Қаржы нарығын дамытудағы кездесетін қиыншылықтар және оны шешу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 11:36, курсовая работа

Краткое описание

Әрине әр елдің өзінің мәдени ерекшеліктеріне, ұлттық менталитетіне, географиялық орнына, халық санына басқа да статистикалық мәліметтерге негізделеді. Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейінгі аз ғана уақыт ішіндегі экономиканы реформалау мен шаруашылық жүргізудің нарықтық моделіне өту жөніндегі кең көлемді шараларды жүзеге асыру тәжірибесі мемлекеттің әлеуметтік экономикалық процестерге араласуы обьективті қажеттілік екендігін түпкілікті мәжбүр етті. Оның обьективтілігі ұлттық санақ жүргізудің жаңа жүйесіне өту керектігімен, экономикалық дамудың тепе-теңдігін сақтау мүдделері мемлекеттік реттеудің обьектісі болып табылатындығымен және макроэкономикалық үрдістердің сандық-сапалық көрсеткіштері өзгерісін тұрақты түрде зерттеп отыруды қажет ететіндігімен де түсіндіріледі.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................................................3

1 ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ

1.1 Макроэкономикалық қаржы саясаты және оның әдістері.................................4

Бағалы қағаздар және Қазақстан Республикасының жағдайы..............................11

Қаржы нарығының инфрақұрылымын қалыптастыру ерекшеліктері...............13


2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

2.1 Қаржы нарығын дамытудағы кездесетін қиыншылықтар және оны шешу жолдары.............................................................................................................................23

2.2 Қаржы нарығының даму перспективасы.............................................................27



ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................................31

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................

Вложенные файлы: 1 файл

каржы нарыктыгын талдау.docx

— 78.23 Кб (Скачать файл)

 

МАЗМҰНЫ 

 

КІРІСПЕ...............................................................................................................................3  

 

1 ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ  ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ

 

1.1 Макроэкономикалық қаржы саясаты  және оның әдістері.................................4

 

Бағалы қағаздар және Қазақстан Республикасының  жағдайы..............................11

 

Қаржы нарығының  инфрақұрылымын қалыптастыру ерекшеліктері...............13  

 

 

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ  ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

 

2.1 Қаржы нарығын  дамытудағы кездесетін қиыншылықтар  және оны шешу жолдары.............................................................................................................................23

 

2.2 Қаржы нарығының даму перспективасы.............................................................27

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................................31

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................................32  

 

 

  

 

 

МАЗМҰНЫ 

 

КІРІСПЕ...............................................................................................................................3  

 

1 ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ  ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ

 

1.1 Макроэкономикалық қаржы саясаты  және оның әдістері.................................4

 

Бағалы қағаздар және Қазақстан Республикасының жағдайы..............................11

 

Қаржы нарығының  инфрақұрылымын қалыптастыру ерекшеліктері...............13  

 

 

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ  ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

 

2.1 Қаржы нарығын  дамытудағы кездесетін қиыншылықтар  және оны шешу жолдары.............................................................................................................................23

 

2.2 Қаржы нарығының даму перспективасы.............................................................27

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................................31

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................................32  

 

 

  

 

 

КІРІСПЕ 

 

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы “Қаржы нарығын талдау”. Курстық жұмыстың өзектілігі – қаржы нарығының құрамдас бөліктерін, яғни, ақша нарығын, капитал нарығын, бір жүйеге келтіріп, осы жалпы қаржы нарығын қалыптастырудағы барлық шараларды қолдану, қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Бұл курстық жұмысты  жазудағы басты мақсат – қаржы нарығын қалыптастырудың мәнін, маңызын және инфроқұрылымының қалыптасу ерекшеліктерін анықтап, толықтай қамти отырып, терең зерттеу, талдау арқылы тақырыптың мәнін ашу. 

Курстың міндеттері болып мыналар табылады:

- әр түрлі қаржы институттарын және олардың ұсынатын қызметтерін, баға белгілеу әдістерін, оларды басқару стильдерін, ішкі және халықаралық қаржы нарықтарындағы қызмет ету стратегияларын оқу; 

- әр түрлі елдердің қаржы институтарының қызметтерін оқу;

- Қазақстандағы қаржы нарықтарының қызмет етуінің ерекшеліктерін ашу;

Қаржы институттарының мүмкін болатын тәуекелдерді бағалау және олардың зардаптарын төмендету  жолдарын анықтау.

