Қазақстан - ТМД ның гуманитарлық кеңістігінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2014 в 21:36, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіздігін жариялап, барлық салалар бойынша халықаралық ынтымақтастықтың толыққанды субъектісіне айналды. Қазақстан экономикалық дамудың үлкен әлеуетіне ие (табиғи қазба байлықтары жоғары квалификациялы жұмыс күші т.т), Еуропа мен Азияның орталығында саяси және стратегиялық маңызды орын алып, халықаралық ынтымақтастықтың әртүрлі одақтары мен ұйымдарының мүшесі. Сондықтан да Қазақстан Республикасының шекаралас және дүниежүзі мемлекеттерімен халықаралық қатынасының Азия аймағы мен дүние жүзінде бейбітшілік пен тұрақтылықты және жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде зор маңызы бар.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................................3-8

ҚАЗАҚСТАН МЕН ТМД ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР

Қазақстанның ТМД елдерімен экономикалық қарым-қатынасы және еліміздің экономикасындағы модернизация мәселелері..............................................................................................9-16
Тәуелсіз Қазақстан Еуразиялық экономикалық қауымдастығында және оның болашағы.....................................17-27



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТМД ЕЛДЕРІМЕН МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСЫ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Қазақстан – Ресей мемлекетінің мәдени ынтымақтастығы.... 28-41
Қазақстан - ТМД ның гуманитарлық кеңістігінде................. 42-48


ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................49-54

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ.............................................55-60

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-ТӘУЕЛСІЗ-ҚАЗАҚСТАННЫҢ-ТМД-МЕМЛЕКЕТТЕРІМЕН-ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ2006.doc

— 542.50 Кб (Скачать файл)

70-пайыздық көрсеткіш  қазақ диаспорасының жоғары интеллектуалдық сапасын көрсетеді. Сондықтан да басты назарымызды білім беру саласына аударғанымыз жөн болар, оның ішінде бүгінгі күні туындап отырған мәселелердің бірі - оқулықтар мен оқу күралдарымен жабдықтау мәселесі. Бүл жаңадан басылып шыққан оқулықтар мен оқу қүралдарымен қандастарымызды да қамтамасыз етуіміз керек, Себебі, мүндай байланыстар әсіресе мәдени қатынастар қандастарымыздың өз тілін, дінін, өдет-ғүрпы мен салт-дәстүрлерін сақтауға, дамытуға қосар үлесі үлан ғайыр. Сондай-ақ Ресейдегі қазақ диаспорасы да екі ел арасындағы қарым қатынастардың барлық салаларын нығайтуда өз үлестерін қосып отыр. Бүған дәлел соңғы жылдары Санкт-Петербург, Астрахан қалаларында Бас консулдықтар ашылды, енді Омбы және Самара қалаларында да ашылу жоспарланып отыр. Сонымен қатар Омбы қазақ мектептерінің мұғалімдері білімін біздің елде тегін жетілдірсе, Қазақстанның орыс мектептерінің орыс тілі пәні мүұалімдері өз білімін Омбыда жетілдіреді. Омбы Ауыл шаруашылығы институтында, Танк училищесінде және Омбы университетінде қазақ жастары жолдамамен білім алуда.

Омбы облысында үш қазақ қоғамдық үйымы жүмыс істейді. Аймақтық қазақ үлттық-мөдени автономиясы, қазақ мөдениетІнің "Мөлдір" Сібірлік Орталығы аймақтық қоғамдық ұйымы және Омбы қазақтарының мәдени-ағарту автономиясы. 1993 жылы облыста қазақ тілін ана тілі ретінде оқытатын 13 мектеп болған болса, 2004 жылы ондай мектептердің саны 17-ге дейін өсті. Бүгінгі таңда ол мектептерде 1029 бала оқиды /19,32/.

Ресей аймақтарындағы ең ірі қазақ диаспорасы Орынбор облысында түрады. Мұндағы қазақтың саны 200 мыңға жуық. Өңірде "Ақ Жайық" атты Орынбор облыстық қоғамдық үйым жүмыс істейді. Қазақ тілінде 1991 жылдан бастап "Айқап" газеті шығып тұрады, қазақ диаспорасы өкІлдеріне кең танымал жөне үлкен сүранысқа ие. Облыста 18 мектепте қазақша сабақ жүреді. Қазақ тілі мен әдебиетІ 55 топта қосымша сабақ ретінде өтіледі /16,32/.

