Шағын жинақты мектептерде оқушыларға білім мен тәрбие беру кезінде өзіндік жұмыстың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2015 в 07:08, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының мақсаты: Шағын жинақты мектептерде оқушыларға білім мен тәрбие беру кезінде өзіндік жұмыстың ерекшеліктерін, түрлерін анықтау, маңызын айқындап беру.
Диплом жұмысының міндеттері:
• Зерттеу жұмысы барысында білім, білік, дағдыларды қалыптастыруда оқытудың тиімді әдістерін таңдау;
• Шағын кешенді мектептерде сабақ үрдісінде жаңа ақпараттық технологиялардың пайдалану мүмкіншілігін кеңейту;
• Өзіндік жұмыстардың жүйелі түрде орындалуын қамтамасыз ету.
• Оқушылардың бiлiм, бiлiктерiн iзгiлiктi педагогикалық ұстанымдарға негiзделген жүйелi бақылау
Осы көрсетілген міндеттерді орындау барысында дипломдық жұмыстың маңыздылығы шығады.
Зерттеу объектісі – шағын жинақталған мектептерде физиканы оқытуды жаңа ақпараттық технологиялар арқылы ұйымдастыру.

Вложенные файлы: 1 файл

диплом Улпан.doc

— 1.10 Мб (Скачать файл)

Бұл айтылғандар болашақ мұғалімдердің ұжым жағдайында жұмыс істеуі үшін қажетті қосымша кәсіби құзіреттіліктерді меңгеруі тиіс екендігін көрсетеді. Бұл тиімді әдістерді таңдау бейімдеу және құрастыру; әр түрлі жастағы оқушылар ұжымын басқару; бір пәндік және бір тақырыптық сабақтарды жүргізу барысында сынып-комплект оқушыларының әрекетін басқару; білім алушылардың жеке білімдік траекториясын дамытуды жобалау; білім алушылардың жеке жетістіктерін мониторингтілеу үшін бақылау-бағалау процедурасының пакетін жасау; жергілікті жердегі әлеуметтік-мәдени, экономикалық үдерістерге қатыстыру қажет.

Тәжірибе болашақ мұғалімдердің қазіргі білім беру технологиялары, олардың негізгі белгілері туралы теориялық білімдерінің бар екендігін көрсетеді, мұның өзі әр технологияның өзіндік ерекшеліктерін ашуға мүмкіндік береді. Алайда оларды ШЖМ жағдайында қолдануға бейімдеу қиындық келтіретіні сөзсіз. Демек, педагогика ғылымында және тәжірибеде белгілі технологиялардың ішінен белгілі бір жағдайға қатысты ең тиімді түрін таңдау мәселесі бірінші кезекке шығады. Әр түрлі топта – сынып-комплектіде оқыту барысында пәнішілік және пәнаралық интеграцияны іске асыруға мүмкіндік беретін, оқушылардың өз беттерінше дамуын, өзін-өзі жетілдіру дағдыларын қалыптастыратын, тұлға ретінде қалыптасуын және дамуын іске асыратын технология негізгі болып табылады [5].

    1. Шағын жинақталған мектеп қызметін жетілдіру жолдары

 

 

Шағын жинақты мектептер – бұл алыс мекендерде орналасқан қазақ ауылдарының ұйытқысы, олардың әлеуметтік – мәдени дамуының өзегі. Елбасы «Ауыл – бұл халық өмірінің бейнесі, мәдениеті, дәстүр салты мен рухани өмірінің қайнар көзі. Тек ғана осы факторлар жиынтығы бізден ауыл мәселелеріне, соның ішінде оның мектебіне сергек қарауымызды талап етеді»,-деген болатын.

Еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуының дамуының ерекшеліктері ауыл тұрғындарының қалаға көшуі, жастардың ауылда тұрақтамауы – шағын мектептер санының көп болуына әкеп отыр. Қазір олар жалпы орта білім беретін мектептердің басым көпшілігін құрайды. Нақты айтқанда, 2012-2013 оқу жылындағы статистикалық мәліметтер бойынша жалпы білім беретін 7398 мектептің 5776-ы (бұл 72%-ды құрайды) ауылдық жерде орналасқан. Оның ішінде 4145-і шағын жинақты мектептер (бұл 56%-ды құрайды), оның 854-і бастауыш, 938-і негізгі, 2353-ір орта мектептер.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында шағын жинақты мектептерді дамыту проблемасы басым бағыттардың бірі болып белгіленді. Бағдарламаны жүзеге асыру аясында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында құрылған республикалық шағын жинақты мектепті дамыту орталығы (әрі қарай Орталық) шағын жинақты мектепті әдіснамалық және ғылыми – әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында жұмыс жасауда.

