Шағын жинақты мектептерде оқушыларға білім мен тәрбие беру кезінде өзіндік жұмыстың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2015 в 07:08, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының мақсаты: Шағын жинақты мектептерде оқушыларға білім мен тәрбие беру кезінде өзіндік жұмыстың ерекшеліктерін, түрлерін анықтау, маңызын айқындап беру.
Диплом жұмысының міндеттері:
• Зерттеу жұмысы барысында білім, білік, дағдыларды қалыптастыруда оқытудың тиімді әдістерін таңдау;
• Шағын кешенді мектептерде сабақ үрдісінде жаңа ақпараттық технологиялардың пайдалану мүмкіншілігін кеңейту;
• Өзіндік жұмыстардың жүйелі түрде орындалуын қамтамасыз ету.
• Оқушылардың бiлiм, бiлiктерiн iзгiлiктi педагогикалық ұстанымдарға негiзделген жүйелi бақылау
Осы көрсетілген міндеттерді орындау барысында дипломдық жұмыстың маңыздылығы шығады.
Зерттеу объектісі – шағын жинақталған мектептерде физиканы оқытуды жаңа ақпараттық технологиялар арқылы ұйымдастыру.

Вложенные файлы: 1 файл

диплом Улпан.doc

— 1.10 Мб (Скачать файл)

Шағын жинақты мектептегі сабақтың өзіндік ерекшелігі – оқу үрдісінің бір мезгілде екі сыныпта бірдей ұйымдастырылуы, бір мұғалім бір мезгілде екі сыныппен қатар жұмыс істеуі. Бұл ерекшелік мұғалімнің әр сыныпқа сабақ уақытының жартысын ғана жұмсауына мүмкіндік береді. Яғни, мұғалім бір сыныпқа жаңа материалдарды түсіндіріп жатқан кезде басқа сыныптың оқушылары өздігінен жұмыс жүргізеді.

Осыған орай шағын жинақталған мектептердің (Қараторғай орта мектебінің) физика пәнінен оқушылармен өздігінен жұмыс түрлері, өздік жұмыстың әдіс-тәсілдері ұсынылады. Мысалы, 8-сыныпта «Электр құбылыстары» тарауын оқыту барысында оқушыларды шығармашылыққа төселдіру, ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту мақсатында

“Ақын жанды болмаған адам физик те бола алмайды” деген тақырыпта әңгіме, ойтолғау, шағын шығарма, эссе жазу тапсырмасы берілді. 8-сынып оқушысы Егінбаева Ұлпан өлең шығарыпты.

Ток күші

Ток күші сенің арқаң өмір сүргеніміз,

Сабақ оқып, кір жуып, кино көргеніміз.

Қымбат қылып бағаңды өсірсең де,

Қиналсақ та уақытында төлейміз біз.

Елімнің жетістігі сенің арқаң,

Бай қылдың егініңмен қылдың дархан

Түтемеген шамыңды жарқыратып

Болдың ғой сен біздің шырағымыз.

Ал Бибек Руслан ертегі құрастырып әкелген.

Ертеде электр деген хан болыпты. Ол кезде электр энргиясы болған жоқ еді. Электр ханның үш баласы болған, үлкені Ампер, ортаншысы- Вольт, ал кішісі Ом. Ханның балалары ереже жеткен соң әкесі олардың басын қосып, электростанцияның құру жоспары жайында әңгімелеседі. Сонда Ампер мен Вольт жұмысқа  бірден кірісті, ал Ом болса олармен келіскен жоқ. Себебі электростанция найзағайдың күшін көп тартатын еді. Ом ол халыққа қауіп төндіреді деп қорықты. Ампер мен Вольт Омның сөзін тыңдамай өз істерін істей берді. Электростанция құрылып, елге жылу, ток берілді. Бүкіл ел өздерінің ризалқтарын  Ампер мен Вольтке және олардың әкесіне білдірді. Солай бірнеше жыл Ом ағаларына реніште болды. Ампер мен Вольт өз елінде әйгілі болған соң, басқа елдерге ток сатумен айналысқылары келеді.Олар енді станцияның найзағайдан асатын күшті арттырумен болады.Енді Вольт токтың күшін бір мөлдерде ұстайтын  кернеу құралы арқылы жұмыс істегісі келеді.

