Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2014 в 15:52, курсовая работа
Зерттеудің өзектілігі. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің басты міндеті – баланың жеке басының дамуын жан-жақты жоғары деңгейде қамтамасыз ету. Өйткені осы кезеңде баланың бұдан кейінгі бүкіл өміріне негіз болатын жеке тұлғалық қасиеттері, психикалық өзіндік ерекшеліктері қалыптасады.
Көптеген педагогтардың бақылауынша, оқуға үйренбеген бала, ойлау іс әрекетінің тәсілдерін меңгермегендіктен көп жағдайда үлгермеушілер қатарына қосылып, оның әрі қарайғы дамуына көптеген кедергілер туындайды.
Кіріспе
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауын дамытудың психологиялық негізі
1-бөлім. Мектепке дейінгі жастағы балалар ойлауының дамуының теориялық зерттеулері
1.1 Ойлау қызметінің қалыптасу мәселелері бойынша шетел және отандық зерттеуші ғылыми еңбектеріндегі тұжырымдар.
1.2 Мектепке дейінгі жастағы балалардың таным процесі ретінде ойлаудың өзіндік ерекшеліктері.
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау процесі дамуының негізгі критерийлері.
2-бөлім. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауының дамуын қалыптастыру механизмдері.
2.1 Мектепке дейінгі жастағы балалардың ойлауын ойын арқылы дамыту жолдары
2.2 Мектепке дейінгі кезеңдегі бала ойлауының дамуына тәжірибе жүргізу
2.3 Ойлаудың даму жолдары (коррекциялық ойындар мен жаттығулар)
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Қосымшалар.
Баланың ой операциясын дамытып талдау, жинақтау, топтау және классификациялауға арналған мынадай жаттығулар жүргізуге болады. Балаға бірнеше заттардың бейнесі көрсетіледі. Бала сол суреттерге қарап талдап, топтап, жүйелеп, логикалық ой қорытындысын шығара білу керек. Мысалы: балаға бірнеше геометриялық фигураларды көрсетіп, осы фигуралардың бір зат құрастыр (құс, жануар, балық т.б.). Құрастырған фигураларды боя десең, әр бала өзінше ойланып, тек сол фигуралардан құралған бейнені бояйды. Мысалы, балапан құралған фигураны ғана боя десең, әр бала өзінің ойлау деңгейіне қарай бояп береді.
Осындай ой тұлғауларын әр сабақта тиімді қолдану мұғалім шеберлігіне байланысты. Сабақтың сапалы ұйымдастырлуының өзі-табыс кілті (18, 158). Сабақ сапасына, сабақ үстінде оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға көбірек көңіл бөлген абзал.
Танымды іс-әрекетінің кезеңдері.
Бала өмірінде жаңа жас кезеңінің басталуын байқатады – ол мектеп жасына дейінгі кезең, оның жетекші әрекеті ойын әрекеті болып табылады. Оны жүзеге асыру үрдісіне бала тәрбиешінің жетекшілігінің қоғамдық санының дамыған түрлерінің мазмұнына (ғылыми ұғымдар, көрнекі бейнелер, адамгершілік құндылық, құқық нормалары) және олардың талабына сәйкес биіктілігін жүйелі игере бастайды. Қоғамдық сананың осы түрлерінің мазмұны теориялық сипаттамаға ие.
Психологиялық зерттеулер анықтағандай 4-6 жастағы оқушылардың оқуға деген ынталы, қызығуы жеке пәндердің мазмұны бойынша емес, оқу әрекетінің түрлері бойынша жүреді. Кез келген әрекет өзіне өз пәнін өз әдісін қосады. Оқу еңбегінің кез келген түрінде әрекет мәні білім көзі және өзіндік жұмыстарының дидактикалық мағынасы болып табылмайды, ол өзіндік жұмыстың кез келген нақты түрінде жатқан міндет, мәселе, сонны шешпекші болып оқушылардың әрекет істеуі. [24, 59]
Мектепке дейінгі кезең – балада оқу әрекеті қалыптасуының ең қуатты жүретін кезеңі. Мұның нәтижесінде, ғылыми ұғымдар мен түсініктерді меңгере отырып, оқушылардың өздері өзгеріп дамиды, жеке тұлғаның негізгі психологиялық үрдістері мен қасиеттері қалыптасады. Яғни мектепке дейінгі жасындағылардың оқу әрекеті кезінде қалыптасатын психологиялық жаңа түзілімдері ққалыптасады және дамиды.
