Қаржы нарығын дамытудағы кездесетін қиыншылықтар және оны шешу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 11:36, курсовая работа

Краткое описание

Әрине әр елдің өзінің мәдени ерекшеліктеріне, ұлттық менталитетіне, географиялық орнына, халық санына басқа да статистикалық мәліметтерге негізделеді. Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейінгі аз ғана уақыт ішіндегі экономиканы реформалау мен шаруашылық жүргізудің нарықтық моделіне өту жөніндегі кең көлемді шараларды жүзеге асыру тәжірибесі мемлекеттің әлеуметтік экономикалық процестерге араласуы обьективті қажеттілік екендігін түпкілікті мәжбүр етті. Оның обьективтілігі ұлттық санақ жүргізудің жаңа жүйесіне өту керектігімен, экономикалық дамудың тепе-теңдігін сақтау мүдделері мемлекеттік реттеудің обьектісі болып табылатындығымен және макроэкономикалық үрдістердің сандық-сапалық көрсеткіштері өзгерісін тұрақты түрде зерттеп отыруды қажет ететіндігімен де түсіндіріледі.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................................................3

1 ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ

1.1 Макроэкономикалық қаржы саясаты және оның әдістері.................................4

Бағалы қағаздар және Қазақстан Республикасының жағдайы..............................11

Қаржы нарығының инфрақұрылымын қалыптастыру ерекшеліктері...............13


2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

2.1 Қаржы нарығын дамытудағы кездесетін қиыншылықтар және оны шешу жолдары.............................................................................................................................23

2.2 Қаржы нарығының даму перспективасы.............................................................27



ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................................31

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................

Вложенные файлы: 1 файл

каржы нарыктыгын талдау.docx

— 78.23 Кб (Скачать файл)

- бағаны және өнім сапасын бақылау инспекциясы, салық инспекциясы, т.б.;

- рынок инфрақұрылымының элементтеріне: қоймалық, тоңазытқыштық, транспорттық және қаптардың шаруашылығы, ауыл шаруашылық өнімдер қоймалары жатады.

Инфрақұрылым  жергілікті органдармен, мемлекеттік  келісім жүйелерінің қатысуымен рыноктың әр түрлі субъектілерінен құрылады.

Республикадағы  рыноктық инфрақұрылымның қалыптасуы мен дамуында төменгі бағыттар қарастырылады:

- сауда  үйлері,   лизингті   (жалға   беру)   және   факторингті (қаржылық-коммерциялық қызмет көрсету түрі, кәсіпорын қарыздарын алу), аудиторлық және маркетингтік қызметтерді дамыту;

- аудиторлық фирмалардың және банктердің жұмысшыларының,   брокерлік корпустық, биржалық мамандарын дайындау орталықтарының пайда болуы;

- рыноктық инфрақұрылымның негізгі бағыттары бойынша ұйымдық-эксперттік кеңес құру;

- ақпаратты жіберу және байланыс жүйелерін дайындауда және толық жетілдіруіне қатысу [6,  48-55 бб.].

Қазақстан Республикасының  қаржы рыногы ел  экономикасының аса табысты салаларына, мемлекеттiк бағдарламаларға кажетгi каржы ресурстарын шоғырландыру арқылы  орасан зор септiгiн тигiзедi. Қазақстанның каржы рыногы валюталық рыноктан; ұлттық ақша қаражаттары рыногынан алтын және қымбат бағалы металдар рыногынан; сақтандыру рыногынан; кор рыногынан тұрады.

Қазақстан Республикасының  қаржы рыногындағы ұзак мерзiмдi және сенiмдi инвестициялар бүгiнде  қаржы рыногының жоғарыда аталған  құрамдас бөлiктерiнiң,соның iшінде қор рыногының айтарлықтай дамуына негiз болатын экономикалық-қаржыллық жағдайларды кұрып отыр деп санаймыз. Қандай болмасын елдiң дамыған қаржы рыногының негiзгi белгiлерiне көрсетiлетiн каржылық қызмет аясындағы жетiлдiрiлген және өркениеттi мемлекеттiк реттеу және қадағалау механизмдерi, ұтымды қалыптасқан нормативтiк құқытық базасының тұрақтылығы, жоғары технологиялық инфрақұрылымы, рынок қатысушылары мен олар жүргiзетiн операциялардың ақпараттық айқындылығы және т.б. жатады.