Орталық өз қызметі барысында Қазақстанның барлық аймақтарындағы шағын жинақты мектептертуралы ақпараттық мәліметтер жинақтау, олардың қазіргі жағдайы мен даму барысын зерделеу және шағын жинақты мектепті дамытудың өңірлік орталықтарының жұмысын ұйымдастыруға әдістемелік көмек көрсету мәселелерімен айналысуда. Зерделеу барысында республика бойынша 4145 шағын жинақты мектеп болса, соның 4074-і ауылдық жерлерде (96,5%) орналасқандығы анықталды. Сондықтан қазіргі кезде ауылды сақтап қалу үшін ауылдың әлеуметтік – экономикалық дамуына қамқорлық жасалып, оның мектебіне, яғни шағын жинақты мектептердің қызметін жетілдіруге мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлінуде.

2011 жылдың 21-22 қараша күндері  Ақтөбе қаласында өткізілген  «Шағын жинақты мектеп: қазіргі  жағдайы және даму болашағы»  тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практтикалық  конференцияда шағын жинақты  мектептерді дамытудың өзекті мәселелері талқыланып, оларды шешу жолдары қарастырылды және тәжірибе алмасулар болды. Конференцияда «Қазақстандағы шағын жинақты мектепті дамыту тәжірибелері» тақырыбында 14 облыстың әдістемелік көрмесі ұйымдастырылып, әр облыс өз тәжірибелерін ортаға салды. Сонымен қатар конференцияда ұйымдастырылған жұмыстардың ішінен Ақтөбе облысының шағын жинақты мектептері мен ресурстық орталықтарының практикалық іс – тәжірибелерінің презентациясын ерекше атап өтуге болады.  Онда шағын жинақты мектептердің біріктірілген сыныптарындағы сабақтар ұйымдастырылып, мұғалімдер өз іс – тәжірибелерін шығармашылықпен көрсете білді[6,85б.].

Республикадағы өңірлік орталық жетекшілерімен дөңгелек үстел өткізіліп, шағын жинақты мектепті әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру және үйлестіру, өңірлік орталық қызметі мен тірек мектебі – ресурстық орталықтарының жұмысын жоспарлау және жүргізу мәселелері талқыланды.

Шағын жинақты мектептің оқу-тәрбие қызметіндегі қиындықтар осы мектептерге, біріктірілген сыныптарға арналған арнайы оқулықтар мен оқу – әдістемелік құралдардың болмауынан туындап отыр. Біріктірілген сыныптарда мұғалім бір мезгілде екі сыныпқа қатар сабақ өткізеді. Осыған байланысты әр сыныпқа жаңа сабақты түсіндіру кезінде  мұғалім сабақ уақытының белгілі бір бөлігін ғана жұмсай алады. Мұндай біріктірілген сыныптардағы сабақты ұйымдастыру кез-келген мұғалімнен, әсіресе жас мамандардан шығармашылық ізденісті, кәсіби жоғары шеберлікті талап етеді. Мұның өзі шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында сабақ өткізуде мұғалімдерге әәдістемелік көмекші болатын құралдардыңм қажеттілігін туындатады.

Қазіргі күні академияда шағын жинақты мектептер мен тірек мектебі – ресурстық орталықтардың қызметін оқу – әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында Шағын жинақты мектептің және тірек мектебі – ресурстық орталықтар қызметін ұйымдастырудың Типтік ережелері дайындалды және шағын жинақты мектептерге арналған 14 оқу-әдістемелік құрал, ал тірек мектебі – ресурстық орталықтарына 2 әдістемелік нұсқау, барлығы  16 оқу-әдістемелік құрал (78,5 б.т.) әзірленді.

Атап айтсақ: бастауыш буын бойынша біріктірілген 2,4-сыныптарға арналған қазақ тілі, 2,3-сыныптарға әдебиеттік оқу, 3,4-сыныптарға дүниетану пәндерінен; орта буын бойынша біріктірілген 5,6-сыныптарға арналған қазақ тілі, орыс тілі, қазақстан тарихы, география және 6,7-сыныптарға биология пәндерін оқытуға арналған әдістемелік құралдар. Бұл әдістемелік құралдар бірпәндік, біртақырыптық ұстанымдарға негізделіп, пәнішілік мазмұны ұқсас тақырыптарды кіріктіре оқыту жүйесінде меемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен оқу бағдарламаларына сәйкес жасалынды.

