Мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеудің қазіргі жүйесі мен әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2014 в 15:25, курсовая работа

Краткое описание

Аталған тақырып бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеу жүйесі де мемлекеттік саясаттың басты бағытарының бірі болып отыр. Мұнда мемлекеттік қызметкерлерді дайындау және қайта дайындау мәселесін жаңарту қажет. Көптеген дамыған елдердің басқару тәжірибелері мен әдістерін жіті,зерттеп өзімізге ыңғайлы басқару моделін қалыптастырумыз керек. Тек жоғары деңгейлі басқару құрылымы бар мемлекет қана әлеуметтік-экономикалық өсуге қол жеткізіп, демократия жолына түсе алады. Дұрыс шешімдер қабылдау өте маңызды болып табылатындықтан, бұл саланы дамытудың мәселесі күні бүгін өзекті болып қала бермек.




Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы - мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеудің қазіргі жүйесі.
Курстық жұмыстың мақсаты – мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеудің негізгі жүйелерін топтастыру.
Аталған тақырып бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеу жүйесі де мемлекеттік саясаттың басты бағытарының бірі болып отыр. Мұнда мемлекеттік қызметкерлерді дайындау және қайта дайындау мәселесін жаңарту қажет. Көптеген дамыған елдердің басқару тәжірибелері мен әдістерін жіті,зерттеп өзімізге ыңғайлы басқару моделін қалыптастырумыз керек. Тек жоғары деңгейлі басқару құрылымы бар мемлекет қана әлеуметтік-экономикалық өсуге қол жеткізіп, демократия жолына түсе алады. Дұрыс шешімдер қабылдау өте маңызды болып табылатындықтан, бұл саланы дамытудың мәселесі күні бүгін өзекті болып қала бермек.
Бүкіл әлемдік жаһандану кезеңінде бәсекелестікке төтеп беру үшін,
жаңа техника мен технологияны жасап игеру үшін жаңа білімді де білікті кадрларды дайындау, жоғары квалификациялы кадрларды оқыту және қайта оқыту, білімді мамандар санатын қалыптастыру қажет. Білікті кадрларды дайындап, халықаралық стандарттарға жеткізген жағдайда ғана біз әлемдегі дамыған елу елдің қатарына қосыла аламыз. Осы мақсатқа негізделген талаптар сөзсіз орындалуы керек. Себебі бұл қазіргі заманның талабы.
Осындай талаптардың нәтижесіндеқазіргі әлемде Қазақстанның лайықты орын алуына мүмкіндік беретін кадрларды даярлаудың сапалы биік деңгейіне қол жеткізетін боламыз.
Курстық жұмыстың құрылымы тоқталатын болсақ, 2 бөлімнен, 1 бөлім мемлекеттік қызметтің теориялық астары,негізгі қаралатын мәселелер, мемлекеттік қызметтің мәні мен анықтамасы, мемлекеттік органдардағы кадр қызметінің негіздері, мемлекеттік қызметтің шетелдік тәжірибесі. 2 бөлім мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеудің қазіргі жүйесі мен әдістері, негізгі қаралатын мәселелер, мемлекеттік қызметтегі бос лауазымға орналастыру конкурсын өткізу, мемлекеттік қызметшілерді аттестациядан өткізудің тәртібі мен шарттары, мемлекеттік қызметшілердің кадрлар резерві. Курстық жұмыс 2 сызба, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………………………..3
1 Бөлім Мемлекеттік қызметтің теориялық астары
1.1 Мемлекеттік қызметтің мәні мен анықтамасы........…….……...………….....5
1.2 Мемлекеттік органдардағы кадр қызметінің негіздері....................................9
1.3 Мемлекеттік қызметтің шетелдік тәжірибесі..................................................13
2 Бөлім Мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеудің қазіргі жүйесі мен әдістері
2.1 Мемлекеттік қызметтегі бос лауазымға орналастыру конкурсын өткізу.....15
2.2 Мемлекеттік қызметшілерді аттестациядан өткізудің тәртібі мен шарттары...............................………………………………………………………17
2.3 Мемлекеттік қызметшілердің кадрлар резерві............................................. ..22
Қорытынды………………………………………………………………………....27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………29

