Шағын жинақты мектептерде оқушыларға білім мен тәрбие беру кезінде өзіндік жұмыстың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2015 в 07:08, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының мақсаты: Шағын жинақты мектептерде оқушыларға білім мен тәрбие беру кезінде өзіндік жұмыстың ерекшеліктерін, түрлерін анықтау, маңызын айқындап беру.
Диплом жұмысының міндеттері:
• Зерттеу жұмысы барысында білім, білік, дағдыларды қалыптастыруда оқытудың тиімді әдістерін таңдау;
• Шағын кешенді мектептерде сабақ үрдісінде жаңа ақпараттық технологиялардың пайдалану мүмкіншілігін кеңейту;
• Өзіндік жұмыстардың жүйелі түрде орындалуын қамтамасыз ету.
• Оқушылардың бiлiм, бiлiктерiн iзгiлiктi педагогикалық ұстанымдарға негiзделген жүйелi бақылау
Осы көрсетілген міндеттерді орындау барысында дипломдық жұмыстың маңыздылығы шығады.
Зерттеу объектісі – шағын жинақталған мектептерде физиканы оқытуды жаңа ақпараттық технологиялар арқылы ұйымдастыру.

Вложенные файлы: 1 файл

диплом Улпан.doc

— 1.10 Мб (Скачать файл)

Осы екі ерекшелік – шағын жинақты мектептің негізгі мектептен төмендегі ерекшелігін туғызады: бір сыныптың өздік жұмысына бөлінген уақыт мұғалімнің басшылығымен жұмыс істеп отырған келесі сыныпқа бөлінген уақытқа байланысты. Екіншіден, 3-4 сынып қатар оқытылатындықтан, сабақ кестесін, сабақ жоспарын дұрыс жасау, оқушылардың өздері орындайтын жұмыстарын шебер ұйымдастыру, сабақ уақытын дұрыс, тиімді пайдалану қажет.

Бір сыныппен жұмыс істегенде сабақтың мақсаты, логикалық құрылымы оқушы мен оқытушыға бірдей, ал бірнеше сыныппен жұмыс істеуде бір сабақ әрқайсысы бір сабақ ретінде бірнеше кішкентай сабақтардан тұрады да, мұғалім бір күнде 8-16 сабаққа, оның әр бөлігін санағанда, 32-40 сабақшаларға, олардың логикалық байланысы әр кезеңнің мақсаты мен міндетіне қарай уақытында тиянақты дайындалуы қажет. Сонымен бірге сабақтың үстінде мұғалім әр түрлі жастағы, ой-өрісі мен білім дәрежесі әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді, сондықтан ол балалардың психологиясын жақсы білуі тиіс. Шағын жинақты мектептер орта мектептерден алшақ орналасады, сондықтан мұғалімнің басқа оқытушылардың сабақтарына қатысып, араласу, тәжірибе алмасу, үлгі алу мүмкіндіктері аз болады, шыңдалудан гөрі жауапкершіліктері төмендеп, сабақ тиімділігін төмендету қаупі туады [8,36б.].

Мұғалім сабақ барысында ұйымдастырылатын өздік жұмыстардың мазмұнын, көлемін, оларды орындау әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, оқушылардың білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне, орындау жылдамдықтарына қарай лайықтап, орындау уақытын белгілеп, оның тиянақты болуын ойластыруы қажет. Өз бетімен жұмысты орындау әрбір оқушыға түсінікті болуы керек және де таратпа және дидактикалық материалдар саны барлық балаларға жететіндей болуын қадағалау керек.

