Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2014 в 01:10, дипломная работа
Бастауыш мектептің қазақ тілі сабағында жеке тұлғаны қалыптастыруда оқушының өз ой-пікірін ана тілде еркін, дұрыс, түсінікті жеткізе білуден басталады. Ал өз ойларын емін-еркін жеткізу үшін оқушылардың сөздік қорлары бай болуы қажет. Балаларда мектепке келмей тұрып-ақ белгілі бір сөздік қор, сөз мағыналарын ажыратып, жеке өмірінде қолдана білу машығы қалыптасады. Осы қалыптасқан икемділігін одан әрі дамытуға мектепке келген күннен бастап назар аударған жөн. Бүгінгі таңда оқушыларға сөз мағынасын оқыту, сөздік қорларын молайту – өзекті мәселенің бірі.
Кіріспе .........................................................................................................
4
І тарау. І тарау. 2-сыныпта сөз мағынасын оқытудың психологиялық-педагогикалық негізі...................................................
5
І. 1. 2-сыныпта сөз мағынасын оқытудың лингвистикалық негізі..........
5
І. 2. 2-сыныпта сөз мағынасын оқытудың педагогикалық негізі.............
13
ІІ тарау. 2-сыныпта сөз мағынасын оқытудың әдістемелік негіздері .......................................................................................................
23
ІІ. 1. 2-сыныпта сөз мағынасын оқытудың әдістемесі .............................
23
ІІ.2. Сабақ үлгілері ......................................................................................
47
ІІ.3. Тәжірибе жұмысының қорытындысы ...............................................
58
Қорытынды ................................................................................................
60
Пайдаланылған әдебиеттер .....................................................................
61
Бастауыш мектептерде орыс тілін оқыту әдістемесінің маманы М.Львов бастауыш сыныптарда балалар күн сайын 8-10 жаңа сөз үйреніп отыруы қажеттігін және оның 5-6-ы тіл сабақтарының еншісіне тиетінін атап көрсетеді [9, 38]. Оқушыларға жаңа сөз мағыналарын үйрету тек сөздік қорды байыту үшін ғана емес, әр сабақтағы мақсатты грамматикалық білімнің негізді болуы үшін де маңызды екендігіне нақты мысалдар арқылы көз жеткізу қиын емес. Мәселен, «Дыбыс және әріп» тарауындағы жаттығуларда сөздерді оқып салыстыру, мағыналарын анықтау, қай дыбыстың қосылуы сөз мағынасын өзгертіп тұрғанын айту тәрізді тапсырмалар кездеседі: терек – зерек, ар – тар, ық – шық. Бірінші жұптағы терек сөзінің мағынасын оқушылар біледі, ал зерек сөзінің мағынасын өз беттерінше анықтайды деп айту қиын. Сол сияқты ар, ық сөздері туралы да осыны айтуға болады. Бұл сөздердің мағыналарының түсініксіз болуы берілген тапсырмада көзделген мақсат – дыбыстардың тілдегі маңызын ұғынуға жеткізбейді. Демек, зерек сөзін алғыр, зейінді, ұғымтал синонимдерімен, ар сөзін арлы-арсыз антонимдерімен, ық сөзін желден таса жер тіркесімен салыстыра түсіндіруіміз қажет.
Егер ана тілінің дыбыстық жүйесінен алғышқы мағлұмат беретін тақырыптарда жаңа сөздердің мағыналары негізінен олардың естілуі мен жазылу ерекшеліктеріне байланысты салыстырулар арқылы ашылса, «Сөз және сөз таптарына» берілген тақырыптарда бұл дағды тереңдетіліп, мақсатты сипат алады. Өйткені, бұл кезде балалар тілдегі барлық сөздердің мағынасы болатынын немесе айналадағы, өмірдегі барлық заттар мен құбылыстардың, іс-қимылдардың атауы болатынын ұғынады. Демек, бұл тараудағы тақырыптарды меңгеру сөздердің лексикалық мағынасын айқындаумен тікелей байланысты. Соның ішінде балалар тіліндегі бұрыннан бар сөздер жиі-жиі күнделікті қолданысқа түсіп, мағыналары айқындала түседі.
