Мектепке дейінгі жастағы балаларға әлеуметтік тәрбие беруде ауыз әдебиеті үлгілерін пайдалану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2014 в 07:54, курсовая работа

Краткое описание

Міндеті: ауыз әдебиетінің салалары арқылы балалардың бойында ұлттық сана-сезім қалыптастыру;
ой-өрісін, дүние танымын кеңейту;
балаларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, ыждағаттылық сезімге баулу.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
І Халық ауыз әдебиетіне сипаттама..............................................................5
1.1 Ауыз әдебиеті түсінігі.................................................................................5
1.2 Мектепке дейінгі жастағы балаларға ауыз әдебиеті үлгілері арқылы әлеуметтік тәрбие берудің маңызы..................................................................6
ІІ Мектепке дейінгі жастағы балаларға әлеуметтік тәрбие беруде
ауыз әдебиеті үлгілерін пайдалану................................................................10
2.1 Жұмбақтар мен жаңылтпаштар, олардың тәрбиелік маңызы................10
2.2 Ертегілер - мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісін, дүние танымын кеңейтудің басты құралы................................................................................17
2.3. Ұлттық ойын – баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы...............................................................................................................25
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................31
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................32

Вложенные файлы: 1 файл

курсовая ауыз әдебиет.doc

— 189.50 Кб (Скачать файл)

«Соқыр  теке»

(Халық  ойынының ізімен)     

Бұзау,                                       Құнан дөнен, бесті бар,     

Бота,                                         Малдың жасын айыра біл.     

Құлыншақ,                               Естіп ал!     

Тоқты,                                      Бұқа,     

Серке,                                       Айғыр,     

Торпақ,                                     Қошқар,     

Тана,                                         Теке бар.                 

 Сүзегенсің, тентек теке, жеке қал.                

 Көзін байла, теке-теке «бақ-бақ»,                

 Соқыр теке қайдан бізді таппақ.     

Ойын  тәртібі: ойнайтын балалар қатар-қатар  тұрады. Ойын басқарушы қатар тұрғандардың әрқайсысын жоғарыда көрсетілгендей мал  атымен атап шығады. Ең соңғы аталған  бала «Тентек теке» болады. Ойын кең бөлмеде немесе далада да ойналады. «Соқыр теке» ойыны далада ойналғанда дөңгелек сызық сызылады. Балалар  осы сызықтан шықпауы керек. Ойын басқарушы ортаға көзі таңылған «Тентек  текені» шығарады. Содан кейін  балалар:     

«Соқыр  теке бақ-бақ,     

Бізді қайдан таппақ», -

деген өлеңдерді бірден бәрі қосыла айтады. Өлең айтылып болысмен, шеңбердің  ортасында қалған «Соқыр теке» балаларды  ұстауға ұмтылады. Бірақ бұл кезде  ойнаушылардың шеңберден шығып  кетпеуі қатты қадағаланады.      

«Соқыр  текені» ұстаған бала оның орнына тұрады. Ойын қайта басталады.     

Ойын  баланың көңілін өсіріп, бойын  сергітіп қана қоймай, оның өмір құбылыстары  жайлы таным-түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып  жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті  үйренеді. Оның үстінде дене қимылы арқылы өзінің денсаулығын нығайтады. Халқымыз ойындарға тек балаларды  алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай оларды көзқарасының, мінез - құлқының қалыптасу  құралы деп ерекше бағалаған.     

Балалар ойынында кейде  өлең-тақпақтар жиі  кездеседі. Ол өлең-тақпақтардың негізгі  мақсаты тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ептілікке баулу, қиялына қанат  беріп,ойын ұштау, өз бетімен іскерлікке, қысылған жерде дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелеу. Бұған қоса кез-келген ойынның  аяғында жеңу бар да, жеңілу бар. Жеңгендер әрі қарай өз биігінде қалуға тырысса, жеңілгендер айып тартады. Ол көбінесе тақпақ айту, ән салу, би билеу  түрінде болады. Бұдан қай ойынның  да түпкі нысанасы - балалардың бойында өнердің, білімнің, тәрбиенің нұрын себу, өлең, тақпақ айтуға төселдіру екенін аңғару қиын емес.