Шағын жинақты мектептің бірнеше өзіне тән тиімді жақтары да бар:

  • балалардың саны аз, сондықтан мұғалім әрбір оқушыны, оның қызығушылығын арттыруына, отбасын тез, жақсы тануына көп мүмкіндік бар.
  • дәптер тексеруге, жеке – дара өздік жұмысқа арналған жаттығулар іріктеуге аз уақыт жұмсалады.
  • оқушылардың тәртіп бұзушылығы аз болады.
  • оқушылар бірінші сыныптан бастап, өз бетімен жұмысқа бейімделеді.
  • бір оқу бөлмесінде күнделікті бірге болғандықтан, жоғары сынып (3-4) оқушылары кіші сынып оқушыларына көмек береді.
  • әрбір баланың білім деңгейлерін анықтап, олардың білім, білік дағдыларының деңгейлерін көтеруге мүмкіндік мол.
  • аталмыш мектеп мұғалімі пәнаралық байланысты жүзеге асыруға, кеңінен қолдануға тырысады.

Шағын жинақты мектептің жоғарыда келтірілеген артықщылықтарымен қоса, кемшіліктері, кері жақтары да бар:

  • мұғалімдер ұжымының аздығына қарай, әрбір мұғалімнің шығармашылық белсенділігінің артуына жол болмайды;
  • сабаққа дайындалуда оқытушы шектен тыс жүктеме орындайды;
  • мұғалім әрбір сыныппен сабақтың белгілі бір бөлігінде ғана жұмыс жасауға мүмкіндігі бар, ал қалған уақытта тек оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыруға, оны басқаруға ғана жұмсалады;
  • мұғалімнің зейіні екі немесе одан да артық сынып оқушыларына бөлініп отырады;
  • өзіндік жұмысты орындау барысында оқушылар мұғалім тарапынан жеткілікті мөлшерде көмек ала алмайды;
  • белгілі бір жастағы балалар болмағандықтан, ұжымдық жұмыс ұйымдастыруға мүмкіндігі жоқ;
  • оқушылардың өздік жұмысы басқа сынып оқушыларының шуылы, кедергі жасауы барысында жүргізіледі, мұның өзі оқушының тапсырманы түсіне отырып орындауына кері әсер етеді;

Шағын жинақты мектеп оқушылары көпке дейін өз ойын ашық айтуға, қандай да бір мәселені ауызша талдауға, өзгенің талдауын, талқылауын, ойын тыңдаудан кейде, кейін қалады;

Шағын жинақты мектеп бағдарламасын өз деңгейінде орындап шығу қазіргі кездегі көкейкесті мәселелердің бірі, өйткені қойылатын талап негізгі мектептермен бірдей. Аталмыш мектеп жағдайында бағдарламаны сапалы орындау төмендегі жағдайларды, талаптарды орындағанда ғана мүмкін болады: - егер мұғалім шағын жинақтлған мектептің өзіндік ерекшелігін, сабақтың ерекшелігін түсіне, сезіне алатын болса;

Мұндай мектепте бір мұғалім бір мезгілде екі сыныппен қатар жұмыс істейді. Сабақтың өзіндік ерекшелігі: оқу үрдісінің бір мезгілде екі сыныпта бірдей ұйымдастырылуы. Мұның өзі мұғалімнің әр сыныпқа сабақ уақытының жартысын ғана жұмсауына мүмкіндік береді. Яғни, мұғалім бір сыныпқа жаңа материалдарды түсіндіріп жатқан кезде басқа сыныптың оқушылары өз бетінше жұмыс жүргізеді [28].

Шағын жинақталған мектептерде негізгі назар ұйымдастыру жұмыстарына аударылады.

