Шағын жинақты мектептерде оқушыларға білім мен тәрбие беру кезінде өзіндік жұмыстың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2015 в 07:08, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының мақсаты: Шағын жинақты мектептерде оқушыларға білім мен тәрбие беру кезінде өзіндік жұмыстың ерекшеліктерін, түрлерін анықтау, маңызын айқындап беру.
Диплом жұмысының міндеттері:
• Зерттеу жұмысы барысында білім, білік, дағдыларды қалыптастыруда оқытудың тиімді әдістерін таңдау;
• Шағын кешенді мектептерде сабақ үрдісінде жаңа ақпараттық технологиялардың пайдалану мүмкіншілігін кеңейту;
• Өзіндік жұмыстардың жүйелі түрде орындалуын қамтамасыз ету.
• Оқушылардың бiлiм, бiлiктерiн iзгiлiктi педагогикалық ұстанымдарға негiзделген жүйелi бақылау
Осы көрсетілген міндеттерді орындау барысында дипломдық жұмыстың маңыздылығы шығады.
Зерттеу объектісі – шағын жинақталған мектептерде физиканы оқытуды жаңа ақпараттық технологиялар арқылы ұйымдастыру.

Вложенные файлы: 1 файл

диплом Улпан.doc

— 1.10 Мб (Скачать файл)

Әр түрлі жастағы оқушылардың ортақ әрекетін ұйымдастыру және ынталандыру тәсілдері.

  • ортақ мәселелер мен міндеттерді барлығына бірдей түсінікті және қызықты етіп қою;
  • ізденімділік тапсырмалар  қолдану, іздендіру жағдаятын құру ;
  • шығармашылық тапсырмалар орындату;
  • орындалған тапсырмалардын нәтижелерін бірге талқылау ойын элементтерін қолдану, сайыстар өткізу.

Біріктірілген сыныптарда  біртақырыптық сабақтарда ұйымдастыру мазмұны ұқсас тақырыптарды пәнішілік және пәнаралық оқулықтарды кіріктіре оқыту арқылы жүзеге асырылады. Мазмұны ұқсас тақырыптарды пәнішілік кіріктіре оқытуда жаңа тақырыптар екі сыныпқа ортақ түсіндіріледі де, жаңа оқу материалын бекіту барысында жаттығулары дараланып, өзіндік жұмыстарымен деңгейлік тапсырмалар беріледі. Ал пәнаралық кіріктіре оқытуда білім мазмұнының жүйелілігін сақтай отырып, бір сыныпта бірнеше пән бойынша мазмұны ұқсас тақырыптарды  кіріктіре оқыту жүзеге асырылады. Мұндағы екі жаңа тақырып (мысалы, химия, физика, т.б  пәндерді кіріктіре оқытуда )мазмұны ұқсас болғандықтан  сыныпқа ортақ түсіндіріліп, оқушылардың әр пән ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік жұмыстармен ұштастырылады [25].

 

 

2.2 Шағын жинақталған мектепте бірпәндік сабақтарды ұйымдастыру (Қараторғай орта мектебі негізінде)

 

 

Бүгінгі таңда еліміздегі мектептердің басым көпшілігі шағын жинақты мектептер құрайды. Бұл мектептердің ерекшелігі – мұғалім бір мезгілде екі сыныппен қатар жұмыс атқарады. Біріктірілген сыныптарда оқу үрдісі екі сыныпқа қатар ұйымдастырылатындықтан, мұғалім әр сыныпқа сабақ уақытының жартысын ғана бөледі. Бұл көбінесе, негізгі пәндерді оқытуда қиындық туғызады. Өйткені, тақырыптар өте ауқымды, уақыт жетіспейтіндіктен, біріктірілген сыныптарда сабақты тиімді ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр.

Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарындағы сабақты тиімді ұйымдастыру бірпәндік оқыту принциптері негізінде құрылып, пәнішілік кіріктіре оқыту қолға алынды. Мұндай сабақтарда мұғалім, алдымен, оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын, оның түрін, оған кететін уақытты және басқа сыныпқа мұғалім басшылығымен жүргізілетін жұмыстарды алдын – ала анықтайды. Сондай – ақ мұндай сабақтар жоғарғы сынып оқушыларының өздігінен жұмыс істеуіне, мұғалімнің төменгі сынып оқушыларына көп көңіл бөлуіне, оқу процесін тиімді ұйымдастыруға жағдай туындайды [26].

Біріктірілген сыныптарда бірпәндік оқыту принциптеріне негізделген бірпәндік сабақтарды ұйымдастырудың өзектілігі:

- бір пән ішіндегі тақырыптарды бірнеше сыныпқа бірдей, бір мезгілде түсіндіруге қолайлы жағдай жасалады;

- оқушылардың назары бір пәннің аясында шоғырланып, басқа пәнге аландатушылық туғызбайды;

- оқушылар екі сыныпта оқығанмен, олардың назарын бір пәннің мазмұнына аударуға мүмкіндік жасалады;

- әр оқушы білім деңгейіне қарай өзіндік жұмыс түрлерін орындайды;

- өзіндік жұмыстарды оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай деңгейлеп беруге жағдай жасалады;

- оқушылардың бір – біріне көмектесіп, ұжымдық қарым – қатынасқа түсуіне мүмкіндік беріледі;

- жоғары сынып оқушысы төменгі сынып жұмысын тексеріп бағалау арқылы өз білімін іс жүзінде қолданады;

- оқушылардың бірін –  бірі, өзін – өзі тексеруі және  бағалуы жүзеге асады.

Шағын жинақты мектепте бірпәндік сабақтарды өткізу оқу үдерісінің тиімділігін арттырады. Біріктірілген сыныптарда бірпәндік оқытуды ұйымдастыру оқушының оқу әрекетін жан – жақты қалыптастыруға және оқуға деген қызығушылығын дамытуға мүмкіндік жасайды. Ал әрбір сабақты өткізудің тиімді әдіс – тәсілдерін таңдау – ұстаздан кәсіби шеберлік пен ізденімпаздықты талап етеді.

Шағын жинақты мектеп мұғалімінің қызметі әдеттегі мектеп мұғаліміне қарағанда қиын әрі күрделі. Бірнеше сыныпқа бір уақытта сабақ беру шағын жинақты мектеп мұғалімінен аса мұқият дайындықты, оқу – тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыруды, сабақ кестесін оңтайлы құруды, сол сияқты педагогикалық әдептілікті таныта білуді талап етеді. Бірнеше сыныппен қатар жұмыс істеудің ерекшеліктері мынада:

- мұғалім сабақтың жартысында сыныппен жұмыс істеуге, ал қалған уақытында оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруға мәжбүр;

- мұғалімнің назары екі сынып арасында бөлінеді;

-  мұғалім басқа сыныппен  айналысып жатқандықтан, жұмысты  өздігінен орындайтын оқушылардың  мұғалім тарапынан тез арда  көмек алу мүмкіндігі жоқ;

- басқа сыныпта әңгімелесу, түсіндіру және т.б.  іс – әрекеттер жүретіндіктен, екінші сынып өздігінен жұмыс істеуге мәжбүр болады;

- шағын жинақты мектеп мұғалімі күн сайын 8, 12 сабаққа дайындалуы тиіс.

Дегенмен, бір уақытта бірнеше сыныптармен жұмыстың бір сыныптың жұмысымен салыстырғанда өз артықшылықтары да бар. Мысалы, шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында оқушы саны аз болғандықтан, мұғалім үй тапсырмасы мен жаңа тақырыпты әрбір оқушыдан сұрауға, балалардың жеке ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндігі болады, дәптерлерді тексеруге уақыт аз жұмсалады. Бір бөлмеде болатындықтан, жоғары сынып оқушыларының төменгі сынып оқушыларына көмек көрсетуге мүмкіндіктері бар. Осы орайда шағын жинақты мектеп мұғалімдері бірнеше сыныппен қатар жұмыс кезіндегі қиыншылықтарды жеңе отырып, мектеп алдында тұрған оқыту – тәрбиелеу міндеттерін орындайды.

