Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2014 в 21:36, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіздігін жариялап, барлық салалар бойынша халықаралық ынтымақтастықтың толыққанды субъектісіне айналды. Қазақстан экономикалық дамудың үлкен әлеуетіне ие (табиғи қазба байлықтары жоғары квалификациялы жұмыс күші т.т), Еуропа мен Азияның орталығында саяси және стратегиялық маңызды орын алып, халықаралық ынтымақтастықтың әртүрлі одақтары мен ұйымдарының мүшесі. Сондықтан да Қазақстан Республикасының шекаралас және дүниежүзі мемлекеттерімен халықаралық қатынасының Азия аймағы мен дүние жүзінде бейбітшілік пен тұрақтылықты және жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде зор маңызы бар.
КІРІСПЕ....................................................................................................................................3-8
ҚАЗАҚСТАН МЕН ТМД ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР
Қазақстанның ТМД елдерімен экономикалық қарым-қатынасы және еліміздің экономикасындағы модернизация мәселелері..............................................................................................9-16
Тәуелсіз Қазақстан Еуразиялық экономикалық қауымдастығында және оның болашағы.....................................17-27
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТМД ЕЛДЕРІМЕН МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСЫ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Қазақстан – Ресей мемлекетінің мәдени ынтымақтастығы.... 28-41
Қазақстан - ТМД ның гуманитарлық кеңістігінде................. 42-48
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................49-54
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ.............................................55-60
Бағдарламаны Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тэжікстан қолдады. Бағдарламаның мақсаты - ТМД-ның біртұтас білім беру кеңістігін қалыптастыру жэне басқарудың механизмдері мен шарттарын жасау, ол үшін біртұтас білім беру кеңістігін қалыптастыруды ақпараттық қамтамасыз ету; интеграциялық үдерістердің даму мэселесін реттеуші құқықтық база қалыптастыру; біртұтас білім беру кеңістігін қалыптастырудың ұйымдық және оны ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету көзделді. Негізгі атқарушылар ТМД мемлекеттері білім беруді басқару және ғылыми, ғыльши-педагогикалық мамандарын аттестаттаудың мемлекеттік органдары, ғылым және білім жөніндегі ТМД-ның парламентаралық тұракгы комиссиясы, халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясы, Универси-теттердің Еуразиялық ассоциациясы, Ғылыми жэне ғылыми-педагогикалық мамандарды аттестаттаудың мемлекеттік органдарының халықаралық ассоциациясы, М.В.Ломоносов атындағы ММУ, қырғыздық-ресейлік Славян университеті және басқа органдар болып табылады. Бағдарламаның орын-далуын үйлестіруді ТМД-ның Атқарушы комитеті және білім министрлерінің Конференциясы, білім беру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Кеңес жүзеге асырады.
Бағдарламада мынадай шаралар белгіленген: білім беру саласындағы интеграциялық үдерістерді дамыту жэне қолдау мәселесі бойынша құқықтық базаны қалыптастыруға бағытталған шаралар; ғылыми және ғылыми-педагогикалық мамандарды аттестаттау мен дайындаудағы талаптарды, білім берудің барлық дәрежесіндегі мемлекеттік білім беру стандарттарын келісу; ғылыми дэрежелер мен атақтар, білім туралы құжаттардың тепе-теңдігін жэне өзара тануды қамтамасыз ету; білім беру мекемелерін аттестаттау жэне аккредитациялау тәртібін келісу; біртүтас білім беру кеңістігін ғылыми және ғылыми-эдістемелік қамтамасыз ету; оны ақпараттық қамтамасыз етудің жүйесін қалыптастыру.
