Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2014 в 16:00, реферат
Біздің психиатриялық аурухана қаланың батыс жағында, ер¬неуіне тас қалаған шағын өзеннің жиегінде болатын. Аурухана ес¬кі еді. Сылақтары түсіп қалған алабажақ кірпіш дуалының тө¬бе¬сінде әбден тат басып, шіруге айнал¬ған қаңылтыр шатыры бар. Маңайда машина жүретін көше болмағандықтан, төңірек ертелі-кеш құлаққа ұрғандай тып-тыныш болып тұрады. Көктем кезінде өзеннің сарқы¬раған дыбысын терезені ашып тастап, түнімен естіп шығасың.
Мен үндемедім. Алманың осынша сап-сау адамша сөйлеген сөздері менің зәремді ұшырды.
- Көмектесіңізші, - деді ол кенет жалынышты үнмен. - Сыртқа шығып, көшемен жүргім келеді. Қыдырғым келеді...
Не дерімді білмедім, өйткені ол менен дәрігерлік көмек сұрап тұрған жоқ еді. Рас, психиатриялық ауруханада жатқан адамдарда мұндай тілектер көп болады. Бірақ оларға айтатын жауабымды Алмаға айта алмас едім.
- Бәрібір қайтып келем ғой, - деді Алма тағы да білегімді сипап.
- Жарайды, ойланайын, - деп
қалдым. Осы сөзден-ақ өзімнің
тұзаққа ілінуге таяп
- Аяғыңа нешінші размер киесің? - дедім өз сөзіме өзім онша мән бермеген болып.
- Отыз алты...
- Көйлектен?
- Қырық алты, - деді Алма таңырқай түсіп...
Мен сол күнгі жұмысты да, түнгі кезекшілікті де қалың ойдың құшағында жүріп өткіздім. Шынында да менің бұл ойымды дені сау адамның ойы деп айту қиын еді. Алайда көз алдыма өз қиялымнан туған суреттерге құныққаным сонша, бұл пиғылымның дұрыс-бұрысын талдауға тіпті уақытым болған жоқ. Алманы түнде қалаға алып шығып қыдыртатынымды, оның қалай мәз болып қуанатынын көз алдыма елестеткенде сол қуаныш өз бойыма тарағандай жүрегім өрекпіп, басылмай қойды. Мен тірі жанға тіс жаруға болмайтын өз құпияма өзім елтіп, есім кетті. Ұйқыдан түс кезінде оянып, апыл-ғұпыл шайымды ішіп, магазин аралауға шықтым. Бірінші барған аяқ киім магазинінен сатушы әйелдің ақылымен 36-размерлі, үстінде доғасы бар ақ туфли алдым. Одан көйлек сататын магазиндерді жағалап, ұзақ жүрдім. Көйлектерді қараған кезде жақсысын табуға тырысып, жанымды салғаным сонша, борша-борша болып терлеп кеттім. Жақсы мен жаманды айыру тап мен ойлағандай оп-оңай нәрсе болмай шықты. Ұстаған көйлектерімді ойша қалаған адамыма кигізіп, көз алдыма елестетуге суреткерлік қабілетім жетпеді.
Ақыры шеткері магазиндердің бірінде әйелдер көйлегіне тұрған қалың кезектің үстінен түстім. Бұл бір сырмасы желкесіне салынған, етегі делдиіңкі, көкшіл түсті, жылтыраған, шетелдік көйлек екен. Тұрған елдің көптігіне қарап, жаман болмас деп ойладым. Бірақ мен жете бергенде көйлек бітіп қалды. Шашын қап-қара қылып бояп алған, ұлты белгісіз, ажарлы сатушы әйел қанша жалынсам да, "бітіп қалдыдан" басқа сөз айтпады.Сонда да табиғатымда жоқ бір өлермендікпен сатушының қыр соңынан қалмадым. "Ертең үйлену тойым еді, тойға арнап көйлек тіктіре алмай қалдық, ендігі үмітім осы ғана", - деп зуылдатқан кезімде өзімді-өзім танымай қалдым. Өлермендіктің пайдасы тиді. Халықтың бәрі тарап біткенде үстіне 5 сом қосып, сатушыдан 46 размерлі бір көйлек алдым.
Қас қарая сатып алған заттарымды, өзімнің күнге киетін қара көзілдірігімді сумкама салып, ауруханаға келдім.
- Неге боп-бозсың, ауырып тұрған жоқсың ба? - деді бірінші көрген сестра.
- Жоқ... Әншейін болар... Тыныштық па? - дедім қызмет бабында сөйлеген түр білдіріп.