Бірпәндік сыныпта мұғалім әртүрлі сыныптарға арналған бағдарлама материалдарын бір немесе бірнеше сабақта барлық сынып оқушылары бір тақырып бойынша жұмыс істейтіндей етіп жоспарлайды. Бұл – шағын жинақты мектептердегі әртүрлі жастағы сыныптардың оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі әдісі. Сөйтіп, бір сынып оқушыларының өздігінен орындайтын жұмысы оқушылардың қалыпты оқу әрекетінің шарты, ал оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыс көлемі мұғалімнің басқа сыныптармен жұмыс жасау көлеміне тікелей байланысты.

Шағын жинақты мектептердегі бірпәндік сабақтарға арналған бағдарламалардың маңызы зор. Оқу сабақтарының бірпәндік кестесі түрлі сынып оқушыларының бір тақырып бойынша ұжымдық жұмыс өткізуіне мүмкіндік жасайды. Мұның тиімділігін қазіргі шағын жинақты мектептер тәжірбиесі көрсетіп отыр.

Бірпәндік сабақтар мұғалімнен мұқият дайындықты талап етеді, материалды зерттеуге, деректер, мысалдар жинауға, қажетті көрнекті құралдар табуға тура келеді. Жиналған материал әдістемелік өңдеуге ұшырайды. Сонымен бірге материалды балалар терең меңгеруі үшін оны дұрыс қолдануға ерекше көңіл аудару қажет.

Біріктірілген сыныптардағы сабақтың бірінші минутынан бастап оқушылардың көңілін аудару көп еңбекті қажет етеді. Осы орайда мұғалім оқушыларды танымдық әрекетке бірден қосады: көлемі жағынан үлкен емес өзіндік жұмыстар, ауызша есептер жүргізеді, сөйтіп, сабақта балаларды белсенді жұмысқа тартады. Оқушылардың сабаққа деген көңіл күйін қолдау үшін оқу материалын элементтері бойынша меңгертудің, яғни оны кішкентай аяқталған элементтерге бөлшектеудің және оларды толық меңгергенге дейін жүйелі түрде өңдеудің маңызы зор.

Сабақтың тиімділігін арттырудың басты құралы – сабақтағы әрекеттің көптүрлілігі болып табылады. Ы.Алтынсарин өз еңбегінде бала үздіксіз әрекетті талап етеді, сондай – ақ бала әрекеттен емес, оның бірсарынды, біржақты құрылуынан шаршайды деп атап көрсетеді.

Біріктірілген сыныптардағы сабақта дидактикалық тапсырмалар немесе ойындар кеңінен қолданылады. Олардың танымдық мазмұны оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Оқушылардың үй тапсырмасын орындап келуі сабақтың қалай өтетіне тығыз байланысты. Оқушылардың үй жұмысын ұйымдастырудағы басты мәселе оның көлемі болып табылады. Әр сынып оқушылары үй тапсырмасын орындауға әртүрлі уақыт жұмсайды.

Көрнекті орыс педагогі Л.Выготский «тапсырманың көлемі баланың деңгейіне сәйкес берілуі, әр баланы өз даму аймағында жетілдіруі тиіс» деген болатын. Сондықтан қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің негізгі – оқушыларға тапсырманы көп бермей, білімді нақты меңгерте отырып, тірек сигналдары негізінде одан әрі дамытып, әрбір құбылыстың мәнін, ерекшелігін, сапалық деңгейін анықтауға үйрету.

Шағын жинақты мектепте сапалы білімге қол жеткізудегі негізгі міндет – тұлғаның өзін – өзі ұйымсдастыруы және өзін – өзі дамыту әдістері мен тәсілдерін меңгерту болып табылады. Яғни, әр мұғалімнің алдында тұрған міндет – өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың « менін» ашу, сол «менді» шығармашылыққа жеткізіп, баланың өзіне деген сенімділігін туғызу.

