Мектепке дейінгі жастағы балаларға әлеуметтік тәрбие беруде ауыз әдебиеті үлгілерін пайдалану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2014 в 07:54, курсовая работа

Краткое описание

Міндеті: ауыз әдебиетінің салалары арқылы балалардың бойында ұлттық сана-сезім қалыптастыру;
ой-өрісін, дүние танымын кеңейту;
балаларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, ыждағаттылық сезімге баулу.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
І Халық ауыз әдебиетіне сипаттама..............................................................5
1.1 Ауыз әдебиеті түсінігі.................................................................................5
1.2 Мектепке дейінгі жастағы балаларға ауыз әдебиеті үлгілері арқылы әлеуметтік тәрбие берудің маңызы..................................................................6
ІІ Мектепке дейінгі жастағы балаларға әлеуметтік тәрбие беруде
ауыз әдебиеті үлгілерін пайдалану................................................................10
2.1 Жұмбақтар мен жаңылтпаштар, олардың тәрбиелік маңызы................10
2.2 Ертегілер - мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісін, дүние танымын кеңейтудің басты құралы................................................................................17
2.3. Ұлттық ойын – баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы...............................................................................................................25
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................31
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................32

Вложенные файлы: 1 файл

курсовая ауыз әдебиет.doc

— 189.50 Кб (Скачать файл)

 

     Мектепке  дейінгі мекемелерде ертегі сабақта  және сабақтан тыс уақыттарда да өтіледі.Оқу  жұмысы балалардың жас ерекшелігіне орай жоспарланады. Сәбилер (3-4жас) тобында  ауызша әңгімелеп беру тәсілі қолданылады. Ересек балалар (5-6жас) тобында оқығанды тыңдату мен әңгімелеп беру қатар  жүргізіледі. Мұндағы мақсат – ертегіні ауызекі әңгімелеуге төселдіре  отырып, оқылғанды шыдамдылықпен  тыңдай білуге үйрету.     

Ертегімен таныстырмас бұрын, тәрбиеші балаларға  ертегі айтып беретінін, ертегі деп  не себептен аталатынын түсіндіреді. «Оқиға өте ертеде болған, оқиғаны баяндаушы  да өте ертеде өмір сүрген, сондықтан  ертегілер көбіне «Ерте, ерте, ертеде», деп басталады деп әңгімесін  одан әрі жалғастыруына болады.     

Күннің  екінші жартысында (түскі ұйқыдан  соң) айтылған ертегінің мазмұнын толық  қабылдау және тіл байлықтарын арттыру  мақсатымен түрлі көңіл көтеру ойындарын  өткізуге болады:     

1.Ойыншықтармен  ойын көрсету (қуыршақ театры).      

Ойыншықтар  ойынында ертегінің мазмұны қуыршақтар ойыны тартымды шығуы үшін тәрбиеші көп дайындық жұмысын жүргізеді. Қажетті ойыншықтар алдын – ала  дайындалады, ойыншықтардың тартымды, сәнді болуы ескеріледі. Ертегі бойынша  қажетті ойыншық бөлек бір  үстелге қойылады. Беті орамалмен  жабылады.Екінші үстелге тәрбиеші рет-ретімен  қойып көрсетіп, ертегіні мазмұндап  береді. Ал ересектер тобы мен мектепке даярлайтын топтың балалары ертегінің  мазмұны өздері айтып бере алады.

  1. Көлеңке театры (теневой театр).

 

     Ертегінің мазмұнын көлеңке театры арқылы көрсетуден бұрын оқиғаға қажетті көріністі бейнелейтін суреттер алдын ала картон қағаздан қиылып жасалынады.Олар қара бояумен боялады, сөйтіп оқиғаның ретімен төрт бұрышты кергішке керілген дәкенің сыртынан көрсетіледі.

  1. Ертегіні драмалау.

 

     Оған  ересек және мектепке даярлайтын топтың балалары қатысады. Өздерінің қалаған  ертегісін кейіпкерлендіреді –  сөзін жатқа айта отырып, өзі қалап  алған кейіпкерлерінің мінез-құлқын, іс-әрекетін беруге тырысады. Қажетті  костюм жасауға көмектеседі.     