найзағайдан алатын күшті арттырады. Олар енді жауынды тосты.Жауын жауған күні найзағай станцияға кіріп, двигательдерді істен шығарады да, кедергі жасап, өкінішке орай өзі апатқа ұшырайды.   

Содан бері ел адамдары Амперді ток күші, Вольтті –кернеу, Омды-кедергі деп атап кеткен.

Тарауды корытындылауда физикалық диктант жүргізуге болады:

  1. Электр тогы деген не?
  2. Ток бағыты үшін, ток көзінің қай полюсіне  қарайғы бағыт қабылданған?
  3. Ток күшінің бірлігі
  4. Ток күші 5А, бұны қалай түсінесіңдер?
  5. Электр мөлшерінің  бірлігін  атаңдар. Вольт қандай  физикалық шаманың бірлігі?
  6. Тізбектегі ток күші, кернеу және кедергі арасындағы байланысты  тағайындаған  кім?
  7. 10 кОМ  неге тең?
  8. ОМ  заңы қалай айтылады?
  9. Меншекті кедергінің өлшем бірлігін ата.
  10. Р әрпімен матиматикалық және физикалық  мағынасы қалай?
  11. Электр тогын үйде өлшейтін құрал.
  12. Бұл шамамен адам аты да аталады.
  13. “Керуен” сөзін физикалық шамаға өзгерт.
  14. Табиғат жөніндегі ғылымдардың бірі.

Келесі тапсырма карточкамен жұмыс.

  1. Ауруханадағы кезекші дәрігердің бөлмесінде электр қоңырауы орналасқан. Қатар жатқан үш палатадағы аурулардың әрқайсысының қоңырау соғуға мүмкіндігі бар. Осыны сызба түрінде көрсетіндер.
  2. Үш түсті көк, қызыл, жасыл, шамдар өзара жалғанған. Егер қызыл шамды сөндірсем бәрі сөнеді. Ал егер көкті сөндірсем қызыл мен жасыл жанады. Сызба құрастырындар. Ал егер көкті қоссам, жасылды сөндірсем не болады? Жауапты түсіндіріндер.
  3. Қай электр тізбегіндегі вольтметр резистордағы кернеудің нақты мәнін анықтайды?

Осы тарауды оқыту барысында оқушылардың ойлау қабілетін, дүниетанымдық көзқарасын,  алған білімнен тұжырым жасай білу дағдысын, машығын дамытып, қалыптастыру мақсатында тест тапсырмалары ұсынылады.

 1.  Тізбек бөлігінде 3 Кл заряд орын ауыстырғанда электр өрісі 120 Дж жұмыс атқарды. Кернеуді тап. 

А) 360 В    В) 0,36 кВт  С)40 В  Д) 4 кВ      Е) 40 Вт

2. Кедергіні реттеуге  арналған құрал-

  А) реостат  В) резистор   С)теристор  Д) транзистор  Е) диод

3. 15 секундта өткізгіштің  көлденең қимасы арқылы 120 Кл электр  заряды өтеді. Тізбектегі ток  күшін табындар.

А) 8 кА  В) 8 А     С)80 мА    Д) 800 А    Е) 8 Дж

4. 24В кернеуге 1,5 А ток  күшіне есептелінген шам 10 минут жанды. Электр тогының атқаратын жұмысын анықтаңдар.

