Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2014 в 01:10, дипломная работа
Бастауыш мектептің қазақ тілі сабағында жеке тұлғаны қалыптастыруда оқушының өз ой-пікірін ана тілде еркін, дұрыс, түсінікті жеткізе білуден басталады. Ал өз ойларын емін-еркін жеткізу үшін оқушылардың сөздік қорлары бай болуы қажет. Балаларда мектепке келмей тұрып-ақ белгілі бір сөздік қор, сөз мағыналарын ажыратып, жеке өмірінде қолдана білу машығы қалыптасады. Осы қалыптасқан икемділігін одан әрі дамытуға мектепке келген күннен бастап назар аударған жөн. Бүгінгі таңда оқушыларға сөз мағынасын оқыту, сөздік қорларын молайту – өзекті мәселенің бірі.
Кіріспе .........................................................................................................
4
І тарау. І тарау. 2-сыныпта сөз мағынасын оқытудың психологиялық-педагогикалық негізі...................................................
5
І. 1. 2-сыныпта сөз мағынасын оқытудың лингвистикалық негізі..........
5
І. 2. 2-сыныпта сөз мағынасын оқытудың педагогикалық негізі.............
13
ІІ тарау. 2-сыныпта сөз мағынасын оқытудың әдістемелік негіздері .......................................................................................................
23
ІІ. 1. 2-сыныпта сөз мағынасын оқытудың әдістемесі .............................
23
ІІ.2. Сабақ үлгілері ......................................................................................
47
ІІ.3. Тәжірибе жұмысының қорытындысы ...............................................
58
Қорытынды ................................................................................................
60
Пайдаланылған әдебиеттер .....................................................................
61
Бұрынғы керосин шам мен электр шамның арасында да тұр, формасында ұқсастық жоқ, бірақ жарық беру қызметі ұқсас болған соң, шам сөзі электр жарығын беруші құралға да айтыла береді.
Түйіншек сөзі бұрын әлденені бір нәрсеге орап, ұшын түйіп байланған затты білдірген, қазір қолында мейлі қалтаға салынған, мейлі сумкаға салынған заты болсын, оны да түйіншек деп атай береді. Бұл да қызмет ұқсастығына қарай ауыспалы мағынада қолданылған.
Сондай-ақ самолет қанаты, самолет есігі, радио сөйлейді дегенде де осындай-осындай қызмет ұқсастығы бар.
Лингвистикалық білімнің негізі мектепте қаланады. Тіл білімінің барлық салалары, әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері мен заңдылықтары жүйелі түрде дидактиканың белгіліден белгісізге, жеңілден ауырға қарай қағидасына негізделіп оқылады, әртүрлі әдіс, тәсілдермен бекітіледі.
І. 2. 2-сыныпта сөз мағынасын оқыту әдістемесінің педагогика-психологиялық және дидактикалық негізі.
Оқушылардың сөздік қорын молайтудың нәтижелі болуының тағы бір үлкен шарты ө оқушылардың дағдыларын қалыптастыру жолдарының негізін салу. Білімді алу мен оны практикада қолданудың арасында үлкен жол жатыр. Бірақ осы жолы әрқашан керекті деңгейде қарастырыла бермейді. Кей уақытта білік пен дағдының арасындағы айырмашылықтар мен жеке еркшеліктерін де айырмай- ақ, бір ұғым мен екіншісін алмастырып қолдана береді. Бұл жағдай тек мектеп мұғалімдерінің ғана емес, әдіскерлерінің еңбектерінен де жиі кездеседі.