Жалпы жаңа жүйе бойынша оқыту жұмысын ұйымдастыру шарттары:

  • сабақтың оқу бағдарламасына сәйкес жоспарлануы;
  • бірнеше сыныптың оқу материалының бір тақырыптық жүйеге ыңғайластырылуы;
  • көрнекі дидактикалық құралдардың алдын ала дайындалуы;
  • сабақ тақырыбының өзара байланысы;
  • сыныптарды комплектіге дұрыс бріктіру;
  • сабақтардың кестесін дұрыс жасау;
  • тиімді оқыту әдістерін таңдау;
  • сабақтың мақсатқа сай келетін құрылымын анықтау;
  • оқушылардың өздік жұмыстарын мұғалім басшылығымен ісстелетін жұмыстармен ауыстырып отыру;
  • мұғалімнің 4-5 рет жұмыс түрін ауыстыруы;
  • барлық сыныптарда тәрбие процесін жүргізу;

Шағын жинақталған мектеп жұмысын қиындататын, оқушылардың білім дәрежесін төмендететін бірқатар объективтік ерекшеліктер бар:

  • бір мезгілде бірнеше сынып жұмыс істейтін шағын кешенді мектепке арналған оқыту әдістемесінің жасалмауы;
  • өздігінше жұмыс істеу әдісінің кең тарамағандығы;
  • шағын жинақталған мектеп мұғаліміне арнап жазылып, баспадан шыққан әдістемелік және көрнекілік құралдарының аздығы;
  • шағын кешенді мектептердің кітапханалық қорының нашарлығы.

Шағын жинақталған мектептер үшін оқулықтары жоқ, өйткені толық кешенді мектептерге қарағанда шағын кешенді мектептердің оқу шарттары ерекше. Сондықтан да ондай мектептерде «үлкен» сабақтың құрамындағы «кіші» сабақтарды дұрыс ұйымдастыру керек, оқушының осындай «кіші» сабақтарында алған білімі, тәрбиесі толық мектептегі оқушының біліміне сәйкес болуы шарт.

Шағын кешенді мектептегі  сабақтың табыстылығы мұғалімнің түсіндіруі мен өздік жұмысты ұштастыруына байланысты. Түсіндіру нақтыландыратын мысал, қосымша ой-пікірлерсіз қысқа болуы керек. Мұғалім әдетте жаңа білімді меңгерту үшін бір не екі мысал келтіреді. Мұғалім тақырыпты түсіндіргеннен кейін өздік жұмысты қалай орындау керектігі туралы қысқаша нұсқау беріп, оқушылардың жұмысқа әзірлігін тексеріп, келесі сыныппен жұмыс істеуге көшеді. Тақырыпты түсіндіріп болған соң сыныпқа өздік жұмыс береді. Оқу жұмысының түрлерін ауыстырып, өздік жұмысты орындау процесін бақылап, мұғалім сабақты жүргізіп отырады. Мұғалім екі сыныптың оқушыларының да іс-әрекетін толықтай бақылап, онда өздік жұмыстың нәтижелерін міндетті түрде тексеріп, жауап беріп көмектеседі. Әр сыныптағы өздік жұмысқа 15 минут уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде мұғалім басқа сыныптың оқушыларына жаңа сабақ түсіндіреді, оны қайталаттырады, жүйелетеді. Шағын жинақталған мектепте жұмыс істейтін мұғалім кіші мектеп жасындағы оқушыларға берілген өздік жұмыстың барлық түрлерін білу керек. Сыныпта әр жастағы оқушылар оқып, бір сабақта бірнеше пәннен алынған ұқсас тақырыптар түсіндіріледі. Сабақтар бір бөлмеде өтеді.

Мұғалімнің мақсаты:

  • әр сыныппен істейтін жұмысына уақытты дұрыс бөлу;
  • таным процесінің  жүйесін бұзбау;
  • оқушылардың жаңа тақырыпта қабылдауын, түсінуін, меңгеруін, есте сақтауларын ынталандыру;
  • барлық сыныппен бір мезгілде тәрбие жұмысын жүргізу;
  • білімнің негізгі мазмұнын меңгерту.

Сыныпты топтастыруда жұмыс жасау оқушыға да қиын, себебі ол тапсырманы орындауға зейінді шоғырландырып, басқа сыныпқа мұғалім түмсіндірген сабаққа мән бермеуі, өзіне арналмаған сурет және басқа материалдарға назар аудармауы, басқа сынып оқушыларының жауаптарын тыңдамауы тиіс.