Маңызды шаралардың ішінен мыналарды ерекше атап көрсетуге болады: ТМД елдерінің моделді Білім беру кодексін және Түжырымдама-сының жобасын, білім беру саласындағы моделді заңнамалық актілер жобасын жасау; ТМД-ға катысушы мемлекеттердің білім беру саласындағы ынтымақтастығын қолдау Қорын қалыптастыру; білім беру туралы нормативтік актілердің мемлекетаралық қорын жасау; білім беру жүйесін анықтайтын ұғымдардың келісілген сөздігін дайындап шығару; ТМД елдерінің білім беру стандарттарының мемлекетаралық банкін қалыптастыру. Бұл тұрғыда мемлекетті ассимиляция саясатын жүргізіп отыр деп кінэлауға болмайды. Этносаралық қатынастар саласындағы үкіметтің жоғары технологиялы және сауатты құрылған стратегиясы елдің өз ішінен де және шетел тарапынан да жоғары бағаланды. Бұны ұлттық азшылық ісі бойынша ЕҚЫҮ жоғарғы комиссариаты тарапынан берілген пікірлер де дәлелдейді. Бұл ұйыммен Қазақстан 1994 жылдан бері өзара белсенді байланыс ұстайды. Жоғарғы комиссар өзінің ресми баяндамасында Қазақстан үкіметінің жұмысын жоғары бағалап, былай деп атап көрсетті: "елдегі барлық этникалық топтардьщ мүдделерін жүзеге асыруға қажетті жағдайларды қамтамасыз етудің жэне этносаралық қатынастарды одан әрі үйлестірудің дэйекті саясатын жүргізеді. Бүл саясатты көптеген азаматтық институттар мен азаматтардың жэне ЕҚЫҰ сияқты халықаралық қауымдас-тықтардың қолдауы елдегі этносаралық қатынасарды тұрақтандыруда берік негіз болады" /16-61б/.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан жүріп өткен жол ТМД елдері үшін үлгі болуға тұрарлық: оны мекендеуші халықтардың этникалық және мәдени өзара байланыстары ерекше құбылыс болып табылады, адам өмірінің барлық саласын қамтитын - тіл, өмір сүру үрдісі, дәстүр, конфессионалдық ерекшелІк, ойлау және діл арасында өзара сыйластық, құрмет қалыптастыру этносаралық қатынас сияқты өте нәзік салада оңай іс емес. ҚР-ның үлттық саясаты нақты үстанымдарға негізделген: этносаралық өзара байланыс түрлерін іздестіру, ұлттық мәселені шешудегі эділ база ретінде қоғамдық түрақтылықка ұмтылу; заңның үстемдік құруы; мемлекеттік тэуелсіздікті нығайтып, интеграциялық саясатты жандандыру. Бүгінде ұлтаралық бейбітшілік пен келісімді сақтаудағы Қазақстан үкіметінің технологиялық тэжірибесі әлемде үлгі ретінде мойындалып, басқа елдерге ұсынылуда. Бұл елімізді халықаралық дәрежеде қабылдаудың жағымды негізі. Бүл экономика саласында инвестициялардың ағылу қарқынынан және азаматтардың ертеңгі күнге деген рухани және психологиялық сенімділігінен көрінеді.
2005 жылы 6-7 қазанда Бішкекте ЕурАзЭҚ парламентаралық ассамблеясы әлеуметтік саясат жөніндегі Түрақты комиссиясы "ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттерінің білім жүйесін реформалау жағдайындағы ортақ білім беру стандарттарын қалыптастыру" дөңгелек үстелі аясында ЕурАзЭҚ-тың білім туралы заңнамалық негізінің жобасын талқылады. Білім туралы қазіргі моделді зақдар тек ұсыныстық сипатта қалып жұмыс істемейтіндігі аталып көрсетілді. Білім туралы ЕурАзЭҚ-тың ұсынылған заңнамалық Негізінің жобасы парламентаралық ассамблея қабылдағаннан кейін әрбір қатысушы елде бекітіліп, одан кейін орындауға міндетті заңнамалық акті болады. Белоруссияда кеңестік білім берудің жақсы дәстүрлері сақталып, білім тегін барлық сатысында да қол жетерлік және сонымен қатар жекеменшік жоғары оқу орындары үшін де бос кеңістіктер бар. ҚР Аль-Фараби атындағы Қазақ үлттық университеті (Алматы) мен Л.Гумилев атындағы Еуразия университетіне шетелдік оқытушыларға ақы төлеу үшін 1 млн. доллардан бөлініп, оқытушылардың көпшілігі негізінен Ресейден алынды.
