Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 13:25, дипломная работа
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының егеменді ел болып қазіргі таңдағы даму кезеңі, қоғамның барлық саласындағы қозғайтын істерін қайта құрумен, әлеуметтік-саяси және экономикалық қарым-қатынастардың өзгеруімен сипатталады. Бұл қазiргi кезеңдегi жастардың әлеуметтiк жағдайдағы дамуына үлкен өзгерiстер келтiредi, яғни олардың өзiн-өзi бағалауының жеке тұлға болып қалыптасуына әсерiн тигiзедi.
Қазіргі кезде кәмелетке толмаған қылмыскертұлғасының ерекшеліктері, яғни өзін -өзі бағалауы, қарым – қатынас, мінез-құлық туралы мәселелер зерттеушілердің назарын аудартуда.
КІРІСПЕ
1 КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ЖОЛДАРЫ
1.1 Кәмелетке толмағандардың болашақ өмір бейнесінің қалыптасуын анықтау
1.2 Кәмелетке толмағандардың әлеуметтік –психологиялық мінез көрінісі
1.3 Кәмелетке толмағандардың делинквентті мінез-құлық психологиясының ерекшелігін анықтау
2 КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ МІНЕЗ- ҚҰЛЫҚТЫҚ СТЕРЕОТИПТЕРІ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ӘРЕКЕТІНЕ СЕБЕПШІ ФАКТОРЛАР
2.1 Кәмелетке толмағандардың қылмысқа баруының себептерi және оған әсер ететiн жағдайлар
2.2 Кәмелетке толмағандардың мiнез-құлықтық стереотиптерi
2.3 Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық іс-әрекетке себепші факторлар
3 КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ӘРЕКЕТІНЕ ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАРДЫ ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
3.1 Эмпирикалық зерттеудің пәні мен объектісі
3.2 Зерттеудің мақсаты, міндеті, болжамы 3.3. Әдістемелердің сипаттамасы
3.3.1.Басса-Даркидің агрессивтілік деңгейін анықтайтын сұрақтамасы
3.3.2. Розенцвейгтің фрустрация-агрессивтілікті анықтайтын әдістемесі
3.3.3. “Автопортрет” проективті әдістемесі
3.4.Алынған нәтижелерді математикалық өңдеу және талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМША
Тұлғаның әлеуметтік негізі
Жалпы әрекет қылмыс жасаған адамның субъективті жақтарын толық ашпайды. Заңды белгі бойынша ұсақ әрекеттер әр түрлі психологиялық факторлармен негізделеді. Кәмелетке толмағандардың криминалды – психологиялық классификациясының негізінде ең негізгі позициялар: итермелеуші күші, мотивтары, қалыпты мақсаттары, қылмыс жасаудың амалдары, тұлғаның десоциолизация өлшемі, антиәлеуметтік бағдардың сипаты жатыр.
Кәмелетке толмағандар қылмысының сипаты келесі белгілер жиынтығымен анықталынады:
1. қылмыстың түрімен–объект, қылмыстық салдардың ауырлық сипаттылығымен;
2. айыптау формасы, қылмыстың мақсаты мен мотиві;
3. қылмыс жасаудың амалы немесе әдісі;
4. қылмыс жасаудың жағдайымен;
5. жұмсарту жағдайының бар болуы;
6. қылмысқа қатынасы, жасалынған қылмыстан кейінгі мінез-құлқы. [12, 46-47 б.].
Әлеуметтік
дезадаптация дәрежесі бойынша
қылмыс жасаған кәмелетке
а) әрекетсіз, қылмыстық селқостық жіберетіндер;
ә) өзіне тым сенімшілдік нәтижесінде қылмысқа барғандар;
б) қатты жан толқуларын сезініп, басқалардың заңсыз әрекеттеріне қарсы қылмысқа барғандар;
в) тым жоғарғы дезадаптация жағдайының әсерінен қылмысқа барғандар.
Құндылыққа
бағдарланған бағыт бойынша
1. антиәлеуметтік – пайдақорлыққа бағытталған, олар әсіресе қоғамның құндылығына қол сұғумен айналысады.
2. антиқоғамдық пайдақор-зорлау бағытындағы .
3. антигуманды-агрессивті бағыттағы .