Алдын ала магнитофонға жазылып алынған  ертегіні тыңдатуға болады. Магнитофонға радио арқылы берілетін ертегілер, көркем сөз шеберлерінің оқыған, тәрбиешілердің айтқан ертегілері жазылады.     

 

 

 

 

 

 

 

Ертегі  сабақ     

(мектепке  даярлық тобы)      

Кіріспе бөлім:

«Шаттық шеңбері» (балалар ортаға шеңбер құрып  тұрады)

-Армысың,  қайырымды алтын күн!

- Қайырлы  таң балалар.

- Жарқырады  күніміз.

- Қайырлы  таң балалар.

- Әлемде  болсын тыныштық.

- Қайырлы  таң балалар.

- Жайнай  түсті даламыз

- Аман  ата-анамыз

Тәрбиеші:

- Балалар,  бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде ертегілер еліне саяхат жасаймыз. (балаларды ертегілер көрмесіне шақырады)

- Өтілген  қандай таныс ертегілерді білеміз, есімізге түсірейікші.

Балалар:

  • «Қасқыр мен түлкі»
  • «Аңқау аю»
  • «Ұр тоқпақ»
  • «Қарлығаш пен дәуіт»
  • «Арыстан мен түлкі»
  • «Жыл басына таласқан хайуанаттар»
  • «Төлдер айтысы»

Тәрбиеші:

  • Өте жақсы, олай болса бүгін біз «Төлдер айтысы» ертегісін сахналайық
  • Қане есімізге түсірейікші, ертегіде қандай кейіпкерлер бар еді........
  • Кім қай кейіпкердің рөлін ойнауды қалайды? (балаларға кейіпкердің киімін кигізеді)

Негізгі бөлім:

(музыка  ырғағы ойналады және әр кейіпкер  сөйлеген сайын үнтаспадан дыбыс шығарылып әуенмен сүйемелденеді)

Тәрбиеші: (автор)

- «Ертеде  шөбі шүйгін, мөлдір бұлақтың басында жиналған төлдер иеміз қайсымызды жақсы көреді?» - деп бір-бірінен сұрасты

Сонда лақ тұрып:

1-бала:  Ешкі қойды бастаған,            

 Қойды артына тастаған.            

 Ешкі деген жануар,            

 Сойса саны қалақтай            

 Сауса сүті бұлақтай 

Адамдар біздің сүтімізді ішіп, түбітімізден киім жасайды.

Адамдар мені жақсы көреді (мә-мә-мә)

Сонда құлын тұрып:

2-бала: Лақ сен босқа мақтанба            

 Қоғалы көлді жайлаған            

 Қоғаның басын шайнаған            

 Қашқанға жетпей қоймаған            

 Ер қанаты өзің деп            

 Ер қуанып айдаған.

Біздің  етімізден қазы-қарта, шұжық жасайды, қымыз алады. Адамдарды алыс-алыс ауылдарға жеткіземін.

Адамдар мені жақсы көреді. (жылқыша кісінейді)

Сонда бұзау тұрып:

3-бала: Сендер босқа мақтанбаңдар            

 Адам тіршілігіне ең қолайлысы  мен

Бізден шелек-шелек сүт            

 Қарын-қарын май, ірімшік алады            

 Иемізге бізден пайдалы түлік  жоқ            

 Иеміз бізді жақсы көреді  (мө-мө-мө)

Сонда қошақан тұрып:

4-бала: Сендер босқа мақтанбаңдар            

 Иеміз бізді жақсы көреді              

 Адамдар киетін киім-кешектер            

 Маталар, үйдегі төсеніштер            

 Біздің жүнімізден алынады            

 Бізден пайдалы түлік жоқ, - дейді

Еш  сөйлемей, мыңқиып  отырған бота тұрып:

5-бала:

Бәріңнен  де иеміз бізді жақсы көреді 

Бізден  алатын шұбаттың емдің қасиетін білесіңдер ме?

Оған  еш нәрсе жетпейді.

Тәрбиеші: Төлдерім, сендер босқа таласпаңдар, әрқайсысыларыңның өз орындарың бар, адам үшін бәрің де керексіңдер. Менде сендерге ризамын.

