Қазақстан - ТМД ның гуманитарлық кеңістігінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2014 в 21:36, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіздігін жариялап, барлық салалар бойынша халықаралық ынтымақтастықтың толыққанды субъектісіне айналды. Қазақстан экономикалық дамудың үлкен әлеуетіне ие (табиғи қазба байлықтары жоғары квалификациялы жұмыс күші т.т), Еуропа мен Азияның орталығында саяси және стратегиялық маңызды орын алып, халықаралық ынтымақтастықтың әртүрлі одақтары мен ұйымдарының мүшесі. Сондықтан да Қазақстан Республикасының шекаралас және дүниежүзі мемлекеттерімен халықаралық қатынасының Азия аймағы мен дүние жүзінде бейбітшілік пен тұрақтылықты және жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде зор маңызы бар.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................................3-8

ҚАЗАҚСТАН МЕН ТМД ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР

Қазақстанның ТМД елдерімен экономикалық қарым-қатынасы және еліміздің экономикасындағы модернизация мәселелері..............................................................................................9-16
Тәуелсіз Қазақстан Еуразиялық экономикалық қауымдастығында және оның болашағы.....................................17-27



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТМД ЕЛДЕРІМЕН МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСЫ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Қазақстан – Ресей мемлекетінің мәдени ынтымақтастығы.... 28-41
Қазақстан - ТМД ның гуманитарлық кеңістігінде................. 42-48


ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................49-54

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ.............................................55-60

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-ТӘУЕЛСІЗ-ҚАЗАҚСТАННЫҢ-ТМД-МЕМЛЕКЕТТЕРІМЕН-ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ2006.doc

— 542.50 Кб (Скачать файл)

 

Экономика саласындағы алға басу тарифтік саясатын одан эрі жетілдіруді, қоғамдастық елдерінің инновациялық ынтымақтастығының тездетіп дамуын талап етеді. Оның ішінде ортақ ғылыми-техникалық жетістіктер арқылы көрсетілген мақсатқа жетуді көздейді. ТМД және ЕурАзЭҚ елдерін интеграциялауда Қазақстан мен оның серіктестері күшінің маңызды құрамы олардың жағрафиялық жағдайын, өтпелі әлеуетін әлемдік экономикада тиімді пайдалану болып табылады (қолдағы мәліметтерге қарағанда, ТМД-дан транзиттік жүкті тасымалдаудағы жылдық жиынтық тобы 2000 жылы 1 млрд. доллар қүрады, жэне жылына 15 млрд. долларға дейін өсу мүмкіндігі бар). Сонымен қатар энергетика саласындағы өзара әрекеттер мүмкіндігі де негізгі құрамдарының бірі. (ТМД мемлекеттеріне әлемдік мұнай қорының 18% жэне табиғи газдың 40%, электр энергиясын әлемдік өндірудің 10% тиесілі) /22,54/.

Ішкі рыноктың мүддесін қорғау қауымдастық елдерінен келісілген әрекетті талап етеді. Оның ішінде БСҮ қатысты мәселе де маңызды. Әсіресе ҚР-мен РФ-ның оған кіруіндегі дайындық әрекеттерін үйлестіріп отыру өте маңызды. Сондықтан да 2002 жылы ЕурАзЭҚ қатысушылар өз әрекеттерін келісе отырып жүргізу туралы арнайы шешім қабылдады. Атап айтсақ өз күштерімен өндіре алатын өнім түрлерін үшінші елдерден кіргізуді шектеу мэселесін қарастырып, үйлестіру қажет-ақ.

Қазақстан әлемдік стандарттарға өтуде ТМД-ның басқа да мемлекет-терімен белсенді ынтымақтастық қатынас жүргізеді. Стандарттардың ұлттық жүйесін реформалау Украинамен, Өзбекстанмен, Түркіменстанмен, Грузиямен, Белоруссиямен, Армениямен, Әзірбайжанмен сертификаттау жэне метрология, стандарттау жөніндегі қазіргі тандағы эрекет етіп жатқан үкіметаралық келісімдер аясында өтеді. Стандарттардың мемлекеттік қоры шамамен 40 мың нормативтік құжаттардан тұрады, олардың 20 мыңы мемлекетаралық, шамамен 800-і ҚР-ның мемлекеттік стандарты, 4 мыңнан жоғары халықаралық жэне шетелдік, үлттық стандарттар шамамен 10 мың.  ЕурАзЭҚ жэне ТМД шеңберіндегі серіктестік оның мүшелеріне ЕО-пен, басқа да аймақтық ұйымдармен, халықаралық қаржы институттарымен әлемдік экономикалық кеңістікке кіру мақсатында ынтымақтас-тықты дамыту әрекетіне қайшы келмейді. Қазіргі заманғы стандарттарға өтудегі басты проблема Қазақстандағы жоғары білікті, жаңа нормативтерді енгізу үшін тэжірибесі бар мамандардың жетіспеуі. Осы мақсатта ТАСИС ЕО бағдарламасы бойынша кеңес, семинар, тренингтер үшін 190 мың еуро бөлінді

