Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2014 в 07:54, курсовая работа
Міндеті: ауыз әдебиетінің салалары арқылы балалардың бойында ұлттық сана-сезім қалыптастыру;
ой-өрісін, дүние танымын кеңейту;
балаларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, ыждағаттылық сезімге баулу.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
І Халық ауыз әдебиетіне сипаттама..............................................................5
1.1 Ауыз әдебиеті түсінігі.................................................................................5
1.2 Мектепке дейінгі жастағы балаларға ауыз әдебиеті үлгілері арқылы әлеуметтік тәрбие берудің маңызы..................................................................6
ІІ Мектепке дейінгі жастағы балаларға әлеуметтік тәрбие беруде
ауыз әдебиеті үлгілерін пайдалану................................................................10
2.1 Жұмбақтар мен жаңылтпаштар, олардың тәрбиелік маңызы................10
2.2 Ертегілер - мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісін, дүние танымын кеңейтудің басты құралы................................................................................17
2.3. Ұлттық ойын – баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы...............................................................................................................25
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................31
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................32
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
І Халық ауыз әдебиетіне сипаттама.....................
1.1 Ауыз әдебиеті түсінігі........
1.2 Мектепке дейінгі жастағы
балаларға ауыз әдебиеті
ІІ Мектепке дейінгі жастағы балаларға әлеуметтік тәрбие беруде
ауыз әдебиеті үлгілерін пайдалану.....................
2.1 Жұмбақтар мен жаңылтпаштар, олардың тәрбиелік маңызы................10
2.2 Ертегілер - мектеп жасына дейінгі
балалардың ой-өрісін, дүние танымын кеңейтудің
басты құралы........................
2.3. Ұлттық ойын – баланың білім-білік
дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы........................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Іздену - зерттеу жұмыстың өзектілігі: Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Заман талабына лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Жас ұрпаққа білім беруді жетілдіру мәселесі толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық.
Балабақшада берілетін
Мектепке дейінгі жастағы балаларға
Халық ауыз әдебиеті халқымыздың ауызекі тарап отыратын мол мұрасы. Халық ауыз әдебиеті талай-талай ғасырлар жемісі. Халық даналығымен туған мақал-мәтелдер, ертегілер, өлеңдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, тұрмыс-салт жырлары адамның қандай болу керектігі, жалпы кейбір ертегілері кісіге қамқор болу көмектесуге даяр тұру, шыншылдық, әділдік, еңбекті сүю, табандылық, кішіпейіл болу, үлкенді сыйлау, ерлік отаншылдық сияқты қасиеттерге үйретеді.
Жалпы мектепке дейінгі білім беретін
мекемелерде балалардың ой-өрісіне, санасына
туған тіліне, халқына деген сүйіспеншілігі
мен мақтаныш сезімін ұялатып қиялдарын
Қазақтың ауыз әдебиеті нұсқалары жас бөбектердің ой-өрісін, дүние танымын кеңейтеді. Оларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, ыждағаттылыққа, туған өлкеге сүйіспеншілік сезімге баулу ісінде шешуші орын алады.Нелер жауыздық, зұлымдық жасаушылар, ел арасын арандататын алаяқ қулар т.б. халық ертегісінде жиіркенішті түрде орын алған. Оларға халық өз арасынан шыққан қарапайым адамның ақылы мен қайратын, көпшілік үшін жасаған адал еңбегін қарама-қарсы қояды да, үлгі етеді.
Жұмыстың объектісі: мектепке дейінгі жастағы балалар
Тақырыбы: Халық ауыз әдебиетінің салаларын қолдану арқылы балаларды тілдерін дамыту
Мақсаты: Балабақшада балалардың тілдерін дамытуында ауыз әдебиетінің салаларын тиімді пайдалану
Міндеті: ауыз әдебиетінің салалары арқылы балалардың бойында ұлттық сана-сезім қалыптастыру;
Іздені-зерттеу
жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытынды бөлімнен және пайдаланған
әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспе
бөлімінде зерттеудің көкейтестілігі,
мақсаты, пәні, міндеттері баяндалады.
