Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2014 в 15:52, курсовая работа
Зерттеудің өзектілігі. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің басты міндеті – баланың жеке басының дамуын жан-жақты жоғары деңгейде қамтамасыз ету. Өйткені осы кезеңде баланың бұдан кейінгі бүкіл өміріне негіз болатын жеке тұлғалық қасиеттері, психикалық өзіндік ерекшеліктері қалыптасады.
Көптеген педагогтардың бақылауынша, оқуға үйренбеген бала, ойлау іс әрекетінің тәсілдерін меңгермегендіктен көп жағдайда үлгермеушілер қатарына қосылып, оның әрі қарайғы дамуына көптеген кедергілер туындайды.
Кіріспе
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауын дамытудың психологиялық негізі
1-бөлім. Мектепке дейінгі жастағы балалар ойлауының дамуының теориялық зерттеулері
1.1 Ойлау қызметінің қалыптасу мәселелері бойынша шетел және отандық зерттеуші ғылыми еңбектеріндегі тұжырымдар.
1.2 Мектепке дейінгі жастағы балалардың таным процесі ретінде ойлаудың өзіндік ерекшеліктері.
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау процесі дамуының негізгі критерийлері.
2-бөлім. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауының дамуын қалыптастыру механизмдері.
2.1 Мектепке дейінгі жастағы балалардың ойлауын ойын арқылы дамыту жолдары
2.2 Мектепке дейінгі кезеңдегі бала ойлауының дамуына тәжірибе жүргізу
2.3 Ойлаудың даму жолдары (коррекциялық ойындар мен жаттығулар)
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Қосымшалар.
Баланың ойлау ерекшеліктерін жас кезеңдеріне байланысты зерттеулер, бұл жөніндегі ғылыми негізделген түсініктердің қалыптасуына ХІХ ғасырдың ортасындағы сезім мүшелерінің физиологиясы саласындағы экспериментальды зерттеулер үлкен әсерін тигізіп зерттеу шаралары қарқынды жүре бастады. Ойлау мәселесі туралы негізінде өз тұжырымдамаларын ұсынған зерттеуші ғалымдар бірнеше бағытқа бөлінді. Олардың ішінде Ж.Пиаженің балалар интеллектісін және оның қалыптасу этаптары тұжырымдамасы бұдан кейінгі көптеген зерттеу жұмыстарына негіз бола алды. Бұнда ол интеллектінің сенсомоторлы дамуы операциялауға дейінгі ойлау, нақты және формальды операциялар кезеңдерін көрсетеді. Сондай-ақ, отандық зерттеушілердің бірі П.Я.Гальперинің ойлау әрекетін жоспарлы түрде қалыптастыру теориясы, Л.С.Выготскийдің концепциясы мен бұл процесте зерттеу әдістемесі бұл саланың ғылыми тұрғыдан дамуына зор ықпал етіп, ойлау процесінің, әсіресе кіші мектеп кезеңіндегі ойлаудың даму ерекшелігі мен оның мазмұнын жеткізіп дәлелдеді. Мектепке дейінгі жастағы балалардың ойлау қабілеттерін қалыптастыру мәселесі әлі де зерттелу үстінде.
1.2 Мектепке дейінгі жастағы балалардың таным процесі ретінде ойлаудың өзіндік ерекшеліктері
Мектеп өмірінің мектепке дейінгі жастағы балалардың кезеңі қазіргі уақытта 3-4 жастан 5-6 жасқа дейінгі жас ерекшелік диапазонын қамтиды. Бұл кезеңде баланың жүйелі оқуын қамтамасыз ететін физикалық және психофизикалық дамуы жүріп жатады. Ең алдымен, жүйке жүйесі, бас миының жұмысы жетіле түседі. Физиологтардың айтуынша, 6 жасқа қарай үлкен жарты шар қыртысы едәуір жетіледі. Бірақ қыртыстың реттеуші функциясының жетімсіздігі бұл жастағы балалардың әрекетінен, эмоциясының ұйымдастырылуынан байқалады: мектеп жасына дейінгі балалардың ұзақ уақыт зейінін тоқтата алмайды, өте қозғыш, эмоционалды. Мектеп жасына дейінгі кезеңінде түрлі балаларда психофизиологиялық дамудың бірдей еместігі байқалады. Сондай-ақ ұл балалар мен қыз балалардың дамуында қарқынды өзгерістер болады.Көп жағдайда қыз балалар ұл балаларға қарағанда неғұрлым алдыда. Бұл туралы кейбір психологтар (келесі қорытындыға келеді) негізінде мектеп жасына дейінгі кезеңінде «бір партада әр түрлі жастағы балалар отырады» деп қорытынды жасайды. Мектепке дейінгі ұйымдарда оқудың басталуы баланың дамуындағы әлеуметтің жағдайының түпкілікті өзгеруіне әкеледі. Ендігі уақытта ол «қоғамдық» субъект бола бастайды және әлеуметтік мәні бар, орындалу нәтижесіне қоғамдық баға берілетін міндеттерді мойнына ала бастайды.
