Халық педагогикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2014 в 16:00, реферат

Краткое описание

Біздің психиатриялық аурухана қаланың батыс жағында, ер¬неуіне тас қалаған шағын өзеннің жиегінде болатын. Аурухана ес¬кі еді. Сылақтары түсіп қалған алабажақ кірпіш дуалының тө¬бе¬сінде әбден тат басып, шіруге айнал¬ған қаңылтыр шатыры бар. Маңайда машина жүретін көше болмағандықтан, төңірек ертелі-кеш құлаққа ұрғандай тып-тыныш болып тұрады. Көктем кезінде өзеннің сарқы¬раған дыбысын терезені ашып тастап, түнімен естіп шығасың.

Вложенные файлы: 1 файл

Төлен Әбдік оң қол.docx

— 42.51 Кб (Скачать файл)

- Тез бөлмеңе бар, - деп  сыбырладым Алмаға есікті қайта ашып.

Алма бөлмесіне кіріп кетті. Іле сестра да келді.

- Сен бе едің, - деді маған жымиып.

- Өзгеріс жоқ па?

- Жоқ.

- Мен Алманың палатасында  отырамын, - дедім халатымды киіп жатып, - бүгін приступ болуы мүмкін.

Сосын ғылыми күнделігімді алдым да, сестраға көз қылып, түк байланысы жоқ, түсініксіз сөздермен толтыра бастадым. Сестра дәрігерлік  жұмысқа жан-тәнімен берілген менің қазіргі түріме сүйсіне қарады.

Мен палатаға кіргенде Алма киімін ауыстырып, төсегіне жатып үлгірген екен. Ортақ құпиялары бар балалардың бір-біріне көз ым жасап,  күле беретіні секілді, мені көрген бетте Алма көзімен «әлгі есіңде ме» дегендей, мойнын ішіне тыға жымиып, күліп жібермес үшін қолымен аузын басты.

Күнделікті әдетіммен кереуетінің жиегіне отырып, қолынан ұстадым. Ол да күндегі  әдетінше  құп-құрғақ, жұмсақ алақанымен қолымды қысты. Мүлде емін-еркін. Мен оның көзқарасынан, бүкіл болмысынан ескен ғажайып жылы ағынды жаныммен сезіп, балқып тұрдым.

- Ұйықта.

- Сен ше?

- Мен сені күзетіп отырамын... таң атқанша... Өмір бойы...

Алма көзін жұмды. Дем алысының жиілігіне қарап, көңіліндегі толқуды сездім.

Менің ойларым сан-саққа бөлінді. Маған мынау өзім күнде көріп, көзқашты болған күнделікті тіршілік  аяқ астынан өзгеріп кеткен секілді немесе осы тіршілікке өзім тұңғыш тап болып тұрған тәріздімін. Бірақ мен өмірге мән беретін, сән беретін біздің  өзіміздің  жеке бақытымыз екенін,  бізге  сырттан  ешқандай сәуле  келмейтінін, тіршілікке, маңайға сәуле төгіп, жылу шашатын адамдардың  өздері екенін кейінірек түсіндім. Өзімнің  ішкі жан-дүнием әдемі сәулелер шығара бастап еді, мені қоршаған бүкіл қауым, орта, тіршілік құлпырып сала берді.

Алманың науқасын есіме алдым. Оны емдеу мәселесі дәрігерлік міндет қалпынан табан астында  өзгеріп, енді тек өзім үшін жанын сақтап қалу деген төтенше шешімге ұласып кетті.

Бір қызығы, сол түн оң қол ешқандай әрекет жасаған жоқ.

Алма менің көз алдымда жорта ұйықтап жатқандай, көзі сәл ашылған күйі таң атқанша  тырп етпеді.

Түстен кейін жұмысқа меңгеруші  келді. Жасы қырықтарға келген, мінезі шадырлау, арық, көсе кісі болатын. Менің ұйқыдан қажыған түрімді көріп:

- Немене, әлі түнгі кезекшілікті  ешкімге бермей  жүрсің бе? - деді. Оның сөзі сұрақтан көрі менің ісімді құптайтын ризашылық секілді бірдеңеге ұқсайды. Сондықтан мен:

- Сәламатсыз ба? - дегеннен  басқа ештеңе айтпадым.

- Фанатизм жоқ жерде  ұлылық та жоқ, - деп көсемсіді ол.

- Сізбен сөйлесетін маңызды  бір шаруа болып тұр.

- Қандай шаруа?

- Айрықша бақылаудағы  Бірімжанова Алманың жағдайы өте ауыр. Тезірек амал жасау керек.

- Қалай, қалай? - деді меңгеруші  көздерін жыпылықтатып орындыққа отыра беріп.

- Қазір ауру кризис үстінде. Қызды қатерлі приступтан құтқару үшін, оң қолдың саусақтарын, болмаса тіпті тұтастай өзін операциямен алып тастау қажет...

