Ерте жастағы балалардың тілін дидактикалық ойын үрдісінде тілін дамытудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2015 в 09:02, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республиасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің дәстүрлі арнасымен қауырт даму жолына түсуі, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы халыққа білім беру жүйесіне, оның ішінде мектепке дейінгі және орта мектептегі оқу-тәрбие процесіне қойылар талаптарды күрделендіре түсті. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін бар күш жігерімізді салуымыз керек», -деп айтып өткен болатын. Осыған орай «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында»: стандарт, бағдарламалар, оқу жоспарлары, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдары қайта қаралып, толық өзгертілген болатын. Аталған құжаттарда басты назарда болған –тіл мәселесі ерекше қаралған.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3-4
НЕГІЗГІ БӨЛІМ. ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДИ ДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН ҮРДІСІНДЕ ДАМЫТУ.
§1 Ерте жастағы балалардың тілін дамытудың теориялық негіздері.........5-23
§2 Ерте жастағы балалардың дамуындағы дидактикалық ойындардың рөлі.....................................................................................................................23-39
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................40
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................41-42

Вложенные файлы: 1 файл

Мазмұны курс.docx

— 59.71 Кб (Скачать файл)

3 жаста бойына балалардың мінез-құлқының күрделенуі ең алдымен баланың ақыл-ойын одан әрі дамытуға жәрдемдесетін тілді дамытумен байланысты. 3 жасқа қарағанда:

1) айналадағылардың сөзін  одан әрі түсінуді – келер  шақты, өткен шақты түсіне білуді, сөздің мағынасын көріп тұрған  жағдайда ғана емес, сондай-ақ  одан да тыс түсіне білуді  қамтамасыз ету;

2) балалардың актив сөзін  жетілдіру – сөздікті байыту, барлық сөз таптарын пайдалана  отырып, сөйлем құрып сөйлеуді  үйрету, сөздің грамматикалық құрылысын  жетілдіру, оның дұрыс айтылуын  және эмоциялық әсерлілігін жақсарту;

3) сөзді пайдалануды кеңейту  — өз әсерлерін сөзбен бере  білу, оларға сұрақтар қойып, жауап  бере білу, үлкендермен балалармен  белсенді тілдік қарым-қатынас  жасау себептерін ұлғайту;

4) айналадағыға қарап  бағдарлауды ұлғайту;

5) қарым-қатынасқа қабілеттілікті  дамыту, балаларда табиғат құбылыстары  туралы, хайуанаттар өмірі, қоғамдық  өмірдің балалар түсінігіне жеңіл  құбылыстар туралы ересектердің  еңбек, уақыт, сан, кеңістік қатынастарды, заттардың атқарар қызметі және  т.б. туралы аса қарапайым түсініктер  мен ұғымдарды қалыптастыру;

6) сөзді қабылдауды және  құлақ қойып тыңдауды – үлкендердің  айтқанын жақсы тыңдай білуді, шағын әңгіме, өлең тыңдауды жақсарту;

7) мәдени тілдің дағдыларына  – ақырын, асықпай, оның үстіне  қолдарды ербеңдетпей және т.б. сөйлеуге тәрбиелеу.

Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін ең алдымен өмірдің табиғи жағдайлары және ойын, серуен, тамақтану, ұйықтауға жатқызу кезіндегі балалармен өзара қарым-қатынастар пайдаланылады. Балалардың сезімдік тәжірибелерін қабылдауға жеңіл әсерлермен және оларды дербес іс-әрекетте дұрыс ұйымдастыра білумен байытып отыру қажет. Балалармен қандай да бір құбылысты немесе үлкендердің іс-әрекетін серуендеу кезінде,  үйде бақылай отырып, картинаны қарап, оларға әлденені көрсете, олардың ойындары жөнінде сөйлесе отырып, жекелеген заттар мен іс-әрекеттерді атап қана қоймай, сонымен бірге оларды түсіндіру, жекелеген фактілер арасындағы байланысты анықтап, заттардың қасиеті мен атқаратын қызметтерін белгілеу қажет. Тікелей қабылданған нәрсені баланың бұрынғы тәжірибесімен байланыстыру қажет. Қандай да бір әрекетке кіріспестен бұрын балалардың не істейтінін , қайда баратындарын және т.б. айтқан жөн.  Балалармен сан алуан сылтаулармен үлкендерге қарым-қатынас жасау қажеттілігін қалыптастырады, мұның өзі бұл қарым-қатынастың сипатын сан алуан етіп қана қоймайды, сонымен бірге оның дамуына жәрдемдеседі.