Мектепке жасына дейінгі кезеңінде негізгі әрекет ойын әрекеті болып табылады. Ойын әрекеті осы кезеңдегі балалардың психикалық дамуының негізгі өзгерістерін анықтайтын болады. Ойын әрекетінің негізінде балалардың дамуындағы маңызды жетістіктермен белгіленетін психологиялық жаңа құрылымдар қалыптасады. Ал жаңа құрылымдар келесі жас кезеңінің қалыпты дамуын қамтамасыз ететін іргетас болып есептеледі.
Мектепке дейінгі жастағы балалар кезеңінде қоршаған орта адамдарымен қарым-қатынастың жаңа типі қалыптаса бастайды. Үлкендердің шартсыз беделі төмендей түседі де, бала үшін оның құрбыларымен қарым-қатынасы жаңа маңызға ие болады.
Осылайша, мектепке дейінгі жастағы балалардың орталық жаңа құрылымдары келесі факторларды құрайды:
- іс-әрекет және әрекетті
- рефлексия, анализ (сараптау), әрекетті іштей жоспарлау;
- сыртқы орта заттары мен құбылыстарына жаңа танымдық қатынастың дамуы;
- құрбы-құрдас топтарына
Э.Эриксонның концепциясы бойынша, 2-5 жас аралығы балаға еңбек сүйгіштікке бағытталған еңбек өміріне тартуды қамтамасыз ететін жүйелі білім мен дағдыны беру кезеңі болып табылады.
Маңызды жаңа құрылымдар психикалық дамудың барлық сфераларында көріне бастайды: интеллект, жеке тұлға, әлеуметтік қатынас жаңа өзгерістерге ұшырайды. Бұл процестегі ойын әрекетінің негізгі ролі мектеп жасына дейінгі балалардың басқа да іс-әрекетке қатысатындығын жоққа шығармайды. Барлық таным процестерінің түрлі іс-әрекетпен айналысуының нәтижесінде жалпы ерекшеліктері олардың (таным процестерінің) шарттылығы, өнімділігі және тұрақтылығымен анықталуы тиіс.
Л.С.Выготскийдің пікірінше, мектеп жасына дейінгі балалардың жасының ерекшелігі болып олардың іс-әрекет мақсаттары көбінесе үлкендер тарапынан қойылатындығында. Баланың нені істеуге болады, нені істеуге болмайтындығын, қандай тапсырманы орындау керек, қандай ережеге бағыну керектігін тәрбиешілер және ата-аналар анықтайды. (9,68) Бұл типтегі жағдаяттардың бірі – баланың белгілі бір нұсқауды немесе тапсырмаларды орындауы. Берілген тапсырманың негізін, маңызын, меңгермегендіктен тіпті үлкеннің тапсырмасын орындауға құлшыныспен кіріскен баланың өзі тапсырманы орындай алмайды, бастапқы қызығушылығын жоғалтады немесе оны мезгілінде орындауды ұмытып кетеді. Балаларға тапсырма беруде белгілі ережелерді орындаған жағдайда ғана бұндай қиыншылықтардан айналып өтуге болады.
Я.Л.Коломинскийдің есептеуінше, егер баллада 4-5 жасқа қарай өз қатарластарының бірімен достық қарым-қатынас орнайтын болса, онда бала құрбысымен әлеуметтік қатынас орната алады, орнатылған қатынасты ұзақ уақыт жалғастырады және қарым-қатынас ол үшін керек әрі қызықты 4 пен 5 жас аралығында бала дос деп, өзіне көмектесетін, өтінішін орындайтындарды санайды. Баланың біртіндеп мектепке дейінгі ұйымдағы шындығын меңгере бастауына қарай, онда қатарласындағы өзіндік қатынастардың жүйесі қалыптаса бастайды. Бұл жүйенің негізін эмоционалды қатынастар құрайтын болады.(35,199)
Көптеген отандық психологтардың зерттеулерінде үлкендердің баладағы өз әрекет қылығын өзбетімен басқара алу қабілетін қалыптастырудың маңызды шарттарын айқындайды. Ол шарттарды келесідегілер көрсетеді:
1) балада жеткілікті түрде күшті және ұзақ жасалатын әрекет-қылық мотивінің болуы;
2) шектеулі мақсаттың енуі;
3) меңгерілетін әрекеттің
4) әрекет қылықты меңгеруде тірек болатын сыртқы құралдардың болуы.
