Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 13:25, дипломная работа
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының егеменді ел болып қазіргі таңдағы даму кезеңі, қоғамның барлық саласындағы қозғайтын істерін қайта құрумен, әлеуметтік-саяси және экономикалық қарым-қатынастардың өзгеруімен сипатталады. Бұл қазiргi кезеңдегi жастардың әлеуметтiк жағдайдағы дамуына үлкен өзгерiстер келтiредi, яғни олардың өзiн-өзi бағалауының жеке тұлға болып қалыптасуына әсерiн тигiзедi.
Қазіргі кезде кәмелетке толмаған қылмыскертұлғасының ерекшеліктері, яғни өзін -өзі бағалауы, қарым – қатынас, мінез-құлық туралы мәселелер зерттеушілердің назарын аудартуда.
КІРІСПЕ
1 КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ЖОЛДАРЫ
1.1 Кәмелетке толмағандардың болашақ өмір бейнесінің қалыптасуын анықтау
1.2 Кәмелетке толмағандардың әлеуметтік –психологиялық мінез көрінісі
1.3 Кәмелетке толмағандардың делинквентті мінез-құлық психологиясының ерекшелігін анықтау
2 КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ МІНЕЗ- ҚҰЛЫҚТЫҚ СТЕРЕОТИПТЕРІ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ӘРЕКЕТІНЕ СЕБЕПШІ ФАКТОРЛАР
2.1 Кәмелетке толмағандардың қылмысқа баруының себептерi және оған әсер ететiн жағдайлар
2.2 Кәмелетке толмағандардың мiнез-құлықтық стереотиптерi
2.3 Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық іс-әрекетке себепші факторлар
3 КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ӘРЕКЕТІНЕ ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАРДЫ ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
3.1 Эмпирикалық зерттеудің пәні мен объектісі
3.2 Зерттеудің мақсаты, міндеті, болжамы 3.3. Әдістемелердің сипаттамасы
3.3.1.Басса-Даркидің агрессивтілік деңгейін анықтайтын сұрақтамасы
3.3.2. Розенцвейгтің фрустрация-агрессивтілікті анықтайтын әдістемесі
3.3.3. “Автопортрет” проективті әдістемесі
3.4.Алынған нәтижелерді математикалық өңдеу және талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМША
Аддикция – addiction (ағылшынша) – зиянды әдеттер, әлденеге немесе әлдекімге тәуелділік. Тек қандай да бір затқа (темекі, алкоголь, наша) емес, сондай-ақ, құмар ойындарға немесе субъект үшін сол сәтте маңызды болып табылатын адамға (ғашық болу, табыну, жалған құрметтеу) да тәуелділік болады. Соңғы кезде компьютерге тәуелділік жөнінде көп айтылып жүр
Кәмелетке толмаған
Кәмелетке толмаған қылмыскерлердiң үшiншi тобын бөлуге болады: бұл жас өспiрiмдердiң жалпы бағыттылығы тұрақсыз, жағымды, жағымсыз әлеуметтiк әсерлерге бейiм, өзiнiң жеңiл ойлылығы салдарынан қылмыстық әрекеттер жамсайды.
Жас өспiрiмдерге жүргiзген сұрақ-жауап нәтижесiнде олардың 40 пайызында ұят сезiмiн бастан кешiрмеген, ал 60 пайызы оларды жазалағаннан кейiн бұл сезiмдi бастан кешiрген.
Қылмыстылық – өткiр антиәлеуметтiк бағыттылығы бар, құқық бұзулардың қауiптi түрi. Қылмыс – бұл заң арқылы жазаланатын ерiктiк, саналы, қоғамдық жағынан қауiптi, құқыққа қарсы келетiн әрекет.
2.3
Кәмелетке толмағандар арасындағы
қылмыстық іс-әрекетке себепші факторлар
Кәмелетке толмағандардың тәртібі негізінен қажеттілігі топтың немесе қоғамның қоршаған ортаға байланысты.
Жасөспірімдердің ой-өрісі, дүниеге көз қарасы, оқу және тәрбие процесінде жан-жақты жетіле бастайды. Олардың дамуы мен қалыптасуына қоғамтану, тарих, әдебиет пәндері болымды әсер етеді. Жасөспірімдер әдебиеттерді көп оқиды әлеуметтік орта мен қарым-қатынас жасайды. Отан үшін өмір сүріп, жұмыс істеудің қажет екендігін түсінеді. «Кім болам» – деген сұраққа жауап беру үшін әр бала өзінің келешегінк көз жібереді, алдына мақсат қойып, мамандықты саналық пен таңдап ала білуді және іске асырудың жоспарын ойластырады. Қандай да мамандық, өған құмарту немесе қызығушылық жасөспірімдердің жас ерекшеліктеріне байланысты.