Сергіту сәті:

  • Балалар мен сендерді кең жайлаудың төсіне серуендеуге шақырамын, бойымызды жазып алайық.
  • Ұзын мойнын қашыққа, бұрып-бұрып жүреді, маң-маң басқан түйені, кім көрсете біледі?

Бала: түйе  былай жүреді, оны бәрі біледі. (түйенің жүрісін көрсетеді, балалар шеңбер бойымен жүре сол жүрісті қайталайды, әуеннің сүйемелдеуімен)

Тәрбиеші: Шайқап екі мүйізін, қара мұның айласын

Бұзау қалай жүреді, кім көрсете біледі?

Бала: бұзау былай жүреді, оны бәрі біледі. (бұзаудың жүрісін көрсетеді)

Тәрбиеші: Секең-секең лағым,                 

 Селтеңдейді құлағың                 

 Лақ қалай жүреді.       

 Кім көрсете біледі?

Бала: лақ былай жүреді, оны бәрі біледі. (лақтың жүрісін көрсетеді)

Тәрбиеші:  Қамбар ата өсірген,                  

 Құлыншағым қайдасың?                  

 Құлыншақ қалай жүреді,                  

 Кім көрсете біледі?

Бала: құлыншақ былай жүреді, оны бәрі біледі. (құлыншақтың жүрісін көрсетеді)

Тәрбиеші: Аппақ қана сүті бар,                 

 Шағаладай құрты бар                 

 Шопан ата баласы                 

 Қошақаным қайдасың?                 

 Қошақан қалай жүреді,                 

 Кім көрсете біледі?

Бала: қошақан былай жүреді, оны бәрі біледі.(қошақанның жүрісін көрсетеді)

Тәрбиеші: Төрт түлік туралы мақал-мәтел білесіңдер ме?

Бала:  «Мал өсірсең – қой өсір,           

 Өнімі оның көл-көсір»

Бала: «Мал төлімен жарасты,          

 Жер гүлімен жарасты»

Бала: «Жылқы – малдың патшасы,          

 Түйе – малдың қасқасы»

Тәрбиеші: - Балалар, кім төлдер жайлы жаңылтпаш біледі?

Бала: Түйе маған шұбат берді,          

 Шұбат маған қуат берді.

Қорытынды:

  • Балалар, сендер бүгін барлықтарың да үлкен еңбек еттіңдер. Төрт түлік мал еңбек еткен адамның ғана қарнын тойғызады, азығын сыйлайды. Мен сендерге ризамын.Сендердің балалық шақтарың ертегідегідей достықта, әділдікте, тыныштықта өтетініне сенемін.
  • Оқу іс-әрекетінің соңында балалар «Ертегілер» әнін орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Ұлттық ойын – баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы.      

Қазақ ауыз әдебиетіндегі, әсіресе, балалар  фольклорын дамытушы негізгі бір  сала – балалар ойыны. Ойын –  балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті  алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың  көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады.      

Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік  қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз  – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.     

Ойын  – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп  бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады.     

Ойын  мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстарды ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда болашақ қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді.     

Халық жасаған мұралар сан алуан. Аға  ұрпақ өз білгенін, өз көкейіне тоқығанын  кейінгі буынға мирас етіп, іс-әрекет үстінде көзін қанықтыра беруден  бастаған. Солардың бірі – ұлт ойындары халықтың сәби шағымен бүгінгі өскелең  дәуірінің куәсі ретінде, адам баласының  фантазиялық ой-жүйесінің заңды  жалғасы ретінде оны үйретудің  тәжірибеде пайдаланудың үлкен білімділік, тәрбиелік маңызы бар.     

Ұлттық  мұраның бай қазынасының бірі – халықтың ұлттық ойындары көп  салалы, көп қырлы құбылыс, ол тек  ойындық сала емес, мәні жағынан  да балабақша тәрбиеленушілерінің  рухани өресі кең өсіп – жетілуіне, эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелейтін негізгі құралдардың  бірі.     