Осыған сәйкес, білім беру үдерісінде қазіргі таңда қолданысқа енгізілген негізгі педагогикалық технологияларды: ойын арқылы оқыту, ұжымдық оқыту, жобалау және зерттеу, тірек сигналдары негізінде оқыту, ұжымдық шығармашылықты тәрбиелеу, модульдік оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, ақпараттық – коммуникациялық оқыту, проблемалық оқыту, дамыта оқыту технолгияларын шағын жинақты мектеп мұғалімі өз тәжірбиесінде шығармашылықпен қолдана білсе, сапалы білімге қол жеткізуі анық.

Шағын жинақты мектеп мұғалімдері біріктірілген сыныптарда жоғарыда аталған педагогикалық технологияларды, оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін оқу – тәрбие үдерісіне енгізе отырып бірпәндіксабақтарды ұйымдастыруда кеңінен қолдануда. Бірәндік оқу жүйесі іс жүзінде біртақырыптық сабақтарды жүргізуге , яғни бір пән ішіндегі мазмұны ұқсас тақырыптарды екі сыныпта қатарынан оқытуға мүмкіндік береді. Себебі қазіргі шағын жинақты мектеп тәжірбиесінде мұндай сабақтарды ұйымдастырудың тиімділігі арта түсуде.

Жоғары да келтірілген бірпәндік сабақтардың құрылымы физика пәнінен біріктірілген 7,8 – сыныптарға арналған сабақ жоспарының үлгісі төменде беріледі [27].

 

Кесте 2.1

7,8 сыныптарға арналған сабақ жоспарының үлгісі

 

 

7-сынып 

8- сынып

Сабақтың тақырыбы

Үйкеліс күші.Техникада үйкеліс әрекетін ескеру

«Жылу машиналары» тақырыбындағы өзіндік жұмыс. Есептер шығару.

Сабақтың мақсаты

1.Үйкеліс күшін анықтауды үйрету.

2.Үйкеліс күшін техника – дағы әректін қарастыру.

1.Оқушылардың алған білімдерін қолдана білуге үйрету.

2.Өздігінше жұмыс істеуге қабілеттерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі

Үйкеліс күшін тұрмыста және техникадағы қолданылуы туралы бейнефильм,плакаттар.

Жылу машиналарының қолданылуы туралы бейнефиьм, плакаттар.

Оқыту әдістері

Қызығушылықты ояту, сұрақ – жауап, түсіндіру, салыстыру.

Қызығушылықты ояту,сұрақ – жауап түсіндіру, салыстыру.

Сабақтың барысы

 

 

1.Мұғалімнің басшылығымен  жаңа тақырыпты өту.

2.Есептер шығару. Карточкамен жұмыс.

3.Білімді бекіту. «Кім алғыр?» ойыны.

1. Физикалық диктант.

2.Танымдық тапсырма. Оқулықпен жұмыс.

3.Білімді бекіту. «Кім шапшаң?» ойыны.

І КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ

Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім басшылығымен орындалатын жұмыс

Өткен тақырып бойынша қайталауға арналған сұрақтар.

1.Қандай күш 1Н- ға тең?

2.Деформация деп нені атайды?

3.Гук заңы қалай тұжырымдалады?

4.Қандай деформация серпімді деп аталады?

5.Бір түзудің бойымен қарама – қарсы жаққа қарай бағытталған екі күштің теңәрекетті күшіе анықтандар. Егер F1=10 H F2=30 H.Оның сызбасын көрсетіндер.

Оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары.

Физикалық диктант

1.Қайсысында физикалық энергия үлкен?

a) температурасы 1000 С, 1кгсуда;

ә) осы температурада, 1 кг су буында.

2. Бірдей температурада  қайсысы күштірек күйдіреді?

a) ыссы су, ә)су буы.