Тәжірибе «Сөз және сөз таптары» тарауында, әсіресе зат есім, сын есім, етістік тақырыптарын өту барысында балалардың сөздік қорына жеке сөздер мен бұрыннан таныс сөз мағыналарының ауыспалы түрі өте көп енетінін әрі белсенді қолданысқа түсетінін көрсетті. Мысалы, «Зат есім» тақырыбына берілген жаттығулардың өзінен-ақ оқушылардың сөздік қорына енер жаңа сөздердің мол екені байқалады. Атаулардың адамға қатысты не қатыссыз болуына байланысты «кім? не?» деген сұрақтарға жауап беретіндігі түсіндірілген соң балалардың осы алған түсініктерін орнықтыру мақсатында төмендегідей жаттығулар орындатылады.
Сөздерді оқы. Оларға сұрақ қой. әр сөздің мағынасын түсіндір.
Ұшқыш, ұшақ, зергер, бұлақ, елік, нағашы, бүркіт, аңшы, әнші.
Немесе сөздерді оқып, мағыналарын түсіндір. Алдымен кім? сұрағына жауап беретін сөздерді, содан соң не? сұрағына жауап беретін сөздерді көшіріп жаз.
Кітап, сатушы, үреді, дөңгелек, түлкі, тәтті, бақылдайды, қарға, дәрігер, әдемі, ұста, сауыншы, ата, қайың, күн.
Бұл жаттығуларда ұсынылған сөздердің бірқатары балаларға бұрыннан таныс емес болса, енді бірқатары бұрыннан таныс, бірақ екі жағдайда да оқушылар жаттығудағы сөздердің кім?, немесе не? деген сұрақтардың қайсысына жауап беретінін анықтау үшін олардың мағыналарына ой жүгіртіп үңіле түседі. Сөйтіп, бұл сөздердің болашақта жиі-жиі қолданысқа түсуіне алғышарт жасалады. Яғни осы тұста жаңа сөзді оқушылардың қабылдауы, дұрыс түсінуі жүзеге асады.
Келесі кезекте сөздің барлық мағыналық реңктерімен, бояуларымен түсінікті болуына, сол сөздерді оқушылардың өз беттерімен қолдануларына бағытталған тапсырмалар беріледі. Бұған мысал ретінде жоғарыда келтірілген бұлақ сөзін алайық.
Сұрақ-жауап әдісімен алғашқы сөйлемдегі бұлақ сөзі «жерден шығып, ағып жатқан су» деген мағынада, ал екінші сөйлемде «білімнің көзі», «білім алатын қазына» мағынасында қолданылғаны түсіндіріледі. Одан әрі ұсынылған әрбір сөзді қатыстырып сөйлем құрату жұмысы жүргізіледі. Мұндай жұмыс барысында сол сөздің мағынасын шәкірттердің түсінген-түсінбегеніні белгілі болады әрі сөйлеу дағдылары жетіле түседі.
Сабақта түсіндірілген әрбір жаңа сөздің мағынасын шәкірттердің анық ұғынуынан бастап, ол сөзді өз беттерінше қолдана білуіне дейінгі аралықты бірнеше кезеңге бөліп қарауға болады:
«Зат есім» тақырыбын оқыту барысында балалар зергер сөзімен танысады. Зергер – сәндік бұйым жасайтын шебер адам. Осы сөздің мағынасы түсіндірілген соң келесі тақырыптарды өту кезінде бұл сөзді балалардың қолдануына мүмкіндік жасау керек. Мұны «Зергер сөзіне көптік жалғауын жалға, осы сөзді қатыстырып сөйлем құра», «Зергер сөзін тәуелдеп жаз», т.б. тапсырмалар орындату арқылы жүзеге асыруға болады.
«Сөз таптары» тарауындағы оқушылардың сөздік қорын байытуға арналған жұмыстардың бірі – айналадағы заттардың, табиғат құбылыстарының, жан-жануарлардың белгілі бір тегін тізіп жаздыру.
Мал - Астық - Ыдыс - Аң –
Үлгі: қызғалдақ, раушан, бәйшешек.
Осы жаттығу үлгісін пайдалана отырып, сабақ барысында «Кім көп табады?» ойынын ұйымдастыруға болады.
«Сөз таптарын» оқыту барысында оқушылардың сөздік қорларын байытуға бағытталған жұмыс түрлерін ұйымдастыруды үнемі есте ұстаған жөн. Төменде сондай жұмыстардың үлгілерін ұсынбақпыз.
Берілген сын есім сөздерге тіркестіріп, мағыналары сай келетін заттың, құбылыстың атауларын жазыңдар.
Күрең, бойшаң, күртік, тастақ, шұңғыл.
