«ГНПФ»ЖЗҚ» АҚ-ның ұйымдастырушылық-экономикалық қызметін талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 19:34, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық экономика жағдайында елімізде кез келген өндірістің әлеуметтік – экономикалық тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін персоналды басқарудың қазіргі кездегі түрлері мен әдістерін тәжірибеде пайдалану мәселелері ерекше мәнге ие болып отыр.
Қазіргі кезде меншік түрі әр түрлі кәсіпорындарда нарықтық қатынастардың дамуы мен кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталған ұйымдық құрылымды басқару әдістері мен түрлерін қайта өзгерту көбінесе тиімсіз және қойылған мақсатарға жеткізбей отыр. Мұның негізгі себептерінің бірі – елімізде жүргізіліп отырған реформаларды нарықтық экономиканың күрделі мәселелерін жоғары кәсіптік деңгейде, дәстүрлі емес жолмен шешуге қабілеті бар қажетті кадрлардың аздығы. Бұл мәселелерді шешу үшін персоналмен жұмыс істеудің тиянақты жүйесі керек.

Содержание

Кіріспе
3
1 Басқарудағы персоналды еңбегін ынталандырудың теориялық негіздері

1.1 Персоналды басқарудың мәні мен маңызы
5
1.2 Персоналды басқаруда еңбекті ынталандырудың рөлі
9
1.3 Персоналды басқаруда еңбекті ынталандырудың шетелдік тәжірибесі

13
2 «ГНПФ»ЖЗҚ» АҚ-ның ұйымдастырушылық-экономикалық қызметін талдау

2.1 «ГНПФ»ЖЗҚ» АҚ-ның жалпы ұйымдастырушылық сипаттамасы

17
2.2 «ГНПФ»ЖЗҚ» АҚ-ның негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау
20
2.3 «ГНПФ»ЖЗҚ» АҚ-ның басқарудағы персоналды еңбегін ынталадыруды бағалау

23
3 «ГНПФ»ЖЗҚ» АҚ-ның персоналды еңбегін басқару және ынталандыру жолдары

3.1 «ГНПФ»ЖЗҚ» АҚ-ның персонал еңбегінің тиімділігін ұйымдастыру

27
3.2 «ГНПФ»ЖЗҚ» АҚ-ның персоналды басқару мен ынталандыру бағыттары

30
Қорытынды
34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Kursovoy.doc

— 856.50 Кб (Скачать файл)

Бөлім бастығы  штаттағы жұмысшы және Қордың құрылымдық бөлімшелерінің жетекшісі категориясына жатады. Бөлім бастығының жұмысына жетекші басшы баға береді. Бағалау критериилеріне сапа, кәсіби біліктілік және міндеттерінің өз уақытында орындалуы жатады.

 Қордың  іс-әрекетін  Қор бағынатын жетекші бұйрығымен алдын ала кандидатурасын келісу арқылы тағайындалатын және босатылатын бөлім бастығы жүзеге асырады.

 Бөлім бастығы  Қордың тәуекелдерді басқаруды  ұйымдастыруды реттеуші ішкі  құжаттарына сәйкес Қордың тәуекел-бақылаушысы  және қызметтерді іске асырушы және осы істерге жауапты болып табылады.

 Бөлім бастығы  болмаған кезеңде оның міндеттерін  бекітілген талаптар бойынша  тағайындалған Бөлімнің бас маманы  жүзеге асырады және барлық  атқарылған іс-әрекеттерге жауапты  болып табылады.

 Бөлім қызметкерлерінің міндеттері Қор ережесіне негізделеді және сонымен қатар Бөлім бастығы қол қойып, Қордың іс-әрекетін басқаратын жетекшімен бекітіледі.

 Бөлімнің барлық қызметкерлері  өздеріне жүктелген міндеттерге  еңбек шартына және Қор Ережесіне  сәйкес әрқайсысы жеке-жеке жауапты болады.