Суды жабық ыдыста, 0о- стан қайнау температурасына дейін қыздырғандақандай шама өзгереді?

a) массасы; ә)ішкі энергиясы; б) молекулалар құрамы.

ІІ САРАЛАНҒАН БӨЛІМ

«Кім жылдам?» ойыны

1-топ

1.Денелердің өзара әрекеттесу шамаларын атандар.

2.Пластикалық деформация дегеніміз не?

3.Бір түзудің бойымен  бір бағытқа қарай бағытталған екі күштің теңәрекетті күшін анықтандар. Егер F1=5H     F2 = 8H. Оныңсызбасын көрсетіндер.

4.Темір серіппе 110 Н күш әрекетінен 8мм ұзарды. Серіппенін қатандығын анықтандар.

5.Массасы 300 г .Дененің масасы неше Ньютонға тең?

 

2-топ

1.Күш сызбада қалай кескінделеді?

2.Қандай деформация серпімді деп аталады?

3.Бір түзудің бойымен  қарама – қарсы жаққа қарай  бағытталған екі күштің теңәрекетті  күшін анықтандар. Егер F1 =10 H F2 =10 H .Сызбасын көрсетіндер.

4.Жіңішке спираль серіппелі тірекке вертикаль бегітілген  150Н күш әрекетінен 60мм ұзарған. Серіппенің қатандығын анықта.

5.Екі аттын тарту күші орта есеппен 700Н. Тарту күші 84000 Н-ға тең трактор қаша атты ауыстыра алады?

Танымдық тапсырма

1.Мына көліктерде двигитель орнатылған?

І автокөлікте1) бу машинасы

ІІ трамвайда2) іштен жану

ІІІ тракторда3) бу трубинасы

ІV пароходта4)электрдвигател

2.Папен, Уатт кім, олар  қандай жаңалықтар ашқан?

3.Іштен жанатын қозғалтқыштын ПӘК- і 35%, ал трубинасынікі 28%.Бұл сандар нені білдіреді?

4.Жылу двигателінің қатарына  мылтықты жатқызуға бола ма?

5.Төменгі жауаптар бойынша  двигательдің жұмыс жасау ерекшелігін  түсіндіріндер.

a) бу машинасы

ә) іштен жану двигателі

б) бу трубинасы

в) электрдвигатель.

6.Форула бойынша есептеп кестені толтырындар.

   

33%

60%

   

54%

Т1

273

К

80К

100о

С

 

80о

С

120о

С

Т2

800

К

 

150о

С

300

К

60о

С

 

 

ІІІ КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ

Оқушының өздігінен орындайтын жұмысытары

Білімді бекіту «Кім алғыр?»ойыны

1.Көк тайғақта тратуар бетіне құм себіледі.Неліктен?

2.Автокөліктердің неге  доңғалақтарына не себептен бедерлі етіп жасайды?Мұз қатқан жолмен жүру неге қиын?

3.Машиналарда, станоктардақолданылатын  подшипникиктерді неге майлап  тұру керек?

4.Қысқыштың ернеуіндегі оюлардың атқаратын қызметі не?

5.Неліктен майлы қағазға қарындашпен жазу мүмкін емес?

6.Үйкеліс күшінің пайдасы мен зиянына мысал келтіріндер.

7.Массасы 50 кг жәшікті орынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек? Үйкеліс күші 0,3

8.Массасы 25 кг дене 120Н күштің әрекетінен жазық бетте бірқалыпты қозғалып келеді. Үйкеліс коффициенті неге тең

Оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары

Білімді бекіту « Кім шапшаң?» ойыны

1.Карно цикілі дегеніміз  не?Ол қайда қолданылады?

2.Қандай процесс дөңгелек немесе цикілдік деп аталады?

3.Детонация дегеніміз  не?

4.Неліктен оның энергиясының бір бөлігі ғана механикалық энергияға айналады?

5.Бірінші термодинамика  заңының математикалық өрнегін  жаз.

Q=?