Әрине әр елдің өзінің мәдени ерекшеліктеріне, ұлттық менталитетіне, географиялық орнына, халық санына басқа да статистикалық мәліметтерге негізделеді. Кеңес өкіметі ыдырағаннан  кейінгі аз ғана уақыт ішіндегі экономиканы  реформалау мен шаруашылық жүргізудің нарықтық моделіне өту жөніндегі  кең көлемді шараларды жүзеге асыру тәжірибесі  мемлекеттің әлеуметтік экономикалық процестерге араласуы обьективті қажеттілік екендігін түпкілікті мәжбүр етті. Оның обьективтілігі ұлттық санақ жүргізудің жаңа жүйесіне өту керектігімен, экономикалық дамудың тепе-теңдігін сақтау мүдделері мемлекеттік реттеудің обьектісі болып табылатындығымен және макроэкономикалық үрдістердің сандық-сапалық көрсеткіштері өзгерісін тұрақты түрде зерттеп отыруды қажет ететіндігімен де түсіндіріледі. Сонымен қатар мемлекеттік реттеу рөлінің күшейюі мемлекетаралық (оның ішінде – ТМД елдері арасында) экономикалық интеграцияның обьективтілігі және экологияның кең ауқымды мәселелерін әлемдік деңгейде шешу қажеттілігімен байланысты екендігін де атап өту керек. Мұның бәрі де жас экономист мамандары жан-жақтылы дайындау қажеттілігі туралы мәселені күн тәртібіне қойып отыр.

Бұл курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған  әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші бөлімінде қаржы  нарығын қалыптастырудың мәні мен  маңызы, Қаржы нарығының экономикалық көрсеткіштеріне  талдау ерекшеліктері қарастырылған.

Екінші бөлімінде қаржы  нарығын қалыптастырудағы қиыншылықтар және оны шешу жолдары, қаржы нарығының  даму перспективасы көрсетілген.  

 

1 ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН  ТАЛДАУ 

 

1.1 Қаржы нарығын қалыптастырудың мәні және маңызы  

 

Қазақстан Республикасының  қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы рыногының құрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы рыногы бұрын-соңды болған емес.

Қаржы рыногы — бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді жөне қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа рыноктармен (капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, жер, алтын және т.б. рыноктармен) етене байланысты.

Шаруашылық  жүргізудің қазіргі жағдайында қаржы нарығы қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысын ұтымды ұйымдастырудың айрықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар рыногы, сондай - ақ несие нарығы түрінде де іс - әрекет етеді. Қаржы нарығын экономиканың түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында ақшаны қайта бөлуді барлық әр түрлі нысанда реттейтін нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы (ортақ) ұғым болып табылады.

Экономикалық  әдебиеттерде және шаруашылық практикада қаржы нарығы ұғымы ақша, валюта, кредит, капитал нарықтарын қоса отырып кеңінен түсіндіріледі. Бұл қаржыны жалпы ақша мен қүн категорияларына бара-бар категория ретінде қарастыратын практикамен, негізінен дүниежүзілік практикамен байланысты, өйткені экономикалық ресурстардың кез келген түрі меншіктің титулдары болып табылатын ақшамен немесе тиісті бағалы қағаздармен, басқа құжаттармен ортақтастырылуы мүмкін.

Ақша нарығы дегеніміз қолма - қол ақша ғана емес, қолма -қолсыз төлем қаражаттарын да қосатын төлем қаражаттарының рыногы.

Кредит нарығы несие бойынша банктердің кредит операцияларымен байланысты.

Ақша мен  кредит нарықтары, әдеттегідей, айналым активтерінің қозғалысына қызмет етеді.

Капитал нарығында қоғамдық өндіріс қатысушыларының орташа және ұзақ мерзімді қорланымдарының  қозғалысы жүзеге асырылады.

Қаржы нарығында сатып  алу-сатудың объектілері айрықшалықты тауарлар — ақша және бағалы (ақшалай) қағаздар болып табылады. 

Қаржы нарығында бағалы қағаздардың  қозғалысымен ортақтастырылатын экономикалық қатынастар болып табылатын бағалы қағаздар рыногы маңызды орын алады. Қор құндылықтарының — бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздардың  айналысымен байланысты болғандықтан оны қор рыногы деп те атайды. "Қор рыногы" термині бастапқыда бағалы қағаздармен мәміле жасалынатын  және ресімделінетін мекеменің - қор  биржасының атымен байланысты.