Үшіншілері
оларды негізгі бес факторға бөліп қарастырады. Оларды
жекеше қарастыратын болсақ:
1. Биологиялық факторлар – баланың
әлеуметтік бейімделуіне кедергі жасайтын физиологиялық және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер.
Оларға мыналар жатады:
Бұлардың бәрі адамның қоршаған ортаға,
жеке адамдарға деген жағымсыз қарым-қатынасын
тудырады, ал балалар болса, өзіндік сезім
мен танымдық деңгейіне байланысты, құрбы-құрдастары
арасында, ұжымда еркін сезіне алмайды,
қатынасы бұзылады.
2. Психологиялық
факторлар. Бұған баладағы психопатологиялар мен мінездегі
кейбір қасиеттердің басым болуы т.б. жатады.
Бұл ауытқушылықтар жүйелік-психикалық
ауруларда, психопатияда, неврастенияда
т.б. көрінеді. Акцентуациялық сипаттағы
мінезді балалар өте ашушаң, дөрекі болады.
Оларға міндетті түрде әлеуметтік-медициналық
реабилитация, сонымен қоса, арнайы ұйымдастырылған
тәрбиелік жұмыстар жүргізу керек. Баланың
әрбір даму сатысында, олардың психикалық
қасиеттері, тұлғалық және мінездегі ерекшеліктері
қалыптасып, дамып отырады. Бала даму барысында
әлеуметтік ортаға бейімделуі немесе
керісінше бейімделмей, жатсынып кетуі
мүмкін. Егер, балаға ата-ананың жылуы,
махаббаты, ықыласы жетіспесе, онда, ол
ата-анасынан шеттеніп кетеді. Шеттену
- невротикалық реакциялар, қоршаған ортамен
қатынастың бұзылуы, сезімдік (эмоциалық)
тепе-теңсіздік және суықтық, ашуланшақтық,
психикалық аурулар және психологиялық
патологиялар сияқты жағымсыз мінез-құлықтың
пайда болуына жол ашады. Егер, балада
адамгершілік құндылықтар қалыптаспаса,
онда, ол пайдакүнемдік, қанағатсыздық, зорлаушылық, дөрекілік т.б. сияқты
жағымсыз қасиеттерге бейім тұрады.
3. Әлеуметтік-педагогикалық факторлар.
Олар мектептік, отбасылық, қоғамдық тәрбиедегі
кемшіліктердің нәтижесінде, баланың
оқудағы үлгермеушілігіне байланысты.
Мұндай балалар көбінесе мектепке дайындығы
жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларына
және бағаларға парықсыз қарайтындар.
Бұның бәрі баланың оқудағы бейімсіздігін
көрсетеді. Оқушының оқудағы бейімсіздігінің
(дезадаптация) қалыптасуы
мынадай сатылардан өтеді:
Баланың психоәлеуметтік дамуындағы ауытқушылықтардың негізгі факторы - ата-ана. Баланың бойындағы асоциалды мінез-құлықты қалыптастыратын отбасы қатынасының бірнеше жағымсыз стилдері бар:
Балаға
көрсетілген қатыгездік қатынасқа жататындар:
қинаушылық, физикалық, эмоционалды, жыныстық
зорлық-зомбылық. Қатыгездік үйде, далада,
мектепте, балалар үйлерінде, ауруханада
көрсетілуі мүмкін. Мұндай іс-әрекетке
душар болған балалар қалыпты түрде даму
көрмей, қоршаған ортаға бейімделе алмай
қалады. Соның әсерінен, бала өзін жаман,
керексізбін деп сезінеді. Баланың қаттыгездікке
жауап беру түрі баланың жасына, тұлғалық
ерекшелігіне, әлеуметтік тәжірибесіне
байланысты. Психикалық реакциялардан
басқа (қорқыныш, үрей, ұйқының бұзылуы,
тәбеттің болмауы т.б.) балалардың мінез-құлқы
да өзгереді: агрессия жоғарылайды, төбелескіш,
өзіне сенімсіз, ұялшақ, өзіне деген бағасы
өте төмен болады. Зерттеулерге қарағанда,
зорлық-зомбылықты көп көрген балалар
өскенде зорлаушы рөлінде болуды қалайды.
4. Әлеуметтік-экономикалық факторлар.
Әлеуметтің теңсіздігі, қоғамның кедей
және бай болып бөлінуі, жұрттың кедейленуі,
жұмыссыздық, инфляция, әлеуметтік кернеу,
т.б.
5. Моралді-этикалық факторлар. Қазіргі
қоғамның адамгершілік қасиеттерінің
деңгейі төмен болуы, рухани құндылықтардың
бұзылуы.
3 КӘМЕЛЕТКЕ
ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ӘРЕКЕТІНЕ
ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАРДЫ ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
3.1 Эмпирикалық зерттеудің
пәні мен объектісі
Информация о работе Кәмелетке толмағандардың қылымыстық әрекеттегі психологиясы