Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2015 в 07:08, дипломная работа
Диплом жұмысының мақсаты: Шағын жинақты мектептерде оқушыларға білім мен тәрбие беру кезінде өзіндік жұмыстың ерекшеліктерін, түрлерін анықтау, маңызын айқындап беру.
Диплом жұмысының міндеттері:
• Зерттеу жұмысы барысында білім, білік, дағдыларды қалыптастыруда оқытудың тиімді әдістерін таңдау;
• Шағын кешенді мектептерде сабақ үрдісінде жаңа ақпараттық технологиялардың пайдалану мүмкіншілігін кеңейту;
• Өзіндік жұмыстардың жүйелі түрде орындалуын қамтамасыз ету.
• Оқушылардың бiлiм, бiлiктерiн iзгiлiктi педагогикалық ұстанымдарға негiзделген жүйелi бақылау
Осы көрсетілген міндеттерді орындау барысында дипломдық жұмыстың маңыздылығы шығады.
Зерттеу объектісі – шағын жинақталған мектептерде физиканы оқытуды жаңа ақпараттық технологиялар арқылы ұйымдастыру.
Мұғалім еңбегінің бүгінгі нәтижесі қандай болса да, елдің, қоғамында ертеңгі, болашағы сондай болмақ. Мемлекеттік білім саясаты мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Әр мұғалімнің сәулелі мұраты – өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың «менін» ашу, сол «менді» шығармашылыққа жеткізіп, баланың өзіне деген сенімін туғызу. Алайда, оқушылардың шығармашылық қасиет, қабілетті іздете білу, өмірден өз орнын тапқыза білу қаншалықты қиын екені түсінікті.
Мұғалімдерді даярлау қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына кіретіні белгілі жайт. Олай болатыны қоғамың әлеуметтік – экономикалық міндеттері заманына сай өзгерістерге ұшырап, өскелең ұрпақты соған лайықтап өмірге бейімделуінің жаңа талаптары туындап отырады. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевың Қазақстан халқына Жолдауында «Біз болашақтың жоғарғы технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы ұстаздарсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» - деген болатын[16,147б.].
Шығармашылық – бала бойындағы дарындылығын дамыту, тәрбиелеу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Мектепте білім беру ісіндегі басты бағдар – оқушылардың тек шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынайы өмірдегі дара тұлға етіп әзірлеу. Мұғалімнің кез келген сабағы шығармашылық сипатына өткізіліп отырса, оқушы дербестігінің қалыптасуы жоғарғы деңгейде көтерілері сөзсіз.
Шығармашыл мұғалімнің білім берудегі мақсаты – әртүрлі деңгейдегі білім беру әрекеттерін жоспарланған нәтижеге жету. Ол мына төменгі талаптарды орындаудан көрінеді:
Сондықтан мұғалім де сабаққа дайындау кезінде әр оқушының ерекшелігін ескере отырып, жеке берілетін тапсырмалар жүйесін әр оқушының белсенділігі мен қабілетіне қарап мұқият беру керек.
Мұғалім жергілікті жер мен өндірістің ерекшеліктеріне қарай, өз оқушыларының жергілікті ерекшеліктері мен мүдделеріне сай бағдарламаны түзетіп, икемдеп отырады. Оқыту мазмұнын өзгере отырып, практикалық жұмыстар енгізді.
Бірнеше сыныпты қатарынан оқытудың айырмашылығы – сабақты ұйымдастыруда. Шағын жинақталған мектептерде сабақ беретін әрбір мұғалім оқыту және тәрбие беру жұмысының әдіс – тәсілдерін барынша жетілдіре отырып, оқушылардың ғылым негіздерінен терең білім алу алуын қамтамсыз ету керек. Сонымен қазақ тілін оқытуда алға қойған орасан зор міндеттерді сыныптағы мұғалім сыныптағы сабақтың жалаң өзімен ғана жүзеге асыру қиын екені белгілі, яғни бір ғана сабақ формасына сүйену жеткіліксіз. Оқу материалдарын балаларға сапалы меңгеру үшін мектепте әртүрлі жұмыстар жүргізіледі. Мектептегі озат ұстаздардың тәжірбиесі көрсеткендей ол оқушылардың сабақтан тыс бос уақыттан мақсатты пайдалануға, оқу – тәрбие жұмысының сапасын арттырып, баланың білімімен қатар, ой – өрісін дамытуда меңгерген тілдік материалдары іс – тәжірбиесінде пайдалана білуге, өз беттерінше кітаптар мен басқа білім көздерін ақпарат алуға дағдыландырылады. Оқушының дүние танымын кеңейтіп, шығармашылық ізденіске қызығушылығын тәрбиелейді.
