Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2015 в 09:02, курсовая работа
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республиасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің дәстүрлі арнасымен қауырт даму жолына түсуі, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы халыққа білім беру жүйесіне, оның ішінде мектепке дейінгі және орта мектептегі оқу-тәрбие процесіне қойылар талаптарды күрделендіре түсті. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін бар күш жігерімізді салуымыз керек», -деп айтып өткен болатын. Осыған орай «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында»: стандарт, бағдарламалар, оқу жоспарлары, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдары қайта қаралып, толық өзгертілген болатын. Аталған құжаттарда басты назарда болған –тіл мәселесі ерекше қаралған.
КІРІСПЕ................................................................................................................3-4
НЕГІЗГІ БӨЛІМ. ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДИ ДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН ҮРДІСІНДЕ ДАМЫТУ.
§1 Ерте жастағы балалардың тілін дамытудың теориялық негіздері.........5-23
§2 Ерте жастағы балалардың дамуындағы дидактикалық ойындардың рөлі.....................................................................................................................23-39
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................40
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................41-42
Күнбе-күн, күнбе күн,
Сүрғылт қоян діңде отыр.
Сұрғылт қоян, қара, әне,
Галя шықты далаға.
Қолға орамал алады,
Галя әнге салады.
Көкірегі үркіп, дүбірлеп
Бұл өлеңде сөздің тамаша үйлесуі, би әуенінің тартымды ырғағы бар. Лексикасы тартымды. Әнші, биші қыздың және масаттанған қоянның поэтикалық образы балаларды таңырқатады. Өлеңдегі салыстырылмалы грамматикалық формалар («түбірде», «түбірден») грамматиканы оқытуда тамаша дидактикалық материал болып тұр. Тәрбиешінің кейбір тұрмыстық іс-әрекетті орындау кезінде айтқан сөзіне балалардың еліктеуі мүмкін.
Мысалы, ұйықтар алдындағы жуынуға қызықтыру үшін тәрбиеші сәбидің біреуіне қарап:
—Али, суға: «Су, су менің бетімді жу!» — деп айт дейді.
—Али, жақсы айттың! Ал енді Дария айтсын!.. Әуезхан!
Балалар ықыласпен айтады. Сөзді жігермен онша артикулдей алмайтындарға тәрбиеші мынандай ұсыныс жасайды:
— Самал, сен судан дауыстап, анықтап сұра. Келіңдер, бәріміз судан қосылып сұрайық.
Сөйлесу (әңгімелесу) әдісі
Бала үшін орындауы анағұрлым қиыны онын тілін үйрету әдісі — сөйлеу әдісі, мұны қосымша сүрақ пен жауап әдісі, әңгімелесу әдісі деп те атайды.
Әңгімелесу әдісі үйретушінің сұрауынан, ал үйренушінің жауап беруінен тұрады. Демек, олардың екеуі де сөйлейді, бірақ бір сөзді емес (еліктеу әдісіндегідей), әр түрлі сөздер сөйлейді: үйретуші өзінің сұрағымен баланың өзіне таныс сөздерді, дыбыстарды, грамматикалық формаларды немесе дәнекер тексті еске түсіруге және оны орнымен қолдануға итермелейді.
Үш жасқа аяқ басқан балалардың сөйлеу органдарын жаттықтыру үшін дыбыстарды артикуляциялауда [ж] — [з] тәрбиеші сөйлесу әдісінің әр түрлі тәсілдерін пайдалана алады.
1. —Али, қоңыздың қалай ызыңдайтыны есіңде ме? — деп сұрайды тәрбиеші. Бала есіне түсіреді:
—Ол… ж-ж-ж… .
—Ал маса қалай ызыңдайды? — деп тәрбиеші баланы ұқсас дыбыстың артикуляциясына жетелейді.
—Маса… з-з-з-…
Бұл тәсіл сөзбен елестетуге сүйенеді (сөзбен елестету үлгісі).
2. Осы мақсат үшін сюжетті
рольдік ойын тәсілін
— Самал, Сейтжан, Нұрсұлтан! Сендер қоңыз боласыңдар, ал Али, Айзере, Дария, сендер маса боласыңдар. Бір-бірлеріңе қарсы ұшып, ызыңдаңдар.
Сөздің мағынасын, мысалы, көкөніс деген сездің мағынасын, есте қалдыру әр түрлі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін.
1. Арнайы осы мақсатқа арналып стол үстіне көкөніс қойылған ас үйге тәрбиеілі балаларды ертіп әкеліп, бәрінен былай деп сұрайды:
—Стол үстінде не жатқанын
көріп тұрсыңдар ма?
