2-сыныпта сөз мағынасын оқыту әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2014 в 01:10, дипломная работа

Краткое описание

Бастауыш мектептің қазақ тілі сабағында жеке тұлғаны қалыптастыруда оқушының өз ой-пікірін ана тілде еркін, дұрыс, түсінікті жеткізе білуден басталады. Ал өз ойларын емін-еркін жеткізу үшін оқушылардың сөздік қорлары бай болуы қажет. Балаларда мектепке келмей тұрып-ақ белгілі бір сөздік қор, сөз мағыналарын ажыратып, жеке өмірінде қолдана білу машығы қалыптасады. Осы қалыптасқан икемділігін одан әрі дамытуға мектепке келген күннен бастап назар аударған жөн. Бүгінгі таңда оқушыларға сөз мағынасын оқыту, сөздік қорларын молайту – өзекті мәселенің бірі.

Содержание

Кіріспе .........................................................................................................
4
І тарау. І тарау. 2-сыныпта сөз мағынасын оқытудың психологиялық-педагогикалық негізі...................................................

5
І. 1. 2-сыныпта сөз мағынасын оқытудың лингвистикалық негізі..........
5
І. 2. 2-сыныпта сөз мағынасын оқытудың педагогикалық негізі.............

13

ІІ тарау. 2-сыныпта сөз мағынасын оқытудың әдістемелік негіздері .......................................................................................................

23
ІІ. 1. 2-сыныпта сөз мағынасын оқытудың әдістемесі .............................

23
ІІ.2. Сабақ үлгілері ......................................................................................
47
ІІ.3. Тәжірибе жұмысының қорытындысы ...............................................
58

Қорытынды ................................................................................................

60
Пайдаланылған әдебиеттер .....................................................................
61

Вложенные файлы: 1 файл

2-сыныпта сөз мағынасын .doc

— 1.02 Мб (Скачать файл)

Автор, ең алдымен, сауат ашу кезеңінде әр түрлі дыбыстарды меңгеру үшін, оқушылардың сөздік қорындағы бұрыннан бар сөздерді оңтайлы пайдаланудың маңыздылығын айта отырып, осы әдіс тиімді қолданылған бірнеше сабақ үлгілерін келтіреді. Мысалы (сабақ үлгілері мұғалім атынан баяндалады); «... Мен сөздің басқы дыбыстарын айтамын, сендер аяғына «ш» дыбысын қосып айтыңдар, бірақ мағыналы сөз болып шықсын. А (ш), ша (ш), қа (ш). Мен сөздің бірінші буынын айтамын, сендер соған «ш» дыбысынан басталатын буын қосып айтыңдар, бірақ мағыналы сөз болып шықсын. Ар (ша) – Ол қайда өседі? Ала (ша) – Оны неден тоқиды? Ал (ша) – Оны кісі жей ме? Үлкендігі қандай?» Оқушыларға «ш» дыбысын меңгертудің осындай тәсілін ұсына отырып, бір жағынан, балалардың сөздік қорындағы сөздердің мағынасын пысықтауды көздесе, екінші жағынан, осы пысықталған мағынаны дыбыс туралы жаңа түсінікті меңгерту үшін, сөз үйрету, үйренген сөздерді бекіту үшін, оңтайлы қолданған. Енді бұл тәсілді автордың «Д» дыбысын оқытуға қатысты қалай қолданылатынына назар аударып көрейік: «... Кісі  аты болсын, жай сөз болсын, «д» дыбысынан бастап айтылған сөздер тауып айтыңдар (дала, доп, дос, доға, Досан, Данаш, домбыра). Д дыбысы сөздің ортасында келетін сөздер тауып айтыңдар (адам, адыр, орындық, сандық, ондық, жолдас, Қодар)».