1996 жылы БСҰ-ның бақылаушысы статусын алып, оның 135 мүше-сімен сауда-саттық қатынасты иемденіп, 2002 жылдан Қазақстан БСҰ-на кіру үшін келіссөз процесінің белсендІ кезеңіне аяқ басты. 2005 жылдың ортасында ҚР заңнамаларының 80% онымен сәйкестендіріліп, оған БСҰ жұмыс тобы мүшелерінің 16 елі қатысты. Жер қойнауын пайдалану, техникалық реттеу жүйесі мен санитарлық шаралар саласындағы заңнамалар ғана қалды. Елдің келіссөз позициясы қазіргі эрекет етуші импорттық тарифтің қала тұруына негізделеді. Қызмет көрсету рыногына ену үшін диалог 11 елмен жүргізіліп жатыр. Пәкістанмен, Грузиямен, Қырғызстанмен келіссөздер аяқталды. Дегенмен қызмет көрсету секторы бойынша мәлімет-тердің статистикалық базасы жоқтығы рынокқа жету жөніне сәйкесті жағдайлар жасауды және ырықтандыру бойынша ұсыныс жасауды қиындатады.

Банк сарапшыларының пікірінше, ҚР-на бұл салада бэсекелестіктен жүрексінбеуге болады. Бірақ келіссөз жүргізуші топ заңнамалық базаны жасау үшін келіссөздік кезең берілуін талап етеді. Сонымен қатар республика қызметтің сәулет жэне құрылыс секторын қорғауға тырысады, ауыл шаруашылығы бойынша экспорттық субсида, ауылшаруашылық тауарына импорттық кедендік салықты, ішкі қолдау шараларын сақтауды көздейді.

Сарапшылар БСҰ-на кіруге дайындықты талқылай отырып, сыртқы сауда серіктестерімен, БЭК жэне ЕурАзЭҚ интеграциялық бірлестігі бойынша Қазақстан серіктестерімен қатынастың күрделенуі мүмкіндігін болжауда. Негізгі проблемалар ҚР-ның сыртқы саудасының шикізаттық сипатында: шикізаттық емес сектордың әлсіздігі, әсіресе ауыл шаруашылығында және азық-түлік мэселесінде отандық өндірушілер мен. ішкі рынокты қорғау қажеттілігінде болып отыр. Мұндай мәселелерді реттеуге стратегияны жасау жэне бизнесті үйрену үшін өтпелі кезең қажет. Халықаралық сарапшылардың пікірінше Қазақстан БС¥-мен импорттық тарифтерді эсколациялаудың ең оңтайлы жағдайын талап етіп жэне сезімтал импорттық тауарлардың тізімін, импорттық кедендік салықты төмендетуі жөнінде саудаласуы керек. Бұл экономиканы диверсификациялау жолымен елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету міндеттерімен тікелей байланысты. 2003 жылы қабылданған 2003-2015 жылдарға бағытталған ҚР-ның индустриалды-иновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған сервистік-технологиялық басымдылықтарға бірте-бірте өтумен де тығыз сабақтас /9,45/.

Сыртқы сауданың әрі қарай дамуы үшін жэне тиімділігін арттыру мақсатында сыртқы байланыстарда экономиканы диверсификациялау сияқты шаралар жүзеге асырылуда. Бұл салада басты жетістік болып кеден ауқымының интеграциясы болып табылады. Осының арқасында (ЕурАзЭҚ саясатына қайшы бір жақты протекционистік шаралардың қолданылуына қарамастан) ҚР мен РФ арасындағы тауар айналымына жеңілдетілген жағдай жасалынып отыр.