"Білім туралы ЕурАзЭҚ-тың заңнамалық негізін" жасау, ұсыныстардан ұлттан жоғары ЕурАзЭҚ-тың заңнамаларына өтуге дайындығын білдіреді. Оларды қабылдағаннан кейін және парламенттің ратификациясынан соң бұл Негіз барлық ЕурАзЭҚ мемлекеттері үшін ортақ заң болады және қатысушыларды нақты интеграцияға жетелейді. Негіздің жобасы мүндай дәрежедегі бірінші әлеуметтік саладағы заңнамалық актісі ретінде басқа осындай заңнамалық актілердің жобасы үшін өзіндік бағыт бағдар бола алады. Ортақ білім беру кеңістігі бұрынғы одақтас республикалар азаматтарына тандаулары бойынша білім алу мүмкіндігімен қоса ТМД мемлекеттері шеңберінде жұмысқа орналасуға жағдай туғызады. Задды жобаларды дайындаумен қатар ТМД елдерінің азаматтары үшін ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің ашық білім беру жүйесін қалыптастырудың шаралары да қолданылу керек. Бірак, кейбір елдерде Біртұтас Мемлекеттік емтиханның (БМЕ), ал Қазақстан сияқты басқа бір елдерде Үлттық бірыңғай тестілеу (ҮБТ) жүйесінің енгізілуімен ЕурАзЭҚ-тың қандай да бір елінде кәсіптік білім алған адам екінші бір елде өзінің мәртебесін жүзеге асыруы қиын.
2005 жылы қыркүйекте
жоғары білім туралы дипломды
ресмилендіру (
Посткеңестік жылдардың өн бойында халықтың денсаулығын нығайтып сақтауда өзара көмек көрсетудің бұрынғы дэстүрін сақтап, өрістетуге эрекет жасалды. 1992 жылы маусымда үкімет басшылары келісімге қол қойысып, ондаған мемлекетаралық құжаттар дайындалып, денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық бойынша Кеңес құрылды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Диплом жұмысын қорытындылай келе, Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев тарапынан ұсынылған Еуро-Азиялық одақ кұру арқылы жүргізілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басында ТМД мемлекеттерінің өзара қатынастарын концептуалды, саяси құқықты, әлеуметтік ментальды және мәдени қайта қалыптастыруда бірден-бір өзекті рөл атқарғанын айтқымыз келеді. Ол сапалық тұрғыдан қайта ой елегінен өткізілген Еуразиялық тұжырымдамаға негізделеді. Өйткені жүз жылдықтың басында, оның қалыптасу кезеңінде ұлаңғайыр континенттің болашағын халықтардың және мәдениеттердің тарихи қалыптасқан көп жақты байланыстарымен сабақтастыра қарастырып, бұрынғы Ресей империясы мен КСРО-ның кұрамындағы халықтардың тарихи ортақ тағдырына арқа сүйеді. Жаңаша ой елегінен өткізілген Еуразиялылық идея жаңа дәуірдің талабы ретінде Қазақстан Республикасының халықаралык идентификациясы мен посткеңестік жаңару проблемаларын шешуде негізгі доктрина болды. Ежелгі дәуірде және орта ғасырда көшпелі, отырықшы мәдениет қатар қолданылған аймақтың экономика-жағрафиялық бірлігі тұтас шаруашылық жүйесін қалыптастыру қажеттігін анықтады. Бұнда екі мәдениет бір-біріне қарсы келмей, керісінше бірін-бірі толықтыра отырып дамыды. Көшпелі өркениет Еуразиялық бірліктің тарихи негізінің қалыптасуында зор рөл атқарды. XX ғасырда бұрынғы кеңестік одақ аумағында бұрын әлемдік тәжірибеде болмаған белсенді мәдени даму жүзеге асырылды. Нәтижесінде Қазақстанның және бұрынғы кеңестік республикалардың жаңа тарихында айрықша маңызды, жаһандану дәуірінің талаптарына жауап беретін жаңа сападағы интеграцияның алғышарттары калыптасты. Қазақстанның мултимәдениеттілігін күшейтудің тарихи үрдісі өте маңызды рөл атқарып, нәтижесінде оның халқының кұрамын ұлттық күрделендіре түсті.