Бұдан әрі автор бірінші сыныптағы «грамматика я емле материалының түріне қарай» ұйымдастырылатын сабақтың құрылысын екіге бөледі;

а) сөздерді мағына жағынан талдау жолымен жүргізілетін сабақ;

ә) мағыналақ талдауға және есту қабілетіне сүйене жүргізілетін сабақ.

Бұл сабақтардың екеуінде де түсіндірілетін грамматикалық ұғым немесе емлелік ереже сөз мағыналарын талдауға сүйенелінетіні айта келіп, ғалым өз пікірін нақты мысалмен тұжырымдап отырады. Мысалы, «... О мен Ө дыбыстары (1- класс). Бұл екі дыбысты бір-бірінен айыру үшін, олардың айтылу өзгешелігін байқау керек. Әрине, оны есту арқылы және айтылуда бір-біріне ұқсас болғанмен, олар сөз мағынасын өзгертетінін байқау арқылы айыруға болады: тор-төр, жон-жөн, боз-бөз».

Ғ.Бегалиев «Бастауыш класта қазақ тілі методикасының мәселелері» кітабында бастауыш сыныптарда жүргізілетін сөздік жұмысын 8 түрге бөледі: заттың атын білдіретін сөздерді топтастыру (мектеп саймандары, оқу құралдары, балалардың киімі, көшеде не болады, қырманда не болады, өзенде не болады, т.б.); заттарды мезгілдік, кеңістік байланысына қарай айырту (тоғайда не өседі, қыстыгүні не болады, жаздыгүні не болады? т.б.); заттарды ұқсас белгілері мен амалдарына қарай топтастыру (Қай мақұлық бауырымен жорғалайды? Не ұшады? Қандай заттар ақ, қара, жасыл, сары болады? т.б.); бір заттың белгісін немесе амалын анықтау (алма – домалақ, қызыл, тәтті, хош иісті; жылқы – жүреді, шабадығ кісінейді, т.б.); синоним сөздерге байланысты сөздік жұмысы (құйғып жөнелді, оқтай зымырап келеді деген мысалдар келтірілген); ауыспалы мағынадағы сөздермен байланысты сөздік жұмысы (көз оттай жанады, жел ұлиды, жаңбыр сабалап құйып тұр, тау қойнауында, күн нұры төгілді); терминдермен және түбірлес сөздермен таныстыру (екінші дүниежүзілік соғыспен байланысты таралған соғыс терминдері: рота, пулемет, жауынгер, секунд, т.б. және су, сушы, суат, сусын, сулық сияқты түбірлес сөздер мысалға келтірілген); баланың сөздігін байыту сабағы (кітапта мұндай сабақтың үлгісі беріліп, жоғарыдағы жұмыс түрлерін жинақтап қолданудың әдісі көрсетіледі).

Сондай-ақ автор осы еңбегінде бастауыш сыныптарда жүргізілетін сөздік жұмысының бірте-бірте күрделене түсуі қажеттігін айта келіп, әр сыныпта орындалатын жұмыс түрлерін нақтылы көрсетеді: «1-класс. 1.Заттардың мәнісіне қарай топтап айырту. Топтағы жазылған сөздерден ең әуелі бір түріне жататын сөздерді, содан кейін басқаларын теріп жаздыру. 2. Бір топқа жататын сөздердің жалпылама атын тақтаға жазып қойып, сол топқа жататын жеке ұғымдардың атын жаздыру. 3. Жалпылауыш зат есімдерді одан да гөрі жалпылап білдіретін сөздермен ауыстырып жаздыру. Бидай, сұлы, тары, жүгері - ... Қой, ешкі, жылқы, түйе - ... (мал, астық...).