Балалар көргендерін тізіп айта бастайды:
—Сәбіз, …қияр… помидор… баклажан…
—Мұның бәрін бір сөзбен не деп атайды?
—Бұл көкөніс,— дейді балалардың біреуі жауап беруге асығып.
—Дұрыс, бұл көкөніс,— деп баланы көтермелейді тәрбиеші.
—Дәл осы жерде жатқандардан басқа тағы қандай көкөністі білесіңдер?
—Кәді де көкөніс,— дейді бір қыз.
—Капуста, картоп, шалқан, .пияз, сарымсақ — көкөніс,— деп қосады тағы біреуі…
Көріп отырғанымыздай, бұл жағдайда бізге бұрыннан белгілі нақты объектіні бақылау тәсілі пайдаланылады, бірақ әдіс жаңа — сәйлесу әдісі.
2. Тәрбиеші нақты көкөністің орнына әр түрлі көкөніс бейнеленген суреттерді пайдалануына болады, яғни суретке сүйену тәсілін қолданады, бірақ бұл да сөйлесу әдісі болады.
Суретке сүйену тәсілін, салыстыру үшін, мысалы, жеміс-жидек сөзін қосу аркылы күрделілендіруге болады. Мұндайда балаларға берілетін сұрақ — тапсырма мынадай болуы мүмкін:
— Балалар, міне көкөніс пен жеміс-жидекті бейнелейтін суреттер. Кім осыларды тез екіге: көкөніс пен жеміс-жидекке бөліп бере алады? Егер үлестіріп берілетіні тиісті материал болса, әрине, мұндай жұмысты ұйымдастыруға болады: әр балада суреттердің жиынтығы болуға тиіс.
Нақты затқа немесе суретке сүйену тәсілі дидактикалық ойындар мен, яғни оқытуға арнайы арналған ойындармен шектеседі. Ересек адамдар балаларды белгілі бір ойынның ережесімен таныстырады. Содан соң олардың өз бетімен ойнауларына мүмкіндік береді. Кез келген дидактикалық ойында баланың тілін дамытатын үлкен мүмкіндіктер бар: өйткені дидактикалық ойын арқылы берілетін кез — келген білімді бала сөйлеу түрінде үйренеді. Бірақ баланың сөйлеу тілін дамытуға арнайы арналған дидактикалық ойындар да бар,— бұл сөйлеу түріндегі дидактикалық ойындар. Бұл ойындар мынадан тұрады:
1) балалар белгілі дыбысқа сөз ойлап табады:
—[С] дыбысынан басталатын затты көрсет.
—Стол, сөре, сақина, сырға…
2) ересек адамның суреттеп айтып беруімен заттардың атын атап, оңай жұмбақтарды шешеді:
— Маған әріптермен толтырылған, суреттер салынған көп қағаздан түратын нәрсені әкел.
—Маған ертегі немесе өлеңі
бар нәрсені әкел.
Балалар кітапты әкеліп береді.
Әрине, мұндай суреттеп айтып беру бес-алты жасар балаларға ұсынылады;
— «Өзі кішкентай болғанмен, «бөркі қазандай» — бұл не, қане айта қойшы,— дейді тәрбиеші балалармен бірге орманда саңырауқұлақ теріп жүргенде немесе орман ішінде жай серуендегенде.
Орман ішіндегі қой бүлдіргені бар ашық алаңқайды тауып алғанда (немесе өз бақшасындағы бүлдірген жүйегінде тұрғанда) тәрбиеші мына жүмбақты оқып беруіне болады:
Күн жағына түбірдің
Жас шыбықтар жүгірді.
Әр шыбықта жаңағы
Қып-қызыл от жанады.
Шыбықты иіп қалайық
— Отты жинап алайық. ,
(В. Фетисов);
3) балалар бұрыннан білетін жұмбақтарды айтады немесе өздері жүмбақ ойлап табады.
Дидактикалық ойынның басты ережесі: балалар жұмбаққа арқау болған затты көруі (ал ең дұрысы қолымен ұстап, иіскеп, дәм татып көруі, егер ол дыбыс шығаратын болса, тыңдауы) керек.
Балалардың жас мөлшеріне қарай жайылма сөйлемнің құрылысын, мәселен, тікелей толықтырылатын қос .құрылымдық сөйлемді игеруі үшін түрлі тәсілдерді (әңгімелесу әдісін) пайдалану керек.
Бес жастағы бала үшін сөзбен елестетуге сүйену (сөйлесу. әдісі) тәсілі.
— Балалар, «Кім көбірек?» ойынын
ойнаймыз. Кім менің айтқан сөзіме көбірек
сөз қосар екен? Мен: «Аспазшы түскі асты
әзірлеп жатыр»,— деймін.