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан дипломатиясының күшімен Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігінің халықаралық кепілдігін камтамасыз ететін көпвекторлы сыртқы саяси бағыты бекіді. Көптеген мемлекеттердің толық қолдауына және мойындауына ие болған Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықтың тең құқылы мүшесі болды. Екінші мыңжылдықтың аяғында биполярлы әлемнің күйреуі, жалпы әлемдік құрылыстың өзгеруі, әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени даму саласында жаңа жаһандық кұбылыстардың пайда болуы қазіргі қоғамды өтпелі жағдайға алып келді. Жаһандану мен аймақтанудың әлемдік үдерісі тұрғысында ТМД кеңістігіндегі интеграция бас тарта алмайтын қажетті құбылыс болды.
Осы тұста Қазақстан үшін Орталық Азия елдері мен көршілес Ресей басым мәнге ие. Халықтардың даму болашағын мақсат тұтқан экономикалық, технологиялық, әскери, мәдени интеграция объективті қажеттілік бола тұра бұл бағыттағы қиыншылықтар мен қарама-қайшылықтарды ескермеуге болмайды. Олардың ішінде ТМД елдерінің құрылысы мен саяси-құқықтық мәдениетінің әр түрлілігін, осы елдерде жүргізіліп жатқан реформалардың сипаты мен қарқынының сәйкес келмеуін, жалпы бұл үдерістің көп жағдайда ТМД басшылары көзқарастарының қиыспаушылығын атап өтуге болады. Сондықтан да бұрынғы кеңестік республикалар қарым-қатынасының жаңа түрінің жолына қарай алғашқы қадамды Қазақстан жасады. 1991 жылы 21 желтоқсанда Алматы қаласына Н.Ә, Назарбаевтың ұсынысымен жиналған бұрынғы кеңестік 11 республиканың басшылары жаңа бірлестік - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының негізін қалаған қүжаттың бірі Декларацияға қол қойды. ҚР-ның Президенті бұрынғы барлық кеңестік республикалардың ТМД-ға тең құқықты қатысуын ұсынды.
Тарихта және қазіргі кезенде болашағы зор экономика, әлеуметтік, саяси, көп қырлы мәдениет салаларындағы өзара байланыс пен өзара ықпал, мемлекеттілік және басқару жүйесіндегі дәстүр мен тәжірибе алмасу -мемлекет пен қоғамды байланыстыру үшін салмақты алғышарт болды. Қазақстанның ТМД елдерімен, әсіресе Ресеймен және Орталық Азия елдерімен қатынасының геосаяси, экономикалық мэні өте ерекше және болашағы зор. ТМД елдері - сабақтас мүдделердің табиғи аймағы. ТМД-ның жекелеген облыстары мен аймақтарының куш біріктіруінің өзі бұл елдердің және Қазақстанның салмағын халықаралық қатынастарда арттырады. Ал өзара экономикалық байланыстарды белсенді кеңейту олардың экономикалық дамуындағы маңызды фактор бола алады.