Айтылып
кеткен қылмыстық типтер
Адамды
еркінен айыру, оны әлеуметтен
оңашалау-адамның мінез-
Алғашқы
екі-үш ай–бұл алғашқы
Жазасын
өтеуші адамның бүкіл өмірі
түзету мекемесінің режимінің
типімен анықталады. Түзету мекемесінің
әкімшілігі жағында күштеп
Түзету
мекемесі іс-әрекетінің
Түзету
мекемесінің негізгі тәрбиелік
іс-әрекетінің ерекшелігі- жауапқа
тартылғандарды тәрбиелеу
1. Жеке ісінің
және басқа құжаттармен
2. Объективті қосылған бақылау;
3. Зерттеулі әңгіме (сұрақ әдісі);
4. Медициналық зерттеу мәліметтерін талдау;
5. Тұлғаның
психологиялық ерекшеліктері
6. Әр түрлі тәрбиелік әсердің нәтижелерін талдау.
Сонымен, қорыта келгенде, біз кәмелетке толмағандардың делинквентті мінез-құлық ерекшелігін қарастыра отырып, мынадай қорытындыға келеміз. Кәмелетке толмағандардың делинквенттілігі – бұл заңның немесе қоғамдық нормалардың бұзылуында жүзеге асырылатын әрекеттердің кең ауқымы үшін нақты емес түсінік болып табылады.Жалпы жасөспірімдерді А.Я. Колодная, А.Б. Сахарова, В.Н. Кудрявцев, В.Л. Василев және т.б. осы секілді көптеген авторлар қарастырып, өз үлестерін қосқан болатын.
2 КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ӘРЕКЕТІНЕ СЕБЕПШІ ФАКТОРЛАР ЖӘНЕ ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
2.1 Кәмелетке толмағандардың
қылмысқа баруының себептерi
және оған әсер ететiн
Кәмелетке толмағандардың арасында әртүрлі қылмыстың терең тамырлануы кімді болса да, алаңдатпай қоймайды. Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болатын болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімді жаңа рухта, жаңа көзқараста тәрбиелеуден айқын көрінеді.
Бесіктен белі шықпай жатып, әрбір оғаш қадамына селт етпей сергек қараған кәмелетке толмағандардың қылмыстық әрекетке баруына байланысты себеп не? Кім кінәлі? Қоршаған орта ма? Әлде мектеп пе? Әлде жүре түзеліп кетер деп қылмыстық әрекеттер істеген баласының әрекетіне немқұрайлы қарайтын ата-ана ма?
Болашақ өмірі мен тағдырын бейтарап қалдырмайтын кез-келген адамның осы сұраққа жауап іздеуі белгілі.
Кәмелетке толмағандардың есейе келе, өздерiнiң жасаған қылмыстық әрекеттері үшiн үлкен өкінішпен қарау жағдайы көп болып тұрады. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық әрекеті өмірде болып жатқан нақты жағдайларына тікелей байланысты емес. Ол белгілі бір ортаға кездейсоқ немесе жоспарланған түрде тамырлануы. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық әрекеттерді көбінесе қалада жасауы, әлеуметтік тұрғыдан көптеген себептермен түсіндіріледі. Кәмелетке толмағандардың өзіне, қоғамда пайдалы іспен айналыспауынан уақыттың көптігі, ауылдық клубтың жабылуы, күні бойғы бос сандалыс, көше кезулер, қылмыстық әрекеттің алғы шарты бола алады. Осындай толып жатқан себептер Кәмелетке толмағандардың таңғажайып оқиға жасауға ұмтылуына, керемет көрінуге, болашақта істейтін қылмыстық әрекетқе жоспар құруына немесе топтасып қылмыс істеуге жол ашады. Көбінесе жасөспірімдер бойынан, санасынан мықты орын алған қиялы ойша жетіліп арманын іске асыратын не асыруға асығатын жасөспірімдер айналасындағыларды таң қалдыратындай етiп істеуге талпынады.
Олардың әртүрлі іспен шұғылданбауы немесе жан-жағындағы қоршаған ортасының, айналасындағы достарының немесе біреудің қорқытуы, үрейлетуінің итермелеуі арқылы қасақана қылмыс жасауға түсіп кетуi көп болып жатады. Осыған орай қазiргi кезде бiздiң жасөспірімдеріміз рухани азып тозбау үшiн қазақ отбасындағы мәдени құндылықтар дамуының мазмұнына аса маңызды көңiл аудару керек. Бүгiнгi таңдағы экономикалық әлеуметтiк жағдайлар отбасы жағдайына үлкен ықпал етiп отыр. Қоғамдағы жұмыссыздық, күн көрiс көзiнiң төмендеуi отбасы тәрбиесiнiң әлсiреуiне әкелiп отыр.
