Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2015 в 09:02, курсовая работа
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республиасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің дәстүрлі арнасымен қауырт даму жолына түсуі, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы халыққа білім беру жүйесіне, оның ішінде мектепке дейінгі және орта мектептегі оқу-тәрбие процесіне қойылар талаптарды күрделендіре түсті. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін бар күш жігерімізді салуымыз керек», -деп айтып өткен болатын. Осыған орай «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында»: стандарт, бағдарламалар, оқу жоспарлары, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдары қайта қаралып, толық өзгертілген болатын. Аталған құжаттарда басты назарда болған –тіл мәселесі ерекше қаралған.
КІРІСПЕ................................................................................................................3-4
НЕГІЗГІ БӨЛІМ. ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДИ ДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН ҮРДІСІНДЕ ДАМЫТУ.
§1 Ерте жастағы балалардың тілін дамытудың теориялық негіздері.........5-23
§2 Ерте жастағы балалардың дамуындағы дидактикалық ойындардың рөлі.....................................................................................................................23-39
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................40
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................41-42
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Абай атындығы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Психология –педагогика институты
Курстық жұмыс
Тақырыбы: « Ерте жастағы балалардың тілін дидактикалық ойын үрдісінде тілін дамытудың теориялық негіздері»
6М010100 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша
Орындаған:
Тексерген:п.ғ.д., профессор
Елькеева А.Б
Алматы, 2015
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
НЕГІЗГІ БӨЛІМ. ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДИ ДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН ҮРДІСІНДЕ ДАМЫТУ.
§1 Ерте жастағы балалардың тілін дамытудың теориялық негіздері.........5-23
§2 Ерте жастағы балалардың
дамуындағы дидактикалық ойындардың рөлі..........................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республиасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің дәстүрлі арнасымен қауырт даму жолына түсуі, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы халыққа білім беру жүйесіне, оның ішінде мектепке дейінгі және орта мектептегі оқу-тәрбие процесіне қойылар талаптарды күрделендіре түсті. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін бар күш жігерімізді салуымыз керек», -деп айтып өткен болатын. Осыған орай «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында»: стандарт, бағдарламалар, оқу жоспарлары, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдары қайта қаралып, толық өзгертілген болатын. Аталған құжаттарда басты назарда болған –тіл мәселесі ерекше қаралған. Қоғамға лайықты жаңа заман азаматын жан-жақты дамыту ісінде: жас ұрпақты мектепке дейінгі ұйымнан яғни ерте жастан тіл тазалығының дұрыс болуы, баланы тәрбиелеуде шешуші орын алатыны сөзсіз.
Тілді қабылдау балада жас кезінен қалыптаса бастайды. Сондықтан Н.С. Рождественский «Чувства языка начинается с раннего детства, интенсивно развивается в течение всего преддошкольного дошкольного воспитания и продолжается в школе. Особенно в начальной » деп көрсетеді.
Мектепке дейінгі ұйымда оқыту- тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Разработкой теоретических и практических вопросов развития речи детей 3-го года жизни занимались такие учёные, как Н. И. Жинкин, М.И. Лисина, А.В. Запорожец, Р.С. Рубинштейн, Л.С. Выготский, Л.Н. Леонтьев и другие. Также необходимо отметить, что зарубежные исследователи не оставляют без внимания эту проблему. Наибольшее количество работ встречаются у Ж. Пиаже, В. Штерна и другие.
3 жастағы балалардың тілін
Мектеп жасына дейінгі ұйымдардағы балалардың тілін дамыту жөніндегі мәселелермен отандық ғалымдардан Н.Құлжанова, Б.Баймұратова, А.Бақреденова, Х.Қожахметова, А.Меңжанова, Ә.Әмірова, К.Метербаева т.б. ғалымдар айналысқан. Қ.М.Меңдіаяқованың «Балабақша балаларының тілін дамыту әдістемесі», Б.Баймұратова «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі. Мектеп жасына дейінгі кезеңде бала ана тіліміздің құрылымдық жақтарын: сөздердің түрліше тұлғада өзгеруін, бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсіп, тіркесіп барып сөз тіркесінен сөйлемдер құрау заңдылықтарын оқып білмесе де, сезетін болады. 3 жастағы балалардың ауызекі сөйлеу тілі дамытылатын балаларға ана тілінен білім жүйесін меңгерту және оның грамматикасы жайлы ұғымдарды қалыптастыру-тікелей тәрбиеші-педагогтің басшылығымен іске асырылатын күрделі психологиялық және педагогикалық процесс.