Әрбір әрекет, оның ішінде сөйлеу қызметі операциялардан құралады. Әрекет әрдайым мақсатпен сәйкес келеді, операция жатталынған саналы түрде орындалды. «Әрекеттің жүзеге асырылу тәсілдерін операция деп атаймыз». Әрекеттің операцияға айналу, біліктің дағдыға айналу жолдары П.Я.Гальперин жасаған ақыл-ой әрекеттерінің кезеңдік қалыптасуы туралы теориясы ашқан жолдармен анықтау болады [5, 56]. Бұл теорияға сүйенер болсақ, ақыл-ой әрекеті мынадай бірізділікпен қалыптасады екен:
а) «Әрекеттен алдымен оқушының шамасы келетін, олардың бастапқы «біліміне, білігіне, дағдысына» иекмделген операцияларға бөлінеді. Бұл бөлініс кейін жаңа материалдарға ауыстырылған кезде, ол оқушыларға бір белгіден екіншісіне жетелей отырып, жаңа әрекетті жекелеген, өзінің шамасы келетін операцияларды орналастыру, орындау арқылы жүзеге асыруына әкеледі. Бұл кезеңді әрекет туралы алдын-ала түсінік алу немесе әрекеттің мотивациясы мен оның бағдарлы схемасын құру кезеңі деуге болады [5, 56].
ә) «Бірақ бағдарлау әлі әрекеттің өзі емес, ал әрекетті оны жасамай тұрып үйрену мүмкін емес. Сондықтан да келесі кезең сыртқы әрекет болады, яғни, бұл кезеңде әрекетті игеру заттар мен олардың кескіндерін қолдану арқылы жүзеге асырылады». Бұл әртүрлі схемалар, диаграммалар, сызулар, макеттер мен модельдер, жай сызбалар. Олар әрекетке лайықты кейбір қасиеттерде қайталап, дәл қайта жаңғырта отырып, заттардың қатысы мен олардың сртқы әрекеттерін жүзеге асырады, яғни оларды салыстыруды, өлшеуді, орнын ауыстыруды өзгеруін мүмкін етеді. ... Тек қана материалды (немесе материалданған) әрекет түрі ғана толыққанды ақыл-ой әрекетінің шығар көзі болып табылады. Сондықтан да барлық жаңа әрекетке үйретудегі басты міндет болып сол әрекеттің материалдық не материалданған шығар көзін табу және оның шын мазмұнын нақтылау міндеті алынады.
б) Мұнан әрі қарай операциялардың қысқаруы мен әрекеттің заттарға сүйенбей-ақ, дауыстап сөйлеуге көшуі жүреді. Әрекет тілдік, бірақ сыртқы, әлі де болса, бақылауда болатын түрде іске асырылады.
в) Келесі кезеңде бұрын сыртқы тілде жасалған әрекеттің ішкі ақыл-ой деңгейіне ауысуы жүзеге асырылады.
г) Соңғы кезең ішкі тілдік түрге енуімен сипатталады. «Осылай заттық әрекет, сыртқы тілдің әр түрінде көрініс бере келе, ақыр соңында ішкі тілдің актысына айналады». Бір сөзбен айтқанда, ақыл-ой әрекеті түбегейлі қалыптасады.
Біздің тақырыбымызға сәйкес, грамматикалық тақырыпты оқыту барысында оқушылардың сөйлеу тілінің дамуын қарастыруды осы жоғарыда көрсетілгендей, кезеңдік дамуға сай болатынын анықтадық. Ана тілі грамматикасн оқытудағы басты міндет – тілдің грамматикалық құрылымымен ерікті түрде операциялар жасау бірліктерін қалыптастыру болмақ. Бұл мақсат негізін П.Я.Гальперин салған морфологиялық және синтаксистік талдаудың белгілі бір алгоритмдері арқылы жүзеге асады. Ол алгоритмдер Д.Б.Эльконин, Л.И.Айдарова, А.К.Маркова, А.Н.Ждан қазақ тілінің грамматикасын игеру психологиясын зерттеген А.Алдамұратовтың еңбектерінде жақсы ашылған.
Сөздің грамматикалық (морфологиялық) құрылымын қажетті саналық деңгейіне «көтеру» үшін, ең алдымен, грамматикалық мағыналарсипаттамасдың жүйесін стихиялы түрде мүшелерден ол мағыналардың белгілі бір функционалдық сипаттамасына қарай көшу керек деп санайды. Бұған жету үшін грамматикалық материалмен жұмыс істеуде оқушының қызметін төмендегідей бірізділікпен ұйымдастыру нәтижелі болмақ; 1) сөзді өзгерту және парадигмалық формаларын не болмаса, туыс сөздер жасату; 2) негізгі сөз бен жаңа сөздердің мағынасын салыстыру; 3) негізгі сөз бен жаңа сөздердің формаларын салыстыру және морфемаларды анықтау; 4) әрбір морфемаға белгілі бір функционалдық-грамматикалық сипаттама беріп, сөзді сондай сипаттамалар жүйесі ретінде көрсету керек.