Ал, Башқүртстан Республикасында 14 мыңға жуық қазақ түрады. Уфада "Ақ-бата" Қазақ үлттық мәдениет орталығы жүмыс істейді.

Саратов облысында 80 мыңға жуық қазақ тұрады. Олар саны жағынан өңірдегі үшінші ірі этнос. Облыста 1997 жылдан бастап "Еділ бойы қазақтары қауымдастығы" атты Саратов облысының аймақтық қоғамдық үйымы жүмыс жасайды. Саратов облысында 224 үлттық (орыс емес) мектептер, сонымен қатар 32 жексенбілік мектеп ашылған, оның ішінде 7 мектеп қазақ мектептері деп есептелуде. Кейбір селолық жөне қалалық мектептерде қазақ тілі білім бағдарламасының аймақтық компоненті ретінде қосымша сабақ ретінде оқытылуда.

Астрахан облысындағы 150 мыңдық қазақ қауымы саны жағынан екінші орында тұрған этнос. Қазақтар облыстың барлық дерлік аудандарында түрады. Дегенмен, Володарск, Красноярск аудандарында қазақтар саны жағынан басқаларға қарағанда басымырақ. 1990 жылы қазак мәдениетінің Астрахандағы аймақтық "Жолдастык" атты қоғамдық үйымы құрылған, облыстың барлық аудандарында үйымның белімшелері қүрылған. 1991 жылдан бері облыста қазақ тіліндегі "Ақ арна" газеті шығады, апта сайын жергілікті теле-радио арналарынан қазақ тіліндегі "Атамекен", "Ана тілі" хабарлары шығады. Қоғамдық үйым жанынан "Самал" қазақ классикалық ән ансамблі, "Шалқыма" қазақ өні ансамблі қүрылған. Олар атақты сазгер Қүрманғазының шығармасын насихаттайды.

Астрахан облысында 114 үлттық мектептердің 72 сі қазақ мектептері деп есептеледі, оларда қазақ тілі пөн ретінде, болмаса міндетті емес, мүмкін болған жағдайда ғана оқытылады.

Алтай өлкесінде 2002 жылғы санақ деректері бойынша өлкедегі қазақтардың саны 9825 адам болған, оның екі жарым мыңы қалаларда түрады. Әсіресе, Михайловка, Құлынды, Благовещенка аудандарында көп қазақтар түрып жатыр. Мәселен, Қүлындыда 150-180 қазақ жанұясы болса, Благовещенкада 100-120 қазақ жанұялары бар. Қазақ мектептері осы елкеде бастапқыда бастауыш мектеп ретінде 8 жылдық болса, 11 жылдық қазақ мектебі болып қайта құрылды. Өлкеде "Ата-Мүра" Алтай аймақтық қоғамдық қазақ бірлестігі жүмыс жасайды. Бүл өлкені оқулықтармен Павлодар облысының оқу департаменті қамтамасыз етіп отыр.

Алтай Республикасындағы қазақ халқының саны 12 мыңнан асады. Мүндағы қазақ қауымы негізінен Қос-Ағаш ауданында шоғырланған. Ресейдің Ташанта шекарасынан 25 шақырым жерде "Жаңа ауыл" атты қазақ елдімекені орналасқан. Қосағаш ауданында тек қазақ отбасыларынан түратын 5 ауыл бар. Олар: Жаңа ауыл, Төбелер, Қосағаш қаласының өзі, Жазатыр және Ташанта. Жалпы аудан көлемінде  17 мың түрғын болса, соның  11  мыңы қазақтар. Сондықтан да болар, аудан губернаторы қазақ - Әуелхан Жазитұлы Жатқанбаев. Жақында ғана өткен губернаторлар сайлауында ол тағы да 4 жылға сайланған. Жаңа ауылды осы кісі өз қолымен түрғызыпты. Мұнда 1800-дей отбасы бар. Мұнда халықтық салт-дәстүр, тілі мен дінін көзінің кдрашығындай сақталған. Бүған, үлттық мөртебесі бар Алтай Республикасында өмір сүріп отырғандары мүмкіндік берсе, екінші жағынан Баян-өлгий қазақтарымен араласып отырғандығы өз септігін тигізген секілді. Мүнда 7-8 мешіт жүмыс істейді. "Мирас" атты қазақ мәдени орталығы жүмыс жасайды және 15 кісіден қүралған "Әжелер ансамблі", "Керуен" дуэті бар екен.