Сонымен, бала санының аздығы, әрбір оқушымен жеке жұмыс жасау мүмкіндігі, өзіндік жазба жұмыстың басым қолданылуы, табиғаттың жақындығы сияқты шағын жинақталған мектептің кейбір ұтымды жақтарын тиімді пайдалана білу оқушылары шығармашылыққа үйретуде маңызды орын алатын мүмкіндіктер болып табылады.
Қорыта келе, мұғалім баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай туғызуы қажет. Ол үшін оқушы тұлғасының дамуын көздейтін білім беру үрдісін ұйымдастыруың түрлі әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет.
Сапалы білім беру – еліміздің индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізі.
Дәл бүгінгі таңда білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын іске асырудың ұйымдастырушылық негізі Қазақстандық білімді жаңғыртудың жалғастырылуынан қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы болуы тиіс[17,153б.].
Білім беру жүйесінің базалық деңгейі орта білім болып табылады. Оның тегін алу құқығына ел Конституциясы кепілдік береді.
2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Республикада жергілікті атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне ведомствалық бағынысты. 7576 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 2,5 миллионға жуық оқушы білім алады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында (1-бап, 58 тармақ) шағын жинақты мектепте – «оқушыларының саны аз, біріктірілген сынып жинақтары және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері бар, жалпы білім беретін мектеп» деген анықтама берілген.
Шағын жинақты мектеп – ауыл мектебінің ерекше типі, шағын жинақты мектептің кемшіліктері сызба 1.1-де көрсетілген.
Сызба 1.1
Шағын жинақты мектеп
Сызба 1.1
Шағын жинақты мектеп
Тарихта аты қалған көптеген тұлғалардың ауылдық жерлерден шыққандығы, ауылда білім алғандығын білеміз. Қазақстан елін дүние жүзіне әйгілі еткен елбасы Нұрсұлтан Әбішұлында ауылдық жерден шыққандығына назар аударғым келеді.
Шағын жинақталған мектептердің өзекті мәселелері халықаралық мағынаға ие. Кейбір мәселелер ЮНЕСКО деңгейінде қаралуда. Австралия, АҚШ, Канада, Қытай, Жапония, Ресей, Өзбекстан, Батыс Еуропалық кейбір мемлекеттерде ғылыми-педагогикалық ұйымдар құрылып, ШЖМ-дегі өзекті мәселелер зерттелуде. Аталған елдерде жинақталған тәжірибелерді үйрену, олармен сабақтастықта болу, тәжірибе алмасу – кезек күттірмейтін мәселе. Дәл бүгінгі күні көтеріліп отырған шағын жинақталған мектептің жұмысы мәселесі өте орынды, уақытылы көтеріліп отыр.
Ауылдық жердегі өндірістің жоқтығы, мал шаруашылығының жойылуы, трек көздерінің азаюы салдарынан халықтың, әсіресе жастардың, үдере көшуі, баланың дүниеге келуінің азаюы себепші болып, елдегі көптеген мектептер шағын мектептер қатарына қосылуы.
Мысал келтірейік. Қызылорда облысы Жалағаш ауданында №19 орта, 2 негізгі мектеп бар. 2004 жылға дейін 2 негізгі мектеп қана шағын жинақталған мектеп қатарына жататын болса, қазіргі таңда оларға қоса 5 орта мектеп шағын жинақталған мектеп қатарында. Көріп отырғанымыздай бар мектептерде де жыл санап бала санының азаюы байқалады.
Экономикалық және географиялық ерекшеліктеріне байланысты орталықтардан алыс жерлерде орналасқан шағын мектептер Қазақстанда 1980 жылдары бастауыш мектептердің 75-80 пайызын құраған. Сол уақыттағы елдің саясаты білім саласындағы басты мақсаты – шағын мектептерді біртіндеп ірілендіру арқылы олардың санын азайту еді. Бұл мақсатқа жету ұзақ уақытты мектептердің оқу-материалдық базасын нығайтуды, жан-жақты қолдауды қажет еткені анық. Біртіндеп жүзеге асқаны да анық. Ал қазір бала санының азаюына байланысты шағын жинақталған мектептер саны көбеюде. Толық жинақты мектеппен салыстырғанда шағын жинақталған мектеп проблемалары жеткілікті.