1998 ж. Орынбор облысының  экімшілігінің басшылығымен жасалын-ған "Меновой двор" ("Айырбас рыногы") жобасына сэйкес шекаралық облыстардың сыртқы экономикалық байланыстарын кеңейтуге талпыныс жасалынып, ол үшін РФ-ның Орта Азия мемлекеттерімен тауар айналымын және есеп операцияларын үйлестіріп отыратын белгілі бір қүрылымның құрылуы қажет болды. Оған сауда үйі, сақтандыру компаниясы, валюта биржасы, есеп-клирингілік палата және ақпараттық-маркетингілік орталық, арнайы кедендік тәртіп орнатудағы жеңілдіктер кІру керек. Сонымен катар бұл қүрылым кэсіпорынның ТМД елдерімен болған сауда операцияларынан түскен жиынтық ақшаның 70%-ға жуығын алуын қарастырады /9,57/.

Бұл жобаның жүзеге асырылуының ойдағыдай болмауының басты себебі шекаралас аудандардың мүмкіндіктерінің шектеулі болуынан және ынтымақ-тастықтың ірі субъектілерінің жаңа сапалы өзара байланыс механизмдеріне көшуге көп ынталылық танытпауынан, сол сияқты Қазақстан және Ресей валюталарының тең мүмкіндік жағдайының болмауынан болатын. Сонымен қатар көзге көрініп тұрған қаржы-валюталық жүйелерінің әлеуетінің әр келкілігі, шекаралас аудандардың экономикасының диверсификация деңгейінің әр түрлі болуы бұл жобаның іске асуына кедергі болып тұр.

Шекаралас аудандардың экономикалық байланыстарын дамытуда Кеңес өкіметі кезінде қалыптасқан технологиялық байланыстарды қайта қалпына келтіруге көп көңіл бөлініп отыр, атап айтқанда, Қазақстанның шикізатын Ресей Федерациясының кәсіпорындарында өңдеу. Осы схемамен жұмыс жасайтын Ресей аймақтары (Челябинск және Оренбург облыстары) Қазақстан Республикасымен ең көп тауар айналымына жетіп, соған байланысты шекаралас серіктестікті дамытуға арналған қүқықтық базаны жасауда біраз жетістіктерге жетті. Ал көтерме сауда жүйесінде, трансшекаралас инфрақұрылымның дамуында, өзара есептесу механизмін қалыптастыруда жетістіктер өте қарапайым десе де болғандай.

"Қоғамдық пікір лидерлері  мен сарапшылардың ойынша посткеңестік  кеңістікте интеграциялық процестердің қабылдануы" мемлекетаралық зерттеулердің Ресейлік бөлігіне қарағанда (Ресей, Украина, Белорус, Қазақстан 2005 ж., көктем) төмен нэтижелерге байланысты интеграцияның дамуында мәдени-саяси күрделі проблемалар орын алған. ЕурАзЭҚ ТМД сияқты тиімділігі шамалы бюрократиялық аппарат ретінде белгілі болып отыр. Сарапшылар ЕурАзЭҚ-тың интеграциялық құрылым ретінде әзірге көзге көрінер жетістігі жоқ деп есептейді: «ЕурАзЭҚ қалдық принципі бойынша қүрылған сыңайлы»; «бұл түсініксіз үйым, ... өте әртекті, ...экономикалық жағынан көзге түсетін тек Ресей мен Қазақстан белгілі бір деңгейде Белоруссия.» ЕурАзЭқ-тың дамуының басты шарты ТМД сияқты қатысушы-мемлекеттердің міндетті шешімдерді қабылдау және орындау мүмкіндігі.

27 тамызда 2005 жылы Қазан  қаласында Ресей, Қазақстан, Белоруссия, Украина мемлекет басшыларының кездесуін Қазақстан мен Ресей сенімдІ серіктес екенін бекіте түсті, осы серіктестік ТМД мемлекеттері арасындағы интеграцияның іргетасын қалады. Сол себептен бұл серіктестік уақытша саяси коньюнктуралық мүдделерден туындамаған, қайта керісінше ұзақ мерзімді стратегиялық даму үшін қажет /4,45/.