6.Кафельденген еденге бірдей биіктіктен массалары тең мыс, болат, темір шар түседі. Олардың қайсысы қаттырақ қызады?

7.Термодинамиканың екінші  заңы қалай тұжырымдалады?

8.Іштен жану қозғалтқышының жұмысына ауа райы әсер ете ме?

Оқушыларға өзін –ө зі бағалау парағы беріледі.

Үйге тапсырма:§ 32-33

14 жаттығу (3-5)

Үйге тапсырма: «Жылу қозғалтқыштары» тарауындағы формулаларды қайталау, бақылау жұмысына дайындық.


 

 

2.3 Біріккен сыныпта физика пәнінен сабақты тиімді ұйымдастыру жолдары (Қараторғай орта мектебі негізінде)

 

 

Ауылдық жерлерде мектепте оқушылардың саны аз болғандықтан, қатарлас сыныптар болмайды. Бірнеше сыныптың балаларын жинап бір бөлмеге отырғызып бір мұғалім оқытады. Сондықтан бұндай мектептерді шағын жинақты мектеп деп атайды. Шағын жинақты мектеп дегеніміз балалардың саны аз, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар, біріктірілген сыныптардан тұратын жалпы білім беретін мектепті айтамыз. Нақты айтқанда, Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 27-сінде (№ 319-ІІІ ҚРЗ) бекітілген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында шағын жинақты мектепке мынадай анықтама беріледі: «шағын жинақты мектеп – білім алушылар контингенті шағын, сынып-жинақтары біріктірілген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар жалпы білім беретін мектеп».

Шағын жинақты мектепте мұғалім бір уақытта бірнеше сыныппен сабақ жүргізеді: екі комплектілі мектепте – екі сынып, ал бір комплектілі мектепте – үш немесе төрт сынып біріктіріліп, бір сыныпты құрайды. Егер мектепте барлық балалар саны 15-тен аспайтын болса, 1 сынып-комплект, 15-тен жоғары 2 немесе 3 сынып – комплект болуы тиіс. Мұнда 1 сынып-комплект 20 оқушыдан аспауы керек делінген. (Гигиенические требования к условиям обучения школьников в различных видах современных общеобразовательных учреждений №2.01.07.-99.г §2 Пункт 9.11 – 21 стр.). Мұнда екінші сынып-комплект өте дұрыс, оларды біріктіргенде 1+3 сыныптарды, 2+4 сыныптарды біріктіру қажет делінген. Егер де бала санының аздығына байланысты, яғни 5-тен 15-ке дейін ғана бала болса, онда 1 сынып-комплект -1,2,3,4 сынып оқушылары бірге оқитын жағдайда тиімді жылжымалы сабақ кестесін жасау керек болады делінген. Шағын жинақты мектеп мұғалімінің алдындағы негізгі педагогикалық мақсаты – бағдарлама мен мектеп белгілеген жоспарды орындап шығу.

«ҚР Жалпы білім беретін мектептердің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелерде»: (2000 ж. № 32 (6)) «Жалпы білім беретін мектептерде оқыту үдерісін ұйымдастыру мен оқу-тәрбие үдерісінің жоспары оқу жоспары негізінде құрылып, жылдық күнтізбелік оқу кестесі мен сабақ кестелері арқылы реттеледі» - делінген. Шағын жинақты мектептің оқу үдерісінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар:

біріншіден, сабақтың ерекшеліктері: бірнеше сыныппен бір уақытта жұмыс істеу сабақтың құрылысын анықтауды, оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді. Өздік жұмысты мұғалім әр сынып сайын міндетті түрде ұйымдастырып отыруы тиіс;  

Сабақтың екінші ерекшелігі – тікелей мұғалімнің басшылығымен атқарылатын жұмыстың оқушының өздік жұмысымен алмастырыла жүргізілуі.

Информация о работе Шағын жинақты мектептерде оқушыларға білім мен тәрбие беру кезінде өзіндік жұмыстың ерекшеліктері