Бала әрбір сөйлеген кезде қолдап отыру қажет,  оған қысқа жауап бере салмай, мүмкіндігінше әңгімеге айналдыру, жай: «Жарайсың, жақсы салыпсың» деп айта салмай, онымен әңгімелесу өте маңызды. Балаларға біртіндеп күрделелініп отыратын сөздік тапсырмалар алдымен үлгі бойынша, беріп отыру керек, мысалы: «Гулшат Стамғазиевадан (тәрбиешінің аты) кітапша сұра, былай деп айт: «Гулшат Стамғазиева маған кітапша беріңізші». Ал содан кейін үлгісіз-ақ тапсырмалар беруге болады: «Аруна Мамыраеваға (күтушінің аты) айт, ол бізге саз балшық әкелсін, біз мүсін жасаймыз»».

Негізінен 3 жаста да балалармен олардың сезімдік жағынан  нені қабылдайтыны, яғни олардың  нені көретіні, натурада, картинкада немесе ойыншықтар арқылы не көрсетуге болатыны туралы айту керек.  Сонымен бірге балаларға бұрын ешуақытта  да мұндай үйлесімде қабылданбаған, бірақ жекелеген элементтері балаларға олардың бұрынғы тәжірибесі бойынша таныс оқиғалар туралы, мысалы, мысық Мурканың шарбақтан секірген кезде құлап аяғын қалай ауыртып алғанын, оны бақшадағы балалардың қалай күткенін, немесе әжейдің дүкеннен келе жатып, жолда алмаларын қалай шашып алғанын және балалардың оған алмаларды жинауға және үйге дейін жеткізіп беруге қалай көмектескенін және т.б. туралы әңгімелеп беруге болады, тіпті әңгімелеп беру қажет те.

Ана тілді үйретудің заңдылығы, жоғарыда айтылып өткендей бір қатар қабылеттердің дамуы процесінде ішкі сезім арқылы (саналы емес) жүзеге асырылады: 1) өзіні сөйлеу органы бұлшық еттерін адамның жұмыс істете білу қабылеты – сөздің дыбысын артикулдеу, интонация элементтерін, просодемаларды моделдеу және оларды есту; 2) дыбыс комплекістері мен интонацияны тілден тыс шындықпен салыстыру қабылеті, яғни оларды сөйлеу элементінің мағынасы ретінде түсіну; 3( сөздің мағыналы элементін өз сезімімен салыстыра білу қабылеті, яғни оларды бағалау; 4) араласу, тану, сөзді және адамның мінез-құлқын тәртіптеу процесінде сөздің мағыналық үйлесімділік дәстүрін және бағалау элементін есте сақтау қабылеті.

Егер тәрбиеші баланың табиғи сөйлеуі неғұрлым қарқынды болатын жағдай жасаса, онда баланың тілі неғұрлым тезірек байиды және оның психикасы жан-жақты дамиды. Лингвистикалық-дидактикалық принциптерге құрылған тіл үйретудің түрлі әдістерін қолдану тілді дамытуды жеделдетудің негізгі шарттары болып табылады.

Оқыту әдісі деп білімді бір адамнан екінші адамға беру мақсатымен орындалатын үйренуші мен үйретушінің іс-әрекеттерін айтады.

Мектепке дейінгі кездегі тілдің дамуына мынадай практикалық әдістер тән: еліктеу әдісі, сөйлесу (әңгімелесу) әдісі, қайталап айту әдісі, әңгімелеп беру (құрастыру) әдісі.

Еліктеу әдісі

Еліктеу әдісінде үйретуші мен үйренуші екеуіде бірсөзді, бірақ әртүрлі етіп айтады: үйретуші ересек адамдармен сөйлескендегіден көрі бір шама қарқындырақ, сөзінің дыбысын артикулдеп және сөзінің дауыс ырғағын мәнерлеп сөйлейді, ал үйренуші тыңдайды да, қайталайды, оның сөзіне еліктейді, сөйлеу қимылын үйренуге (дауыстың артикулиациясымен модулиасиясы) және мағынасын түсінуге тырысады (затты, қимылды және т.б. көрсететін дыбыс комплекстерінің мәліметін салыстырады). Мұндайда тәрбиеші үшін орфоэпиялық норма деңгейінен төмен түспеу және баланың сөзіне еліктемеу («сақауланбау», «шолжаңдамау») аса маңызды.

Бұл әдісті қолдану сәби шағынан бастап, кейінгі шақтарда (тек балалар бақшасында ғана емес, мектепте, тіпті есейгендеде) жалғыстырып отырады.

Еліктеу әдісіне үйрену тұрмыстық іс әрекеттерді атқару кезінде, айталық, баланы шомылдыру кезіндегі баламен қатынас процесінде де еріксіз түрде болуы мүмкін.

— менің қызымның қолы қайсы? – дейді анасы сәбидің қолын ұстап, қол деген сөзді ерекше бөліп дауыстап – міне, қолы! Қолы қандай десеңші! Қазір біз оны сабындап, жұмсақ жөкемен ысқылаймыз. Міне, қолы да жақсы сабандалды! Ал, екінші қолы қандай? Міне, екінші қолы! Бұл қолында сабындаймыз, енді қолдарын шайамыз, алдымен мына қолды, сосын екіншісін, енді екі қолымызда тап-таза.