Ұлттық  ойын баланың дамып жетілуіне, адамгершілік қасиеттерінің артуына, психикасына  да тигізетін әсері мол. Ұлттық ойындар  арқылы өз халқының тарихын, жерін, даму сатысын, әдеп-ғұрпын, салт-дәстүрін, қонақжайлығын  айқындап көруге болады.Ұлттық ойындары балаларға үйретуде тек олардың  өмірі туралы мағлұмат беруге болады. Балаларға ұлт ойындарын үйрету арқылы әділеттілікке, достыққа, сыйластыққа, кішіпейілдікке, яғни адамгершілік қасиеттері дамиды. Басқа да ойындар сияқты қазақтың ұлттық ойындарындағы бұлжытпай орындауға тиісті тәртібін баланың ойын барысында сақтауы, баланы осы кезден бастап тәртіпке, әділдікке, жинақылыққа баулиды, адал, қайырымды, батыл, өжет болуға тәрбиелейді.      

Ойынның балаларды тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Ойын арқылы тапқырлық, шапшаңдық, мергендік, еңбек сүйгіштік сияқты қасиеттермен қатар, ақыл-ой тәрбиесі де жүзеге асырылады.      

Н.К.Крупская «Ойын балалар үшін – айналадағы өмірді танып білу құралы» десе, А.С. Макаренко «Балалар ойында қандай болса, өскенде еңбекте де сондай болады» деген.     

Әншіл сауықшыл қазақ халқы адамның  ой-өрісін кеңейтетін, орталық жүйке  жүйесін шынықтандыратын, өмірге қажетті  ауызекі есепке төселдіретін, ұстамдылыққа, шығармашылық еңбекке дағдыландыратын  тамаша ойындарға аса бай.     

«Ойын ойнап, ән салмай өсер бала бола ма»  деп, балалар табиғатын, ойынның  балалар тәрбиесіндегі алатын орнын  жақсы білген халқымыз балаларға  икемдеп «Санамақ», «Тәй-тәй», «Ақ  серек, көк серек», «Қуыр-қуыр-қуырмаш», «Соқыр теке» ойындарын ойлап  тапқан. Аталған ойындарда ауыз әдебиетінің  үлгілері пайдаланылған.     

Ойындарды ойнаудың тәртібі төмендегідей.      

Қуыр-қуыр-қуырмаш      

Оң  қолдың бес саусағын бір жерге  түйістіреді де, сол қолмен оны  бүркемелеп, қапсыра ұстайды. Содан  соң екінші балаға:

  • Ортаңғы саусағымды тапшы, - дейді.

 

     Екінші  бала қарап байқап отырады да, міне – деп, бір саусақтың басынан  шымшып ұстап тұрады. Егер екінші бала жасырушының ортаңғы саусағын дәл  тапса, ұпайды бірінші бала тартады, таба алмаса, екінші бала тартады. Бірақ  ұтқан бала ұпай алу үшін мына ережелер мен сөздерді жақсы білуі керек.

  1. Бас бармақтан бастап шынашаққа дейін саусақтардың бір рет атын түгел атап береді: бас бармақ, балалы үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек. 5 саусағын түгел жұмады. Тағы да бас бармағынан бастап, былай деп 5 саусақты түгел жазады.

 

      Сен тұр, қойыңа бар.                                  Сен тұр, жылқыңа бар.       

Сен тұр, түйеңе бар.                                   Сен тұр, сырыңа бар.

Сен, кішкентай, әлі жас екенсің, қазанның қаспағын же де, жыламай отыра тұр.      

Енді  осы шынашақтың өзін алақан шұңқырына  бүгіп тұқырта ұстайды да:

Қуыр-қуыр-қуырмаш,                                    Әжең келсе есік аш.

Тауықтарға  бидай шаш.                                 Қасқыр келсе мықтап бас, -

деп шынашақты  шыр айналдырып, баланың алақаны  қытықтайды. Осыларды істеп бола берін:

  • Мына жерде қой бар, - деп білегін түртеді.
  • Мына жерде жылқы бар, деп, білектің жоғары жағын түртеді
  • Мына жерде түлкі бар, - деп қолтығына таман барады да, тездете түсіп:
  • Мына жерде күлкі бар, - деп сәл ғана қытықтайды.
  • Қытық, қытық!

Информация о работе Мектепке дейінгі жастағы балаларға әлеуметтік тәрбие беруде ауыз әдебиеті үлгілерін пайдалану