Қосағаштықтар да Тәуелсіз Қазақстанға, атамекенге қоныс аударуға шақырылған. Алайда, 1991-1999 жылдары екі жарым мыңдай қазақ Қазақстанға көшіп, Алматы, Астана, Көкшетау қалаларына шоғырланды. Осы екі жарым мыңның мың жарымы қайтып келді, өйткені жері, жағдайы келіспеді. Сол себепті жүрт жылы орындарын суытқысы келмейді.

Мұнда қазақ тілі мен әдебиеті мектептерде аптасына бес сағат үйретіледі. Оның 3-еуі тілге, 2-еуі әдебиетке арналған. Қазіргі кезде мектептерде 36 оқытушы дәріс берсе, оның 23-і ғана қазақ тілі мен өдебиеті маманы, ал, 13 басқа пәндердің мамандары. Сондықтан ана тілінде оқытатын маман даярлауда көмек қолын созса, мамандық жетілдіретін курстарда оқытса деген тілек бар.

Татарстан Республикасында бүгінгі таңда 2000 қазақ тұрады, оның жартысы елдің астанасы Қазан қаласында қоныстанған. 1991 Қазанның жоғары оқу орындарында оқитын қазақ студенттері жерлестер үйымын қүрып, бүл ұйым өз жүмысын атқаруда. Кейіннен Республика аумағында "Қазақстан" ұлттық қоғамы қүрылған болатын. Алғашқы күннен бастап, қазақ бірлестігі Республиканың қоғамдық өміріне белсене араласып, ат салысып отыр. 1993 жылы "Қазақстан" қоғамының бастамасымен Қазақстан және Татарстан ғылым академиялары ынтымақтастық туралы шарт жасасты.

Новосібір облысындағы 2002 жылғы санақ қорытындысы бойынша қазақ халқының саны 11691 адам, оның 7546 ауылды жерде, 4145 адам қалада түрады. "Отан" атты аймақтық қазақ мәдениетінің ұйымы жұмыс істейді. Бүл үйымның басты мақсаты - облыс аумағындағы үлттық дәстүрлер мен төл мөдениет қүндылықтарын жоғары бағалайтын қазақтарды біріктіріп, олардың азаматтық және әлеуметтік-мәдени қққықтарын қорғау болып табылады. Осы мақсатқа жетуде ұйым белсенді түрде жүмыс жасауда.

Түмен облысындағы қазақ диаспорасы қарқынды дамып келеді. Бүгінде қазақтарды бұл облыстағы қоғамдық өмірдің барлық салаларынан кездестіруге болады. Қазақтар мұнда медицина, білім беру және т.б. салаларда жақсы бекіген. Сүргіт қаласында 2000 жылы "Атамекен" Қазақ ұлттық мәдени ұйымы құрылып, үлттық бірлестік ретінде түрлі іс-шаралар үйымдастырып, өткізуде.

Осы мәселелерді шешуге көмектесу, отандастарымыздың атамекенімен байланысты нығайтуға, ата рухын, мәдениетін, тілін меңгеруге деген талпыныстарына қол үшын беріп, жоғарыда аталған іс шараларды ұйымдастыруға қолдау көрсету біздің парызымыз болып табылады.

Қазіргі таңда қазақ тіліндегі баспасөз Ресейдің Омбы, Астрахан және Орынбор облыстарында шығады. Қазақстандық газет-журналдар Ресейдегі оқырманына едөуір кешігіп жетеді. Қазақстандық телеарналар Қорған, Челябі, Астрахан жөне Орынбор облыстарында тарайды. Алайда, басқа ресейлІк елді-мекендер техникалық және қаржылай қиындық салдарынан қазақ тіліндегі телехабарларды көре алмайды.

Ресейдің кейбір облыстарында қазақ, басқа да этностық диаспора өкілдерінің санын тым асыра көбейту арқылы, мысалы Волгоград облысындағы 42 мың қазақтың санын 60-80 мыңға жеткізіп, "аймақта демографиялық экспансия, бөтендер позицияны өз қолдарын алып жатыр" деген халықты қорқытып-үркіту де орын алып отыр. Эктремизмнің тарауын православие дініндегілер мүсылмандардан көруге әуес. Тіпті "көршілес мемлекеттер орыстарды ығыстыру үшін өдейі мүсылмандар да Ресейге қоныс аударуда" деп кінө тағу жиі кездеседІ.