Қазақстан Республикасының  эконономикасында қаржы нарығы инфроқұрылымының негізі қысқа мерзімде қалыптастырылды. өндірістік өнімдірді тұтынуда шаруашылық жүргізуші субъектілерге арналған, және де жоғарлата қажетті функционалдық  және каммерциялық тәуекелдерді төмендетуге  арналған қаржы нарығы  инфроқұрылымының құрамына: банктер жүйесі, инвестициялық, биржалық, аудиторлық кәсіпорындар және тағы да басқа объектілер кіреді.

Қаржы рыногы ауқымындағы айрықша уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының агенттiгi өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мемлекеттiк реттеу және қадағалау жөнiндегi негiзгi функцияларды, соның iшiнде шоғырландырылған негiзде, заң актiлерiнде көзделген жағдайларда банктiк қызметтi, сақтандыру қызметiн, жинақтаушы зейнетақы қорларының және инвестициялық қорлардың қызметiн, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногын мемлекеттiк ретгеу мен қадағалау жөнiмдегi негiзгi функцияларды орындайды. Қазақстан нарығында қаржы құралдарын қалыптастыруда ұйымдардың рейтингін бақылау ең басты әрекет болып табылады.

2009 жылдың 1 наурызында республика бюджеті 22,4 млрд теңге. Барлық түсім – 76,8 млрд теңге, бұл 2008 жылғы тиісті кезеңдегі деңгейден 30,9 % төмен ( 2008 жылғы 1 наурызда – 111,1 млрд  теңге еді). Кредиттерді есепке алғандағы шығындар өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда  9%  өсті  (2008 жылғы 1 наурызда – 49,9 млрд теңге еді) және 2010 жылдың 1- наурызына 54,4 млрд теңге болды.    

  Қаржы – несие және жүйесінің тұрақтануы мен алдағы дамуы қаржы нарығы инфроқұрылымының дамуына тікелей байланысты болып келеді.    

  Қазіргі уақытта Қазақстан банктері тұрақтанудағы оңай емес жолдарға қарамастан, тұрақты құрылымды қалыптастырып, әлемдік стандартқа сай етіп және де алдағы уақытта дамуына тура тенденция орындауда.      

  Екінші деңгейлі банктердің басты әрекетінің негізінде кредит мөлшерлемесін көбейту мақсатымен қаржы ресурстарын пайдалану. Осыдан мемлекеттегі сыртқы экономикалық жағдайдың жақсаруына және инвесторларға кепілдік беру жүйесі қалыптастырылады.

Бүнгі күнде Қазақстанның банктік секторлары толық төлемге  капиталданылған.

Ал қазіргі уақытта  өзіндік капиталдың сомасы 115,9 млрд теңгені құрап отыр.

 

 

 

 

 

 

Кесте -1  Экономикалық көрсеткіштер

 

 

2009

2010

2011

2012

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), млн. теңге

2016456,3  

2599901,6   

3250593,3    

3776277,3

ЖІӨ, млн. АҚШ доллары:

16854,4     

18292,4        

22153,6         

24637,1

Ресми бағам бойынша сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі б-ша СҚТ

78036,2      

87597,8      

101867,5        

24637,1

Нақты  көлем индексі, алдындағы жылға пайызбен

102,7         

109,8           

113,5        

109,8

Дефлятор алдыңғы жылғы пайызбен

113,3        

117,4            

110,1        

 

Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ, теңге

135080,6            

174707,7      

218830,3     

254221,2

Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ, АҚШ доллары

1129,1         

1229,2        

1491,4      

1658,6

Ресми бағам бойынша, СҚТ бойынша 

5227,6         

5886,4        

6857,7       

7591,0

Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ, нақты көлем индексі  пайызбен