Вложенные файлы: 1 файл

Жергілікті басқару.docx

— 51.99 Кб (Скачать файл)

      Аттестациялау бірнеше кезеңдерден  тұрады:

  1. аттестациялау жүргізуге әзірлік;
  2. аттестациялауға жататын қызметшілерді мемлекеттік қызмет істері Агенттігімен белгіленген тәртіпте тестілеуден өткізу;
  3. қызметшілермен аттестациялау комиссиясы өткізетін әңгімелесу;
  4. аттестациялау комиссиясының шешімін шығару.

      Аттестациялау жүргізуге әзірлік  мемлекеттік орган басшысының  тапсырмасы бойынша мемлекеттік  органның кадр қызметімен ұйымдастырылады.

      Әзірлік жұмыстарына келесілер  жатады:

  1. аттестациялаудан өтетін қызметшіге қажетті құжаттарды әзірлеу;
  2. аттестациялаудың жүргізілуі кестесін жасақтау;
  3. аттестациялау комиссиясының құрамын анықтау;
  4. аттестация жүргізудің тәртібі мен мақсаты туралы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
  5. Агенттікпен немесе оның аймақтық бөлімшелерімен тестілеу жүргізудің күні мен орнын келісу.

      Кадр қызметі жартыжылда бір  аттестациялауға жататын қызметшілерді  анықтайды. Мемлекеттік орган басшысы  кадр қызметінің ұсынымымен аттестациялауға  жататын қызметшілердің тізімін, аттестациялаудың өткізілу мерзімін, аттестациялау комиссиясы құрамын, оның жұмыс кестесін бекітіп, бұйрық береді. Мемлекеттік орган  функционалды жұмыс бағыттарының  ерекшеліктеріне байланысты бірнеше  аттестациялау комиссиялары құрылуы  мүмкін. Мәселен, тұрақты аттестациялау  комиссиясынан басқа, аудан әкімдерінің, облыстық басқармалар мен департаменттер  бастықтарының орынбасарларын аттестациялау  үшін аттестациялау комиссиясы  құрыла алады. Кадр қызметі бір  ай бұрын қызметшілерге аттестациялау  уақытын жазбаша хабарлайды.

      Аттестациялауға жататын қызметшінің  басшысы Агенттікпен бекітілген  нысанда қызметтік мінездеме  рәсімдеп, кадр қызметіне жолдайды.

      Мінездеме – бұл мемлекеттік  қызметшінің қызметіне берілетін  ресми баға. Мінездемеде мемлекеттік  қызметшінің соңғы екі жылдық  үзіліссіз мемлекеттік қызметіндегі  және Қазақстан Республикасы  Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы  №327 Жарлығымен бекітілген әкімшілік  мемлекеттік қызметшілермен аттестациялау  жүргізу Ережесінің 4 тармағына сәйкес  аттестациядан өту мерзімінекәсіби, жеке сапасы мен қызметінің  нәтижесі бағаланады. Кадр қызметі  аттестациялау комиссиясының мәжілісінен  үш апта бұрын қызметшіге оған  берілген қызметтік мінездемені  таныстыруы тиіс. Қызметші өзіне  берілген қызметтік мінездемемен  келіспейтіні туралы арыз айтып, кадр қызметіне өзін мінездейтін  ақпарат түсіруге құқылы.

      Кадр қызметі аттестациялаудан  өтетін қызметшіге Агенттікпен  бекітілген нысан бойынша аттестациялау  парағын рәсімдеп, жинақталған аттестациялық  материалдарды аттестациялау комиссиясына  жолдайды. Аттестациялау комиссиясы  кадр қызметінің ұсынбасы бойынша  мемлекеттік орган басшысымен  құрылады және құрамы мүшелері  мен хатшысынан тұрады. Мүшелері  арасынан аттестациялау комиссиясының  төрағасы тағайындалады.