XX ғасырдың 90 жылдарындағы қиыншылықтар мен қарама-қайшылықтарға қарамастан, ТМД ұлы державаның кұлауы себебінен туындыған объективті зардаптарды азайту тәсілі, сонымен қатар жаңа мемлекеттер арасындағы катынастың жаңа тұрпаты ретінде қалыптасты. Өйткені, әр түрлі формадағы экономикалық теңелу көптеген посткеңестік республикаларға қажет болды. Бұл фактор ұзақ мерзімді сипатта болды. Сонымен қатар Еуропадан айырмашылығы, бұнда бір жолды қайта жүрудің қажеттілігі жоқ, себебі ТМД мүшелері бұрыннан біртұтас экономикалык, саяси және мәдени кеңістік болды да бұл мұраның маңызды элементтері сақталды. Іс жұзінде бұрынғы кеңестік республикалардың саяси тәуелсіздігін сақтау жағдайында посткеңестік кеңістік бөлігінің экономикалық сәйкессіздік туралы болып отыр. Олардың арасындағы нарықтык қатынастарды, бірінші кезекте ЕурАзЭҚ пен БЭК және ШЫҰ-ы шеңберінде қалыптастыру да маңызды іс болды.
Тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуына орай ТМД елдерінің басшы топтарының теңелу олардың егемендігіне қауіп төндіреді деген қорқынышы сейілді. Үшінші елдің рыногына отын-шикізат экспортын одан әрі бағдарлау есебінен тұрақты валютаға енуді күшейту мүмкіндігі бірте-бірте күн тәртібінен түсті. Әлемдік рыноктағы катаң бәсекенің және ТМД елдерінің өндірісінде жасалған өнімдердің бәсекеге қабілетінің төмендігінен ТМД-дан сыртқа шығатын дайын өнімдер экспортын ұлғайту әлеуеті шектеулі болды. Сонымен катар ТМД елдерінің арасындағы сауданы кеңейту мүмкіндігі әсіресе дайын бұйымдармен сауда-саттық маңызды болып қала берді. Технологиялық еңбек бөлінісі және кеңестік кезеңнен мұраға калған бірыңғай стандарттар, бір-бірінің өнімімен таныстық, қызметкерлер құрамының инженерлік дайындығының ортақ сипаты және т.б. өзара айырбасты кеңейту үшін қолайлы мүмкіндік туғызады. Достастық шекарасындағы сауда-саттык азаматтық және әскери бағыттағы өнеркәсіп, жеңіл, азық-түлік өндірісінің бөлігін қолдауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік- экономикалық дамудың деңгейіндегі нақты әр түрлілік және Достастық елдеріндегі қалыптасқан шаруашылық механизмдерінің сипаты қиын кедергілер туғыза қоймайды. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, дамудағы үлкен айырмашылық (мысалы, Мексика мен АҚШ, Португалия мен Германия жэне т.б.) өзара белсенді экономикалық байланыстарға кедергі келтірмеді.
Бірігушілік үдерісіне әртүрлі қарқындағы кейбір жандану мен түрлендіру енгізіп, соның нәтижесінде әртүрлі деңгейде елдер одағы құрылды. Шындығында, Н.Ә Назарбаевтың жобасындағы Еуразиялық идеяның тууымен ТМД-ға қатысушы елдер арасындағы мемлекетаралық байланысты дамыту және күш біріктіру ісінде бір орыннан жылжытуға мүмкіндік туды. Бұл Кедендік одақ, сонымен қатар Орталық-Азиялық экономикалық одақ туралы келісімдерге қол қоюға алып келді. 1995 жылы Кедендік одақ қалыптаса бастады, оған Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кірді. Одақ біртұтас кедендік кеңістік құру мақсатын ұстанды және үшінші елдерге қатысты сауда тәртібін реттеуді, шаруашылық құқығын үйлестіруді, валюталық және қаржы-несиелік саясатты келісуді көздеді. Дегенмен келісімді жүзеге асыру техникалық, сонымен қатар экономикалық сипаттағы қиындықтарға кез болып, өйткені нақты салалардағы қатысушылардың мақсат мүдделері сәйкесе бермеді. Сондықтан да нәтиже күткендегідей болмады.
2000 жылдың қазан айынан
Кедендік одақ Еуро-Азиялық
Информация о работе Қазақстан - ТМД ның гуманитарлық кеңістігінде