Осы әдістемелік құралдарды пайдалана отырып біріктірілген сыныптарда пәнішілік кіріктіре оқыту мұғалімдер мен оқушылар үшін төмендегідей тиімділіктерді көрсететіні анықталды:

  • оқушылар әртүрлі сыныпта оқығанымен, олардың назарын бір пәннің мазмұнындағы ұқсас тақырыптарға аударуға мүмкіндік жасалады;
  • әр оқушы білім деңгейіне қарай өзіндік жұмыс түрлерін орындайды;
  • өзіндік жұмыстарды оқушылардың жас ерекшелігіне қарай деңгейлеп беруге жағдай жасалады; оқушылапдың бір-біріне көмектесіп, ұжымдық қарым-қатынасқа түсуіне мүмкіндік беріледі;
  • оқушылардың бірін-бірі тексеруі, өзін-өзі тексеруі, бағалауы жүзеге асады;
  • үлкен сынып оқушысы төменгі сыныптың жұмысын тексеріп бағалау арқылы
  • өз білімін іс жүзінде қолдануына мүмкіндік туады.

Біріктірілген сыныптардағы оқушылардың бағдарламалық материалды сапалы меңгеруі, негізінен олардың өзіндік жұмыстарды орындауымен тығыз байланысты. Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру шағын жинақты мектептегі сабақтың негізгі бөлігін құрайды. Осы себепті оқу үдерісінде өзіндік жұмыстың оңтайлы түрлері мен тәсілдерін таңдап, оқушылардың өзіндік белсенді қызметін ұйымдастыру сабақ мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осыған орай мұғалімдерге арналған әдістемелік құралдармен қатар оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға көмекші болатын жұмыс дәптерлері жасалынуда. Бұл жұмыс дәптерлерінде әрбір пән, әрбір тақырып бойынша оқушылардың жас ерекшелігіне, даму деңгейіне қарай танымдық тапсырмалар беру көзделген.

Сонымен қатар Орталықта әр облыстағы шағын жинақты мектептердің озық іс-тәжірибелерін тарату және ресурстық орталықтардың қызметін жетілдіру мақсатымен «Шағын жинақты мектепті дамытудың өңірлік тәжірибелері» атты иллюстративті жинағы шығарылды. Онда әр облыстағы шағын жинақты мектеп қызметін жетілдіру және тірек мектебі – реесурстық орталықтарының қызметін ұйымдастыру жұмыстары көрсетілді. Соның ішінде Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының тәжірибелерін атап өтуге болады.

Қостанай облысында жоғары және негізгі шағын жинақты мектептердің біріктірілген сыныптарындағы педагогикалық үдерісті басқару бойынша әдістемелік нұсқаулықтар дайындалып тәжірибеден өткізілген. Әулиекөл ауданының Ш.Уәлиханов атындағы мектебі 12 жылдық білім берудің моделін тәжірибеден өткізетін эксперименттік алаңы болып есептелініп, 12 жылдық білім беру мәселелері бойынша үнемі тәжірибе алмасу, қашықтан оқыту семинарларын ұйымдастырып отырады.

Солтүстік Қазақстан облысында шағын жинақты мектеп жағдайында оқу – тәрбие үдерісін ұйымдастыру әдістемелері дайындалып тәжірибеде тиімді қолданылуда. «Ресурстық орталық – ШЖМ-СКО» пилоттық жобаның базасы ретінде қажетті материалдық – техникалық, кадрлық, оқу – әдістемелік ресурстары бар М.Жұмабаев ауданының Возвышенко орта мектебі анықталған. Онда магниттік мектептің оқушылары үшін 2 байқау сессиясы ұйымдастырылып, пән мұғалімдері үшін психодиагностикалық шаралар, әдістемелік семинарлар өткізілген. Ресурстық орталықтың жұмысын әдістемелік қамтамасыз етуге байланысты шығармашылық жұмыс тобы құрылған. ШЖМ-тің іс-әрекетін ұйымдастыруға қажетті әдістемелік және дидактикалық материалдар даярланған[7].

Павлодар облысында білім алушылардың түрлі жастағы құрамымын ұжымдық сабақ оқыту негізінде педагогикалық үдерісті ұйымдастыруды көрсететін сынып-сабақтық емес оқыту типтегі мектептерде оқу материалын өту, алынған нәтижелерді бағалау, жеке білім беру бағдарламалары мен технологиялық карталар арқылы басқарылатын арнайы ұйымдастырылған өзіндік оқыту ретінде қарастырылған.