2-класс: 1-кластағы сөздік жұмысының  түрлері 2-класқа да жүргізіледі. Сонымен қабат мынадай жазу  түрлері жүргізіледі: қандай болса  да жалпы бір ортақ белгісі  бар сөздерді тізім ішінен  іріктеп алу (Тоғайда, бақшада, жеміс бағында не өседі? Кісі жаздыгүні не киеді, қыстыгүні не киеді?); дәнді астықтардың атын (бидай, тары, сұлы, т.б.) жазу; адамның дене мүшелерінің атын жазу, т.б. қарсы мағыналы сөздер тапқызу. 3-4-кластар: 1. Тақырып-тақырып бойынша сөздік жасау. 2. Мәндес сөздер жасау (жүргізу, шабу, үкідей ұшу); қарсы мәндес сөздер жинау (ыстық-суық, жаман-жақсы, ұзын-қысқа); лебіздік түрі бір, мағынасы басқа сөздер жинау: ат (жылқы), ат (мылтық ат), ат (біреудің есімі); ауыспалы мағынада қолданылған сөздер жинау (алтын заң, ай күлімдеп); теңеу сөздер жинау (кейде ұлыған аң сияқты, кейде жылайды баладай, жолаушыдай кешеу қалған)».

Ғ.Бегалиев еңбектерінде бастауыш сынып оқушыларының тілін ұстартуға, оларға сөз мағыналары туралы түсінік беруге қатысты ойлар «Ана тіл» пәнін оқыту әдістемесіне байланысты да айтылады. Мәселен, автор жоғарыда аталған еңбегінде «Ана тілі» пәнін оқу барысында кездесетін оқушыларға түсініксіз сөздерді 5 түрге бөледі:

1. Затты, сынды, я амалды білдіретін  кейбір сөздерді оқушылар мүлде  білмейді. Мысалы: маусым, сонар, бетегелі, маужырау.

2. Оқылатын текстіде кездескен  кейбір затты, сынды, я амалды  көрсететін сөздерді оқушылар  біледі, бірақ, сол затты, сынды, амалды  әдеби тілімізде қолданылатын  жалпыға ортақ атаумен атауды  білмейді, тек төңірегіндегілер білетін атымен немесе жергілікті атымен атайды. Мәселен, текстіде шалбар, дуал, алжапқыш, ықтық деген сөздер бар, бірақ оқушы сым, белдемше, аптап деген аттарын ғана біледі, өйткені оларды төңірегіндегілер солай деп атайды.

3. Оқушы кездескен сөздің негізгі мағынасын біледі, бірақ сол сөзге жұрнақ жалғанғанда немесе сөз тізбегінде айтылғанда, мағынасында қандай өзгешелігі болатынын айыра алмайды: құладым – құлап кете жаздадым, көл – көлшік, жылы – жылылау, ат – атақ, оқылды – оқылған, оқимын – оқып отырмын деген сөздердің арасындағы айырманы дәлдеп білмейді.

4. Кездескен сөздердің тура мағынасын  (бірме-бір мағынасын) біледі, бірақ  сол сөздің бұрма мағынасын  білмейді. Мысалы, құс ұшты – Сәрсен  үкідей ұшты, қолымды сермедім  – қолымды кеш сермедім.

5. Текстіде кездескен кейбір  сөздердің мағынасын білмеуі  мүмкін. Мысалы: көз тоймаушылық, күншілдік, әуестік, құмарлық, ұрыншақ, сосаны, т.б.

Автор өз ойын одан әрі сабақтай келіп, оқушыларға түсініксіз сөз мағыналарын түсіндірудің 7 түрлі әдіс-тәсілін ұсынады:

  1. Балаларға таныс емес сөздер белгілі бір затты білдіретн болса, сол заттың өзін көрсету керек, егер де дерексіз ұғым болатын болса, анықтау жолымен түсіндіру керек.
  2. Текстіде айтылып отырған затты балалар білгенмен сирек қолданылатын атымен білетін болса, сол сөздерді түсіндіргенде, балаларға осыны ескертіп, затты оларға таныс атымен айтып түсіндіру қажет.
  3. Текстіде кездескен сөз білдіріп тұрған заттың не екенін балалар дәл білмегенмен, жалпы түрін білетін болса, сол білгенімен-ақ қанағаттану керек.
  4. Түбір сөзге жалғанып, оған қосымша мән беретін жұрнақтардың мағынасын түсіндіру керек болғанда, сол жұрнақтың мағынасын білдіретін екі-үш сөз келтіру керек.
  5. Бірсыпыра сөздердің мағынасын түсіндіргенде, сол сөздердің түбірінің мағынасын талдап барып түсіндіру қажет.
  6. Дерексіз сөздердің мағынасын түсіндіргенде оқылып кетекн шығармаларды пайдалана отырып, нақтылы мысалдар келтіру керек.
  7. Бейнелі сөздер мен сөйлемдерді және бұрма мағынадағы сөздерді түсіндіргенде, сол сөздер мен сөйлемдердің орнына оқушыларға таныс түсінікті сөздер келтіру керек [11, 17-19].

Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың білім, білік, дағдысына қойылатын талаптардың бірі – мәтіннен бейнелі сөздерді таба білу (теңеу, салыстыру).

Бейнелі сөздерді «Кедейдің ауыр тұрмысын ақын қалай бейнелеген?» («Кедей», С.Торайғыров) «Ақын халық басындағы ауыр күнді неге теңейді?» («Нұркен» Н.Айтов) деген сияқты қарапайым сұрақтармен мәтіннен ажыратып алған соң тақтаға немесе дәптерге жаздырып, мағынасы түсіндіріледі. Мысалы, «Халық қорғаны» мәтінінде:

                                                  жау тигенде жараған

                                                  түрулі тұрған құлағым


Қабанбай                                  белдеудегі пырағым


                                                   төскейдегі асқан бұлағым, - деп суреттеледі.

«Алмас қылышты ардагер» деген мәтінде де

«Қиядан қиқу төгілсе,

Атының басын тартпаған,

Қисапсыз қол көрінсе...

Қорғасындай балқыған...» деген жолдардың мәнін ұғыну үшін мұғалімнің көмегі қажет.

«Аманкелді батырым» деген өлең жолдарынан да «жауар бұлттай түнеріп», «жасындай жауға тиген» деген теңеулермен терең таныстыра кету керек.

Мәтінмен жұмыс барысында оқушылардың қабылдауына лайық, жиі қолданылатын синоним, омоним, антоним сөздермен, тұрақты тіркестермен, көп мағыналы сөздермен практикалық түрде таныстыру мақсат етілуі тиіс. Терминдері аталмай, қарапайым сұрақтармен мәтіннің сөздік құрамынан ажыратылып алынады.

Синонимдерді сөздің мағыналас қатары деп, антонимдерді сөзге қарама-қарсы  мәнді сөз деп атап, мәтіннің ыңғайына қарай, түрлі тапсырмалар беруге болады. Мысалы: «Қуаныш» сөзіне қарсы мәнді сөзді ата.

    • «Қуат» сөзінің мағыналас қатарын тап.
    • «Өрескел, өкпелік, содырлық» сөздерін тағы қалай айтуға болады?
  • «Борыш» сөзінің мағыналас қатарын тап, - деген сияқты жұмыстарды сабақ үстінде де, үйден де орындату керек. Тұрақты сөз тіркестерімен жұмыс жасау. «Қас пен көздің арасында» деген жерді басқа сөзбен қалай айтуға болады?, «Ала жібін аттамау» дегенді қалай түсінесің? Деген сияқты сұрақтарға жауап алу нәтижесінде жүреді. «Жерден жеті қоян тапқандай», «Таяқ тастам жер», «Өз қолын өзі кесе алмай», «Он екіде бір гүлі ашылмай», «Қамшының сабындай», «Діңкесі құрып» т.б. сөздердің мағынасы ашылып, дәптерге жазылуы тиіс.