Нарықтың барлық тұрпаттарының өзара байланысы қаржы рыногының жұмыс істеу шарттарын айшықтайды. Оған мыналар жатады:

- реттелінген тауар рыногының болуы, яғни кез келген түрлердегі және арналымдағы тауарлар мен қызмет көрсетулер бойынша сұраным мен ұсынымның теңгерімділігі;

- Ұлттық (орталық) банк тарапынан ақша айналысын қалыпты реттеп отыру: бұған қолма - қол және қолма - қолсыз айналым бойынша эмиссияға бақылау жатады;

- кредит рыногының жандандырылуы, оның толық коммерциялануы, яғни кредит ресурстарын еркін рынокқа орналастыру; кредит ресурстарының қозғалысы Орталық банктің пайыздық есептік мөлшерлемесін, коммерциялық банктердің міндетті резервтерінің нормасын, ашық ақша рыногында операциялар жүргізуді белгілеу арқылы реттелінеді.

Кез келген субъектінің  қаржы ресурстарына қажеттілігі  және оны қанағаттандырудың нақты көздерімен тура келмеуі қаржы рыногының жұмыс істеуінің объективті алғышарты болып табылады.

Қаржы рыногының жұмыс істеуінің негізгі алғышарттарына мыналар жатады:

- бәсекені дамыту мен монополизмді шектеу мақсатындағы материалдық өндіріс сферасының бастапқы шаруашылық буындарының — меншіктің барлық нысандары кәсіпорындарының, соның ішінде мемлекеттік сектордың да кең дербестігі;

- қаржы ресурстарын қайта бөлудегі мемлекет рөлінің қысқаруы: өндірістік күрделі жұмсалымдарды орталықтан қаржыландырудың, қаражаттарды көсіпорындар арасында ішкі ведомстволық қайта бөлудің азаюы;

- шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың бағалы қағаздарға және басқа активтерге инвестицияланатын ақшалай табыстарының өсуі;

- бюджет тапшылықтарын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды тоқтату республикалық, сондай-ақ жергілікті бюджеттердің тапшылықтары мемлекеттік қарыздарды шығару арқылы жабылуы тиіс.

Қаржы рыногының  маңызы бос ақша қаражаттарын алу және оларды қайта бөлу есебінен ұдайы өндіріс процесіне ықпал етумен ғана айқындалып қоймайды. Оның жұмыс істеуі әкімшіл -әміршіл экономикаға тән "сатылас" әдістің орнына "деңгейлес" қозғалыс бойынша ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді. Деңгейлес қозғалыс кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында қаржы ресурстарын өтеусіз қайта бөлу түрінде төте байланыстар іс- әрекет етеді. Бұл қаражаттарды маңызды сфералар мен объектілерге жедел аудару есебінен кәсіпорындардың, салалардың және жалпы экономиканың қаржылық жағдайын тұрақтандырады.

Қаржы нарығы бағалы қағаздардың  бағасын белгілеу жолымен бизнестің  нақтылы құнын бағалауға мүмкіндік  береді: тиімді жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілерде олардың  неғұрлым жоғары бағасы белгіленеді.

Қаржы рыногының  болуы инфляцияны тежейді, өйткені бюджет тапшылығын жабу үшін үкімет ақша эмиссиясын пайдаланбайды, рынокта еркін жүретін, бағасы сұраным мен ұсыным арқылы анықталатын құнды қағаздар шығарады.

Экономикалық  реформа процесінде қаржы рыногының қалыптасып, жұмыс істеуі экономиканың дағдарысын тудыратын және оның инфляциясымен қосарланатын қарама-қайшылықтарға және қиыншылықтарға кезігеді.

Инфляция  бағалы қағаздарға айтарлықтай шектеу жасайды — олар қысқа мерзімді немесе құны жоғалмай жеңіл өтетіндей болуы тиіс. Бағаның үнемі өсіп отырған жағдайында инвесторлар қаражаттарды өтімі аз бағалы қағаздарға ұзақ мерзімге салуға бармайды. Инфляция кезінде ұзақ мерзімді инвестициялар үшін жылжымайтын дүние- мүлікке, тауарларға, еркін айырбас-талымды бағалы қағаздарға жұмсау неғұрлым тартымды болып табылады.