- Тыныштық.
Мен ауруларға рецепт жазылған кітапшаны аударып отырып, көзімнің қырымен сестраны аңдудамын. Сестра шымылдықпен қоршалған процедура кабинетіне кіргенде сумкамды ала сала, жүгіре басып, Алманың бөлмесіне кіріп кеттім.
Алма төсегінде кітап оқып отыр екен, менің түріме үрейлене, әрі таңырқай қарады.
- Мә, тез киін, - дедім, сумканы алдына тастай беріп. - Мен үш рет қатты жөтелгенде бөлмеңнен шық та, төмен түсе бер. Ұқтың ба? Тез!
Мен бөлмеден жылдам шығып, орныма келіп, бұрынғыша рецепт кітапшасын алып, беталды ақтара бастадым. Сағатыма қарап қоямын. "Неше минутта киініп болуы мүмкін" деймін ішімнен дегбірсізденіп. "Екі туфли - "бір, екі", көйлек - "үш, төрт, бес", жарайды, "алты", көзілдірік - "жеті" - бітті ғой... Киініп болды ғой... Жарайды, тағы азғантай уақыт. "Бір, екі..." Бес минут өтті. Мен процедура кабинетіне кірдім. Сестра ине қайнатып тұр екен. Барымша қатты үш рет жөтелдім. Сестра таң қалып, бетіме бажырая қарады.
- Апай, - дедім жанына тақай түсіп. - Бір үлкен шаруам болып тұр... Қызыма барушы едім... Екі-үш сағатта ораламын. Аяқ астынан ештеңе бола қоймас... Алманың есігін ашпаңыз мен келгенше... ұйықтап жатыр...
Сестра жер ортаға келсе де әлі қартая қоймаған, күлімдеген көзінен жастықтың қызығынан кезінде құр қалмаған адамның нышаны байқалатын әйел еді.
- Өз еркіңде ғой, - деді
өткен бір қызығы есіне
Мен Алма шығып үлгірмеді ме екен деген күдікпен тағы да сестраны таң қалдырып, мелшиіп бостан-босқа біраз тұрдым. Сонан соң әлде де уақытты өткізе түсу үшін, сестраны таң-тамаша қалдырып:
- Рақмет, - деген сөзді (не үшін айтқанымды білсем, бұйырмасын) ежелеп, әрең айтып болдым да, бұрылып, кабинеттен шықтым. Төмен түссем, басқыштың бұрышында шашын омырауына түсіріп, қара көзілдірік киген Алма төмен түсуге бата алмай тұр екен. Мен Алманың қолтығынан ұстаған күйі басымды кекірейте ұстап, шығар есікке беттедім. Артымыздан:
- Мынаның бір өзі кірмеп пе еді, қызы қай жақтан кіріп кеткен? - деген сөзді екеуміз де естідік.
Сыртқа шыққанда август айының түнгі самалы тынысты кеңейтіп, еркіндікке, оңашаға шақырғандай қуанышты, әуей сезім әкелді. Мен көзімнің қиығымен ұрланып, Алмаға қарай бердім.
Талдырмаш денесіне көкшіл көйлек құйып қойғандай жараса қалыпты. Бет-жүзін жабыңқырай түскен қап-қара шаштары мен көзілдірігі әйел пішініне қалыптасып үлгірмеген шыбықтай әсем тұлғасына түн ішінде ерекше бір құпия түр беріп тұр.
- Көйлегің дұрыс па? - дедім
дұрыс екенін көріп келе
- Ептеп қысады, - деді.
- Отыз алтыншы размер ғой, - деп ақталдым мен.
Троллейбусқа отырдық. Таныс біреудің көзіне түспес үшін, Алманы көлегейлеп, теріс қарап тұрдым.
- Сенің туысқандарыңның бірі көріп қалса, масқара боламыз, - дедім құлағына сыбырлап. Мен оның туысқандарын былай қойғанда, басқалардың да көргенін қаламадым.
- Жарайды, - деді Алма. Бірақ түрінен онша мән бергендік байқалмады. Тіпті осыдан бәлендей масқара ештеңе көрмей тұрғаны сезіліп тұр.
Паркке келіп түстік. Мен қараңғы бұрыштармен жүрмек болып едім, Алма ашық алаңмен өтуді қалады.
Жолдың екі жағына өскен алқызыл гүлдер кешкі сәулемен құлпырып, діріл қағады. Жазғы сахнадан шуылдаған оркестр үні келді. Алма көңілдене бастады. Менің қолымды жұп-жұмсақ алақанымен қысып-қысып қойды. Кинотеатрдың тұсынан өте бергенде:
- Киноға кірейік, - деді тоқтай қалып.
