2-сыныпта сөз мағынасын оқыту әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2014 в 01:10, дипломная работа

Краткое описание

Бастауыш мектептің қазақ тілі сабағында жеке тұлғаны қалыптастыруда оқушының өз ой-пікірін ана тілде еркін, дұрыс, түсінікті жеткізе білуден басталады. Ал өз ойларын емін-еркін жеткізу үшін оқушылардың сөздік қорлары бай болуы қажет. Балаларда мектепке келмей тұрып-ақ белгілі бір сөздік қор, сөз мағыналарын ажыратып, жеке өмірінде қолдана білу машығы қалыптасады. Осы қалыптасқан икемділігін одан әрі дамытуға мектепке келген күннен бастап назар аударған жөн. Бүгінгі таңда оқушыларға сөз мағынасын оқыту, сөздік қорларын молайту – өзекті мәселенің бірі.

Содержание

Кіріспе .........................................................................................................
4
І тарау. І тарау. 2-сыныпта сөз мағынасын оқытудың психологиялық-педагогикалық негізі...................................................

5
І. 1. 2-сыныпта сөз мағынасын оқытудың лингвистикалық негізі..........
5
І. 2. 2-сыныпта сөз мағынасын оқытудың педагогикалық негізі.............

13

ІІ тарау. 2-сыныпта сөз мағынасын оқытудың әдістемелік негіздері .......................................................................................................

23
ІІ. 1. 2-сыныпта сөз мағынасын оқытудың әдістемесі .............................

23
ІІ.2. Сабақ үлгілері ......................................................................................
47
ІІ.3. Тәжірибе жұмысының қорытындысы ...............................................
58

Қорытынды ................................................................................................

60
Пайдаланылған әдебиеттер .....................................................................
61

Вложенные файлы: 1 файл

2-сыныпта сөз мағынасын .doc

— 1.02 Мб (Скачать файл)

Ғалымның бұл пікірінің тек термин сөздерді меңгертуге ғана емес, жаңа сөздердің мағыналарын оқушылардың сөздік қорына берік орнықтыруға, сөйтіп олардың тілін дамытуға да қатысы бар.

Ал Ш.Сарыбайұлының «Жаздырып үйрету әдістері», «Күнделікті керектер» деген еңбектерінің оқушылардың тілін дамытуға тікелей қатысы бар.

Автор бұл еңбектерінде жалпы шығарма жазу жөнінде, жоспар жасау, мәтіндегі І жақта берілген сөйлемдерді ІІ жаққа айналдырып айту, жазу, сондай-ақ жазып үйрену, іс-қағаздарына үйрену, т.б. мәселелер жөнінде алғаш рет сөз қозғай тұрса да, көбіне сауаттылыққа үйренуге көңіл аударады. Мұның себебі сол кездегі араб әрпінен латын әрпіне көшумен байланысты болса керек. Автордың екінші еңбегін атау себебіміз – кітаптың бірінші бетінде: «Ауызша және жазуша тіл дамытудың баяндама, тезис, конспект, мақалалар жазудың техникасы жөніндегі құрал» делінген. Бірақ кітаптың мазмұнымен танысқанымызда, ол әрі үлкендерге арналған, әрі орысшадан аударма екен. Сондықтан бұл еңбектерді талдаудың қажеті жоқ деп есептеп, тек атап өтумен ғана шектелдік.

Сонымен қазақ бастауыш мектептерінде сауат, ашу, ана тіл мен грамматиканы оқыту әдістемесіне арналған еңбектердегі оқушылардың тілін ұстарту мәселесінің қарастырылуына шолу жасай келіп, мынадай қортынды ой түйе аламыз:

  1. Қазақ бастауыш мектептерінде ана тіл мен грамматиканы оқыту ісінің бастапқы кезеңінде-ақ оқыту әдістемесінің негізін қалаған ғалымдар (А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, т.б.) баларға сөз мағыналарын үйретпейінше, тілін дамытуға, оларды дұрыс сөйлеуге үйретуге болмайтынын айтып, бұл бағытта жүргізілетін жұмыстардың үлгілерін ұсынған.
  2. Ана тіл мен грамматика сабақтарында оқушылардың тілін ұстарту жұмысы сөздік жүргізу, сөйлеуге үйрету 30-40-жылдардағы әдістемелік еңбектерде (С.Жиенбаев, Ғ.Бегалиев, Ш.Сарыбаев) тіл ширату, мәтінді түсініп оқуға баулу, грамматикалық ұғымдар беру жұмыстарының құрамында қарасчтырылса, 40-60-жылдар аралығында оқушылардың теориялық білім алуына баса назар аударылады.
  3. Бастауыш мектеп оқулықтары бойынша тіл ұстарту жұмыстары қазіргі кезге дейінгі әдістемелік еңбектер мен үш бағыт бойынша жүргізілетін зерттеулерде былайша сараланып келеді: сауат ашу және тіл дамыту; грамматика және тіл дамыту; оқу және тіл дамыту (яғни, балаларды сауаттандыру, дыбысы әріптерді үйрету барысында, грамматикадан теориялық тақырыптарды меңгерту барысында және оқу дағдыларын қалыптастырып, жетілдіру, мәтіндермен жұмыс жасау барысында).
  4. Бірақ бастауыш сыныптарда оқушылардың ауызша, жазбаша тілін дамыту мәселесі арнай зерттеу объектісі ретінде емес, өзге мақсаттар аясында қарастырылғандықтан, айтылған пікірлер жеке ойлар түрінде қаралып, жүйелі зерттеулер жүргізілмеген.
  5. Демек ең алдымен жоғарыда айтылған пікірлерді бір жүйеге салып, мектепте оқушылардың тілін ұстарту жұмысының жалпы желісін – негізгі тірегін анықтап алу қажет. Сонда ғана қазіргі мектептегі, ана тіліміздегі болып жатқан өзгерістерді есепке ала отырып, тіл дамыту әдістемесін жеке-жеке салалар бойынша тереңдете зерттеуге болады деп ойлаймыз.

«Қазақтың бастауыш мектебінде басқа білімдермен қатар қазақ тілінің наху, сарфы да үйретілерге керек», - деп А.Байтұрсынов көрсеткендей, ана тілді үйретуді жолға қою 1-сыныптан басталады.

Балаларды мектепте оқыту мақсаттарының бірі – олардың тілін дамыту жұмысы екенін чех педагогы Я.А.Коменский: «Образование должно и обрабатывать ум для мудрости, язык для красноречия, руки для исполнения необходимых действий», - деп сипаттаған болатын.

Ресейде тіл ұстарту жұмысын мектептерде белгілі бір жүйемен жүргізу қажеттігі жөнінде әдістемелік нұсқаулар беріп, балаларды өз ойын ауызша, жазбаша білдіруге үйретудің маңызын көрсеткен оқымысты Ф.И.Буслаев көрінеді.

Ал оқушылардың тілін дамыту әдістемесінің негізін салып, оны өз алдына ғылым ретінде қалыптастыру қажеттігін анықтап берген – орыстың ұлы педагогы – К.Д.Ушинский.

К.Д.Ушинский ең алдымен бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамытумен байланысты жаттығу жұмыс тарының жүйесін құрды. Ол жаттығулардың сатылары мынандай: 1) бақыланған заттарды атау; 2) іс мақалаларын мазмұндау; 3) заттарды салыстыру; 4) сипаттау; 5) болған оқиға жөнінде әңгіме құру [7, 298-299].

Педагог-ғалым логикалық ойлаудың жай түрлерінен бірте-бірте күрделісіне, жай сипаттаудан баспалдақтай отырып, хабарлауға көшу дұрыс екенін айта келіп: «Самое полное знакомство с богатствами народной словесности и самое глубокое знание грамматики, хотя могут обогатить ум учащегося, но не разовых в нем дар слова, если эта душевная с»ила в свое время была лишена достаточных упражнений, - дейді де, тіл дамыту жұмысы жөніндегі жаттығулардың мынандай болу керектігін көрсетеді:

  1. Белгілі тақырыпқа әңгіме құру; оны алғашқы сабақтарда-ақ жүргізіп, бірте-бірте кеңейте беру керек.
  2. Тіл ұстарту жаттығулары жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Әрбір жаңа жаттығу өткен жаттығумен тығыз байланысып, сол жаттығуға негізделіп, балаларды бірте-бірте ілгері ұмтылуға жетектей беруі қажет.
  3. Балалар аз-аздан үйренсін, бірақ білгендерінен айрылмай, қайта оны тақырыпты меңгеріп алуға пайдаланатын болсын.
  4. Балалардың тілі дамыған сайын, мұғалімнің жетекшілігі азайып, жаттығуларды балалар өз беттерімен орындасын. Алғашқы жаттығуларда мұғалім балаларға бақылау үлгісін көрсетіп, ойын жетектеп, тиісті сөздерді ауыздарына салып, басшылық жұмысын қамтамасыз етіп отырсын.
  5. Жаттығулар балалардың ойын дамытатындай болуға тиіс. Балалар сөздер мен сөйлемдерді тұрған қалпымен жаттамай, оқығандарының ішінен негізгі ой қазығын таба алатындай болсын.

Осындай озат пікірдің лебін қазақ даласына тұңғыш рет жеткізген адам қазақ халқының ұлы педагогы Ыбырай Алтынсарин болатын.

Ыбырай қазақ тілінде ең алғаш оқу кітабын жасады. Бұл кітапты Ыбырай тілді шұбарлаған араб, парсы сөздерінен құтылу мақсатында орыс алфавитімен жазды. «Орыс алфавитін қолданумен байланысты қазақ тілі орынсыз кірген араб, шағатай сөздерінен тазарды. Орыс әрпімен жазғанда сөздеріміз дұрыс жазылатын болды. Қазір молдалар оқытып жүрген араб, парсы, татар тілінде шыққан діни кітаптар бізді кері кетіреді. Таза ойымызды кірлетеді, базымызды құммен толтырады, таза тілімізді шұбарлайды», - деді ол өз кітабында.

Сонымен тіл дамыту деп – балалардың сөздік қорын байытуға, мағынасын түсініп сол сөздерді дәл қолдана білуге, өз ойларын, пікірлерін екінші біреуге жеке сөйлемдер арқылы, логикалық, композициялық тұтастығын сақтай отырып, жүйелі түрде әңгімелеу арқылы ауызша, жазуша дұрыс білдіруге, яғни «нәрсенің жайын-күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен келістіріп айтып беруге» үйрету жұмысын айтамыз.

Бастауыш мектепте үйретілетін тіл дамыту жұмысы негізінен мынадай мақсаттарды көздейді:

  1. Оқушылардың байқағыштық, ойлау қабілеттері мен тілін, дүниетанымын дамыту, әр нәрсені салыстыра талдап, жинақтап, жалпылап, нақтылап салыстыру негізінде балаларды өз беттерімен қортынды шығара білуге үйрету.
  2. Оқушы бойында қазақ тілі нормасына сай, өз сезімін, ойын дұрыс айтып, жазып бере алатындай дағдылар қалыптастыру.
  3. Оқушыларды ана тілін сүюге, оның алтын қорын, тамашы, сырлы көркем  де нәзік сөз байлығын қолдана білуге, оны сезініп, құрметтей білуге баулу.
  4. Қазақ тіл ғылымы табысы негізінде оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамытуға септігі тиетін жұмыстардың оңай да тиімді түрлерін іріктеп алып, ұсыну.

Бастауыш мектептерде ана тілді үйрету жұмысының маңызына тоқтала келіп, белгілі ғалым А.Ысқақов: «Бастауыш мектепте ана тілдің әр саласынан берілетін білімнің жүйесі, көлемі, мазмұны жайындағы мәселелер, оның сынып-сыныпқа арналған әдістемесі жайында озат мұғалімдердің тәжірибелерін жинақтау, дербес эксперимент жасау сияқтылар – кезек күттірмейтін мәселелер» екенін көрсетеді.

Ана тілдің негізгі саласының бірі – тіл дамыту жұмысы жүргізіле тұрғанымен, бұл мәселеге әлі күнге дейін мектептерде жеткілікті көңіл бөлінбей келе жатқаны, бұл жұмыстың ұшқыны бар деген мектептердің өзінде оқта-текте жүйесіз, мақсатсыз өткізілетіні, бұған себеп бастауыш сыныптардағы тіл дамыту жұмыстарының жоғарғы сыныптарға қарағанда анағұрлым ауыр болатындығынан екендігі жоғарыда айтылды.