Бұл күрделі іскерліктер өмірде де керек. Бірақ оларды игеру қиын, көп күш қажет етеді. Оқушы аталған іскерліктерді үйренуге мәжбүр болады, себебі оқу тиімділігі зейінді шоғырландыруға тікелей байланысты. Сондықтан мұғалім сыныпты топтастыруда әдеттегі сыныптарға қарағанда оқушылардың өздік жұмыстарды жасау іскерлігіне назар аудару керек.

Мұғалімнің материалды терең және жан-жақты түсіндіруге уақыты жоқ, сондықтан кейбір оқу материалдарын мұғалім оқушыға өз беттерімен оқуды ұсынады.

Қоғамымызда болып жатқан елеулі өзгерістер білім беру саласына өз ықпалын тигізуде. Қазіргі жаңа типтегі білім беретін мектептегі оқу мен тәрбие үрдістерінің жаңа мазмұнын белгілеу, жетілдірілген оқу бағдарламаларын меңгеру оқу тәрбие жұмысын, оның ішінде әрбір сабақты ғылыми негізде ұйымдастыруды талап етеді.

Ұстаздарды толғандыратын мәселе шағын жинақты мектептегі білім беру жүйесі. Шағын жинақты мектеп алдында тұрған негізгі міндет – ойлауды дамыту, оқу материалын саналы әрі сапалы меңгеруге үйрету. Бұл міндетті шешу мектеп ұстазынан тек дайын білімді беруші емес, ойлау әрекетін ұйымдастырушы болуды талап етеді. Сонымен қатар шағын жинақты мектептің өзіндік ерекшеліктері бар. Мұғалім екі сыныптағы оқушылардың да іс-әрекеттерін толықтай бақылап, өздік жұмыс нәтижелерін  міндетті түрде тексеріп, жауап беріп, көмектеседі. Әр сыныпқа өздік жұмысқа уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде басқа сыныпқа жаңа сабақты түсіндіру керек.

Шағын жинақты мектеп жұмысын қиындататын, оқушылардың білім сапасын төмендететін бірқатар объективті ерекшеліктер бар:

  • шағын жинақты мектепке арналған оқыту әдістеме жеткіліксіз;
  • шағын жинақты мектеп мұғаліміне арнап жазылған күнтізбелік жоспар жасалмауы, баспадан шыққан әдістемелік және көрнекілік құралдарының аздығы;
  • мектептер шалғай ауылда болғандықтан мұғалімдердің тәжірибе бөлісуі үшін мүмкіншіліктің аздығы. Мұндай мектепте бір мұғалім бір мезгілде екі сыныппен қатар жұмыс істейді. Сабақтың өзіндік ерекшелігі, оқу үрдісінің бір мезгілде екі сыныпта бірдей ұйымдастырылуы.

Шағын мектептегі сабақтың табыстылығы мұғалімнің түсіндіруі мен өздік жұмысты ұштастыруына байланысты. Түсіндіру нақтыландыратын мысал, қосымша ой-пікірсіз қысқа болу керек. Сондықтан да біріккен сыныптарда оқу-тәрбие жұмысын оқушылардың қабілеттерін анықтай отырып, ұйымдастыру жөн. Оқу-тәрбие жұмысын жүргізуде мұғалім мақсаты:

  • әр сыныппен істейтін жұмысына уақытты дұрыс бөлу;
  • таным процесінің жүйесін бұзбау;
  • оқушылардың жаңа тақырыпты қабылдауын, түсінуін, меңгеруін, есте сақтауларын ынталандыру;
  • екі сыныптың тәрбие жұмысын тиімді жүргізуге көңіл бөлу;
  • білімнің негізгі мазмұнын меңгерту.