Бұл методиканың өзі П.Я.Гальперин жасаған ақыл-ой дамуының кезеңдік дамуы жүйесі арқылы жүзеге асатынын көрсетеді. Көптеген жылдар бойы оқытудың көздейтін негізгі мақсаты – балаларға білім беру деп айтылып келгені белгілі. Қазақтың белгілі психолог ғалымы М.Мұқановтың айтуынша: «...осы анықтаманың өзі қазіргі кезде біржақты жеткіліксіз деп есептеледі. Себебі мектеп оқушыларға білім берумен қанағаттанып, сол білімді нақты тәжірибеде қолдануға үйретпесе, онда бұл жеткіліксіз болар еді. Жеткіліксіздің бұл түрін формальдық білім деп атайды. Демек, білімді тиісті жағдайда қолдану, ... баланың ой-өрісін кеңейту – оқытудың көздейтін құнды мақсаттарының бірі болып есептелінеді [6, 138].
Жас және педагогикалық психологияның зерттеу мәліметтері оқыту процесін, оның ішінде жекелеген пәндер методикасын дамытуда да алатын орны зор. Баланың таным процестерін, ойлауын, сөйлеу тілін дамыту үшін осы ғылым саласының жетістіктеріне сүйенбеу мүмкін емес.
Біз өз тақырыбымызға сәйкес, яғни объектіміз – «Сөз мағынасы» тақырыбын оқытумен байланысты бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын молайту жұмысының жүйесін жасау болғандықтан, осы жастағы жеткіншек балалардың психологиясына, таным процесінің даму жолдары туралы арнайы әдебиеттерді талдадық.
Жеткіншек жастың өзіндік ерекшеліктері өте көп. Биологиялық, физиологиялық дамуы баланың психологиялық дамуына өз әсерлерін тигізбей қоймайтыны мәлім.
Біз бұл арада жеткіншектердің таным процестерін қарастырамыз. Оқу материалын ұғыну оны қабылдаудан басталады. Қабылдаудың өзі баланың бар бейнелермен беріліп тұрған объектілерді салыстыру, ойлана отырып мағлұматтарды тұтастығымен бейнелеу болып табылады.
Жеткіншектің зейіні дегеніміз, бастауыш кластағыдай тек қызықты нәрселерге көңіл аударумен ғана шектелмейді. Бұл жаста баланың ой-өрісі біршама қалыптасып қалғандықтан қызықты емес затқа да көңіл аудара алады.
Жеткіншектің зейіні сабаққа қалыптасса, ол өз назарын бір объектіден екінші объектіге аударып отыруға толық мүмкіндігі бар екен. Жеткіншектің жады мен есі кіші оқушыларға қарағанда едәуір дамыған болып келеді. Айырмашылығы – кіші оқушы мазмұнды жадында сақтап қалуды жақсы көреді.
Баланың танымдық процесінде қиялдану да юелгілі бір орын алады. Мұның өзі баланың фантазиясы, ой-қиялы дамуының жақсы себепкер болғанымен, шамадан тыс қиялдану көп пайда да бермейтіні мұғалімдер мен ата-ана, тәрбиешілер ескеріп, тым асырмай да, тым төмендетпей де оқу процесінде де, тәрбиелеуде де шамамен пайдаланып отыруы қажет.
Ойлану процесі баланың оқуында негізгі роль атқарада екен. Шындықты ажыратудың көптеген әсілдері бар екенін М.Мұқанов өз ңбектерінде атап кетеді. Олардың бірі – формальдық операция. Бұған ие болудың өзі бала үшін үлкен жетістік екен.