Бастауыш мектептерде баланың тілін жетілдіру жұмысының қиындығын айта келіп, К.Д.Ушинский: «Әрине, балаға жеңіл-желпі оқу мен жазуды үйретуге болады, бірақ мен мұны зиянды деп есептеймін, өйткені сіз баланы маңыздырақ, қиынырақ істерден сақтандыра беретін болсаңыз, онда ол кейін іске ауысқан кезде, тіпті ауыр болады. Балаларға маңызды, қиынырақ сабақты қызықты ете білу – бастапқы оқытудың мақсаты. Әрбір дені сау бала іспен шұғылдануды талап етеді, бала әкесі мен шешесінің бір күрделі ісіне өзінің құрдастарымен ойнағанынан әлдеқайда зор ынтамен көмектеседі», - дейді [7, 21-23].

Оқушылардың тілін дамыту, сөз қолдану дағдыларын қалыптастыру осы кезеңдердің әрқайсысында белгілі бір тақырыптардың оқытылуына сүйене отырып, соның барысында жүргізіледі. Мұнда біз мына сияқты негізгі мәселелерді үйретуді, яғни белгілі бір тақырыпты оқыта отырып, баланың сөздік қорын дамыту; сөздерді үйрете отырып, жаңа сөздер жасайтын формаларды меңгерту барысында оларды байланыстырып сөйлем құрауға, сөз тіркесіне; сондай-ақ ойларын ауызша, жазбаша сауатты жүйелі, дұрыс жеткізуге, сөйлей білуге үйретуді мақсат еттік. Егер осы үшеуі (сөздік жұмысы, сөз тіркесі мен сөйлем құрау және байланыстырып сөйлеуге үйрету) күнделікті өтілетін сауат ашу мен грамматика, оқу сабақтары мен байланыста біртұтас жүргізіліп отырса, тіл дамыту жұмысы да біршама жүйелі өткізіледі деуге болады. Яғни, тіл дамыту осы негізгі үш бағытта қатар жүреді, өйткені сөздік жұмысы сөйлем құрау үшін де, байланыстырып сөйлеу үшін де негіз болады; ал әңгіме айтуға дайындық жасау сөз бен сөйлемсіз іске асуы мүмкін емес. Сондықтан бұлайша топтаудың өзі – шартты түрда ғана, яғни тіл дамытудың мазмұнының нені қамтитындығын көрсету.

Дегенмен оқыту барысында осы үш бағыттың бірі екіншісінен гөрі басымырақ болуы мүмкін. Мысалы, сауат ашу барысында сөздік жұмысы; грамматикаға үйрету барысында сөз тіркесі мен сөйлемдер құрауға үйрету; ал оқу сабақтарында соңғы түрі басымырақ келеді. Бірақ әр кезеңнің өзіне тән жұмыс түрлері, әдіс-тәсілдері бар.

Біз психология, педагогика ғылымдарының соңғы табыстарын басшылыққа ала отырып, үлгілі мұғалімдердің тәжірибелеріне сүйеніп, тіл дамыту жұмыстарын жоғарыда айтылған кезеңдерге орай, әрбір сабақтағы тақырыппен, жаттығулармен тығыз байланыста бірте-бірте күрделендіре жүргізу мақсатын көздейтін тиімді жүйе табуға тырыстық. Бұл жүйе бойынша бастауыш сыныптардағы  сауат ашу, грамматика мен оқу сабақтарындағы тіл дамыту мына сияқты бағыттарды қамтуы қажет:

  1. Оқушылардың сөздік қорын дамыту. Мұнда: а) жаңа сөздер үйрету және осы үйренген сөздерінің, сондай-ақ балалардың бұрыннан сөздік қорында бар сөздердің мағыналарын үйрету; ә) көркем мәтіндегі бейнелі құралдарды үйрету; б) синонимдермен, омонимдермен жұмыс; в) антонимдермен жұмыс; г) көп мағыналы сөздермен жұмыс; д) қанатты, нақыл сөздермен жұмыс; е) мақал-мәтел, жаңылтпаштарды үйрету; ж) оқушылардың үйренген сөздерін қолдану белсенділігін арттыру мәселелері қамтылады.
  2. Сөз тіркесі, сөйлемдермен жұмыс жүргізу.
  3. Байланыстырып сөйлеуге үйрету. Мұнда балалар оқығандары мен көргендерінің, естігендерінің мазмұнын жүйелі түрде ауызша айтып, жазбаша баяндауға үйренеді, сондай-ақ ұсынылған тақырыптар бойынша материалдар жинап, жүйелеп,төз жандарынан ауызша, жазбаша әңгіме құрастыруға үйренеді.