Мен өзімнің бұл пікірімді меңгерушіге бұдан бұрын да айтқан болатынмын. Сондықтан ол бұл ойдың өзіне жаңалық емес екенін білдіріп, кіржиіп жауап бермей, біраз отырып:

- Ол былай ғой... - дей  бергенде:

- Жоқ! - дедім тағы да сол өзіме беймәлім өлермендікпен.

Ол менің бетіме таңырқай қарады. Содан кейін жүзімнен әлде бір маңызды бірдеңе ұққандай болып, үндемей қалды.

- Мен, мінеки, бірнеше ай  бойы қатарынан көз жазбай  бақылап келемін, - дедім жүрегім  дүрсілдеп, дегбірімнің қашып тұрғанын сездірмеуге  тырысып. - Басқа ешқандай амал қалған жоқ... Егер олай жасамасақ, осы екі-үш күннің ішінде қыздың өзін-өзі өлтіріп тынатынына кепіл боламын... (Меңгерушіге әсер ету үшін, осы сөзді айтуын айтсам да, бойымның әлденеге дір ете қалғанын, әлгі сөзді бекер айтқанымды түсіндім. Кейде адам тағдырына кездейсоқ, қапияда санаңнан тыс   айтылған сөздердің  әміршілік ететіні бар ғой.) Түсінемісіз, басқа ешқандай амал жоқ... - Меңгерушінің үндемей қалғанынан сөзімнің  құлаққа кіре бастағанын сездім.

- Сіз операциядан кейін  қызды құлан-таза жазылып кетеді деп ойлайсыз ба? - деді маған көзінің қиығымен қарап.

- Мен олай деп үзілді-кесілді айта алмаймын. Бірақ біз ең алдымен адамды бүгінгі ажалдан алып қалуымыз керек. Ертеңгісін содан кейін көреміз. Сіз маған сеніңіз. Мен аурудың қасында күні-түні болып, азабын қатар көріп келе жатқан адаммын...

Меңгерушінің кіржиген жүзі жұмсара бастады.

- Ата-анасының келісімінсіз  бәрібір ештеңе істей алмаймыз, - деді сонда да келісе қоймай.

- Ата-анасы емес, алдымен  өзінің келісімі керек. Әрі-беріден соң қалай болса да жасау қажет. Өйткені аурудың жағдайын олардан гөрі біз, оның ішінде мен жақсы білемін.

- Жарайды, - деді меңгеруші  маған тура қарап. - бірақ ертең обходта өзім қарап шығамын. Содан кейін кеңесейік...

Жүрегім лүпілдеп  қоя берді. Мен сол сәтте-ақ ертеңгі обходқа дейін операцияға Алманы қалай көндірерімді, меңгерушінің алдында қалай болып көрініп, сұрақтарға қалай жауап беру керек екенін үйрететінімді  елестетіп шықтым.

Бірақ оған бұл жайды қазір айтқым келмеді. Түнгі ұйқысына кесел болар деп ойладым. Ертең ертерек кіріп, бәрін   түсіндірем...

Аурулар тыныш мезгілден кейін, сағат 5 шамасында сыртқа серуенге шықты. Мен Алманы беседканың ішінде кітап оқып отырған жерінен таптым. Бетіме қарап күлді.

- Көзің қызарып кетіпті ғой.

- Әшейін ғой...

- Бар да ұйықта.

- Ештеңе етпейді...

- Ештеңе етпейді емес, ұйықтайсың! Сен не, менің тілімді  алмайсың ба?

Мен Алманың бетіне қарадым. Тағы да оның жанарынан ескен жанға жайлы, ғажайып, жылы ағынды сезіп тұрмын.

- Неге алмайын, - дедім  маңайдағыларға естірте күліп. - Қашан алмадым.

- Ендеше бар да ұйықта, - деді Алма түсін қайтарып. - Бүгін жақсымын, ештеңе етпейді. Үйіңе бар. Таңертең келесің ғой...

- Таңертең айтатын бір маңызды шаруа бар.

- Иә, таңертең айтарсың.

Мен Алманың бөлмесіне барып, киім салынған сумкамды алдым.

Кешкілік ұзақ уақыт ұйықтай алмадым. Меңгерушінің көне қалғанына таң қалдым."Өзін-өзі өлтіріп тынатынына кепіл боламын" деген сөз есіме түсті. Бәлкім осы сөз әсер еткен болар. Әйтпесе кесіп алса, қан шықпайтын кесір адам ғой...

Алманы алдымен оң қолының саусақтары жоқ күйінде, одан кейін тұтас бір қолы жоқ күйінде көз алдыма елестеттім. Түк те жоқ. Керемет сұлу. Қыстыгүні пальтосымен жүргенде тіпті білінбейді. Протез салдырамыз. Сол қолымен жазып үйренеді... Жоқ-жоқ! Тіпті ешқандай протез салдырмаймыз. Сол жалғыз қолымен-ақ бүкіл халықтың көзінше көшеде жүруге болады. Оны жасыруға болмайды... Соңғы шешім өзіме қатты ұнады. Дәл солай  жүру менің жүрегімді шынайы таза сезімге, жылылыққа бөлейтін секілді.