 Қордың негізгі міндеттері:

      – қордың зейнетақы қызметі нарығындағы маркетингтік стратегиясын және жылжыту жоспарын жасау;

      – маркетингтік жүргізілген шаралардың және қызметтерді жылжытуда қолданылған әдістердің тиімділігін және сапасын бағалау;

      – маркетинг стратегиясын жүзеге асыру барысындағы болып жатқан өзгерістерге үздіксіз мониторинг жүргізу.

Бөлім іс-әрекетін Қордың Ережесі негізінде Қордың штаттық кестесі, ішкі құқықтық реттеушілік құжаттары негізінде іске асырады.

 Бөлімнің  іс-әрекетін бақылау және тексеруді  атқарушы орган басшысымен, жетекші  басшымен, Қордың ішкі аудит бөлімшесімен, сонымен қатар берілген өкілеттілігі  негізінде мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

Бас маман тікелей  менеджер және зейнетақы қызметтерін  дамыту Бөлімінің басшылығына бағынады, өз іс-әрекетін менеджер және зейнетақы  қызметтерін дамыту бөлімінің Ережесіне  және қызметтік нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырады.

Бас маман Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңы және жеке еңбек шартында, қызметтік міндеттемеде көрсетілген  өзінің қызметтік міндеттемесін толық емес немесе мүлдем орындамаған жағдайда жауапқа тартылады.

Зейнетақымен  қамтамасыз етудің ұрпақтардың ортақтастығына негізделген  үлестірме жүйесі толықтай тиімсіз екені айқын көрініс тапты. Туындаған мәселелерге байланысты тұрғындардың бір бөлігі ортақ зейнетақы жүйесінің қаржы көзіне айналған салымдарын зейнетақымен қамтамасыз етудің міндетті жүйесінен шығара бастады. Осы мәселелерді шешу және тұрғындардың өмір сүру деңгейінің нашарлауын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі зейнетақы жүйесін реформалау арқылы түбегейлі іс-шараларды қабылдады. Яғни осы реформаларды жүзеге асыру арқылы, қазіргі кезде Қазақстан көптеген жетістіктерге жетіп отыр. Бұл қоғам өмірінің біршама жақсарғанын растайды.

Сонымен қатар  ГНПФ зейнетақы активтері мен  жарналары, инвестициялық кіріс  және жинақтаған зейнетақы қаражатын  төлеу бойынша да жетекші позицияға  ие.

      

 

2.2 «ГНПФ»ЖЗҚ» АҚ-ның негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау

 

         Жинақтаушы зейнетақы акционерлік қорының қызметін талдау барысында тәуекелдің артуына байланысты басқарудың нашарлауы мен миграцияның төмендеуіне байланысты нақты маркетингтік стратегияның жоқтығы жинақтық зейнетақыдағы пайданың төмендегенін көрсетеді. Көптеген жинақтаушы зейнетақы қорындағы маркетинг технологиясын енгізу теріс пиғылды бәсекелестік әдістері мен салымшыларды жалған жолмен тартуға ұласты.

Бүгінгі күні ГНПФ еліміздің ең ірі жинақтаушы зейнетақы қорларының бірі болып табылады және барлық қорлар арасында салымшылар саны бойынша көшбасшы үштігіне кіреді, ол халық тарапынан көрсетілген сенім дәрежесін көрсетеді.

1-кесте – «ГНПФ»ЖЗҚ» АҚ-ның  2009-2011 жылдар аралығындағы  қызметінің негізгі көрсеткіштері

 

Көрсеткіштері

Есептік саны

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

1

МЗЖ бойынша  салымшылра саны

 

1 672 487адам

 

1 689 892 адам

 

1 742 157 адам

2

 

Зейнетақы аткивтері

 

293024825 теңге

 

293 326  951 теңге

 

293 357 166  теңге

3

Есепке алынған инестициялық кіріс

 

122551639 теңге

 

122677997 теңге

 