Жүрегім зырқ ете қалды. Бірақ Алманың алдында қорқынышымды сездіргім келмеді.
- Кірсек, кірейік, - дедім жан-жағыма алақтап.
Киноға билет аларда да, кірерде де, залға еніп отырғаннан кейін де менің көзім әлдебіреулер көріп отырған жоқ па деген күдіктен арыла алмай, айналаға жалтақтаумен болды.
Ақыры кино басталды. Адамның ішін пыстыратын, әрі талай рет қойылған ескі фильм екен. Адамдар да аз жиналыпты. Мен киноны көрмедім десем де болғандай. Қаракөлеңкеде экранға сүзіле қарап, қимылсыз отырған Алмадан екі көзімді ала алмадым.
Мен оның көзіне қараған сайын, бүкіл қиялымда жүрген сұлулықтан Алманың әлдеқайда артық екенін сездім.
Айтып беруге келмейтін, ең бір құпия, беймәлім әсер - сұлулық әсері. Біз өзіміздің бүкіл моралімізді адамның тән сұлулығынан жан сұлулығын жоғары қоюға негіздесек те, өмірде сол тән сұлулығымен бетпе-бет келіп қалған кезде өзіміздің әлгі қағидамызды қалай бұзып кеткенімізді білмей қаламыз. Өз еркімізбен ақылы аз болса да сұлу әйелдерге үйленуге дайынбыз, бірақ ақылға бай, көріксіз әйелдерге жолағымыз келмейді. Санамызды жабайы инстинкт секілді бір әуей күш жеңіп кетеді. Біз ең осал жерінен қолға түсіп, тырп ете алмай қалған аңға ұқсаймыз. Ендеше сұлулықтың әлі де зерттелмеген немесе біле тұрып, айтқымыз келмейтін бір сырлары болуы мүмкін...
Мен Алманың тізесінің үстінде тұрған қолынан (сол қолынан) ұстадым. Жүрексінгеннен алақаным терлеп кетті. Алма жымиып, қолымды құп-құрғақ, жұп-жұмсақ алақанымен қысып қойды да, менің түрімде кісі таңқаларлық бірдеңе бардай баданадай көздерін кең ашып, аңтарыла қарады.
Кинодан шықтық. Алма көңілденіп, сөйлей бастады.
- Кинода неге ылғи сұлу
әйелдер ойнайтынына
- Жақсылықтың терең тамыры сұлулықта, өйткені тіршілік тәннен басталады. Ал сұлу адамдардың ақылсыз, жаман болып шығуы - диспропорция, өмірдің күрделілігінен, қиындығынан алғашқы тепе-теңдіктің жиі-жиі бұзылуы...
- Балмұздақ жегім келеді, - деді ол менің сөзімнің аяғын күтпей.
Балмұздақ кездеспеді. Екеуміз қаракөлеңкеге қойылған, арқалығы жоқ, жайдақ орындыққа отырдық.
- Маған гүл жұлып берші, - деді кенет бетіме тесіле қарап.
Мен оның осынша қисынсыз талабын қалай ұғарымды білмей, дағдарып қалдым.
- Қазір, - дедім де, қорқып тұрғаныма қарамастан, орнымнан тұрып, гүл алаңына беттедім. Бұл біздің үлкен қателігіміз болды. Алақандай болып, қауыз ашқан қып-қызыл гүлдердің екі талын жұлып алып, жиекке шыққанымда:
- Бері, бері жүріңіз, - деп саусағымен іліп тартып тұрған, портфелі бар, қалқанқұлақ милиционерді көрдім.
Мен жалтақтап Алма отырған жаққа қарай бердім.
- Бері дедім ғой мен сізге! Әлде тағы біреулеріңіз бар ма?
- Жо-жоқ, - дедім зәрем ұшып.
- Бөлімшеге!
- Сіз неге көріп тұрып, ысқырмайсыз, - дедім мен ыза болып. - Сіз әдейі жұлсын деп тұрсыз. Өйткені сізге біреуді ұстау керек...
Милиционер бір сәт аңтарылып, жауап бере алмай қалды. Содан кейін мені әдейі сайқымазақтықпен айтып тұр деп ойлаған болуы керек, тақай бере жеңімнен ұстады да, дөрекілеу жұлқып қалып, бөлімше тұрған жақты иегімен көрсетті. Бөлімше ішіне кіргенде аздап есімді жидым. "Көп болса штрафын төлеп құтылармын" дедім ішімнен, юстициядан білетін азғантай заңдарымды есіме түсіріп.