Қаржы рыногының  дамуы халықтың көпшілік бөлігінің тұрмыс деңгейінің төмендігінен тежеліп отыр, мұның өзі жеке инвесторлардың санын азайтады. Кәсіпорындардың төлеуге созылмалы қабілетсіздігі жағдайында олардың қаражаттарды бағалы қағаздарға салуы екі талай. Ақша қаражаттарының тапшылығы қысқа мерзімді кредиттер мен депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің өсуіне жеткізеді, мұның нәтижесінде бағалы қағаздардың табыстылығы банктердің ақша - кредит операциялары жөніндегі мұндай табыстылықпен бәсекелесе алмайды.

Қаржы рыногының  жұмыс істеуінің маңызды факторы  сонымен қатар саяси тұрақтылық болып табылады, ал бағалы қағаздардың айналысы бірқатар елдердің экономикалық кеңістігін қамтуы мүмкін. ТМД елдерінің саяси болмыстары не ол, не бұл көсіпорындарының рентабелділігіне қатысты ұзақ мерзімді болжамның мүмкіндігін жоққа шығарады және солай болған соң бағалы қағаздарды сатып алу ықыласын шектейді [1, 228-234 бб.].

Қаржы рыногының  жандануы корпоративтік бағалы қағаздарды — экономиканың нақты секторы  кәсіпорындарының акциялары мен облигацияларын шығару және олардың айналысын жандандыру кезінде мүмкін. Қазақстанда соңғы уақытқа дейін қаржы рыногының бұл сегменті жақсы дамымады, бұл жалпы экономикалық әлуетті тежейді.

Инвестициялық институттар, қор биржалары, биржадан тыс сауда, депозит мекемелері түріндегі құрамды элементтерді кіріктіретін ұлттық қор жүйесін қалыптастыру бір мезгілде басқа нарықтық құрылымдардың, ең алдымен әр түрлі тұрпаттағы акционерлік қоғамдардың қалыптасуымен, бұл жүйенің қызметін мемлекеттің экономикадағы оң құрылым жасаушы рөлі кезіндегі сенімді заңнамалық қамтамасыз ету жағдайында жүргізілуі тиіс.

Бағалы қағаздар нарығы - жоғарыда баяндалғандардан туындағанындай, бағалы қағаздар рыногы - шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет шығарған (айналысқа шығарған) бағалы қағаздардың сан алуан түрлері сатылатын және сатып алынатын қаржы рыногының бөлігі. Бұл рыноктың жұмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе инвестициялық процестерді реттеп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған осы рыноктың қор құрылымдарының - бағалы қағаздардың және өзге де активтердің сан алуандығымен қол жетеді.

Бағалы қағаздар рыногы экономиканың барлық субъектілерінің өздеріне қажетті ақша ресурстарын алуына кең мүмкіндіктер жасайды және алудың жолын жеңілдетеді. Ол нарықтық экономикадағы көптеген стихиялы түрде өтіп жатқан процестердің реттеушісі болып табылады. Бұл әсіресе күрделі жұмсалымдарды инвестициялау процесіне қатысты.

Бағалы қағаздардың  айналымға түсу уақыты мен әдісіне  қарай олардың рыногы бастапқы және қайталама болып бөлінеді. Бастапқы рынокта бағалы қағаздардың бастапқы иеленушілерінің жаңа шығарылған бағалы қағаздары сатылады; қайталама рынокта бағалы қағаздардың айналысы, яғни олардың иелерінің ауысуы болады. Бағалы қағаздардың номиналдық (номиналдық құн - бағалы қағазды шығарған кезде анықталған оның құнының ақшалай тұлғалануы), эмиссиялық және рыноктық бағасы (бағамы) болады. Қайталама рынок екі бөліктен тұрады: ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногы — мәмілелер сауда - саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылатын эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының айналыс сферасы және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногы - бағалы қағаздар айналысының бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелер қаржы құралдарымен сауда - саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында мәміле объектісіне және оның қатысушыларына белгіленген талаптар сақталмай жүзеге асырылатын сферасы. Биржадан тыс айналым рыногының ұйымдастырылған рыноктан айырмашылығы онда операцияларды жүзеге асыратын бірыңғай орталық жоқ, мәмілелерді олардың офистарында дилерлер мен брокерлер жүргізеді. Ұйымдастырылған рынокта операциялар қатаң регламенттелінген, ал ұйымдастырылмаған рынокта операциялар шамалы қатаң ережелер бойынша жүргізіледі.

Информация о работе Қаржы нарығын дамытудағы кездесетін қиыншылықтар және оны шешу жолдары