І Халық ауыз әдебиетіне сипаттама
Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының
айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша
тараған көркем-әдеби
Ауыз әдебиетінің осы өзгешілігі оның әлеуметтік бітімін де айқын сипаттайды. 20 ғасырдың басына дейін көшпелі қоғамда туып, көшпелі қоғамның талап-талғамы мен әлеуметтік қажеттілігіне толық жауап берген ауызша сөз өнері өзінің барлық даму жолдарында айрықша жүк арқалады, көркемдігі мен әлеуметтік-қоғамдық қызметі бойынша ең биік тұғырға көтерілді. Көшпелі қоғам мәдениетінде табан астында туып, тыңдаушысын тәнті етпеген өлеңді, мәнерін таппаған жырды өнер деп танымаған. Осындай тіршілік аясында қалыптасқан ауыз әдебиеті барлық белгілері бойынша классикалық деңгейге көтерілген. Сондықтан да қазақ халқының ауызша сөз өнері отырықшы елдердегі көп өнердің бір тармағы ретінде дамыған фольклорлық шығармашылықтан оқшауланып тұрады.
Көшпелі қоғамда фольклор белгілі бір әлеуметтік топтың ғана шығармашылығы емес, жалпы халықтың ханы мен қарасына, батыры мен биіне, байы мен кедейіне ортақ өнер, әмбеге тиесілі мұра. Бұған себеп күнделікті тіршілікті өнер дәрежесіне, кез келген құбылысты бейнелі де бедерлі жеткізуге дала перзентінің бейім тұруы еді.
Үлкен де, кіші де ауызша өнер дәстүріне дағдыланды, жасынан санасына сіңіріп, соны ғана мойындады. Бүкіл қоғам ауызша өнер мектебі болды. Осыған лайық ауыз әдебиетінің көтерген жүгі де орасан зор еді. Халықтың тарихи зердесі, философиялық ой-түйіндері, педагогикалық тәжірибесі, адамгершілік нормалары, кәсіптік әдебиетке тән көркемдік сұраныстары, театрлық өнерге тиесілі есесі ауыз әдебиетіне жүктеледі.
Қазақ фольклоры біздің заманымызда өткен қоғамдардағыдай дамудың қайнар көзінде, өсіп-өркендеудің ең биік сатысында тұрмағанымен қазір де ұлан-ғайыр әлеуметтік жүк арқалауда. Ұлттың рухани болмысын, мінез-сипатын, тұрмыс-тіршілік тынысын әлі сол фольклор арқылы айна қатесіз танимыз. Еліміздің тәрбиелік, эстетикалық, адамгершілік мұраттарының айқын айғағы, рухани өлшемі де сол фольклордан бастау алады.
Ауыз әдебиеті жанрлық құрамы жағынан да сан-салалы болып
қалыптасты. Тұрмыс-салт өлеңдері (еңбек-кәсіп,
аңшылық, үйлену, жерлеу салты, наным-сенім т. б.),
ертегілер, аңыздар, әпсаналар, мифтер,
эпостық жырлар, тарихи өлең, қара өлең,
лирикалық өлең, өтірік өлең, мақал-мәтелдер,
жұмбақтар, айтыс, шешендік сөздер, жаңылтпаштар,
драмалық үлгідегі шығармалар..
Ауыз әдебиеті табан астынан тыңдаушыға арналып айтылатындықтан (немесе орындалатындықтан) және суырып салып шығарылатындықтан мезгіл жағынан шектеулі болады, яғни әр жолды, әрбір шумақты, бейнелі тіркестерді айтушының ұзақ уақыт ойланып-толғанып отыруына мүмкіндік жоқ. Сондықтан көркем шығарманы алғаш шығарып отырған мезгіл де, оны ауызша орындау уақыты да бұл арада бірдей.Себебі ауызша шығарма тыңдаушы алдында қолма-қол шығарылатындықтан оны жазба әдебиетіндегідей үздік-создық, бірде жылдамдатып, бірде үзіліс жасап, ұзақ ойланып шығаруға мүмкіндік жоқ. Сөйте тұра табан астында шығарылған өлең-жырдың эстетикалық қуаты, нысанаға дөп тиіп жатқан әсерлілігі, өнер ретіндегі өзгешелігі тыңдаушысын қашанда тәнті еткен. Ауыз әдебиеті ауызша шығарылып, ауызша тарайтындықтан шығарманың үнемі өзгеріс үстінде болатындығы заңды құбылыс.