Бұл сөздер «Қазақ тілі», «Ана тілі» оқулықтарында кездеседі. Соған қарамастан мағыналары оқушылардың бәріне бірдей түсінікті емес. Түсінікті болғанның өзінде де балалардың белсенді қолданыстарына енбеген. Сондықтан бұл жаңа сөздерге сай келетін атаулар ойлағанда, балалар ең алдымен берілген сөздің мағынасына ой жүгіртіп нақтылай түседі.
Бастайтыным – сан Асқа күнде саларсың,
Неше?
Қостайтыным – бір мүшең, Табасың
Енді келер жалғасын
Мұндай жұмбақ өлеңдер арқылы оқушылардың сөздік қорларымен қоса логикалық ойлау қабілеттері жетіледі.
Қос қазық, екі желі, сегіз ноқта,
Сөйлейді шежіредей адам соқса. (Домбыра)
Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндір.
Екі достың бірі ыңғайлы, біреуінің ебі жоқ,
Екеуін де бірдей көрем, маған артық-кемі жоқ.
Жұмбақтағы мәндес және қарама-қарсы мағыналы сөздерді тауып, мағынасын түсіндір.
Жұмбақтардағы зат есімдерді тап.
батыр |
шыдам |
сұлу |
мерзім |
кез |
төзім |
ер |
инабатты |
әдемі |
ізетті |
уақыт |
сабыр |
Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндір.
Мақалдағы түс сөзі қандай мағынада қолданылып тұр?
Мақалдағы сан есімдерді тауып, сан есімнің қай түрі екенін айт.
Тақиясын ұшырып Бірақтағы күшігі,
Інімді ... (жылатты) Әкеп беріп ... (жұбатты).
Салқын, ақ, тәтті, жылы, жас, қара, кіші, ащы, кәрі, үлкен.
Ерте шықсаң алдыңнан күн шығады, кеш шықсаң түн шығады.
Ащы мен тұщыны татқан білер.
Алыс пен жақынды жортқан білер, т.б.
Батыр, мезгіл, жауын, жақын, сұлу.
Егінді биыл (тың, жаңа) жерге салдық.
Ол (өжет, қайсар) адам болатын. Астана – (көркем, әдемі, сұлу) қала.
Жоғарыдағыдай жаттығу түрлерін орындау барысында оқушылар мынадай білім машықтарына ие болады:
Балалардың сөздік қорындағы мәндес сөздер қатары өз беттерімен орындаған жұмыстарында орынсыз қайталаулардан арылтады. Сонымен қатар ұқсас мағыналы сөздердің қайсысын қай жерде қолдануға болатынын туралы алғашқы стилдік дағдылар қалыптаса бастайды [9, 41].
2-сынып оқушыларына сөз
Ол мәселелер мыналар: белгілі бір тақырыпты оқытуға байланысты оқушының сөздік қорын дамыту, мәтінде кездесетін жаңа сөздерді үйрету, мағынасын ұқтыра отырып, оларды жасайтын формаларын меңгерту, ойын ауызша және жазбаша сауатты жеткізе білуге дағдыландыру, сөз бен сөзді байланыстыруға, сөйлем құрауға үйрету.
Сөз мағынасын ұғындыруда сөздікпен жұмыс істеудің үлкен мәні бар. Сөздік – тілге қажетті материал. Қай тілді үйренбейік, алдымен оның сөздік қорын меңгеру қажет. 2-сыныпта сөздікпен жұмыс істеуге үйретудің маңызы зор, себебі, қазақ тілі – олардың ана тілі болғанымен де, кішкентай балалардың тілдік қоры өте аз, оны байыту мұғалімнің маңызды ісінің бірі болып есептеледі. Мектепте оқушының сөздік қоры екі түрлі жағдайда байып, толығып, жетілдіріліп отырады: бірі – сөзді активті қолдану, екіншісі – пассивті қолдану. Сөз байлығының аздығы оқушылардың өз ойын ауызша әрі жазбаша, дәл, жүйелі, ықшамды етіп жеткізуіне қиындық келтіреді.
Сондықтан сабақта сөздік жұмысын, сөздікпен өткізетін жұмыстың дұрыс ұйымдастырылуының маңызы зор. Біріншіден, ол оқушылардың сөз байлығын молайтып, кеңітсе, екіншіден, үйренген сөздерінің мағынасын түсініп, қатесіз жазуға дағдыланады, үшіншіден, сөзді үйрену арқылы бала тіл нормасында сөйлеп үйренеді, төртіншіден, анықтама құралдармен жұмыс істеуге дағдыланады.
Информация о работе 2-сыныпта сөз мағынасын оқыту әдістемесі