А) 216 кДж     В) 21,6 кДж С)216 Дж   Д) 2,16 кДж   Е) 3,6 кДж

5. Кернеуі 220В ток көзіне  электр шамы қосылған. Шамнан  өтетін ток күші 0,3А-ге тең, оның 20с ішіндегі жұмысын анықтаңыз

А) 1320 Дж   В) 396 Дж     С)66 Дж      Д) 4400 Дж     Е) 6200 Дж

6. Кернеудің өлшем бірлігі-

 А) Ватт   В) Ом    С)Вольт    Д) Ампер   Е) Джоуль

7. Ток күшінің өлшем  бірлігі-

А) Ватт   В) Ампер    С)Вольт    Д) Ом  Е) Джоуль

8. Кедергілері 6 және 3 Ом  өткізгіштер паралель қосылған. Өткізгіштің жалпы кедергісі-

А) 0,5 Ом  В) 2 Ом  С)9 Ом  Д) 18 Ом    Е) 3 Ом

9. 100 В кернеуге және 0,5 А ток күшіне есептелген электр  шамының қуатын анықта.

А) 50 Вт       В) 200 Вт     С) 0,005 Вт     Д) 500 Вт  Е) 5 кВт

10. Кернеуі 10 В электр доғасы ток көзіне қосылған. Электр доғасы 20 А ток күшін тұтынады. Электр доғасының қуатын анықтаңдар.

А) 200 Вт   В) 2 Вт   С) 0,5 Вт    Д) 2 Дж    Е) 200 Дж

Өздік жұмыс кезінде тест тапсырмаларын орындау барысында оқушылардың бойында өзіне деген сенімділік, өз білімін тексеру мүмкіндігі пайда болады

Оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыруда қолданылатын әдістің бірі – сәйкестендіру тапсырмасы.

Өзіндік жұмыстың бір түрі - мақал-мәтелдердің физикалық мағынасын ашу. 7-сыныптарга ұсынып отырмын.

1.Отты үрлеген жағады,

Шындықты іздеген табады.

Отты үрлеген кезде,отқа жаңа таза ауа келеді,от жақсы жанады. Өтірік айтпау керек.

Әр уақытта шыншыл,әділ болуы керек, әр уақытта шындық жеңеді.

2. Теректің жануында мін  жоқ , бірақ жылуында мән жоқ.

Терек жақсы жанады, оның меншікті жану жылуы аз болғандықтан тез жанып кетеді де , жылуды аз береді.

3.Азықсыз адам алысқа бармайды.

Адам әр уақытта энергияны астан алады , егер тамақтанбаса , адамның әл – ауқаты да болмайды , сондықтан күнделікті дұрыс тамақтану керек.

4.Тонның жылуы терісінен емес , жүнінен.

Тонды әдетте қойдың , түйенің терісінен илейді ,ал жүннің арасында ауа болады.

Ауаның жылу өткізгіштігі нашар, сондықтан тон адамның жылуын сыртқа ,ал сыртқы суықты адам денесіне нашар өткізеді.

5.Нан піскенше күлше күйеді.

Неғұрлым қыздырылған дененің массасы аз болса, оған соғұрлым аз жылу керек.

Таба нан салғанда нан жұқа болса , әрі кіші болса, ол күйіп кетпеу үшін отты аз қалау керек.

6.Түндіксіз үйден түтін түзу шықпайды.

Ата-бабаларымыз көшіп-қонып жүргенде,киіз үйлерде тұрған,киіз үйдің төбесінде уығы болған, оны киізбен жапқан. Күндіз киізді ашып, жоғары жақтан салқын,таза ауа кіргізгенде , оны түндік деп атаған.

Шағын жинақталған мектептердің 7 және 8 сыныптарында  «Физика» пәнінен оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыру барысында төмендегідей нәтижелерге қол жеткізуге болпады:

  1. Оқулықтағы мәтіндерді оқыту барысында қатар сынаптармен жұмыс жүргізудің қиындығын ескере отырып, олардың (7,8-сыныптардың) әрқайсысына берілетін өзіндік жұмыстардың түрі мен мазмұны толық ашылады.
  2. Мәтінді сапалы меңгеруге көмектесетін проблемалық жағдаяттар мәтін мазмұнын оқушылардың өмір тәжірибесімен байланыстырады, олардың логикалық ойын дамытып, шығармашылыққа баулиды;
  3. Оқушылардың өзіндік жұмыстар негізінде ізденуге, өзін өзі дамытады, білімді өздігінен меңгереді;
  4. Тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың тілі дамиды, сөз қоры молаяды;
  5. Қатар жұмыс орындайтын екі сыныптың мәтін мазмұнын қорыту кезінде оларға ортақ ұғымдар, жаңа сөздер талданып, оқушылардың ой қорыту дағдылары қалыптасады [30].