Ал баланың шартты әрекет қылығының дамуының негізгі болып үлкендердің араласуы, олардың дұрыс бағыт беруі табылады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетін меңгеруіне қарай оның психикасының жаңа әрі маңызды қасиеттері қалыптасады.
Тәрбиешілердің жетекшілігімен жұмыс істеу, ұжымдағы өмір, өзінің әрекет-қылығын арнайы талаптарға бағындыру қажеттілігі психикалық процестердің ерекше қасиеті болып табылатын шарттылықтың дамуына әсерін тигізеді. Оқу міндеттерін шешу барысында, мектепке дейінгі жастағы баланың алдында өз әрекетінің нәтижесін аңғару, олардың тәртібін жоспарлау, мақсатқа жетудегі түрлі құралдарды көздеу қажеттілігі туындайды.
Бұл тек қана әрекетті іштей жоспарлау мен орындай алу қабілетінің дамуында ғана мүмкін болады.
Әрі қарай оқу барысында үнемі әрекетін сараптау, бағалау дағдысының болуы керек. Әрекет нәтижелі болды ма, міндетті шешуде олардың көмегімен болды ма деген мұқтаждарға жауап іздеу дағдысының болуы әсіресе мектепке дейінгі жастағы бала үшін өте маңызды. Бұндай дағды «өзіне-өзі сұрақ қою» рефлексияның негізінде жатыр. «Өзіне-өзі сұрақ қою» рефлексиясының теориялық ойлаудың болуы мүмкін емес.
Шарттылықтың, әрекетті іштей жоспарлау және рефлексия сияқты психологтардың айтатын мектеп жасына дейінгілердің жаңа құрылымдары негізгі психикалық процестер: оның қабылдауы, қиялы, есі, ойлауын жаңа сәулемен нұрландырғандай болады. Бұл психикалық процестердің дамуы олардың шарттылығының, басқарылатындығының, саналылығының өсу белгісімен жүзеге асып жатады. Мектепке дейінгі ұйымдағы жүйелі оқытудың басталуымен балаға берілетін ақпарат ағымы және оны өңдеу қажеттілігі өрши түседі.
Білімді меңгеру мүмкіншілігі жүйке жүйесінің дамуына сүйенеді. Баланың психикасының саулық ерекшелігі – танымдық белсенділігі. Білуге деген құштарлық қоршаған дүниені тануға бағытталады. Ойнай отырып себеп-салдарлық байланыс пен тәуелділікті орналықси иеледі. Не нәрсенің суға бататынын, ненің батпайтынын ол өзі біле алады. Қоршаған орта туралы онда сансыз сұрақтар туады. Ойлауы жағынан бала неғұрлым белсенді болса, соғұрлым сұрақтарды да көп қояды.
Балада білуге деген талпыныс білімді меңгеру «неге?», «қалай?», «неліктен?» деген сұрақтар арқылы жүзеге асады. Ол түрлі жағдаяттарды елестейт, сұрақтарға жауапты мүмкін болатын жол арқылы табуға тырысады. Мектеп жасына дейінгі бала кейбір міндеттерді шешуде, өзіне шақтап, дәлдеп шешуге тырысады. Ол өзіне шындықтағы жағдаятты елестетіп, өз қиялында әрекет еткендей болады. Бұндай ойлау – көрнекі - бейнелі ойлау деп аталады. Бейнелі ойлау – мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауының негізгі түрі болып саналады. Әрине, ол жеке жағдайларда логикалық түрде ойлайды. Бірақ бұл жас кезеңі көрнекілікке сүйенетін оқытуда сензитивті кезеңі. Ғылыми білімді меңгерудегі сөз-логикалық ойлау, танымдық процестердің барлығын қайта жасайды: «бұл жаста ес талқылаушы, ал қабылдау – ойлаушы бола бастайды» (Мурчаковский Н.И. Типы неуспеваемости школьников «Советская педагогика», 1955 № 7). Сондай-ақ мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауы эгоцентризммен ерекшеленеді. Бұл түрлі проблемалы жағдаяттарды шешуде қажет білімнің жоқтығымен шарттас ерекше ойлау позициясы болып табылады. Бала өз бетімен, өз тәжірибесі арқылы заттардың ұзындық, көлем, салмақ сияқты қасиеттерінің сақталуын аша алмайды. Жүйелі білімнің жоқтығы, ұғымның қалыпты деңгейде дамымауы, бала ойлауына қабылдау логикасының басымшылдығына әкеледі. Сондықтан, балаға судың, құмның, пластелиннің бірдей мөлшерін бағалау қиындық туғызады. Бала заттардың өзгеру сәтіндегі нені көріп тұрғандығына тәуелді болып қалады. Л.С.Выготский бойынша, оқудың басталуымен ойлау баланың психикалық дамуының орталығына ауысады және басқа психикалық функциялар жүйесінде анықтаушы процеске айналады. Баланың ойлауы осы кезде дамудың ерекше этапында болады.