Шығыс Қазақстан облысында ШЖМ үшін мұғалімдерді дайындау және біліктілігін арттыру, бастауыш шағын жинақты мектепте оқытуды басқаруды ұйымдастыру бойынша С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университеті мен облыстық шағын жинақты мектептер арасында әлеуметтік серіктестік қарым-қатынасын орнату тәжірибесі жинақталған. Шағын жинақты ауыл мектебінде жұмыс істеу үшін осы университет базасында мультимедиялық оқу-әдістемелік кешендер құрылған.

Ақтөбе облыстық педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының шағын жинақты мектепті дамытудың ғылыми – әдістемелік зерттеу зертханасында шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптары үшін барлық оқу пәндері бойынша оқу – әдістемелік құралдар дайындалған, оның құрамына:

-бастауыш және негізгі  ШЖМ-тің біріктірілген сыныптар  үшін оқу бағдарламалары;

-ШЖМ-тің біріктірілген  сыныптарында пән ішіндегі мазмұны  ұқсас тақырыптарды кіріктіре  оқытуды ұйымдастыруға арналған  мұғалімдерге көмекші әдістемелік  құралдар;

-оқушыларға арналған өзіндік жұмыс дәптерлері кіреді.

Республикалық деңгейде Қарағанды облысының Ресурстық орталық тірек мектебінің жұмысын ұйымдастыру бойынша инновациялық қызметі көпшілікке танымал болды. Облыста бірыңғай білім беру кеңістігіне кіретін қажетті ақпараттық, оқу – әдістемелік қорларымен, кадрлармен қамтамасыз етілген өзіне жақын орналасқан бірнеше мектептерді біріктіретін Ресурстық орталық – тірек мектебі құрылған. Білім сапасы, тірек мектептердің қорларын қолдану негізінде педагогтардың өзара қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Мұндай біріктіру ШЖМ-дің жетіспейтін білім беру қорларын толықтыруға мүмкіндік береді, ол өз кезеңінде психологиялық тұрғыдан көмек беруге, даралап және саралап оқытуды, мектеп оқушыларын кәсіби оқыту үшін жағдай жасауға қамтамасыз етеді.

Алматы облысында 12 жылдық білім беруге көшуге байланысты шағын жинақты мекутептерде бейіндік оқытуды ұйымдастыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. 278 негізгі және орта ШЖМ оқушыларының сапалы білім алу жағдайы қарастырылған. 12 жылдық білім беруге көшуге дайындық жасау барысында 120 ШЖМ-тің жоғары сынып оқушыларының бейіндік мектепте оқуы мен интернатта тұруын, 6 ШЖМ оқушыларының ресурстық орталықта оқуын және 108 ШЖМ-те бейіндік оқытуға бағытталған сыныптар ұйымдастырылған. Шағын жинақты 44 мектептің оқушыларын бейінді сыныпты мектептерге тасымалдануы қамтамасыз етілген.

Шағын жинақты мектептер ішінде ерекше көңіл бөлетін мәселе – аудан орталығынан шалғай, алыс жерлерде орналасқан шағын жинақты бастауыш мектеп проблемалары. Көптеген аз қонысты ауылдар болашағы осы ауылдағы бала саны 5-8 немесе 10-15-тен аспайтын шағын жинақты бастауыш мектептерді сақтап қалумен тікелей байланысты.

Осыны ескере отырып ҚР Білім және ғылым министрлігі №144 бұйрыққа сәйкес 2012 жылдың 16-20 сәуірі аралығында Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы шағын жинақты бастауыш мектептердің жай-күйін зерделеуді ұйымдастырды. Арнайы құрылған жұмыс тобы осы облыстардың мейлінше шалғай орналасқан ауылдарындағы шағын жинақты мектептердің материалдық – техникалық базасымен, оқу-тәрбие жұмысының сапасымен, іс-тәжірибелерімен, ақпараттық – коммуникациялық құралдармен қамтамасыз етілуімен танысты және бастауыш сынып оқушылары білім сапасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты талаптарына сәйкестігін анықтады.

Зерделеу барысында Алматы, Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі және орта білім беруді дамыту бөлімі, 10 аудандағы 37 шағын жинақты бастауыш мектептің, ресурстық орталықтардың (тірек мектептері), шағын жинақты мектепті дамыту орталығының жұмыстары қаралды. Жұмыс тобының тарапынан оқушылардан сауалнамалар, бақылау жұмыстары алынып, оқушылардың білім сапасының көрсеткіштеріне салыстырмалы талдау жасалынды. Мұғалімдердің сабақтарына қатысып, оларға сол жерде әдістемелік көмек көрсетілді және оқушылармен, ата – аналармен әңгіме жүргізілді.

Информация о работе Шағын жинақты мектептерде оқушыларға білім мен тәрбие беру кезінде өзіндік жұмыстың ерекшеліктері