Мәтіндерде көп мағыналы сөздер де, нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер де көптеп кездеседі. Әр сабақта олармен жұмыс ойын түрінде, сайыс түрінде де ұтымды ұйымдастыруды қажет етеді.

Сонымен, мәтінді тілдік талдаудың қарапайым үлгілерін жүргізу:

  • оқушылардың шығарманың түпкі мазмұн-мәнін түсінуін, эмоциялық қабылдауын (кейіпкердің көңіл-күйіне ортақтасу, күйіну, сүйіну) т.б. қамтамасыз етеді.
  • Оқушыларға мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлем мен сөйлеу үлгілерін үйрете отырып, ана тіліміздегі сөз мағыналарының түрленуіне көңіл аударту.
  • Оқушыларды шығармадағы көркем бейненің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау.
  • Оқушылардың ауызша байланыстырып сөйлеуін ойын еркін жеткізу, сауатты да мәнді, түсінікті жаза білуін дамыту сияқты міндеттерді шешеді [12, 11-13].

Синоним сөздер – кез-келген тілдің қаншалықты дамығанын, оның оралымдығын көрсететін сөз байлығының құнарлы саласы екендігін қазақ тілінің синонимдік қатарын зерттеуге үлкен үлес қосқан ғалым Ә.Болғанбаев атап көрсетеді.

Синонимдік қатарлар, сонымен қатар, халықтың сөйлеудегі ұлттық ерекшеліктерін де аңғартады. Сөз логикалық дәлдігімен, ойлаған ойдың реңктерін өз бояуымен нақтылы көрсете алса ғана, мәнерлілік сипатқа ие болады.

Қазақ тілінің грамматикасын оқыту барысында әрбір тақырыпқа сәйкес синонимдік қатарларын да игертіп отырса, ана тілін тек теория жүзінде ғана емес, шын мәнінде игерткен болар едік. Синонимдер қазақ тілінің барлық стилінде де қолданылып, мүмкіншіліктері мол екенін оның қызметінен көріп жүрміз. Дегенмен бұл мәселе туралы, Ә.Болғанбаев былай дейді: «Қазіргі кезде тіліміздегі синонимдер мән-мағынасы мен қолданылу аясына қарай сала-салаға бөлініп, саралана бастады. Бірақ бүтіндей бір-бірімен жігі ажырап бітті деп айту әзірге қиын. Бұларды стильдік салаға жіктеп бөлу әлі болашаққа қалдырылып отыр» [13].

Қазақ тілін оқыту процесінде сөздік қорын молайтуға байланысты жүргізілетін жұмыстар синонимдік қатарлармен де тығыз байланыста болғандықтан, қазақ тілі синонимдерін іріктеп шамамен қай стиль қайсысы қолайлы болады деген сұрақты шешіп отыру методистердің, мұғалімдердің басты міндеттерінің бірі.

Бастауыш сыныптарда тіл сабақтарында ойын элементтерін қолданудың маңызы зор. Ойын әрекеті оқушының пәнге қызығушылығын арттырады. Қызығу – танымдық іс-әрекеттің қозғаушы күші. Оқушының қызығу жәрдемімен оқып-үйрену барысында қабілеті ашылып, дарынын ұшталады, өз күшіне, мүмкіндігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып дара тұлғалық қасиеттерге ие бола бастайды.

Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауып тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады.

Сөз мағынасын оқытуда мұғалім ойынға қойылатын төмендегі әдістемелік талаптарды біліп, орындап отыруы тиіс:

  1. ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек.
  2. ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден түсіндірілгені жөн.
  3. ойынға сыныптағы балалардың түгел қатысуын қамтамасыз ету керек.
  4. ойынның жүру барысында мұғалім балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеуі қажет.

Енді сөз мағыналарын үйретуде қолданылатын тиімді ойын түрлеріне тоқталайық:

Информация о работе 2-сыныпта сөз мағынасын оқыту әдістемесі