В.В.Давыдов баланың абстрактылық ойының дамуына ерекше мән береді. Абстракты ой дегеніміз заттың нақты белгілеріне мән бере тоқталмай, солардың негізгі белгілерін біріктіріп, жалпылап бейнелеу. Бала бұл тәсіл белгілі бір орын алғанымен, бұрынғы нақты ойлануы жоқ болып кетпейді. Сонымен қатар, бала жекеден жалпыға, жалпыдан жекеге ой үстінде көшіп отырады. Және жеткіншекте аналогияға сүйену де біршама орын алады. Мұндай формальдық операцияларды қолдана алу баланың ой-өрісін кеңейтіп, өзін ойландырған, алдында тұрған міндеттерді шешуіне көмектеседі. Сонда жалпы айтқанда, балаларда ой-өрісі дамуы қабілеті біршама дамыған болатындығы байқалады.
Оқушылардың ақыл-ойын дамыту дегеніміздің өзі – логикалық операциялармен жұмыс істей алуы екендігі белгілі. Қазіргі кезеңдегі логикада логикалық операцияларға: абстракциялау, салыстыру, жинақтау жатады. Ал қазіргі мектептерде оқушылардың ақыл-ой қызметін, сөйлеу тілін дамытуға эмпирикалық тұрғыдан келу басым екендігі анық нәрсе.
А.А.Леонтьевтің «Ана тілін оқытудың психологиялық сипаттамасы» деген еңбегінде ана тілін оқытудың психологиялық моменттерін П.Я.Гальпериннің теориясына сүйене отырып келтіреді. Бұл жерде біздің қосарымыз – ана тілінің заңдылықтарын оқыту процесінде жоғарыда аталған логикалық операциялар мүлде ескерілмейді. Логиканың аталған операция түрлері, П.Я.Гальпериннің ақыл-ой қызметін дамыту кезеңдері туралы теориясы, А.А.Леонтьевтің жоғарыда аталған еңбегін барлығы да баланың сөйлеу тілін дамытуды логикалық операциялар
Қазақ тілі ғылымының, қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін салып, ана тілдің жүйесін жан-жақты талдаған, алғашқы мектеп оқулықтарын жазған ғұлама ғалым А.Байтұрсынов өзінің әдістемелік еңбектері – «Баяншы» мен «Тіл жұмсар» кітапшаларында «Қай әдіс жақсы?», «Жалқылау /айырыңқы/ әдіс», т.б. мақалаларында оқытудың дыбыстық және тұтас сөздік әдістерінің тиімділіктері мен кемшіліктерін талдап көрсетумен бірге, оқушыларға сөз мағыналарын оқыту мәселесін де назардан тыс қалдырмайды. Мысалы, автор қазақ тілінің табиғатына ең жақын оқыту әдісі ретінде «дыбыстық әдісті» талдай келіп, оқушыларды оқуға үйретуге даярлау кезеңінде алдымен «сөз» деген ұғымды таныту үшін, оқытушы балаларға бір нәрсені ататады. Оның атаған нәрсесі туралы өзі бір нәрсе айтып, неше сөзбен айтылып тұрғанын сұрайды. Мәселен, балалар «тақтай» деген болса, оқытушы «тақтай үлкен» дейді де, балалардан «Неше сөзбен айтылып тұр?» деп сұрайды. Осындай бірнеше сөздер, сөйлемдерді айтып, пысықтау арқылы «сөз» деген ұғымды біліп алады.
Бұдан әрі автор оқушыларға дыбыс ұғымын, фонетикалық заңдылықтарды меңгертуге балалардың әдіссөз туралы алған түсінігіне сүйенудің маңыздылығын атап өтеді: «Сөздің дыбыстарын айыра білу – жазуға, кейінде дыбыстарды құрастырып, сөз құра білу – ол соңыра оқуға керегі бар нәрсе». Демек, А.Байтұрсынов балалардың ұғымындағы заттың, құбылыстың қимылдың, түр-түсінің, т.б. атауы түрінде ассоциацияланатын «сөз» туралы түсінікті тіл жүйесі туралы дерексіз грамматикалық (фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік) ұғымдарды меңгерту үшін пайдаланады.