Сауда-өнеркәсіп палатасының басшысы Е.М. Примаковтың айтуынша: "Қазақстан бүгінгі таңда Ресейдің басты одақтастарының бірі, бірінші кезекте БЭК құруда .... бізде Қазақстанмен біріккен кәсіпорындар саны Қытай, АҚШ, Англия, Германиямен біріккен кэспорындарының барлығын қосқандағы санымен тең. Бүл интеграциялық үдерістің біздің экономикамызға тереңдей түскендігінің айғағы. Бірақ интеграция тек мемлекетгік көлемдегі біріккен кәсіпорындар жолымен жүріп қана қоймайды. Ресей Федерациясыньщ 89 (қазір 88-87) субъектісінің 76-сы Қазақстанмен тікелей байланысуының маңызы зор. Бұл интеграцшшың айтарлықтай "жеңіс шеруі», экономиканың өзара араласуы. Тек макро емес, микро деңгейде де. Сонымен, "өркениеттік ажырасу" жылдарында Нұрсұлтан Назарбаев қойған мақсат-біртұтас, еуразиялық экономикалық кеңістік құру-бүгінде жүзеге асты...".

ЕурАзЭҚ-тың мемлекетаралық кеңесінің Душанбедегі мәжілісі (2005 ж. қыркүйек) бірыңғай кеден одағын құру жұмысын жеделдете түсті. 2006 жылы мемлекеттердің салық және кеден заңнамаларын тиісті дәрежеде унификациялау жүмысы атқарылмақ. 2005 жылы ЕурАзЭҚ шеңберінде бұл үдеріс 62% құрады. Кеден одағын кұру кезінде интеграциялық процестерді жеделдету үшін мемлекетаралық орган құрылмақ. Ортақ кеден тарифтерінің базалық тізімі қабылданып, 25 құжатқа қол қойылды: ЕурАзЭҚ-тың көлік маршруттарының тізімі, сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асыруда лицензиялауды рэсімдеу тэртібі, ЕурАзЭҚ мемлекет-мүшелерінің қаржы-экономикалық саясат кеңесінің жарғысы және т.б. Кеңестің құрылымы бекітіліп, ЕврАзЭҚ біртұтас көлік кеңістігін күру жүмысын жеделдету туралы шешім кабылданды, сонымен қатар мүше мемлекеттердің жарналарынан қалыптасатын қауымдастықтың 2006 жылғы бюджет жобасын тездетіп аяқтау көзделді /23,30/.

 

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ТМД ЕЛДЕРІМЕН МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСЫ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

 

2.1 Қазақстан – Ресей  мемлекетінің мәдени ынтымақтастығы

Қазақстан Республикасы төуелсіздікке ие болғаннан кейінгі жаңа кезеңде әлемнің көптеген елдерімен қарым-қатынастарын нығайта түсті. Соның ішінде көршілес Ресей мемлекетімен ынтымақтастықтың дамуына екі елде қоныстанған ұлттық диаспора арасындағы ежелден қалыптасқан байланыс та өзіндік ықпал етуде

Қазіргі таңда Ресей Федерациясының аумағында миллионнан аса қазақ тұрады. Олардың басым көпшілігі Ресейдің Қазақстанмен шектес аймақтарында, атап айтсақ Алтай Республикасында, Астрахан, Орынбор, Самара, Қорған, Челябі, Омбы, Саратов, Волгоград, Екатеринбург, Новосібір, Түмен және басқа облыстарында. Бүгінде Ресей қазақтары Қазақстан аумағында тұратын орыс ұлтының өкілдерімен қатар екі ел арасындағы мызғымас достық пен еріптестіктің кепілі болып отыр.

Қазақ диаспорасының пайда болуы және қалыптасуы негізінен екі жолмен түзілгендігі белгілі: оның біріншісі мемлекеттік шекараларды белгілеген кезде өзінің байырғы жүртында түрса да негізгі этникалық ортасынан бөлініп қалған қазақтар болса екіншісі, тарихи жағдайларға байланысты әр кезеңдерде көшіп барып орнығып қалғандар.

Ал, Ресейдегі қазақ диаспорасына келетін болсақ, әсіресе шекаралас аймақтарда түратын қазақтардың барлығы дерлік - осы өлкені ежелден мекен еткен қазақтардың үрпағы, XX ғасырдың басында Кеңес мемлекеті құрамындағы республикалардың шекаралары белгіленді. Соның салдарынан жүздеген қазақ ауылдары РКФСР (РСФСР) аумағында қалды. Ал Кеңес мемлекеті тарқағаннан кейін РКФСР аумағында тұрған қазақтар Ресей Федерациясының азаматтарына айналды.