Баланың қоршаған ортаны зерттеуге бағытталған танымдық белсенділігі, оның зейінінің зерттеленінуші объектіге қызығушылығы біткенше ұзаққа ұйымдастырады. Егер ол оған деген өте маңызды ойынмен айналысатын болса, онда ол екі немесе үш сағатқа дейін ойнай алады. Сондай-ақ, зейінінің тұрақтылығы өнімді іс әрекеттерде (бейнелеу, құрастыру және тағы басқа) байқалуы мүмкін. Ал егер, оны қызықтырмайтын іс-әрекеттерде оған зейінін тұрақтатуға тура келсе ол шаршап, жалығып, өзін тіпті бақытсыз сезінуі де мүмкін.
Зейінін ұйымдастыруда балаға үлкендер тарапынан көмек көрсетілуі тиіс. Зейінді ұйымдастыруда үлкендер сөздік нұсқаулардың көмегін пайдалануға болады. Оған берілген әрекетті орындау керектігін оларға айта отырып, оларға әрекет нұсқаулары беріледі (Мысалы, Балалар! Альбомдарыңды ашыңдар. Қызыл түсті қарындашты алып, сол жақ жоғары бұрышқа – мына жерге дөңгелек саламыз...). Мектеп жасына дейінгі баланың өз әрекетін өзі де жоспарлай алады және жұмысты орындауда не істеу керектігін қалай істеу керектігін және сөзбен айта отырады. Жоспарлау, баланың зейінін ұйымдастырудың бірден-бір құралы болып табылады. Дегенмен, мектеп жасына дейінгі бала өз әрекет-қылығын ырықты түрде реттей алғанымен, ырықсыз зейін басым болады. Балаға бір қалыптағы, тартымдылығы төмен іс-әрекетке зейінін тұрақтата алу өте қиын. Зейіннің бұндай ерекшелігі ойын элементтерін енгізу және іс-әрекет формаларының жиі өзгертілуін талап етеді. Әрине, олар зейіннін интеллектуалды сұрақтарды шешуде тұрақтай алады, бірақ зейін өте тез сарқылып қалу мүмкін. 4 тен 6 жасқа дейін зейіннің дамуында айтарлықтай алдына жылжу байқалады. Мектеп жасына дейінгі балалар өмірінің бірінші айларында оқудың оқу процесінің өзіне емес, оған байланысты нәрселерге қызығудан басталып, бірте-бірте мектепке дейінгі ұйымдарда оқытылатын салаларға (біреуіне-аз мөлшерде, ал біреуі– көп мөлшерде) қызығушылықтары ұлғайып, тартыла бастайды. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейінінің механизмі әлі де әлсіз болады. Сондықтан бұл жастағы оқушыларға зейінін ұзақ уақыт шоғырландыру қиынға түседі.
Бірақ 5-6 жасқа қарай ырықсыз зейін балада үлкендердегідей бола бастайды. Ендеше, мектеп жасына дейінгі кезеңде, бұны мүмкін ететін айтарлықтай өзгерістердің жинақталып жатқандығы. Бұл өзгерістердің себебі неде, механизмі қандай? Бұл себептер, электрофизиологиялық зерттеулердің қорытындысына бойынша, үлкен жарты шар қыртысының жетілуімен және оның сыртқы әсерге реактивтілігімен байланысты қыртыс-қыртыс асты өзара байланыстың өзгеруінде жатыр. Ырықсыз зейін баланың қоршаған ортамен байланысқа түсуі үшін өте маңызды. Ырықсыз зейін баланың ең бастысы қызығушылығына тәуелді.