Жалпы ойынның қандай түрі болмасын, атадан балаға, ұрпақтан- ұрпаққа ауысып отырады. Халық ойындары өмірлік қажеттіліктен  туады да, психологиялық жағынан  денсаулық сақтауға негізделеді. Тапқыр да алғыр, шымыр да епті, қайратты да қажырлы бала өсіруді армандамайтын  отбасы жоқ. Демек ойынның өзі  бала үшін біліктің, тәлімнің қайнар көзі болып табылады. Балаларға  ұлттық ойындарды үйретіп, оған өзгеше әр беріп, жаңартып  өткізіп отыруды ата-аналар, тәрбиешілер бір сәт те естен  шығармағандары абзал. Өйткені жас  бүлдіршіндер ойнай да, күле де, ойлай да білсін!  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
 ҚОРЫТЫНДЫ      

Қазіргі кезде елімізде болып жатқан өзгерісте мектепке дейінгі мекемелерде біршама жаңалықтар енгізіп отыр. Балабақшада тәрбиелік жұмыстар көптеп жүргізілуде. «Халық айтса қалт айтпайды» демекші тәрбие басын тал бесіктен бастағанның өзі де еліміздің ертеңін ойлаған яғни, атадан балаға жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптарымызды, салт-дәстүрімізді, тілімізді, дінімізді қадірлеу, балаға сәби кезінен қалыптастырған жөн.      

Бүгінгі жас жеткіншектердің бойында халқымыздың ғасырлар бойы қастер тұтып келген ар-намыс, ождан, ата-мекені мен ана тіліне сүйіспеншілік, әдет-иба, қайырымдылық, үлкенді, ата-ананы құрметтеу қасиеттерін дамыту. Сондықтан ұрпақ тәрбиесі жайындағы озық ұлттық мұраны бүгінгі тәлім-тәрбие жұмысына енгізуді аса маңызды міндет деп қарастыру қажет.           

Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі  бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында  саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.      

Еліміз  егемендік алып, өз мәртебесі биіктей  түскен шақта ең алғашқы алға қояр міндеттің бірі – ол бала тәрбиесі – еліміздің болашағын жалғастырушы ұрпақ тәрбиелеу.  Ал, сол жас  ұрпаққа тәрбие беретін бүгінгі  тәрбиеші – мамандар тәрбиелеу мен  білім берудің жаңаша жетілдірілген  әдіс-тәсілдерін іздестіріп, күнделікті жұмыс барысында жаңашыл бағыттар қарастырып, оны өздерінің іс-тәжірибесінде  қолданып отырса, бала тәрбиесі алға басары сөзсіз. Ол үшін қазіргі заман талабына сай халқымыздың түпкі тәрбие бағытын негізге ала отырып жаңашылдыққа жаршы болу, ұтымды әдіс-тәсілдерді пайдалануы қажет. 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Молдагаринов А. «Казахские детские игры»  Алма-Ата  «Жалын» 1987
  2. Төтенаев Б.«Қазақтың ұлттық ойындары»  Алматы «Қайнар» баспасы 1994 ж.
  3. Әмірова Ә. «Дәстүрлі тәрбие» Әдістемелік құрал.-Алматы:Арда, 2006
  4. Жарықбаев Қ. «Қазақ тәлім-тәрбиесі» Алматы,  Мектеп,1995.
  5. Меңжанова А. «Мектеп жасына дейінгі балаларды көркем әдебиет арқылы тәрбиелеу», Алматы, Мектеп 1987ж
  6. Жұмабаев М; « Педагогика», Алматы 1994ж
  7. Ядошко, Сохин «Мектеп жасына дейінгі педагогика», Алматы , Мектеп 1982ж
  8. Әлімбаев  М., Баянбаев  Қ. «Шынашақ»  Алматы «Балауса» 1992 ж.
  9. Бала мен балабақша журналы, №3,8, 2010ж     №1,5,2011ж
  10. Отбасы және балабақша журналы, №9, 12, 2010
  11. Қазақстан мектебі №12, 2008ж.
  12. Бастауыш мектеп №8, 2004ж., 1-64: Алматы
  13. «Қазақстан мектебі» журналы № 9-10 2005 ж.
  14. Еңсепов Ж. «Тәрбиенің қайнар бұлағы» Зерде  №5. 2003 ж.
  15. Бала мен балабақша журналы№1,5,2011ж
  16. Бастауыш мектеп №6 2007 ж,  №9  2004ж
  17. Тәрбие құралы №3 2007ж
  18. Отбасы және балабақша №3 2001 ж
  19. Білім (образования) №5 2007ж
  20. Ә.Табылдиев. Қазақ этнопедагогикасы. - Алматы: 2001.
  21. Б.Баймұратова. Отбасындағы баланы мектепке дайындау. - Алматы: Шартарап. - 2000.
  22. Қалиев «Қазақтың тәлім-тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық негіздері» Алматы: Алматы кітап – 2003 ж
  23. С. Қалиев « Тәрбие хрестоматиясы» Алматы: Алматы кітап – 2004 ж

 

  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
 

 


Информация о работе Мектепке дейінгі жастағы балаларға әлеуметтік тәрбие беруде ауыз әдебиеті үлгілерін пайдалану