Олардың негізгісі – балалардың ішкі позициясы, еркіндіктің дамуы, әрекетің ішкі жоспары және рефлекция. [35] Баланың ішкі позициясы 6-7 жас аралығында қалыптасады және олар екі қажеттілік арқылы сипатталады.
Танымдық қажеттілігі. Бұл қажеттілік қанағаттандыруын оқудан алады.
Белгілі бір әлеуметтік қатынасқа байланысты қажеттілік
Ол баланың қарым-қатынасқа түскісі келетіндіктен пайда болатын қажеттілік. Еркіндіктің дамуы ішкі оқу әрекеті пайда болу нәтижесінде, яғни қойылған міндеттердің барлығын қабылдаған кезде, жүріс-тұрыс түрткілерін бағыдырған кезде, бар жұмысты тәртіпке байланысты орындаған т.б. жағдайларда пайда болады. [41, 264]
Ішкі жоспарлы әрекеттің дамуы сюжеттік ролдік ойындарда, оның одан әрі қарай қалыптасуы оқу әрекетінде көрінеді. Мектепке дейінгі мекеме алғында рефлексия пайда болады, яғни бала өзінің жеке ойлау іс-әрекетіне және өзінің жүріс-тұрыстарын бақылап, қарай бастайды. Рефлексия теоретикалық ойлаудың негізгі компоненті, сонымен қатар баланың өзіндік сана-сезімінің дамуының белгілі бір механимі болып табылады. Оқу әрекеті арқылы теориялық білімді меңгеру ол ойынмен, еңбекпен, қоғамдық-ұйымдастыру істерімен және т.б. қабысып тұрғанда құнды болады. Оқу әрекеті балалардың тек интеллектуалдық-танымдық белсенділігін көрсету деп түсінуге болмайды. Балалардың оқу әрекетінің басқа әрекет түрлерімен өзара байланысы оларды оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі мен бөлінбестігінің психологиялық негізі болады.
Мектепке дейінгі сатыдағы білімнің теориялық деңгейін біршама көтерудің оқушының танымдық дамуындағы маңызы зор.
Танымдық әрекеттің теңдеулі анализі және оның ақыл-ой әрекетімен байланысы.
Деңгей ойлаудың әрекеті Деңгей сипаттамасы
Іздеулі - анализ жаңа білімді творчествалық
- синтез меңгерумен қамтамасыз ететін,
- гипотеза бір бетті және өз бетті танымдық
- ойлық эксперимент есепті шешу.
- идеалды модель Жаңа білім процесін басқару
Жаңа білім меңгеру процесін
реттеу
Продуктивті іздеулі - сабақ және оқу материалының
- анализ мазмұны мақсатынан тәуелсіз,
- синтез танымдық әрекеттің әр түрлі
- салыстыру түрлерінің оптималды деңгейі
- абстрагирлеу білімді меңгеру процесіндегі
- аналогия өзін ұйымдастыру және басқару,
- гипотеза тәжірибе мен ақыл меңгеру
- индукция
- дедукция
- ойлық эксперимент
Продуктивті - оқу материалын, оның түсінігін
- анализ жалпылауын қабылдау
- синтез - практикалық білім мен
- салыстыру тәжірибеде қайта жасау
- абстрагирлеу - жаңа білім меңгеру процесін
- аналогия өздік ұйымдастыру және
- индукция бақылау, қабілет және тәжірибе
- дедукция игеру
Оқу әрекеті әдісінің түрлері: [89]
Оқу әрекеті әдістер Өзінің оқу әрекетін басқару
әдістері
Салыстыру Өзін-өзі басқару
Хабарлау жоспарлау
Себепті байланыстарды табу Оқытуды ұйымдастыру және
демалыс
Меңгерілген сипаттама құру Өзінің танымдық қызығушылығын
көзқарасын басқару
Мектепке дейінгі жасында баланың ойлауы психикалық дамудың орталығына ауысуының ең басты себебі оның негізгі іс-әрекетінің мазмұнының өзгеруінде. Оқу әрекеті баланың ойлауының дамуында шешуші роль атқарады. Өйткені оқу әрекетінің мазмұны, құрылымы өте күрделі. Оқу әрекетінің ғылыми тұрғыдан зерттелуі, оның жан-жақты сарапталуы және дұрыс жолға қойылуы баланың жалпы психикалық, әсіресе ойлауының дұрыс қалыптасуының бірден-бір негізгі факторы болып табылады.