Ғалым Ә.Алдамұратов өзінің зерттеу еңбегінде сәби шақтағы балалардың сөйлеуінің дамуын бірнеше сатыда қарастырады: «Алғашқы саты- сөйлеуге дейінгі кезең. Бұл кезең баланың екі айлығынан он бір айға дейінгі сатысы деп аталады. Екінші саты –баланың алғашқы тілінің шығу кезеңі- он бір айдан 1 жыл 7 айға дейінгі аралық. Үшінші сатыда бала тілдің грамматикасын меңгере бастайды. Бұл кезең үш жасқа дейінгі уақытты қамтып, бүлдіршін сөздердің мән-мағынасын және қолданылуын, жеке сөздердің қызметін де түсіне алады. Бала тілінің шығуы оның дүниетаным шеңберін кеңейтіп, сөйлеу тілін дамытады», деген қорытындыға келеді. Алайда ерте жастағы балалардың іс-әрекеті ойын болғандықтан, ойынның дидактикалық үрдісінде ерте жастағы балалардың ойлау қабілеті тез болуы жәнеде осы жайлы зерттеулердің болмауы себепті тақырыбымызды «Ерте жастағы балалардың тілін дидкатикалық ойын үрдісінде дамытудың» тұрғысынан қарастыруды жөн көрдік.
Зерттеудің нысаны: Ғылыми зерттеу 3 жастағы балалардың тілін дамыту болып табылады.
Зерттеудің пәні: Ерте жастағы балалардың тілін дидактикалық ойын үрдісі арқылы дамыту әдістемесі.
Зерттеудің мақсаты: Ерте жастағы балалардың тілін дидактикалық ойын үрдісінде дамытудың теориялық негіздерін айқындау.
Зерттеудің міндеттері:
1 Ерте жастағы балалардың
тілін дидактикалық ойын
2 Ерте жастағы балалардың
тілін дамытудың теориялық
3 Ерте жастағы балалардың
дамуындағы дидактикалық
Зерттеудің әдістері: талдау, жинақтау, салыстыру, бақылау.
Курстық жұмыстың жаңалығы: Мектепке дейінгі ұйымдардағы « Ерте жастағы балалардың» тілін дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері анықталады. Дидактикалық ойындар арқылы ерте жастағы балалардың тілін дамытудың әдістемесі ұсынылады.
Курстық жұмыстың практикалық маңызы:курстық жұмыстағы материалдарды МДОЖТ мамандығының студенттері мен мектепке дейнгі ұйым тәрбиешілері оқыту және тәрбиелеу үдерісінде пайдалана алады.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың
тілін дамыту, тілдің қоғамдық, тәрбиелік
қызметі ерекше екені мәлім. Өйткені, тіл
– адамдардың бір - бірімен пікір алысып,
қарым - қатынас жасайтын құралы. Тіл адам
қоғамына тән. Ол қоғамдағы, еңбек процесіндегі
қажеттіліктен, мұқтаждықтан келіп туған.
Тіл – ұлт ерекшеліктерінің бірі, ұлт
мәдениетінің бір формасы, тілде әрбір
халықтың ұлттық дәстүрінің, сана сезімін,
ойлау тәсілінің, мінез - құлқының белгілері
бейнеледі.
Тіл мәдениетін меңгеру – адамның сәби
шағынан іске асатын, келе - келе біртіндеп
жетіліп отыратын нәрсе. Олай болса, тілді
ұстарту отбасында, қоғамдық мекемелерде,
мектепке жүйелі жүргізілетін тәрбие
процесінде іске асады.