Қазақстан тәуелсіздігі жарияланған 90 жылдардың басындағы әлеуметтік экономикалық жағдайлардың күрт төмендеуі (жүмыссыздық, ақылы оқу т.б.) адамдарды еріксіз қоныс аударуға мәжбүр етті. 1994-1997 жылдар аралығында Ресейге сегіз мыңнан он мыңға дейінгі қазақтар қоныс аударған, ал 1998-2001 жылдар аралығында бүл көрсеткіш ақырындап төмендеп қоныс аударушылар 4613 адамға азайды .

Қазақстанның Ресейдегі елшілігі, Санкт-Петербург, Астрахань және Омбы қалаларындағы Консулдық мекемелері Ресей аймақтарындағы қазақ ұйымдарымен жүмыс істей отырып, әрі шекаралас облыс, елді-мекен әкІмшіліктерімен де тығыз ынтымақтастық орнатуда.

Аз үлтты халықтарға, оның ішінде қазақ диаспорасына қатысты Ресей Федерациясында атқарылып жатқан шаралар тікелей елдің конституциясы мен осы мәселе жөнінде қабылданған халықаралық қүжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, 1996 жылы 17 маусымда қабылданған "Үлттык мәдени автономиялар жөніндегі" Федералды заң аз ұлттарға қоғамдық ұйымдар құруға жол ашты. Бұл ұйымдар ұлттық ерекшеліктерін сақтау, өз тілін дамыту, білім беру, ұлттық мәдениетті сақтау сияқты мүраттарды көздейді.

Қазіргі таңда Ресей аумағында қазақтардың 20-ға тарта ұлттық ұйымдары тіркелген. Олар ұлттық салт-сананы жоғалтпау жолындағы әрекетпен өздері түрып жатқан елді-мекендердің ресми басшылығымен тиімді қатынас орнатуда. Қазақ қауымының түтас үлт бөлігі ретінде ұйымдасу дәрежесін арттыру мақсатында жергілікті ұлттық үйым жетекшілері түрақты түрде Мәскеудегі Қазақстан елшілігінде бас қосып отырады. Әр аумақтан келген үйым өкілдері өзара тәжірибе алмасып, сонымен қатар Қазақстан Республикасында болып жатқан саяси, өлеуметтік-экономикалық жағдайларды сараптап, талдау жасайды. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2005 жылдың басында Ресейге жасаған ресми сапары барысында Мәскеу қаласындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінде Ресейде түратын қазақ диаспорасы өкілдерімен болған кездесуі ерекше өттІ. Кездесу барысында Президент қазақ диаспорасы өкілдерінің мұң-мұқтаждарын тыңдап, Ресей мен Қазақстан арасындағы мәдени, ғылыми-техникалық және іскерлік байланыстарды дамыту барысында диаспораның алатын рөлі жөнІнде де пікір алмасты.

Сондай-ақ Президент өз сөзінде Мөскеудегі отандастарымыздың 70 пайызы ақыл-ой еңбегімен айналысып жүргенін: олар ғылыми қызметкерлер, жоғары оқу орындарының үстаздары, студенттер екендігін атап өтті.

Толығырақ тоқталатын болсақ Ресей Федерациясындағы білім, ғылым салаларында еңбек ететін ғалымдар: тарих ғылымдарының докторы , профессор Н.Е. Бекмаханова, Мәскеулік "Қазақ диаспорасы" қорының президенті, физика-математика ғылымдарының кандидаты Б.Ө. Жамалов, РФ Мемлекеттік Думасындағы Үлт істері жөніндегі комитет аппаратының жетекшісі Р.М. Қанапиянова, Ресей мемлекеттік халықтар достығы университетІнің гуманитарлық жөне өлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Н.С. Қирабаев, РҒА Тіл зерттеу институтының түркітанушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор К.М. Мүсабаев, РҒА Салыстырмалы саясаттану институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Е.Н. Оңдасынов, М.В. Ломоносов атындағы ММУ-дің Азия және Африка елдері институты директорының орынбасары Ж.С. Сыздықова және т.б.

Информация о работе Қазақстан - ТМД ның гуманитарлық кеңістігінде