Сонымен қатар, толық жинақты мектептен ШЖМ-тің артықшылықтары бар:
Шағын жинақты мектептің проблемалары:
Шағын жинақталған мектеп мұғалімінің проблемалары
Шағын жинақты мектептердің проблемалары:
Бәсекеге қабілетті мұғалім өзінің шеберлігін үнемі арттырып отырады. Әлсіз тұстарын жетілдіру үшін озық тәжірибені шығармашылықпен қолданып, педагогикалық жаңалықтар көшінен қалмай, жаңа технологияларды қолдануды үнемі ізденісте болуларын назарда ұстау керек [18,45б.].
2 ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТЕРДЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
2.1 Шағын жинақталған мектептерде ұқсас тақырыптарды кіріктіре оқыту (Қараторғай орта мектебі негізінде)
Әр бала- мақсат, әр бала – құрал. Педагоика тарихында алуан түрлі оқыту нысандары болды. Олардың пайда болуы, дамуы, кейбіреулерінің қойылуы қоғамның талабына байланысты еді. Әр заман оқытуды ұйымдастыруға әсер етті. Нәтижесінде педагоика ғылыми тәжірбиеден көптеген деректер жинады. Баланы оқытуды ұйымдастырудың алуан түрлі жұмыстары зерттеліп, олардың ішінен қазіргі заманға лайықтылары іріктелді .
Шағын жинақталған мектептерде жаратылыстану пәндерін оқытудың бірнеше әдіс – тәсілдері қолданылады.
Әдіс (грек тілінен – бағыт, таным тәсілі, зерттеу) – нысанды игеруге бағытталған практикалық және теориялық әрекеттер жолы.
Физиканы оқыту әдістемесінде маңызды да күрделі проблемалардың бірі оқыту әдістері. Физиканы оқыту әдістерінің дамуына физика ғылымының және практиканың, әдіснамасының даму бағыттары мен ой – пікірлері, физика әдістемесінің және дидактиканың жетістіктері әсер етті. Жалпы ортақ белгілеріне қарап ғалымдар физиканы оқыту әдістерін мынадай топтарға біріктірді: білімді алу көздеріне қарай, оқытуда мұғалімнің әрекетінің сипатына, оқушы әрекетінің сипатына қарай. Олардың ойынша, аталған белгілер оқытуда қолданылатын қандай да болсын әдістерді анықтауға белгілі жағдай болып есептеледі және осы белгілер мазмұнды беретін оқытудың бірлігін , оқудың және білім көзінің бірлігін көрсетеді.
Осы белгілердің негізінде оқыту әдістерінің үш тобы бөлінеді: ауызша, көрнекілік және практикалық.
Ауызша әдістер тобына әңгіме, пікірлесу, түсіндіру дәріс жатады. Бұл жерде мұғалімнің әрекеті сөз жүзінде көрінеді, ал оқушының әректі тыңдау, ұғыну және ауызша немесе жазбаша жауаптар беру.
Көрнекті әдістер тобына тәжірбиелер мен көрнекті құралдар көрнекті заттар мен құбылыстарды табиғи түрінде немесе көрнекті, сурет түрінде (сурет сызбанұсқа, нақпішін, нобай ) көрсету жатады. Мұғалім сөзбен оқылатын нысанды бақылау, қаруды ұйымдастырады, ал оқушы, бақылай отырып ұғынады, қорытындылар жасайды және осы жолмен білім игереді[19].
Практикалық әдістер тобына физикада оқылатын нысанмен көрнекті оқулықпен орындалатын жұмыс түріне жатады.Оларды сабақтық зертханалық жұмыстар кезінде немесе практикалық сабақ таным жорықтарында, тірі табиғат мүйісінде, мектептің оқу – тәжірбие алып пайдаланады. Сабақтарда таратпа материялдармен немесе оқулықпен тікелей жасай отырып оқушылар тікелей оқу нысандарымен қарым – қатынаста білім игереді (қарап көр, тексеру, өлшеу, бөлшектерге бөл, санау). Осы барлық әдістер тобына қатысады, бірақ ауызшада оның қызметі – пайдалы көзі, көрнекілік пен практикалықта сөз – оқушылардың бақылауы практикалық жұмысты ұйымдастырушы.