2-бөлім. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауының дамуын қалыптастыру механизмдері.
2.1 Мектепке дейінгі жастағы балалардың ойлауын ойын арқылы дамыту жолдары
Берілген проблеманың теориялық аспектілерін, атап айтқанда мектеп жасына дейінгі бала ақыл-ой дамуы ерекшеліктерінің механизмдерін зерттей келе эксперименталды зерттеуге көшеміз.
Эксперименталды зерттеуді жүргізу базасы –Бақанас орта мектебі.
Зерттеу жұмыстары мектеп жасына дейінгі балалар, олардың ақыл-ой дамуының деңгейін анықтау мақсатымен жүргізілді..
Біз өзіміздің зерттеу жұмысымызды келесі кезеңдер бойынша жүзеге асырдық:
Ойлау түрлерінің психодиагностикасы;
Алынған нәтижелерді сараптау;
Ойлауды дамытуға арналған коррекциялы – дамыту жаттығулары.
Жүргізілген жұмыстың бірінші этапында келесі әдістемелер бойынша психодиагностикалық зерттеулер қамтылды:
«Равен матрицасы» әдістемесі;
«Сөздік логикалық ойлауды тексеру» әдістемесі (тест барлығы төрт субтесттен тұрады)
«Математикалық ойлауды зерттеу» әдістемесі.
Бұл психодиагностикалық зерттеулердің мақсаты бір деңгейдегі топ балаларын ойлау деңгейін анықтау. «Равен матрицасы» әдістемесі (№ 1 қосымша) көркемді – бейнелі ойлау деңгейін анықтауға бағытталады. Матрица детальдерінің орналасу заңдылықтарын іздестіре келіп, алғашқы матрицаны толықтыру міндеті қойылды. Тестілеуге барлығы – 45 бала қатысты. 1 топтың көркемді бейнелі ойлау деңгейі 2 топқа қарағанда ілгері. Әдістемені өткізуден кейін келесі нәтижелер алынды: 28,8 % балалардың көркемді – бейнелі ойлау жоғары, 40,3 % % балалар – ортаңғы, 30,7 % % балалар төменгі деңгейді көрсетті. Көркемді – бейнелеу ойлау деңгейі ұл балаларға қарағанда, қыз балалардың көрсеткіші жоғарырақ болып шықты.
«Равен матрицасы» әдістемесі
Мақсаты: балалардың көркемді-бейнелі ойлау деңгейін анықтау.
Әдістеме туралы: балаларға біртіндеп күрделене түсетін бір типті он тапсырмалар сериясы ұсынылды. Матрица детальдерінің орналасу заңдылықтарын іздестіре келіп, төмендегі суреттердің (жалаушалардың) біреуін жоғарыдағы жетпей тұрған матрицаға сәйкес орналастырады. Берілген уақытқа сәйкес әрбір дұрыс шешілген матрицаға 1 балл беріліп, жалпы саны шығарылады.
Жүргізілген күні: 14.09.06, 15.09.06.