— Алты айлық бала үйретушінің сөзін жәй ғана тыңдайды, күлімсірейді, ойнайды. Тоғыз айлығында немесе жасқа толуға жақындағанда ол бұл сөзді қайталауға талпынады.

— Ко,— дейді қыз, ең алдымен анасының сөзіндегі екпінді ұғып.

—Қол. Менің қызым жақсы сөйлейді. Қол. Қане, тағы бір айтшы.

—Ко,— дейді қыз бір қолын көтеріп.

—Тағы бір қолың қайда?

— Қо.— дейді сәби екінші қолын көтеріп.

Бұл кезде сәби қол деген сөздің жалпы мағынасын ұғады, яғни бұл сөздің өз қолын ғана емес, анасының, әжесінің, қуыршағының қолын білдіретіндігін түсінетін болады.

Еліктеу әдісі бүдан гөрі ересек балаларды тілге үйрету кезінде кез келген ойын үстінде пайдаланылады.

Заттармен ойын ойнау кезінде балалар оларды бір орыннан екінші орынға ауыстырады, лақтырады, көрсетеді, итереді, шұқылап көреді, бұрайды, заттарды бақылайды және олардың сапасын, қимылын атайды. Мұнда да тәрбиеші баламен сөйлесуге, оны жетелейтін сұрақтар беруге тиіс. «Мынау қандай шар? Кішкентай ма? Көк пе?» «Мына машина жүре ме? Әлде тоқтап қалды ма?», «Автомобиль қалай белгі береді? Паровоз ше? Пароход ше?» — деп сұрайды ересек адам. Бала жауап бере отырып, тәрбиеші сұрағанда айтқан сөзді қайталайды: «Кішкентай», «Жүреді», «Би-би!», «Ту-ту!», «Гу-у-у!». Сол арқылы баланың лексикасы кеңейе түседі.

Баланық «құрылыс салуына» көмектесе отырып, тәрбиеші құрылыстың

затын, оның бөлшегін атайды, құрылыста нәтижеге жетуге қажетті өзінің іс — әрекетін атайды.

Мысалы, бала ересек адамның кемегімен «конструктордың» тетіктерінен машина құрастырады.

— Шыңғыс,  біз  не құрастырамыз? Автомобиль ме?  Қандайын?  «Волганы» ма немесе жүк машинасын ба?

—Жүк машинасын.

—Алдымен бізге доңғалақтар керек. Шыңғыс, доңғалақтарды бере қойшы. Сен не әкелдің?

—Доңғалақтар… Әкелдім.

—Өте жақсы. Міне, рамасы. Кел, раманы доңғалақтарға қоялық. Енді кабинасын орнатайық…

Осылайша ізделіп, мотор, капот, руль, қорап өз орындарына орнатылады. Өзі кұрастырған автомобильдің белшектерін, өзінің істеген іс-әрекетін айта отырып, бала тәрбиешінің сөзіне еліктейді.

Сюжетті драмалық — рольдік, «режиссерлік» ойын процесінде тіл дамыту үшін колайлы жағдай ерекше көп болады.

Рольдік ойында бала ересек адамдардың өміріндегі езі байқаған немесе әңгімелерден білетін, есінде қалған әр түрлі жағдайларды қайталайды: «мамам балаларды тамақтандырып жатыр», «тракторшы жер жыртып жүр», «электр монтері немесе газ жөндеуші, немесе сантехник тұрғындардың шақыруымен үйге келді», «мұғалім мектепте балаларды оқытады» «космонавт Айға ұшады» және тағы  басқа. Бала ересек адамның қимылын да, сол қимылмен айтылатын сөзін де қайталайды.

— Сіздің үйде жарық бар ма? («Сіздің үйде жарық бар ма?») деп сұрайды Аслан (2,5 жаста) әжесінен жуырда келген электр монтерінен келгенін қайталап (ол сыртқы есіктің кіре берісіне тұрып алып, қасын қимылдатады, жұмысшы адамнан көргеніндей, өзінше «сұсты» болғысы келеді), Әжесі ойынға араласып:

—Пробкалар үиімде күйіп кете береді, оларға не болды екен, қарап көріңізші, — дейді ол немересін сөзге шақырып, бұл арқылы оны  байланысгыратын диалогтік сөйлеуге машықтандырады.

—Әзір емдейміз   («Қазір жөндейміз»), — деп «монтер» Аслан әжесін жүбатады.  Егер  Асланға  дер  кезінде қажетті  сөздерді   айтып   отырса,   диалог жалғаса беруі мүмкін.