Бірақ мектеп жасына дейінгі балалар өмірінің бірінші күнінен бастап ол оған тікелей қызығушылық туғызбайтын ырықты зейінді талап ететін істермен айналысады. Ал бұл кезді, сырттан келетін ақпараттың күрт өсу жағдайында қабылдаудың қалыпты деңгейде дамуы үшін өте қажет. Зейіннің бұл түрінің қалыптасуы үшін бала әрекетін ұйымдастыру, оған бағыт беру, талап қоюдың маңызы өте зор. Ес процесіне келсек, Е.Е.Данилованың пікірінше, мектеп жасына дейінгілердің кезеңінде басқа психикалық процестер сияқты ес процесі де айтарлықтай өзгерістерге ұшырайды. Бұл өзгерістердің мағынасы балада ес біртіндеп саналы түрде реттеуге болатындай ерікті бола бастауында. Баланың есте сақтай алмауы оның ойын әрекетіне, түптеп келгенде мектепке дейінгі ұйымда оқуға деген қатынасына теріс әсерін тигізеді. Мектеп жасына дейінгі баладан көлемі жағынан шағын материалды қайта жаңғырту талап етіледі, «жай есте сақтау» тәсілі оқу материалын «алып кетуге» мүмкіндік береді.(6, 67) Бірақ, өкінішке орай көп жағдайда бұл тәсіл мектепке дейінгі ұйымда оқудың бүкіл кезеңінде жалғыз болып қалады. Бұл баланың мектепке дейінгі жасында мағыналық есте сақтаудың тәсілдерін меңгермегендіктен, логикалық ес қалыпты деңгей де қалыптаспауымен байланысты болады. Мектеп жасына дейінгі балаларда логикалық естің дамыту процесі арнайы түрде ұйымдастырылған болуы қажет. Өйткені, көп жағдайда балалар өз бетімен материалды мағыналы түрде талдау тәсілдерін қабылданбайды, керісінше есте сақтау мақсатында қалыптасып қалған қайталау тәсілін пайдаланады.
Мектеп жасына дейінгі балалар әр түрлі жағдаяттарды өздері туғызады және бұл жағдаяттарда олар өзінің ең тамаша қасиеттерін байқата алады. Ойын кезінде қиял қалыптаса отырып, с-әрекеттің басқа түрлеріне айналады. Әсіресе бұндай құбылыс бейнелеуде, баланың тақпақ, ертегі құрастыруларында ерекше байқалады. Балалардың шығармашалығында келесі жағдайларды байқауға болады: бір балалар қайта жасауға бейімді болса, басқалары – фантастикалық бейнелер мен жағдаяттарды жасауға бейім болады. Егер балада сөйлеуі мен қиялы жақсы дамыған болса, түрлі сюжеттерді ойлап тауып, оны әңгімелеуге, тіпті импровизация жасауға, қызығушылықпен, өз ісіне рахат сезіммен кіріседі. Үлкендер өміріне қарағанда қиял бала өмірінде үлкен роль атқарады.
Мектеп жасына дейінгі балалар мекемесі – бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан мектепке дейінгі ұйымдағы білім-үздіксіз білім берудің алғашқы, басқышы, қиын да жауапты жұмыс. [17] Балаға білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Дамыта оқытудың да басты мақсаты баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту. [18]
Шығармашылық дегеніміз – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін дамыту, жаңа рухани күш беру білімінің ең маңызды мақсаты болып табылады. [19]
Мектеп жасына дейінгі баланың зейіні тұрақсыз, импульсивті қабылдау мүмкіндіктері де әр түрлі болады. [19] Дегенмен де әр баланың бір нәрсеге бейімі болады.
Бейімділік-оянып келе жатқан қабілетіттің алғашқы белгісі. Баланың шығармашылық қабілетін дамытуда мектепке дейінгі мекеме ғана мақсаты түрде ықпал ете алады. Балалардың шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдер қолдануға болады.
1. Тақырыптың мазмұнына қарай жинақтау.
2. Арнаулы бір тақырыпқа
3. Логикалық ойлауын дамытатын ойындар берілген тапсырмаларды шешу.
4. Қиялдау арқылы сурет салғызу, рольге бөліп ойнау.
5. Ұнатқан кейіпкеріне мінездеме беру
Ал сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың жұмыс түрлері.
1. орталық мұражайға апару
2. әр түрлі кездесулер өткізу.
3. әр түрлі тақырыптарда сайыс өткізіп алынған әсерлері бойынша ауызша айту
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу балаларды шығармашылыққа баулуға, бала бойындағы талант көзін ашып, тілін байытуға, қиялын дамытуға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Бала бойындағы қабілетті ашу-баланың шығармашылық бағытта дамуына жеке мән беру болып табылады. Мысалы, қазақ тілі сабағында сөзбен жүргізілетін жұмыс, сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға, шағырма жазуға көмектеседі. Сөздік жұмысы баланы бір жағынан ойлануға жетелесе, екінші жағынан қызығушылығын оятып шығармашылық қабілетін арттыруға белсенділікке ынталандырады. [19,66]
Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауын дамытудың психологиялық негізі