      Аттестациялау комиссиясының төрағасы  мен мүшелері аттестациялаудан  өтетін қызметшіден лауазымы  жоғары тұлғалар болуы тиіс. Аттестациялау  комиссиясы мүшелерінің өздері  жалпы негіздемелердегі аттестациядан  өткізіледі. Аттестациялау комиссиясының  құрамына әртүрлі бөлімшелердің  басшылары, мемлекеттік органның  заң және кадр қызметі өкілдері, сондай – ақ мемлекеттік қызметшілер  енгізіледі. Аттестациялау комиссиясының  мәжілісі мүшелерінің үштен екі  бөлігі қатысса, заңды болып есептеледі. Дауыс беру нәтижесі комиссия  мүшелерінің басым даусымен анықталады. Берілген дауыстар тең болған  жағдайда комиссия төрағасының  даусы шешуші дауыс болып табылады.

      Аттестациялау комиссиясы аттестациялауды  аттестациялаудан өтетін қызметшінің  қатысуымен жүргізеді. Кешірімді  себептермен аттестациялау комиссиясы  мәжілісіне қатыса алмаған қызметші  аттестациялаудан жұмысқа шыққан  соң өтеді. Ал қызметші аттестациялау  комиссиясы мәжілісіне себепсіз  келмей қалған жағдайда, комиссия  қолда бар материалдар негізінде  аттестациялаудан өткендігі туралы  шешім шығаруға құқылы. Қызметшілер  тестілеуден өткен соң, аттестациялау  комиссиясы ұсынылған материалдармен  танысып және Агенттікпен осы  санаттағы лауазымдар үшін белгіленген  тестілеуден түпкілікті мәннен  төмен баға алмаған қызметкерлермен  әңгімелесу өткізе отырып, келесідей  шешімдердің біреуін қабылдайды:

  1. атқарып отырған лауазымына сай және жоғары санатты лауазымға орналасу үшін кадрлар резервіне қоюға ұсынылады;
  2. атқарып отырған лауазымына сай;
  3. қайта аттестациялауға жатқызылады;
  4. атқарып отырған лауазымына сай келмейді.

      Тестілеуден түпкілікті мәннен  төмен баға алған қызметкерлер  әңгімелесуге жіберілмейді. Сонымен  қатар, тестілеуден түпкілікті мәннен  төмен баға алған қызметкерлер  он күннен кейін тестілеуден  қайта өтуге құқылы.

      Егер, тестілеуден қайта өткенде  түпкілікті мәннен төмен баға  алса, аттестациялау комиссиясы  төмендегі шешімдердің бірін  қабылдайды:

    1. қайта аттестациялауға жатқызылады;
    2. атқарып отырған лауазымына сай келмейді.

      Аттестациялау комиссиясының атқарып  отырған лауазымына сай келмейтіндігі  туралы қабылдаған шешімі аттестациялаудың  теріс нәтижесі болып табылады. Шешім қабылдамас бұрын аттестациялау  комиссясы қызметшінің кәсіби  деңгейі мен атқарып отырған  лауазымына сәйкестігін бағалау  үшін сауалнама тарату және  топтық талқылау әдістерін қолдана  алады. Қызметшілерді аттестациялауға  мемлекеттік орган басшысының  шешімімен қазақстандық және  шетелдік сарапшыларды, сараптау  және консалтингтік мекемелерді  тартуға болады. Аттестациялау комиссиясының  шешімі ашық және құпия дауыс  беру арқылы қабылданады.

      Дауыс беру тәсілі аттестациялау  комиссиясының қалауы бойынша  таңдалады. Аттестациялаудан өтетін, аттестациялау комиссиясының құрамына  кіретін қызметші, өзіне қатысты  дауыс беруге қатыспайды. Ережеде  анықталған тәртіппен, қайта аттестациялау  алты айдан кейін ғана жүргізіледі. Алдыңғы аттестациялау кезінде  тестілеуден түпкілікті мәннен  жоғары баға алған қызметші, қайта  аттестациялаудан өткенде, бірден  әңгімелесуге жіберіледі. Қайта  аттестациялау өткізгенде аттестациялау  комиссиясы келесідей шешімдердің  бірін қабылдайды:

    1. атқарып отырған лауазымына сай;
    2. атқарып отырған лауазымына сай келмейді.