Қазақ елінде бұрын болмаған тәрбие орнының жұмысын ұйымдастыруда 1923 жылы орынборда шыққан Н.Құлжанованың «Мектептен бұрынғы тәрбие» деген кітабы басшылыққа алынып келгені мәлім. Бұл кітап алғашқы осы мәселе тұрғысынан құнды бағдарлама. [Құлжанова Н. Мектептен бұрынғы тәрбие. Орынбор. 1923 Антология педагогической мысли в казахстане сост. К.БЖарыкбаев, С.К Калиев-Алматы: Рауан, 1995.-918б]
Мектепке дейінгі тәрбие мәселесін зерттеу ісінің көшбасшысы ғалым Б.Баймұратова мектеп жасына дейінгі тәрбие жүйесін жан-жақты зерттеп, әдістемелік және оқу құралдарын жарыққа шығарды. «Сәбилердің сөздік қоры мен сөз игеру ерекшеліктері жөніндегі» Б.Баймұратованың диссертатциясы – қазақ балабақша мәселесі жөнінде қорғалған тұңғыш диссертатция. Ғалымның мектеп жасына дейінгі тәрбие мәселесіне арналған кітабынан соң алғаш баспадан шыққан оқу-әдістемелік құралдар. Ғалым мектепке дейінгі ұйымдарда жұмыстың бағдарлама бойынша жүргізілгенін жақтап, жергілікті жердің ерекшеліктерін (экономикалық, шаруашылық, табиғат т.б.) ескере отырып жоспарлауды ұсынып, орыс тіліндегі бағдарламаны жалпы қостай отырып, оған көптеген жаңалықтар қосып, «Сәбилер тобына арналған тіл дамыту жұмыстарының бағдарламалық материалдарын жеке-жеке сабақ түрлеріне бөліп, баспасөз бетінде жариялау әдістерін» қолданған. Мектеп жасына дейінгі балалар тілінің дамуы мәселесі – диссертатциядағы ғалымның негізгі зерттеу нысаны. Ғалым баланың сөздік қорын байытып, тілін дамытуда психология, педагогика ғалымдарына сүйенген және Ресей ғалымы Е.Тихееваның еңбегін жоғары бағалаған. Аталған ғылыми негіздерге сүйене отырып, ғалым мынадай қорытындыға келеді: «Мектеп жасына дейінгі сәбилердің тілін дамыту үшін үш түрлі жағдайды ескеру керек:
«Мектеп жасына дейінгі сәбилердің тілін дамыту жолдары мен әдістемесі» деп аталатын 3-тарауды ғалым тәрбие жұмысынан бастап, мына мәселелерді көтерген:
Тіл дамыту жұмысының жоспары бағдарлама бойынша жасалу қажет деп көрсеткен.
Бала тәрбиесі –ата-бабадан
келе жатқан қазыналы мұра іспетті қазақ
халқының өмірінен кең орын алған басты
мәселелердің бірі.
«Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасында»:
«Баланы сөйлеуге үйрету, тілін дамыту
мәселесі барлық сабақта жүзеге асырылады,
бағдарламаның ең көлемді бөлімі ана тілі
және айналадағы дүниемен таныстыру»,
- делінеді.
Бағдарламаның осы бөлімінде тілдің қоғамдық
рөлі, лексикалық қоры, оны дамыту, тіл
тазалығы, сөздің дыбыстық құрамын меңгерту,
мәнерлі сөйлеуге үйрету, тіл мәдениетіне,
көркем сөз өнеріне баулу мәселелері қарастырылған.
Аз сөзбен көп мағына беретін мақал, мәтел,
аңыз ертегілер, эпостық шығармалар ғасырлар
бойы ауыздан ауызға жатталып, жинақтала
келе бүгінгі ұрпақтың рухани азығына
айналып отыр. Бала тілін ұстартуда бұл
халық қазынасы – ауыз әдебиетінің орны
ерекше.
Қазақ балалар әдебиетінің атасы Ыбырай
Алтынсарин де балаларды оқыту - тәрбиелеу
ісінде ауыз әдебиеті шығармашылығының
маңызды орын алатынын айта келіп: «Өмірге
қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша,
қай - қай тілде болса да еркін, жүйелі
сөйлеу мүмкін емес», - деген болатын.
Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық
және практикалық мақсаты – жас ұрпақтың
ой - өрісін, сана сезімін кеңейте отырып,
өмірге қажетті білім - дағдыларға үйрету.
Сол себепті педагогика мен «Балалар бақшасындағы
тәрбие бағдарламасында» сәбидің тілін
дамыту, ауызекі сөйлеуге үйрету, үйренгенін
күнделікті өмірде пайдалана білуге жаттықтырып
отыру ісіне назар аударады. Өйткені, баланың
айналадағы өмірді танып, білудегі басты
жәрдемшісі – тіл болып табылады. Ал тілдің
дамуы оның сана - сезімін, ой - өрісін жетіле
түсуіне негіз болады.
Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған
сайын бала айналадағы адамдармен, құрбылас
балалармен белсенді түрде сөздік қарым
- қатынас жасайды. Өмірдегі түрлі іс -
әрекет жайын білуге құмарта түседі. Өзі
түсінген түрлі жайттар туралы әңгімелейтін
болады.
Баланың өмірлік тәжірибесін дамыту, айналадағы
дүниеден алған әсерін әрі қарай кеңейте
отырып, бір арнаға түсіру балабақшада
арнайы дүниеден алған әсерін әрі қарай
кеңейте отырып, бір арнаға түсіру балаабқшада
арнайы өтетін сабақ, ойын, еңбек процестерінде
тәрбиешінің басшылығымен іске асады.
Балаға бағдарламалық материал негізінде
білім беруге баса назар аудару қажет.
Оқу жылында жоспар жасағанда баланың
жақсы сөйлей білуін бағдарлау, сөздік
қорын дамыту, ой - өрісін кеңейту жұмысында
өте мұқият қарау қажет. Ол үшін әр тәрбиеші,
әрбір бақша меңгерушісі бағдарламада
берілген материалдарды ыждағатықпен
оқып, үйренуі керек. Осыдан соң тәрбиеші
қандай тақырыпты қай кезде, қалай, қандай
мақсатта, қай сабақпен байланыстыра өткізу
керектігін анықтай отырып, әр сабаққа
қажетті материалды балаларға қойылатын
нақты сұрақтарды (көркем әдебиет, тақырыбы,
ойын) көрсетіп жоспарлайды.
Тәрбиеші қай кезде нені өтуге болатынын
іріктеп алып (тақырыпты) жоспар жасайды.
Бақылатып көрсету, әңгімелесу кезінде
баладан сұрап, өзіне айтқызу, оларды жиірек
сөзге қатыстыру ісіне көңіл бөлу.
Тіл дамыту сабақтарында көзделетін негізгі
мақсат – баланың сөздік қорын байыту,
сөйлем құрап айтуға, әңгімелей білуге
үйрету.
Баланы сөйлеуге үйрету, тілін дамыту,
ой - өрісін кеңейту жұмысында бір топтағы
әр баланың сөйлеу дәрежесін байқап, анықтау
керек. Сонда ғана оқыту - үйрету ісінде
неге көңіл бөлуге болатыны айқындалады.
Баланың сөздігі балаларды жекелей бақылау
негізінде, нақтылы, көрнекі материалдарға
сүйене жүргізіледі.
1. Әңгімелеу, әңгіме құрастыру (өзі көріп
білген жайттар туралы, сурет мазмұнын,
оқылған шығарманың мазмұнын әңгімелету).
2. Сөзді түсініп айту дәрежесін байқау.
Ол үшін балаға таныс және таныс емес заттарды
көрсетіп сұрау, әңгімелесу.
А) Балаға бірнеше таныс заттар мен ойыншықтарды
көрсетіп (суреттен немесе заттың өзін)
сұрап, түр - түсін, атын, пішінін, қайда,
не үшін жасалатынын айтқызу.
Ә) Бөлмедегі 10 - 15 затты бір орынға қойып,
соның ішінен бір заттың атын тәрбиеші
сөзбен айтады, бала затты танып әкеліп,
түр - түсін, пішінін айтады.
Б) Балаға күн сайын жиі пайдаланатын заттарды
(сабын, тәрелке, орамал, щетка т. б.) суреттен
көрсетіп, оның атын, қажеттілігін, неден
жасалғанын айтқызу.
В) Бөтелке (шөлмек), қайық, үтік, шар, доп
сияқты пішіні ұқсас заттарды көрсетіп,
олардың не екенін, не үшін қажеттігін,
сапасын, неден жасалғанын, ұқсас жақтарын
айтқызу. Бұл жұмыстар сабақта және сабақтан
тыс уақытта жүргізіледі.
Бұл әдістерді қолдану кезінде баланың
тұрмыста кездесетін заттарды, олардың
атына байланысты сөздерді түсініп айта
білуін, пішіні ұқсас заттарды бір - бірінен
даралап, ажыратуға талпыну әрекеттерін
байқау мақсаты көзделеді.
(Әр түрлі жастағы балалардың сөздік қорын
анықтау үшін жинақталған әдістемелік
құралдар бар)