Экспериментке 1 топ бойынша 22 бала , 2 топ бойынша 23 бала қатысты.
1 топ сыныбы бойынша: 2 топ бойынша:
өте жоғары деңгей – 0 өте жоғары деңгей – 0
жоғары деңгей – 33,3 % жоғары деңгей – 24 %
орташа деңгей – 37 % орташа деңгей – 44 %
төменгі деңгей – 22,2 % төменгі деңгей – 16 %
өте төмен – 7,4 % өте төмен – 16 %
Оның ішінде: ұл балалар – 18 Қыз балалар - 27
өте жоғары деңгей – 0 өте жоғары деңгей – 0
жоғары деңгей – 21,4 % жоғары деңгей – 37,5 %
орташа деңгей – 46,4 % орташа деңгей – 33,3 %
төменгі деңгей – 10,7 % төменгі деңгей – 29 %
өте төмен – 24 % өте төмен – 0
Жинақ кестесі: 1 топ
р/с |
Аты-жөні |
Даму деңгейі | ||||
өте жоғары |
Жоғары |
орташа |
төмен |
өте төмен | ||
1 |
Абдрахман Алмас |
+ |
||||
2 |
Ақмолдина Мөлдір |
+ |
||||
3 |
Әбілтай Айдана |
+ |
||||
4 |
Болатқазыев Елдос |
+ |
||||
5 |
Байбулинова Айнұр |
+ |
||||
6 |
Дюсенова Гүлнұр |
+ |
||||
7 |
Елтаева Фарида |
+ |
||||
8 |
Заманбеков Жалғас |
+ |
||||
9 |
Кадекова Лаура |
+ |
||||
10 |
Мақсұтова Динара |
+ |
||||
11 |
Макежанов Диас |
+ |
||||
12 |
Мулатова Балжан |
+ |
||||
13 |
Нұрбосынова Мөлдір |
+ |
||||
14 |
Сәрсенбаев Аманжол |
+ |
||||
15 |
Серікқанова Дана |
+ |
||||
16 |
Серикқалиева Ақмарал |
+ |
||||
17 |
Серикқазы Әкежан |
+ |
||||
18 |
Сиязова Дана |
+ |
||||
19 |
Төкенова Жаннур |
+ |
||||
20 |
Түсіпжан Сая |
+ |
||||
21 |
Успанова Айгерім |
+ | ||||
22 |
Шәкіртов Есболат |
+ |
Жинақ кестесі: 2 топ
р/с |
Аты-жөні |
Даму деңгейі | ||||
өте жоғары |
жоғары |
орташа |
төмен |
өте төмен | ||
1 |
Абдуллаева Анар |
+ |
||||
2 |
Абылкасов Мирас |
+ |
||||
3 |
Ахметов Руслан |
+ |
||||
4 |
Байсадыкова Эльмира |
+ |
||||
5 |
Байсекенова Балжан |
+ |
||||
6 |
Қабжанова Назира |
+ |
||||
7 |
Қалибеков Ерасыл |
+ |
||||
8 |
Қинаятов Әлішер |
+ | ||||
9 |
Мамбетова Гүлім |
+ |
||||
10 |
Мұратбекова Гаухар |
+ |
||||
11 |
Мұстафин Мақсат |
+ |
||||
12 |
Нұрланова Айым |
+ |
||||
13 |
Нұрқайдарова Сағыныш |
+ |
||||
14 |
Сәбит Елдос |
+ |
||||
15 |
Сәкенов Аман |
+ | ||||
16 |
Сәкенов Есен |
+ |
||||
17 |
Сәрсенбаев Ерасыл |
+ |
||||
18 |
Серікхан Иланшы |
+ |
||||
19 |
Қабылбеков Артур |
+ | ||||
20 |
Қабылқанова Рәзия |
+ |
||||
21 |
Шалғынбекова Әйгерім |
+ |
||||
22 |
Магамадиева Жанар |
+ |
||||
23 |
Әділбекова Іңкәр |
+ |
Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауын дамытудың психологиялық негізі