      «Мемлекеттік қызмет туралы»  Заңды жүзеге асыру үшін қабылданған  қазіргі заңдар мен нормативтік  актілер еліміздегі мемлекеттік  қызмет жүйесін жаңаша өзгертті. Мемлекеттік қызмет өткеруде  маңызды сәттердің бірі – мемлекеттік  қызметшілерді аттестациялау. Аттестация  мемлекеттік қызметшілерге әр  кезде де жоғары кәсіби деңгейде  жүру қажеттігін, лауазымдық міндеттерін  оңтайлы атқару үшін біліктілігін  көтеру керектігін ескертсе, мемлекеттік  органдар басшылары үшін қарауындағы  қызметшілердің кәсіби әзірлік  деңгейлерін, құқықтық мәдениетін, азаматтармен жұмыс істеу қабілетін  анықтау мақсатында бақылау орнатудың  тетігі болып табылады.

      Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі  басқарма мемлекеттік органдарда  аттестация өткізу барысын үнемі  реттеп, мемлекеттік қызметшілерді  аттестациялау бойынша жартыжылдық  мәліметтер жинап, облыстық мемлекеттік  мекемелердегі аттестациялаудың  барысы жөнінде айқын ақпарат  алып отырады.

      Аттестациялау комиссиясының шешімі  комиссия мүшелері мен мәжіліске  қатынасқан хатшының қолдары  қойылған хаттамамен рәсімделеді.

      Аттестациялау комиссиясының шешмі  қызметшіге таныстырылуы тиіс  және бір ай ішінде мемлекеттік  орган басшысымен бекітіліп, көшірмесі  Агенттікке немесе оның аумақтық  бөлімшесіне жолданады.

      Аттестациялау комиссияның бекітілген  шешімі қызметшілердің аттестациялау  парағына енгізіледі.

      Аттестациядан өткен қызметшінің  аттестациялау парағы мен қызметтік  мінездемесі оның жеке ісінде  сақталады. Сонымен қатар, мемлекеттік  орган басшысымен бекітілген  аттестациялау комиссиясының шешімі  қызметшінің қызмет тізіміне  енгізіледі.

      Мемлекеттік органның басшысы  аттестациялау комиссиясының шешімін  бекітпей, түпкілікті шешім боп  табылатын қайта аттестациялау  тағайындауға құқылы.

Мемлекеттік органның басшысымен бекітілген аттестациялаудың жағымсыз нәтижесі қызметшінің мемлекеттік қызметін тоқтатуы үшін негіз болады. Қызметші мемлекеттік орган басшысының аттестациялау комиссиясының шешімін бекіту туралы бұйрығына Агенттікке немесе сотта шағымдануға құқылы. Ереже бұзылушылығы табылған жағдайда Агенттік мемлекеттік орган басшысына бұйрықтың күшін жоюды ұсынады. Ал мемлекеттік орган басшысы бұйрықтың күшін жойып, қайта аттестация тағайындай алады. Қайта аттестациялау Ереженің 29 бөліміне сәйкес жүргізіледі. Мемлекеттік орган басшысы екі апта ішінде Агенттікке қабылданған шешім туралы ақпарат түсіреді.

 