1.2 Мектепке дейінгі жастағы балаларға ауыз әдебиеті үлгілері арқылы әлеуметтік тәрбие берудің маңызы
Халық ауыз әдебиеті – халық шежіресі. А.М. Горький: «Халық ауыз әдебиетін білмейінше, еңбекші халықтың нағыз тарихын білу мүмкін емес», - дегенді. Ауыз әдебиеті ауызша шығарылып, ауызша айту арқылы таралатын болғандықтан, шығармашылық өзгеріске ұшырап отырады.
Қазақ ауыз әдебиеті – талай ғасырлардан
келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына.
Онан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы
бүгінгі заманымыздың өткенін білеміз сол арқылы
бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз.Халық
ауыз әдебиетінен халқымыздың
Қазақтың мақал-мәтелдері болсын, жұмбақ-жаңылтпаштары мен ертегілері болсын – бәрі де балаларды Отанын сүюге, ерлікке, елін қорғауға үндейтіні белгілі.
Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы
ертегілер, батырлық жырлар, өмір тәжірибесінің
қысқаша қорытындысы – мақал-
Сәбилердің ой өрісін дамытуға, қиялын шарықтатып, тіл байлығын молайтуға ауыз әдебиеті үлгілері - ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштардың, халық ойындарының тигізетін пайдасы ұшан-теңіз. Әрине, ауыз әдебиеті үлгілерімен балаларды таныстыру үшін, алдымен оқылатын материалдың көлемін, мазмұнын анықтап алу керек. Материал мәтінінің мазмұны балаларды қызықтыраындай, жалықтырып жібермейтіндей шағын болуы керек.
Халық ұрпақтан-ұрпаққа өзінің қоғамдық, әлеуметтік тәжірибелері мен рухани байлығын қалдыра отырып, сол арқылы қоғамның материалдық және рухани мәденитетінің тарихын да жасайды.
Мұндай сабақтастық жас ұрпақтың өзіне
дейінгі адамзат жасаған
Мектеп жасына дейінгі
Халықтық салт-дәстүр – қоғамның рухани,
мәдени және адамгершілік қарым-қатынасындағы
ең қымбат қазына. Халық үшін тәрбие – тұтас дүние.
Оның мақсаты – адам тәрбиелеу. Балаларға ұлтымыздың
әдет-ғұрыптары мен салт-
Әрбір елдің, халықтың бала тәрбиелеудегі халықтық педагогиканың ғасырлар дәуірінен қалған асыл қазынасы бар. Жас ұрпақ сол ата-мұра өнегесінен күш алып қуаттанады, ізгілік негізі орнығады.
Сол себептен де, халық даналығына оның
ұрпақ тәрбиесінде атқарар
ІІ Мектепке дейінгі жастағы балаларға
әлеуметтік тәрбие беруде
ауыз әдебиеті үлгілерін пайдалану
2.1 Жұмбақтар мен жаңылтпаштар, олардың тәрбиелік маңызы
Мектеп жасына дейінгі баланы айналасындағы қоршаған әлеммен таныстырудың тағы бір құралы ол – жұмбақ. Жұмбақ деген атына қарағанда жұмудан шыққан сияқты. Яғни қолыңды жұмып ішінде не барын айтшы дейсің ғой. Шындығында жұмбақ қолдың жұдырығында жасырынып тұратын зат емес.Ол баланың күнделікті өмірде көріп жүрген жанды-жансыз заттарына ұқсас нәрселерді сипаттай отырып. Сол нәрсенің негізгі қасиетін бүгіп айтпай, баланың зейнін ұштау ойлату, әрбір нәрсенің негізгі белгілері қандай, ол немен салыстыруға болады деген ой елегін көз алдына елестете отыра, қоршаған дүниені бақылап, бағалауға баулитын тәрбиелік қасиеті ерекше.
Жұмбақ – халық ауыз әдебиетінің ең ескі түрінің бірі. Халық ауыз әдебиетін зерттеудің негізін салушылардың бірі – ғалым-жазушы М.Әуезов жұмбақтың өмір танытқыштық, тәлім-тәрбие берерлік маңызын көрсете келіп, былай дейді: «Сырт қарағанда соңғы уақыттарда жазба әдебиеттің күшеюімен қатар, жұмбақ азайған шығар, жаңадан жасалмайтын шығар деген ойлар болушы еді. Анығында, бұл теріс боп шықты. Жұмбақтар қазақ халқының арасында әлі тыңнан туып, молайып, дамып келеді. Олай болса, халықтың жұмбақ деген фольклор қорын жинап басып, тексеріп тану – ғылымдық зор міндет болады».