Ал сендер: «Аспазшы таңертеңгі (кешкі,
сәскедегі) асты әзірлеп жатыр», «Аспазшы
компот қайнатып (шыжғырып, қуырып, бұқтырып;
сорпа, щи: балық, ет…) жатыр» деулерің
керек. Соңғы бала сөйлегеннен кейін ешкім
сөз қосып айта алмаса, сол жеңеді.
Балалар бақшасындағы аула сыпырушының, күтушінің, электр жөндеушінің, слесарьдың, тәрбиешінің және басқа да қызметкерлердің еңбегін әңгімеге арқау етуге болады.
Төрт жастағы баламен жұмыс істегенде бұл міндетті шешуді суретке сүйену тәсілін қолданып (сөйлесу әдісі) жеңілдету қажет. Адам мамандығын толық бейнелейтін суреттердің жиынтығы керек: пеш жанында тұрған аспаз, күрек ұстаған бақшашы және т.с.с.
Алты – жеті жастағы балалармен жұмыс істегенде, біріншіден, күрделі синтаксистік форма берілу (сөйлемде оңашаланған мүшелерді пайдалану немесе күрделі сөйлем құрау), екіншіден, лексиканың ауқымы кеңейтілу арқылы сөйлесу әдісі күрделілендіріледі.
Мәселен, тәрбиеші: «Күнге бақылау жүргізген космонавтар аман-есен Байқоңырға қонды» деген үлгіні бере отырып, ойынды бастайды. Балалар бұл сөйлемде ауыстыруға болатын сөздерді: мұхитқа, солтүстік шұғылаға, жұлдызға, тайгаға бақылау жүргізген… деген сөздермен алмастырады («бақылау» объектілерін балаларға тәрбиешінің айтуы мүмкін, ал сөйлемді дұрыс құруға олар өздері күш-жігерлерін салулары керек).
Тәрбиеші ұсынған басқа бір үлгі: «Суретке түсіретін аңшылар аңды байқасымен орман ішінде оның ізімен қолдарына фотокамераларын алып ұзақ жүреді». Балалар сөйлесуде синтаксистік құрылым бойынша аң деген сөзді нақты атаумен алмастырады: «аюдың (бұланның, буғының, жолбарыстың және т. б.) соңынан жүргенде».
Байланыстыра сөйлеуге жаттығу үшін тәрбиеші тақырыпты белгілеп, осы тақырыпты дамытатын бірнеше сұрақ қойып (жоспардың пункттері), балалардың тілін дамытуды ұйымдастыра алады.
Мысалы:
— Самал, (6 жаста) бүгін сені таңертеңгісін Байкал балалар бақшасына шығарып салды ма? Ол көшедегілерге үрді ме? Ол көше бойымен қалай жүреді? Оны бүгін серуендеуге кім алып шықты? (Тәрбиеші, әрине, Самалға бұл сүрақтарды қою үшін, оның семьясындағы жайларды білуі керек.)
Төрт-бес жастағы балаға сұрақтың бәрін бірдей қоймай, бір-бірлеп қойып, оны екеу ара әңгімеге шақыру керек.
Сонымен, сөйлесу әдісі — бұл үйретуші үйренушіні өзінің сөздік қорын орынды пайдалануға және сол арқылы тілін жетілдіре түсуге үйрететін әдіс. Сөйлесу әдісі еліктеу әдісінің тәсілдерімен (нақты объектілерді бақылау тәсілімен, суретке, сөз үлгісіне сүйену тәсілімен, әр түрлі ойын түрлерінің тәсілімен), сондай-ақ әр түрлі сұрақ тапсырма тәсілін қолдану арқылы орындалады.
Сөйлесу әдісін — теориялық материалды берудің бір тәсілі болып табылатын әңгімелесудің мектептік әдісімен шатыстыруға болмайды, сөйлесу әдісі ережесіне қарай практикалық әдіс екендігін аңғарамыз.
Қайталап айту әдісі
Мектепке дейінгі бес-жеті жастағы балаларды, жоғарыда айтылған тілге үйрету әдістерінен басқа, қайталап айту әдісімен де үйретеді, ол балалардың сөзін тілдің барлық компоненттерімен (лексикамен, грамматикалық формалармен, интонациямен) байытатын, олардың байланыстырушы сөздерін жаттықтыратын қайталап айту әдісімен сөйлеуге үйретеді.
Қайталап айту әдісінде тәрбиеші балаларға көркем әдеби шығарманы оқып береді (айтып береді) немесе серуендегенде, экскурсияда болғанда өздері көрген нәрселерді олардың есіне салады, немесе «өз өмірінде болған оқиғаларды» айтып береді (баяндайды), немесе балалар көрмеген әлде бір затты, хайуанатты сөзбен суреттеп айтады, содан соң оларды: 1) тәрбиешінің әңгіме айтуы барысында сұрақ қоюға, 2) оның әңгімесін (өз жолдастарының біріне немесе үйдегі ересек адамдар үшін) қайталап айтып беруге ынталандырып отырады.