Қазақ диаспорасының әлеуметтік - этномәдени жағдайы республикалар мен облыс басшыларының саяси бағыт-бағдарлары мен оппозицияның салмағына байланысты. Демократиялық көзқарастағы губернаторлармен қатар, солшыл оппозиция әлсіз Саратов, Самара, Астрахан облыстарында үлттық мөселелердің мақсаттары анықталған. Ал үлтшылдық бағыт басым Волгоград облысында сөз көп те, іс аз.

Үлт саясатын жүргізу казак орыстардьщ, православие дінінің басқа үлт өкілдеріне қырын қарайтын кертартпалық саяси ықпалына да байланысты.

Қазақ диаспорасы тағдыры үшін аймақтағы қалыптасқан тарихи дәстүрлердің маңызы зор. Мысалы, Астрахан облысында үлттар арасында діни сыйластық, мейірімділік ғасырлар бойы қалыптасқан. Әр облыс өз көші-қон саясатын, үлтаралық қатынастар ахуалын анықтайды. Көші-қон мөселесімен үлтаралық қатынастар тығыз байланыста.

 

Сондай-ақ Астрахан облысы мен Самара облысының заң шығару органдары үлттық-мәдени қауымдастықтарға қаржылық, ғимараттарды пайдалануға, бюджеттен төленетін салықтардан жеңілдіктер жасап, диаспоралардың мәдени әлеуметін дамытуға арналған бағдарлама қабылдаған. Ол бойынша диаспоралардың мәдени дамуын 98,9 пайыз облыстық бюджеттен, 0,7 пайыз жергілікті бюджеттен, 0,4 пайыз басқа көздерден қаржыландырады.

Қазақ диаспорасы мекендеген бірқатар аймақтарда көптеген заң күші бар үлттық саясат түжырымдамалары, кешенді бағдарламалар, арнаулы іс-қимыл жоспарлары мақүлданған. Әлеуметтік, экономикалық, қүқықтық мемлекеттік рухани салаларда арнаулы іс-қимыл жоспарлары да бар.

Ресейдегі қазақ диаспорасы үшін өткір де ауыр мәселелердің бірі - қазақ тіліндегі ақпарат қүралдарын дамыту. Самара облысында радио 11 тілде ақпарат берсе, оның 1-еуі - қазақ тілі; 9 ұлттық газет шығып түрады, оның ішінде жалпы түрік деп аталатын "Азан" газеті бар.

РФ аймақтық тілдер немесе аз үлттар туралы еуропалық хартияға қосылуына байланысты үлттық тілдерді ресми ортада пайдалану мәселесі күрделі, сондықтан да тіл мөселесі дау-дамай туғызып отыр. Бірақ РФ заңдарында бүл мәселе ашық, дәл айқындалмағандықтан диаспоралар тілдерін ресми қолдану ауызша мойындаудан аспай түр. Ал Волгоград облысында тіпті кері қадам жасалған. "Волгоград облысы территориясындағы ұлттық қатынастар туралы" заңында тек орыс тілі негізіндегі ортақ мәдени кеңістігі мойындалған.

Ресей өлеуметтанушыларының зерттеулеріне қарағанда, диаспоралар мен ұсақ ұлттарға деген көзқарас өлі де оңды емес. "Сіздің азаматтық қүқығыңыз сақтала ма?" - деген сүраққа орыс емес шағын үлт өкілдерінің 25,2 пайызы "сақталады", 55,7 пайызы "дүрысы, сақталмайды" десе, 17,3 пайызы "біздің құқығымызды қорғаудың қажеті жоқ" деп жауап берген.