103,7        

110,2                  

113,6      

109,8

Доллар бағамы, теңге, 1 АҚШ долларына

119,64       

142,13              

146,73    

153,28

ЖІӨ үшін СҚТ, 1 АҚШ долларына 

25,84         

29,68                

31,91       

33,49


 

 

  

 

 

 

 

 

 

Кесте - 2  Экономикалық көрсеткіштері

 

Ақша және қаржы   нарығының көрсеткіш динамикасы (соңғы кезеңнің белгілері)

Кезең

Өзгеріс  %

 

2011

2012

 

1. Биржалық курс теңге  АҚШ долларына 

143,33

130,00

9,3

2. Ақша базасы, млрд. теңге

316,90

577,90

82,3

3. Айналымы қолма-қол  ақша, млрд. теңге

238,50

379,30

59,0

4. Ақша массасы, млрд. теңге

971,70

1634,70

68,2

5. Айналымдағы қаржы  министрлігінің МОБ, млрд. теңге

162,70

230,50

41,7

6. Айналымдағы ХБ ноталары

198,60

396,10

99,4

7. Банк жүйесіндегі  депозиттер, млрд. теңге

731,20

1255,40

71,2

8. Экономикадағы банк  кредиттері, млрд.   теңге 

978,10

1484,30

51,7

9. Банк жүйесінің активтері,  млрд. теңге

1677,90

2689,70

60,5


 

Қайнар көзі: ҚР дамуы  жайлы дерек. //Егемен Қазақстан. №7.- 19.01.2007. - 3-5 бб.

Қоғамдық  өнім  құнын  бөлуге  кредит  те  қатысады. Әрі қайта бөлгіштік процестер кредит қатынастарының сферасында ағылып жатады. Қаржыдағы  сияқты  кредит   қатынастаында  да  шаруашылық  жүргізуші  субъектілерді, халықты, мемлекетті  ұзақ  мерзімді  және  қысқа  мерзімді  несиелендіру  мақсаттары  үшін  несиелік  деп  аталатын  ақша  қорлары   қалыптасып, пайдаланылады.    

 Банктердің  ресурстары  қайта  бөлу  стадиясында   қалыптасатыны  белгілі, яғни  кредит  бұрын  бөлінген   құнды  бөледі. Кредит  қаржы   ресурстарын  толықтырады  және  ұлғаймалы  ұдайы  өндіріс  процесіне  мүмкіндік  туғызады. Кредиттің  көмегімен  қаржы  ресурстары  шаруашылық  жүргізуші  субъектілер  мен  халықтың  арасында  қайта  бөлінеді.  Қаржы  және  кредит  күрделі  жұмсалымдар  мен  айналым  қаражаттарын  қалыптастырудың  көздері  болып  табылады.

2 ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН   ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

 

2.1 Қаржы нарығын дамытудағы кездесетін қиыншылықтар және оны шешу жолдары 

 

Сыртқы экономиканың қолайсыздығына қарамастан, Қазақстан экономикасы 2010 жылы жеткілікті тұрақтылықты көрсетті және жайсыз әсерлерді бастан кешірді. 2009 жылы Қазақстан бидай экономикасының мәдениетінен жоғары  көрсеткіштерге ие болып, құрылыс өнеркәсібінде, саудада өндіріс көлемі өсті. Нәтижесінде 2009 жылы алдыңғы жылға қарағанда ЖІӨ 2,9 % құрады. Соңғы жылдардағы қаржы нарығының қолайлы өсімі, таза экспорттың өсуіне, инвестиция көлемі мен өнеркәсіп өндірісіне тікелей байланысты. 2009 жылы ЖІӨ өсімі 14 % құрады. Қаржы – несие және қаржы жүйесінің тұрақтануы мен алдағы жамуы қаржы нарығы инфроқұрылымының дамуына тікелей байланыста болып келеді.

Қазіргі уақытта  Қазақстан  банктері тұрақтанудағы оңай  емес жолдарға қарамастан, тұрақты  құрылымды қалыптасып, әлемдік стандартқа  сай етіп және де алдағы уақытта дамуына тура тенденция орындауда. 