122 804 485теңге

4

Зейнетақы төлемдері

28005676 теңге

28297136 теңге

28 591 629 теңге

5

Жарғылық каптиал

4956031 теңге

4961140 теңге

5 012 771 теңге

6

Меншікті капитал

11530161 теңге

11650157 теңге

11 771 402 теңге

Е с к е  р т у - «ГНПФ»ЖЗҚ» АҚ-ның 2009-2011 жылдарға арналған қаржы есебі негізінде автор құрастырған


 

        2011 жылдың жай-күйі бойынша салымшылардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне (ЖЗЖ) қатысушылардың саны 1 742 157 адамды құрады. Осы көрсеткіш бойынша жарғылық капиталы 5 012 771 теңге, ал меншікті капиталы 11 771 402 теңге болды. Сонымен қатар зейнетақы активтері 293 357 166 теңгеге өссе, зейнетақы төлемдері де 28 591 629 теңгеге өскенін көрсетеді. Яғни  осыф кестеден көретініміз, қазіргі уақытта зейнетақы қоры өте қарқынды түрде дамып келе жатыр және халық арасындағы ГНПФ»ЖЗҚ» АҚ-на  деген үлкен сенімін байқауға болады.

 

 

 

2-кесте –  Жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша 2009-2011 жылдардағы жинақтаушы зейнетақы шоттар саны

 

 

Жинақтау-

шы 

зейнетақы

қорлары

Жинақтаушы  Зейнетақы Шоттарының саны

Міндетті зейнетақы  жарналары бойынша

 

Ерікті зейнетақы  жарналары бойынша

Ерікті кәсіби зейнетақы жаранлары бойынша

2009

жыл

2010

Жыл

2011

жыл

2009

жыл

2010

жыл

2011

жыл

2009

жыл

2010

жыл

2011

жыл

1

«ГНПФ»

ЖЗҚ

 

1795589

 

1814276

 

1833157

 

117

 

118

 

119

 

3

 

4

 

5

2

 

ЖЗҚ

 

5867214

 

5928275

 

5989971

 

37580

 

37971

 

38366

 

3989

 

4030

 

4071

3

 

ЖЗЖ

 

7662803

 

7742551

 

7823128

 

37697

 

38089

 

38485

 

3994

 

4035

 

4076

Е с к е р т у - «ГНПФ»ЖЗҚ» АҚ-ның  2009-2011 жылдарға cалымшылардың шоттарының саны негізінде автор құрастырған


 

2 - кестеде Қазақстан Республикасы бойынша 2010 жылдағы жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі міндетті зейнетақы жарналарының саны -7 823 128, ерікті зейнетақы жарналарының саны -38 089, ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының саны -4 076 құрайды. «ГНПФ»ЖЗҚ» АҚ жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 22,53% немесе 1 742 157 cалымшыны құрайды. Осы көрсеткішті төмендегі 3 суреттен көруге болады.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-сурет – Салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражаты

3-ші суреттен  көріп отырғанымыздай, барлық салымшылар  қатысушылар санының 1 742 157  адамы немесе 22,53% ГНПФ салымшылары болып табылады және олар қорға өз зейнетақы қаражаттарын қалыптастыруды, инвестициялық кіріс алу мақсатында оларды басқаруды сеніп тапсырады.

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4-сурет –  ЖЗЖ бойынша зейнетақы қаражаттары

 

       4-ші суретте жинақтаушы зейнетақы  жүйесі бойынша зейнетақы активтерінің  жиынтық мөлшері есепті күнге  1 860 508 500 мың теңге. 2010 жылғы 1 қаңтардағы ГНПФ үлесі 15,8% немесе 293 375 166 мың теңгені құрайды.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5-сурет –  Жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі  зейнетақы жарналары

5-ші суретте 2009 жылдың жай-күйі бойынша жинақтаушы зейнетақы жүйесінің түсімі (міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары) жиынтық өсімімен бірге 1 488 803 408 мың теңге, оның ішінде желтоқсандағы - 33  520 826 мың теңге. Міндетті зейнетақы жарналарының желтоқсанда "ГНПФ" ЖЗҚ" АҚ-қа келіп түсу көлемі 5 542 118 мың теңге немесе 16,53% құрайды.