Өмірдегі сәттілік өте сирек нәрсе. Ол жұрттың бәріне бірдей жете бермейді. Бірақ ең үлкен жалғыз сәттіліктен кейін, қалған сәтсіздіктің бәріне де төзуге болады. Қиыншылықты жеңудің ең бір үлкен құралы - төзім. Төзе білсең, барлық азап атаулының  жүзі мұқалып, майырылып, өтпей қалады. Мәселен, біреу мойныңа 10 кг тас байлап  қойса, 20 кг тас байланбағанына шүкіршілік қылып, жаңағы күйіңді бақытты халге айналдырып жіберуге болар ма еді. Әрине, болады. Сондықтан қазір  қандай  ауыр жағдайдан да әлгі жолмен құтылып кетуге болады. Ол үшін  тек тіршілік керек. Тірлік керек... Қол деген немене?.. Қол деген түк емес...

Рас, дүниенің бәрі адамның қолымен жасалады... Бірақ, зұлымдық та адамның қолымен жасалмай ма?.. Зұлымдық жасайтын қолды тез кесіп тастамаса, болмайды...  Тез... кесіп тастау керек... Тез...

Мен таңертең ерте ояндым. Кешегі оқиғаны, түнгі ойларымды еске алғанда ұйқым бірден  шайдай  ашылды. Таңертеңгі асымды шала-пұла ішіп, ауруханаға келдім. Сыртқы қақпаның күзетшісі әлі ұйықтап жатқан болар деп ойлап, қағуға оқталып едім, бірақ ашық екен. Есік алдында әлдеқандай машина тұр. Ішке кіріп, екінші қабатқа көтерілгенде қызметке менен де бұрын келген әлдекімдердің дабырласқан дауыстарын естідім. Мен шкафтан халатымды алып кидім. Әлдеқайдан меңгерушінің қарлыққан даусы шығады. Бұл неге ерте келген?! Шошып қалдым. Жоқ, түк те жоқ. Обходқа дейін бәрібір араламайды... Оған дейін үлгіремін ғой... Пердемен бөлінген кабинеттен сестра әйел шығып, телефонға жармасты. Мені көріп, басын изеді.

- Анда бардың ба? - деді  телефон номерін айналдырып жатып.

-    Қайда?

Сестра менің бетіме таңырқай қарады да, трубкасын қоя салып:

- Ана қыз өліп қалды ғой,- деді ақырын ғана.

Жүрегім аузыма тығылды. Демім бітіп, жағамды ағыттым. Әлгі сөзді естіген сәтте көңілімнің түкпірінде осы жаманатты білгендей, осылай боларын сезгендей бір түйсік пайда болды. "Біліп ем ғой, осылай боларын сездім ғой... Сездім ғой..." "Өзін-өзі (япыр-ау) өлтіріп тынатынына (ұйып қалған шекемді ұстадым) кепіл боламын..." (Мен екем ғой өлтірген... Мен ғой...) Бөлменің ішіне қалай кіргенім есімде жоқ. Үш-төрт дәрігер бар екен.

Төсекте шалқасынан жатқан Алманы көрдім. Аузынан тілі шығып, көзінің қарашығы төңкеріліп кеткен. Түрінен қатты қиналғаны көрініп тұр.

Жақындап келіп, білегін ұстадым. Суып кетіпті. Тамағында көкпеңбек қолдың ізі. Оң қолы кеудесінде жатыр. Өлгеннен кейін ажыратқан болу керек.

"...Кепіл боламын... кепіл  боламын... өлтіріп тынатыны..."

"Айттым ба? - дейді біреу  ішімнен. - Айтқаным  келді ме?.." Мен жыламауға тырыстым. Есірік күйде:

- Болды енді, холодильникке  апару керек, - дедім дауыстап, не айтып тұрғаныма өзім түсінбей.

Кешке өлікті ата-анасы алып кетті. Келесі күні жерлеуге қатынастым...

* * *

Ол әңгімесін аяқтап, сигарет тұтатты.

- Сыра ішіңіз, - дедім ұзақ  үнсіздіктен кейін. Сөзді басқа бірдемеге аударғым келді. Бірақ ауа райының ыстығынан да, газет бетіндегі саяси хабардан да, қарсы бетте отырған бикештердің түр-сипатынан да әңгіме өрбімеді.

- Сырасы ескілеу екен, - дедім, түсіп қалған этикетканың жазуына үңіліп.

Ол үндеген жоқ.

Ашық кафе ішінде сыра іздеушілер қаптап кетті.

- Рұқсат етіңіз, - деді даяшы қыз лангет пен шанышқы, пышақтарды алдымызға қойып жатып. Содан кейін  сыралардың  аузын ашты.

Мен өзімнің пышақ ұстап тұрған оң қолыма үрейлене қарадым.

 


Информация о работе Халық педагогикасы