2.3 Мемлекеттік қызметшілердің кадрлар  резерві

      Қазақстан Республикасы Президентінің  «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің  лауазымына орналасуға арналған  кадрлар резерві туралы ережені  бекіту туралы» Жарлығы шыққаннан  бері бірнеше рет өзгертулер  енгізілді. Бұл нормативтік –  құқықтық актіге енгізілген өзгертулер  мен толықтырулар кадр резервінің  рөлі мен сұранысын күшейтті. Уәкілетті орган резервшінің  өтініші бойынша ол біліктілік  талаптарына сай болған жағдайда  оны лауазымдар санатының бір  тобы шегінде төменгі санаттағы  лауазымдарға орналасуға мемлекеттік  әкімшілік қызметтің кадр резервіне  ауыстыруға құқылы. Егер конкурстың  нәтижесінде бос лауазымға орналасуға  үміткер анықталмаса, конкурсқа  қатысушылардың ешқайсысына мемлекеттік  әкімшілік қызметтің кадр резервіне  алу үшін ұсыным бере алмайды. Мемлекеттік орган әкімшілік  қызметтің бос лауазымына резервшіні  орналастыру туралы шешім қабылдаған  кезде осы мемлекеттік органның  конкурстық комиссиясының ұсынымы  бойынша мемлекеттік кызметтің  кадр резервіне бұрын алынған  адамдардың кандидатураларын бірінші  кезекте, содан соң уәкілетті  орган ұсынған басқа кандидатуралар  қарайды. Мемлекеттік әкімшілік  қызметтің кадр резервінде лауазымдардың  осы санаты бойынша немесе  бос лауазымға мемлекеттік орган  белгілеген біліктілік талаптарына  сәйкес келетін резервшілер болмаса, сондай – ақ, резервшілермен өткізілген  әңгімелесудің нәтижесі қанағаттанарлықсыз  болған жағдайда мемлекеттік  органның конкурс өткізуге құқы  бар.

      Мемлекеттік қызметші кезекті  аттестациялаудан өту кезінде  кадр резервіне ұсыныла алады. Аттестациялау комиссиясы аттестациялаудан  өткен және атқаратын лауазымында  жоғары кәсіби деңгейге қол  жеткізген мемлекеттік әкімшілік  қызметшілерді олар осы санаттар  үшін біліктілік талаптарына  сай болған жағдайда және егер  сол мемлекеттік органның құрылымында  көрсетілген лауазым қарастырылған  болса, мемлекеттік әкімшілік қызмет  лауазымдарының жоғары санаты  кадр резервіне алу үшін уәкілетті  органға ұсыным жасауға құқылы.

      Қазақстан Республикасының Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы №1243 Жарлығымен  «Мемлекеттік қызметтің кадр  резерві туралы ережесі» бекітілді. Енді көрсетілген нормативті  – құқықтық акт мемлекеттік  саяси және әкімшілік қызметтің  кадр резервін жасақтау және  осы резервке алынған азаматтардың  мемлекеттік лауазымдарға орналасу  мәселелерін реттейді. Мемлекеттік  саяси қызметтің кадр резервіне  алу үшін үміткерлермен іріктеу  жүргізудің шарттары мен жұмысты  ұйымдастыру Қазақстан Республикасы  Президенті Әкімшілігінің жанындағы  арнайы комиссиямен жүзеге асырылады. Мемлекеттің саяси қызметтің  кадр резерві мемлекеттік саяси  қызметтің кадрлар резервіне  алу үшін үміткерлерді іріктеу  жөніндегі комиссияның шешімі  негізінде мыналар: 

  1. А-1, А-2, В-1, В-2, В-3 санаттарына жатқызылған лауазымдарға орналасқан мемлекеттік әкімшілік қызметшілер, сондай – ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық органдарының департамент бастықтары орынбасарларынан төмен емес лауазымдарға орналасқан лауазымды тұлғалар және облыстар, Астана, Алматы қалалары мемлекеттік органдарының жетекшілері;
  2. Департаментдиректорларының орынбасарларынан төмен емес лауазымдарға орналасқан ұлттық компаниялардың лауазымды тұлғалары;
  3. Қойылатын талаптар Комиссияның арнайы шешімімен бекітілген ұйымдардың жтекшілері арасынан жасақталады.

      Мемлекеттік саяси қызметтің  кадр резервінде тұру үш жылға  дейін созылады.

      Осы актіге сәйкес, мемлекеттік  әкімшілік қызметтің кадр резервінің  ережесі мен шарттары бұрынғыша  қалады.

Мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резерві туралы.

      Мемлекеттік әкімшілік қызметтің  кадр резерві – бұл осы Ережемен  айқындалған тәртіппен түзілген  жүйелі тізімге олар жөніндегі  деректер енгізілген Қазақстан  Республикасының азаматтары.

Информация о работе Мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеудің қазіргі жүйесі мен әдістері