГ:     проблемы     и     перспективы интеграционного развития. Саяси ғыл. канд... дисс. автореф. — М.,  1996;Романов А.А. Роль России в истории создания и развития СНГ. Тарих ғыл. канд... дисс. автореф. - М.,  1997; Моисеев Е.Г. Международноправовые Казахстан в ООН: история и перспективы. - Алматы, 2004; Рогачева А.А. Экономические компаненты устойчивого развития Казахстана в условиях его интеграции в мирохозяйственную систему. - Тарих ғыл. канд. дис. қолж. -Алматы, 2004;
  15. Тихонов   Л.Н.   Система образования   в   СНГ.   -   Алматы,   2001
  16. Ашимбаев М. Суверенный Казахстан в глобальном мире. // Аналитик. -2004.-№3.-С.З.Қараңыз,     мыс:     Қалиева    Р.М.     Международная    деятельность Республики   Казахстан   на   современном   этапе.   Саяси   ғылым.   докт.дис. автореф.   -   М.,   1992;  
  17. Э.І Рисһаіа. О£ Вііпсі Меп, Еіерһапіз апсі Іпіегпаііопаі Іпіе§га1:іоп. - Іоитаі оҒСоттоп Магкеі 8ішІіе5. - 1971. - №10. - Р.257.
  18. Қараңыз, мыс: Тихомиров Ю.А. Правовые основы сотрудничества государств-участников СНГ // Вестник МПА СНГ. - СПб., 1993. - №2. - С. 16-24;   Россия   и   ее   соседи.   Вып.   -   1.   -   М.,   1995;   Расулова   С.К. Интеграционные процессы в постсоветском экономическом пространстве. Эконом.   ғыл.   канд.   ...   дисс.   автореф.   -  Алматы,   1995;   Исингарин   Н. Проблемы интеграции в СНГ. - Алматы, 1998; Козыбаев М.К. СНГ: опыт, проблемы. - Алматы,
  19. Российская      многонациональная      цивилизация:      Единство      и противоречия. - М., 2003.

Информация о работе Қазақстан - ТМД ның гуманитарлық кеңістігінде