Қайталап айту әдісі еліктеу әдісіне ұқсас. Бұл әдістердің арасындағы айырмашылық мынада: тәрбиеші оқып болысымен-ақ текстің кейбір жерін бала қайталайды (еліктейді); жуықта естіген текстің мазмұнын бала мүмкіндігінше айтып береді; баланың тексті .қабылдауы мен оның мазмүнын қайталап айтуы арасында біршама уақыт өтуі қажет.
Балаларды көркем әдебиетпен таныстыруға байланысты методикада қайталап айтудың көптеген тәсілдері бар, мысалы: сүйікті кейіпкерлерін ойнау, ертегілерді, әңгімелерді және т. б. сахнада көрсету.
Құрастыру (әңгімелеп беру) әдісі
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілінде құрастыру (әңгімелеп беру) әдісіне кең дербестік беріледі. Оньң мәні мынада: балалардың ертегілерді өз бетінше «құрастыруын», олардың өз өмірлерінде кездескен нақты жағдайларды әңгімелеп беруін, көркем әдебиеттегі тақырыптарды араластырып айтуын, картинкаларды, нақты объектілерді — заттарды, хайуанаттарды, өсімдіктерді — суреттеуін тәрбиеші көтермелеп отырады.
Тәрбиеші тілі — балалардың сөйлеу тілін дамытудың негізгі көзі. Жас шамасына қарай әр топтағы балалар өз тәрбиешілерімен шаруашылық-тұрмыстық және еңбек іс-әрекетінде қатынас жасайды. Тәрбиеші балалардың ойындарын ұйымдастырады, пгрограммада көрсетілген барлық сабақтарда балалармен сөйлеседі, кітап оқу кезінде балаларды көркем шығармалардың авторларының сөздерімен таныстырады. Демек, балалар тәрбиеленетін мекемелерде тілді дамыту потенциалының мүмкіндігі түгелімен тәрбиешінің сөзінің сапасына байланысты.
Балалар бақшасының тәрбиешісі үшін үлгілі сөйлеу тілін меңгеру — бұл кәсіби даярлығының көрсеткіші. Сондықтан өзінің сөйлеу тілін жетілдіру — болашақ әрбір педагогтың адамгершілік және қоғамдық парызы. Ол кейін балаларға берілетін тілдік дағдыларды жетік меңгеруге тиіс.
Сөйлеу мәдениеті деп оның дұрыстығын, яғни әдеби тіл үшін қалыптасқан дәстүр бойынша орфоэпия, грамматика, лексика, стилистика, дұрыс жазу ережелері нормасына сәйкес келуін айтады.
Сөйлеу мәдениетінің жоқтығы, мәселен: адамның сөздегі дыбыстарды дұрыс айтпауынан, яғни сөздер, қалай жазылса, солай айтуынан;
сөз ;үйлесімін дұрыс құрмауынан;
сөздерді дұрыс мағынасында қолданбауынан;
сөзді, грамматикалық формаларды, интонацияны орнымен қолданбауынан көрінеді: ресми тілде қарапайым сөзді, сырласу кезінде әдеби сөзді кірістіреді, балалармен сөйлескенде айқайлап немесе ашуланып, шыңғырып сөйлесуі, кемсітетін немесе дөрекі ырғақты қолдануы мүмкін, жиналыста шығып сөйлегенде баяу, жылдам, түсініксіз сөйлеуі мүмкін және т. б.
Сөйлеу мәдениетіне ие болу—бұл тілдің барлық элементінің (сөздің, түбірдің, қосымшаның, жұрнақтың, жалғаудың, сөйлемнің әр түрлі типтерінің, ырғақтың) мағынасын түсіну ғана емес, сонымен бірге әдеби тілде оны, қалай қолданатыны не есте сақтау деген сөз.
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін тіл стилі жөніндегі түсінік ең алдымен айтушының белгілі бір мінез-кұлқын талап ететін тілдік этика жөніндегі түсінікпен салыстырылады (жеке адамның сыпайылығы, кісі сыйлағыштығы, қарапайымдылығы, адамгершілігі, мейірімділігі, өзіндік беделі сияқты қасиеттері оның сөйлеу тілінен де байқалады); сонымен қатар баланың стилистикалық түсінігін жетілдіру оыың эстетикалық тәрбиесінің негізгі туралы болып табылады. Демек, сөйлеу стиліне үйрету белгілі бір тәрбиелік міндеттерді қамтиды.