- Кәне, документіңіз, - деді телефонның құлағында отырған егделеуі мені көргенге қуанышты жандай көңілдене дауыстап.
Осы кезде бөлмеге Алма кіріп келді. Мен инфаркт болуға сәл қалдым. "Бітті енді" дедім ішімнен үміт атаулыдан күдерімді үзіп. Бір сәттің ішінде өзімнің дәрігерлік атқа сай емес, қылмысты әрекеттеріммен бүкіл ауруханаға, дәрігерлерге, қыздың ата-анасына, қала берді бүкіл қала халқына әйгі болған масқара күйімді елестетіп үлгірдім.
Бірақ Алманың келуі жағдайды мүлде өзгертіп жіберді. Алманың сұлулығы отырғандардың бәріне бірден апиын сорғандай әсер етті. Телефон құлағында отырған егде милиционер де, мені ертіп келген қалқанқұлақ та, формасыз, жай киінген жас жігіт те ызғарлы жүздерін жылытып, мүлде өзіміз секілді қас-қабағы түсінікті, ет-сүйектен жаралған, кәдімгі адам қалпына келді. Бәрінің көздерінен "иә, отырыңыз, шаруаңызды айтыңыз, көмекке біз дайын" деген секілді құп ниет сезілді.
Алма өз үстемдігін жақсы сезінетін, кәдімгі тәжірибелі сұлу бикештердей маңайына жымия көз тастап, менің қасыма келді де, қолымен шашымнан сипай ұстап:
- Мен кінәлімін, ағай, - деді милиционерге. - Мен әдейі жұмсап едім, гүл жұлып бер деп...
- Неге? - деді қалқанқұлақ қатаң дауыспен, бірақ түрі жымиып, әшейін әзіл екенін білдіріп тұр.
- Әдейі, - деді Алма қайталап, - әдейі, мені сүйе ме екен деп...
Менің бойымды ток соғып өткендей болды.
- Оһо, - деді телефон құлағында отырған егделеу милиционер, - мінеки, қазіргі жастар... Қандай ашық мінез!..
- Жігітті солай сынауға бола ма? - деді формасыз жігіт. - Бұл қоғамдық тәртіпті бұзу... Жігітті басқа жерде сынау қажет.
- Кешіріңіз, - деді Алма мені сол қолымен қапсыра құшақтап. - Бір жолға кешіріңіздер... Әйтпесе, жарайды, мені-ақ айыптаңыздар...
- Жарайды. Қыздың алдында жігіттің беделін түсірмей-ақ қояйық. Милиционерлер де тасбауыр жандар емес, айналайын. Бәріміз де жігіт болып көргенбіз. Мә! - Егде милиционер маған паспортымды ұсынды.
- Рақмет!
Сыртқа шыққаннан кейін парктің қақпасына жеткенше бір-бірімізге тіл қатысқан жоқпыз.
- Гүл жұлып берейін бе? - дедім тоқтай қалып, ыза болып тұрғанымды жасыра алмай.
Алма қолымды алып, жұп-жұмсақ қолтығына қысты.
- Болады енді, - деді ілгері тартып, - маған ештеңенің қажеті жоқ.
Таксимен қайттық. Әлдеқалай көше шамдары сөніп қалды. Ай ақ бұлттардың ар жағымен зымырап барады. Аурухананың ауласындағы отырғыштардың тұсына келгенде Алма алға оза берген мені тоқтатып, өзіне бұрды да, мойнымнан құшақтай алды. Мен ерніме жұп-жұмсақ, дымқыл еріннің тигенін сездім. Құдай-ау, не деген жұп-жұмсақ, нәзік ерін. Мен Алманың талдырмаш денесін құшақтап, бауырыма бастым. Содан кейін сәбиді иіскегендей, жұп-жұмсақ бет-аузына бетімді үйкеп, демін жұттым. Әлде бір жан қиюға болғандай рухани тазалықты сезетін секілдімін. Бірақ ол Алманың бойынан тапқан тазалығым ба, өз бойымның тазаруын сезгенім бе - ол арасын толық айырмадым.
Ішке кірдік. Алма тең жартысын қара көзілдірік жапқан бетін шашымен бүркей түсіп, мені қолтықтап алды. Екінші қабатқа кірер есіктің алдында Алманы тоқтаттым да, өзім ішке ендім. Сестра процедура кабинетінде жоқ екен.