А.Байтұрсынов 1926 жылы қазіргі әліппелердей суреттермен безендірілген жаңа Әліппе жазып, баспадан шығарды. Дыбыспен және тұтас сөзбен оқыту әдісіне негізделген бұл жаңа құрал бұрынғы «Оқу құралымен» салыстырғанда, бастауыш сынып балаларының ойлау деңгейіне лайық ойын (ермек-еңбек) түрлерінің молдығымен, көрнекі безендірілуімен, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар тәрізді ауыз әдебиеті нұсқаларын жиі пайдалануымен ерекшеленеді. Балалардың сөздік қорын дамытып, олардың назарын сөз мағыналарына аударуды көздейтін жұмыс түрлері де бұл жаңа құралда күрделене түскен.Әсіресе, берілген сөздерден оқушылардың өздеріне жаңылтпаш құратқызуды немесе берілген күрделі жаңылтпашты айтқызуды көздеген жаттығуларды ұсынғандағы автордың бір мақсаты – балалардың тілін дамыту екендігі талас туғызбайды. Мысалы:
Қаз арық
Таза арық
деген сөйлемдерден жаңылтпаш құрастыру барысында оқушылардың қаз-қазы, таз-тазы, арық(сын есім)-арық(зат есім) сөздерінің мағыналарын аңғарып, тілдерін дамытатыны сөзсіз.
Немесе Асан атам ас асатар,
Ас асатса, аз асатар
Жаңылтпашын айту кезінде балалар Асат (адамның аты) – асат (етістік) сөздерінің айтылуы ұқсас (омоним) болып тұрғанын байқар еді.
А.Байтұрсынов әліппелерінде өзге оқыту мақсаттарымен бірге, оқушыларды сөздің мағыналарын аңғарып, дұрыс қолдана білуге баулу, тіл дамыту мақсатын көздейтін жаттығу үлгілерін көптеп кездестіруге болады. Ағартушы ғалымның үш кітаптан тұратын «Тіл құралы» оқулығында оқушылардың сөздік қорын байытуға, сөйлеу дағдысын дамытуға арналған жаттығулар мол. Қазақ балаларының (сондай-ақ ересектерінің де) ана тілінде сауатын ашуына арналған алғашқы әліппелерінде ғалым-ұстаз қазақ тілінің грамматикалық жүйесін мектепте ғылыми тұрғыдан оқытуды, оқушыларға ана тілдің шұрайлы байлығын танытуды, оларға сөз үйрету, сөз мағыналарының әртүрлі қырларын аңғартуды бір сәт те есінен шығармаған.
А.Байтұрсынов қалыптастырған жаттығу үлгілері мен оқыту әдістері кейінгі оқулықтар мен әдістемелік еңбектерде одан әрі тереңдетіліп, қазіргі кезге дейін қолданылып келеді.
Ш. Сарыбаев еңбектерінде тіл дамыту, жаңа сөздердің мағыналарын оқушыларға меңгерту, сөздік жұмысын жүргізу мәселелеріне қатысты пікірлер мол ұшырасады. Мысалы зерттеуші өзінің «Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері» деп ататлатын еңбегінде оқушыларға емле ережелерін үйрету жолдарын талдау барысында жаңа сөздерді меңгерту жолдарына да тоқталады. «Ол сөздердің жазылуын меңгерту үшін, - деп жазады автор, - төмендегідей әдістерді қолданамыз:
1. Күнделікті оқыған газет, журналдарда
кездесетін советтік-
2. Сол теріп келген сөздерді алфавит тәртібіне келтіріп жазуды тапсырамыз.
3. Кейін алфавит тәртібіне енген сөздерді сөздік ретінде алуды тапсырамыз.
4. Сөздік ретінде алынғандардың
мағыналарын сөздіктерден
5. Ішіне сол сөздер енген
6. Оқытып жатқан грамматикалық
тақырыпқа байланыстырып, мысалды
оқушылардың сөздіктерінен
Информация о работе 2-сыныпта сөз мағынасын оқыту әдістемесі