Жанұядағы тәрбие жұмыстарынан кеткен қателіктер, кемшіліктер, жинақталып келіп қоғамдық тәрбиедегі қателіктерімен байланысып, кәмелетке толмағандардың тәртібін одан әрі шиленістіре береді. Кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауын болдырмау үшiн қазақ отбасына тән өзiндiк ерекшелiктерiнiң маңызы зор: отбасы мүшелерi арасындағы iзгiлiк қатынастар; үлкенге деген құрмет; кiшiге деген iлтипат; Кәмелетке толмағандардың тұлғалық дамуына олардың жас ерекшелiктерiне байланысты қатынас; әулеттегi жақсы дәстүрдi үлгi ету арқылы бала қасиетiн аша бiлу; күнделiктi тұрмыс-тiршiлiкке бейiмдеу және т.б.
Қылмыс жасаған жасөспірімдер ісі жөніндегі комиссия мен милиция орындарында тәрбиені дұрыс жүргізбейтін жанұяны дер кезінде анықтап, тәртіпке шақырмаушылық көптеп кездесіп жатыр. жасөспірімдерді қайта тәрбиелеу процесін ұйымдастыруда психологтар кәмелетке толмағандардың психологиялық ерекшеліктерін ескере білулері қажет. Себебі, қандай да бір психолог ықпалдар жасамасын, олар Кәмелетке толмағандардың ішкі жан дүниесімен сабақтасып жатуы тиіс.
Кәмелетке толмағандардың қылмыс жасаулары, көбінесе олардың ересектерге еліктеуiмен анықталады да, жалпы қылмыстың өсіп отырғанын осымен байланыстырамыз.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық әрекетке қадам басуына басты себеп әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсер етуі. Адамның қоғамдық белсенділігі оқуға, спортқа, көркем өнерге деген қызығушылықтарын күннен-күнге арттырады. Ал осындай қоғамдық жұмыспен айналыспайтын жасөспірімдер қылмыстық істерге жақын жүреді. Қоғамнан, ондағы қайнаған қызу өмірден шеттеп қалу, кәмелетке толмағандардың қылмысқа баруының бірден-бір себебі болып табылады.
Кәмелетке толмағандар қылмысының сан-салалығы олардың күнделікті қылмысынан өз көрінісін табуда. Қазіргі кезде әлеуметтік-психолог және құқық қорғау органдарының зерттеулері бойынша, кәмелетке толмағандардың мүліктік қылмысқа баруы 7,8 пайызды, ал жеке адамның затын ұрлау 49,4 пайызды, мемлекет және қоғам мүлкін ұрлау 1,7 пайызды, тонау мен шабуыл 11,2 пайызды көрсетіп, қылмыс санының көбеюіне әсер етіп отыр [13, 21-23б.].
Осындай кәмелетке толмағандар ересек кiсiлермен салыстырғанда жалғыз өзі қылмыс жасауға өте сирек баратындығы практикалық тұрғыдан дәлелденген. Бұдан олардың өз-өзіне сенбеуі ғана емес, сонымен қатар олардың достық жөніндегі түсініктері теріс бағытқа ие болуына қарамастан, осындай достыққа ұмтылуын да байқауға болады.
Мысалға,
А.Ф.Парницевтің мәліметтері бойынша кәмелетке
толмағандар тобында қызғушылық пен еліктеудің
жоғары деңгейі, топ мүшелерінің өз дегеніне
көндіруі, көңілкүйдің өзгеруі, қылмыстық
акт барысында өзге топ мүшелеріне берілуі
байқалады, кәмелетке толмағандардың
кез-келген тобында қандай да мөлшер болатыны
бәрімізге белгілі. Бұл жағдайда адамдардың,
әсіресе, кәмелетке толмағандардың бірдей
еместігін, психофизиологиялық-
Информация о работе Кәмелетке толмағандардың қылымыстық әрекеттегі психологиясы