        ГНПФ инвестициялық стратегиясы  сенімділік, тұрақтылық, қауіпсіздік  және салымдарды тиімді басқару  талаптарына сай келетін инвестициялар  қоржынын қалыптастыру арқылы  жинақталған зейнетақы қаражатын  сақтауға бағытталған. 

        Қордың инвестициялық саясаты «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының ережелеріне, сондай-ақ Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару қызметін жүзеге асыру ережелеріне, пруденциалық нормативтерге және Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілеріне, сонымен қатар Қордың ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес әзірленді.  Инвестициялық саясаттың басты қағидаттары – зейнетақы активтерінің тұрақты өсімін қамтамасыз ету және салымдардың сақтанымпаз саясаты.

        Инвестициялық қоржынның мақсаты қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада инвестициялық кірістер алуға негізделген. Шетелдік валютадағы қаржылық активтердің үлесі зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің 40%-нан артық емес мөлшерде анықталады.

Қор алатын комиссиялық  сыйақының мөлшері:

1) инвестициялық кірістің 15%,

2) зейнетақы активтерінен айына 0,0475%.

        ГНПФ инвестициялар қоржыны жетекші  халықаралық рейтингілік агенттіктердің сыныптамасы бойынша кредиттік рейтингінің халықаралық шәкілі бойынша бағаланған жоғары сенімді қаржы құралдарынан құралған. ГНПФ зейнетақы активтерінің басым бөлігі  30,1% эмитенттің немесе бағалы қағаздың рейтингілік бағамы бар қаржы құралдарына инвестицияланған.

   

2.3 «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ-ның басқарудағы персоналды еңбегін ынталандыруды бағалау

 

        Қазіргі заманғы компаниялардың  көпшілігінде стратегиялық мақсаттарға  қол жеткізу және қозғалыстағы  міндеттерді шешу үшін персоналды  басқару қажетті процедуралардың біріне айналды. Персоналды бағалауды компаниядағы адамдарды басқарудың ұтымды жүйесін ұйымдастыруға керекті ақпаратты алудың негізгі құралы деп түсінуге болады.

Ұйымдағы персоналдың  қызметін бағалау – белгілі бір  уақыт кезеңінде (тоқсан, жарты жыл, жыл) стандартқа сәйкес жүктелген критерийлерге сай жұмыскерге жүйелі баға беру.

Персоналды  бағалау туралы ереже мыналарды  белгілейді:

– персоналды бағалау рәсімін өткізу тәртібі;

– бағалаудың түрлері, әдістері мен формалары;

Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің он жылдық даму нәтижесімен атаулы сандар көрсеткіштерінің жеткіліктігін шығаруға болады: зейнетақы қызмет нарығында 14 жинақтаушы зейнетақы қоры белсенді қызмет етеді; зейнетақы активтерін басқаратын 11 ұйым жұмыс істейді; қор қызметтеріне 9 кастодион-банк қызмет етеді; зейнетақы жинақ ақшаларының көлемі 1,1 триллион теңге шамасын құрады, яғни, жүйенің қызмет етуінің алғашқы жылдарымен салыстырғанда 40 есеге өсті.

2010 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша  жүйе бойынша міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ саны жинақталған зейнетақы қаражатының 2 048,8 млрд. тенге жалпы сомасымен 7 838 873 құрады. Міндетті жарналарды аударатын салымшылардың шоттарының саны 2010 жылғы шілдеде 14 914 (0,2%) ұлғайды, ал жинақталған зейнетақы қаражаты өз кезегінде 34,3 млрд. теңгеге (1,7%) ұлғайды.

2010 жылғы 1 тамызға міндетті зейнетақы  жарналары бойынша салымшылар шоттарының ең көбі сол қалпы 4 қорда шоғырландырылған:  

Информация о работе «ГНПФ»ЖЗҚ» АҚ-ның ұйымдастырушылық-экономикалық қызметін талдау