«р е жиссерлік   ойында бала өзі роль алмайды, оны осы оқиғаға қатысатын ойыншықтарға бөліп береді; сюжеттерді — балалар бақшасы, аэродром, зоопарк, парад, ұрыс және с. с. балаға оның өмірлік тәжірибесін ескере отырып, тәрбиеші айтып береді.

Мысалы, үш жастағы баламен «қонаққа бару» ойынын ойнады делік. Тәрбиеші балалардың алдына балалар бақшасына қонаққа келген ойыншықтарды — қонақтарды — қатарлап отырғызады.

—Бізге қонаққа бірінші кім келді? Аю ма? Тағы кім келді? Матрешкама? — деп сұрайды тәрбиеші.

—Міне, аю келді, матрешка келді, — деп жауап береді қыз.

Сөйлеу мәдениетіне сәйкес қонақтар сыпайы қарсы алынады, оларға жылы сөздер айтылады.

—Ал, енді аю кетіп қалды: топ-топ, есік жабылды. Аю жоқ. Кім жоқ?

—Аю жо-оқ.

—Аю жоқ. «Аю» — деп айт.

—Аю.

—Жақсы. Ал енді матрешка да кетіп калды. Матрешка жоқ. Кім жоқ?

—Матрешка жоқ.

—«Аю кетіп қалды, матрешка кетіп қалды. Аю да жоқ, матрешка да жоқ», — деп айт.

Бала бұл сөйлемді қайталайды (еліктейді), сол арқылы грамматиканы: зат есімді қолдануды үйренеді.

Драматизациялық ойында бала таныс ертегілерден бір кейіпкердің ролін алып, ойын процесінде өз кейіпкерінің сөзін қайталайды, сол арқылы өзінің тілін байытады.

Алты жасар Қайрат қарындасы Айзере мен (2 жас 10 ай) «Қызыл Телпек және сұр қасқыр» ойынын ойнап жүр. Ол, әрине, қасқыр және аңшы, ал Айзере — Қызыл Телпек. Қайрат-қасқыр әжені «жеп» үлгерді, диванға жата кетеді де, мойнына дейін бүркеніп, қарындасына бүйырады:

— Сен менен: сенің қай жерің қандай? — деп сұрады.(!)

Қарындасы өз тұрғысынан артық сез деп санағандарын тастап кетіп, бірден толғандыратын нәрсеге көшеді:

—Әжей, аузың… неге үлкен,— дейді ол толқып. Бірақ ағасы риза емес:

—Сен алдымен:  көзің   қандай,   құлағың   қандай? — деп   сұра! — Бірақ қарындасы өзін-өзі игере алмай:

—Аузың қандай үлкен еді…— қорыққанынан көздерін бақырайтып, қазір оны «жеп қоятындай» күтіп тұр.

Ағасының бұлай ойнағысы келмейді:

— Мама,— деп айқайлайды ол,— мен оны   жемеймін!   Ол   дұрыс ойнамайды.

Сюжетті ойындар үйренген тілдік материалды бекіте түсуде тамаша жаттықтыру болып табылады. Балалар алдарына әдейі белгілі бір өмір жағдайында айтылған ересектердің сөзін немесе ертегі кейіпкерінің сөзін дәл қайталап айтуды мақсат етіп қояды. Қимыл ойындары, ойындар әдетте балалардың тілін жаттаған әзіл-ысқақпен, әндермен, санамақтармен байыта түседі. Жаттау тәрбиешінің сөзіне еліктеу процесінде жүргізіледі, тәрбиеші балалармен бірігіп ойнайды және алдымен әзіл-ысқақты, санамақты езі айтып, өлеңді де өзі әндетеді. Баланың ойын кезіндегі сөйлеу мөлшері оның жас шамасына байланысты. Мысалы, балалардың бірінші жылында ойнайтын «Алақай-ау, алақай!» ойыны ересектердің сөзбен сүйемелдеуімен ғана ойналады, бала оның тек .қимылына ғана еліктейді (алақанын соғады, қолын басына қояды т.с.с.). Үш жасар балалар «Каравай» ойынын ойнағанда, тәрбиешімен бірге ән салып қана .қоймайды, сонымен бірге тәрбиешіге ілесіп ойынның ережесін: «Бәріміз шеңбер жасап тұрайық! Қолдан ұстасайық! Айналып жүрейік! Бәріміз де отырайық! Аяқтың ұшына тұрып, қолдарымызды көтерейік! Шеңберді кеңітейік!. Шеңбер жабық болсын!» — деп қайталайды. Ересек балалар қимыл ойындарын өз беттерімен ойнай алады, ролді зеребе тастау, санамақ оқу арқылы бөліседі. Олар үшін мынадай санамақ оқу өте жақсы:

Информация о работе Ерте жастағы балалардың тілін дидактикалық ойын үрдісінде тілін дамытудың теориялық негіздері