Жоғарыда айтылған шағын жинақты мектеп мәселелерін шешуді іздеу жолында өз тәжірибеммен бөлісуді жөн көрдім.  Біздің Қараторғай орта мектебі де шағын жинақты мектеп. Оқу жұмыс түрлерін ауыстырып, өздік жұмысты орындау процесін бақылап, мұғалім сабақты жүргізіп отырады. Екі сыныптағы ұқсас тақырыптарды іріктеп түсіндіру, мысалы : 7-сыныпта «Газ қысымы. Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым.», 8-сыныпта « Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі. Балқу және қатаю кезіндегі ішкі энергияның өзгеруі. Меншікті балқу жылуы.» т.б. Сонымен қатар сабақты жоспарлағанда екі сыныпқа да бірдей жоспарлау керек. Сабақты ұйымдастыру барысында оқытудың жаңа технологияларын пайдаланып, сабақ өткізілуі тиіс. Әрине, оқушы санының аздығы және оқушылардың әр түрлі жас ерекшелігі технологияларды тұтас пайдалануға мүмкіншілік бермейді дегенмен, олардың элементтерін тиімді пайдалануға болады. Мен өз тәжірибемде – деңгейлі-саралап оқыту технологиясын үй тапсырмасын тексеру кезінде және жаңа тақырыпты пысықтау барысында қолданамын. Тірек сызбалар ауыз екі сөзді қысқартып, нақты ойды жеткізеді сондықтан тірек сызбаларын жаңа материалды түсіндіруде, берілген мәтіндерден негізгі ойды табу және талдауға пайдаланамын. Мен осы біріккен сыныптарда жүргізген бірнеше сабағымды ұсынып отырмын.

 

Кесте 2.2

Біріккен сыныптарға арналған сабақ жоспары

 

7-сынып

8-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Архимед күші

Электр құбылыстары тарауын қайталау

2.2 – кестенің жалғасы

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік

Оқушылардың өз бетімен білім алуына жағдай жасай отырып, таным белсенділігін арттыру. Архимед күші ұғымымен таныстырып, тапсырмалар арқылы тақырыптың мазмұнын ашу.

Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін меңгерту.

2.Дамытушылық

Оқушылардың бірін - бірі тыңдай білу, өз ойын тиянақты жеткізе білу, нақты сұрак қойып, қойылған сұраққа дәл жауап беру.

Электр тогы жайлы білімдерін  дамыта отырып, алған білімдерін күнделікті өмірмен байланыстыру.

3.Тәрбиелік

Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып, білім алуға, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:

Жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау.

Қорытынды сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Әңгіме, сұрақ-жауап, есеп шығару.

Әңгіме, шығармашылық жұмыс, есептер шығару, шартты белгілермен жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері:

Слайд, су толтырылған ыдыс.

Слайд, суреттер. үлестірмелі қағаздар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сәлемдесу; 2.Оқушыларды  түгендеу; 3.Психологиялық көңіл-күйлерін бақылау.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау «Есіңе түсір» жазбаша сұрақтар беру.

1.Қатынас ыдыстарға мысал келтір.

2.Су құбырының жұмыс істеу принципі

3.Атмосфералық қысым дегеніміз не?

4.Барометр қандай құрал?

5.Манометр қандай құрал?

6.Сорғыларға мысал келтір.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау; Сұрақтар қою ауызша.

1.Электр тогы дегеніміз не?

2.Ток күші дегеніміз не?

3.Кернеу дегеніміз не?

4.Кедергі  дегеніміз не?Меншікті кедергі дегеніміз не?

5.Асқын өткізгіштік дегеніміз не?

6.Электр тогының формуласын жаз.

7.Токтың қуатын қалай есептейміз?

8.23-жаттығудың 5-6 есептері

2.2 – кестенің жалғасы

ІІІ. Жаңа сабақ:

ІІІ.Тарауды қайталау

Информация о работе Шағын жинақты мектептерде оқушыларға білім мен тәрбие беру кезінде өзіндік жұмыстың ерекшеліктері