 

«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың  2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында»: «Шағын жинақталған мектептерді оқу процесін толыққанды және сапалы өткізу үшін негізгі және аға буындағы біріктірілген сыныптар бірте-бірте қысқарады. Ауылдық жерлерде шағын жинақталған мектептердің балалары үшін бейінді мектеп-интернаттар салу және ашу көзделіп отыр. Ашық білім беру ортасын құру үшін оқу процесін ұйымдастырудың қашықтан оқыту әрі басқа инновациялық нысандары кеңінен енгізілетін болады» деген болашақта атқарылатын жұмыс түрлері анықталған [31]. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

Білім беру саласындағы қазіргі проблемалардың бірі өскелең ұрпаққа өзіндік даму, нәтижеге бағытталған білім беру. Шағын кешенді мектептерде негізгі назар ұйымдастыру жұмыстарына аударылады. Ауылдық жерлердегі шағын жинақталған мектептерінің білім беру сапасын көтеру - ең өткір мәселелердің бірі. Шағын жинақталған мектептердің проблемасы көп, бастауыш және негізгі мектептердің жағдайы төмен. Материалдық-техникалық базасы мен көрнекі құралдары нашар. Арнайы жабдықталған пәндік дәрісханалар мен зертханалар да жоқтың қасы. Интернет желісінің жұмыс істеу сапасы төмен, тіпті шалғай ауылдарда қосылмаған, кітап қоры аз, оның ішінде мұғалімдерге қажетті инновациялық технологияға байланысты әдістемелік құралдар мен материалдары қолданыста жоқ деуге де болады. Кадрлар тапшы, мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерін жетілдіру курстарынан неше жылда бір өтеді. Бір пәннің мұғалімі бірнеше пәннен сабақ береді. Оның үстіне, бала саны аз болғандықтан, сыныптар топтастырылып сабақ өтеді, оқушының бағдарламаны толық игеріп, жан-жақты білім алу мүмкіндіктері төмен. Шағын жинақталған мектепте бір мұғалім бірнеше пәнді оқытуы мүмкін. Мұғалім, алдымен, екі сыныпқа ортақ ұйымдастырушылық жұмыстарды атқарған соң, жаңа материалды түсіндіреді. Содан соң бір сыныптың оқушыларымен жұмыс жасау үшін екінші сыныптың оқушыларына пайдалы жұмыс беріп, оны өз бетінше орындауға тапсырма береді. Бір сыныптың оқушылары оқу тапсырмаларын өз беттерінше орындау барысында мұғалім өткен тақырыпты сұрап, жаңа материалды пысықтау жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ екінші сынып оқушыларына өздік жұмыстары үшін кезекті тапсырмаларды түсіндіреді. Осыған байланысты мұндай, сабақтардың бірінші ерекшелігі: оқушылардың өздік жұмысы қалыпты оқу әрекетінің шартына айналады және шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында сабақтың міндетті компоненті болып табылады. Осыдан сабақтың екінші ерекшелігі шығады: жұмысты мұғалімнің тікелей басшылығымен кезектесе орындауы, мұғаліммен жұмыс және мұғалімнің тапсырмасын орындау немесе өз таңдауы бойынша өздік жұмысы. Үшінші ерекшелігі: жұмысты орындауға кететін өздік жұмысы мен уақыт көлемінің мұғалімнің басқа сыныппен жұмыс уақыты көлеміне тәуелділігі.