Екінші деңгейлі банктердің басты әрекетінің негізінде кредит мөлшерлемесін көбейту мақсатымен қаржы ресурстарын пайдалану. Осыдан мемлекеттегі сыртқы экономикалық  жағдайдың жақсаруына және инвестпорларға кепілдік беру жүйесі қалыптастырылды.

Бүгінгі күнде Қазастанның  банктік секторлары толық көлемде  капиталданылған: 89,9 млн. теңгеде орындалған банк жүйесінің өзіндік капиталы 2010 жылы. Ал қазіргі уақытта өзіндік капиталдық саласы 115,9 млрд. теңге құрап отыр.

ТМД, Қазақстан елдері өзіндік капитал  өңдіруден бірінші орын алды. Мысалы Украина, Ресей және Қырғызстанда көрсетілген  көрсеткіштерге қарағанда 3-4 млн. долларға өзгерістен, ал Қазақстанда 13 млн. доллар өзгеріске ұшыраған.

Республикамызда нарықтық экономиканың күрделі түрде қалыптасуы бүгінгі  танда барлық деңгейдегі бақылау  – тексеру  органдарының құрылымдық  жетілуін талап етеді. Қоғам өзгеріп,  өркениетті нарықтық қарым – қатынастар бой көтеруде. Осыған сәйкес мемлекеттік басқару нысандары да өзгешеленуде. Біздің де комитет қазір Қаржыминге қарайды. Бұл республикадағы іспетті. Енді  юарлық  қаржылық  қадағалау біртұтас орталыққа бірігіп, оны тиімді де жинақы етеді. Осынау  аталмыш комитет те, салық инспекциясы мен қазыналық, шетел капиталын пайдалану жөніндегі комитет те кешенді түрде бірлесе, өз ерекшелігін  сақтай отырып жұмыс істеуде. Осыған орай және де жаңа жағдайларға баланысты біз негізгі міндеттерді айқындап алдық.Бiрiншi кезекке мемлекеттiк бюджеттiң орындалу барысын, қаражаттың экономиканың белгiлi бiр сала сын дамытуға, нақты мақсаттық көздерге жұмсалуын тексерудi қойдық. Бұл-аса маңызды міндет. Оны орындау үшiн мамандарымыздың үлкен күш-жiгерi мен рухани қайраты, азаматтық белсендiлiгi керек. Олар өз iсiнiң бiлiктi маманы бола тұра адал да таза болуға тиiс. Шындығында мұнда жоғары бiлiктi, тәжiрибелi кадрлар болуын шешеді. Мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдар мемлекеттiк бюджеттен бөлiнген қаражатты курделi құрылысқа, өндiрiстi қайта жарақтандыруға, жаңа, озық технологияларды ендiруге ғана емес, сонымен бiрге тұрғындардың әлеуметтiк мұқтажына, денсаулық сақтау, бiлiм беру мен мәдениетiне дұрыс та тиiмдi пайдалануына қол жеткiзуiмiз керек. Несиелердiң берiлуiн қатаң бақылап, олардың мақсатты түрде пайдалануын қадағалау қажет. Сондай-ақ мемлекеттiк қаражат пен шетел несиелерiнiң дер кезiнде қайтарылуын бақылаған жөн. Әйтпесе халықтың игілігі талан-таражға түсіп кетеді. Бюджет қаржысының аса iрi сомаларда  талан-таражға ұшырағанын мына  облыстардың мекемелерiнен айқындадық: Семей (8 миллион 162 мың теңге), Талдықорған (7 миллион 437 мың теңге), Атырау (7 миллион 309 мың теңге), Қостанай (6 миллион 995 мың теңге), Қараганды (5 миллион 906 мың теңге),Оңтүстік  Қазақстан (7 миллион 33 мың теңге). Павлодар мектеп-интернатында 6,3 миллион теңгеге зиян келтiрiлген. Бұл зиян бухгалтерлiк есептiң дұрыс жолға қойылмауынан және бас есепшiсiнiң қасақана әрекеттерiнен болған. Жезқазған облыстық тұрғындарды әлеуметтiк қорғау басқармасының қаржы, бухесеп және есептеме бөлiмiнiң  бастығы жеңiлдiктер орнына өтемақыны төлеуге қарастыралған қаражаттан 224 мың теңгені және 1,5 миллион теңгелік материалдық құндылықтарды сіңіріп кеткен. Мұндай  жымқыру мен қымқыру былай болған. Ақша  қаражаты почтамт арқылы комерциялық кәсіпорындар мен жеке адамдардың есепшотына  жалған түрде зейнеткерлер үшін халық тұтынатын тауарлар алу үшін деген желеумен аударылып отырған. Жалпы экономикалық қылмыс қазір әлемдегі барлық елдерде дамыған қылмыс түрі болып табылады. Оны жасайтын адамдар өте айлакер,әккі,заң құжаттарын меңгергендер. Сондықтан да қаржы – валюта бақылау саласындағы қызметкерлер көп біліп, көп  оқу керек және де біздің мамандарға табандылық, принциптік, әділдік ауадай қажет. Мемлекеттің, халықтың болашағын ойласаң ғана, жаның ашыса ғана ел байлығына  қалқан  бола аласың [8, 38-45 бб. ].

Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау назарындағы басымдылықтың бастысы Қазақстан Республикасының қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу, сондай-ақ қаржы жүйесiне деген сенiмдi қолдау болып табылады.

Сонымен, өтпелi кезең  жағдайындағы Қазақстан Республикасының  қаржы жүйесiне байланысты жүзеге асырылып жатқан мемлекеттiк реттеудiң мақсаты  мен бағыты, қаржылық заң актiлерiнiң  жетiлдiрiлуi, егемен Қазақстандағы әлеуметтiк-экономикалық, әкiмшiлiк-саяси жүйедегi процестерге сай айқындалып отыр. Осындай мән-жайларға орай өзгертiлiп, толықтырылған және жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының тиiстi заңдарына сәйкес уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарға қатысты құзыреттерi өркениеттi жаңаша сипатта, сондай-ақ қаржылық құқықтық тиiмдiлiк тұрғысынан көрiнiс табуда.

Мысалы, «Қаржы нарығы мен  қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк  реттеу және қадағалау туралы» ҚР Заңы мен т.б. нормативтiк құқықтық актiлер тиiстi реттеушi-қадағалаушы мемлекеттiк органдардың айрықша құқықтарын айқындай отырып, олардың қызметтерiнiң нормативтiк құқықтық базасын құрайды. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеудi және қадағалауды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын арттыру және қаржылық қызмет көрсету аясында тұтынушылардың құқықтары мен занды мүдделерiнiң бұзылуына жол бермеу жөнiнде жағдайлар жасауға бағытталған. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2008 жылғы 31 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру туралы» Жарлығына сәйкес қүрылған ҚР Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау жөнiндегi агенттігі:

1. Заң департаментiнен;

2. Банктердi қадағалау департаментiнен;

3. Бағалы, қағаздар рыногының  субъектiлерiн және жинақтаушы  зейнетақы қорларын қадағалау  департаментiнен;

1. Сақтандыру рыногының  субъектiлерiн және басқа қаржылық  ұйымдарды қадағалау департаментiнен;

2. Қаржылық ұйымдарды  тарату департаментiнен;

3. Лицензиялау басқармасынан;

4. Көрсетiлетiн қаржылық  қызметтi тұтынушылардың құқықтарын  қорғау басқармасынан және т.б.  да қызметтерден құралады.

Занда айқындалған ұғым бойынша  «қаржы рыногы - қаржылық қызмет көрсету  мен тұтынуға, сондай-ақ қаржы құралдарының шығарылуына және айналысына байланысты қатынастардың жиынтығы» болып  табылады. Қаржы рыногының элементтерi ретiнде: ұлттық валюта, шетел валютасы, ссудалық капитал (кредиттер), мемлекеттiк, жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының, банктiк акционерлiк қоғамдардың және компаниялардың бағалы қағаздары, алтын және қымбат бағалы металдар көрiнiс табады [9, 4-7 бб.].

Информация о работе Қаржы нарығын дамытудағы кездесетін қиыншылықтар және оны шешу жолдары