Осы бағыттарды әрбір сабақта өтілетін тақырыптарға орай, жеке-жеке де, бір-бірімен байланыстыра да жүргізіп, мұғалімнің жұмыс жоспарының бір бөлігіне айналдыру – тіл дамыту жұмысының дұрыс іске асуының кепілі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ тарау. 2-сыныпта сөз мағынасын оқытудың әдістемелік негізі.

ІІ. 1. 2-сыныпта сөз мағынасын оқытудың әдістемесі.

 

Қазақ халқы тіпті сонау ежелгі дәуірдің өзінде терең ой, сұлу сезімдерін тілмен шебер өрнектеп өзінің  дақ түспеген зердесінде сақтап, бүгінгі ұрпаққа жеткізді. Қазақ даласы – бүкіл түркі әлемінің қара шаңырағы десек, сол туыс тілдер ішіндегі ең байырғысы да, көп өзгеріске ұшырамаған тазасы да – қазақ тілі екендігін бұл күнде қандас бауырларымыз түгелдей мойындауда. Олай болатыны: «Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады» деп түсінген бабаларымыз да бұл өнерге айрықша мән берген. Оққа тоқтамаған жерде сөзге тоқтаған. Қара қылды қақ жарған кемеңгер билеріміз кезінде ердің құнын екі-ақ ауыз сөзбен шешкен екен. Ақындар мен шешендер дау-талас, айтыс үстінде аталы сөзді аттап өтпей, сөзден сүрінгенін ерлерше мойындап, «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деп немесе «Ой, тіліңе шоқ түссін!» деп отыра кеткен деседі.

Сөз өнерінің ең құрметті, ең асыл өнер болғанын, оның құдыретті данышпан Абайды таңқалдырып, «қазақтың өзгелерден тілі ұзын», «өткірдің жүзі, кестенің бізі өрнегін сендей сала алмас» дегізгенін одан әрі айта түсуге болар еді.Бірақ әңгіме арнасы басқа болғандықтан, біз тек сөз өнерінің, әсіресе қазақтарда ерекше бағаланғандығын, осы өнерге үйрену сонау ерте кезден басталғанын еске алу ретінде ғана шегініс жасадық.

2-сыныптағы «Сөз және оның  құрамы» тақырыптары бойынша  жалпы барлығы жетпіс екі жаттығу берілген. Әр тақырыптың жаттығулары тақырыпқа сай, оқушылардың сабақты түсініп, меңгеріп кетуіне ыңғайлы, жеңіл түрде құрылған. Жуық мәнді және қарама-қарсы мағыналы сөздермен, омонимдермен жұмыс жасау бағытындағы жаттығулар түрі көп. Тақырыпқа байланысты ережелер де оқушылардың тілін, сөздік қорын дамыту мақсатын көздейді [8, 214].

Сөз туралы түсінік беру – 1 сағат.

Сөз және оның мағынасы – 4 сағат.

Берілген жаттығуларда ең алдымен сөздердің заттың белгісін, сапасын, қимылын, атын білдіретін тапсырмалар орындалады.

Оқушылардың тілін байытудың бірден-бір формалары: жаңа сөз үйрету, сөз мағыналарының түрленуінен хабар беру, оқушылардың сөздік қорларындағы синонимдік қатарлардың, мағыналары қарама-қарсы сөздердің мол болуына ұмтылу, сөйлеу тілінде дайын тіркестердің қалыптасуын қадағалау. Сондықтан бастауыш сыныптарда тіл дамыту мақсаты қазақ тілін оқыту үрдісінің өн бойында ескерілуі тиіс.

Информация о работе 2-сыныпта сөз мағынасын оқыту әдістемесі