Жеке жұмысты сабақтың барлық кезеңдерінде жүргізген жөн және оны бекітіп отыру көзделеді, мұның өзі оқушының бұрын меңгерген білімдерін, қабілетін, дағдысын жетілдіріп отыруына ықпалы зор, сол секілді бақылау үшін зерттеу әдісін меңгеруге жол ашады. Сабақтың бұл түрі оқушылардың өзіндік іс-әрекетін тәрбиелейді, жинақылыққа, ұшқырлыққа, өзінің мақсатын айқындауға таба білуге бағыттайды, бірақ бұл сабақта оқушылардың қарым-қатынасы шектеулі, оны ұжымдық жұмыстың түрімен толықтыруға, топтық жұмыс ұйымдастыруға болады. Ақпараттық құралдар негізінде физикадан өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушыларға сапалы білім бере отырып, оқушылардың білім деңгейі және пәнге деген қызығушылығын артады.

Диплом жұмысын жазу барысында төмендегідей тұжырымдар мен қорытындылар алынды:

1. Физикадан өзіндік жұмыстар шағын жинақты мектептің оқу үдерісіндегі сабақты тиімді ұйымдастыруға жағдай жасайды және білім алушылардың ақпараттық, коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға, ойлау, өзіндік шешім қабылдау қабілеттерін дамытуға, білімге деген қызығушылығын арттыруға тәрбиелейді.

2. Шағын мектеп мұғалімінің сабақ дайындалу кезіндегі жеңілдіктері сол, мұғалім әр оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырма дайындайды, дәптерлерін тексеруге уақыт аз кетеді. Сонымен қатар оқушылардың сабақтағы белсенділігі артады, ал сабақта белсенділік танытатындардың есте сақтау қабілеті артады, білімді орнықты меңгереді, танымы кеңейеді, шығармашылығы артады.

3. Физикадан өзіндік жұмыстар  арқылы оқушылар түрлі іскерліктерге  дағдыланады. Дағды оқушыларға бірден пайда болмайды. Ол біртіндеп жүргізілген практикалық, жаттығу жұмыстарының жүргізілген тәжірибелерінің нәтижесінде дамып, жетіледі.

4. Білім беру барысында  оқушылардың жеке тұлғасын жан-жақты  дамытуға, олардың танымдық әрекетін дамытуға, ой санасын қалыптастыруға ерекше назар аудару әр педагог мұғалімнің міндеті. Осы тұрғыдан алғанда оқушылар алған білімдерін жадында сақтап қана қоймай, оның өмірмен байланысын іс-жүзінде қолдануға жаттығады.

5. Әрбір кезең өз алдына  оқушылардың өзіндік жұмысының дамуына белгілі дәрежеде үлес қосады. Өзіндік жұмыстарды орындау арқылы белгілі бір мәліметтерді өңдеуге байланысты, білімді шығармашылықпен қорытындылап отыруды көздейді. Сол арқылы физика сабағының сапасы артады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 
     

КІРІСПЕ.........................................................................................................................

3

     

1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН  ЖИНАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТЕРДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ....................................................................................................

6

1.1

Шағын жинақталған мектептегі білім беру.......................................................

6

1.2

Шағын жинақталған мектеп қызметін жетілдіру жолдары.............................

15

1.3

Шағын жинақталған мектептердегі сапалы білім берудегі жаңа технологиялар........................................................................................................

28

1.4

Мектеп және мұғалім шығармашылығының рөлі.............................................

33

     

2

ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТЕРДЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ.................................................................

41

2.1

Шағын жинақталған мектептерде ұқсас тақырыптарды кіріктіре оқыту (Қараторғай орта мектебі негізінде)....................................................................

41

2.2

Шағын жинақталған мектепте бірпәндік сабақтарды ұйымдастыру (Қараторғай орта мектебі негізінде)....................................................................

48

2.3

Біріккен сыныпта физика пәнінен сабақты тиімді ұйымдастыру жолдары (Қараторғай орта мектебі негізінде)....................................................................

54

2.4

Шағын жинақталған мектептерде физикадан өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру негізінде оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру........................................................................................................

70

     

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................................

77

   

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................

79

Информация о работе Шағын жинақты мектептерде оқушыларға білім мен тәрбие беру кезінде өзіндік жұмыстың ерекшеліктері