Сонымен айтар болсақ, жаһандану түсында Ресейде миллионға жуық ресейлік қазақтардың тағдыры ассимиляция үрдісіне байланысты болып отыр. Орыстану олардың күнәсі емес, қасіреті. Адам ретінде Ресейде олардың барлық құқы бар, бірақ ана тілін пайдалану құқы жоқтын қасы. Үлтсызданған тарихи отаны да үлгі бола алмай отырғанын сезеді. "Елге оралыңцар" десеңіз: "Бізге қарағанда шүкірсіңдер ғой, бірақ сендердің де қазақ болып сақталып қалатындарыңыз да күмәнді", дейтіндер де бар. Жаһандану үрдісіне қарсы тұру мүмкін емес, бүл даму заңдылығы. Бірақ оған бейімделіп, жақсысынан үйреніп, жаманынан жирену, басқа үлттардың төжірибесіне үңілу, сырттағы қазақты, оның ішінде мамандарды өзімізге тартып, жаңа үлттық саясатқа бетбұрыс жасап еліміздің өркендеуі үшін белсенді түрде жүмыстар жасау керек. Сонда ғана еліміз елдігін сақтап өзге елдерге өнеге бола алады.

 

Қазақ елі әлемге дінаралық, үлт аралық келісім және діни төзімділігі мен теңдігімен белгілі болып отыр. Дін - әрбір халықтың рухани, мәдени дамуының қайнар көздерінің бірі. Елімізде 40 аса конфессияға қатысты 3000 аса діни ұйымдар мен бірлестіктер жүмыс істейдІ. Қазақстанда негізгі діндер ретінде ислам және христиандықтың православиялық болып табылады. Сонымен бірге ислам жөне православие ел халқының басым көпшілігінің рухани-тарихи дөстүріне ықпал-өсерін тигізетін діни бағыттар. Қоғам өмірінде болған өзгерістер мен қайта құрулар діни қатынастарға да өзгерІстер алып келді.

Елімізде әлемдік және дәстүрлі діндердің бірінші съезі жаһандану заманындағы өркениеттер арасындағы үн қатысу мен өзара-сенімді қалыптастыру мен дамытуға қосылған елеулі үлес болды. Елдің рухани бІрлігі мен рухани қауіпсіздігі мемлекетіміздің түрақты дамуының тұғырының бірі.

Қазіргі кезде елімізде 471 ұлттық-мәдени бірлестіктер, 19 республикалык, және аймақтық үлттық газет, радио-телебағдарламалар, 6 үлттық театрлардың қызмет етуіне мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде. Соңғы жылдары еліміздің аймақтарында 11 достастық сарайы салынды, Алматыда тағы бір Достық сарайы жөне Астанада бейбітшілік пен келісім храмы салынуда /6,64/.

Қазақстанда бірінші болып ашылған Орыс қауымының қазір он бір облыстық филиалы бар. Ал, 1992 жылы ашылған Республикалық Славян қозғалысы «Ладтың» он екІ аймақтық филиалы, коллектив мүшелерінің он екі үйымы бар. Республикалық Славян қозғалысы «Ладта» отыз мың мүшесі бар, оның бес жүзі белсенділер.

Алматы қаласының өзінде Орыс қауымымен бірге Орыс мәдениет орталығы, аймақтық славян православты мөдени қор «Панагия», Республикалық Славян қозғалысы «Лад», Қоғамдық бірлестік «Орыс одағы» және т.б. орыс, славян, казак үйымдары ассоциациясьгаың орындаушы комитеттері орналасқан.

Ассоциацияның қосымша төрағалары болып, Орыс қауымы, Лад қозғалысы, Далалық өлкедегі казактар одағы, Жетісу Казактар қауымы жатса, оның қүрамына Орал қаласындағы Орал казактар қауымы, Өскемендегі Жоғары Ертіс орыс казак қауымы, Павлодардағы Казактар одағы, Алматы, Тараз, Талдықорғандағы Жетісу казактар одағы , Шымкенттегі «Надежда» казак айелдер одағы, Өскемендегі Шығыс Қазақстан Славян мәдениет қоғамы, Қарағандыдағы «Лад» қоғамдық бірлестігі, Талдықорғандағы «Сколоты» жастар одағы, Ақтау қаласындағы «Русское Землячество» бірлестігі жатады.

«Далалық өлкедегі казактар одағы» атты аймақтық қоғамдық бірлестігі 1997 жылы құрылған. Бірлестіктің құрамында он үш бөлімшесі бар. Бір жексенбілік казактар мектебі, екі балалар әндері мен билері ансамблі, бір үлкендер хоры бар. «Лад» қозғалысының көмегімен «Лад» газетінің бІр бетінде апта сайын «Далалық өлкедегі казактар» одағындағы атқарылып жатқан шаралар туралы мәліметтер жарияланып тұрады.

Информация о работе Қазақстан - ТМД ның гуманитарлық кеңістігінде